Қазақстан Республикасында балаларға (неонаталдық) хирургиялық көмек көрсетуді ұйымдастыру стандарты 1 бөлім. Жалпы ережелер



жүктеу 0.5 Mb.
бет1/3
Дата07.04.2019
өлшемі0.5 Mb.
  1   2   3

Қазақстан Республикасы

денсаулық сақтау министрінің

2017 жылғы_________ № ___



бұйрығымен бекітілген

Қазақстан Республикасында балаларға (неонаталдық) хирургиялық көмек көрсетуді ұйымдастыру стандарты
1 бөлім. Жалпы ережелер


  1. Қазақстан Республикасында балаларға (неонаталдық) хирургиялық көмек көрсетуді ұйымдастырудың стандарты (бұдан әрі - Стандарт) 2009 жылғы 18 қыркүйектегі Қазақстан Республикасының «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Кодексінің (бұдан әрі - Кодекс) 7-бабының 1 тармағының 6-тармақшасына және 2017 жылғы 17 ақпанда Қазақстан Республикасы Үкіметінің «Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау және ұлттық экономика министрліктерінің кейбір мәселелері туралы» № 71 Қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі туралы Ереженің 2-тарауының 16-тармағының 9-тармақшасына сәйкес жасалды.

  2. Бұл стандарт хирургиялық патологиясы бар балалар мен нәрестелерге медициналық көмек көрсететін амбулаторлық-емханалық, стационарлық, стационарды алмастырушы деңгейдегі ұйымдарға қатысты талаптарды белгілейді.

  3. Осы стандартта қолданылатын терминдер мен анықтамалар:

      1. Бейінді маман – «балалар хирургы» мамандығы бойынша сертификаты, жоғары медициналық білімі бар медициналық қызметкер;

      2. Госпитализациялау бюросының порталы – тегін медициналық көмектің кепілдендірілген көлемі аясында жоспарлы госпитализацияға стационарға жіберілген пациенттердің жолдамаларын электрондық тіркеу, есепке алу, өңдеу және сақтаудың бірыңғай жүйесі;

      3. бала – он сегіз жасқа (кәмелетке) толмаған жан;

      4. тегін медициналық көмектің кепілдендік берілген көлемі (бұдан әрі – ТМККК) – Кодекстің 6-бабының 7-тармақшасына сәйкес, Қазақстан Республикасының азаматтарына және оралмандарға көрсетілетін медициналық қызметтер көрсетудің Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын тізбесі бойынша бірыңғай медициналық көмектің көлемі.



2 бөлім. Қазақстан Республикасында балаларға (оның ішінде неонатальдық) хирургиялық көмек көрсететін ұйымдар қызметінің негізгі бағыттары мен ұйымның құрылымы


  1. Балаларға (оның ішінде неонатальдық) хирургиялық көмек көрсететін ұйымдар қызметінің негізгі бағыттары болып мыналар табылады:

    1. түрлі хирургиялық патологиялары бар балаларға, оның ішінде, нәрестелерге білікті әрі мамандандырылған хирургиялық көмек, жоғары технологиялы медициналық қызмет көрсету;

    2. хирургиялық патологиялары бар балаларды (оның ішінде нәрестелерді) диагностикалау мен емдеудің инновациялық, тиімді әдістерін тәжірибеге енгізу,

    3. денсаулық сақтаудың республикалық ұйымдарын қоса алғанда, аудандық, қалалық, облыстық деңгейдегі стационарлық көмек көрсететін денсаулық сақтау ұйымдары мен амбулаторлық-емханалық көмек көрсететін денсаулық сақтау ұйымдарының арасындағы жұмыста сабақтастықты қамтамасыз ету;

    4. медициналық көмек көрсетуді жетілдіру бойынша нақты шаралар жасай отырып, хирургиялық кеселдер кезіндегі балалардың (оның ішінде нәрестелердің) сырқаттылығына, еңбекке жарамсыздығына, мүгедектігіне, қайтыс болуына жылсайынғы талдау жүргізу;

    5. балалар (оның ішінде неонатальдық) хирургиялық қызметін болашақта дамыту жоспарларын жасау;

    6. балалар (оның ішінде неонатальдық) хирургиясы мәселелері бойынша заңнамалық және өзге де нормативтік-құқықтық актілерді жетілдіру;

    7. балаларға хирургиялық көмек көрсететін ұйымдардың материалдық-техникалық базасын дамыту мен нығайтуды қамтамасыз ету;

    8. балаларға хирургиялық көмек көрсететін мамандарды даярлау, қайта даярлау және біліктіліктерін арттыру бойынша шараларды ұйымдастыру мен өткізу;

  2. балалар (оның ішінде неонатальдық) хирургиясының өзекті мәселелері бойынша ғылыми-тәжірибелік конференцияларды жүйелі түрде өткізу;

  3. Хирургиялық патологиялары бар балаларға медициналық көмек келесі нысандарда көрсетіледі:

    1. амбулаторлық-емханалық көмек: алғашқы медициналық-санитарлық көмек және   консультативтік-диагностикалық көмек (тәулік бойғы медициналық бақылау мен емдеу қарастырылмаған жағдайларда);

    2. стационарлық көмек (тәулік бойғы медициналық бақылау мен емдеу қамтамасыз етілетін жағдайларда);

    3. Стационарды алмастырушы көмек (тәулік бойғы медициналық бақылау мен емдеуді қажет етпейтін медициналық бақылау мен емдеу кезінде)

  4. Балаларға (оның ішінде неонатальдық) хирургиялық көмекті «Педиатрия», «Жалпы медицина» мамандығы бойынша жоғары медициналық білімі, клиникалық ординатурасы және/немесе резидентурасы және (немесе) алғашқы мамандануы (қайта даярлығы), және «Балалар хирургиясы» (бұдан әрі – балалар хирургы) мамандығы бойынша сертификаты бар маман көрсетеді.

  5. Балаларға (оның ішінде неонатальдық) хирургиялық көмек меншік түріне қарамай, жатын орындарының санына, ұйымдастырушылық-штаттық құрылымына және оларға жүктелген міндеттерге байланысты айырмашылықтары бар денсаулық сақтау ұйымдарының келесі құрылымдық бөлімшелерінде көрсетіледі:

    1. амбулаторлық-емханалық көмек көрсететін денсаулық сақтау ұйымдарындағы балалар хирургының кабинеті, (аудандық, қалалық емханалар, консультативтік-диагностикалық орталық (қалалық және облыстық деңгейде);

    2. амбулаторлық-емханалық көмек көрсететін денсаулық сақтау ұйымдарындағы балаларға стационарлық алмастырушы көмек көрсетуге арналған амбулаторлық-емханалық көмек (қалалық емхана, консультативтік-диагностикалық орталық (қалалық және облыстық деңгейде)) және стационарлық көмек (қалалық және облыстық көпсалалы балалар ауруханалары жанындағы консультативтік-диагностикалық бөлімшелер) көрсететін амбулаториялық хирургия орталықтары.

    3. Орталық аудандық ауруханалар негізінде стационарлық көмек көрсететін денсаулық сақтау ұйымдарындағы балалардың хирургиялық жатын орындары;

    4. Көпсалалы стационарлар, облыстық балалар ауруханалары, перинаталдық орталықтар түрінде орталық аудандық ауруханалардың, қалалық балалар ауруханаларының негізінде стационарлық көмек көрсететін денсаулық сақтау ұйымдарындағы неонатальдық хирургиялық жатын орындар;

    5. Көпсалалы стационарлар, облыстық балалар ауруханалары, денсаулық сақтау саласындағы ғылыми ұйымдар, денсаулық сақтау саласындағы ұлттық холдингтің, республикалық денсаулық сақтау ұйымдары түрінде қалалық балалар ауруханасы негізінде стационарлық көмек көрсететін денсаулық сақтау ұйымдарындағы балалар хирургиялық бөлімшелері;

    6. Көпсалалы стационарлар, облыстық балалар ауруханалары, денсаулық сақтау саласындағы ғылыми ұйымдар, денсаулық сақтау саласындағы ұлттық холдингтің, республикалық денсаулық сақтау ұйымдары түрінде қалалық балалар ауруханасы негізінде стационарлық көмек көрсететін денсаулық сақтау ұйымдарындағы балалар хирургиялық бөлімшелері;

    7. Көпсалалы стационарлар, облыстық балалар ауруханалары, денсаулық сақтау саласындағы ғылыми ұйымдар, денсаулық сақтау саласындағы ұлттық холдингтің, республикалық денсаулық сақтау ұйымдары түрінде қалалық балалар ауруханасы негізінде стационарлық көмек көрсететін денсаулық сақтау ұйымдарындағы балалар хирургиялық бөлімшелері;

    8. Қалалық және облыстық деңгейде перинаталдық орталықтардың, көпсалалы қалалық және аудандық ауруханалардың, денсаулық сақтау саласындағы ғылыми ұйымдардың, денсаулық сақтау саласындағы ұлттық холдингтің, республикалық денсаулық сақтау ұйымдары негізінде стационарлық көмек көрсететін денсаулық сақтау ұйымдарындағы нәретелер хирургиясы орталығы (бөлімшесі).

  1. Хирургиялық көмектің көлемі медициналық ұйымның деңгейі мен мамандануына, оның жатын орындарының санына, ұйымдастырушылық-штаттық құрылымына, материалдық-техникалық жабдықталуына, мамандардың біліктілік деңгейіне байланысты.

  2. Балаларға (оның ішінде нәрестелерге) көрсетілетін хирургиялық көмек мыналарды қамтиды:

  1. Антенаталды кезеңде шаранада дамудың туа-біткен кінәрәт (ТБК) алдын-алу мен ерте диагностикалау бойынша шаралар жүргізу, оның ішінде, «Скринингті ұйымдастыру Ережелерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы денсаулық сақтау министрінің 2010 жылғы 9 қыркүйектегі № 704 бұйрығына сәйкес (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеудің Тіркелімінде № 6490 болып тіркелген. (бұдан әрі –№ 704 бұйрық), ТБК-ға күдік болған немесе ол анықталған жағдайда, әйелдердің жүктілігін жалғастыру немесе тоқтату мәселелері бойынша перинаталдық консилиумдарға қатысу (перинаталдық консилиумдардың құрамына акушер-гинеколог, генетик, неонатолог, балалар хирургы (неонатальдық), ультрадыбыстық зерттеу бойынша маман, қажет болса, басқа дәрігерлер де кіреді);

  2. Даму ақаулары және хирургиялық кеселдері бар пациенттерді диагностикалау, емдеу, алдын-алу және динамикалық бақылау;

  3. Түрлі хирургиялық патологиясы бар пациент балаларға консультативтік көмек;

  4. Ота жасалған пациенттерді қарау және динамикалық бақылау;

  5. Хирургиялық кеселдері бар балаларды (оның ішінде нәрестелерді) шұғыл госпитализациялау жағдайларын азайтуға арналған алдын-алу шараларын жасау;

  6. Организмдерінің бұзылған қызметін қалпын келтіру, мүгедектенуді азайту мақсатында, хирургиялық кеселдері бар балалармен мамандандырылған оңалтуды жүргізу;

  7. Диагностиканы, емдеуді, алдын-алуды жақсарту бойынша ұйымдастырушылық-әдістемелік жұмыстарды жүргізу;

  8. Дәрілерге, медициналық мақсаттағы заттарға және медициналық техникаларға деген қажеттілікті зерттеу;

  9. Балалардың хирургиялық кабинеттерінің, бөлімшелердің, орталықтардың жұмыс тәжірибесіне диагностиканың, емдеудің, алдын-алудың заманауи әдістерін және өңірлерге жаңа технологияларды енгізу;

  10. Балалар (оның ішінде неонатальдық) хирургиясының өзекті мәселелері бойынша ғылыми-тәжірибелік конференцияларды жүйелі түрде өткізу.

  1. Бастапқы медициналық құжаттама Қазақстан Республикасы денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2010 жылғы 23 қарашадағы «Денсаулық сақтау ұйымдарындағы бастапқы медициналық құжаттаманың нысанын бекіту туралы» № 907 бұйрығына сәйкес ресімделіп, жүргізіледі. (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеудің Тіркелімінде № 6697 болып тіркелген) (бұдан әрі –№ 907 бұйрық).

  2. Нысандары, түрлері бойынша есеп ұсыну өкілетті орган белгілеген көлем, тәртіп және мерзімдерде жүзеге асырылады.



3 бөлім. Қазақстан Республикасында балаларға (оның ішінде неонатальдық) хирургиялық көмек көрсетуді ұйымдастыру.


  1. Қазақстан Республикасында балаларға, оның ішінде нәрестелерге хирургиялық көмек «Тегін медициналық көмектің кепілдендірілген көлемінің тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 15 желтоқсандағы № 2136 қаулысына сәйкес, ТМККК аясында көрсетіледі.

  2. Балаларға (оның ішінде нәрестелерге) амбулаторлық-емханалық түрдегі хирургиялық көмек көрсету – алғашқы медициналық-санитарлық көмек (АМСК) пен консультативтік-диагностикалық көмекті қамтиды.

  3. АМСК хирургиялық кеселі бар балаларға (оның ішінде нәрестелерге) Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау және әлеуметтік даму Министрінің 2015 жылғы 28 ақпандағы № 281 бұйрығымен бекітілген алғашқы медициналық-санитарлық көмек көрсету Ережелеріне және азаматтарды алғашқы медициналық-санитарлық көмек көрсету ұйымдарына тіркеу Ережелеріне сәйкес көрсетіледі. (Қазақстан Республикасындағы нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеудің Тіркелімінде № 11268 болып тіркелген)

  4. Ауылдық жерде хирургиялық кеселі бар балаларға жедел жәрдемді фельдшерлік-акушерлік пункте немесе ауылдық ауруханада көрсетеді. Балада ауыр хирургиялық патология байқалған жағдайда хирург болмаса, баланы аудандық, ауданаралық немесе аудандық орталық ауруханаға тасымалдайды.

  5. Ауыр хирургиялық кесел немесе жарақат болған жағдайда, аудандық деңгейдегі балалар хирургы білікті хирургиялық көмек көрсетеді, сондай-ақ, ең көп кездесетін хирургиялық кеселдерге ( холецистэктомия, т.б.). жоспарлы ем жасайды.

  6. Аудандық деңгейде хирургиялық көмек көрсету мүмкін болмаған жағдайда, баланы облыс орталығына тасымалдайды немесе қажетті маманды облыс отралығынан санитарлық авиация арқылы алдыртады.

  7. Қалалық деңгейдегі учаскелік педиатр-дәрігерлерде, жалпы тәжірибелік дәрігерлерде баланың хирургиялық патологиясы бар деген күдік болса немесе ол анықталса, олар баланы балалар хирургына (балалар травмотологына, урологқа, жақсүйегі дәрігеріне, оториноларингологқа, офтальмологқа, нейрохирургке) консультацияға жібереді.

  8. Балаларға (оның ішінде нәрестелерге) госпитальға дейінгі кезеңде жедел хирургиялық көмекті жедел жәрдем дәрігерлері тәулік бойы көрсетеді, бұған – алдын-ала диагноз қою, алғашқы дәрігерлік көмек көрсету және көпсалалы балалар ауруханасына тасымалдау кіреді.

  9. Балалардың қалалық және облыстық көпсалалы ауруханаларының хирургиялық бөлімшелері толықтай жалпы хирургиялық көмекті, сондай-ақ, көмектің мамандандырылған түрлерін (урологиялық, травмотологиялық, ортопедиялық т.б.) көрсетеді.

  10. Денсаулық сақтаудың республикалық ұйымдарын қоса алғанда, кейбір балалар ауруханаларында балаларға (оның ішінде нәрестелерге) хирургиялық көмек, көрсетілетін көмектің түріне байланысты толықтай бейінді бөлімшелерде (жақсүйегі хирургиясы, оториноларингология, офтальмология, травматология, ортопедия, урология, кардиохирургия, нейрохирургия бөлімшелері т.б.) көрсетіледі.

  11. Денсаулық сақтау саласындағы ғылыми ұйымдар мамандануларына байланысты балаларға (оның ішінде нәрестелерге) мамандандырылған хирургиялық көмек көрсетеді және ғылыми әрі әдістемелік орталықтар болып табылады.

  12. Балаларға амбулаторлық-емханалық деңгейде хирургиялық көмек көрсетуді ұйымдастыру осы Стандарттың 4 бөліміне сәйкес жүргізіледі.

  13. Нәрестелерге стационарлық деңгейде хирургиялық көмек көрсетуді ұйымдастыру осы Стандарттың 5 бөліміне сәйкес жүргізіледі.

  14. Балаларға амбулаторлық-емханалық деңгейде хирургиялық көмек көрсетуді ұйымдастыру осы Стандарттың 6 бөліміне сәйкес жүргізіледі.

  15. Диагнозды анықтау кезіндегі қиындық, жасалып жатқан емнің тиімсіздігі кезінде, сондай-ақ, өзге де жағдайларда, медициналық көмек көрсетудің барлық деңгейлерінде, бөлімше меңгерушісінің өтінімі бойынша басшының медицина жөніндегі орынбасары емдеу тактикасын нақтылау, анықтау және кеселді болжау үшін қажетті мамандарды қатыстыра отырып, қажет болса, республикалық деңгейдегі консультанты шақыртып, консилиум ұйымдастырады (қажет болған жағдайда, пациентті қосымша тексеруден өткізеді). Кешкі, түнгі уақыттарда, демалыс және мереке күндері кезекші дәрігердің өтінімімен стационар бойынша жауапты кезекші дәрігер консилиум ұйымдастырады.

  16. Мамандандырылған медициналық көмекті бейінді маман көрсетеді және ол кеселдің алдын-алуды, диагностикасын, емдеуді және арнайы әдістер мен күрделі медициналық технологияларды пайдалануды қажет ететін жағдайларды қамтиды.

  17. Жоғары технологиялы медициналық қызметтерді балалар хирургтары көрсетеді және ол кеселдің диагностикасын, оны емдеуді және инновациялық, аз инвазивиялық, арнайы әдістер мен күрделі медициналық технологияларды пайдалануды қажет ететін жағдайларды қамтиды.

  18. Стационарлық жағдайдағы ем аяқталған соң, пациентке жүргізілген тексеру мен емнің нәтижелері, сырқатты одан әрі амбулаторлық-емханалық деңгейде емдеудің тактикасы бойынша ұсыныстар көрсетілген, стационарлық сырқаттың медициналық картасынан жазба (№ 907 Бұйрықпен бекітілген № 027/у нысан) беріледі. Пациентке белсенді динамикалық бақылау жүргізу қажет болған жағдайда, бұл ақпарат оның тіркелген жері бойынша АМСК ұйымына беріледі.

  19. Хирургиялық патологиясы бар балаларға жедел медициналық көмек Кодекстің 49-бабының 2-тармағына сәйкес көрсетіледі.



4 бөлім. Балаларға амбулаторлық-емханалық деңгейде хирургиялық көмек көрсетуді ұйымдастыру.


  1. Амбулаторлық-емханалық деңгейде хирургиялық көмек көрсету хирургиялық кеселдердің және балалардың жарақаттануының алдын-алуды, оның диагностикасын, емдеуді, медициналық оңалтуды, балалар мен олардың заңды өкілдерінің салауатты өмір салтын қалыптастыруларын, санитарлық-гигиеналық тәрбиелерін қамтиды.

  2. Балалар хирургы балаларға хирургиялық көмекті балалар хирургының кабинетінде (бұдан әрі - Кабинет), сондай-ақ, амбулаториялық хирургия орталығында (бұдан әрі - АХО) көрсетеді.

  3. Кабинет хирургиялық кеселдері бар балаларға консультативтік, диагностикалық және емдік көмек көрсету үшін ашылуда.

  4. Кабинет дәрігері лауазымына Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау министрлігінің бұйрығымен бекітілген «Балалар хирургиясы» мамандығы бойынша денсаулық сақтау саласындағы жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі медициналық және фармацевтикалық білімі бар мамандарға қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес келетін маман тағайындалады.

  5. Кабинеттің балалар хирургы:

    1. консультативтік, диагностикалық және емдеу көмегін;

    2. хирургиялық патологияларға байланысты хирургиялық әрекеттер немесе ота жасалған балаларды (оның ішінде нәрестелерді) диспансерлік қадағалауды;

    3. қызмет етіп отырған аумақтағы балаларды (оның ішінде нәрестелерді) алдын-ала қарауды;

    4. балалардың (оның ішінде нәрестелердің) хирургиялық кеселдерінің алдын-алу мен ерте диагностикалау және салауатты өмір салтын қалыптастыру мәселелері бойынша халықпен санитарлық-ағартушылық жұмыстар жүргізуді;

    5. медициналық көрсетілімдер болған жағдайда стационарлық жағдайда медициналық көмек көрсету үшін балаларды (оның ішінде нәрестелерді) жіберуді;

    6. мүгедектік ресімдеу үшін балаларды (оның ішінде нәрестелерді) медициналық-әлеуметтік сараптамаға жіберуді;

    7. Есепке алу мен есептік құжаттамаларды және Кабинет қызметі туралы есептерді ұсынуды жүзеге асырады.

  1. Хирургиялық кеселдері бар балаларға (оның ішінде нәрестелерге) консультативтік-диагностикалық көмек Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау және әлеуметтік даму Министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 28 шілдедегі № 626 бұйрығымен бекітілген консультативтік-диагностикалық көмек көрсетудің Ережелеріне сәйкес көрсетіледі. (Қазақстан Республикасындағы нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеудің Тіркелімінде № 11958 болып тіркелген).

  2. Осы Стандарттың 1 қосымшасына сәйкес, Кабинетті жабдықтаудың ең төменгі тізбесі.

  3. Кабинеттің штат санын өткізілетін консультативтік, емдеу-диагностикалық жұмыс көлемі мен қызмет көрсететін аумақтағы бала санын ескере отырып, осы Стандарттың 2 қосымшасына сәйкес ұсынылған штаттық нормативтерді ескеріп, медициналық ұйым басшысы белгілейді.

  4. Кабинет өз қызметін қамтамасыз ету үшін, құрамында өзі құрылған медициналық ұйымның барлық емдеу-диагностикалық және қосымша бөлімшелерінің мүмкіндіктерін пайдаланды.

  5. АХО балаларға амбулаторлық жағдайда мамандандырылған хирургиялық көмек көрсету үшін ұйымдастырылады.

  6. АХО құрамын 10 жатын орны бар күндізгі хирургиялық стационар, ота жасау блогы, наркоздан кейінгі палата, жараны таңуға арналған екі палата (таза және іріңді), балалар мен ата-аналарға арналған отадан кейінгі палата, күту палатасы, консультативтік (балалар хирургы, травматолог-ортопед, уролог палаталары) палаталар, қосымша палаталар кіреді.

  7. Балалар хирургы консультативтік қабылдау кезінде баланың соматикалық жағдайы мен ата-анасының психоэмоционалдық жай-күйін ескере отырып, жедел емдеу үшін балаларды мұқият іріктейді.

  8. АХО-да мынадай сырқаты бар балаларға ота жасалады:

    1. қарынның алдыңғы бөлігінің жарасы (шаптың, шап-ұманың, кіндіктің, іштің ақ жолағының);

    2. жұмыртқа мен шәуетбаудың сыртқы қабатының шемені мен ісігі;

    3. қылкүпек;

    4. крипторхизм;

    5. жұмсақ тінді көлемі кіші қатерсіз ісіктер.

  9. Ота жасамас бұрын барлық балаларды анестезиолог-реаниматолог дәрігер қарайды.

  10. Балаларды іріктеп алған соң, балалар хирургы 46-тармаққа сәйкес, ата-аналарға баланы отаға дайындау бойынша ұсыныстар мен қажетті тексерулердің (талдаулардың) тізімін береді.

  11. АХО жағдайында ота жасау үшін қажетті тексерулердің (талдаулардың) тізімі:

    1. 10 күнге дейінгі мерзімге жарамды болатын тромбоциттерді, қанның ұю, қанау уақытын есептейтін қанның жалпы талдауы;

    2. 10 күнге дейінгі мерзімге жарамды болатын қанның биохимиялық талдауы;

    3. 14 күнге дейінгі мерзімге жарамды болатын коагулограмма;

    4. 1 айға дейінгі мерзімге жарамды болатын, түсіндірмесі бар электр кардиограмма;

    5. 2 айға дейінгі мерзімге жарамды болатын, HBS-антиген мен HCV-антигенді анықтайтын қан талдауы;

    6. 2 айға дейінгі мерзімге жарамды болатын, АИТВ-ны анықтайтын қан талдауы;

    7. 1-2 тәулікке дейін жарамды болатын, баланың денсаулығы және оның жұқпалы аурумен ауыратындармен байланысының болмағандығы туралы педиатрдың қорытындысы;

  12. АХО деңгейінде балаларға хирургиялық көмек көрсету мыналарды қамтиды:

      1. Хирургиялық түзетулерді қажет ететін, дамудың туа-біткен кінәрәттарынан және жүре пайда болған кеселдерден зардап шегуші балаларға консультативтік-диагностикалық, емдік, көмек көрсету;

      2. Кеселдің асқынуы мен қайталануын болдырмау мақсатында, ота жасаудың аз инвазивтік әдістерін қолдану;

      3. Жедел медициналық араласуды қажет ететін ауыр жағдайларда және (немесе) хирургиялық патологиялар кезінде шұғыл және жедел медициналық көмек көрсету, ал стационарлық жағдайда медициналық көмек көрсету талап етілетін жағдайларда, пациенттерді тәулік бойы жедел медициналық жәрдем көрсетілетін хирургиялық бөлімшеге жіберу (шұғыл көмек көрсету бойынша МҰ таңдау, қаланың, облыстың денсаулық сақтау басқармасы белгілеген ургентті көмек көрсету кестесіне сәйкес жүзеге асырылады);

      4. Бастапқы медициналық құжаттаманы № 907 Бұйрыққа сәйкес ресімдеу мен жүргізу.

  1. Бала АХО-да 4-6 сағаттан аспайтын уақыт болады, осы аралықта ол ота, отадан кейінгі қарау және ауруханадан шығару сияқты емдеу-диагностикалық шаралардың барлығынан өтеді.

  2. Балалар дәрігері ата-анаға балаға күтім жасауға, белсенді өмір салтына, ауыр физикалық жүктемелерді шектеуге байланысты қажетті ұсынымдар береді. Қажет болған жағдайда, ата-аналар кешкі уақытта, демалыс және мереке күндері баласын емдеуші дәрігердің (ота жасаған балалар хирургының) ұялы телефонына хабарласып, консультация ала алады.

  3. Бала отадан кейінгі кезеңде хирургтың ұдайы бақылауын қажет етпейді, отадан кейінгі 7 тәулікте қайта қаралады.

  4. Шұғыл және жоспарлы түрде тәулік бойғы медициналық бақылаумен мамандандырылған және жоғары технологиялы медициналық көмек көрсету қажеттілігі - балаларды стационарға госпитализациялауға себеп болып табылады.


5 Бөлім.

Нәрестелерге стационарлық деңгейде хирургиялық көмек көрсетуді ұйымдастыру.


  1. Нәрестелерге стационарлық деңгейде хирургиялық көмек көрсету:

    1. Балалардың қалалық, облыстық ауруханаларының перинаталдық орталықтарының (перзентханалардың) құрамындағы неонатальдық хирургиялық жатын орындарында немесе хирургиялық бөлімшелердің құрамындағы неонатальдық жатын орындарында;

    2. Қалалық және облыстық деңгейдегі перинаталдық орталықтардың, денсаулық сақтау саласындағы ғылыми ұйымдардың, денсаулық сақтау саласындағы ұлттық холдингтің, денсаулық сақтаудың республикалық ұйымдарының негізіндегі стационарлық көмек көрсететін денсаулық сақтау ұйымдарындағы нәрестелердің хирургия орталығында (бөлімшесінде) жүзеге асырылады.

  2. Нәрестелерге хирургиялық көмекті неонатальдық хирургиялық көмек мәселелері бойынша біліктілігін арттырған балалар хирургы (бұдан әрі – балалар хирургы (неонатальдық)) көрсетеді.

  3. Шарананың дамуында туа-біткен кінәрәт цитогенетикалық қорытындымен расталған жағдайда, балалар хирургы (неонатальдық) әйелдің жүктілігін жалғастыру немесе тоқтату туралы мәселені шешу кезіндегі дәрігерлер консилиумына қатысады.

  4. Антенатальдық кезеңде ТБК-нің алдын-алу және ерте диагностикалау бойынша шаралар № 704 Бұйрыққа сәйкес, әйелдер консультациясы деңгейінде ультрадыбыстық диагностика өткізу арқылы жүзеге асырылады.

  5. Жүктілік жалғасқан жағдайда, босанушы әйел босану үшін (қалалық және облыстық деңгейдегі) перинаталдық орталыққа немесе жүкті, босанушы әйелдерге, нәрестелерге көмек көрсететін денсаулық сақтаудың республикалық ұйымдарына жіберіледі, бұл болса, ТБК бар нәрестелерге көрсетілетін медициналық көмектің түпкі нәтижесіне кері әсер ететін бірқатар жағымсыз факторларды жоюға мүмкіндік береді.

  6. ТБК бар нәресте туған жағдайда, оған медициналық көмекті балалар хирургымен (неонатальдық) бірлесіп, неонатолог-дәрігерлер, неонатолог-реаниматологтар, балалар анестезиолог-реаниматологтары көрсетеді.

  7. ТБК бар нәресте туып, оған ота жасауға шұғыл себептер болмаған жағдайда, баланы босануға рұқсат берген денсаулық сақтау ұйымында неонатолог пен балалар хирургы (неонатальдық) қарайды.

  8. Нәрестеге ота жасау қажет болып, жүкті әйел босанатын денсаулық сақтау ұйымында балалар хирургы (неонатальдық) болмағандықтан, ТБК және хирургиялық кеселі бар нәрестеге туған кезінен бастап, мамандандырылған бөлімшеге немесе осы өңірдегі нәрестелер хирургиясы орталығына, ал ол болмаған жағдайда, жақын орналасқан көпсалалы аурухананың, денсаулық сақтау саласындағы ғылыми ұйымның, денсаулық сақтау саласындағы ұлттық холдингтің, денсаулық сақтау саласындағы республикалық ұйымның балалар хирургиясы бөлімшесіне ауыстырылғанға дейінгі медициналық көмекті неонатолог-дәрігерлер немесе неонатолог-реаниматолгтар көрсетеді.

  9. Перинаталдық орталық жағдайында бөлімшенің (орталықтың) хирургиялық жатын орындарына шала туған және мерзімінде туған нәрестелер постконцептуалдық жас – 41 апта+28 күнге толғанша госпитализацияланады.

  10. ТБК бар немесе өзге де хирургиялық патологиялары (некротиялық энтероколит, ашық артериалды өзек, ретинопатия, окклюзионды гидроцефалия және т.б.) бар нәрестелерге хирургиялық көмек туғанынан бастап, толық айыққанша шұғыл және жоспарлы түрде көрсетіледі.

  11. Нәрестеде ота жасауға қарсы көрсетілім болған жағдайда, оны отаға балалар хирургы (неонатальдық) мен анестезиолог-реаниматолог, ал перинаталдық орталық негізінде нәрестелердің реанимация және интенсивті терапия бөлімшесінің неонатлогы бірге дайындайды. Ота жасар алдында міндетті түрде анестезиолог-реаниматолог дәрігер қайта қарауы тиіс.

  12. Нәрестелерге стационарлық деңгейде көрсетілетін хирургиялық көмек мыналарды қамтиды:

      1. Дәлелді медицина негізінде қажетті диагностикалық зерттеулер мен емдеу әдістерін қолдана отырып, білікті, мамандандырылған, жоғары технологиялы, медициналық көмекті уақытылы көрсету мен диагностикалау;

      2. Бөлімше меңгерушісінің қатысуымен неонатологтың, неонатальдық хирургтың пациенттерді күнделікті қарауы;

      3. КЖ сәйкес диагностика (зертханалық және құралдық зерттеу) мен емдеу (консервативтік және хирургиялық);

      4. Сабақтас мамандық дәрігерлерінің пациенттерге консультация, ұйымдастыруы, консилиумдер ұйымдастыруы;

      5. Медициналық ғылым мен тәжірибенің жетістіктеріне негізделген емдеудің, диагностиканың және алдын-алудың заманауи әдістерін меңгеру, тәжірибеге енгізу;

      6. Балаларға көрсетілетін емдеу-диагностикалық көмектің сапасын арттыру;

      7. Балаға медициналық көмек көрсетудің, күтім жасаудың ұйымдастырушылық нысандары мен әдістерін дамыту мен жетілдіру;

      8. Емдік-қорғау тәртібін қалыптастыру, аурухана ішілік инфекцияның алдын-алу мен эпидемияға қарсы шараларды жүргізу;

      9. Өз саласы бойынша сырқаттануға талдау жүргізу және оны төмендету бойынша шаралар қабылдау;

      10. Патологоанатомиялық және клиникалық конференциялар өткізу;

      11. № 907 Бұйрыққа сәйкес, медициналық құжаттаманың дұрыс ресімделуі мен жүргізілуін қамтамасыз ету.

  1. Ота жасалған соң, бала нәрестелердің реанимация және интенсивті терапия бөлімінде дәрігерлердің бақылауында болады.

  2. Нәрестелердің хирургия орталығында нәрестелерге хирургиялық көмек туғанынан бастап, толық айыққанша немесе организмнің бұзылған функциялары тұрақталғанша шұғыл және жоспарлы түрде көрсетіледі.

  3. Нәрестелердің хирургия орталығы стационардың өзге функционалдық бөлімдерімен және қызметтерімен байланысы жоқ, 15 жатын орны бар, бірыңғай оқшауланған блоктан тұрады.

  4. Нәрестелердің хирургия орталығы (бөлімшесі) құрылымына мыналар кіреді:

    1. Ота жасау блогы;

    2. Нәрестелердің анестезиология, реанимация және интенсивті терапия бөлімшесі;

    3. интенсивті терапия және реанимация палаталары (жатын орындары);

    4. нәресте туғанға дейін және туған соң, оған күтім жасаудың қолайлы жағдайын қамтамасыз ету үшін ана мен балаға арналған палата;

    5. дәрігерлерге арналған палата (ординаторлық палата);

    6. орта медициналық персоналға арналған палата;

    7. қосымша жайлар.

  1. Нәрестелердің хирургия орталығында (бөлімшесінде) штат саны осы бұйрықтың 3-Қосымшасының ұсынылып отырған штаттық нормативіне сәйкес, жүргізілетін емдеу-диагностикалық жұмыс көлемі мен жатын орындардың санына сүйеніп анықталады.

  2. Осы Стандарттың 4 қосымшасына сәйкес, нәрестелер хирургиясын 5 жатын орынға жабдықтаудың ең төменгі тізбесі.

  3. Нәрестелер хирургиясы орталығы мыналарды жүзеге асырады:

    1. Диагностика және емдеу хаттамаларына сәйкес, тәулік бойғы шұғыл және жоспарлы мамандандырылған неонатальды-хирургиялық, интенсивті және реанимациялық терапияны;

    2. Нәрестелердің аурухана ішілік инфекциялармен сырқаттануының алдын-алу және төмендету бойынша шаралар ұйымдастыру;

    3. Дәлелді медицина және ғылыми-техникалық жетістіктер қағидаларының негізінде нәрестенің ТБК диагностикалау мен емдеудің заманауи әдістерін зерттеу және клиникалық тәжірибеге енгізу;

    4. Қажетті заманауи медициналық құралдары бар, автокөлікпен жабдықталған, қажет болған жағдайда, хирургиялық емді қажет ететін ТБК немесе өзге де патологиялары бар нәрестені тасымалдау үшін санитарлық авияцияны қолдана алатын, құрамында хирург-неонатолог бар дәрігерлердің мобильді неонатологиялық бригадаларын құру арқылы жергілікті жерлерде шұғыл неонатологиялық көмек көрсету;

    5. Қызмет көрсетіп жатқан өңірдегі ТБК бар нәрестелереге медициналық көмек көрсетудің сапасына клиникалық-сараптамалық бағалау және ТБК-дан перинаталдық және нәрестелік сырқаттанудың себептеріне талдау жүргізу;

    6. Телемедицинаны қолдану арқылы диагностика мен емдеу тактикасы мәселелері бойынша жетекшілік етіп отырған өңірдегі неонатологиялық-хирургиялық қызметтің жұмысын ұйымдастырушылық-әдістемелік басқару мен үйлестіру;

    7. № 907 бұйрыққ сәйкес, есепке алу және есептік құжаттаманы жүргізу;

    8. Тіркелім үшін мәлімметтер жинау мен жинақтау, белгіленген тәртіппен есептілік ұсыну;

    9. неонатолог мамандарды, балалар хирургтарын (неонатальдық), неонатолог-реаниматологтарды, балалар анестезиолог-реаниматологтарын, мейірбикелерді оқыту.

  4. Стационардан шыққан соң, бала тіркелген жері бойынша балалар хирургы дәрігерінде қаралады.

  5. Хирургиялық кеселдері және туа-бітті кінәрәттары бар нәрестелер мен жас балаларға (3 айға дейінгі) медициналық көмек көрсету бойынша жұмыстың сапасы келесі индикаторлармен бағаланады:

    1. хирургиялық белсенділік;

    2. отадан кейінгі асқыну;

    3. Емнің орташа ұзақтығы;

    4. госпиталь ішілік инфекцияның тіркелуі;

    5. ТБК-тан болған неонатальдық өлім;

    6. Жалпы өлім-жітім;

    7. Отадан кейінгі өлім-жітім;

    8. патологоанатомиялық диагноздармен айырмашылықтар.





Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3


©kzref.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет