Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы



жүктеу 1.43 Mb.
бет1/8
Дата17.11.2017
өлшемі1.43 Mb.
  1   2   3   4   5   6   7   8

Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы

Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 20 маусымдағы N 136 Заңы


Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 1997 ж., N 12, 186-құжат

      Қолданушылар назарына!


      Қолданушыларға ыңғайлы болуы үшiн РҚАО мазмұнды жасады.

МАЗМҰНЫ


      РҚАО-ның ескертпесi!
      Осы заңға өзгерiс енгiзу көзделген - ҚР 2011.07.05 N 452-IV (2011.10.13 қолданысқа енгiзiледi) Заңымен.

      Осы Заң Қазақстан Республикасында азаматтарды зейнетақымен қамсыздандырудың құқықтық және әлеуметтiк негiздерiн белгiлейдi, мемлекеттiк органдардың, меншiк нысандарына қарамастан, жеке және заңды тұлғалардың азаматтардың зейнетақымен қамсыздандырылуға конституциялық құқығын iске асыруға қатысуын реттейдi.


      Ескерту. "Зейнетақымен қамсыздандыру туралы заңдар" деген сөздер "Қазақстан Республикасының зейнетақымен қамсыздандыру туралы заңдары" деген сөздермен, "салық заңдарына" деген сөздер "Қазақстан Республикасының салық заңдарына" деген сөздермен, "заңдарға" деген сөз "Қазақстан Республикасының заңдарына" деген сөздермен, "заңдарда" деген сөз "Қазақстан Республикасының заңдарында" деген сөздермен, "зейнетақымен қамсыздандыру туралы заңдарға" деген сөздер "Қазақстан Республикасының зейнетақымен қамсыздандыру туралы заңдарына" деген сөздермен, "лицензиялау туралы заңдармен" деген сөздер "Қазақстан Республикасының лицензиялау туралы заңдарымен" деген сөздермен, "заңдарды" деген сөз "Қазақстан Республикасының заңдарын" деген сөздермен, "монополияға қарсы заңдар" деген сөздер "Қазақстан Республикасының монополияға қарсы заңдары" деген сөздермен "Зейнетақымен қамсыздандыру туралы заңдарды" деген сөздер "Қазақстан Республикасының зейнетақымен қамсыздандыру туралы заңдарын" деген сөздермен, "зейнетақы заңдары" деген сөздер "Қазақстан Республикасының зейнетақы заңдары" деген сөздермен, "заңдармен" деген сөз "Қазақстан Республикасының заңдарымен" деген сөздермен ауыстырылды; "заң актiсiнде", "заң актiлерiмен" деген сөздердiң алдынан "Қазақстан Республикасының" деген сөздермен толықтырылды; "басқару жөнiндегi компания" деген сөздер "басқаруды жүзеге асыратын ұйым" деген сөздермен, "басқару жөнiндегi компанияның" деген сөздер "басқаруды жүзеге асыратын ұйымның" деген сөздермен, "басқару жөнiндегi компаниялар" деген сөздер "басқаруды жүзеге асыратын ұйымдар" деген сөздермен, "басқару жөнiндегi компанияларды" деген сөздер "басқаруды жүзеге асыратын ұйымдарды" деген сөздермен, "басқару компанияларымен" деген сөздер "басқаруды жүзеге асыратын ұйымдармен" деген сөздермен, "басқару жөнiндегi компанияларға" деген сөздер "басқаруды жүзеге асыратын ұйымдарға" деген сөздермен, "басқару жөнiндегi компаниямен" деген сөздер "басқаруды жүзеге асыратын ұйыммен" деген сөздермен, "басқару жөнiндегi аффилиирлендiрiлмеген компаниялармен" деген сөздер "басқаруды жүзеге асыратын аффилиирленбеген ұйымдармен" деген сөздермен, "басқару жөнiндегi аффилиирлендiрiлген компанияларға" деген сөздер "басқаруды жүзеге асыратын аффилиирленген ұйымдарға" деген сөздермен ауыстырылды;  "жинақтаушы зейнетақы активтерiн басқару жөнiндегi" деген сөздер "зейнетақы активтерiн инвестициялық басқару" деген сөздермен ауыстырылды - ҚР 2002.12.29 N 369 (2003.01.01 бастап күшiне енедi), өзгерту енгiзiлдi - 2005.04.13 N 40 (2005.01.01 бастап қолданысқа енгiзiледi) Заңдарымен.

1 БӨЛIМ
Зейнетақымен қамсыздандыру негiздерi

1-тарау. Жалпы ережелер

      1-бап. Осы Заңда пайдаланылатын негiзгi ұғымдар



      Осы Заңда мынадай негiзгi ұғымдар пайдаланылады:
      1) автоматтандырылған ақпараттық жүйе - жинақтаушы зейнетақы қорының жеке зейнетақы шотындағы зейнетақы активтерiн және жинақталған қаражатты есепке алуды жүзеге асыруға қажеттi және ақпараттың сенiмдiлiгiн, сақталуын және оны рұқсатсыз кiруден қорғауды қамтамасыз ететiн бағдарламалық қамтамасыз етiлуi;
      2) аффилиирленген тұлғалар - тiкелей және (немесе) жанама түрде шешiмдердi айқындауға және (немесе) әрқайсысы (тұлғалардың бiрi) қабылдайтын шешiмге ықпал етуге, соның iшiнде жасалған мәмiлеге орай, мүмкiндiгi бар (өздерiне берiлген өкiлеттiктер шеңберiнде бақылау және қадағалау функцияларын жүзеге асыратын мемлекеттiк органдарды қоспағанда) жеке немесе заңды тұлғалар;
      3) ашық жинақтаушы зейнетақы қорының акцияларын жанама иелену (олармен дауыс беру) - ашық жинақтаушы зейнетақы қорының, ашық жинақтаушы зейнетақы қоры iрi қатысушысының немесе заңды тұлғалардың акцияларын (жарғылық капиталына қатысу үлестерiн) иелену арқылы ашық жинақтаушы зейнетақы қорының бiрлескен iрi қатысушысы болып табылатын тұлғалардың шешiмдерiн айқындау мүмкiндiгi;
      4) ашық жинақтаушы зейнетақы қорының iрi қатысушысы - уәкiлеттi органның жазбаша келiсiмiне сәйкес ашық жинақтаушы зейнетақы қорының дауыс беретiн акцияларының он немесе одан астам процентiн тiкелей немесе жанама иелене алатын немесе:
      ашық жинақтаушы зейнетақы қорының дауыс беретiн акцияларының он немесе одан астам процентiмен тiкелей немесе жанама дауыс беру;
      ашық жинақтаушы зейнетақы қоры қабылдайтын шешiмдерге шартқа орай не уәкiлеттi органның нормативтiк құқықтық актiлерiнде айқындалатын тәртiппен өзгеше түрде ықпал ету мүмкiндiгiне ие Қазақстан Республикасының резидентi-жеке тұлға немесе заңды тұлға (мемлекет осындай иеленушi болып табылатын жағдайларды, сондай-ақ осы Заңда көзделген жағдайларды қоспағанда);
      РҚАО-ның ескертуi!
      "әлеуметтiк жеке код" терминi 2012.01.01 ҚР 2007.01.12 N 224 Заңымен алынып тасталады.
      5) әлеуметтiк жеке код - азаматқа, сондай-ақ осы Заңға сәйкес зейнетақымен қамсыздандыру құқығы қолданылатын адамдарға берiлетiн тұрақты жеке код;
      6) бақылау - бiр заңды тұлғаның басқа заңды тұлғаның шешiмдерiн
айқындау мүмкiндiгi, ол:
      бiр тұлға басқа тұлғаның дауыс беретiн акцияларының елу процентiнен астамын дербес не бiр немесе бiрнеше тұлғамен бiрлесiп тiкелей немесе жанама иеленетiн не басқа заңды тұлға акцияларының елу процентiнен астамымен дербес дауыс беру мүмкiндiгi болатын;
       бiр заңды тұлғаның басқа заңды тұлғаның директорлар кеңесi немесе басқармасы құрамының кемiнде жартысын сайлау мүмкiндiгi болатын;
      бiр заңды тұлғаның қаржылық есептiлiгi аудиторлық есепке сәйкес басқа заңды тұлғаның қаржылық есептiлiгiне қосылатын;
      бiр заңды тұлғаның шартқа (растайтын құжаттарға) орай немесе уәкiлеттi органның нормативтiк құқықтық актiсiнде көзделген жағдайларда өзгеше түрде басқа заңды тұлғаның шешiмдерiн айқындау мүмкiндiгi болатын жағдайлардың бiрi болған кезде туындайды;
      7) бас ұйым - басқа заңды тұлғаға бақылау жасайтын заңды тұлға;
      8) баспасөз басылымы - тiзбесiн уәкiлеттi орган белгiлейтiн мерзiмдi баспасөз басылымдары;
      9) әртараптандыру - зейнетақы активтерiнiң жоғалып кету қатерiн азайту мақсатында оларды уәкiлеттi орган белгiлеген талаптарға сәйкес әртүрлi қаржы құралдарына орналастыру;
      10) еншiлес ұйым - өзiне қатысты басқа заңды тұлға бақылау жасайтын заңды тұлға;
      11) ең төменгi зейнетақы - тиiстi қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңда белгiленген зейнетақы төлемдерiнiң ең төменгi мөлшерi;
      12) ерiктi зейнетақы жарналары - Қазақстан Республикасының заңнамасында және ерiктi зейнетақы жарналары есебiнен зейнетақымен қамсыздандыру туралы шартта белгiленетiн тәртiппен салымшылардың өз бастамасымен алушының пайдасына жинақтаушы зейнетақы қорларына салатын ақшасы;
      13) ерiктi зейнетақы жарналарының салымшысы - ерiктi зейнетақы жарналары есебiнен зейнетақымен қамсыздандыру туралы шартқа сәйкес өзiнiң жеке қаражаты есебiнен алушының пайдасына ерiктi зейнетақы жарналарын жүзеге асыратын жеке немесе заңды тұлға;
      14) ерiктi зейнетақы жарналарының ставкасы - жинақтаушы
зейнетақы қорына төленетiн, ерiктi зейнетақы жарналары есебiнен
зейнетақымен қамсыздандыру туралы шартта белгiленетiн төлемнiң
мөлшерi;
      15) ерiктi кәсiптiк зейнетақы жарналары - Қазақстан Республикасының Үкiметi белгiлейтiн кәсiптер тiзбесi бойынша қызметкерлердiң пайдасына Қазақстан Республикасының заңнамасында және ерiктi кәсiптiк зейнетақы жарналары есебiнен зейнетақымен қамсыздандыру туралы шартта белгiленген тәртiппен салымшылардың өз бастамасымен жинақтаушы зейнетақы қорларына салатын ақшасы;
      16) ерiктi кәсiптiк зейнетақы жарналарының салымшысы - ерiктi кәсiптiк зейнетақы жарналары есебiнен зейнетақымен қамсыздандыру туралы шартқа сәйкес өзiнiң жеке қаражаты есебiнен қызметкердiң пайдасына ерiктi кәсiптiк зейнетақы жарналарын салуды жүзеге асыратын жеке немесе заңды тұлға;
      17) ерiктi кәсiптiк зейнетақы жарналарының ставкасы - жинақтаушы зейнетақы қорына төленетiн, ерiктi кәсiптiк зейнетақы жарналары есебiнен зейнетақымен қамсыздандыру туралы шартта және осы Заңда белгiленген төлемнiң мөлшерi;
      18) жеке зейнетақы шоты - салымшының (алушының) жинақтаушы зейнетақы қорындағы жеке атаулы шоты, онда Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес оның мiндеттi не ерiктi зейнетақы жарналары немесе ерiктi кәсiптiк зейнетақы жарналары, инвестициялық кiрiсi, өсiмпұл және өзге де түсiмдер есепке алынады және содан зейнетақы төлемдерi төленедi;
      19) жинақталған зейнетақы қаражаты - мiндеттi зейнетақы
жарналарын, ерiктi зейнетақы жарналарын және ерiктi кәсiптiк зейнетақы жарналарын, инвестициялық кiрiстi, өсiмпұлды және шарттарға, осы Заңға, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өзге де түсiмдердi қоса алғанда, салымшының (алушының) жеке зейнетақы шоттарында есептелетiн ақша;
      20) жинақталған зейнетақы қаражатының номиналды құны - жинақталған зейнетақы қаражатының мемлекеттiк статистика саласындағы уәкiлеттi орган есептеп шығаратын тұтыну бағалары индексiне үйлестiрiлген номиналды құны;
      21) жинақтаушы зейнетақы қоры - зейнетақы жарналарын тарту және зейнетақы төлемдерi жөнiндегi қызметтi, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен зейнетақы активтерiн инвестициялық басқару жөнiндегi қызметтi жүзеге асыратын заңды тұлға;
      22) жинақтаушы зейнетақы қорында бөлектеп есеп жүргiзу - заңды  тұлға ретiнде жинақтаушы зейнетақы қорының бухгалтерлiк балансына зейнетақы активтерiн енгiзбеу;
      23) заңды тұлғаның жарғылық капиталындағы қатысу үлестерiн жанама иелену не акцияларын иелену (олармен дауыс беру) - басқа заңды тұлғалардың акцияларын (жарғылық капиталдағы қатысу үлестерiн) иелену (олармен дауыс беру) арқылы заңды тұлғаның, заңды тұлғаның iрi қатысушысының немесе бiрлесiп заңды тұлғаның iрi қатысушысы болып табылатын тұлғалардың шешiмдерiн айқындау мүмкiндiгi;
      24) зейнетақы - Орталықтан, жинақтаушы зейнетақы қорларынан төленетiн зейнетақы төлемдерiнiң жиынтығы;
      25) зейнетақы активтерi - зейнетақы төлемдерi мен аударымдарын, сондай-ақ жинақтаушы зейнетақы қорларынан алынатын қаражатты қамтамасыз етуге және жүзеге асыруға арналған ақша, бағалы қағаздар, өзге де қаржы құралдары;
      26) зейнетақы активтерiн инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын ұйым - жинақтаушы зейнетақы қорларының зейнетақы активтерiн инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын заңды тұлға;
      27) зейнетақы төлемдерi:
      Орталықтан - 1998 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша кемiнде алты ай еңбек стажы бар жеке адамдарға еңбек стажына тепе-тең түрде жүзеге асырылатын ақша қаражатын төлеу;
      жинақтаушы зейнетақы қорларынан - алушыларға жинақталған зейнетақы қаражатын төлеу;
      28) зейнетақы төлемдерiн алушы (бұдан әрi - алушы) - Орталықтан зейнетақы төлемдерi тағайындалған және (немесе) жинақтаушы зейнетақы қорынан зейнетақы төлемдерiн алуға құқығы бар жеке адам;
      29) зейнетақы аннуитетi шарты - сақтандыру шарты, оған сәйкес сақтанушы (зейнетақы төлемдерiн алушы) сақтандыру ұйымына жинақталған зейнетақы қаражатының сомасын беруге мiндеттенедi, ал сақтандыру ұйымы сақтанушының (зейнетақы төлемдерiн алушының) пайдасына өмiр бойына немесе белгiлi бiр уақыт кезеңi iшiнде сақтандыру төлемдерiн жүзеге асыруға мiндеттенедi;
      30) зейнетақымен қамсыздандыру туралы шарт - бiр тараптан жинақтаушы зейнетақы қоры және екiншi тараптан салымшы және (немесе) алушы жасасатын зейнетақы жарналарымен, жинақталған зейнетақы қаражатымен және төлемдер алумен байланысты құқықтық қатынастарды белгiлеу, өзгерту немесе тоқтату туралы шарт;
      31) инвестициялық декларация - зейнетақы ережелерiне қосымша болып табылатын және инвестициялау объектiлерiнiң тiзбесiн, зейнетақы активтерiне қатысты инвестициялық қызметтiң мақсаттарын, стратегиясын, талаптарын және шектеулерiн, зейнетақы активтерiн хеджирлеу және әртараптандыру талаптарын анықтайтын құжат;
      32) инвестициялық кiрiс - жинақтаушы зейнетақы қорларының зейнетақы активтерiн инвестициялау нәтижесiнде алынатын ақша;
      РҚАО-ның ескертуi!
      "инвестициялық портфель" терминi 2012.01.01 ҚР 2008.11.20 N 88-IV (қолданысқа енгiзiлу тәртiбiн 2-баптан қараңыз) Заңымен қолданысқа енгiзiледi.
      33) инвестициялық портфель - зейнетақы активтерiнiң құрамына кiретiн қаржы құралдары жиынтығы;
      34) капиталға қомақты қатысу - дауыс беретiн акциялардың (жарғылық капиталға қатысу үлестерiнiң) жиырма және одан да көп процентiн тiкелей немесе жанама, дербес немесе бiр немесе бiрнеше тұлғамен бiрлесiп иелену не акциялардың жиырма және одан да көп процентiмен дауыс беру мүмкiндiгiнiң болуы;
      35) кастодиан банк - бағалы қағаздар жөнiндегi құқықтарды тiркеу мен есепке алу, құжаттамалық бағалы қағаздарды сақтау және клиенттердiң ақшасын есепке алу жөнiндегi қызметтi жүзеге асыратын банк;
      36) кастодиандық шарт - кастодиан банк пен оның клиентi жасасатын бағалы қағаздар мен ақшаны жауапкершiлiкпен сақтау және есепке алу туралы шарт;
      37) мемлекеттiк базалық зейнетақы төлемi - Қазақстан Республикасының азаматтарына осы Заңда белгiленген зейнеткерлiк жасқа жеткен соң берiлетiн ай сайынғы ақшалай төлем;
      38) мiндеттi зейнетақы жарналары - осы Заңға сәйкес, жинақтаушы зейнетақы қорларына Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен салынатын ақша;
      39) мiндеттi зейнетақы жарналарын төлеу жөнiндегi агент (бұдан әрi - агент) - Қазақстан Республикасының заңнамасында айқындалған тәртiппен мiндеттi зейнетақы жарналарын есептеп шығаратын, ұстап қалатын (есептеп қосатын) және аударатын Қазақстан Республикасында қызметiн тұрақты мекеме арқылы жүзеге асыратын шетелдiк заңды тұлғаны қоса алғанда, жеке немесе заңды тұлға, сондай-ақ шетелдiк заңды тұлғалардың филиалдары, өкiлдiктерi;
      40) мiндеттi зейнетақы жарналарының салымшысы - мiндеттi зейнетақы жарналары есебiнен зейнетақымен қамсыздандыру туралы шарт жасасқан және жинақтаушы зейнетақы қорында жеке зейнетақы шоты бар жеке тұлға;
      41) мiндеттi зейнетақы жарналарының ставкасы - жинақтаушы зейнетақы қорына төлем мөлшерi, ол салымшының зейнетақы жарналарын есептеу үшiн алынатын кiрiсiне проценттiк қатынаспен көрсетiледi;
      42) мiнсiз iскерлiк бедел - кәсiпқойлықты, адалдықты, алынбаған немесе өтелмеген сотталғандығы жоқ екенiн растайтын фактiлердiң болуы;
      43) орталық атқарушы орган - халықты әлеуметтiк қорғау саласында реттеудi жүзеге асыратын мемлекеттiк орган;
      44) Орталықтан зейнетақы төлемдерiн тағайындайтын органдар - уәкiлеттi мемлекеттiк органдар;
      45) пруденциялық норматив - жинақтаушы зейнетақы қорының және зейнетақы активтерiн инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын ұйымның қаржылық орнықтылығын қамтамасыз ету үшiн Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленетiн экономикалық талаптар;
      46) сақтандыру ұйымы (сақтандырушы) - уәкiлеттi органның тиiстi лицензиясы негiзiнде "өмiрдi сақтандыру" саласында сақтандыру шарттарының жасалуы мен орындалуы жөнiндегi қызметтi жүзеге асыратын заңды тұлға;
      47) сатып алу сомасы - зейнетақы аннуитетi шарты мерзiмiнен бұрын бұзылған кезде сақтанушының (зейнетақы төлемдерiн алушының) сақтандыру ұйымынан алуға құқығы бар ақша сомасы;
      48) уәкiлеттi орган - қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалауды жүзеге асыратын мемлекеттiк орган;
      49) уәкiлеттi ұйым (бұдан әрi - Орталық) - осы Заңның талаптарындағы функцияларды жүзеге асыруға Қазақстан Республикасының Үкiметi уәкiлдiк берген заңды тұлға.
      Ескерту. 1-бап жаңа редакцияда - ҚР 2008.11.20 N 88-IV (қолданысқа енгiзiлу тәртiбiн 2-баптан қараңыз) Заңымен, өзгерiс енгiзiлдi - ҚР 2010.03.19 № 258-IV Заңдарымен.

      2-бап. Азаматтардың зейнетақымен қамсыздандырылу құқығы

      1. Қазақстан Республикасының азаматтары Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртiппен зейнетақымен қамсыздандырылуға құқылы.
      2. Қазақстан Республикасының аумағында тұрақты тұратын шетелдiктер мен азаматтығы жоқ адамдар, егер Қазақстан Республикасының заңдарында және халықаралық шарттарда өзгеше көзделмесе, Қазақстан Республикасының азаматтарымен бiрдей зейнетақымен қамсыздандырылу құқығын пайдаланады.
      Ескерту. 2-бапқа өзгерiс енгiзiлдi - ҚР 1999.04.05 N 364 (1999.04.01 бастап күшiне енедi) Заңымен.

      3-бап. Қазақстан Республикасының зейнетақымен


              қамсыздандыру туралы заңдары

      1. Қазақстан Республикасының зейнетақымен қамсыздандыру туралы заңдары Қазақстан Республикасының Конституциясына негiзделедi және осы заңнан, Қазақстан Республикасының өзге де нормативтiк құқықтық актiлерiнен тұрады.


      2. Егер Қазақстан Республикасы бекiткен халықаралық шартта осы Заңдағыдан өзгеше ережелер белгiленсе, халықаралық шарттың ережелерi қолданылады.

      4-бап. Мiндеттi және ерiктi зейнетақы жарналарын төлеу


              және олардың түсуiн бақылауды жүзеге асыру
              тәртiбi

      Ескерту. 4-бап алынып тасталды - ҚР 2002.12.29 N 369 (2003.01.01 бастап күшiне енедi) Заңымен.

      5-бап. Зейнетақымен қамсыздандыру жөнiндегi мемлекеттiк
              кепiлдiктер

      1. Мемлекет 1998 жылғы 1 қаңтарға дейiн зейнеткерлiкке шыққан азаматтарды зейнетақы төлемдерiнiң белгiленген мөлшерiн сақтай отырып, 1999 жылғы 1 сәуiрге дейiн зейнетақымен қамсыздандыруға кепiлдiк бередi, одан кейiнгi кезеңдерде зейнетақы төлемдерi осы Заңның 13-бабының 4-тармағына сәйкес жүзеге асырылатын болады.


      2. Мемлекеттiк базалық зейнетақы төлемi:
      1) 1998 жылғы 1 қаңтарға дейiн зейнетақы алып келген;
      2) осы Заңның 9-бабына сәйкес зейнеткерлiк жасқа жеткен Қазақстан Республикасының азаматтарына;
      3) әскери қызметшiлерге, құқық қорғау органдарының арнаулы атақтар, сыныптық шендер берiлген қызметкерлерiне, сондай-ақ арнаулы атақтар, сыныптың шендер алу және нысанды киiм киiп жүру құқықтары 2012 жылғы 1 қаңтардан бастап жойылған, еңбек сiңiрген жылдары үшiн зейнетақы төлемдерiн алуға құқығы бар адамдарға төленедi.
      Мемлекеттiк базалық зейнетақы төлемi Орталықтан және (немесе) жинақтаушы зейнетақы қорларынан зейнетақы төлемiн, сондай-ақ мүгедектiгi бойынша мемлекеттiк әлеуметтiк жәрдемақы алуына қарамастан жүзеге асырылады.
      Мемлекеттiк базалық зейнетақы төлемiнiң мөлшерi ең төменгi күнкөрiс деңгейiне кезең-кезеңiмен жақындатыла отырып, тиiстi қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңмен жыл сайын белгiленедi.
      Мемлекеттiк базалық зейнетақы төлемiн төлеу Қазақстан Республикасының Үкiметi айқындайтын тәртiппен бюджет қаражаты есебiнен жүзеге асырылады.
      Осы Заңның 9-бабының 1-3-тармақтарына сәйкес зейнеткерлiк жасқа жеткен кезде асыраушысынан айырылу жағдайына және жасына байланысты мемлекеттiк әлеуметтiк жәрдемақылар азаматтардың тiлегi бойынша Қазақстан Республикасы заңнамасында белгiленген тәртiппен мемлекеттiк базалық зейнетақы төлемiмен ауыстырылуы мүмкiн.
      3. Орталықтан төленетiн зейнетақы төлемдерiнiң мөлшерiн арттыру Қазақстан Республикасының Үкiметi белгiлеген тәртiппен жыл сайын жүргiзiледi.
      4. Мемлекет еңбек сiңiрген жылдары бойынша зейнетақы алуға құқығы бар және осы құқығын зейнетақы тағайындайтын және/немесе оны төлеудi жүзеге асыратын органдарда 1998 жылғы 1 қаңтарға дейiн тiркеген азаматтарды зейнетақымен қамсыздандыруға кепiлдiк бередi, бұл жағдайда оларға қызметтен кеткеннен кейiн төлене бастайтын зейнетақы белгiленедi. Тағайындалған зейнетақыға осы баптың 1 және 3-тармақтарының және осы Заңның 13-бабының 4-тармағының ережелерi қолданылады.
      Ескерту. 5-бапқа өзгерiсу енгiзiлдi - ҚР 1999.04.05 N 364 (1999.04.01 бастап күшiне енедi), 1999.11.16 N 482 (2000.01.01 бастап күшiне енедi), 2005.06.16 N 58 (қолданысқа енгiзiлу тәртiбiн 2-баптан қараңыз), 2006.07.04 N 148 (қолданысқа енгiзiлу тәртiбiн 2-баптан қараңыз), 2011.01.06 N 379-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Заңдарымен.

      6-бап. Жинақталған зейнетақы қаражатының сақталуына


              кепiлдiк

      РҚАО-ның ескертуi!


      1-тармақ 2012.01.01 ҚР 2008.11.20 N 88-IV (қолданысқа енгiзiлу тәртiбiн 2-баптан қараңыз) Заңымен жаңа редакцияда жазылады.
      1. Мемлекет алушыларға жинақтаушы зейнетақы қорларындағы мiндеттi зейнетақы жарналарының осы Заңмен және Қазақстан Республикасының өзге де заң актiлерiмен анықталған, алушының зейнетақы төлемдерiн алу құқығы кезiндегi инфляция деңгейiн ecкepe отырып, iс жүзiнде енгiзiлген мiндеттi зейнетақы жарналары мөлшерiнде сақталуына кепiлдiк бередi.
      2. Жинақталған зейнетақы қаражатының сақталу кепiлдiгi, сондай-ақ:
      1) жинақтаушы зейнетақы қорларының зейнетақы жарналарын тарту және зейнетақы төлемдерiн жүзеге асыру жөнiндегi қызметiн лицензиялау;
      2) зейнеткерлiк активтердi басқаруды жүзеге асыратын ұйымның зейнетақы активтерiн инвестициялық басқару бойынша қызметiн лицензиялау;
      2-1) екiншi деңгейдегi банктердiң кастодиандық қызметiн лицензиялау;
      3) зейнетақы активтерiн инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын ұйымдар мен жинақтаушы зейнетақы қорлары үшiн пруденциалдық нормативтер белгiлеу;
      3-1) олардың қаржылық тұрақтылығын қамтамасыз ететiн тиiстi нормалар мен лимиттер белгiлеу жолымен жинақтаушы зейнетақы қорларының қызметiн реттеу;
      4) жинақтаушы зейнетақы қорларының және зейнетақы активтерiн басқаруды жүзеге асыратын ұйымдардың құрылтайшыларына, басшы қызметкерлерi мен мамандарына, сондай-ақ олардың жарғылық капиталының мөлшерi мен құрамына қойылатын талаптарды белгiлеу;
      5) жинақтаушы зейнетақы қорларының ақша мен бағалы қағаздарды жинақтаушы зейнетақы қорларымен және зейнетақы активтерiн инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын ұйымдармен аффилиирленбеген кастодиан банкте ғана сақтау талабын белгiлеу;
      6) (алып тасталды)
      7) жинақтаушы зейнетақы қорларының өз қаражаты мен зейнетақы активтерiнiң бөлек есебiн жүргiзу, сондай-ақ олардың мақсатты орналастырылуына бақылау орнату;
      8) (алып тасталды)
      9) диверсификация және зейнетақы активтерiн орналастыру кезiнде тәуекелдi азайту жөнiндегi талаптарды белгiлеу;
      10) жинақтаушы зейнетақы қорлары алатын комиссиялық сыйақы мөлшерiне шектеулер енгiзу;
      11) жинақтаушы зейнетақы қорларының зейнетақы активтерiн басқаруды жүзеге асыратын ұйымдардың жылдық қаржы есептерiне жыл сайын аудит жүргiзудiң мiндеттiлiгi;
      12) жинақтаушы зейнетақы қорларының және зейнетақы активтерiн басқаруды жүзеге асыратын ұйымдардың тиiстi мемлекеттiк органдар алдында Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртiппен ұдайы қаржылық есеп берiп отыруы;
      12-1) салымшы мен алушыға оның жинақталған зейнетақы қаражатының жай-күйi туралы ақпарат берiп отыру;
      13) алушыға өзiнiң жинақталған зейнетақы қаражатын жинақтаушы зейнетақы қорынан екiншiсiне ауыстыру мүмкiндiгiн беру, бiрақ ол жылына екi реттен аспауы керек;
      14) жинақталған зейнетақы қаражатын алушының таңдауы бойынша толық көлемiнде немесе iшiнара ерiктi сақтандыру;
      15) зейнетақы активтерiн сақтандыру жүйесiн құру арқылы қамтамасыз етiледi.
      Ескерту. 6-бапқа өзгерiс енгiзiлдi - ҚР 1999.04.05 N 364 (1999.04.01 бастап күшiне енедi), 2002.12.29 N 369 (2003.01.01 бастап күшiне енедi), 2004.12.20 N 13 (2005.01.01 бастап күшiне енедi), 2005.06.16 N 58 (қолданысқа енгiзiлу тәртiбiн 2-баптан қараңыз), 2006.05.05 N 139, 2008.11.20 N 88-IV (қолданысқа енгiзiлу тәртiбiн 2-баптан қараңыз), 2010.03.19 № 258-IV Заңдарымен.



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8


©kzref.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет