Қазақстан Республикасын әлеуметтік дамытудың 2030 жылға дейінгі


Тұжырымдаманың мақсаттары, міндеттері, іске асыру кезеңдері және оны іске асырудан күтілетін нәтижелер



жүктеу 0.87 Mb.
бет2/5
Дата05.12.2018
өлшемі0.87 Mb.
1   2   3   4   5

2. Тұжырымдаманың мақсаттары, міндеттері, іске асыру кезеңдері және оны іске асырудан күтілетін нәтижелер.


Адами капиталдың сапасын және бәсекеге қабілеттілігін арттыру,
сондай-ақ барлық қазақстандықтар үшін өмір сапасының жоғары стандартына қол жеткізуге жағдай жасау Тұжырымдаманың мақсаты болып табылады.

Қазақстанда әрбір адам өзін-өзі дамытуға ұмтылуға негізделген өсу мен даму үшін айқын әлеуметтік перспективаларды көре алады. Әрбір ата-ана өз баласының лайықты және жақсы өмір сүретініне, өз әлеуетін іске асырып, ата-ана бола алатынына сенімді болады. Егделік кәрілік ретінде емес, «екінші» есею және жаңа мүмкіндіктер уақыты ретінде қабылданатын болады.

Отансүйгіштік, рухани даму, көп тілділік, дені сау болу әдеті, өз тағдыры үшін жауапкершілік, жаңа білім алып, тәжірибе жинауға, өзін-өзі дамытуға және еңбек, инновациялық ойлау, меншікке құрметпен қарау және қорғау, адамдарға және табиғатқа деген сүйіспеншілік арқылы жаңа құндылықтарды қалыптастыруға ұмтылу қазақстандықтардың ұлттық мінез-құлқының ажырамас құрауыштары болады.

Әділ қоғам қалыптастыру мақсатына қол жеткізу үшін мынадай міндеттерді шешу қажет.

1) өнімді жұмыспен қамтуға, қауіпсіз жұмыс орындарына негізделген әлеуметтік-еңбек қатынастарының тиімді моделін құру;

2) азаматтарға жоғары сапалы медициналық қызмет көрсететін инновациялық және қаржылық орнықты денсаулық сақтау жүйесін құру;

3) азаматтарға еңбек нарығында талап етілетін біліктіліктерді, өмір бойы білім алу мүмкіндігін ұсынатын бәсекеге қабілетті және қолжетімді білім беру жүйесін қалыптастыру;

4) инклюзивтік экономикалық өсуге негізделген әлеуметтік қорғаудың атаулы және кешенді жүйесін дамыту;

5) қазақстандықтардың дене және рухани дамуына мүмкіндік беретін ақпараттық, мәдени және спорттық кеңістікті кеңейту.
Іске асыру кезеңдері

Бірінші кезеңде (2014 – 2016 жылдары) әлеуметтік жаңғырту үшін құқықтық негіздер қалау және Әлеуметтік жаңғыртудың 2016 жылға дейінгі кезеңге арналған жоспарында көзделген әлеуметтік саланы реформалаудың бірінші кезекті шараларын іске асыруды қамтамасыз ету жоспарлануда.

Екінші кезеңде (2016 – 2030 жылдары) ұзақ мерзімді міндеттер мен әлеуметтік жаңғырту іс-шараларын іске асыру жоспарланып отыр.

Әлеуметтік жаңғырту стратегиясын іске асыру мынадай негізгі нәтижелерге қол жеткізуге мүмкіндік береді.

2030 жылға қарай Қазақстан табыс деңгейі жоғары елдер қатарына кіреді.

Қазақстан ел ішінде және одан тысқары жерлерде тұрақты, жайлы және әл-ауқатты мемлекет ретінде қабылданып, ал қазақстандық азаматтық әлемде бағаланатын болады.

Өмір сүрудің болжамды ұзақтығы 2030 жылға қарай туған кезде
78 жастан жоғары көрсеткішті құрайды.

2013 жылдың қорытындылары бойынша 100 000 тірі туғанға есептегенде 12,6-ны құраған ана өлімінің көрсеткіші 2030 жылға қарай


1,5 есеге төмендейді. Сәби өлімінің деңгейі (2013 жылы – 1 000 тірі туғанға есептегенде 11,31) екі есе төмендейді және Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымы елдерінің деңгейіне сәйкес келетін болады.

2030 жылға қарай ең төменгі мемлекеттік әлеуметтік стандартқа оның барлық құрауыштары бойынша толық қолжетімділік қамтамасыз етіледі. Нәтижесінде табысы ең төменгі күнкөріс деңгейінен төмен халықтың үлесі барлық халықтың 5 %-нан аспайтын болады. Бұл ретте 2020 жылға қарай кедейлік деңгейінің шегі ең төменгі күнкөріс деңгейіне дейін жеткзіледі.

2020 жылға қарай 16-дан 29 жасқа дейінгі жастағы жастардың үлесі жұмыссыз халықтың құрамында екі есеге азаяды.

Халықтың денсаулығы айтарлықтай жақсарады. 2020 жылға қарай Қазақстанда туберкулезбен сырқаттанушылық кемінде 20 %-ға (2012 жылы – 100 000 тұрғынға есептегенде 81,7), ал 2030 жылға қарай туберкулезбен сырқаттанушылықтың жаңа түрлері ең төменгі деңгейге дейін азайтылатын болады. Өндірістік жарақаттанушылық пен кәсіби ауруларға шалдығу жағдайларының саны айтарлықтай азаяды және әлемнің дамыған елдерінің деңгейіне жақындайтын болады.

2016 жылға дейін Ұлттық скринингтік бағдарлама жетілдіріледі.

Дене шынықтырумен үнемі шұғылданатын адамдардың үлесі


2030 жылға қарай кемінде 40 %-ды құрайды.

Білім беру жүйесі тиімділіктің жаңа деңгейіне көтеріледі. 3-тен 6 жасқа дейін балаларды мектепке дейінгі тәрбиемен және білім берумен қамту


2020 жылға қарай 100 %-ды құрайды. 1-ден 3 жасқа дейінгі балалардың қамтылуын кезең-кезеңімен қамтамасыз ету жоспарланып отыр.

2030 жылға қарай арнайы оқу орындарынан тыс оқу орындарында оқи алатын мүмкіндіктері шектеулі балалардың жалпы санынан инклюзивтік білім беруге енгізілген балалардың үлесі 70 %-ға дейін жетеді.

Қазақстан 2030 жылға қарай оқушылардың оқу жетістіктерін бағалау жөніндегі халықаралық бағдарлама бойынша (PISA) ең үздік көрсеткіштерге ие 30 елдің қатарына кіреді.

Қазақстандықтар өздерін әлемдік ақпараттық және мәдени кеңістікте батыл сезінетін болады. 2025 жылға қарай ел халқын Интернет желісімен қамту 100 %-ға жететін болады, халықтың 90 %-ы компьютерлік сауаттылықты меңгереді.

2030 жылға қарай электрондық форматта көрсетілетін мемлекеттік қызметтер үлесі 90 %-ды құрайды.

Мәдениет саласында көрсетілетін қызметтердің сапасымен халықтың қанағаттану деңгейі 2030 жылға қарай 70 %-ды құрайды.

Мемлекеттік қолдау тетіктерін қолдана отырып, 2013 жылдан бастап елімізде жыл сайын жалпы алаңы кемінде 6 млн. шаршы метр жаңа тұрғын үй пайдалануға берілетін болады.

Қазақстандықтардың адами капиталын дамытудың жоғары деңгейі ұлттық бірегейлік пен ұлттық идеяның негізіне айналады. Дені сау, білімді және салауатты адамдардың ұлты «қазақстандықтар» деген ұғымды айқындайтын болады. Орташа тап саны аса ауқымды әлеуметтік топқа айналып, елдің экономикалық өсуінің негізі болады.



2. Қазақстан Республикасын 2030 жылға дейін әлеуметтік дамытудың негізгі қағидаттары және тәсілдері

Шетелдік әлеуметтік модельдер


Халықаралық сарапшылар негізгі үш әлеуметтік модельді атап көрсетеді: скандинавиялық, континенттік және англосаксондық.
1прямая со стрелкой 1-кесте. Әлеуметтік даму модельдерін салыстыру

Модельдер
Критерийлер

Скандинавиялық

модель


Континенттік модель

Англосаксондық

модель


Мемлекеттің әлеуметтік саясаттағы рөлі

Бюджеттік қаржыландыруды ұсыну

Бюджеттік қаржыландыруды ұсыну және нарықтық реттеу

Нарықтық реттеу

Әлеуметтік игіліктер ұсыну қағидаты

Теңдік – барлығы үшін тең бастапқы мүмкіндіктерді қамтамасыз ету.

Жеке жауапкершілік – әлеуметтік қорғау мен еңбек қызметінің табыстылығы деңгейі арасындағы жоғары тәуелділік

Атаулылық - мемлекеттің ең төменгі қолдауы, кәсіби дағдыларды үнемі арттыруға ынталандыру

Қаржылық негіз

Салық салудың жоғары деңгейі

Салық салудың жоғары деңгейі, міндетті және ерікті әлеуметтік сақтандырудың болуы

Жеке меншік сақтандыру мен жеке меншік жинақтардың болуы

Скандинавиялық моделі бар елдерде (Швеция, Норвегия, Дания, Австрия, Бельгия, Нидерланды) жеке жарналардың деңгейіне тәуелді емес жалпыға ортақ игіліктер мен тең бөлінетін игіліктер жүйесі жұмыс істейді.

Мемлекеттің әлеуметтік кепілдіктері әмбебап. Өз азаматтарының әлеуметтік салауаттылығы үшін негізгі жауапкершілік мемлекетке жүктеледі, ол әлеуметтік көрсетілетін қызметтердің негізгі өндірушісі болып табылады және әлеуметтік мұқтаждықтар шығыстарының қомақты бөлігін мемлекет өзіне алады.

Осы модельді қолданатын елдерде адамға туғанынан бастап және өмір бойы әлеуметтік кепілдіктер беріледі. «Жұмыспен толық қамту» саясаты жүргізіледі.

Мектепке дейінгі, орта және жоғары білім беру тегін болып табылады. Сондай-ақ біліктіліктен қайта өткізу бағдарламалары мен басқа да бірқатар білім беру бағдарламалары тегін. Осылайша, ересек халықты оқыту нысандарының алуан түрлілігі өмір бойы үздіксіз білім алуға мүмкіндік береді.

Медициналық көрсетілетін қызметтердің басым бөлігі және дәрілік қамтамасыз ету мемлекеттің толық қаржыландыруы есебінен беріледі.

Мүгедектігі және кәрілігі бойынша еңбекке қабілеттілігін, жұмысын, асыраушысын жоғалтқан жағдайда, жетім балалар мен мүмкіндігі шектеулі балалар үшін халықты толық әлеуметтік қамсыздандыру жүйесі жұмыс істейді.

Осы модельдің артықшылығы – оның адами капиталдың сапалы дамуына барынша жағдай жасайтындығында.

Мәселен, салыстырмалы талдау бәсекеге қабілеттіліктің әлемдік рейтингтерінде көрсетілген елдердің жоғарғы деңгейін көрсетеді.

Сонымен бірге, осы модельді пайдаланатын елдер бірқатар маңызды ерекшеліктерге ие.

Біріншіден, осы модель қолданылатын елдерге орташа есеппен 5-7 млн. адамды құрайтын, ал неғұрлым ірі елдерде 10 млн. адамға жететін халқының саны салыстырмалы түрде аз болу тән.

Екіншіден, осы елдерге сатып алу қабілетінің паритеті бойынша халықтың жан басына шаққандағы кірістердің жоғарғы деңгейі тән, ол орташа есеппен 40 мың АҚШ долларын құрайды.

Үшіншіден, мемлекет шығыстарының жоғары үлесі көп жағдайда халыққа салынатын жоғары салықтық жүктеме есебінен және корпоративті сектор арқылы қамтамасыз етіледі. Айталық, жеке табыс салығының пайыздық мөлшерлемесі 59 %-ға дейін салық салудың пропорционалды жүйесі енгізілген.

Бұл елдердегі мемлекеттік бюджеттің кірістері – ЖІӨ-ден 50-52 %-ды, мемлекеттік әлеуметтік шығыстар – ЖІӨ-ден 40-44 %-ды, оның ішінде әлеуметтік қорғауға – ЖІӨ-ден 25-27 %-ды, білім беруге – ЖІӨ-ден 7-8 %-ды, денсаулық сақтауға – ЖІӨ-ден 8-9 %-ды құрайды.

Континенттік модельде (Италия, Франция, Германия, Швейцария, Финляндия) әлеуметтік төлемдер ең алдымен бұрын жасалған төлемдер мен мәртебеге байланысты.

Жалпыға ортақ игіліктер мемлекеті бірінші кезекте өтемақыны төлеуші ретінде, соңғы кезекте жұмыс беруші ретінде сипатталады.

Жоғарғы әлеуметтік шығыстармен қатар әлеуметтік саясатта теңестіру құралдарын жеткіліксіз қолдану байқалады.

Бұл модель үшін міндетті және ерікті әлеуметтік сақтандыру жүйесінің жұмыс істеуі тән.

Осы модельдің мектепке дейінгі білім беру жүйесі аралас болып табылады. Орта және жоғары білім беру тегін.

Медициналық қызметтер ақылы негізде көрсетіледі, бірқатар елдерде мемлекет тегін медициналық қызметтердің белгілі бір көлемін көрсетуге және дәрілік қамтамасыз етуге кепілдік береді.

Орташа есеппен мемлекеттік бюджеттің шығыстары ЖІӨ-ден
42-45 %-ды, мемлекеттік әлеуметтік шығыстар – ЖІӨ-ден 38-39 %-ды, оның ішінде әлеуметтік қорғауға – орташа есеппен ЖІӨ-ден 25 %-ды, білім беруге – ЖІӨ-ден 5-6 %-ды, денсаулық сақтауға – орташа ЖІӨ-ден 8 %-ды құрайды.

Англосаксондық модель (Австралия, Канада, Жаңа Зеландия, АҚШ, Ұлыбритания) жеке өзін-өзі қамтамасыз етудің күштілігімен және әл-ауқаттың нарықтық саралануымен сипатталады.

Әлеуметтік кепілдіктерді ұсынуға мемлекет аз қатысады, бірақ бақылау, үйлестіру, теңестіру функцияларын атқарады, мемлекеттік емес әлеуметтік сақтандыру мен әлеуметтік қолдауды құру мен дамытуды ынталандырады. Әлеуметтік игіліктерді ұсынуда бизнес негізгі рөл атқарады. Жеке жинақтар мен өзін-өзі сақтандыру әлеуметтік қамтамасыз етудің қаржылық негізі болып табылады. Жауапкершіліктің елеулі бөлігі азаматтардың өздеріне жүктеледі. Бұл модельдің әлеуметтік саясатында теңестіру құралдары жоқ.

Осындай модельді елдерде мемлекеттік бюджеттің кірістері орташа есеппен ЖІӨ-ден 35-37 %-ды, мемлекеттік әлеуметтік шығыстар – ЖІӨ-ден


32-35 %-ды, оның ішінде әлеуметтік қорғауға – орта есеппен ЖІӨ-ден
20 %-ды, білім беруге – ЖІӨ-ден 5,5 %-ды, денсаулық сақтауға – Австралияда
6 %-дан бастап, АҚШ-та ЖІӨ-ден 9,5 %-ды құрайды.

Шетелдік әлеуметтік модельдердің қаржылық көрсеткіштерін салыстырған кезде, Қазақстанның мемлекеттік бюджетінің кірісі (Ұлттық қорға түсетін түсімдерді есепке алмағанда) қаралып отырған елдерге қарағанда екі есе төмен, ЖІӨ-ден шамамен 20 %-ды құрайды (Ұлттық қорға түсетін түсімдерді ескерсек – ЖІӨ-ден 28 %). Бұл, ең алдымен, бизнес пен азаматтарға салынатын салықтық жүктеменің төмен болуына байланысты: жеке табыс салығы 10 %-ды, корпоративтік табыс салығы 20 %-ды құрайды.

2012 жылдың қорытындылары бойынша бюджеттен жұмсалатын әлеуметтік шығыстар ЖІӨ-ден 10,5 %-ды, оның ішінде әлеуметтік қорғауға – ЖІӨ-ден 4,1 %-ды, білім беруге – ЖІӨ-ден 4 %-ды, денсаулық сақтауға –
ЖІӨ-ден 2,4 %-ды құрады. Осылайша, жалпы республиканың мемлекеттік бюджетінің әлеуметтік салаға жұмсайтын шығыстары жоғарыда аталған елдерге қарағанда 3,5-4,5 есе аз. Бұл ретте, үш модельдің ішіндегі әлеуметтік шығыстардың ең төмен деңгейімен сипатталатын англосаксондық модельді қолданатын елдердегі әлеуметтік қорғауға арналған шығыстар Қазақстанның шығыстарынан бес есе жоғары. Республикада скандинавиялық модельді қолданатын елдерге қарағанда, білім беруге арналған шығыстар екі есе, денсаулық сақтауға – 3,5 есе төмен.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5


©kzref.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет