Қазақстан Республикасында жеңiл өнеркәсiптi дамыту жөнiндегi 2010-2014 жылдарға арналған бағдарламаны бекiту туралы



жүктеу 0.83 Mb.
бет3/4
Дата07.11.2018
өлшемі0.83 Mb.
1   2   3   4

Жауапты мемлекеттiк және өзге де органдар

      Бағдарламаны iске асыру үшiн мынадай мемлекеттiк органдар мен ұйымдардың жәрдемдесуi қажет: Индустрия және жаңа технологиялар, Қаржы, Экономикалық даму және сауда, Ауыл шаруашылығы министрлiгi, Бiлiм және ғылым, Еңбек және халықты әлеуметтiк қорғау министрлiктерi, облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкiмдiктерi, «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» АҚ, «Қазақстанның Даму банкi» АҚ, «Атамекен» Одағы» Қазақстанның ұлттық экономикалық палатасы, Қазақстанның Сауда-өнеркәсiп палатасы, Қазақстан кәсiпкерлерiнiң форумы, Қазақстанның жеңiл өнеркәсiп кәсiпорындары қауымдастығы.



5. Бағдарламаны iске асыру кезеңдерi

      Алдағы кезеңде саланы дамытудың негiзгi бағыттары тоқыма, тiгiн, былғары және аяқ киiм өнеркәсiбiнде жергiлiктi шикiзатты (мақта, жүн, былғары) өңдеу бойынша өндiрiстi жаңғырту және әртараптандыру үшiн ынталандыру жасауға байланысты. Жеңiл өнеркәсiп өнiмдерiнiң жекелеген түрлерiнiң ресурстары және пайдалану бойынша деректер осы бағдарламаның бiрiншi қосымшасында көрсетiлген.



5.1. Бағдарламаны iске асыру бойынша жұмыстың
негiзгi бағыттары

      Қазақстанның жеңiл өнеркәсiбiн дамыту бойынша жұмыстың негiзгi бағыттарының iшiнде мыналарды бөлiп көрсету қажет:


      қазiргi заманғы технологияларды пайдалана отырып, өндiрiстердi жаңғырту;
      экономикалық саясаттың жүйелi шараларын iске асыру;
      саланы бiлiктi кадрлық ресурстармен қамтамасыз ету;
      Бағдарламаны iске асырудың жобалық шаралары.

5.2. Тетiктер мен құралдар тiзбесi

      1-бағыт. Қазiргi заманғы технологияларды пайдалана отырып, өндiрiстердi жаңғырту


      «Бизнестiң жол картасы 2020» бюджеттiк бағдарламасы шеңберiнде жеңiл өнеркәсiп кәсiпорындарын жаңғырту;
      «Өнiмдiлiк 2020» бюджеттiк бағдарламасы шеңберiнде инновациялық технологияларды енгiзу жолымен өнiмдiлiктi арттыру.

      2-бағыт. Экономикалық саясаттың жүйелi шараларын iске асыру


      Ұлттық компаниялардың сатып алуды жүзеге асыруы кезiнде өндiрiсiн оқшауландыру жеңiл өнеркәсiп өнiмiнiң түпкiлiктi бағысы құнының 30%-ын құрайтын отандық кәсiпорындармен орта мерзiмдi келiсiм-шарттар жасасу тетiгiн әзiрлеу;
      Кеден одағына мүше елдердiң, iшкi сәйкестiк сертификаттарын үйлестiру және тану;
      жеңiл өнеркәсiп өнiмi экспортын iлгерiлету және қолдау;
      техникалық реттеу шараларын жетiлдiру.

      3-бағыт. Саланы бiлiктi кадрлық ресурстармен қамтамасыз ету


      Техникалық және кәсiптiк бiлiм берудi дамыту және кадрларды даярлау бойынша, сондай-ақ жеңiл өнеркәсiп саласындағы бiлiктi кадрларға қажеттiлiктiң мониторингiн өткiзу және ғылыми негiзде болжау үшiн салалық кеңес құру;
      Шымкент қаласында өңдеушi сала үшiн кадрларды даярлау және қайта даярлау бойынша 700 орындық өңiраралық орталық салу;
      жергiлiктi атқарушы органдардың мамандар даярлауға мемлекеттiк бiлiм беру тапсырысын орналастыруы. Инвестициялық жобаларды iске асыру үшiн кадрларға қажеттiлiк бойынша деректер осы Бағдарламаға 3-қосымшада келтiрiлген.

      4-бағыт. Бағдарламаны iске асырудың жобалық шаралары


      Саланың алдына қойылған мiндеттердi жүзеге асыру мақсатында ҮИИДМБ шеңберiнде мынадай инвестициялық жобалар iске асырылады:
      пысықталғандары:
       Шығыс Қазақстан облысында:
      «Семей былғары-үлбiр комбинаты» ЖШС - 404 адамды жұмыс орындарымен қамтамасыз ететiн былғары өндiрiсiн қайта жаңарту және жаңғырту.
      Оңтүстiк Қазақстан облысында:
      «Ютекс-KZ» АҚ - «Оңтүстiк» АЭА-ның аумағында 1041 адамды жұмыс орындарымен қамтамасыз ететiн қазiргi заманғы тоқыма өндiрiсiн ұйымдастыру;
      «Мақтаөнеркәсiбi-Целлюлоза» ЖШС - 237 адамды жұмыс орындарымен қамтамасыз ететiн гигроскопиялық мақта мен целлюлоза шығару;
      «Оху Textile» ЖШС - 260 адамды жұмыс орындарымен қамтамасыз ететiн қазiргi заманғы таралған және кардтық мақта-мата иiрiмжiбiн шығару өндiрiсiн ұйымдастыру.

      «тауаша» жобалар:


      жолдар, көпiрлер, тұрғын үй құрылысында пайдалану үшiн геотекстиль өндiру;
      былғары-үлбiр кәсiпорындары үшiн шикiзат ретiнде пайдаланылатын жартылай фабрикат өндiру;
      аяқ киiм дайындау үшiн қалыптық өндiрiстi ұйымдастыру.

5.3. Бизнес өкiлдерiмен керi байланыс жүйесi

      Белсендi ұстаным мен бизнес өкiлдерiнiң осы Бағдарламаны iске асыруға жоғары дәрежеде қызығушылығы болған кезде ұсынылып отырған индустриялық-инновациялық дамудың шеңберiнде жеңiл өнеркәсiптi қолдау жөнiндегi мемлекеттiк шаралардан елеулi тиiмдiлiк болуы мүмкiн.


      Осыған байланысты Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрлiгi мемлекет қабылдайтын шаралар, олардың тиiмдiлiгi, жеңiл өнеркәсiп өкiлдерiнiң қажеттiлiктерiне бара барлығы бойынша кәсiпкерлердiң пiкiрiн есепке алу үшiн, сондай-ақ Бағдарламаны iске асыру барысында туындайтын проблемалар бойынша уақтылы түзету iс-қимылдарын қабылдау үшiн бизнес өкiлдерiмен керi байланысты қамтамасыз ету бойынша шаралар қабылдайды.
      Бизнес өкiлдерiмен керi байланысты қамтамасыз ету үшiн мынадай шаралар қабылданатын болады:
      Министрлiктiң сайтына түскен барлық мүдделi тараптардың өтiнiштерi бойынша ақпараттық қолдау;
      тұрақты негiзде салалық жұмыс топтарының саланы дамытудың проблемалары мен перспективаларын зерделеуге және олар бойынша шешiмдер әзiрлеуге байланысты конференциялары, кездесулерi мен отырыстары өткiзiледi;
      Министрлiк қызметкерлерi Бағдарламаның әлеуеттi және әрекеттегi қатысушыларымен тiкелей, телефон және электрондық пошта арқылы байланыстарға қолдау көрсетедi;
      бизнес және билiк өкiлдерiнiң қатысуымен тұрақты негiзде саланың дамытудың проблемалары мен перспективаларына арналған телевизиялық бағдарламалар жүргiзiледi;
      бизнес өкiлдерi Министрлiктiң әдеттегi поштасына проблемаларды, ұсыныстарды және саланы дамыту перспективаларын пайымдауларды, сондай-ақ, жаңа өндiрiстердi ұйымдастырудың, жаңа технологияларды енгiзудiң ұсынылып отырған жобалары бойынша ақпаратты қамтитын хаттарын жiбере алады.

6. Қажеттi ресурстар және қаржыландыру көздерi

      Бағдарламаны iске асыруға Даму институттарының қаражаты, сондай-ақ жеке iшкi және шетелдiк инвестициялар бағытталады.


      Бұдан басқа, республикалық және жергiлiктi бюджеттердiң көзделген қаражаты шеңберiнде кәсiпкерлiктi дамыту, бiлiктi кадрлық ресурстармен қамтамасыз ету, жеңiл өнеркәсiп өнiмдерiн өткiзуге жәрдемдесу бөлiгiнде саланы қаржыландыруды жүзеге асыру, сондай-ақ Бағдарламаны iске асыру жөнiндегi iс-шаралар жоспарына сәйкес техникалық реттеу мәселелерi болжанып отыр.

7. Қазақстан Республикасында Жеңiл өнеркәсiптi дамыту жөнiндегi
2010 - 2014 жылдарға арналған бағдарламаны iске асыру
жөнiндегi iс-шаралар жоспары

Р/с


Iс-шара

Аяқталу нысаны

Орындауға жауаптылар

Орындалу мерзiмi

Болжанатын шығыстар (млн. теңге)

Қаржыландыру көздерi

2010 ж.

2011 ж.

2012 ж.

2013 ж.

2014 ж.

Барлығы

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

11

12

1. Ақпараттық-коммуникациялық технологияларды пайдалана отырып өндiрiстердi жаңғырту

1

«Бизнестiң жол картасы 2020» бюджеттiк бағдарламасының шеңберiнде жеңiл өнеркәсiп кәсiпорындарын жаңғырту

ИЖТМ-ге ақпарат

ЭДСМ, ИЖТМ, Қаржыминi, облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкiмдiктерi, «Самұрық- Қазына» ҰӘҚ» АҚ (келiсiм бойынша), ҚДБ (келiсiм бойынша), «Атамекен» Одағы» ЗТБ ҚҰЭП (келiсiм бойынша)

2010-2014 ж.ж.

 

 

 

 

 



 

013 «Бизнестiң жол картасы-2020» шеңберiнде жеке кәсiпкерлiктi қолдауға арналған облыстарға, Астана және Алматы қалаларының бюджеттерiне берiлетiн нысаналы ағымдағы трансферттер» бюджеттiк бағдарламасы бойынша тиiстi жылдарға арналған республикалық бюджетте бекiтiлген сома шеңберiнде

2

«Өнiмдiлiк 2020» бағыты шеңберiнде Инновациялық технологияларды енгiзу арқылы өнiмдiлiктi арттыру

ИЖТМ-ге ақпарат

ЭДСМ, Қаржыминi, облыстардың, Астана және Алматы қалалар ның әкiмдiктерi, «Самұрық- Қазына» ҰӘҚ» АҚ (келiсiм бойынша), ҚДБ (келiсiм бойынша), «Атамекен» Одағы» ЗТБ ҚҰЭП (келiсiм бойынша), ЖӨКҚ (келiсiм бойынша)

2010-2014 ж.ж.



















009 «Өнiмдiлiк - 2020» бағыты шеңберiнде индустриялық -инновациялық инфрақұрылымды дамытуға заңды тұлғалардың жарғылық капиталдарын ұлғайту; 026 «Өнiмдiлiк - 2020» бағыты шеңберiнде инновациялық гранттар беру; 085 «Өнiмдiлiк - 2020» бағыты шеңберiнде қазiргi заманғы басқарушылық технологияларды енгiзу» бюджеттiк бағдарламары бойынша тиiстi жылдарға арналған республикалық бюджетте бекiтiлген сома шеңберiнде

2. Экономикалық саясаттың жүйелiк шараларын iске асыру

3

Жеңiл өнеркәсiп кәсiпорындарына консультациялық қызметтер көрсету

ИЖТМ-нiң сайтында ақпараттарды орналастыру

ИЖТМ

2010-2014 ж.ж.

-

-

-

-

-

-

болжанбайды

4

Жеңiл өнеркәсiпке Қазақстан Республикасының аумағында шығарылмайтын, оның жинақтаушылары мен қосалқы бөлшектерiнiң жоғары технологиялық жабдықтарының бажсыз импорты бойынша ұсыныстар дайындау

ИЖТМ-ге ақпарат

ЭДСМ (жинақтау), Қаржыминi, ИЖТМ, ЖӨКҚ (келiсiм бойынша)

2014 ж. IV тоқсан

-

-

-

-

-

-

болжанбайды

5

Қазақстанда өндiрiлмейтiн жеңiл өнеркәсiп өнiмiн өндiруге арналған (фурнитуралар, химиялық  өнiмдер) ресурстардың бажсыз импорты бойынша ұсыныстар дайындау

ИЖТМ-ге ақпарат

ЭДСМ (жинақтау), Қаржыминi, ИЖТМ, ЖӨКҚ (келiсiм бойынша)

2014 ж. IV тоқсан

-

-

-

-

-

-

болжанбайды

6

Жеңiл өнеркәсiп өнiмiн шетелде тiркеу

ИЖТМ-ге ақпарат

KAZNEX (жинақтау) (келiсiм бойынша), ИЖТМ, Қаржыминi, ЭДСМ, АШМ, ЖӨКҚ (келiсiм бойынша), «Атамекен» Одағы» ЗТБ ҚҰЭП (келiсiм бойынша)

2010-2014 ж.ж.



















022 «Экспорттаушы - 2020» бағыты шеңберiнде қазақстандық тауарлардың экспортын сыртқы нарыққа жылжытуға жәрдемдесу бюджеттiк бағдарламасы бойынша тиiстi жылдарға арналған республикалық бюджетте бекiтiлген сома шеңберiнде

7

Жеңiл өнеркәсiп өнiмiн шетелде серификаттау

ИЖТМ-ге ақпарат

KAZNEX (жинақтау) (келiсiм бойынша), ИЖТМ, Қаржыминi, ЭДСМ, АШМ, ЖӨКҚ (келiсiм бойынша)

2010-2014 ж.ж.



















022 «Экспорттаушы - 2020» бағыты шеңберiнде қазақстандық тауарлардың экспортын сыртқы нарыққа жылжытуға жәрдемдесу бюджеттiк бағдарламасы бойынша тиiстi жылдарға арналған республикалық бюджетте бекiтiлген сома шеңберiнде

8

Отандық жеңiл өнеркәсiп кәсiпорындарын мамандандырылған көрмелерге қатысуы (алаңды жалға алу, тiркеу жарнасы)

ИЖТМ-ге ақпарат

KAZNEX (жинақтау), ИЖТМ, Қаржыминi, ЭДСМ, АШМ, ЖӨКҚ (келiсiм бойынша)

2010-2014 ж.ж.



















022 «Экспорттаушы - 2020» бағыты шеңберiнде қазақстандық тауарлардың экспортын сыртқы нарыққа жылжытуға жәрдемдесу бюджеттiк бағдарламасы бойынша тиiстi жылдарға арналған республикалық бюджетте бекiтiлген сома шеңберiнде

9

Жеңiл өнеркәсiп тауарларын шетелде iлгерiлету (брендинг, тауардың жарнамасы)

ИЖТМ-ге ақпарат

KAZNEX (жинақтау) (келiсiм бойынша), ИЖТМ, Қаржыминi, ЭДСМ, АШМ, ЖӨКҚ (келiсiм бойынша)

2010-2014 ж.ж.



















022 «Экспорттаушы - 2020» бағыты шеңберiнде қазақстандық тауарлардың экспортын сыртқы нарыққа жылжытуға жәрдемдесу бюджеттiк бағдарламасы бойынша тиiстi жылдарға арналған республикалық бюджетте бекiтiлген сома шеңберiнде

10

Нысанды және арнайы киiмдердiң қауiпсiздiгiне қойылатын талаптар бойынша екi техникалық регламенттiң тұжырымдарын әзiрлеу

Техникалық регламенттер тұжырымдамаларының жобалары, техникалық реттеу және метрология мәселелерi жөнiндегi комиссияның қарауына енгiзу

ИЖТМ, ЖӨКҚ (келiсiм бойынша)

2011-2014 жж.

-

-

-

-

-

-

Талап етiлмейдi

11

Жеңiл өнеркәсiп тауарларын өндiру жөнiнде 50 мемлекеттiк стандартты әзiрлеу және енгiзу

ИЖТМ Техникалық реттеу және метрология комитетiнiң бұйрығы

ИЖТМ, ЖӨКҚ (келiсiм бойынша)

2014 ж. IV тоқсан

-

-

-

-

-

-

013 «Техникалық реттеу және метрология саласындағы қызметтер» бюджеттiк бағдарламасы бойынша тиiстi жылдарға арналған республикалық бюджетте бекiтiлген сома шеңберiнде

12

Мүдделi тараптардың Кеден одағы елдерiнiң iшкi сертификаттарды тануы туралы келiссөздерiн жүргiзу

ИЖТМ-ге ақпарат

ЭДСМ, ИЖТМ, ЖӨКҚ (келiсiм бойынша)

2014 ж. IV тоқсан

-

-

-

-

-

-

болжанбайды

13

Жеңiл өнеркәсiп кәсiпорындары, ұлттық компаниялар және жүйе құрушы кәсiпорындар арасында орта мерзiмдi сатып алу тетiгiн әзiрлеу жөнiнде ұсыныстар дайындау

ИЖТМ-ге ақпарат

ЭДСМ, «Самрұқ- Қазына ҰӘҚ» АҚ (келiсiм бойынша), ЖӨКҚ (келiсiм бойынша)

2014 ж. IV тоқсан



















болжанбайды

3. Саланы бiлiктi кадрлық ресурстармен қамтамасыз ету

14

Облыстық жергiлiктi атқарушы органдардың техникалық және кәсiптiк, орта бiлiмнен кейiнгi бiлiмi бар мамандарды даярлауға мемлекеттiк бiлiм тапсырысын орналастыруы

ИЖТМ-ге ақпарат

ШҚО, ОҚО, Жамбыл, Алматы облыстарының әкiмдiктерi

2010-2014 ж.ж.

425,8

499,4

540,3

586,0

624,8

2676,4

024 «Техникалық реттеу және метрология саласындағы қызметтер» бюджеттiк бағдарламасы бойынша тиiстi жылдарға арналған республикалық бюджетте бекiтiлген сома шеңберiнде

15

Шымкент қаласында 700 орындық өңдеушi салаға арналған кадрларды даярлау және қайта даярлау жөнiндегi өңiраралық орталықты салу

ИЖТМ-ге ақпарат

БҒМ, ҚТКIША, ОҚО әкiмдiгi

2011-2012 ж.ж.

-

375

-

-

-

-

005 «Бiлiм және ғылым объектiлерiнiң құрылысы мен реконструкциясы» бюджеттiк бағдарламасы бойынша тиiстi жылдарға арналған республикалық бюджетте бекiтiлген сома шеңберiнде

16

Жеңiл өнеркәсiптiң басым мамандықтары бойынша кәсiптiк стандарттарды әзiрлеудi ұйымдастыру

БҒМ-ға аппарат

ИЖТМ, Еңбекминi, БҒМ (келiсiм бойынша)

2011-2014 ж.ж.

-

-

-

-

-

8,4

Әлемдiк Банк бөлетiн қаржыландыру шеңберiнде

17

Жеңiл өнеркәсiп мамандығы бойынша техникалық және кәсiптiк бiлiм түлектерiнiң бiлiктiлiгiн сертификаттаудың тәуелсiз жүйесiн енгiзуге жәрдемдесу

БҒМ-ге ақпарат

ИЖТМ, БҒМ, Облыстардың Астана және Алматы қалаларының әкiмдiктерi, ЖӨКҚ (келiсiм бойынша)

2011-2014 ж.ж.

-

-

-

-

-

-

Болжанбайды

18

Жеңiл өнеркәсiп саласындағы техникалық және кәсiптiк бiлiм берудi дамыту және кадрларды даярлау жөнiндегi салалық кеңестi құру.

БҒМ-ге ақпарат

ИЖТМ, БҒМ, Облыстардың Астана және Алматы қалаларының әкiмдiктерi, ЖӨКҚ (келiсiм бойынша)

2014 ж. IV тоқсан

-

-

-

-

-

-

болжанбайды

19

Жеңiл өнеркәсiп саласындағы кәсiптiк және техникалық бiлiм беру мамандықтары бойынша мемлекеттiк жалпыға мiндеттi стандарттарды жетiлдiру

ИЖТМ-ге ақпарат

БҒМ, ЖӨКҚ (келiсiм бойынша)

2011 -2012 ж.ж.

-

-

-

-

-

-

025 «Бiлiм беру жүйелерiн методологиялық қамтамасыз ету және бiлiм беру қызметтерiнiң сапасын талдау» бюджеттiк бағдарламасы бойынша тиiстi жылдарға арналған республикалық бюджетте бекiтiлген сома шеңберiнде

4. Салалық бағдарламаны iске асырудың жобалық шаралары

20

«Терi өндiрiсiн реконструкциялау және жаңғырту» инвестициялық жобасын iске асыру

ИЖТМ-ге ақпарат

«Семей былғары бағалы терi комбинаты» ЖШС

2010 ж.
















3757

Несие қаражаттары- қарыз алушы «ҚДБ» АҚ

21

«Қазiргi заманғы тоқыма өндiрiсiн ұйымдастыру» инвестициялық жобасын iске асыру

ИЖТМ-ге ақпарат

«Ютекс-KZ» АҚ (келiсiм бойынша)

2010 ж.
















11 172,4

Несие қаражаттары- қарыз алушы «ҚДБ» АҚ

22

«Гигроскопиялық мақта және целлюлоза шығару» инвестициялық жобасын iске асыру

ИЖТМ-ге ақпарат

«Мақта өнеркәсiбi Целлюлоза» ЖШС (келiсiм бойынша)

2010 ж.
















2 190.0

Несие қаражаттары- қарыз алушы «ҚДБ-Лизинг» АҚ

23

Тарақтық және кардтық мақта-мата жiптерiн шығаратын қазiргi заманғы өндiрiстi ұйымдастыру» инвестициялық жобасын iске асыру

ИЖТМ-ге ақпарат

«Оху Textile» ЖШС (келiсiм бойынша)

2010 ж.
















3 731,1

Несие қаражаттары-қарыз алушы «ҚДБ- Лизинг» АҚ

      Ескертпе: аббревиатуралардың толық жазылуы:

ИЖТМ                      - Қазақстан Республикасы Индустрия және


                            жаңа технологиялар министрлiгi
ЭДСМ                      - Қазақстан Республикасы Экономикалық даму
                            және сауда министрлiгi
Қаржыминi                 - Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгi
АШМ                       - Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы
                            министрлiгi
Еңбекминi                 - Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты
                            әлеуметтiк қорғау министрлiгi
БҒМ                       - Қазақстан Республикасы Бiлiм және ғылым
                            министрлiгi
ҚТКШIА                    - Қазақстан Республикасы Құрылыс және
                            тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық iстерi
                            агенттiгi
«Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ  - «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры»
                            акционерлiк қоғамы
«ҚДБ» АҚ                  - «Қазақстанның Даму банкi» акционерлiк
                            қоғамы
«ҚДБ-лизинг» АҚ           - «ҚДБ-лизинг» акционерлiк қоғамы
KAZNEX                    - «KAZNEX INVEST» экспорт және
                            инвестициялар бойынша ұлттық агенттiк»
                            акционерлiк қоғамы
Атамекен                  - «Атамекен» Одағы» Қазақстанның ұлттық
                            экономикалық палатасы» заңды тұлғалар
                            бiрлестiгi
ҚРКФ                      - Қазақстан Республикасы кәсiпкерлерiнiң
                            форумы
ЖӨКҚ                      - Қазақстан Республикасы Жеңiл өнеркәсiп
                            кәсiпорындарының қауымдастығы

Қазақстан Республикасында жеңiл өнеркәсiптi


дамыту жөнiндегi 2010-2014 жылдарға    
арналған бағдарламаға           
1-қосымша                


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4


©kzref.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет