Италияның Бусто-арсициода қаласында өтіп жатқан әлемдік лицензиялық турнирде алғашқы олимпиада жолдамасына ие болған боксшымыз белгілі болды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Фото: Олимпиада комитеті

92 келіде сынға түскен Айбек Оралбай қазақстандық боксшылардың ішінен алғашқы болып Париж олимпиадасының жолдамасына ие болды. Ол ширек финалда америкалық былғары қолғап шебері Джамар Таллимен жұдырықтасты. Үш раунд бойы қарсыласынан бір бас жоғары деңгейде өнер көрсеткен отандасымыз 5:0 есебімен жеңіске жетті.

Айта кетейік, бұған дейін бокстан Қазақстан құрамасында екі-ақ лицензия болған еді. Оның бірі Қамшыбек Қоңқабаев алса, қыздар арасынан Карина Ибрагимова иеленген еді. 


Автор: Айгерим Жумабаева

Айгерим — опытный редактор с богатым опытом в изучении и письме о культуре и истории. Ее страсть к языкам и письму помогает создавать увлекательные тексты.