«Қазақстан Республикасынан тыс жерде тұрақты және уақытша тұратын Қазақстан Республикасы азаматтарын есептен алу»



жүктеу 52.38 Kb.
Дата04.12.2018
өлшемі52.38 Kb.
түріРегламент


Қазақстан Республикасы
Сыртқы істер министрінің

2018 жылғы «4» сәуірдегі

№ 11-1-4/119 бұйрығына

2-қосымша



«Қазақстан Республикасынан тыс жерде тұрақты және уақытша тұратын Қазақстан Республикасы азаматтарын есептен алу»

мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті


1-тарау. Жалпы ережелер

1. Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігі мен Қазақстан Республикасының шет елдердегі мекемелері (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) «Қазақстан Республикасынан тыс жерде тұрақты және уақытша тұратын Қазақстан Республикасы азаматтарын есептен алу» мемлекеттік көрсетілетін қызметті (бұдан әрі – мемлекеттік қызмет) Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің 2018 жылғы


9 қаңтардағы № 11-1-4/10 бұйрығымен бекітілген «Қазақстан Республикасынан тыс жерде тұрақты және уақытша тұратын Қазақстан Республикасы азаматтарын есептен алу» мемлекеттік қызмет стандарты (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 16296 болып тіркелген) (бұдан әрі – Стандарт) негізінде көрсетеді.

Құжаттарды қабылдауды және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелерін беруді көрсетілетін қызметті беруші жүзеге асырады.

2. Мемлекеттік қызмет көрсету нысаны: қағаз түрінде.

3. Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі – Қазақстан Республикасының азаматтарын есептен шығару туралы жазба немесе Стандарттың


10-тармағына сәйкес мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап.

4. Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін ұсыну нысаны: қағаз түрінде.




2-тарау. Мемлекеттік қызметті көрсету процесінде көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) іс-қимыл тәртібінің сипаттамасы

5. Жеке тұлғаның (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті алушы) не оның өкілдікке өкілеттігін растайтын құжаттарын ұсынған заңды өкілінің өтінішінің болуы мемлекеттік қызметті көрсету рәсімінің (іс-қимылының) басталуына негіз болып табылады.

6. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінің құрамына кіретін әрбір рәсімнің (іс-қимылдың) мазмұны, оны орындаудың ұзақтығы:

1-рәсім (іс-қимыл) – көрсетілетін қызметті берушінің құжаттарды қабылдауы және тіркеуі – 1 (бір) жұмыс күн;

2-рәсім (іс-қимыл) – көрсетілетін қызметті берушінің құжаттарды қарастыруы және тексеруі, қажетті мәліметтерді «Бүркіт» бірыңғай ақпараттық жүйесіне (бұдан әрі – «Бүркіт» БАЖ) енгізу – 1 (бір) жұмыс күн;

3-рәсім (іс-қимыл) – Қазақстан Республикасынан тыс жерде тұрақты және уақытша тұратын Қазақстан Республикасының азаматтарын есептен шығару немесе мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап – 1 (бір) жұмыс күн.

7. Мемлекеттік қызмет көрсету рәсімінің нәтижесі келесі рәсімдерді
(іс-қимылды) орындаудың басталуына негіз болады:

1-рәсім (іс-қимыл) бойынша – өтініштің көшірмесіне құжаттардың қабылданғаны туралы белгі қою;

2-рәсім (іс-қимыл) бойынша – Қазақстан Республикасының азаматтарын есептен алу жөнінде шешім;

3-рәсім (іс-қимыл) бойынша – Қазақстан Республикасынан тыс жерде тұрақты және уақытша тұратын Қазақстан Республикасының азаматтарын есептен алынғандығы туралы есеп карточкасына, Қазақстан Республикасы азаматының паспортына қосымша парағына, «Бүркіт» БАЖ-да белгі қою немесе Стандарттың 10-тармағына сәйкес мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап.

Мемлекеттік қызмет алдын ала жазылусыз және жедел қызмет көрсетусіз кезек күту тәртібінде көрсетіледі.

3-тарау. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінде көрсетілетін қызметті көрсетушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) өзара
іс-қимыл тәртібінің сипаттамасы

8. Мемлекеттік қызмет көрсету процесіне көрсетілетін қызметті беруші консулдық лауазымды адам қатысады.

9. Мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті рәсімдердің


(іс-қимылдардың) сипаттамасы:

көрсетілетін қызметті беруші консулдық лауазымды адам құжаттарды қабылдауды және тіркеуді жүзеге асырады – 1 (бір) жұмыс күн;

көрсетілетін қызметті беруші консулдық лауазымды адам келіп түскен құжаттарды қарастырады және Стандарттың 9-тармағына сәйкестігін тексереді, қажетті деректерді «Бүркіт» БАЖ-ға енгізеді –1 (бір) жұмыс күн;

көрсетілетін қызметті беруші консулдық лауазымды адам Қазақстан Республикасынан тыс жерде тұрақты және уақытша тұратын Қазақстан Республикасының азаматтарын есептен шығарады немесе мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауапты береді – 1 (бір) жұмыс күн.



10. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінде рәсімдердің
(іс-қимылдардың) реті,
көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) өзара іс-қимылдарының толық сипаттамасы және мемлекеттік қызмет көрсету процесінде ақпараттық жүйелерді қолдану тәртібінің сипаттамасы осы Регламенттің қосымшасына сәйкес мемлекеттік қызмет көрсетудің бизнес-процестерінің анықтамалығында көрсетіледі.

«Қазақстан Республикасынан тыс жерде тұрақты және уақытша тұратын Қазақстан Республикасы азаматтарын есептен алу» мемлекеттік қызмет көрсету

регламентіне қосымша
Мемлекеттік қызмет көрсетудің бизнес-процестерінің анықтамалығы


Құжаттарды қабылдау, тіркеу

(1 жұмыс күн)




Құжаттарды қарастыру және тексеру, қажетті деректерді
«Бүркіт» БАЖ-ға енгізу

(1 жұмыс күн)






Қазақстан Республикасынан тыс жерде тұрақты және уақытша тұратын Қазақстан Республикасының азаматтарын есептен алу немесе қызмет көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап

(1 жұмыс күн)





- мемлекеттік қызмет көрсетудің басталуы немесе аяқталуы;



прямоугольник 2

- қызметті алушы рәсімінің (іс-қимылының) және (немесе) (құрылымдық- функционалдық бірлік) атауы;



прямая со стрелкой 3 - келесі рәсімге (іс-қимылға) өту.



Каталог: images -> docs -> consul -> Reglaments
Reglaments -> Регламенті Жалпы ережелер «Консулдық заңдастыру»
Reglaments -> Регламенті Жалпы ережелер «Қазақстан Республикасының шетелдегі азаматтарының азаматтық хал актілерін тіркеу»
consul -> «Қазақстан Республикасының шетелдегі мекемелерінің Қазақстан Республикасының азаматтығынан шығу жөніндегі құжаттарды ресiмдеуі» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты
consul -> «Қазақстан Республикасынан тыс жерге уақытша жұмыстармен кеткен және сол жерде тұрғылықты тұруға ниет білдірген Қазақстан Республикасы азаматтарының құжаттарын қабылдау және жолдау» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты


Достарыңызбен бөлісу:


©kzref.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет