Жамбыл облысында болған ірі жол апаты салдарынан 25 адам зардап шекті, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Видеодан жасалған скрин

Жамбыл облыстық полиция департаментінің мәліметінше, 31 қаңтар күні сағат 10.47-де "Батыс Еуропа – Батыс Қытай" республикалық тас жолының 567-шақырымында Жуалы ауданы, Нұрлыкент кентінің маңында ауа райының қолайсыздығынан 26 көлік жол-көлік апатына ұшыраған.

“Апат салдарынан қаза тапқандар жоқ. Б.Момышұлы ауылындағы орталық аудандық ауруханаға 25 адам жүгінді”, – делінген хабарламада.

  • Қостанайда такси жүргізушісі өзін пышақпен қорқытқан ер адамнан құтылу үшін полицейлер көлігін әдейі соққан
  • Алматыда автобус пен жеңіл көлік соғылып, бір адам қаза тапты

ҚазТАГ агенттігінің хабарлауынша, зардап шеккен 25 адамның төртеуі жансақтау бөлімінде жатыр, зардап шеккендердің арасында балалар да бар.

“Тараздан 593-534 шақырымға дейінгі жол екі бағытта да жабық. Оқиға орнында полиция қызметкерлері жұмыс істеп, оқиғаның мән-жайы анықтап жатыр. Жамбыл облысының жол полициясы әсіресе қолайсыз ауа райы жағдайында жол қозғалысы ережелерін қатаң сақтау керек екенін еске салады”, – деп қосты полиция.

Айта кетейік, бұған дейін Қарағанды-Теміртау тас жолында жолаушылар автобусы мен 16 жеңіл көлік соқтығысқаны хабарланған. Жол апаты 26 қаңтар күні сағат 15:00 шамасында болған.


Автор: Жанара Кенжебекова

Жанара — исследовательница культуры и традиций. Ее статьи поднимают важные темы многообразия культур Казахстана.