Қазақстан Республикасындағы бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған және пробация қызметінің есебінде тұрған азаматтарды әлеуметтік оңалтудың кешенді стратегиясы Мазмұны



жүктеу 329.07 Kb.
Дата05.04.2018
өлшемі329.07 Kb.


Қазақстан Республикасы

Президентінің

2016 жылғы _______ № ____

Жарлығымен

БЕКІТІЛГЕН

Қазақстан Республикасындағы бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған және пробация қызметінің есебінде тұрған азаматтарды әлеуметтік оңалтудың

кешенді стратегиясы

Мазмұны:
Кіріспе.

1. Бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған және пробация қызметінің есебінде тұрған азаматтарды әлеуметтік оңалтуды талдау және әлеуметтік шарттылығы

1.1. Бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарды оңалту процесін дамыту қарқыны.

1.2. Проблемалық аспектілер.

1.3. Халықаралық практика

2. Кешенді стратегияның мақсаты мен міндеттері

3. Бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған және пробация қызметінің есебінде тұрған азаматтарды әлеуметтік оңалтуды жетілдіру жолдары.

3.1. Қайта әлеуметтендірудің және нормативтік құқықтық базаның ұйымдастырушылық негіздерін жетілдіру.

3.2. Әлеуметтік сүйемелдеу жүйесін құру арқылы сотталғандарды әлеуметтік бейімдеу тетігін жаңғырту.

3.3. Кадр әлеуетін дамыту.

3.4. Бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарды қайта әлеуметтендіру процесінің ғылыми негіздерін қалпына келтіру.

4. Кешенді стратегияны іске асыру мониторингі және бағалау



Кіріспе

Мемлекет Басшысы «Қазақстан-2050» Стратегиясы қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты халыққа жолдауында қол жеткен жетістіктерге қарамастан Қазақстанда осы күнге дейін жалпы жаңғырту үрдісіне кіріге алмаған әлеуметтік топтардың бар екендігін атап өтті. Адамдардың моральдық жай-күйіне және қоғамдық аңсар-үмітіне әсер ететін теңгерімсіздікті жойып, қоғамның барлық жіктеріне қоғамда лайықты өз орнын табуға мүмкіндік беру талап етіледі.


Еліміздің бас стратегиялық құжатымен белгіленген саяси бағытқа негізделе отырып Қазақстан Республикасы Президентінің «100 нақты қадам – Ұлт жоспары» бағдарламасы заң төрелігін қамтамасыз ету жүйесін реформалаудың негізгісінің бірі ретінде бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған және пробация қызметінің есебінде тұрған азаматтарды әлеуметтік оңалтудың тиімді жүйесін қалыпқа келтіруді белгілейді.

Қазақстан тәуелсіздігінің алғашқы күндерінен бастап пенитенциарлық жүйе проблемаларына, бас бостандығынан айыру орындарында жазасын өтеп жатқан адамдармен жұмыс істеуге аса назар аударады. Түрмедегі адамдарды азайту, қоғамнан оқшаулаумен байланысты емес жазаларды орындау институтын дамыту бойынша барабар шаралар іске асырылды, бүгін осы бағыттарда елеулі жетістіктерге қол жеткізілді.


Жүргізіліп жатқан реформалардың негізгі кезеңі құқықтық саясатты ізгілендірудің негізгі векторы ретінде белгіленген Қазақстан Республикасының 2010 жылдан 2020 жылға дейінгі кезеңге арналған құқықтық саясат тұжырымдамасының (бұдан әрі – Құқықтық саясат тұжырымдамасы) ережелері болып табылды.

Халықаралық құжаттардың ережелері және шет ел практикасының оң тәжірибесі қайта әлеуметтендірудің тиімді процесі көптеген факторларға, оның ішінде сотталғандарды босатылуға дайындау бойынша жүргізілген жұмысқа, сондай-ақ босатылғаннан кейін оңалту кезеңінде көрсетілген әлеуметтік-психологиялық көмекке байланысты болатындығын көрсетеді.

Бұл процесте ерекше орын түзеу мекемелеріне берілген, себебі орныққан жазаны өтеу жүйесі белгілі бір әсерін қалдырады: отбасылық, туыстық байланыстарды әлсіздендіреді, сотталғанның өз ресурстарын ұтымды және дұрыс пайдалану және бостандықта түрлі өмір оқиғаларында барабар шешімдер қабылдау дағдыларын жоғалтуға әсер етеді.

Бұдан басқа, босатылғаннан кейін адамды сүйемелдеудің, оның қоғамға толық қайта оралуы бойынша тиімді тетігін, бостандықтағы өмірдің алғашқы кезеңінде туындаған жеке және әлеуметтік проблемаларды шешуге жәрдем көрсетудің ерекше мәні бар.

Бұрын сотты болғандарды оңалту – жазаны орындау қызметтерінің міндеттері ғана емес. Осы қиын мәселеде барлық уәкілетті мемлекеттік органдардың және үкіметтік емес ұйымдардың кешенді ынтымақтасуы көмектесе алады.

Сотталғандарды қайта әлеуметтендіру мәселесі бойынша бірінші қадам Қазақстан Республикасында құқық қорғау және сот жүйесінің тиімділігін арттыру жөніндегі іс-шаралар шеңберінде қабылданған болатын, онда қылмыстық жазаны өтеген адамдарды әлеуметтік бейімдеу және оңалтуды ұйымдастыру және жүзеге асыру жөніндегі функциялар жергілікті атқарушы органдардың қарамағына берілген болатын.

Мәселен, «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне әртүрлі заңнамалық актілердің құқық нормалары арасындағы қайшылықтарды, олқылықтарды, коллизияларды және сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар жасауға ықпал ететін нормаларды жою мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2011 жылғы 10 қаңтардағы Заңда бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарды әлеуметтік оңалту жергілікті атқарушы органдарға жүктелген.

Құқықтық саясат тұжырымдамасының ережелерін іске асыру шеңберінде 2012 жылы қылмыстық-атқару инспекциясы базасында пробация қызметі құрылған болатын, ол сотталғандардың мінез-құлқына бақылауды жүзеге асырып ғана қоймай, сондай-ақ жұмысқа орналастыру, білім және мамандық алу, медициналық, заң, психологиялық және өзге де әлеуметтік көмекті көрсететін мемлекеттік органдардан түрлі әлеуметтік-құқықтық көмек алуларына жәрдемдеседі.

2015 жылғы 1 қаңтардан бастап Қылмыстық-атқару кодексі қолданысқа енгізілді, онда бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған сотталғандарды қайта әлеуметтендіру процесін реттейтін нормалар көзделген. Бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған және пробация қызметінің есебінде тұрған адамдарға әлеуметтік-құқықтық қызмет көрсетудің қажетті көлемін көрсетуде мемлекеттік органдардың қоғамдық ұйымдардың және азаматтардың мүмкіндіктерін кешенді іске асыруда жаңғарту мен дамыту тетіктерінің маңызды аспектілеріне жетекші рөл берілуі тиіс. Құқықтық қатынастардың осы саласындағы барлық субъектілердің өзара іс-қимылыныцң тиімділігін арттыруға ерекше назар қойылуы тиіс.

Кешенді стратегия бас бостандығынан айыру орындарынан босатылғаннан кейін және пробация қызметінің есебінде тұрған кезінде оның салдарымен күресіп қана қоймай, әлеуметтік бейімсізденуі және депривациясына алғышарттарының жойылуына бағытталуы тиіс.

Кешенді стратегия ережелерінің өмірге енгізілуі заңнама нормаларына негізделуі, сабақтас және әдістемелік сипатта болуы, Қазақстан Республикасының Конституциясымен жарияланған азаматтардың барлық құқықтарын, бостандықтарын және заңды мүдделерін, қол сұғылмаушылығын және іске асырылуын қамтамасызы етуі тиіс. Стратегия ережелері ағымдық жағдайының мониторингін және объективті бағалануын, оны іске асыру барысында алынған жетістіктердің тиімділігін ескере отырып, түзетілуі мүмкін.


1. Бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған және пробация қызметінің есебінде тұрған азаматтарды әлеуметтік оңалтуды талдау және әлеуметтік шарттылығы
1.1. Бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарды оңалту процесін дамыту қарқыны.

Қылмыстық-атқару жүйесінің құрылымында 92 мекеме, оның ішінде 74 түзеу мекемесі және 18 тергеу изоляторы.

2015 жылы ҚАЖ мекемелеріндегі арнайы контингент саны 39945 (2014 жылы – 47939, 2013 жылы - 49821), оның ішінде түзеу мекемелерінде – 34199 (2014 жылы – 42144, 2013 жылы – 43220), тергеу изоляторларында – 5746 (2014 жылы – 5825, 2013 жылы – 6601) құрады.

Пробация қызметінің есебі бойынша өткен адамдарды саны 2015 жылы – 47862 (2014 жылы – 39530, 2013 жылы – 34309) құрады.

Сотталғандардың санын талдау бас бостандығынан айыру орындарындағы сотталғандар санының төмендегенін, бұл ретте пробация қызметінің есебе бойынша өткен сотталғандар санының өскенін көрсетеді.

Сондай-ақ, жыл сайын бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдар саны өсуде. 2015 жылы – 16218 сотталған (2014 жылы – 11255; 2013 жылы – 9020), оның ішінде жаза мерзімінің аяқталуы бойынша 2015 жылы – 4675 (2014 жылы – 4414, 2013 жылы – 3711) босатылды.

Әлеуметтік көмекке бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған барлық адамдар мұқтаж. Орталық Азиядағы Халықаралық түрме реформасы (бұдан әрі - PRI) үкіметтік емес ұйымы өткізген «Қазақстандағы сотталғандар кімдер олар?» зерттеу сұрастырылған сотталғандардың 38%-ы бұрын сотты болғандар, оның ішінде 39%-ы ақшаның жоқтығы және өмір сүруге қаражаттың болмауы қылмыс жасауға итермелегенін көрсетті.

Қазақстанда қайта әлеуметтендіру тетігін іске асырудың құқықтық негізі құрылған. Қылмыстық-атқару заңнамасы пробациялық бақылаудағы адамға қатысты оның жаңа қылмыстық құқық бұзушылық жасауын алдын алу мақсатында оның мінез-құлқын түзеу үшін жеке жасалатын және іске асырылатын әлеуметтік-құқықтық сипаттағы шаралар кешені ретінде «пробация» терминінің мәнін айқындайды.

Құқықтық реттеудің мемлекеттің әлеуметтік көмегінің жекелеген бағыттары бар: Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы кодексі, «Халықты жұмыспен қамту туралы», «Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы», «Қазақстан Республикасында мүгедектiгi бойынша, асыраушысынан айрылу жағдайы бойынша және жасына байланысты берiлетiн мемлекеттiк әлеуметтiк жәрдемақылар туралы», «Арнаулы әлеуметтік қызметтер туралы», «Қазақстан Республикасында мүгедектердi әлеуметтiк қорғау туралы» заңдары, «Жұмыспен қамту 2020 жол картасы» бағдарламасы және басқалары.

Білім және ғылым министрлігімен бірлесіп сотталғандардың бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім алулары, сондай-ақ кәсіби және техникалық білім алу жағдайы мен тәртібін анықтайтын нормативтік құқықтық актілер қабылданды. Қазіргі уақытта ҚАЖ мекемелерінде 57 жалпы білім беру орындары бар, онда шамамен 3,5 мың адам білім алуда.

Жазаны өтеу кезеңінде жұмыспен қамтамасыз етілу сотталғандарды босатылуға дайындаудың негізгі түрлерінің бірі. Сотталғандарды қайта әлеуметтендіру жазаны өтеудің алғашқы күнінен басталады, осылайша карантин бөлімшесінде болған уақытында сотталғандардың еңбегін ұйымдастыру қызметінің қызметкерлері бар мамандықтары, бұрынғы жұмыс орнының, еңбек өтілінің, жұмыс істеу дағдыларының және т.б. болуларына сотталғандарды зерттеу бойынша жұмыс жүргізеді.

Мекеменің кәсіпорындарында, сондай-ақ босатылғаннан кейін жұмыс істеу үшін қажет кәсіптері мен мамандықтары жоқ сотталғандардың кәсіби білім алуларына түзеу мекемелерінде ерекше көңіл бөлінеді.

Мекемелерде 47 кәсіби колледждер құрылған, онда еңбек нарығында қажет етілетін 35 мамандық бойынша (дәнекерлеуші, сылақшы, плитамен қаптаушы, жиһаз жинаушы, токарь-аспапшы, тас қалаушы) 3,5 мың сотталған білім алуда. Мамандық алғаннан кейін олар мекемеде, сондай-ақ босатылғаннан кейін де жұмысқа орналасу мүмкіндігін алады. әрбір сотталғанда ақшаны уақытша орналастыруға арналған қолма-қол бақылау шоты бар, оған еңбекақысы, туыстарынан және өзге де адамдардан түскен ақша аударымдары түседі.

ҚАЖ мекемелерінің іске қосылмаған өндірістік алаңдарында жаңа өндіріс ашу ниеттері бар кәсіпкеркерлік субъектілер «Өнімділік 2020», «Экспортер - 2020», «Бизнестің жол картасы - 2020» бағдарламаларымен көзделген кәсіпкерлерді мемлекеттік қолдау құралдарын пайдаланады. ҚАЖ комитетінің вебсайтында жұмыспен қамтылу жобасы; қамаудағылардың жетістіктер тарихы; қамаудағыларға арналған 100 іс; қамаудағылардың тауарлары мен қызметтерінің виртуалды жәрмеңке-көрмесі; 1000 бизнес-идея, мамандықтар бойынша кәсібилердің тізімі және т.б., бөлімдері бар «Колонияларда жұмыспен қамту» ақпараттық блогы бар, ол ҚАЖ кәсіпорындарында қосымша тапсырыстарды орналастыруға мүмкіндік берді.

Жұмыспен қамтамасыз етуге жүргізілген талдау соңғы 3 ішінде сотталғандарды ақылы жұмыстарға шығарылғандардың өскенін көрсетті 2013 жылы – 49,6%, 2014 жылы – 51,4%, 2015 жылы – 55,5%, 2016 жылы – 58,4%.

Медициналық көмек Қазақстан Республикасының Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы кодексіне сәйкес тегін медициналық көмектің кепілдендірілген көмегі шеңберінде ұсынылады және профилактикалық, диагностикалық және емдеу-медициналық қызметтерінен тұрады. Бас бостандығынан айыруға сотталған туберкулезбен ауыратындарға және Қазақстан Республикасында туберкулезге қарсы көмекті көрсетуді ұйымдастыру стандарты мен жоғары тәуекел топтарына жататындарға ерекше көңіл бөлінеді.

Бүгінгі таңда Қазақстанда бас бостандығынан айыруға сотталғандарға медициналық қызмет көрсету үшін 3 соматикалық аурухана, 5 туберкулезге қарсы аурухана, 1 психиатриялық аурухана жұмыс істейді.

Барлық арнайы контингент денсаулық сақтаудың медициналық ұйымдарының халық тіркелімінің тізіліміне (бұдан әрі - ХТТ) енгізілген, бұл ҚАЖ мекемелерінде ұсталатын адамдарды азаматтық халықпен бір жағдайда медициналық қызмет алуға мүмкіндік береді. Сотталғандарды профилактикалық тексерістен өткізуге азаматтық денсаулық сақтаудың бейінді мамандары тұрақты негізде тартылады.

Қабылданып жатқан шаралар нәтижесінде соңғы 5 жыл ішінде ҚАЖ мекемелеріндегі өлім-жітім 39%-ға, туберкулезден өлім-жітім 67,4%-ға, алғашқы рет анықталған туберкулез саны 56%-ға, сондай-ақ жалпы туберкулезбен ауыратындар саны 1,7-ге төмендеген.

Талдау көрсеткендей сотталғандарды қайта әлеуметтендіру үшін құрылған жағдайлар бас бостандығынан айыру орындарында жазаны орындау кезінде, сондай-ақ бас бостандығынан айырумен байланысты емес жазаларды орындау кезінде де оң қарқынға ие екенін көрсетті. Жүргізілген талдау ҚАЖ мекемелерінде 1000 адамға шаққанда сотталғандар арасында бұзушылықтар саны азайғанын көрсетеді. Мәселен, 2013 жылы 449 бұзушылық (оның ішінде 98 қасақана), 2014 жылы – 386 (92), 2015 жылы бұзушылықтар саны 294-ке дейін (64) төмендеген.

Пробация қызметінің есебінде тұрған адамдар санының көбеюі кезінде олардың қайта қылмыс жасау саны төмендеген. 2013 жылы 18971 адам есепте тұрған, бұл ретте 744 қайта қылмыс жасалды, 2014 жылы 21423 (671), 2015 жылы 26221 (455) қылмыс жасалды.

Босатылуға дайындықты мекеменің психологтармен бірлесіп еңбек және тұрмыстық орналасу бойынша инспекторлар жүзеге асырады. Пенитенциарлық мекемедегі психологиялық қызмет жаңадан келген сотталғандарды диагностикадан өткізіп ғана қоймай, сондай-ақ сотталғанның жеке тұлғасын психологиялық түзейді. Жыл сайын психологтар өз іс-шаралары мен сотталғандардың көптеген бөлігін қамтиды. Жекелеген мәселелер бойынша мемлекеттік, жергілікті атқарушы органдар, қоғамдық бірлестіктердің және үкіметтік емес ұйымдардың мамандары тартылады. Сотталғанның қоғамға кіруі және мекемеден тыс өмір жағдайларына бейінделуін ұйымдастыру оның әлеуметтік-пайдалы байланыстарын қалпына келтіру процесін көздейді, бағдарламалық сипатта және тиімді болуда.

Қылмыстық-атқару заңнамасы нормаларымен босатылатын сотталғандарды еңбекке және тұрмыстық орналастыруға жәрдемдесу, оның ішінде сотталғанның таңдаған тұрғылықты жеріне немесе жұмысына тегін жетуін, сондай-ақ барар жеріне азық-түлікпен немесе Қазақстан Республикасы аумағы шегінде жол жүруіне ақшамен қамтамасыз етуді көздейді.

Қылмыстық-атқару кодексінде және «Халықты жұмыспен қамту туралы» заңына жергілікті атқарушы органдардың мекемелерден босатылған және пробация қызметінің есебінде тұрған адамдары үшін жұмыс орындарының квотасын жыл сайын бөлуді, сондай-ақ әкімдіктердің жеке және заңды тұлғаларды, оларды жұмысқа орналастырушыларды марапаттауды заңнамалық бекіту новелла болып табылады.

Облыстар, Астана және Алматы қалалары бойынша әкімдіктердің мәліметтері бойынша 2012-2015 жылдар кезеңінде бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдардың 819-ы халықты жұмыспен қамту орталықтарымен әлеуметтік шарт жасасты, оның ішінде 791 адам жұмысқа, соның 423-і тұрақты жұмыс орындарына орналасты. Жұмыс берушілердің өтінім берулері бойынша 115 адам қажетті мамандықтар бойынша кәсіби оқытудан өтті.

Сондай-ақ, өңірлерді дамыту бағдарламасы шеңберінде аталған кезеңде жұмыс іздестіру үшін жүгінген бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған 6708 адамнан 54,2% немесе 3635 адам, оның ішінде квота шеңберінде – 33,4% немесе 2245 адам жұмысқа орналастырылған. Уақытша жұмыс орындарымен 16% немесе 1076 адам қамтылған. Жергілікті бюджет есебінен 9,7% немесе 653 адам еңбек нарығында қажетті мамандықтар бойынша оқуды аяқтады.

Заң шығарушы жұмыс орындарын квоталау, оны іске асыру тетігінің нақты реттелуі және орындамағаны үшін жауапкершілігі бойынша нормалардың шынайы іс-қимылын қамтамасыз ету бойынша жұмысты жүргізуде.

Зейнетақылық қамтамасыз ету және мемлекеттік жәрдемақыларды төлеу мәселелері толық көлемде реттелген. Жазасын өтеуден босатылғандар жалпы негіздерде жұмыссыздық бойынша өтемақыны алуға құқылы. Қазақстан Республикасының заңнамасымен азаматқа бас бостандығынан айыру түріндегі жазаны өтеу кезеңінде, сондай-ақ босатылғаннан кейін де зейнетақы мен өтемақыларын төлеу тәртібі белгіленген. Отбасын, ана, әке болу және балалықты мемлекеттік қорғауды қамтамасыз ету мақсатында заңнамада балаларға жәрдемақы төлеу, сондай-ақ тұрғын үйді ұстауға және коммуналдық қызмет қажеттіліктерін төлеуге көмек көрсету жағдайлары белгіленген.

Бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған және пробация қызметінің есебінде тұрған азаматтар заңмен өмірдің қиын жағдайында қалған адамдар болып танылуы мүмкін, бұл оларға халықты әлеуметтік қорғау саласында арнайы әлеуметтік қызметтер кешенін алу құқығын береді. Стационар, жартылай стационар түріндегі медициналық-әлеуметтік, баспанасы жоқ және өмір сүру үшін қаражаты жоқ мүгедектігі бар және зейнеткерлік жасына байланысты үйде, уақытша болған жерінде (белгілі тұрғылықты жері жоқ адамдарды әлеуметтік оңалтуға арналған орталықтар (бұдан әрі - ӘОО), түнде болу үйлері (бөлімшелері) қызмет көрсету жағдайларында қызмет көрсету стандарттары белгіленді.

Талдау жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар органдарына жүгінген 68%-ы пробация (53%), әлеуметтік қорғау, жергілікті полиция қызметі және түзеу мекемелерімен жіберілгенін көрсетеді.


Бүгінгі күні осы бағыттағы мемлекеттік органдардың қызметін сапалы жақсарту, осы қызметке үкіметтік емес ұйымдарды тарту, ведомствоаралық іс-қимыл институтын және мемлекет пен қоғамның өзара іс-қимылын күшейту жолдары арқылы бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған және пробация қызметінің есебінде тұрған азаматтарды әлеуметтік оңалтудың тиімді тетіктерін әзірлеу және енгізу талап етіледі.

1.2. Проблемалық аспектілер.

Бас бостандығынан айыру орындарындағы сотталғандарды жұмыспен қамту мәселесі шешуді талап етеді. Жұмыспен қамтылған сотталғандардың жыл сайын көбеюіне қарамастан 40% астамы ақылы жұмысқа тартылмай отыр.

Жабық үлгідегі мекемелерде олардың өмірлері іс-қимылдың қатаң регламентімен сипатталатын бас бостандығынан айырудың ұзақ мерзімін өтеген сотталғандар босатылғаннан кейін өмірлік жағдайларға дұрыс бағдарды таба бермейді. Сол себепті бірқатар шет елдердің заңнамасында оларды ашық үлгідегі мекемеге ауыстыру көзделген, онда олар өз бетінше болу және мінез-құлықтарына жеке жауапкершілікте болу мүмкіндігін алады.

Бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарды жұмысқа орналастыруға жәрдемдесу кезінде:

- ұсынылатын аз төленетін жұмыс орындарында жұмыс іздеуде жұмыспен қамту орталықтарына аз жүгіну, өз бетінше жұмыс ісздеу;

- бостандыққа шыққан адамдардың жұмыс берушіге қажет мамандықтары мен біліктіліктері жоқтығынан еңбек нарығында бәсекеге қабілеттіліктерінің төмендігі;

- сотты болған адамдарды жұмысқа қабылдауда жұмыс берушілердің қызығушылықтарының жоқтығы проблемалары орын алуда.

Соңғы 4 жыл ішіндегі статистика ҚАЖ мекемелерінен жыл сайын орта есеппен 8 мыңнан бастап 16 мыңға дейін адам босатылатынын растайды, оның ішінен шамамен 1 мың адамда тұрақты тұрғын жері жоқ, тиісінше бостандықтағы алғашқы күндеріне тұрғын үйге мұқтаж. Бүгінгі таңда осы азаматтарды орналастыру проблемасын шешу Қылмыстық жазаларын өтеп шыққан адамдарды әлеуметтік бейіндеу және оңалту орталықтарына жүктелген. Алайда, Қазақстанда бұндай орталықтар тек екі өңірде – Павлодар және Шымкент қалаларында жұмыс істейді. Әрине, олардың ресурстары орын алып отырған қажеттіліктерді толық көлемде қанағаттандыруға мүмкіндік бермейді. Сонымен қатар, жеке басын куәландыратын құжаттары жоқ және тұрғылықты жері бойынша тұрақты немесе уақытша тіркелісі жоқ босатылған адамдар Белгілі тұрағы жоқ адамдарды әлеуметтік бейімдеу орталықтарына орналасулары мүмкін. Кейде Орталықтар әлеуметтік проблемалары бар бұрынғы сотталғандарды қабылдамайды, себебі соңғыларының тұрғылықты жері бойынша тіркелімі бар.

Есептегі азаматтардың әлеуметтік бағдарламалардың тиімділігіне, мемлекет пен қоғам тарапынан қолдаудың шынайылығына, сенімділіктерінің болмауы елеулі проблема болып табылады және бұл үшін бірқатар негізделген себептер бар. Жұмыспен қамтудың мемлекеттік бағдарламалары аз төленетін жұмыс орындарын ұсынуға, оның ішінде босатылған азаматтың жұмыс берушімен талап етілетін қажетті мамандық пен біліктіліктің болмауы немесе жоғалтуына байланысты бағдарланған. Қоғамда осы күнге дейін әлеуметтік таңбалаудан, бір кезде заңды ескермеген азаматтарға қолдау көрсету ниетінің жоқтығы орын алуда.

Қайта әлеуметтендіру процесінің барлық сатысында: ҚАЖ мекемелерінде бас бостандығынан айыруды өтеу уақытында, бас бостандығынан айыру орындарынан босатылуға дайындау сатысында және пробация қызметінің жұмысы процесінде бағалау тиімділігі жүйесін жақсартуды талап етеді. Тиімділікті бағалау жүйесіндегі кемшіліктер осы адамдарды қайта әлеуметтендіруді реттейтін нормативті құқықтық базаны жетілдіру және қайта әлеуметтендірудің қазіргі заманғы әдістемесін әзірлеу бойынша ғылыми-негізделген шешімді жасауға мүмкіндік бермейді.

Бас бостандығынан айыру орындарынан босатылатын адамдарды қайта әлеуметтендіру осы адамдар туралы шынайы және толыққанды ақпаратқа негізделуі тиіс. Бұнымен қоса, бас бостандығынан айыру орындарынан босатылатын сотталғандардың шынайы және толыққанды мінездемесі жеке тұлғаны зерттеудің қазіргі заманғы әдістемелер мен әдістерді пайдалану арқылы алынуы мүмкін. Қазіргі уақытта Қазақстанда көрсетілген әдістемелерді пайдаланбайды, бұл бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарды қайта әлеуметтендіру процесін елеулі қиындата түседі.

Жергілікті атқарушы органдардың жанынан консультативтік-кеңесші органдар (бұдан әрі - ККО) жұмыс істейді, олардың міндеті қылмыстық жазаларды және қылмыстық-құқықтық ықпал ету шараларын орындайтын, сондай-ақ қылмыстық жазаларын өтеп шыққан адамдарға әлеуметтік және өзге де көмек көрсетуді ұйымдастыру бойынша органдар мен мекемелер қызметіне жәрдем көрсету болып табылады. ККО жұмысы көбіне үстіртін сипатта болады, себебі шығарылатын шешімдер ұсынымдық сипатта болып, жұмыс органы белгіленбеген.

Бұл процесте мемлекеттік органдардың функцияларын іске асырудың көптеген маңызды тетіктері іске қосылған, бірақ бұндай функцияларды іске асырудың нақты сызбасы белгіленбеген. Уәкілетті органдардың құзыретін бекітетін қолданыстағы нормативтік құқықтық актілерде осы мәселеде үйлестірушінің рөлі айқындалмаған.

Үкіметтік емес ұйымдардың және қоғамдық бірлестіктердің, бұқаралық ақпарат құралдарының және бей-жай емес азаматтардың мүмкіндіктері әлсіз пайдаланылады.

Бүгінгі күні осы бағыттағы бірең-сараң ҮЕҰ жұмысы жүйеліліктен айырылған, мүлдем ынтыландырылмайды және ауыспалы жетістіктермен жүргізіледі. Соңғы жылдары бірде-бір ҮЕҰ жазадан босатылған азаматтарды қайта әлеуметтендіру бойынша қызметке мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс алмаған.

Қазіргі таңда бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған және пробация қызметінің есебінде тұрған азаматтарды әлеуметтік оңалту бойынша мемлекеттік бағдарламаларға және жобаларға мемлекеттік емес инвестицияларды тарту мақсатында МЖӘ тәжірибесі іс жүзінде болмай отыр, оның ішінде бұрынғы сотталғандар үшін қайта әлеуметтендіру орталықтарын салу, ашу және жұмыс істеуіне МЖӘ тәжірибесі жоқ.

ҚАЖ мекемелерін және пробация қызметтерін бас бостандығынан айыруға сотталған азаматпен жұмыс істеудің барлық кезеңінде, оның ішінде ол босатылғаннан және пробациялық бақылауға түскеннен кейін әлеуметтік сүйемелдеуді жүзеге асыруға мүмкіндік беретін арнайы білім бар білікті қызметкерлермен кадрлық камтамасыз ету мәселелері шешуді талап етеді.

Бұл аспектіде пробация қызметінің штаттық құрылымында әлеуметтік жұмысшының немесе педагог-психолог лауазымдары қарастырылмағанын атап өткен жөн, бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған және пробация қызметінің есебінде тұрған сотталғандарды әлеуметтік сүйемелдеу бойынша волонтерлардың жұмысының қандай да бір ұйымдастыру-құқықтық негізі жоқ. Бүгінгі таңда бұл қызметтің барлық функцияларын іске асыру бір лауазымды адамға – пробация қызметінің инспекторына жүктелген. Бұл ретте, кешегі күнгі жазалау-қадағалау функцияларын орындаған қылмыстық-атқару инспекциясы қызметкерінің кәсіби дағдыларының ерекшеліктері, оны қайта бағдарлау және қайта даярлау қажеттігі ескерілмейді. Қазіргі кезеңде Қазақстандағы пенитенциарлық пробация институты құрылуы жағдайында және ҚАЖ қызметкерлерінің азаматты босатылуға дайындау кезеңінде іс-шаралар кешенін іске асыруға негізделген. Осы институттың құрылуы пенитенциарлық пробацияны бас бостандығынан айыру орындарында әлеуметтік-құқықтық көмектің басты элементі ретінде жүзеге асыру тетігін пәндік нормативтік реттеуді талап етеді. Қылмыстық заңның аясына түскен азаматтарды әлеуметтік сүйемелдеудің әлемдік практикасы мемлекеттің азаматтық қоғам институттарымен ынтымақтастықтарын көздейді.

Бұдан басқа, ҚАЖ мекемелерін медицина қызметтерін кадрмен қамтамасыз ету проблемасы да орын алуда. Мекеме штаттарының жасақталмауы (40% астамы) соңғы жылдары сақталуда және еңбек етудің ауыр жағдайларына қарамастан заңнамада арнайы атақтары бар медициналық қызметкерлерге азаматтық денсаулық сақтау жүйесінің қызметкерлеріне белгіленген көлемде қосымша ақы көзделмеген. Осы себептер үшін ҚАЖ мекемелерінің медициналық персоналында өзінің кәсіби біліктілігін арттыру үшін уәждемелері жоқ, яғни біліктілік санатына қосымша ақы азаматтық денсаулық сақтау жүйесінің медициналық персоналына төленетін қосымша ақының 3-5%-н құрайды.

Сотталғандарға әлеуметтік қызмет көрсету саласында жұмыс істейтін қорлардың құрылуын нормативтік заңнамалық бекіту, үкіметтік емес ұйымдардың және қоғамдық бірлестіктердің құқықтық мәртебесін, өкілеттіктері мен құзыреттерін, олармен іс-қимыл жасасудың нақты реттелген тетігінің, сондай-ақ материалдық және материалдық емес ынтыландыру тетігінің айқындалуы ерекше назар бөлуді талап етеді.

ҚАЖ мекемелерінен ауруына байланысты босатылған адамдарды, сондай-ақ түрлі диспансерлік есептерде тұрған адамдарды медициналық сүйемелдеу туралы мәселесі әлі де болса өзекті болып қалуда. ХТТ бойынша босатылғаннан кейін ҚАЖ мекемесі аумағынан кеткен азаматтарды есепке алу қиындық тудырып отыр, бұлар автоматты түрде жазасын өтеу орнының медициналық ұйымынан есептен шығарылуына әкеп соқтырады. Бұл босатылған азаматтың жаңа тұрғылықты жері бойынша тіркелуіне дейін қажетті медициналық көмек алу құқығынан айырады. Осындай ұқсас жағдай мүмкіндіктері шектеулі сотталғандарға медициналық қызмет көрсетуде де қиындық тудыруда, олар да осы себептермен медициналық-әлеуметтік сараптамадан қайта куәландырудан өтулеріне және өзінің мүгедектігін растау құқығынан айырады.

2.3. Халықаралық практика
Қамаудағылармен қарым-қатынастың ең төменгі стандарттық ережелері бас бостандығынан айыруға сотталғандарды қоғамнан аластатылғандар ретінде емес, олардың мүшелері ретінде қалғандар ретінде есептеу ұсынылған.

Германияда сотталғандарды жабық үлгідегі мекемелерден ашық үлгідегі мекемелерге ауыстыру көзделген, онда олар өз мінез-құлқына жеке жауапкершілікте болу мүмкіндігін алады.

Шет елдерде босатылуға дайындалып жатқан сотталғанды арнайы бөлімшілерге немесе мекемелерге жіберу практикасы кеңінен таралуда.

Чехияда түзеу-тәрбиелеу мекемелері жанында сотталғандарды босатылуға дайындауға арналған оңалту бөлімшелері жұмыс істейді. Осындай ұқсас практика Норвегияда қолданыста, онда «Half-Way Hous» («Үйге жарты жолда») «өтпелі» түрмелері жұмыс істейді, оның ішінде босатылуға дайындалып жатқандардың әрбіріне қажетті әлеуметтік-құқықтық көмек көрсету үшін бір қызметкер белгіленеді.

Қамаудағыларды жұмысқа орналастыру бойынша Еуропа, АҚШ және посткеңестік кеңістіктегі елдердің пенитенциарлық мекемелерінің халықаралық жұмыс тәжірибесі түрмелерде барлық өндірісті, пенитенциарлық мекеменің ішінде жұмыс істейтін жеке кәсіпорындарда қамаудағыларды жұмысқа орналастыру мүмкіндігімен қатар олардың әкімшілігі басқарады.

Қазақстан үшін осы салада ҚР Қауіпсіздік кеңесінің тапсырмасымен сәйкес келетін өндірісті жүзеге асыратын ҚАЖ мекемелерінде бюджеттен тыс учаскелерді құру бойынша Ресей Федерациясының тәжірибесі анағұрлым оңтайлы болып табылады.

ЭӘДҰ мүше-елдерде «әлеуметтік бонд» институты жұмысының тәжірибесін зерттеу заманауи әлемде әлеуметтік жобаларды жеке секторлардың инвестициялауын енгізудің өзектілігін көрсетті.

Ұлыбританияда 2010 жылдан бастап «Social Impact Bond» (SIB) – «Әлеуметтік ықпал етудің облигациясы» жеке капиталды коммерциялық емес секторға тартуға мүмкіндік беретін және табысты әлеуметтік проблемаларды шешуде қол жеткізумен байланыстыратын инновациялық қаржы инструменты өз жұмысын бастады. Қазақстан үшін әлеуметтік қызмет көрсетуді жеткізуші тарапынан қолдау мен оңалту іс-шаралары арқасында бұрын сотты болған адамдардың қайта қылмыс жасауларын төмендету. Оның міндетіне бұрын сотты болғандарды жұмысқа орналасуына, тұрғын және басқа да проблемаларын шешуде көмек көрсету кіреді.

Егер жоба табысты болып және белгілі бір жақсылықтарға қол жеткізілсе жеке инвесторға шығындары (мемлекет тарапынан) және де белгілі бір бонуспен қайтарылады.

Нидерландыда бұрынғы сотталғандарды қайта әлеуметтендіру орталықтарының орналасу практикасы нәтижелі сыналды, онда оларға тұрғын үй және кейін жұмыс орналастыру мүмкіндігі беріледі.

Халықаралық тәжірибе көрсеткендей негізгі қайта әлеуметтендіру факторлары білім, мамандық алу, жұмысқа орналасу, жоғалтқан әлеуметтік байланыстарды қалпына келтіру, босатылғаннан кейін тұрғын үйінің және өмір сүру үшін алғашқы қаражатының болуы болып табылады. Бұл факторлар әлеуметтік проблемаларды шешу үшін коммерциялық емес секторға (әлеуметтік бондтар) жеке капиталды тарту арқылы тиімді іске асырылады.

Қазақстанда бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған және пробация қызметінің есебінде тұрған азаматтарды әлеуметтік оңалту мәселесі заңнамалық түрде реттелген және осы бағытта жұмыс жүргізілуде. Бұл ретте, қылмыстық жазаны өтеген адамдарды кешенді қайта әлеуметтендірудің ұлттық жүйесін құру бойынша құрылымдық өзгерістерді шешуге күш-жігер салу қажет.


2. Кешенді стратегияның мақсаты мен міндеттері
Мақсат және мақсатты индикаторлар
Осы Кешенді стратегияның мақсаты қылмыстық жазаны өтеген адамдарды кешенді қайта әлеуметтендірудің ұлттық жүйесін құру, оны тиімді іске асыру үшін жағдайлар жасау, қайталама қылмыс жасаудың алдын алу және факторларын бейтараптандыру болып табылады.

Кешенді стратегияда қолданылатын мақсатты индикаторлар:

- түрлі негіздер бойынша бас бостандығынан айыру түріндегі жазаны өтеуден босатылған адамдардың жалпы санына қатыстылығы бойынша бас бостандығынан айыру орындарына босатылғаннан кейін қайта қылмыс жасаған адамдардың үлесі (постпенитенциарлық қайталануы);

- әлеуметтік-құқықтық қызмет көрсету сапасы;

- бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған және пробация қызметінің есебінде тұрған азаматтардың сенім деңгейі, әлеуметтік оңалту мемлекеттік бағдарламаларының тиімділігі;

- пробация қызметінің есебінде тұрған азаматтарды әлеуметтік-құқықтық көмек көрсету жеке бағдарламаларымен қамту деңгейі;

- бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған және пробация қызметінің есебінде тұрған азаматтарды заңға бағынушылық мінез-құлыққа және әлеуметтік-құқықтық көмек көрсету бағдарламаларына қатысуға уәжделеу деңгейі;

- мемлекеттік-жекешелік әріптестікті дамыту деңгейі;



Міндеттер

- қайта әлеуметтендірудің және нормативтік құқықтық базаның ұйымдастырушылық негіздерін әзірлеу;

- әлеуметтік сүйемелдеу жүйесін құру арқылы сотталғандарды әлеуметтік оңалту тетігін жетілдіру;

- бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған және пробация қызметінің есебінде тұрған сотталғандарды әлеуметтік бейімдеу процесін іске асыратын мемлекеттік органдарда кадр саясатының тиімділігін арттыру;

- қоғамдастықта сотталғандардың және бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдардың проблемаларына жаңа қарым-қатынасты қалыптастыру.

- бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарды қайта әлеуметтендіру процесінің ғылыми негіздерін дамыту.

3. Бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған және пробация қызметінің есебінде тұрған азаматтарды әлеуметтік оңалтуды жетілдіру жолдары.
Кешенді стратегияның қойған мақсатына сәйкес бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған және пробация қызметінің есебінде тұрған азаматтарды әлеуметтік оңалтудың тиімді жүйесін құру үшін негізгі бастамалары:

1. Қайта әлеуметтендірудің және нормативтік құқықтық базаның ұйымдастырушылық негіздерін жетілдіру.

2. Әлеуметтік сүйемелдеу жүйесін құру арқылы сотталғандарды әлеуметтік оңалту тетігін жетілдіру.

3. Кадр әлеуетін дамыту.

4. Бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарды қайта әлеуметтендіру процесінің ғылыми негіздерін қалпына келтіру болып табылады.

3.1. Қайта әлеуметтендірудің және нормативтік құқықтық базаның ұйымдастырушылық негіздерін жетілдіру.
Қылмыстық сот төрелігінің қайта әлеуметтендіру әлеуетін күшейту, бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған және пробация қызметінің есебінде тұрған адамдарға әлеуметтік-құқықтық және өзге де көмек көрсету мәселелерінде мүдделі мемлекеттік органдардың, үкіметтік емес ұйымдардың тиімді өзара іс-қимыл жасасуын қамтамасыз ету мақсатында пробация туралы жеке заңды қабылдау керек.

Бұдан басқа, ведомстволық заңнама деңгейінде әрбір мемлекеттік органның құзыреті мен міндеттерін нақты айқындау қажет. Халықтың әлеуметтік қауқарсыз санатының мәселелерін шешуде мемлекеттік органдардың және қоғамдық ұйымдардың өзара іс-қимылының құқықтық және ұйымдастыру негіздерін құру, қылмыстық жазаларын өтеп шыққан адамдарды қайта әлеуметтендіруде ведомствоаралық жүйені қалыптастыру.

Мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйелерінен адамның қылмыстық ізіне түскен сәтінен және қоғамнан оқшаулау орындарынан босатылғаннан кейін оның әлеуметтік портретін құрастыру және оған әлеуметтік көмек көрсетуде деректер жинақтау мүмкіндігін нормативті бекіту талап етіледі.

Құқық нормасын және шетел мемлекеттерінің құқықтық қамтамасыз ету және әлеуметтік-құқықтық көмек көрсетуге жәрдемдесу процесін әлеуметтік сүйемелдеудің оң тәжірибесін имплементациясы тетігінің бірі Қазақстанда мемлекеттік органдар мен үкіметтік емес сектордың өзара іс-қимыл және ынтымақтастық туралы пәндік келісімшарт жасауы болып табылады.

Жергілікті атқарушы органдар жанындағы консультативтік-кеңесші орган жұмысының тиімділігін арттыру үшін оның жұмысын ұйымдастыруды қайта қарастыру.

Бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған және пробация қызметінің есебінде тұрған азаматтарды әлеуметтік оңалтудың бағдарламары мен жобаларын іске асыру үшін мемлекеттік емес инвестицияларды тарту мемлекеттік-жекешелік әріптестік келісімшартының шеңберінде жүзеге асырылатын болады.

Еңбекпен қамтылған сотталғандар санын нығайтуға бағытталған шараларды пысықтау, сондай-ақ өндірістік қызметтің тиімділігін арттыру үшін жағдайлар жасау.

Мемлекеттік органдардың үкіметтік емес ұйымдармен өзара іс-қимылының маңызды бағыттарының бірі олардың мемлекеттік әлеуметтік тапсырыстарды, оның ішінде «әлеуметтік бонд» нысанын іске асыру болады.

«Әлеуметтік бондтардың» жұмыс істеуі үшін жеке инвесторды сотталғанды жұмыспен, тұрғын үймен және басқа да қайта әлеуметтендіру құралдарымен, оның ішінде босатылғаннан кейін де қамтамасыз ету жолымен оның әлеуметтік оңалтылуын жүргізу мүмкіндігін заңнамалық реттеу. Белгілі бір уақыт кезеңі өткеннен кейін инвесторға сотталғанды қайта әлеуметтендіруге жұмсалған қаражаты белгілі бір бонусымен қайтарылады. Бұл бағытта бас бостандығынан айыру түріндегі жазаны өтеу кезеңінде сотталғандарды қайта әлеуметтендіру үшін қоныс-колонияларының мүмкіндіктерін кеңінен пайдалану.

Бұдан басқа, бұрын сотты болған адамдарды әлеуметтік бейімдеу мәселесін жергілікті атқарушы органдардың халыққа көрсететін мемлекеттік қызмет тізбесіне осы мәселе бойынша әкімдіктер рейтингінде көздей отырып, енгізу пысықтау қажет.

Жұмыс берушілерді меншік нысанына қарамастан сотталғандарды жұмысқа қабылдауға ынталандыру мақсатында жеңілдіктер мен преференция жүйесін қарастыру.

Жұмысқа орналастыру кезінде соттылық белгілерін жою адамның қылмыстық құқық бұзушылық туралы Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасы арнайы есебі бойынша мәліметтердің бары не жоқтығы туралы ақпаратпен танысу құқықтары шектелген адамдар есебінен қамтамасыз етілетін болады.

Сотталғандардың пенитенциарлық жүйе мекемелерінде болу кезеңінде депозиттік салымдар жүйесін заңнамалық деңгейде қарастыру. Бұл сотталғандарды жазаны өтеу кезеңінде және босатылғаннан кейін қаражатты жинақтау мүмкіндігі үшін жұмыспен айналысуға ынтыландыратын болады.

Қандай да бір әлеуметтік-құқықтық көмек алудың заңнамалық белгіленген тетіктері жүгінген адамның әлеуметтік мәртебесіне қарамастан тіркелген жері бойынша қызмет ұсынуға негізделуі керек. Осыны ескере отырып, күндізгі орталықтарда қайта әлеуметтендіру процесінен өту кезеңінде талап етілетін көмекті алу үшін негіз болуы үшін заңнамалық деңгейде сотталғанның босатылғаннан кейін тұрақты немесе уақытша тұрғылықты жері бойынша тіркелу тетігін пысықтау керек.

Егер босатылған адам стационарлық немесе уақытша орталықтарда жіберілген жағдайда онда заңнама бойынша оның тіркелу жері осы ұйымның орналасқан жері табылады.

Жеке тұрғын үйі жоқ және оны сатып алу не жалға алу мүмкіндігі жоқ бас бостандығынан айыру орындарынан босатылатын азаматтардың уақытша болу мекенжайы бойынша тұру және тіркелу қажеттілігі қолданыстағы Белгілі тұрғылықты жері жоқ адамдарды әлеуметтік бейімдеу орталықтарын қайта ұйымдастыру негізінде Қайта әлеуметтендіру орталықтарын құру мәселесін пысықтау.

Әлеуметтік оңалту процесін оңтайландыру мақсатында бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған азаматтардың, олардың әлеуметтік-құқықтық көмек алуларына («Жол картасы») іс-қимылының типтік алгоритмын әзірлеу қажет.

3.2. Әлеуметтік сүйемелдеу жүйесін құру арқылы сотталғандарды әлеуметтік бейімдеу тетігін жаңғырту.
Сотталғандарды қайта әлеуметтендіру бойынша шараларды одан әрі жетілдіру мақсатында пробацияның толық циклын енгізу көзделген.

Сотталғандарды тиімді қайта әлеуметтендіру үшін сотталғанды пенитенциарлық жүйеге кірген сәтінен, тергеу, түзеу мекемесінде болғанына дейінгі сотталуы, одан шығуы кезеңінен бастап және бас бостандығынан айыру орындарынан босатылғаннан кейін біраз уақыт сүйемелдеу жүйесін құру негіз болуы тиіс.

Сотталғанды сүйемелдеу жүйесі пенитенциарлық жүйе құрылымдарымен және сотталғанның өзімен өзара іс-қимыл жасасатын әлеуметтік қызметтерді дамытуға жасалуы керек.

Сотталғанды сүйемелдеу қайта әлеуметтендірудің барлық кезеңдерінде болуы тиіс: даярлық, түзелу, бейімделу.



Бірінші кезең – даярлық, пенитенциарлыққа дейін және пенитенциарлық кезеңдерде жүзеге асырылады және екі сатыдан тұрады:

1. Адамның әлеуметтік портретін құрастыру үшін тергеу, сотқа дейінгі пробация, адвокаттардың және соттың сотталған, оның айналасындағылар, отбасы туралы ақпаратты жинақтау;

2. Түзеу мекемелердің және пенитенциарлық пробация қызметтерінің жинақталған ақпаратты бағалауы және жинақталған ақпарат негізінде пенитенциарлық қайта әлеуметтендіру бағдарламасын құрастыру.

Сотталғанның әлеуметтік бағдарламасын құрастыру үшін заңға тәуелді актілер деңгейінде алдын ала параметрлерді бекіту қажет, ол мәліметтерді жинақтау үшін қажет болады. Бұл параметрлерді мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйесінен, және адамның өзінен сұрау арқылы алу алуға болатын ретінде екі бөлікке бөлу қажет.

Бұндай шаралар түрінде кезеңділікті іске қосу, яғни қылмыстық жазаларын өтеп жатқан адамдардың және қылмыстық-атқару жүйесінің тергеу изоляторларында қамауда ұсталатын адамдардың арнайы санағын бес жылда 1 рет өткізу.

Әлеуметтік портретті құрастыру Ішкі істер министрлігінің ақпараттық жүйесін мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйесімен интеграциялау арқылы ақпараттық жүйеде жасау қажет. Жүйелерді интеграциялау барысында мынадай параметрлерді алуды қарастыру қажет: ЖСН-нің енгізу арқылы Т.А.Ә., тіркеуде тұрған жері бойынша ақпарат, жылжымалы және жылжымайтын мүліктердің бар-жоғы, табыстары, алатын әлеуметтік жеңілдіктері, отбасы мүшелерінің, асырауындағылардың саны, соттылығы және т.б.

Ақпараттық жүйелерден алу мүмкін емес мәліметтерді жинақтауды қолданыстағы практика, яғни сұрау, сондай-ақ ғылыми зерттеулер жүргізу арқылы жүргізу.

Алынған мәліметтердің нәтижелері бойынша сотқа дейінгі пробация қызметі әлеуметтік портретті құрастырады және қайта әлеуметтендіру бағдарламасын жасайды, ол сотталғанмен бірге оның жеке ісінде жазаны өтеу орындарында сотталғанның қайта әлеуметтендіруді және босатылуға дайындығын жалғастыру үшін беріледі.



Екінші кезең – түзелу, ҚАЖ қызметкерлері жүргізеді және екі кезеңнен тұрады:

1. Тәрбиелік ықпал ету;

2. Түзелу нәтижелерін, қайталануы мүмкін тәуекелді және пенитенциарлық пробация қызметкерлерінің постпенитенциарлық қайта әлеуметтендіру бағдарламасын дайындауларын бағалау.

Сотталған түзеу мекемесіне түскен кезде персонал жеке ісімен алынған пенитенциарлық қайта әлеуметтендіру бағдарламасы негізінде сотталғанмен әлеуметтік жұмысты қалыпқа келтіруі тиіс.

Түзеу мекемесіндегі білім беру жүйесі барлық азаматтар үшін еңбек нарығында ұсынылатын талаптарды ескере отырып, бәсекеге қабілеттілігін, құзыреттілігі және қойылған міндеттерді шеше алуын қалыптастыруы керек.

Бұған қол жеткізу «Сынып-оқытушы-оқушы» білім берудің дәстүрлі жүйесі арқылы ғана емес, сондай-ақ білім берудің қашықтықтан технологиясын тарту жағдайларын құруда мүмкін болады.

Сыртқы әлеммен (отбасы, туыстары, достары) әлеуметтік байланыстар заманауи ақпараттық технологиялар арқасында мерзімінің барлық кезеңінде ұстануы керек. Мысалы, скайп арқылы (интернет), ұялы байланыс, телефон және т.б. қарым-қатынас. Бірақ қарым-қатынасқа қол жетімділік түзелу ниетіне ынталандыру шарасы болуы керек.

Сотталған адам сыртқы әлемде болып жатқан өзгерістер, білім беру, денсаулық, жұмыспен қамту, әлеуметтік қамтамасыз ету жүйелері, көмек, қызметтер алу нысандары, көмек ұсынатын ұйымдар туралы заңнамалардағы жаңалықтар туралы хабардар болуы керек.

Босатуға дайындық процесінде маңыздысы сотталғанның жеке басын куәландыратын құжаттарды рәсімдеуде жәрдемдесу болуы керек. Сотталғанның құжатсыз босатылуына жол бермеу қажет. Бақылау мақсатында сотталғанды сүйемелдеу процесінде барлық алынған көмек түрлерін түзеу мекемелерінің қызметкерлері оның әлеуметтік портретіне және постпенитенциарлық қайта әлеуметтендіру бағдарламасына енгізулері тиіс. Бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған кезде әрбір сотталғанға қадамдық іс-қимылы бар қайта әлеуметтендіру бағдарламасы құрастырылуы тиіс.

Үшінші кезең - қоғамнан оқшаулаудан тыс жағдайларда әлеуметтік бейімдеу, екі сатысы бар:

1. Бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған және пробация қызметінің есебінде тұрған адамдарға поспенитенциарлық пробация бөліністерінің көмек көрсетуі.

2. Жергілікті атқарушы органдардың медициналық-әлеуметтік қызметтерінің, сондай-ақ азаматтық қоғам өкілдерінің әлеуметтік бейімделуі.

Қылмыстық жазаларын өтеп шыққан адамдарды әлеуметтік сүйемелдеу бойынша өткізіліп отырған барлық жұмыстар және оның алгоритмі кешенді сипатта болуы тиіс және мекемелер мен ұйымдардың қызметін үйлестіруді, жергілікті атқарушы биліктің қалыптасқан тетігін пайдалануды қамтамасыз етуі үшін бір сызбамен жүмыс істеуі тиіс. Маңызды рөл бұл жерде ККО-ға бөлу қажет.

Сотталғанды босатылғаннан кейін сүйемелдеу жүйесі оған әлеуметтік қызметкердің белгіленуі, ол оны қайта әлеуметтендірудің барлық кезеңдерінде сүйемелдеу керек және көрсетілетін қызметтердің тиімділік мониторингін жүргізеді, алынатын қызметтердің көлемінің жеткіліксіздігі немесе қызметтің адамға теріс әсер етуі жағдайында сотталғанды әлеуметтік сүйемелдеу жүйесін жеткізу және жүргізуге жауапты топ мүшелерімен келісе отырып, қайта әлеуметтендіру құралдарының өзгеруі туралы шешім қабылдауы керек.

Сүйемелдеу жүйесінде маңызды буын кәсібилер командасы және диагностикалау, қызмет көрсету, қабылданған шешімдердің мониторингі процесінде мультитәртіптік бастаманы пайдалана білетін түрлі әлеуметтік көмек институттардың болуы болып табылады.

Бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған азаматтарды оңалтуды қамтамасыз ету бойынша жұмысты жақсарту мақсатында уақытша болу жағдайында қолданыстағы Халықты әлеуметтік қорғау саласында арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету стандарттарын қызметтерді алушылар ретінде бас бостандығынан айыру орындарына босатылған, жеке құжаттары мен тұрғылықты жерінің болуына қарамастан өмірдің қиын жағдайларына түскен адамдарды белгілей отырып, пысықтауды ұсынамыз. Орталықта уақытша болу түсінігін түнгі уақыттан басқа тәуліктің күндізгі уақытымен толықтыру.


3.3. Кадр әлеуетін дамыту
Бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған және пробация қызметінің есебінде тұрған азаматтарды әлеуметтік оңалту заңнамасының және құқықтық қолдану практикасының талаптарын іске асыру қылмыстық-атқару жүйесінің кадр әлеуетін дамыту бойынша шаралар қабылдауды көздейді.

Профилактикалық және бақылау-қадағалау функцияларын орындайтын пробация офицерлеріне және әлеуметтік-құқықтық көмек көрсетуді жүзеге асыратын азаматтық мемлекеттік қызметшілер қатарынан нақты бөліну арқылы оның штаттық құрылымының өзгерісі пробация қызметі көрсететін әлеуметтік-құқықтық көмектің тиімділігін қамтамасыз ету тәсілі болады.

Бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған және пробация қызметінің есебінде тұрған азаматтарды әлеуметтік сүйемелдеуді жүзеге асыратын мемлекеттік органдардың қызметінің ашықтығы мен жариялылығы қиғадаттарын сақтауды қамтамасыз ету, сондай-ақ азаматтық жауапкершілікті арттыру волонтерлық қозғалыс институтын дамытуға ықпал ететін болады. Бұл аспектіде құқықтық деңгейде әлеуметтік-құқықтық көмек көрсетуде волонтерлық қызметте материалдық және материалдық емес ынталандыру мәселесін зерттеу және қамтамасыз ету талап етіледі.

ҚАЖ мекемелерін және пробация қызметтерінің қызметкерлерін есептегі азаматқа әлеуметтік-құқықтық көмек көрсетуге бағдарлау, әлеуметтік сүйемелдеуді іске асыру олардың құзыреттілігін күшейту біліктілікті арттыру және қайта даярлау курстарының арнайы оқу бағдарламаларын әзірлеу және енгізу, одан өту үшін жіберілетін қызметкерлердің санын көбейту есебінен қамтамасыз етілетін болады.

ҚАЖ мекемелері медицина қызметкерлерінің штаттарын жасақтауды қамтамасыз ету мақсатында, олардың кәсіби біліктіліктерін арттыруға уәждемелеу арнайы атақтары бар, қосымша ақы төлеуді азаматтық денсаулық сақтау жүйесінің қызметкерлеріне теңестіру медицина қызметкерлерінің еңбегі мен біліктілік санаттары үшін қосымша ақы есебі қайта қаралатын болады.


3.4. Бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарды қайта әлеуметтендіру процесінің ғылыми негіздерін қалпына келтіру
Бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған және пробация қызметінің есебінде тұрған азаматтарды әлеуметтік оңалту институтын дамытудың маңызды бағыттарын анықтау, оларды іске асыру тетігін жасау ғылыми негізделген нәтижелерге және пәндік ғылыми зерттеулердің қорытындыларымен жасалады.

Ғылыми іздестірулерді сапалы өткізу және жоғары нәтижелілігін қамтамасыз ету ІІМ-нің бейінді жоғары оқу орының базасында ағымдық жағдайдың өзгерісін бағалауға және уақтылы ден қоюға қабілетті, жекелеген шешімдердің салдарын болжауға және олардың болашағын белгілеуде құзыретті ғылыми әлеуетті қалыптастыру арқылы қолданыстағы ғылыми-зерттеу платформасын реформалауды талап етеді.

Жаңа ғылыми-зерттеу платформасы барлық мемлекеттік органдардың, үкіметтік емес ұйымдардың және Кешенді стратегияны іске асыру субъектілері болып табылатын азаматтардың тиісті ғылыми жетістіктерін үйлестіруді, халықаралық практиканы талдау, оның объективті шынайы жағдайларға бейімделуі және нақты практикалық маңызды әдістемелерді, ұсыныстарды және ұсынымдар жасауды қамтамасыз ете алады.

Кешенді стратегияны іске асырудың ғылыми негіздерін дамыту ғылыми әлеуеттің республикалық және халықаралық ғылыми жобаларға, оның ішінде бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған және пробация есебінде тұрған азаматтарды әлеуметтік оңалту проблемалары бойынша гранттық бағдарламаларға белсенді қатысуымен қамтамасыз етілетін болады.

Қазақстан Республикасының қайта әлеуметтендіру практикасына бас бостандығынан айыру орындарындағы сотталғандардың жазаны өтеуден босатылғаннан кейін сәтті қайта әлеуметтендіру мақсатында жеке тұлғасын зерделеуде қазіргі заманғы әдістемелерді және әдіснамаларды пайдалануды енгізу.

Қылмыстық жазаны өтеген адамдарды әлеуметтік сүйемелдеу проблемасын кешенді зерттеу және осы санаттағы адамдарды қайта әлеуметтендірудің бірыңғай жүйесін құрудың ғылыми-практикалық негіздемесі.

Пробация және әлеуметтік оңалту институттарын жаңғырту Кешенді стратегияның барлық кезеңдерін ғылыми іске асырылуын қамтамасыз ету ІІМ бейінді жоғары оқу орыны базасында Пробация мамандарын оқыту орталығын құру талап етіледі.

4. Кешенді стратегияны іске асыру мониторингі және бағалау
Бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған және пробация қызметінің есебінде тұрған азаматтарды әлеуметтік оңалтудың Кешенді стратегиясы мүдделі мемлекеттік органдармен үкіметтік емес сектор ұйымдарының заңнамалық және ұйымдастырушылық-құқықтық бастамаларын іске асыру бойынша нақты тетіктен тұрады.

Стратегияны практикалық пайдалану сотталғандардың жаңа қылмыстар жасауын алдын алуға және сотталғанның бостандықтағы өмірге адами, психологиялық, сондай-ақ материалдық тұрғыда толықтай дайын болуына бағдарланған. Стратегияны іске асыру нәтижелері сотталғанның босатылғаннан кейін сәтті әлеуметтік оңалтылуына, сотталғанға әлеуметтік, медициналық және өзге де көмек көрсетілуіне, сотталғанмен тиімді тәрбие жұмысын өткізуге ықпал етуі керек.

Кешенді стратегияның негізгі бағыттарын мониторингілеу оның мақсатты индикаторлары бойынша жүзеге асырылады. Кешенді стратегияны іске асыруды бағалау қойылған мақсаттар мен міндеттерді орындаумен негізделеді. Кешенді стратегия ережелерін іске асыру кезең-кезеңмен жүзеге асырылады және Қазақстан Республикасының Үкіметімен бекітілген Іс-шаралар жоспарымен (бұдан әрі - Жоспар) қамтамасыз етіледі.

Жоспарды іске асыру бойынша мемлекеттік органдар қызметінің ашықтығы қол жеткен жетістіктері туралы қоғамдық пікірлерді мониторингілеу нәтижелерін ескерумен олардың іс-шараларды орындау барысы туралы ашық есептілікпен қамтамасыз етіледі.





Каталог: portal -> page -> portal -> mvd -> mvd page -> mvd norm baza current -> mvd nb doc
mvd nb doc -> Ерікті өрт сөндірушілерді бастапқы даярлаудың оқу бағдарламасы
mvd nb doc -> Кейбір күші жойылған бұйрықтардың тізбесі
mvd nb doc -> № исх: 8-5-47/2450-И/вн от: 07. 12. 2015 Қазақстан Республикасы
mvd nb doc -> О функционировании массива
mvd nb doc -> Ұйымдардың қызметкерлері мен халықты өрт қауіпсіздігі шараларына
mvd nb doc -> Р/с Жобада көрсетілуі тиіс мәліметтердің тізбесі
mvd nb doc -> Қылмыстық-атқару (пенитенциарлық) жүйесі мекемелерінің аумағында
mvd nb doc -> Қылмыстық-атқару жүйесі мекемелерінің iшкi тәртiптеме қағидалары Жалпы ережелер
mvd nb doc -> «Қазақстан Республикасы азаматының паспортына ата-аналарымен бірге шетелге шыққан жағдайларда он алты жасқа дейінгі балалар туралы фотосуреттері жапсырылған жазба» мемлекеттік


Достарыңызбен бөлісу:


©kzref.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет