Түркістан облысында 5 жасар Еркежан Нұрмаханды қатігездікпен өлтірген педофилдің ісіне қатысты пробация қызметкері сот алдында жауап беруде. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Пробация қызметкері жұмысына салғырт қарады деген күдікке ілінді. Оған ауыр қылмыстың алдында шартты түрде жазаға кесілген Гайбназар Сайдалиевке тиісті түрде бақылау жүргізбеген деген айып тағылып жатыр.

  • "Балалардың ойыны" деп істі жаба салды": Астана тұрғыны лагерьге жіберген 11 жасар ұлына зорлық-зомбылық әрекеттері жасалғанын мәлімдеді
  • Депутат Зайытов жынысын ауыстырғандар мен қызын зорлаған әкелерді телеарналардан көрсетпеуін талап етті

Еске салсақ, 2023 жылы 13 шілдеде Түркістан облысы Сарыағаш ауданында бес жасар Еркежан Нұрмахан жоғалып, сау тамтығы қалмаған күйде денесі көрші үйдің шатырынан табылған еді. Ал бүлдіршіннің өліміне бұған дейін де адам өлтірді деп айыпталып, 10 жыл түрмеде отырып шыққан көршісі күдікке ілінді. 7 қыркүйек күні Түркістан облысында 5 жасар қызды аяусыз өлтірген педофилге өмір бойына бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды. Марқұм қыздың әкесі сот үкіміне қатысты пікір білдірген.

Сарыағаш аудандық сотының төрағасы Нұрқазы Шетенов педофилге жеңіл жаза беруіне қатысты даудан кейін судья қызметінен босатылды.


Автор: Айгерим Жумабаева

Айгерим — опытный редактор с богатым опытом в изучении и письме о культуре и истории. Ее страсть к языкам и письму помогает создавать увлекательные тексты.