Қазақстан республикасында инновациялық инфрақҰрылымның дамуы өтепберген К. Е., э.ғ. к., доцент Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ



жүктеу 148.68 Kb.
Дата14.05.2019
өлшемі148.68 Kb.

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДА ИННОВАЦИЯЛЫҚ ИНФРАҚҰРЫЛЫМНЫҢ ДАМУЫ
Өтепберген К.Е., э.ғ.к., доцент

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ
Әлемдік экономиканы жаһандандыру аясында Қазақстан келелі мәселелерге, яғни экономиканың шикiзаттық бағыттылығы, әлемдiк экономикамен байланыстағы ықпалдастық, өндiрiстiк және әлеуметтік инфрақұрылымның даму деңгейінің төмендігі, өндірістік кәсiпорындардың заманауи технологияның жетілдірілмеуі, ғылыми-зерттеулерге және тәжiрибелiк-конструкторлық жұмыстарға бюджеттен бөлінетін қаржы көлемінің төмендігі және т.б. Аталған мәселелерді шешу үшін Қазақстан қоғамдық әл-ауқатының iргелі болу мақсатындағы ғылыми – техникалық негiздегі бәсекеге қабiлетті экономиканы құру қажеттілігі туындады немесе ұлттық инновация жүйесі аясындағы тұжырымдаманы пайдалануға міндеттеді.

Демек, ұлттық инновациялық жүйенің (ҰИЖ) тұжырымдамасы алғаш рет жапондық технологияның жетілдіру жолдарын түсіндіру мақсатында, 20-ғасырдың соңында К.Фриман, Р.Нэльсон, Н.Розенберг, Б.Лундвалл және т.б. ғалымдардың зерттеулері негізінде қалыптасты.

К.Фриман ұлттық инновациялық жүйені экономиканың мемлекеттік және меншік секторлары арасындағы байланысқан институтционалдық құрылым желісі десе, Б.Лундвалл фирмалардың технологиялық байланысы арқылы қалыптасқан институтционалдық құрылым желісі деп тұжырымдаған.

Қазіргі таңда әлемдік экономиканың көшбасшыларына айналып, жоғары технологиялар саласы мен инновациялық жүйені дамытудың озық үлгісін көрсете білген АҚШ, Жапония, ЕО ұйымындағы мүше - елдер бар. Бұл елдер шикізатты алу мен оны алғашқы өңдеу үрдісін қамититын индустриалдануға дейінгі, сондай-ақ шикізатты толық өңдей отырып, одан дайын өнім жасауға дейінгі үрдістерді қамтитын индустриалды кезеңдерден өтіп, енді жоғары технологиялар мен инновацияларға негізделген постиндустриалды экономиканы жасақтаумен, оның басым бағыттарын жетілдірумен айналысуда. Басқаша айтқанда, олар қосылған құн көлемін толық қалыптастырып, ғылыми сыйымды, әрі инновациялық сипаты бар өнімдер мен қызметтерді нарыққа ұсынып келеді

1997 жылдан бастап экономикалық ынтымақтастық пен даму Ұйымының қолдауымен ұлттық инновациялық жүйе ретінде үкіметтің инновациялық саясатын қалыптастыру мен жүзеге асыру үшін негізді құрайтын жаңа технологиялардың дамуы мен таралуын жеке және өзара бірлесу негізінде, мемлекеттік және жеке секторларға қатысты институттар жиынтығы топтастырылды. ҰИЖ институттары ретінде университеттер, үкімет ұйымдары, инфрақұрылым элементтері, сонымен қатар мемлекеттік саясат құралдары, қоғамдық мінез-құлық заңдылықтары, заңды нормалар және т.б. шығарыла бастады.

Бүгінде ҚР ұлттық инновациялық жүйесінің элементтері болып:



  • инновациялық инфрақұрылым;

  • қаржылық инфрақұрылым;

  • ғылыми әлеует табылады. Осыған сәйкес, ұлттық инновациялық жүйе ұлттық қызмет субъектілерінің жиынтығын, сонымен қатар білімді пайдалану, таралуы мен жандандыру үрдісін қамтамасыз ететін қатынастар жүйесін сипаттайды.

Ұлттық инновациялық жүйенің маңызды қосалқы жүйесі болып инновациялық инфрақұрылым табылады. Оны құру үрдісі жауапты саты болып табылады және ұзақ мерзімді қамтиды, мысалы жетекші елдерде (АҚШ, Германия, Жапония, Швеция) ол 10 -15 жылға созылған. Инновациялық инфрақұрылым технопарктердің, технополистердің, бизнес – инкубаторларының, инновациялық және венчурлық қорлардың, инновациялық орталықтардың және т.б. таралған желісін құрай отырып, басты мақсаты ғылыми жаңалықтар мен нарықты байланыстыру, жаңалықтарды қолдануды коммерциализациялауда, инновациялық кәсіпкерлер үшін қолайлы жағдайларды құруда.

Әлемдік экономиканың алдыңғы қатарлы озық тәжірибелерін игеруге және оны ұтымды пайдалана білуге талпынған мемлекеттер үшін бүгінгі уақыттағы басты мәселе индустриалды-инновациялық экономиканы қалыптастыру болып отыр. Индустриалды-инновациялық экономиканың басты ерекшелігі – ғылыми сыйымды, технологиялық өнделу деңгейі жоғары өнімдерді шығаруға икемді өндірістік және инновациялық инфрақұрылымның болуы.

Осы тұрғыдан алғанда Қазақстан Республикасында аталған бағыттарда көптеген жұмыстар атқарылып келеді. Атап көрсетер болсақ, 2003 жылы елдің инновациялық-индустриялық дамуын қалыптастыру және экономиканың нақты, дайын өнім өндіру секторын өркендету әрі әртараптандыру мақсатында «Қазақстан Республикасының Индустриялық-инноваңиялық дамуының 2003-2015 жылдарға арналған стратегиясы», 2005 жылы «Қазақстан Республикасының Ұлттық инновациялық жүйесінің қалыптасуы мен дамуының 2005-2015 жылдарға арналған бағдарламасы», ел экономикасының инновациялық белсенділігін көтеру мақсатында 2006 жылы ҚР «Инновациялық қызметті мемлекеттік қолдау туралы» Заңы қабылданды.

Осы шаралар негізінде 2003 жылдан бастап отандық инновациялық әзірлемелерді қолдау мен оны өндіріске ендіруге, сонымен бірге Қазақстан Республикасын болашағы зор шетелдік технологияларды трансферттеу алаңы ретінде дамытуға бағытталган инфрақұрылым жүйесін құру үрдісі басталған.

Индустриялық-инновациялық дамуды қалыптастыру аясында мемлекет тарапынан жүргізіліп жатқан саясаттың алғашқы нәтижелері де оң көрініс берген. Мәселен, еліміздің индустриялық-инноваңиялық стратегиясының алғашқы кезеңі аяқталып (2003-2007 ж.ж.), нәтижесінде даму институттары және инновациялық инфрақұрылым элементтері, яғни, инновациялық қызметті жүзеге асыруға қажетті алғышарттар қалыптасты.

Дегенмен, елімізде қазіргі қалыптасқан инновациялық инфрақұрылым оның субъектілерінің өзара байланысқан түрде үйлесімді жұмыс жасауына және ғылыми-зерттеу жұмыстары мен айналысушылардың кешенді қызмет көрсететін ұйымы ретінде қалыптасуына жеткілікті деңгейде ықпал етуі төмен. Оның негізгі себептері ретінде мыналарды көрсетуге болады:



  • инновациялық инфрақұрылым элементтерінің жұмысындағы тәжірибенің аздығы;

  • инновациялық әлеуеті бар аймақтардың географиялық алшақтығы мен еліміздегі өңірлер мен өнеркәсіп салаларының біркелкі дамымауы;

  • жеке сипаттағы инновациялық белсенділіктің төмендігі және өнім өндіру салаларына қарағанда қызмет көрсету салаларында табыс көзінің жоғары болуы;

  • жеке кәсіпкерлердің ғылыми-техникалық зерттеулермен байланысты жұмыстарды жүргізуге құлқынсыздығы;

  • инновацияға бейімді салалар туралы ақпараттың аздығы;

  • отандық инновациялық нарықтың қалыптаспауы, ғылыми-зерттеу жэне тәжірибелік-конструкторлық жұмыстарға бөлінетін қаражаттың мардымсыздығы.

Қазақстанда инновациялық инфрақұрылым 2003 жылдан бері құрылып келеді. Оның мақсаты – отандық инновациялық жасап шығаруларды қолдау және енгізу, сонымен қатар болашақта ҚР шетелдік технологиялар трансферті үшін алаңға айналу мақсатында Қазақстанның ұлттық инновациялық жүйесі 2005-2015 жылдарға Үкіметпен бекітілген арнайы бағдарлама негізінде қалыптаса отырып келесідей сатыларды қамтиды:

  • 2005-2007 жж. – мемлекеттің белсенді қатысуымен ҰИЖ қалыптастыру;

  • 2008-2010 жж. – ҰИЖ элементтерінің өзара әрекеттесуі мен қызмет етуі механизмдерін жетілдіру;

  • 2011-2015 жж. – мемлекеттік шығындар үлесін азайту мен жеке инвестициялар үлесін өсіре отырып ҰИЖ тұрақты дамыту.

2005-2015 жж. арналған ҚР ұлттық инновациялық жүйесін қалыптастыру мен дамыту бағдарламасына сәйкес инфрақұрылым 7 аймақтық парктен, ірі технологиялық университеттер мен технопарктер жанындағы 12 технологиялық бизнес-инкубаторлардан және технопарктер жанындағы 8 оқу орталықтарынан тұруы қажет.

Инновациялық инфрақұрылымның ақпараттық блогы ғылыми-техникалың ақпаратқа қол жеткізуді қамтамасыз ететін ұйымдар желісін сипаттайды. Мұнда аймақтық ақпараттық желілер мен интернет жатқызылуы мүмкін. Осы мәселенің өзектілігімен байланысты Қазақстанда 2006 жылдың 15 қыркүйегінде ресми ашылуына Президент Н.Ә.Назарбаев қатысуымен «Ақпараттық технологиялар паркі» жаңа арнайы экономикалық аймағы ашылған. Қаржылық инфрақұрылым инновациялық кәсіпорындардың қаржы ресурстарымен қамтамасыз етеді. Алайда, статистикаға сәйкес бүгінгі күні шағын және орта бизнесті қаржыландырудың негізгі көзі болып бұрынғыша олардың өз қаражаттары табылады, ал банктік несие қол жетімсіз болып қалуда.

Дегенмен, инновациялық инфрақұрылым қасиетіне тоқталатын болсақ, ол инновациялық үрдістің аяқталуына барлық қажетті элементтерінің ықпалдасқан жиынтығын құрайды. Элементтер құрамы белгілі бір инновациялық үрдіске және барлық кезеңде қолдау көрсететін болуы тиіс. Бүгінгі жағдайда инновациялық инфрақұрылым бір ғана ұйыммен қамтамасыз етілуі күрделі болуының себебі элементтердің әртүрлі деңгейде орналасуы: халықаралық, ұлттық, аймақтық, аудандық және ұйымдық.

Бүгінде инфрақұрылымның ықпалдасу қызметінің басты мақсаты - инновациялық үрдіске қатысушылардың инновациялық желілерді қалыптастыру мен дамыту мәселелерін шешу.

Елбасымыздың «Нұрлы жол – болашаққа бастар жол» халыққа жолдауында жаңа экономикалық саясаттың басты мақсаты – инфрақұрылымдарды, энергетикалық, әлеуметтік тұрғын үй коммуналдық шаруашылығы, сонымен бірге тұрғын үй инфрақұрылымдарын, көлік инфрақұрылымдарын жаңарту, жаңғыртуға ұлттық қордан 500 млрд. теңге бөлу қарастырылған. Ұлттық қордан бөлінген бұл қаражат жалпы шағын және орта бизнесті дамытуға, банк секторларындағы проблемалық несиелерді азайтуды, сонымен қатар арнайы экономикалық аймақтардың инфрақұрылымын дамытуға жұмсалатын болады. Сонымен қатар «ЭКСПО-2017» кешені құрылысын жалғастыруды қаржыландырады.

ҚР Президентінің «Қазақстан – 2050» стратегиясы: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты Қазақстан халқына Жолдауында республикамыздың 2050 жылға қарай әлемнің ең дамыған 30 мемлекетінің қатарына кіру жөнінде жаңа стратегиялық мақсат қойылған. Бұл стратегиялық бағдарлама. Яғни алдағы 37 жылдың жұмыс жоспары мен сол жұмыстарды атқарғанда қол жеткізілетін түпкі мақсатымыз стратегияда айқындалған. Ұлттық инновация жүйесін дамту мақсатында бірқатар іс-шаралар атқарылған:

2014 жылғы 13 мамырда мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев «Инновациялық Қазақстан-2020» форумына қатысып инновацияны дамыту жөнінде кеңес берді. Форум Алматы қаласындағы «Алатау» ақпараттық технологиялар паркі» арнайы экономикалық аймағының аумағында өтті. «Алатау» паркі Назарбаев Университімен бірге инновацияны дамыту женіндегі негізгі кластер болып табылады.

Премьер-Министрдің орынбасары – Индустрия және жаңа технологиялар министрі Әсет Исекешев Мемлекет басшысына «Инновациялық Қазақстан-2020» форумының тұжырымдамасын ұсынды, соның аясында инновациялық әзірлемелер мен жоғары технологиялық инвестициялық жобалар көрмесі ұйымдастырылады.




Деңгейлері

Формалары

I. Халықаралық

Халықаралық қорлар мен ассосациялар

Халықаралық ұйымдар

Шетелдік университеттер мен технопарктік құрылымдар

Қорлар мен ассоциациялар



II. Ұлттық

Технологиялық платформа

Инновациялық орталықтар

Салалық кластерлер

Ұлттық Ғылым Академиясы

Ғылыми зерттеу институттары

Қорлар мен ассоциациялар



III. Аймақтық

Ғылыми қалашықтар

Технопарктік құрылымдар

Зерттеу және кәсіпкерлік желілер

Аймақтық инновациялық кластерлер

Қорлар мен ассоциациялар


IV. Аудандық

Аудандық атқарушы органдар

Технопарктік құрылымдар

Субьектілердің инфрақұрылымы мен желілер

Қорлар мен ассоциациялар



V. Ұйымдық

Инфрақұрылымдық бөлімше

Зерттеу желілері




Шағын инновациялық және өндірістік кәсіпорындар


Сурет 1. Инновациялық инфрақұрылым деңгейлері


Президентке Назарбаев Университеті, Білім және ғылым, Байланыс және ақпарат, Қорғаныс министрліктері, «ҚазМұнайГаз», «Қазақстан темір жолы», «Қазақтелеком» компаниялары мен өзге де ұлттық компаниялар әзірлеген 74 инновациялық жоба таныстырылды.

Сонымен қатар «Технология Дельта ІТ» ЖШС-нің автоматты қондырғылар құруашылары бар электронды баспа өнімдері өндірісі жөніндегі желілер мен қорғаныс кешені үшін радиоэлектронды жабдықтар шығару женіндегі өндірістік цехпен және Ақпараттық технологиялар паркінің екінші кезеңінің тұжырымдамасы таныстырылды.

Елбасымыз парк аумағында іске асырылатын «Місrоsoft», «Сіsсо», «Нuаwеі», «ІВМ» тәрізді ірі трансұлттық компаниялар жоспарлаған инновациялық жобалармен, сондай-ақ «Каzакһstаn Соmputеr Grарhіcs», «Массат Б.В.» компанияларының, «Физика-техника институтының» жобаларымен таныса отырып, инновация мемлекеттің стратегиялық міндеті ретінде айқындалғанын атап өтті.

Қазақстанда бүгінде инновациялық инфроқұрылым - 9 технопарк, 5 ұлттық және 15 өңірлік зертхана қызметін жалғастыруда. Демек, олар елбасы тапсырмасы бойынша соңғы үш жылда қалыптасқан, яғни әрбір университетте зертхана бар, онда өз әзірлемелері мен жаңалықтарын ашу үшін мүмкіндіктер жасалған. Бүгінде 9 венчурлық қор, 3 конструкторлық бюро бар болғанмен инновациялық инфрақұрылымдарды құрудағы әлде де жетіспейтін көптеген мәселелер:

- Коммерциялық банктер жүйесі инновацияны, әсіресе, шағын және орта кәсіпорындарды қолдауға бағытталмаған. Іс жүзінде ғылыми-зерттеу және тәжірибелік конструкторлық жұмыстар деңгейі әлі де болса төмен.

- Сондықтан мен барлық ұлттық компанияларды, өндірістік ұжымдарды инновацияға бейімде керектігі айқындалған.

Ғылымға есептелген шығыстардың ішкі жалпы өнімге шаққандағы үлесі Қазақстанда дамыған елдерден 10 есеге аз. Екінші жағынан алғанда, ғылымға жұмсалатын бюджеттік шығыстарды технологиялық инновациялардың өсімі ақтамай отыр. Ғылымға ақша бөлінгенмен, алайда қаражат ғылыми зерттеулерге көбірек бағытталған.

Әлемнің барлық елдері инновациялық дамуы бойынша үш топқа бөлінген, яғни тоқталатын болсақ. Еуроодақтық статистикалық қызметтің әдістемесі негізінде кешенді индекстік талдау бойынша анықтаған әлемдегі инновациялық белсенділік белгілері бойынша:

Бірінші топ - Enablers – ұйымның негізгі инновациялық қызметінің сыртқа әсері – кадрлық ресурсы (Human resources) кәсіби біліктілігі мен ғылыми қызметкерлер қызметі. Сонымен қатар - Finance and support – инновациялық жобаларға арнайы бөлінген қаражат пен мемлекеттік қолдау деңгейі бойынша;

Екінші топ - Firm activities – фирмалардың инновациялық қызметке және ғылыми зерттеулеріне пайдаланатын инвестициялары мен активтері, сонымен қатар интелектуалдық меншіктің пайдалану ұстанымы бойынша;

Үшінші топ - Outputs – инновациялық нәтижені пайдаланушылар. Бұл топта 2 көрсеткіш арқылы анықтайды: жұмысбастылық аясындағы инновацияның экономикалық жетістігі, экспорттау мен айналымға босату және әлемдік нарықтағы ұлттық инновациялық ұстаным сипаттамасы бойынша.

Сондықтанда біз бәрімізде жоғары инновациялық-шығармашылық әлеуеті бар топқа кіруге ұмтылуымыз қажеттілігі туындағандықтан бізге инновациялық дамудың ұзақ мерзімді және тұтас стратегиясын жасау қажет.

Инновация – ол экономикаға айтарлықтай табыс әкелетіндей, бұрынғымен салыстырғанда тиімді болатын дайын өнім немесе қызмет. Егер жаңа технологияның немесе өнім тиімділігі кемінде 20 пайыз болса, онда инновацияны таңдаймыз. Сондықтан 20 пайыздан кем болмауы тиіс. Мысалы, 100 тонна қант болған, енді 105 тонна болды. Егер 100 автокөлік құрасақ, енді – 120 құраймыз, міне, бұл нәтижені экономикалық өсім деп қабылдауға болады. Елбасы әрқашан ұлттық инновациялық жүйені қалыптастыруда бірнеше бағыттар бойынша нақтылау қажеттігін атап өтті:

Бірінші, Еліміздің ғылыми-зерттеу базасы мен инновациялық басқару жүйесін жаңғырту керек. Мемлекеттік ғылыми институттардың нәтижелік және тиімділік жүйесін арттыру;

Екінші бағыт – инновацияны қаржыландыруға жер қойнауын пайдаланушыларды, ірі бизнесмендер мен ұлттық компанияларды тарту. Ұлттық компаниялар өздерінің инновациялық даму жоспарларын әзірлеп, Үкіметпен келісулері керек. Инновациялық даму қазақстандық мазмұнды арттыру бағдарламасына сәйкес болуы тиіс;

Үшінші бағыт. Инновацияны кеңінен дамыту үшін шағын және орта бизнес секторына ең қолайлы жағдай жасау керектігін басып айтады. Еліміздегі трансұлттық корпорацияларлы шикізаттық емес секторға тартуды белсенді жүргізу керектігіне қазір әлемде тіркелген патенттердің 80 пайызы трансұлттық корпорациялардың үлесінде. Жоғары ғылыми технологияларды қаржыландыруда да олардың үлесі 80 пайыздан асады. Сингапурде 7 мыңнан астам трансұлттық корпорация жалпы ішкі өнімінің 30 пайызын қамтамасыз етеді. Қазақстанда олардың үлесі жоқ;

Тертінші бағыт. «Болашақ инновацияның» серпінді нүктесін дамыту. Әзірше Қазақстанда мұндай өсім аймағының екі нүктесі анықталып отыр. Бұл – Астанадағы Назарбаев Университеті мен Ақпараттық технологиялар паркі. Университет еліміздегі жүйе құраушы инновациялық-зияткерлік кластерге айналуы керек. Оның ғылыми орталықтары Қазақстанның жаңа ғылыми жүйесінің негізін қалауы тиіс. «Алатау» ақпараттық технологиялар паркі базасында Инновациялық технологиялар паркі кешені құрылатындығына тоқталды.

Яғни, елбасы тек осындай, әсіресе мемлекет, ғылым мен нақты экономика арасындағы салааралық үйлестіру арқылы ғана бұл жұмысты алға жылжытуды қамтамасыз ете алатынын атап өтті.

Әлемдік тәжірибеде экономиканы жаңғыртудың басты шарттарының бірі ретінде инновациялық қызмет қарастырылады. Жаңа өнімдер, қызметтер, технологиялық проңестер әзірлеп шығару, қолданысқа енгізу мен оларды кеңінен қолдану экономика дамуының негізгі факторларының бірі болып табылады.

Әлемдік тәжірибені қарастыратын болсақ, озық технологияларды қолданысқа енгізу әртүрлі жолдармен жүзеге асырылады. Мәселен, АҚШ-та түрлі ғылыми зерттеулер мен тәжірибелік-құрылымдық әзірленімдердің басым бөлігін мемлекеттік емес ұйымдар мен гранттар арқылы жүзеге асырады. Германияда АҚШ инкубаторлары, Ұлыбритания, Франция елдерінің ғылыми парктерін дамыту тәжірибесі пайдаланылған болатын. Оңтүстік Шығыс Азия елдерінде инновациялық саясатты іске асыру кезінде шағын және орта инновациялық кәсіпорындарға басты назар аударылған.

Шет елдер тәжірибесіне сүйенсек, «зерттеу мекемесі – шағын инновациялық кәсіпорын» байланысы бар және ғылымды көп қажет ететін өнімді жасап шығару мен оны рынокта саудалауға нақты перспективасы бар әзірленімдер ғана қаржыландырылады.

Біздің елімізде инновацияны дамытудыц басты бағыты ретінде ғылым мен ондірісті ықпалдастыру, бизнес ортаға ғылыми игі жетістіктерді енгізу айқындалып отыр.

Бірқатар бастамалардың оң тәжірибесіне қарамастан, ел экономикасының инновациялық дамуы саласында нақты серпіліс бола қойған жоқ. Бүгінде Қазақстандағы инновациялық даму мәселелерінің бірі ғылыми зерттеулердің аяқталмауы, олардың ондірістен алшақтығы танылады. Жүргізілген қолданбалы әзірленімдердің коммерцияландыру түрінде және өндіріске енгізу тұрғысында жалғасы болмай отыр.

Сонымен, кәсіпорындардың инновациялық белсенділігінің артуына қиындық тудырып отырған негізгі факторлар ретінде келесілерді атап көрсетуге болады:



  • инвестициялаудың және несиелеудің тиімсіз шарттары;

  • тапсырыс берушілердің төлемқабілеттілігінің төмен болуы;

  • жаңа өнімдер (инновациялар) құнының жоғары болуы;

  • меншікті қаржылық құралдардың жеткіліксіздігі;

  • мемлекет тарапынан қаржылық қолдаудың аз болуы.

Әлемдік экономиканың қарқындап дамуы - адами және интеллектуалдық ресурстардың нәтижелі еңбегінің жемісі екені белгілі. Қазіргі заман талабына сай дамыған елдерде тиімді әзірлемелер жүйесі және түрлі қызмет сфераларына жаңа технологиялық шешімдерді енгізуге негізделген инновациялық экономикаға өту үрдісі байқалады.

Енді Қазақстан экономикасы бойынша ғылым мен бизнестің, инновациялық қызметтің даму көрсеткіштеріне талдай отырып кез-келген мемлекет экономикасының басты көрсеткіші болып табылатын жалпы ішкі өнім (ЖІӨ) көлеміне қатысты зерттеулер мен әзірленімдерге жұмсалган шығындардың серпініне мән берген жөн.

Сондықтан да, дамыған елдердің қатарына кіруге талпыныс білдіріп отырған Қазақстанның өзінің мүмкіндіктері мен стратегиялық мақсаттарына сай ұлттық инновациялық жүйесі мен инфрақұрылымын дамыту өзекті мәселе болып отыр.
Қолданылған әдебиеттер
1. 2012 ж. 14 желтоқсанындағы ҚР Президенті Н.Ә. Назарбаевтың «Қазақстан-2050 Стратегиясы: Қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» Қазақстан халқына жолдауы. www.akorda.kz.

2. http://reftrend.ru/778548.html



3. Нұрлы жол – болашаққа бастар жол» ҚР Президенті Н.Ә. Назарбаевтың 2015 жылға арналған Қазақстан халқына жолдауы. www.akorda.kz.

4. Сағындық Сатыпалдин э.ғ.д. профессор, ҰҒА академигі: Стратегияны жүзеге асыратын құрал // Айқын №200. 31.10.2013.

5. Қазақстан Республикасында инновацияларды дамыту және технологиялық жаңғыртуға жәрдемдесу жөніндегі 2010-2014 жылдарға арналған бағдарлама.

6. Инновациялық Қазақстан – 2020 форумына қатысып, ҚР Президенті Н.Ә. Назарбаев инновацияны дамыту жөнінде кеңес өткізді. 13 мамыр 2014 ж. Алматы.

7. Сейтжағыпарова Шынар Жәнібекқызы «Экономиканың тұрақты даму кезеңінде ұлттық инновациялық инфрақұрылымды дамыту жолдары» атты магистрлік диссертация. Қызылорда 2013 ж.

8. «Инновациялық қызметті мемлекеттік қолдау туралы» 2006 жылғы 23 наурыздағы ҚР заңы www.akorda.kz.

9. Т.В. Зеленская, Е.Л. Соколова Инновационная инфраструктура: функции, уровни и формы. Вестник Сибирского аэроэкономического университета имени академика М.Ф. Решетнева. Красноярск-2012 г. 162-164 с.



10. 2014 ж. 17 қаңтардағы «Қазақстандық жол – 2050: Бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» ҚР Президенті Н.Ә. Назарбаевтың Қазақстан халқына жолдауы. www.akorda.kz.
Каталог: sites -> default -> files -> publications
publications -> Беткі сулардың сапасын талдау: НҰра өзені алабының мысалында
publications -> Этносаралық Үйлесімділік жүйесіндегі саяси-мәдени механизмдердің орны әлеуметтік ғылым магистрі, аға оқытушы Сыздықова С. М
publications -> Қазақ әдебиетін дәуірлеу мәселесі Темірбай Мұқашев
publications -> Спортшылардың интеллектуалдық ой өрісі және оның спорттық Қызметтегі маңыздылығы абусейтов Бекахмет Зайнидинович
publications -> Ауыл шаруашылығын дамытудың жаңа бағыттары түйін Мақалада ауыл шаруашылығын дамытудың жаңа жолы «Агробизнес 2020»
publications -> Қазақстандағы мемлекеттік-жекешелік әріптестік: құқықтық реттеу
publications -> 1 қаңтар 2012, 12: 09 Бұл дағдарысты әлем экономикасының уақытша тежелуі деп түсіну қажет 49
publications -> Қазақстандағы корей тілін оқытуда интерактивті құралдарды қолдану әдісі
publications -> Әож 378-1а оқУ Үрдісінде мультимедиялық ҚҰрылғыларды қолданудың Қажеттілігі
publications -> Үндістан-Бангладеш қарым-қатынастарының кейбір астарлары


Достарыңызбен бөлісу:


©kzref.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет