Қазақстан республикасында жер ресурстарын тиімді пайдалану



жүктеу 69.54 Kb.
Дата30.04.2019
өлшемі69.54 Kb.

ӘОЖ 633.208
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДА

ЖЕР РЕСУРСТАРЫН ТИІМДІ ПАЙДАЛАНУ
А.-ш.ғыл.канд. С.С.Абдукаюмов

Техн.ғыл.канд. Д.К.Сунакбаева



Осы мақалада топырақ жүйесіндегі заңдылықтар туралы кейбір географиялық мәселелер қарастырылады.

Жер-адамзатты асырап сақтайтын ең негізгі табиғи ресурстардың бірі. Осыған орай әр өндіріс салалары табиғат байлығының сақталуына, табиғатты қорғау мен жақсартуға тұрақты түрдк көңіл бөліп, оларға қатысты нақтылы ережелерді білулері және міндетті түрде орындаулары қажет. Қазақстан жері солтүстіктен оңтүстікке қарай 1600 км, шығысынан батысына қарай 3000 км-ге созылып жатыр.

Қазақстан Республикасы қоршаған ортаны қорғау министрлігінің соңғы мәліметтеріне қарағанда, өндіріс салаларының бүлдірген жер көлемі 200 мың гектардай келеді, бұл көлемге әскери-өндірістік кешендердің зақымдаған 20 млн. га үсітіндегі жерлер, санитарлық сақтау зоналары алып жатқан жер көлемдері, құнарлығы өте төмендеп бүлінген 60 млн.га асатын жайылымдардың барлығы туралы мәліметтері белгілі.

Қазақстанның топырақ жамылғысы тым күрделі және сан алуан. Республика территориясында таралған топырақ түрлері топырақ түзуші факторлармен тығыз байланысты. Республиканың жазық бөлігінде ендік немесе горизонтальды зоналық айқын байқалады, яғни белгілі топырақ түрін құрайтын қабат ендік бағытында созыла орналасып, зона түрінде солтүстіктен оңтүстікке қарай басқа түр қабатымен алмасады. Бұл құбылыс жетекші топырақ түзуші факторларға (өсімдік жамылғысына және климатқа) тығыз байланыса жүреді.

Қазақстан территориясын 4 табиғат зонасы (орманды дала, дала, шөлейт және шөл) кесіп өтеді. Жазық бөлігінде қара топырақ, қызыл қоңыр және қоңыр топырақ зоналары таралған. Топырақтың ендік (горизонтальды) бағытта орналасуынан топырақ зоналарының ішінде зона аралық өңірлер айқын байқалады. Республиканың қиыр солтүстігіндегі Солтүстік Қазақстан және Көкшетау облыстары жеріндегі орманды дала зонасының шағын бөлігін орманның сұр топырағы құрайды.

Қара топырақ зонасы республиканың солтүстік және солтүстік-шығыс бөлігін, яғни 52 граддус солтүстік ендіктен солтүстікке қарай, негізінен Қостанай, Торғай, Ақмола, Солтүстік Қазақстан, Ақтөбе, Павлодар және Көкшетау облыстарының көпшілік бөлігін алып жатыр. Бұл зона республика территориясының 9,5 пайызын қамтиды. Қара топырақты зона сілтісізденген қара топырақ, кәдімгі қара топырақ және оңтүстіктің қара топырақ зона аралықтарына ажыратылады. Сілтісізденген қара топырақ республиканың қиыр солтүстігіндегі орманды дала зонасының шағын ғана ауданын (0,4 млн.га) алып жатыр. Бұлардың аралығында орманның сұр топырақ жамылғысы кездеседі.

Қоңыржай қуан дала зона аралығынан оңтүстікке қарай Қазақстан топыра-ғының 4,6 пайызы мөлшерін қамтитын кәдімгі қара топырақ таралған. Оңтүстіктің қара топырағы қуан дала зона аралығы ішінде дамыған, ауданы кәдімгі қара топырақтікімен шамалас (4,9 пайызы) бұл зона батыстан шығысқа қарай ені кейде 700 км-ге жететін тұтас жалпақ белдеу жасап созыла орналасқан. Мұндай топырақ түрлері Каспий маңы ойпатының солтүстік бөлігінде, Жем үстіртінің біраз бөлігінде, Торғай үстіртінің оңтүстік бөлінде Сарыарқада т.б. жерлерде кең таралған.

Қызыл қоңыр топырақ Ақмола, Қарағанды, Ақтөбе, Семей, Батыс Қазақстан, Қостанай, Торғай, Атырау облыстарында басым. Топырақтың бұл түрінің жалпы үлесі 34,3 пайыз. Қызыл қоңыр топырақ зонасы да бірқатар зона аралық ерек-шеліктерге бөлінеді. Солтүстіктен оңтүстікке қарай күңгірт қызыл қоңыр топырақ нағыз қызыл қоңыр топырақпен (орташа қызыл қоңыр), одан әрі бозғылт қызыл қоңыр топырақпен алмасады. Бұлар Қазақстан топырағының 10,5 пайызға дейінгі бөлігін қамтиды.

Қызыл және сұр қоңыр топырақ республика территориясының көпшілік бөлігін қамтып (43,6 пайыз), Үстірт, Каспий маңы ойпаты, Торғай төрткөлді өлкесі, Бетпақдала және басқа ірі ойыстарды ірі массив түрінде алып жатады. Қоңыр және сұр қоңыр топырақ зонасы республика шегінде тұтас белдеу жасап, солтүстігінде бозғылт қызыл қоңыр, ал оңтүсітіінде тау алдының сұр топырақ белдеулері аралығында орналасқан. КСРО-ның кей ғалымдары қоңыр топырақты шөлейт зонаға, ал сұр қоңыр топырақты шөл зонасына жатқызады.

Қазақстан топырақтары қоңыр топырақты шөл зонасының негізгі зоналық типіне жатқызады. Қоңыр топырақ зонасы 2 зона аралығына-шөл зонасының солтүстігін қамтитын қоңыр топырақты (республика территориясының 21,6 пайызы) және оңтүсітік шөлдік сұр қоңыр топырақты (республика территориясының 22,0 пайызын алып жатыр) өңірлерге бөлінеді. Шөлді аудандарға тегістелген ойпандарда жиналған саз тоспаларынан түзелген тақыр не тақыр пішіндес жерлер топырағы тән келеді. Бұл топырақ түрлерінің беті паркет тәрізді пішіндерге бөілініп, жарылған саз қабыршықтарынан тұрады. Топырақтың мұндай түрлері Атырау облысының территориясының 16 пайызын, Батыс Қазақстан облысының 10 пайызын, Шығыс Қазақстан, Қарағанды, Қызылорда, Оңтүстік Қазақстан, Жамбыл, Алматы облыс-тарының біраз бөлігін алып жатыр.

Топырақтың зоналық таралу заңдылығымен қатар, Қазақстан топырақ жамыл-ғысында өзіндік ерекшеліктер байқалады. Бұл жағдай батыстан шығысқа қарай климаттың континенттігінің өзгеруінен, мезо және микрорельеф пішіндері арасын-дағы айырмашылықтан, аналық топырақ қалыптастырушы жыныстар сипатынан т.б факторлардан көрінеді. Топырақ қалыптастырушы факторлардың алуан түрлілігі Қазақстан топырақ жамылғысының ала-құлалығын арттырады.

Қазақстанның қуан климаттық жағдайларында автоморфтық (зоналық) топы-рақтармен қатар топырақ қалыптасу процесіне грунт сулары қатынасытын гидро-морфтық топырақтар да қалыптасады. Тапшы су артуынан Қазақстанның көпшілік бөлігінде сор тартқан топырақ дамыған. Тұздың сапалық құрамының әр түрлілігі, олардың миграциясы мен жинақталу қарқындылығының артуы сорға айналған топырақтардың әртүрлілігін тудырады. Қазақстанда топырақтың бұндай түрлерінен сортаң топырақ пен сор топырақ неғұрлым көбірек таралған.

Сортаң мен сор топырақ Қазақстанның жазық зоналарының барлық бөліктерін-де кеңінен кездеседі. Бұнымен қатар сортаң топырақ дала және шөлейт зоналарына, ал сор топырақ шөл зонасына ұласып кетеді. Сортаң топырақтың едәуір бөлігі қызыл қоңыр, қоңыр топырақ зоналарында аралас және өз алдына жеке массивтер құрап орналасады. Қазақстан территориясында сортаң топырақ пен олардың комплекстері 30 пайыздан астам жерді қамтиды.

Шөлейт және шөл зоналарында сор топырақ ірі массивтер түрінде Каспий теңізі жағалауында, Арал теңізі және Балқаш маңында, сонымен қатар кеуіп қалған көлдер түбінде кездеседі. Сор топырақ ауданының жалпы өсу тенденциясы байқалу-да. Жамбыл облысы жерінің 16,7 пайызы сор топырақ жамылғысынан құралған. Сор топырақ сонымен қатар Атырау, Маңғыстау т.б. облыстарда да көбірек таралған. Сор топырақ және олардың комплекстері республикада жалпы ауданы 10 млн.га-ға жуық жерді алып жатыр. Республиканың солтүстік бөлігіндегі Ақмола, Павлодар, Көқшетау облыстарындағы көктеректі-қайынды шоқ қарағайлы жерлерде жекелеген қабаттар түрінде ылғалды сортаң топырақ кездеседі.

Біздің еліміздің ең басты байлығы-жер. Жер-адамзатты асырап сақтайтын ең негізгі табиғи ресурстың бірі. Осыған орай әр өнідіріс салалары табиғат байлығының сақталуына, табиғатты қорғау мен жақсартуға тұрақты түрде көңіл бөлуі қажет. Жерге орналастырудың тарихи тәжірибесі мен даму заңдылықтарын зерттеу мето-дологиясының ерекшілігі жердің өндіріс құралы ретіндегі ролімен байланысты Жер, шүбәсіз, ауыл-шаруашылық өндірісінің негізгі құралы. Бірақ, көшпелі шаруашылық жүйесінде оның өндіріс құралы болуының маңызды бір өзгешілігі бар. Бұнда жер малмен қосылғанда ғана ауылшаруашылық өндірісінің басты құралы бола алады. Көшпелі шаруашылық жүйесі жағдайларында жерді өндіріс құралы және меншік объектісі ретінде қарастырғанда, бірінші кезекте, жайылымдар алынады, өйткені бұнда ғасырлар бойы жер үшін жүргізілген күрес, жайылымдарды иелену үшін талас деуге болады. Жалпы мағынада жайылымдар көшпелі қауымның тіршілік ету кеңістігін құрады. Суармалы егіншілік аймақтарында да жер аса маңызды өндіріс құралдары қатарына жатады.

Әр түрлі тарихи кезеңдерде республика территориясында қалыптасқан шаруа-шылық жүйелерінің осы табиғи-тарихи және әлеуметтік - экономикалық ерекшелік-терін міндетті түрде ескеріп отырғанда ғана, жер қатынастары мен жерге орналас-тырудың даму заңдылықтарын, мақсат - міндеттері мен мазмұнын толығырақ және дұрыс түсініп зерттеуге қол жете алады. Осындай методологиялық тәсіл бұрыңғы болған жер қатынастары мен жерді реттестіру формаларын сенімді түрде ұдайы бейнелеуге, жерге орналастырудың даму заңдылықтарын ғылыми тұрғыдан дәлірек анықтауға мүмкіндік береді.

Нарықтық экономикаға көшу жерге әр түрлі меншік нысандарын енгізу, жер пайдаланудың ақылы болуын, жердің, оның өндіріс құралы, кеңістіктік базис және шектелген маңызды табиғи ресурс сияқты басты функцияларын сақтай отырып, жылжымайтын мүлік және құқықытық реттеу нысаны ретінде оны заң тұрғысынан танудың объективті қажеттілігін туғызды.

Қазақстан Республикасында жерді жеке меншікке беру және жерді ұтымды пайдалану үшін аукциондар мен конкурстар арқылы жер учаскелерін сату жұмыс-тары атқарылуда. Кепілдік жарна аукцион өткізу туралы хабарламада белгіленген нысанда әрі тәртіппен және заңнамаға сәйкес енгізіледі. Кепілдік жарнаны қатысушының атынан кез келген басқа жеке немесе заңды тұлға енгізуі мүмкін. Аукционды жеңіп шыққан және сатып алу-сату шартын жасасқан тұлғаның кепілдік жарнасы сатып алу-сату шарты бойынша тиесілі төлемдердің есебіне жатады.

Жалпы елдің жер ресурстары әлеуетін тиімді пайдалану мен қорғаудың негізгі стратегиялық бағыттарын белгілеу бугінгі күннің ең өзекті мәселесі болып отыр. Қазақстанда жер қорын тиімді пайдалана отырып, топырақтың құнарлығын сақтау, жер ресурстарын қорғау, нарықтық экономика жағдайында қоршаған ортаны басқа да шаралармен бірге қорғау, жер ресурстарын экономикалық, техникалық ұйымдастыру -шаруашылық және құқықытық шаралармен біріктіре отырып аумақтық бағдарлама жұмыстарын жүзеге асыру қажет.
Әдебиет


  1. Казахстан. Природные условия и естественые ресурсы СССР. М.: Наука. 1969. - 401 с.

  2. Ахмедова К. Қазақстанның экономикалық және әлеуметтік географиясы. Алматы, Рауан, 1994.-192 бет.

  3. Есназарова Ұ. Қазақстанның физикалық географиясы. Алматы, Рауан, 2001.

  4. Чигаркин А.В. Люди и пустыня: преоброзования и охрана природы пустынь

  5. Жамалбеков Е. Ү. Жер кадастры. А., 2001 ж. 56-60 б.

Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті



РАЦИОНАЛЬНОЕ ИСПОЛЬЗОВАНИЕ ЗЕМЕЛЬНЫХ РЕСУРСОВ

В РЕСПУБЛИКЕ КАЗАХСТАН
Канд.с.-х.наук С.С.Абдукаюмов

Канд.техн.наук Д.К.Сунакбаева


В статье рассматриваются некоторые географические вопросы о закономер-ностях в почвенной системе.

RATIONAL USE OF LAND RESOURCES IN THE REPUBLIC OF KAZAKHSTAN
Cand.agr.sci. S.S.Abdukayumov

Cand.tech.sci. D.K.Sunakbaeva


Тhis article deals with some geographical questions of regularities in soil system.
Каталог: rus -> all.doc -> Vest12 -> 1-2012
1-2012 -> Филология ғылымдары
1-2012 -> Қр-ның заңдылықтары бойынша медиацияның ТҮсінігі
1-2012 -> Биология биология
1-2012 -> Тәуелсіз қазақстанның даму үдерісі мен саяси жүЙЕ­сіндегі бақ-тың РӨЛІ
1-2012 -> Топырақтан химиялық уытты элементтерді тазартудың ТӘсілдері
1-2012 -> Праймерлерді қолданып өсімдіктердің популяциялық полиморфизмін анықтау
1-2012 -> Гидравликалық шапшыманың ұзындығын анықтауҒА арналған формулаларды талдау
1-2012 -> Жетілген гидравликалық шапшыманың жаңа теңдеуі
1-2012 -> Биоклиматические оценки благоприятности климата эксплуатационной службы водохозяйственной системы южно-казахстанской области


Достарыңызбен бөлісу:


©kzref.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет