Қазақстан Республикасында жеңiл өнеркәсiптi дамыту жөнiндегi 2010-2014 жылдарға арналған бағдарламаны бекiту туралы



жүктеу 0.83 Mb.
бет2/4
Дата07.11.2018
өлшемі0.83 Mb.
1   2   3   4

Қазақстан Республикасында былғары, былғарыдан жасалған
бұйымдар және аяқ киiм өндiрiсiнiң көлемi

4 кесте



Өнiмнiң атауы

2006 ж.

2007 ж.

2008 ж.

2009 ж.

1

2

3

4

5

Былғары және оған жататын өнiмдердi өндiру, млрд. теңге

2,1

2,6

3,0

2,8

Иленген немесе өңделген үлбiр терiлер, мың шаршы дц

1528,9

2420,7

2404,0

1761,6

Iрi қара малдың терiсiнен немесе денесiнде түгi жоқ жылқы тұқымдас жануарлардың терiсiнен жасалған былғары, мың шаршы дц

115401,2

202728,3

286731,1

244976,0

Денесiнде түгi жоқ қойдың, ешкiнiң немесе шошқаның терiсiнен жасалған былғары, мың шаршы дц

1079,4

295,6

754,3

249,0

Қайыс және ертоқым бұйымдары, чемодандар, саквояждар, сөмкелер, портфелдер және ұқсас бұйымдар, өзге былғары бұйымдары, мың теңге.

9358

10065

9146

15184

Спорттық және әрi қорғайтыннан және ортопедиялық басқа, аяқ киiм, мың жұп

780,7

1107,5

1213,1

719,2

оның iшiнде













Су өткiзбейтiн аяқ киiмнен басқа, табаны бар және үстi резина немесе полимер материалдардан жасалған аяқ киiм, мың жұп

460,4

590,9

676,7

91,6

Спорттық аяқ киiмнен, тұмсығын қорғайтын матадан жасалған аяқ киiмнен, әртүрлi аяқ киiмнен басқа арнай үстi былғарыдан жасалған аяқ киiм, мың жұп

314,4

508,4

531,7

622,8

3.5. Саланы дамытудың негiзгi проблемалары

      Жеңiл өнеркәсiп саласындағы бiрқатар шешiмiн таппаған проблемалар бар, олар:


      1) негiзгi қорлардың айтарлықтай тозуы және өнiмнiң бәсекеге қабiлеттiлiгiнiң төмен деңгейi;
      2) қосылған құны жоғары болатын өнiм экспортының төмен үлесi;
      3) отандық өнiмнiң тұтыну үлесiнiң төмендiгi;
      4) еңбек шарттарының тартымсыздығынан бiлiктi кадрлық ресурстардың жетiспеушiлiгi.

      Негiзгi қорлардың айтарлықтай тозуы және өнiмнiң бәсекеге қабiлеттiлiгiнiң төмен деңгейi


      Жеңiл өнеркәсiп кәсiпорындарында негiзгi қорлардың айтарлықтай тозуы (80% дейiн) ең негiзгi проблемалардың бiрi болып табылады. Салалық кәсiпорындарда негiзгi қорларды жаңарту үшiн жеткiлiктi қаражат жоқ және ескiрген жабдықтарда бәсекеге қабiлеттi емес өнiмдердi шығарып, жұмысын жалғастыруда.
      Экономикалық дағдарыс жағдайында, оның iшiнде жеңiл өнеркәсiп кәсiпорындарында өтiмдiлiк мәселесi айтарлықтай өткiр болып тұр. Оның нәтижесiнде екiншi деңгейдегi банктер мен даму институттары ұзақ мерзiмдi жеңiлдiкпен кредит берудi тоқтатты. Қалыптасқан жағдайда салалық кәсiпорындар ағымдағы операциялық қызмет мәселесiн шешедi.
      Қосылған құны жоғары болатын өнiм экспортының төмен үлесi
      Жеңiл өнеркәсiп өнiмдерiнiң қазақстандық экспортының елеулi үлесiн өңделмеген шикiзат, не төмен бөлiнiстегi өнiмдер құрайды, бұл саланың жалпы дамуына қауiптi әсер етедi, өйткенi қайта өңделген отандық шикiзат шетелден елiмiздiң iшкi нарығына дайын өнiм түрiнде қайтып келедi. Осы жағдай дағдарысты ерекше көлемде туындатты, өйткенi қатердiң жоғары деңгейi отандық кәсiпорындарда меншiктi шикiзатты қайта өңдеуге ұшыратпай, оны өңделмеген түрде сатуға мәжбүрлейдi.
      Отандық өнiмнiң тұтыну үлесiнiң төмендiлiгi
      Отандық жеңiл өнеркәсiп өнiмдерiнiң бәсекеге қабiлеттiлiгiнiң төмендiгi және таяу және алыс шет елдерден импортталатын өнiмдер санының көп болуы отандық тауар өндiрушiлердi қауқарсыз жағдайда қалдырып отыр. Негiзiнен Оңтүстiк-Шығыс Азия және Қытай елдерiнен импортталатын өнiмдердiң бағасы мен сапасы бойынша айтарлықтай төмен, бiрақ бұл ретте қазiргi заманғы сән үрдiстерiне жауап бередi және сондықтан бәсекеге қабiлеттi.
      Қалыптасқан жағдайда сатып алуды жүзеге асырған кезде мемлекеттiк органдар, ұлттық холдингтер мен компаниялар бағасына, сапа нұқсанына бағдарланады.
      Еңбек шарттарының тартымсыздығынан бiлiктi кадрлық ресурстардың жетiспеушiлiгi
      Жеңiл өнеркәсiп өнiмдерi өндiрiсiн болашақта өсуiнiң әлеуметтi проблемаларының бiрi бiлiктi кадрлардың тапшылығы, сондай-ақ тәжiрибелi қызметкерлерге төлемнiң жоғарғы құнына қатысты болып табылады.
      Бұл еңбек шарттарының тартымсыздығынан және жалақының жоғары еместiгiнен, кадрлардың қайтуынан туындады, ескiрудiң табиғи үдерiсiнен - көптеген қызметкерлер зейнеткерлiк және зейнеталды жасында, бұл ретте салаға жастардың келуi еңбек шарттарының тартымсыздығынан елеулi емес болып қалады.
      Қазiргi уақытта елiмiздiң жоғары оқу орындарында елде инженерлiк-техникалық бағыт бойынша жоғары және орта-мамандандырылған оқу орындарында оқитын студенттердiң саны аз, сонымен қатар кадрлар дайындығы осал, бұл студенттердi оқыту үдерiсiнде жабдықтардың техникалық ескiргендiгiне байланысты.

3.6. Қазақстан Республикасының жағдайларына бейiмделуi мүмкiн проблемаларды шешу бойынша позитивтi шетелдiк тәжiрибенi шолу

      Қазақстанға жеңiл өнеркәсiп тауарларын негiзгi жеткiзушiлер саланы дамытуда назар аударуға лайық Қытай, Түркия, Ресей, Қырғызстан болып табылады.

      Қытай

      Қытай айқындалған мынадай даму қағидаттарын айғақтайды: әлемдегi бар жақсыны үйрен, оқы және өзiңдiкiн құр.


      Қытайда импорт баждардың екi шәкiлiн көздейтiн, едәуiр күрделi мынадай импорт тарифтерi қолданылады - барынша қолайлы режимдi өзара ұсынуды көздейтiн сауда келiсiмдерi бар елдерден әкелiнетiн тауарларға - ең төменгi және мұндай келiсiмдерi жоқ әкелiнетiн тауарларға - жалпы қолданылатын импорт тарифi.
      Мемлекет шағын және орта бизнестi (бұдан әрi - ШОБ) қолдаудың айқындалған шараларын қолданады, олардың арасында:
      жеңiлдетiлген кредиттер, несиелер, нысаналы гранттар берудi қоса алғанда, тiкелей қаржылық көмек;
      жеңiлдетiлген салық салу: жұмыс iстеудiң бiрiншi жылында кәсiпорын салық төлеуден толықтай босатылады, екiншi және үшiншi жылы - кәсiпкерлiк қызмет салығынан және қызметкерлердi табыс салығынан босатады;
      инновацияларды мемлекеттiк көтермелеу (жаңа технологияларды енгiзу, тәжiрибелiк және сериялық жаңа өнiмдi енгiзу), оның iшiнде кәсiпорындарға салықтарды қосымша жою жолымен ұсыну;
      сыртқы экономикалық қызметтi дамытудың экспортқа бағдарлануы және көтермелеу, оларға сақтандыруға көмектесу, халықаралық көрмелердi ұйымдастыру және қатысу, нарық туралы ақпаратты ұсыну, шетелдiк әрiптестердi iздеуге жәрдемдесу;
      кешендi ақпараттарды ұсыну, жаңа технологиялар мен материалдарды құру саласындағы ғылыми жетiстiктердi насихаттау, оларды пайдалану әдiстемесi және нақты адресаттарды алуды коса алғанда ШОБ-ты ақпараттық қамтамасыз ету жатады.
      Қытайда саланы дамыту сәттi жүргiзiлуде, бiрiншiден, экспортты субсидиялауды талап етедi, екiншiден Қытай Халық Республикасы сала бойынша орташа жалақы 120-140 АҚШ долларын құрайды, бұл бiздiң елдегiден айтарлықтай төмен, үшiншiден, қытайлықтар жабдықтарды сатып алуға кредиттер бойынша нөлдiк ставканы талап етедi, төртiншiден, импортты шектеу бөлiгiнде әкiмшiлiк және кедендiк қолдау кеңiнен пайдаланады.

      Түркия



      Түркияда еркiн нарық шарттарында жұмыс iстейтiн және әлемдiк тауар нарықтарымен ықпалдасатын экспортқа бағытталған арнайы экономикалық құрылымды құру негiзгi мақсаты болып табылатын стратегия әзiрленген болатын. Жаңа стратегия экспортты қарқындату мақсатында, сондай-ақ сыртқы сауданы ырықтандыруға қатысты ынталандыру шараларын қамтиды.
      1995 жылдың екiншi жартысынан бастап Түркия экспорттаушыларға мемлекеттiк көмектi белгiледi, бiрақ 1996 жылы Еуропалық одақ (бұдан әрi - ЕО) мүшесi болғанда едәуiр өзгерiстер болды, сондықтан бұл үкiметтi ЕО нормалары мен қағидаттарына сәйкес осы саладағы өз саясатын жүргiзуге мәжбүр еттi. Экспорттың жаңа режимi, атап айтқанда Түркияда экспорттық тауарларды дайындау үшiн әлемдiк баға бойынша шикiзат пен материалдар алуды көздейдi.
      Түркияда, сондай-ақ қосылған құн салығын (бұдан әрi - ҚҚС) қайтару сияқты экспорттаушыларды қолдау нысаны пайдаланылады. Бұл ретте, ҚҚС өз тауарын экспорттайтын тiкелей өндiрушiлерге және елде сатып алынған тауарды экспорттаушы делдал құрылымдарға қайтарылады. Әдеттегiдей, ҚҚС-ны қайтару бiр ай аралығында жүзеге асырылады, бiрақ бұл үшiн экспорттаушы Ұлттық банк уәкiлеттiк ететiн коммерциялық банктердiң бiрiне тек экспорттық декларацияны емес, мәлiмделген соманы қайтарудың дұрыстығы туралы тәуелсiз алқа аудиторының шешiмiн ұсынуы тиiс. Экспорттаушыларға ҚҚС-ны тiкелей қайтарудан басқа, Түркияда сонымен қатар ҚҚС-ны өзара есепке алу, яғни, кәсiпорындардың берешектердi есепке ала отырып, осы бап бойынша салық органдарының тиiстi қайта есептеулерi бар.
      Бұдан өзге, түрiк компанияларына шет елдердегi елшiлiктер арқылы, атап айтқанда, экономикалық мәселелер жөнiндегi кеңесшi арқылы, сондай-ақ Түркияда арнайы құрылған Экспортты дамыту орталығы (IGEME) мемлекеттiк органы едәуiр ақпараттық қолдау көрсетедi. Түркияның сауда және өнеркәсiптiк палатасы одағына бiрлескен өнеркәсiптiк және сауда палатасы, сондай-ақ мемлекет құрған 13 экспорттаушының салалық одағы айтарлықтай қолдау көрсетедi. Түркия заңнамасына сәйкес, осындай бiр немесе бiрнеше Одақтың сауда палатасына мүше болмауы (компания жеткiзуге ниеттi экспорттық тауар тiзбесiнен басқа) фирма экспорттық жеткiзулердi жүзеге асыра алмайды.
      Түркия жаппай өнiмдер нарығын ығыстырады және тек премиум-сегменттегi белгiлi бiр ықпалды сақтайды. Мұның себебi қарапайым - салада жалақы өсе бастады. Ұқсас жағдай тұрмыс деңгейiнiң өсуi шегi бойынша Қытайда да қайталануы мүмкiн.
      Қазiргi уақытта түрiк тоқыма өнеркәсiбi қазiргi заманғы құралдармен жабдықтау бойынша әлемдегi көшбасшылардың бiрi. Бұдан өзге, саланы сапалы шикiзатпен қамтамасыз ету соңғы кезде түрiк тоқыма өнiмi өндiрiсi дәстүрлi әлемдiк көшбасшылар - Италия мен Германияның өнiмдерiмен бәсекеге қабiлеттi.
      Соңғы жылдары көптеген iрi түрiк фирмалары холдингтерге бiрiгуде, бұл экономикалық және стратегиялық жағынан тиiмдi. Әдетте, холдингтерде талшықтар мен жiп дайындаудан (қайта өңдеуден) бастап дайын тiгiн бұйымдарын өндiруге дейiн тұйықталған өндiрiс циклi жүзеге асырылады, бұл бәсеке деңгейi бойынша бағаны ұстап қалуға мүмкiндiк бередi.
      Түрiк тiгiн компаниялары танымал шетелдiк фирмалармен, сондай-ақ толлингтiк сызбалар бойынша, оның iшiнде алыс-берiс шикiзатымен жұмыс iстейтiнiн атап өткен жөн.

      Ресей



      Ресейде әкелiнетiн шикiзатқа ҚҚС мен баждар жоқ, сондай-ақ жеңiл және тоқыма өнеркәсiбiн ұйымдастыру үшiн кемiнде 100 млн. рубльдi құрайтын субсидиялар кәсiпорындардың жабдықтарын жаңартуға және жаңа технологияларға дотациялары бар. Ресей Федерациясының (бұдан әрi - РФ) Үкiметi 2008 - 2010 жылдарға арналған субсидияларды беру ережесiн бекiттi, РФ Орталық Банкi (бұдан әрi - РФ ОБ) кредит алу күнiне қолданылатын тоқсан сайын қайта қаржыландырудың ставкасы 1/2 мөлшерiнде.
      Соңғы үш жыл аралығында акциздiк баждарды енгiзу жолымен нарықты қорғау белсендi жүргiзiлуде.
      Федеральдық бюджетте тоқыма өндiрiсi кәсiпорындары үшiн РФ ОБ қайта қаржыландырудың 1/3 ставкасы бойынша шикiзат пен қосалқы материалдарды сатып алуға қаражат көзделген.
      Қорғаудың айқындалған шаралары iшкi нарықты қорғау бойынша қолданылады, оған карго-тасымалдау жағдайында РФ аумағына әкелу кезiнде импорттық баждарының ставкаларын көтеру жолымен кеден шекарасы арқылы тауарларды тасудың қатаң ережесiн белгiлеген РФ Үкiметiнiң 2004 жылғы 28 желтоқсандағы № 863 қабылданған қаулысын жатқызуға болады.
      Сондай-ақ РФ жеңiл өнеркәсiптi дамытудың негiзгi бағыттарының бiрi айтарлықтай икемдi тарифтiк саясатты жүргiзетiн былғары-аяқ киiм саласы болып табылады.
      РФ Үкiметi былғары-аяқ киiм саласын өнiм экспорты кезiнде ҚҚС-ны қайтарудың оңтайлы тәртiбiмен адал экспорттаушылар мәртебесi бар кәсiпорын саласындағы тiзбеге қосты, бұдан өзге, РФ Үкiметiнiң № 999 өкiмiмен былғары (Сыртқы экономикалық қызметтiң тауар номенклатурасы коды-4107) шетелдiк кредитпен мемлекеттiк кепiлдiктi алуға мүмкiндiк беретiн тiзбегiне енгiзiлдi.
      2009 жылы РФ Өнеркәсiп және сауда министрлiгiнiң 2009 жылғы 24 қыркүйектегi № 853 бұйрығымен бекiтiлген Ресейде жеңiл өнеркәсiптi 2020 жылға дейiнгi кезеңiне дамытудың стратегиясы қабылданды, онда аталған бағдарламаны iске асыруға бағытталған мынадай айқындалған шаралар көзделедi:
      жеңiл өнеркәсiптiң бәсекелестiк артықшылықтарын көтеру (сұраныс және сатып алушыларға артықшылық беру, техникалық реттеу);
      өндiрiстi техникалық қайта жарақтандыру және жаңғырту, институционалдық қайта жаңарту;
      жеңiл өнеркәсiптiң инновациялық қызметiн дамыту;
      iшкi нарықты және Ресей өндiрушiлерiн тауарлардың заңсыз көлеңкелi айналымынан қорғау, тұтынатын тауарлардың өркениеттi нарығын қалыптастыру, ресейлiк және импорттық өнiмдердiң бәсекелестiгi үшiн адал жағдай жасау;
      жеңiл өнеркәсiптi шикiзаттық ресурстармен қамтамасыз ету жүйесiн жетiлдiру;
      еңбек ресурстарын дамыту, бар кадрларды сақтап калу, жас мамандар мен жұмысшыларды тарту.
      Бұдан өзге, қабылданған Стратегия шеңберiнде 2010 - 2013 жылдары пилоттық жобаларды iске асыратын ұйымдарға федералдық бюджеттен субсидиялар беру ережесi әзiрлендi, ол мынадай шараларды көздейдi:
      жеке меншiк-мемлекеттiк әрiптестiктi дамыту негiзiнде жабдықтарды сатып алуға және жобаларды iске асыруға субсидиялар беру;
      тауарларды нарыққа жылжыту бойынша жұмыстарды ұйымдастыруға жұмсалған шығындардың 90 пайыздан астамын өтеу (отандық және шетелдiк көрмелерге, жәрмеңкелерге қатысу, қосылған құн салығын есепке алмай жабдықталған көрмелiк алаңдарды жалға алуға арналған шығыстар).

      Қырғызстан

      Қырғызстанда жеңiл өнеркәсiп өнеркәсiптiк-өндiрiстiк персоналдың саны бойынша екiншi орында, ал жалпы өнiм бойынша - бiрiншi орында тұр.
      Саланың дамытуына 2000 жылы қабылданған Қырғызстаннан Ресейге ұсақ тәсiлмен емес, үлкен шоғырландырылған жеткiзiлiмдермен тауар жеткiзу бойынша екi жақты келiсiмдер түрткi болды.
      Бұған коса, «Жеке экономикаға жәрдемдесу» жобасы шеңберiнде Германияның Техникалық жәрдемдесу қоғамымен бiрлескен жоба ойдағыдай iске асырылуда, оның қолдауымен Бiшкек қаласында осы сала үшiн қажеттi мамандарды дайындау бойынша оқу орталығы ашылды, сондай-ақ бiлiктiлiктi арттыру курстары ұйымдастырылған болатын.
      Саланы дамыту және Бағдарламада қойылған мақсаттар мен мiндеттерге қол жеткiзу мақсатында Қазақстан экономикасына қолдану үшiн едәуiр перспективалы қолдау шаралары мыналар болып табылады:
      жеңiлдетiлген кредиттер, несиелер, нысаналы гранттар берудi қоса алғанда, тiкелей қаржылық көмек;
      инновацияларды мемлекеттiк көтермелеу (жаңа технологияларды енгiзу, тәжiрибелiк және сериялық жаңа өнiм шығару);
      сыртқы экономикалық қызметтi дамытудың экспортқа бағдарлануы және көтермелеу, оларға сақтандыруға көмектесу, халықаралық көрмелердi ұйымдастыру және қатысу, нарық туралы ақпаратты ұсыну жатады;
      кешендi ақпараттарды ұсыну, жаңа технологиялар мен ақпараттарды құру саласындағы ғылыми жетiстiктердi насихаттау, оларды пайдалану әдiстемесi және нақты адресаттарды алуды қоса алғанда, ШОБ-ты ақпараттық қамтамасыз ету;
      жабдық сатып алуға арналған кредиттер бойынша нөлдiк ставка;
      толлингтiк сызбалар бойынша танымал шетелдiк фирмалармен жұмысты ұйымдастыру;
      жеңiл өнеркәсiп кәсiпорындары үшiн шикiзат пен қосалқы материалдарды сатып алуды субсидиялау;
      Қазақстан Республикасының Салық кодексiне сәйкес экспорттаушыларға өнiм эксперты кезiнде кәсiпорындарға ҚҚС-ны қайтару.
      Сонымен қатар, Бағдарламаның негiзгi мiндеттерi қосылған құны жоғары сапалы өнiмдермен iшкi нарықты толтыру және оның сыртқы нарыққа шығу перспективасы болып табылатындықтан, Қазақстанға өндiрiстiң барлық кезеңдерiнде қазiргi заманғы технологиялық кәсiпорындарды құру қажет. Мысалы, Түркияда 90 жылдары мемлекет тарапынан қаржылық субсидияларды бөле отырып, жеңiл өнеркәсiптi техникалық жаңғырту жүргiзiлгендiгi көрсетiлген, оның нәтижесiнде тоқыма секторы еуропалық сапа стандарттарына жауап беретiн өнiмдердi шығара бастады.

4. Бағдарламаның мақсаттары, мiндеттерi, нысаналы индикаторлары
және бағдарламаны iске асырудың көрсеткiштерi

      4.1. Мақсаты


      Жеңiл өнеркәсiптiң әлеуметтiк тиiмдiлiгiн күшейте отырып, ұзақ мерзiмдi кезеңде оны әртараптандыруды қамтамасыз ету және бәсекеге қабiлеттiгiн арттыру.
      Негiзгi мiндеттерi
      Шикiзатты қайта өңдеу, қосылған құны жоғары өнiм өндiру және оны сыртқы нарықтарға шығару перспективасы мен есебiнен жеңiл өнеркәсiп өнiмдерiне iшкi нарық қажеттiлiгiн қанағаттандыру, сондай-ақ еңбекке жарамды халықты жұмыспен қамтамасыз ету жолымен әлеуметтiк шиеленiстi азайту.
      Нысаналы индикаторлар
      Бағдарлама осы Бағдарламаға 2-қосымшада ұсынылған мынадай индикаторларды көздейдi:
      2008 жылмен салыстырғанда 2014 жылға қарай жалпы қосылған құнды 50 %-ға ұлғайту;
      2014 жылға карай iшкi нарықтың жеңiл өнеркәсiп өнiмiне қажеттiлiгiн 50 % деңгейiне дейiн қанағаттандыру (ресурстардың жалпы көлемiндегi отандық өндiрiс үлесi);
      2008 жылмен салыстырғанда еңбек өнiмдiлiгiн бiр жарым есеге ұлғайту;
      мемлекеттiк мекемелер мен ұйымдардың, ұлттық басқарушы холдингтердiң, ұлттық холдингтер мен компаниялардың сатып алуындағы қазақстандық қамту үлесiн 2,5%-ға дейiн жеткiзу;
      2008 жылмен салыстырғанда тiкелей инвестицияларды 70 %-ға дейiн ұлғайту;
      2008 жылмен салыстырғанда қосылған құны жоғары өнiмдi, экспорттау көлемiн 2014 жылы 30 %-ға жеткiзу;
      электр энергиясын тұтыну деңгейiн 153,4 млн. КВтсағ. деңгейiне дейiн төмендету;
      электр энергиясын, газ бен суды тұтыну деңгейiн сала кәсiпорындарының жабдықтарын жаңғырту жолымен 1448,2 млн. теңге деңгейiне дейiн төмендету.

4.4 Бағдарламаны iске асырудан күтiлетiн нәтижелер

      Бағдарламаның жоспарланған нысаналы индикаторларына сәйкес жеңiл өнеркәсiп өндiрiсiнiң көлемi өседi және саладағы жұмыспен қамтылғандардың саны ұлғаяды (№ 5 кесте).



5 кесте

Көрсеткiш атауы

өлш. бiрл.

2008

2009

2010

2011

2012

2013

2014

факт

факт

жоспар

жоспар

жоспар

жоспар

жоспар

Саладағы жұмыспен қамтылғандардың саны

адам

15932

13700

13800

13985

14270

14555

15140

Тоқыма бұйымдары өндiрiсiнiң көлемi

млрд. теңге

24,7

13,5

13,7

13,8

14,0

14,4

20

Киiм өндiрiсiнiң көлемi

млрд. теңге

11,6

11,8

12,2

12,6

13,2

20,2

Былғары және оған жататын өнiм өндiру көлемi

млрд. теңге

3,10

2,8

2,8

2,9

3,0

3,1

3,1

      Қабылданған шаралар нәтижесiнде тiгiн саласының шикiзат қоры елдегi мата, иiрiлген жiп, жiп өндiрудiң есебiнен жақсарады.
      Тiркелген отандық маркалары бар тiгiн бұйымдарын өндiру ұлғайтылады.
      Өндiрiстiк қуаттарды кеңейту және франчайзингтi пайдалана отырып, сауда желiлерiн ұйымдастыру есебiнен экспорт ұлғайтылады.
      Тауар экспорта, көлiктiң тоқтап қалуы кезiнде құжаттардың саны мен уақыт қысқарады, бұл ақша қаражатының айналымдылығын жылдамдатуды қамтамасыз етедi.
      Сертификаттау жүйесiн үйлестiру және Кеден одағы елдерiнде өнiмнiң сәйкестiк сертификаттарын өзара тану жеткiзiлiмдерге қызмет көрсетуге арналған уақыт пен шығындарды қысқартуға мүмкiндiк бередi.
      Отандық өндiрушiлердiң Бiрыңғай тiзiлiмiн қалыптастыру өндiрiстiк қор мен өндiрiлетiн өнiм номенклатураларын есепке ала отырып, рәсiмнiң ашықтығын және мемлекеттiк сатып алуды оңтайландыруды қамтамасыз етедi.
      Сонымен бiрге тiгiн бұйымдарының көлеңкелi өндiрiсiн қысқарту есебiнен бюджетке қаражат түсiмi ұлғаяды.

       4.4.1. Бағдарламаны iске асырудың нәтижесiнде толық немесе кезең-кезеңiмен қол жеткiзiлуi мүмкiн материалдық және материалдық емес өзгерiстер


      Бағдарламаны iске асырудың нәтижесiнде мынадай атаулар бойынша өнiм шығаруды ұлғайту жоспарланып отыр:

6 кесте



Өнiм атауы

өлш. бiрл.

жылдар

2008 ж. (факт)

2009 ж. (факт)

2010 ж. (болжам)

2011 ж. (болжам)

2012 ж. (болжам)

2013 ж. (болжам)

2014 ж. (болжам)

1

2

3

4

5

6

7

8

9

Бөлшек сауда үшiн өлшенiп буып түйiрiлген кардо және тарақпен таралған жүннен жасалған иiрiлген жiп

тонна

79,0

134,0

136,0

138,0

140,0

143,0

145,0

Кардо таралған немесе тарақпен таралған жүннен немесе жануарлардың кылшықты қылынан жасалған маталар

мың кв. м.

75,7

155,5

156,0

158,1

161,2

163,5

165,0

Бөлшек сауда үшiн өлшенiп салынбаған немесе өлшенiп салынған тарақпен таралған талшықтардан мақта-мата иiрiм жiбi

мың тонна

12,6

8,7

8,9

9,1

9,3

9,9

12,7

Мақта-мата маталары

млн. ш.м

42,0

35,3

35,9

36,7

38,5

40,0

42,6

Кiлемдер және кiлем бұйымдары

мың ш.м

2,0

2,0

2,0

2,1

2,1

2,2

2,4

Спорттық аяқ киiмнен басқа, сырты былғары аяқ киiм, тұмсығында металл қорғағышы бар аяқ киiмдер және әртүрлi арнайы аяқ киiмдер

мың жұп

531,7

622,8

625,0

630,0

640,0

655,0

688,2

Машинамен немесе қолмен тоқылған трикотаж сырт киiм

мың дана

17,8

32,5

33,0

33,5

34,1

34,7

35,5

Машинамен немесе қолдан тоқылған свитерлер, жемпiрлер, полуверлер, кардигандар, көкiрекшелер және ұқсас трикотаж бұйымдар

мың дана

222,7

98,4

101,0

103,0

105,0

107,0

110,5

Жалаң жiптiң сызықтық тығыздығы машинамен немесе қолдан тоқылған әйелдердiң шұлықтары мен қысқа шұлықтары, ұйық бұйымдары

млн. жұп

12,6

5,6

5,9

6,2

6,7

7,3

7,9

Киiмнен басқа дайын тоқыма бұйымдары

млн. дана

2,1

2,5

2,5

2,6

2,7

2,8

2,9

Тiгiн бұйымдары

мың дана

327,2

348,1

349,0

351,0

353,0

356,0

360,3


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4


©kzref.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет