Қазақстан Республикасында сауданы дамыту жөніндегі 2010 2014 жылдарға арналған бағдарламаны бекіту туралы



жүктеу 1.04 Mb.
бет1/5
Дата30.07.2018
өлшемі1.04 Mb.
  1   2   3   4   5

Қазақстан Республикасында сауданы дамыту жөніндегі 2010 - 2014 жылдарға арналған бағдарламаны бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 30 қазандағы N 1143 Қаулысы. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 27 мамырдағы № 550 қаулысымен

     

Ескерту. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 27.05.2014 № 550 қаулысымен.



     

«Қазақстан Республикасы Үкіметінің Қазақстан Республикасын үдемелі индустриялық-инновациялық дамыту жөніндегі 2010-2014 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 14 сәуірдегі № 302 қаулысын іске асыру мақсатында Қазақстан Республикасының ҮкіметіҚАУЛЫ ЕТЕДІ:


      1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасында сауданы дамыту жөніндегі 2010 - 2014 жылдарға арналған бағдарлама (бұдан әрі - Бағдарлама) бекітілсін.
      2. Қазақстан Республикасы Экономикалық даму және сауда министрлігі мүдделі орталық атқарушы органдармен, облыстардың, Астана  және Алматы қалаларының әкімдерімен бірлесіп, Бағдарламада көзделген іс-шаралардың тиісінше және уақтылы орындалуын қамтамасыз етсін.
      3. Жауапты орталық және жергілікті атқарушы органдар «Салалық бағдарламаларды әзірлеу және мониторингілеу ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 18 наурыздағы № 218 қаулысымен бекітілген Салалық бағдарламаларды әзірлеу және мониторингілеу ережесіне сәйкес Бағдарламаның іске асырылу барысы туралы ақпарат берсін.
      4. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің бірінші орынбасары Ө. Е. Шөкеевке жүктелсін.
      5. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының


      Премьер-Министрі                           К. Мәсімов

Қазақстан Республикасы


Үкіметінің      
2010 жылғы 30 қазандағы
№ 1143 қаулысымен 
бекітілді    

Қазақстан Республикасында сауданы дамыту жөніндегі 2010 - 2014 жылдарға арналған бағдарлама Мазмұны

      1. Бағдарламаның паспорты
      2. Кіріспе
      3. Ағымдағы жағдайды талдау
      4. Бағдарламаның мақсаты, міндеттері, нысаналы индикаторлары және іске асыру нәтижелерінің көрсеткіштері
      5. Бағдарламаны іске асыру кезеңдері
      6. Қажетті ресурстар
      7. Бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары

1. Бағдарламаның паспорты



Бағдарламаның         Қазақстан Республикасында сауданы дамыту
атауы                  жөніндегі 2010 - 2014 жылдарға арналған
                       бағдарлама

Әзірлеу үшін         «Қазақстан Республикасын үдемелі
негіздеме            индустриялық-инновациялық дамыту жөніндегі 2010
                       - 2014 жылдарға арналған мемлекеттік
                       бағдарлама және Қазақстан Республикасы
                       Президентінің кейбір жарлықтарының күші
                       жойылды деп тану туралы» Қазақстан
                       Республикасы Президентінің 2010 жылғы 19
                       наурыздағы № 958 Жарлығы

Бағдарламаны         Қазақстан Республикасы Экономикалық даму және әзірлеуші           сауда министрлігі

Бағдарламаны іске    Қазақстан Республикасы Экономикалық даму және асыруға жауапты     сауда министрлігі, Қазақстан Республикасы
мемлекеттік орган    Қаржы министрлігі, Қазақстан Республикасы Көлік
                       және коммуникация министрлігі, Қазақстан
                       Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар
                       министрлігі, Қазақстан Республикасы Сыртқы
                       істер министрлігі, Қазақстан Республикасы
                       Бәсекелестікті қорғау агенттігі

Мақсаты               Қазақстан Республикасының сауда саласын орнықты
                       дамыту мен оның бәсекеге қабілеттігін
                       жоғарылату үшін жүйелік және институционалдық
                       негіз жасау

Міндеттері            - ішкі сауданы мемлекеттік қолдау жүйесін
                         қалыптастыру (бірлесіп қаржыландыру, саланы
                         кадрлық қамтамасыз ету);
                       - биржалық және электрондық сауданы жедел
                         дамыту үшін қолайлы жағдай жасау;
                       - сауда қызметі мәселелері бойынша нормативтік
                         құқықтық базаны сауда саласындағы
                         мемлекеттік саясаттың мақсаттарына сәйкес
                         келтіру;
                       - көтерме сауда жүйесін халықаралық транзиттік
                         желіге ықпалдастыру;
                       - Қазақстан аумағындағы қазіргі заманғы
                         бәсекеге қабілетті өнімдер өндірісін дамыту,
                         экспортқа бағдарланған жаңа өндірістерді
                         қалыптастыру және жоғары технологиялық
                         секторға шетелдік капиталды тарту үшін
                         қолайлы жағдай жасау;
                       - сыртқы нарықтарға қазақстандық өнімді
                         жылжыту үшін қолайлы жағдай жасау;
                       - ішкі саудаға қатысушыларға сервистік
                         қолдауды (ақпараттық, талдау және өзге)
                         ұйымдастыру.

Іске асыру             2010-2014 жылдар
мерзімдері

Нысаналы               Өткен жылға %-бен санағанда бөлшек тауар
индикаторлар           айналымы (ағымдағы бағада) өсуінің жыл
                        сайынғы қарқынын 2014 жылдан бастап кемінде
                        106%-ға, атап айтқанда, 2010 жылы - 100%-ға,
                        2011 жылы - 102%-ға, 2012 жылы 103%-ға, 2013
                        жылы - 104%-ға жеткізу; өткен жылға %-бен
                        санағанда бөлшек сауданың нақты көлем
                        индексінің жыл сайынғы есуін 2010 жылы
                        -108%-ға, 2011 жылы - 104%-ға, 2012 жылы -
                        104,1%-ға, 2013 жылы - 104,4%-ға, 2014 жылы -
                        105,3%-ға жеткізу; 2014 жылға қарай бөлшек
                        сауда алаңдарының (базарларды қоса алғанда)
                        жалпы көлемінде сауда кәсіпорындары
                        алаңдарының үлесін 30%-ға ұлғайту; 
                        2014 жылға қарай 1000 адамға шаққанда сауда
                        алаңдарымен қамтамасыз етілу үлесін 30%-ға
                        ұлғайту; бөлшек тауар айналымының жалпы
                        көлемінде қазіргі заманғы сауда пішімдерінің
                        үлесін 50%-ға дейін жеткізу; 1 шаршы метр
                        сауда алаңына арналған сату көлемдерін
                        (базалық жыл бағасында) 40%-ға ұлғайту;
                        бөлшек нарықтың шоғырлануының деңгейін 7%-ға
                        дейін ұлғайту;
                        ашық баға белгілеуді арттыру мақсатында
                        тауар айналымының жалпы көлемінде биржалар
                        арқылы сауда операциялары көлемінің үлесін
                        2010 жылы - 0,8%-ға, 2011 жылы - 0,9%-ға,
                        2012 жылы - 1,0%-ға, 2013 жылы - 1,1 %-ға
                        және 2014 жылы - 1,2%-ға дейін ұлғайту, өткен
                        жылға %-бен санағанда сыртқы сауда айналымы
                        өсуінің жыл сайынғы қарқынын 2010 жылы -
                        110,0%-ға; 2011 жылы - 106,2%-ға, 2012 жылы -
                        105,0%-ға; 2013 жылы - 103,7%-ға; 2014 жылы -
                        104,1%-ға жеткізу; Еуразия экономикалық
                        қоғамдастығы шеңберінде Кеден одағын
                        қалыптастыруды аяқтау;
                        Кеден одағына мүше елдердің импорттық кеден
                        баждарының ставкаларын біріздендіру (Беларусь
                        Республикасы, Қазақстан Республикасы, Ресей
                        Федерациясы) - 2010 жылы - 96% деңгейінде,
                        2011 жылы - 96% деңгейінде, 2012 жылы - 97%
                        деңгейінде, 2013 жылы - 99% деңгейінде және
                        2014 жылы - 99% деңгейінде; Беларусь
                        Республикасының, Қазақстан Республикасының
                        және Ресей Федерациясының Бірыңғай
                        экономикалық кеңістігін қалыптастыруды
                        аяқтау; Дүниежүзілік сауда ұйымына кіру.
                        әлемдік сауда жүйесіне тартылушылық бойынша
                        ДЭФ рейтингін 80 орынға дейін жоғарылату.

Қаржыландыру          Іс-шараларды іске асыруға 2011 жылы
көздері мен            республикалық бюджет қаражатынан Қазақстан
көлемі                Республикасы Экономикалық даму және сауда
                        министрлігінің 007 «Экономика, сауда және
                        мемлекеттік басқару саласындағы қолданбалы
                        зерттеулерді жүргізу» бюджеттік бағдарламасы
                        бойынша 20 млн. теңге, 2012 жылы - 35 млн.
                        теңге, 2013 жылы - 25 млн. теңге бөлінетін
                        болады. Іс-шараларды іске асыруға 2014 жылы
                        қажетті қаражат 2012-2014 жылдарға арналған
                        республикалық бюджеттің шеңберінде
                        қарастырылатын болады.
                        Бағдарламаны қаржыландыру даму
                        институттарының қаражаты, кәсіпорындардың өз
                        қаражаты, отандық және шетелдік инвестициялар
                        есебінен және республикалық бюджетте
                        көзделген қаражат шегінде жүзеге асырылады.

2. Кіріспе



      Сауда басқа салалармен өзара тығыз байланысты және елдің барлық ауқымында және сыртқы экономикалық қызмет шеңберінде тұтынушыларға (ұйымдарға, халыққа) тауарлар мен қызметтерді жылжытуды қамтамасыз ететін экономиканың функционалдық секторы болып табылады. Сауданың жүйе және қазіргі заманғы дамыған бизнес ретіндегі тиімділігі маркетингке, логистикаға шығындарды азайтуға және түптеп келгенде, көтерме және бөлшек сауда бағасын төмендетуге басқа салаларға мүмкіндік бере отырып, барлық экономика үшін мультипликативтік нәтиже береді. Нәтижесінде, ішкі сауданы дамыту тауарлардың ішкі өндірісінің өсуіне жәрдемдеседі.
      Бұдан өзге, 2010 жылдан бастап Қазақстан Ресей Федерациясымен және Беларусь Республикасымен бірге жаңа жағдайларда - оның шеңберінде үшінші елдерге қатысты бірыңғай сыртқы сауда саясаты жүргізілетін Кеден одағының құрамында әрекет етеді. 2012 жылдан бастап Қазақстан, Ресей және Беларусь арасында оның шеңберінде қызметтердің, капиталдың және жұмыс күшінің еркін жылжуын да қамтамасыз етуді болжайтын экономикалық ықпалдасудың неғұрлым тереңдетілген нысанын болжайтын Бірыңғай экономикалық кеңістіктің жұмыс істей бастауын жоспарлайды.
      Елдің экономикалық дамуы үшін сауданың үлкен мәніне қарамастан сауданы дамыту бағдарламасы бұрын әзірленген жоқ және аталған құжат, алғашқы жүйелік құжат болып табылады.
      Қазақстан Республикасында сауданы дамыту жөніндегі 2010-2014 жылдарға арналған бағдарлама (бұдан әрі - Бағдарлама) Қазақстан Республикасы Президентінің 2010 жылғы 1 ақпандағы Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасының 2020 жылға дейінгі Стратегиялық даму жоспарының басты бағыттарына және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 14 сәуірдегі № 302 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасын үдемелі индустриялық-инновациялық дамыту жөніндегі 2010 - 2014 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламаны (бұдан әрі - ҮИИМДБ) іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарына сәйкес әзірленген. Бағдарлама ҮИИМДБ функционалдық бөлімін білдіреді.
      Қазақстан Республикасының сауда саласын орнықты дамыту мен оның бәсекеге қабілеттігін жоғарылату үшін жүйелік және институционалдық негізін жасау Бағдарламаның негізгі мақсаты болып табылады.
      Бағдарламада тұтастай алғанда, сауданы, оның ішінде, бөлшек, көтерме, биржалық, электрондық сауданы және қоғамдық тамақтандыру жүйесін қамтитын сыртқы және ішкі сауданы дамыту мәселелері көрсетілген.
      Ішкі сауданы дамыту үшін қазіргі заманғы пішімдердегі сауда алаңдарының санын және бөлшек саудадағы жалпы айналымда олардың үлесін ұлғайтуды ынталандыруды, электрондық сауданы дамытуды, шалғайдағы, әсіресе, ауылдық жерлердегі өндірушілерді тауар қозғалысының негізгі арналарымен жақындастыруды, сауданың ашықтығын арттыруды және нарық қатысушыларын хабарландыруды, сондай-ақ оның қатысушыларының кәсіби деңгейін арттыруды болжайды. Сыртқы сауда саясатында кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыру, саудадағы кедергілерді жою, өндірісті дамытуды және әлемдік сауда кеңістігіне ықпалдасуды ынталандыру үшін рәсімдерді оңтайландыру мақсатымен Кеден одағы елдері шеңберінде саясатты жетілдіру көзделіп отыр. Қазақстандағы сауда саласын болжамды жаңғырту оны сауданың қазіргі заманғы халықаралық талаптарына сәйкес келтіруге және ең аз транзакциялық шығындармен тауар қозғалысының тиімді үдерісіне жәрдемдесуге бағытталған.
      Шараларды іске асыру халықтың қажеттіліктерін тиімді қанағаттандыру түрінде (тауарлардың физикалық қолжетімділігі, тауарлардың бағалық қолжетімділігі, тауарлар мен қызметтердің жоғары сапасы) өндірушілер үшін де (ауқымды географиялық қамту, үлкен өткізу қабілеті, жүйенің төмен үлестік шығындары) және тұтынушылар үшін де тиімді дистрибуцияны қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.

3. Ағымдағы жағдайды талдау

      Классикалық нарықтық экономикалық жүйеде сауда қызметі тауарлар мен қызметтерді шығару мен тұтыну арасындағы делдалдық (тарату) функциясын орындайды. Сондықтан, қазіргі заманғы нарық жағдайында сауданы дамыту сұраныс пен ұсыныстың дамуына, тауарлардың ішкі өндірісінің өсуіне және халықтың сатып алу қабілетінің ұлғаюына тікелей тәуелді болады.
      ЖІӨ-дегі сауданың үлес салмағы. Сауда секторы көптеген елдерде маңызды экономикалық және әлеуметтік рөлді орындайтын деп танылған.
      Әлемде орта есеппен алғанда, сауданың ЖІӨ-дегі үлесі шамамен алғанда, 10%, ал жалпы жұмыспен қамтуда 13% құрайды (Еurostat, US Сеnsus деректері). Ресейде сауда үлесі ЖІӨ-нің - 20%, Словенияда - 13%, Нидерландта - 13%, АҚШ-та шамамен 12%, Қытайда 8% құрайды.
      Қазақстанда ЖІӨ құрылымында сауда 1998 — 2009 жылдар кезеңінде 12 - 13% ЖІӨ құрай отырып, үшінші орын алды.



      Халықты жұмыспен қамтудағы сауданың үлес салмағы. Саудада елдің барлық жұмыспен қамтылған халқының 14,8% жұмыс істейді. Бұл ретте, Қазақстанның саудасындағы жұмыспен қамтылған халықтың саны жыл сайын орта есеппен алғанда, 33 мың адамға өсу үрдісі бар. Мәселен, егер 2005 жылы саудада жұмыспен қамтылғандардың саны 1 038,5 адамды құраған болса, ол 2009 жылы - 1 170,6 мың адамды құрады, ол бұл сектордағы еңбек өнімділігінің артуын растамайды, өйткені ЖІӨ құрылымындағы сауданың үлесі өзгеріссіз қалды.



      Саудадағы жұмыспен қамту көрсеткіші экономикада жұмыспен қамтылған жалпы халықтың 10% құрайтындығы АҚШ-та (15%), Ұлыбританияда (15%), Францияда (13%), Словакияда (19%), Нидерландта (17%), Польшада (15%) және Ресейде (17%) бар екенін атап өту қажет.


      Салық түсімдеріндегі сауда. Соңғы жылдары салық түсімдерінің құрылымында үлкен бөлік тау-кен өндіруші өнеркәсіпке тиесілі, оның үлесі 2009 жылы шамамен 52,6% құрады.

      Екінші және үшінші орындарда өңдеуші өнеркәсіп және жылжымайтын мүлікпен операциялар нық тұр. 2005 - 2008 жылдар кезеңінде салық төлемдері құрылымында алымдардың көлемдері бойынша 4 орын алды, бірақ 2009 жылы оның үлесі құрылыс (5,9%), көлік және байланыс (5,4%) үлесімен шамамен тең болды және 5,3% құрады.



      Саудадағы жұмыспен қамтылғандардың үлесін ескере отырып (14,8%), салық түсімдеріндегі 5,3% мөлшеріндегі оның үлесі салаға сәйкес келмейді және әкімшілік ету проблемаларын, көлеңкелі сектордың болуын, салық салудың оңтайландырылған режимі арқылы іске қосылған үлкен үлесін, оның салыстырмалы төмен тиімділігін көрсететіндігін атап өту қажет.


      Ішкі сауда.
      Әлемдік бөлшек сауданың жалпы айналымы шамамен 14,5 трлн. АҚШ долларына тең, одан шамамен 30% Батыс Еуропа елдерінің үлесіне, тағы 25% АҚШ-тың, 2% - Ресейдің үлесіне келеді. ҚР Статистика агенттігінің деректеріне сәйкес 2009 жыл үшін Қазақстанның бөлшек тауар айналымы 17,31 млрд. долл. немесе шамамен 2,5 трлн. теңгені құрайды, ол әлемдік бөлшек саудатауар айналымының 0,12%-ын құрайды.
      2005 - 2008 жылдар аралығындағы кезеңде бөлшек сауда секторының жалпы әлемдік айналымы орташа қарқынмен 8,3%-ға өсті. 2009 жылы экономикалық дағдарыс салдарынан бөлшек сауда айналымы 6,4%-ға төмендеуі байқалды. Алайда, 2010 жылдың бірінші жартыжылдығының нәтижелері бойынша тауар айналымы қалпына келе бастады.
      Іске асырылмаған елеулі әлеуеті бар елдер - Қытай, Үндістан, Бразилия, Ресей әлемдік тауар айналымының дамуына елеулі оң үлес қосады. Бұл елдердің көпшілігінде ішкі сауданы дамыту жөніндегі кешенді мемлекеттік бағдарламалар жұмыс істейді.
      Бөлшек сауданы дамыту бірқатар факторлармен айқындалады, олардың ішінде мыналар елеулі болып табылады:
      халықтың әл-ауқатының деңгейі (Қазақстанда теңгедегі орташа жалақы деңгейі 2009 жылы 2005 жылмен салыстырғанда 31%-ға өсті (нақты көріністе);
      халықтың саны 2009 жылы 5,4% өскен (кезең соңына халық санының көрсеткіші бойынша есеп);
      халықтың тығыздығы - 2005 жылы Алматы қ., Оңтүстік Қазақстан облысы, Қарағанды облысы, Шығыс Қазақстан облысы ел өңірлерінің неғұрлым жиі қоныстаған өңірлері болды және 2009 жылы да көшбасшылықты сақтады (орташа жылдық халық саны бойынша есеп);
      қаржы ресурстарына қолжетімділік (Ұлттық банктің деректері бойынша 2005 жылы заңды тұлғалар үшін 1 жылдан 5 жылға дейінгі мерзіммен теңгедегі кредиттер бойынша орташа банктік ставка 13,9%, ал 2009 жылы - 14,6% құрады);
      базалық инфрақұрылымның және инфрақұрылымдық қызметтердің дамуы (2005 - 2009 жылдар кезеңінде ҚР бөлшек тауар айналымының көлемі 27,7%-ға ұлғайды, осы кезеңдегі ҚР сауда кәсіпорындары алаңдарының көлемі 66%-ға ұлғайды).
      Қазақстандағы бөлшек сауда.
      Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес тұтынушылардың жеке пайдалануы үшін оларға тауарларды сату жөніндегі кәсіпкерлік қызмет бөлшек саудаға жатады. Бөлшек сауда дүкендер, сауда үйлері, базарлар мен автоматтар, дүңгіршектер, автодүкендер, шатырлар, шығарылатын сөрелер арқылы жүзеге асырылады. Бөлшек сауда дүкендері алаңдары, ассортименті, қызмет көрсету сапасы, техникалық жарақтандырылуы бойынша ерекшеленеді. Жіктеу кезінде оларды сауда алаңдарының көлемдері бойынша бөлу қабылданған, өйткені, «А», «В», «С» санаттарына бөлу бөлшек сауда дүкендерін жіктеудің маркетингте ең  жиі таралған түрі болып табылады.
      «А» санатының дүкендері - бұл сауда алаңы 100 шаршы метр2 астам дүкендер (бұдан әрі - шаршы м). Мұндай дүкендер көп ассортиментімен, клиенттердің ағынын жоғары өткізу қабілетімен, қолма қол ақшасыз есеп айырысудың техникалық мүмкіндіктерімен, жоғары сервис деңгейімен, жеткізу мен сақтауға арналған төмен үлестік шығындармен, неғұрлым жоғары еңбек өнімділігімен ерекшеленеді. Дәл жоғарыда аталған артықшылықтар себебі бойынша сауда желілері осы пішімдердегі дүкендерде жұмыс істегенді қалайды. Іскерлік әдебиетте және бұқаралық  ақпарат құралдарында «Қазіргі заманғы пішімдер» терминін пайдалану кезінде негізінен «А» санатының дүкендерін білдіреді.

____________________________


      1 ҚР Ұлттық банкінің деректері бойынша 2009 жыл үшін АҚШ долларына орташа өлшемді теңге бағамы.
      2 Кейде дүкендердің бұл санаты үшін сауда алаңының мөлшері 250 шаршы метрдегі жоғары планка белгіленеді

      «В» санатының дүкендері - бұл сауда алаңы 50-ден 100 шаршы м. дейінгі дүкендер. Сауда желілері сауда нүктелерінің бұл санатына онша барғысы келмейді, өйткені, мұндай нүктелер жеткізу мен сақтауға неғұрлым жоғары операциялық шығындарға және әкімшілік сипатындағы шығыстарға ұшырайды.


      «С» санатының дүкендері - бұл сауда алаңы 50 шаршы м. аспайтын дүкендер. Бұл санат Қазақстанда неғұрлым көп таралған. Мұндай дүкендер басқаруға және есепке алуға өз талаптарында өте таңдамаушылығымен ерекшеленеді. Мұндай дүкендердің тауар айналымының жеке бөлігі көбінесе тіркелмейді, азық-түліктерді қалыпты сақтау үшін жағдай болмауы мүмкін. Бұл дүкендерде азық-түліктерді жеткізуге және сақтауға жоғары шығындар, жоғары сатып алу бағалары, шектелген ассортимент, сапасыз сервис бар. Осы санат дүкендерінен сауда желісін ұйымдастыру қиын, өйткені, клиенттердің және тауарлардың өткізу қабілеті өте шектеулі, ал үлестік операциялық және әкімшілік шығыстары неғұрлым ірі дүкендерге қарағанда елеулі жоғары. Мұның бәрі, тұтастай алғанда, осы санат дүкендеріндегі баға деңгейіне әсер етеді, олар, әрине, неғұрлым ірі пішімдегі дүкендерге қарағанда жоғары. Бөлшек тауар айналымының көлемі. Арналар бойынша айналымдар

      Бөлшек тауар айналымы. 2009 жылы бөлшек тауар айналымының жалпы көлемі 2 551,4 млрд. теңгені құрады, ол 2008 жылға қарағанда 2,7%-ға аз.


      Бөлшек тауар айналымының жалпы көлемін қалыптастыруда 51,1% базарлардағы саудаға және жеке кәсіпкерлерге тиесілі.
      1997 - 2009 жылдар кезеңінде бөлшек тауар айналымының көлемі 342 млрд. теңгеден 2 551 млрд. теңгеге дейін (ағымдағы бағаларда) яғни 6,4 есе ұлғайды.
      Көрсетілген кезеңде бөлшек тауар айналымының тұрақты өсуі байқалады. Бөлшек тауар айналымының көлемі дағдарысты құбылыстарға байланысты 2,7%-ке төмендегенде, ерекшелік 2009 жыл болды.
      Базарлар/Сауда кәсіпорындары.
      Бөлшек тауар айналымы құрылымының даму сипаты қызғылықты.

      Мәселен, егер, 1997 - 1999 жылдар кезеңінде «Базарлар» арнасы арқылы бөлшек тауар айналымы үлесінің сенімді ұлғаюы байқалатын болса, онда 2000 - 2008 жылдар аралығында оның сенімді төмендеуі және «Сауда кәсіпорындары (дүкендері)» үлесінің өсуі байқалады. «Базарлар» арқылы сату үлесінің төмендеуі елдегі экономикалық жағдайдың жақсаруымен және халықтың тұрмыс деңгейінің жақсаруымен байланысты.


      Егер 1999 жылы Қазақстан Республикасы Статистика агенттігінің деректеріне сәйкес базарлардағы және жеке кәсіпкерлермен сауда үлесі 77% құрайтын болса, онда енді 2008 жылы ол 40% дейін төмендеді және бір мезгілде «Сауда кәсіпорындарының» үлесі 23%-дан 60% дейін немесе 2,6 есе астамға өсті. Алайда, 2009 жылы зкономикалық жағдайдың нашарлауымен байланысты «Сауда кәсіпорындары» арқылы тауар айналымы республиканың барлық бөлшек тауар айналымының 49%-на дейін күрт төмендегенін қайта көрсетті.
      Қазақстан бойынша сауда алаңдарының құрылымы.
      Қазақстан Республикасының Статистика агенттігінің деректеріне сәйкес 1 қаңтарға 2005 - 2009 жылдар кезеңінде сауда алаңдарының көлемі 1 811 мың шаршы. м-ден 3 075 мың шаршы м-ге дейін немесе 53% ұлғайды. Бұл ішінара бөлшек сауданың инвестициялық тартымдылығы коммерциялық жылжымайтын мүлікке арналған бағаның өсуінің күшеюімен және бағаның одан әрі ұлғаюын күтумен жылжымайтын мүлік нарығындағы серпіліспен байланысты болды. Бұл кезеңде банктер сауда кәсіпорындарына да және халыққа да жаппай кредиттер берді (тұтынушылық кредиттер).

      Өңірлік бөліністе бұл кезеңде сауда алаңдарының неғұрлым өсімі Астанада байқалды - 223%, ол, атап айтқанда, бас қаланың сол жағалауының дамуымен байланысты болды. Сауда алаңдарының өсу қарқыны бойынша екінші орында «мұнайлы» Атырау облысы болды - 203%. Сауда алаңдары елеулі өсті, Алматыда - 98%, Қызылорда, Оңтүстік Қазақстан және Павлодар облыстарында - тиісінше 95%, 77% және 74%.



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5


©kzref.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет