Қазақстан Республикасындағы бокс жағдайы



жүктеу 167.95 Kb.
Дата30.03.2019
өлшемі167.95 Kb.

Батыс Қазақстан инновациялық технологиялық университеті

Тақырыбы:

Қазақстан Республикасындағы бокс жағдайы

Орындаған: Урынбасаров Жалгас

Жетекшісі: Меңдіғалиева Аягөз

Сәрсенбайқызы


Орал – 2018 ж.

МАЗМҰНЫ

І. Кіріспе

1.1 Бокстың пайда болу тарихы.................................................................3 бет

1.2 Бокстың өткізілу ережелері мен соққы түрлері..................................3 бет

1.3 Салмақ дәрежелері..................................................................................3 бет



ІІ . Негізгі бөлім

2.1. Қазақ боксының пайда болу тарихы....................................................6 бет

2.2 Әуесқой бокс ...........................................................................................9 бет

2.3 Кәсіби бокс ..............................................................................................10 бет



ІІІ. Қорытынды

Қолданылған әдебиеттер тізімі

І. Кіріспе


1.1 Бокстың пайда болу тарихы
Бокс (ағылшынша box – қорап) – арнайы жұмсақ қолғаппен белгілі бір ереже бойынша жекпе-жек күш сынасатын спорт түрі. Жекпе-жекке шыққан екі ойыншы қарсыласының денесінің белгілі бір жеріне дәл соққы беруді көздейді. Жекпе-жек аумағы 4,9 x 4,9 м немесе 6,1x6,1 м, жан-жағы 1,3 м биіктікте арқанмен керілген рингте өтеді.

Бокс ойынының әуесқойлық (3 раунд) және кәсіпқойлық (6 - 12 – 15 раунд) ережелері бар.

Бокс ерте Грек елi — Элладамен тығыз байланысты. Аңыздарға сенсек, ол кезеңдегi ең танымал «қолғап иесi» — Тезей болған көрiнедi. Ал Платонның жазуы бойынша, жұдырықтасу өнерiнiң атасы — теңiз құдайы Посейдон мен Мелия есiмдi нимфаның ұлы — Амыкус екен. Ерте Грекияда болған бокстың алғашқы белгiлерiн қыш құмыраларда салынған боксшылардың бейнесi де дәлелдейдi.

Ал жақында археолог ғалым бiздiң жыл санауымыздан 3 мың жыл бұрын салынған шiркеудiң қабырғаларынан бокс қолғабының суретiн де тауып отыр. Бiр қызығы, ол кезеңдерде кубок жеңiлген боксшыларға берiлген көрiнедi. Айталық, соғыс өнерi десе, сақалын кесуге бар Рим императоры Калигула сонау Африкадан қайратты құлдарды сатып әкелiп, көз алдында қоразша төбелестiредi екен. Императордың екi сүйiктi спортшысы болса керек. Бұл Глаукос пен Меланкомас аталатын алыптар дәл қазiргi бокста қолданылатын бiршама соққы түрлерiне негiз салып кеткен екен.

Бокстің алғашқы түрі ежелгі Грекияда ұйымдастырылып (б. з. б. 688 ж.), Олимпиялық ойындар қатарына енген. Ол кезде жекпе-жекке шыққан жігіттер қолдарын жұмсақ терімен немесе дәкемен орап айқасқан. Төбелес екі жігіттің бірі естен танып жығылғанша жалғаса берген

Алайда, Рим мен Грекияда белгiлi дәрежеде беделдi болған бұл спорт түрi олимпиадалық ойындарға мейлiнше кеш, тек 23-ойында барып қосылған. Олимпиададағы алғашқы ойындар жалаң қолмен жүргiзiлген, кейiн қос қолға белдiктi орауға көшедi. Одан соң көрермендердiң тiлегiмен бұл белбеулерге темiр сақиналар кигiзiле бастайды. Тұңғыш рет чемпион кубогын гректiң Ономастус есiмдi спортшысы иеленедi.

Ал бокс жеңiмпазына арналған алғашқы арнау өлеңiн Пиндар есiмдi ақын жазған екен. Ол олимпиада чемпионы атанған өзiнiң ұлы Диагоросты мадақтап, оған жыр арнайды. Бұл боксшылардың ерлiгi қарсыласының құлағын тiстеген Майк Тайсонның әрекетiндей емес. Мәселен, Эуридиамас есiмдi боксшы ойын үстiнде жағы сынады да, мұны ешкiм көрiп қалмауы үшiн, сынған сүйектi жұтып қойып, төбелестi жалғастыра түседi. Оның ерлiгiн кейiн ақын Элиан мадақтап жазады.

Ал ерте Грекияның ең танымал боксшысының есiмi — Тагенес. Тарихшылар оның 1425 рет шаршы алаңнан жеңiмпаз боп қайтқанын айтады. Тагенес рекордының қаймағы бүгiнге шейiн бұзылмаған.

Алайда Рим империясының бiздiң дәуірімізге дейiнгi I ғасырда құлағанынан кейiн бокстың қалай дамығаны жайлы деректер де сақталмаған. Мiне, осы деректердiң жоқтығынан да ағылшындар боксты өздерiне телiп жүр. Бокс (boxing) ресми аты да Англияда қалыптасқан. Джеймс Фигг алғаш бокс мектебiн ашып, жастарды былғары қолғап өнерiне баулиды. Бокстың алғашқы ережелерi де Фиггтiң отанында пайда болған екен. Бұл ережелерде рингтiң аумағы, раунд ұзақтығы және қолғап салмағы айтылады. 1908 жылы бокс ресми түрде олимпиада бағдарламасына енгiзiлiп, оған тек ағылшындықтар ғана қатысады. Бiрақ бұдан кейiн тағы да бағдарламадан тыс қалады да, 1920 жылдан берi қайта тұрақты түрде өткiзiлiп келедi. 1920 ж. Бокс әуесқойлары дүниежүзілік ассоциациясы (AІBA) құрылды. Дүниежүзілік чемпионат 1974 жылдан өткізіледі.

Бүгiнде әлем бойынша кәсiби боксқа аса көңiл бөлiнiп келедi. Кәсiби бокс алаңында Мұхаммед Әли, Джо Фрейзер, Джордж Формен, ағайынды Спайкстер, Флой Патерсонның есiмдерi ерекше аталады. Олимпиада тарихында боксшылары ең көп алқа тағынған ел — АҚШ. Бiрақ бүгiнде кубалық спортшылар алғы шепте келедi. 1992 жылғы Барселонада өткен олимпиадада кубалық боксшылар 12 алтын алқаның жетеуiн қанжығаға байлап кеткен. Ал 1996 жылы Атланта Олимпиадасында 4 алтын, 3 күмiс медальды жеңiп алды. Олимпиада тарихында екi боксшы ғана 3 мәртеден жеңiмпаз атанған. Олар — венгриялық Л. Папп пен кубалық Т. Стивенсон.


1.2 Бокстың өткізілу ережелері мен соққы түрлері
Жекпе-жек қабырғалары ұзындығы 5-тен 6 метрге дейін болатын және 4 қатар канатпен шектелген алаң — рингте өтеді.

Жеңіс көп ұпай еншілеген боксшыға; нокаутпен ұтқанға; қарсыласы пәрменсіз болып жекпе-жекті жалғастыра алмағанда, дисквалификацияға ұшырағанда немесе жекпе-жектен бас тартқан жағдайларда беріледі.

Бокста белден төмен, желкеден, арқадан ұруға, баспен ұруға және құлап жатқан қарсыласты ұруға тыйым салынады. Жекпе-жекке — ринг ішіндегі бір төреші, сыртындағы 3-5 төреші төрелік жүргізеді.

Бокстағы негізгі соққылар түріне:

тура соққылар (джеб, кросс);

жанынан соққы (хук, свинг);

төменнен соққы (апперкот) — жатады.
1.3 Салмақ дәрежелері
XIX және XX ғасыр басында салмақ дәрежелерді таптарға бөлу негізі қаланды. Негізгі себеп — ауыр боксшы әрқашан жеңілге қарағанда басымырақ болғандығы. Салмақ дәрежелерді таптарға бөлу АҚШ пен Англияда орын алған.

Сегіз салмақ дәрежесі құрылды.



Санат__Салмақ__Ең_аз_салмақ_—_«шыбынның_салмағы»_(ағылш._flyweight'>Санат

Салмақ

Ең аз салмақ — «шыбынның салмағы»
(ағылш. 'flyweight')[2]

112 фунтқа дейін (50,8 килограмм)

Ең жеңіл салмақ — «қораздың салмағы»
(ағылш. 'bantamweight')

118 фунт (53,5 кг.)

Жартылай жеңіл салмақ — «қауырсынның салмағы»
(ағылш. 'featherweight')

126 фунт (57,2 кг.)

Жеңіл салмақ
(ағылш. 'lightweight')

135 фунт (61,2 кг.)

Жартылай орта салмақ
(ағылш. 'welterweight')

147 фунт (66,7 кг.)

Орта салмақ
(ағылш. 'middleweight')

160 фунт (72,6 кг.)

Жартылай ауыр салмақ
(ағылш. 'light heavyweight')

175 фунт (79,4 кг.)

Ауыр салмақ
(ағылш. 'heavyweight')

175 фунттан жоғары (79,4 кг.)

Қазіргі кезде кәсіпқой бокста 17 түрлі салмақ дәрежесі бар. Бүкіләлемдік Бокс Кеңесі (ағылш. 'WBC') енгізген салмақ дәрежелері.



Санат

Салмақ

Бірінші ауыр салмақ — «крейсер салмағы»
(ағылш. 'cruiserweight')

190 фунт (86,2 кг); ақырында төменгі шегін 200 фунтқа немесе 90,7 кг-ға дейін көтерген, кейде super cruiserweight — 195 фунт немесе 88,5 кг салмақта да жекпе-жек өткізілген

Екінші орта салмақ — «суперорта»
(ағылш. 'super middleweight')

165 фунт (74,8 кг)

Екінші жартылай орта немесе бірінші орта салмақ
(ағылш. 'super welterweight, light middleweight')

154 фунта (69,9 кг)

Екінші супер жеңіл немесе бірінші жартылай жеңіл салмақ
(ағылш. 'junior featherweight, super bantamweight')

122 фунта (55,3 кг)

Екінші ең жеңіл немесе бірінші супер жеңіл салмақ
(ағылш. 'super flyweight, junior bantamweight')

116 фунт (52,6 кг)

Бірінші ең жеңіл салмақ
(ағылш. 'light flyweight, junior flyweight')

110 фунт (49,9 кг)

Ең аз салмақ
(ағылш. 'strawweight, minimumweight')

105 фунт (47,6 кг)

Әуесқой бокста басқа жүйе істейді, соған сәйкес боксшылар 11 түрлі салмақ дәрежесіне бөлінеді (ресми түрде кг-мен белгіленгендіктен бұл жердегі аттары шартты түрде берілген.



Санат

Салмақ

Ең жеңіл салмақ

49 кг.

Екінші ең жеңіл салмақ

52 кг.

Супер жеңіл салмақ

56 кг.

Жартылай жеңіл салмақ

60 кг.

Жартылай орта салмақ

64 кг.

Бірінші орта салмақ

69 кг.

Екінші орта салмақ

75 кг.

Жартылай ауыр салмақ

81 кг.

Бірінші ауыр салмақ

91 кг.

Суперауыр салмақ

91 кг. жоғары

ІІ . Негізгі бөлім

2.1. Қазақ боксының пайда болу тарихы

Бұрынғы КСРО мемлекеттерінде бокстың әуесқой түрі кеңес өкіметіметімен бірге дамыған. Азаматтық соғыс кезінде Лениннің бастамасымен  «шет ел интервенциясына қарсы күрес жүргізу мақсатында, жалпыға ортақ соғыс амалдарын үйрету» декретіне қол қойылып, бүкіл халықты дене шынықтыруға баулу жұмыстары қарқынды түрде қолға алынған. Коммунисттер партиясының көсбасшысы бұл жұмысқа көп көңіл бөлген. Ленин қарапайым халықты дене шынықтыру жұмыстарына баулу процесін соцалистік қоғам құрудың негізгі амалы деп түсінді. Сөйтіп 1919 жылы П.Никифоров пен В. Самойлов халыққа бокс өнерін үйретуді бастаған. Ал 1920 жылы осындай бірнеше үйірме қосылып, әскери медициналық академия қабырғаларында бокс бөлек дене шынықтыру бөлімі ретінде қалыптасқан. Бокс бөлек дене шынықтыру пәні ретінде оқу бағдарламасына енген. Осылайша, боксшылардың қатары ұлғайып, талас-тартыстар мен жарыстардың саны күн санап өскен. Сол жылы бокс Предолимпиадаға еніп, Петроградта апта сайын «дүйсенбілік бокс кездесулері» ұйымдастырылған. Мәскеу, Ленинград, Самара, Ростов, Харьков, Одесса, Севастополь қалаларында ұйымдастырылған қалааралық жарыстарда былғары қолғап шеберлері бақ сынасып, әрқайсысы бокстың дамуына өз үлестерін қосқан. Алғаш рет Қызыл Армия біріншілігі ұйымдастырылған. 1928-1930 жылдар аралығында бокс Кавказ бен  Орталық Азия мемлекеттерінде қарқынды дамыған.

Қазақ жерінде бокстың дамуы өз бастауын өткен ғасырдың 30 жылдарында алған. Бұл шайқас өнерінің даму орталығы ретінде Алматы қаласы танылды. Алматыда алғашқы бокс үйірмесі «Темп» спорттық қоғамдастық негізініде құрылған. Кейін келе ағылшындардың жұдырық шайқасы еліміздің «Динамо», «Спартак», «Медик» пен Қарағандыдағы - «Угольщик» спорттық қоғамдастықтарда өз табынушыларын тапқан.

Ал 1937 жылы қазақ боксының негізін салушы, спорт шебері атағын иемденген Шоқыр Бөлтекұлының бастамасымен Алматыда жеке-топтық біріншілік ұйымдастырылып, аталған жиынға 4 спорт қоғамдастықтан 50 жуық былғары қолғап шеберлері қатысқан. Осы чемпионат бокстың  дамуына түрткі болып, еліміздің басқа да өңірлерінде спорттық үйірмелер көптеп бой көтере бастаған. Сұрапыл соғыс та спорттық ортамызға зиян келтірген. Соғыстың алғашқы күндерінен ақ боксшыларымыздың көбісі майданға аттанып, ерлік пен батылдық танытқан. Өкінішке орай, олардың көбісі шаршы алаңға қайтып келмеді.

Қазақ жеріндегі бокстың дамуы соғыстан кейін қайта жанданды. Жұдырық шайқасындағы негізгі  даму бағыты 1946 жылы басталып, ҚазССР мен Орталық Азия мемлекеттерінде түрлі біріншіліктер мен жарыстар көптеп ұйымдастырылған. Бокс Қазақстанның көптеген қалаларында дами бастаған. Ш. Бөлтекұлы, Г. Кирнштейн, М. Хайрутдинов, Д. Муллаев А. Инфланда тағы да басқа спорт шеберлері мен жаттықтырушылар аянбай еңбек етіп, қазақ боксының негізін қалауына үлес қосқан. 1947 жылы алғаш рет КСРО-ның жеке-топтық біріншілігі ұйымдастырылып, аталған шараға бүкіл Кеңес Одағының құрамына енген мемлекеттерден келген спортшылар қолғап түйістірген. Бұл чемпионатқа біздің де саңлақтар аттанған болатын. Жарыс төрт салмақ дәреже бойынша ұйымдастырылып, чемпионаттың қорытындысы бойынша алматылық Махмут Омаров 51 келіге дейінгі дәрежеде қола медальға қол жеткізген. Геннадий Рожков (63,4 кг) 1953 жылы ұйымдастырылған КСРО чемпионатының финалисті атанып, Бухарестте өткен халықаралық студенттік ойындарында қола медальді қоржынына салған. Осылайша, Геннадий Рожков шет елде өнер көрсеткен алғашқы қазақстандық боксшысы атанды.

Ұзақ уақыт бойы қазақ боксшылары КСРО біріншіліктерінде үздік нәтиже көрсете алмай, күміс пен қола алқаларын қанағат тұтқан болатын. Көп күткен алтын қазақ жеріне де бұйырды. 1959 жылы алматылық Анатолий Кадетов (81 кг дейін) КСРО чемпионы атанып, жеңіс тұғырына көтерілген. 1992 жылға дейінгі КСРО мен ТМД чемпионаттарында Қазақстанның боксшылары 167 медаль еншілеген (36 алтын, 44 күміс пен 77 қола). Бұл 17 федерациясы бар бүкілодақтастықтағы бесінші нәтиже. Әлемнің алты чемпионатына қатысқан қазақ боксшылары қоржындарына екі алтын, екі күміс медаль салған. Олимпиада ойындарында біздің боксшылар ортақ қоржынға бір қола мен үш күміс медаль салған. КСРО бокс тарихындағы мына саңлақтардың есімдері жадымызда мәңгі сақталады. Атап айтқанда, Валерий Рачков – 1978 жылдың әлем чемпионы, Игорь Ружников – 1989 жылдың Еуропа мен әлем чемпионы, Серік Қонақбаев – Еуропаның екі дүркін чемпионы, әлем Кубогі иегері мен 1980 жылы Мәскеуде өткен Олимпиада ойындарының финалисті. Осы спортшылар КСРО-ға еңбегі сіңген спорт шебері мен тағы басқа жоғары атақтарға ие. 1989 жылғы әлем чемпионатының финалисті Александр Мирошниченко 1988 жылы Сеулде өткен Олимпиада ойындарында КСРО қоржынына соңғы қола медальді салған болатын.

Өткен ғасырдың 90-жылдарында Кеңес үкіметі құлдыраған болатын. КСРО құрамына енген мемлекеттер тәуелсіздіктерін алып, жаңа саясат пен жаңа боксшыларға бейімделу керек еді. Осылайша 1992 жылы Қазақстан Республикасының әуесқой бокс Федерациясы АИБА-ға мүше ретінде еніп, Азия құрлығындағы әуесқой ассоциациясының толыққанды мүшесіне айналған. Тәуелсіз мемлекет ретінде Қазақстан Республикасы алғаш рет 1996 жылы Атлантада өткен Олимпиада ойындарына қатысқан болатын. Жарыстың қорытындысы бойынша біздің саңлақтар бір алтын, бір күміс, екі қола медаль еншіледі. Бейресми топтық сынақта біздің команда үшінші орынды еншілеп, Америка мен Куба мемлекеттеріне қарағанда босаңдық танытты. 1996 жылғы ойындарда Василий Жиров бұрын -сонды болмаған нәтиже көрсетіп, Олимпиада чемпионы атанып қана қоймай, құрметті сый - Вал Баркер Кубогін жеңіп алды. Олимпиада ойындарының тарихында бұл сыйлыққа тек 8 спортшы ғана қол жеткізген болатын. 1996 жылғы Олимпиада ойындарында Болат Жұмаділов күміс, Болат Ниязымбетов пен Ермахан Ыбырайымов қола медаль еншілеген. Өрт жылдан кейін біздің спортшылар Сиднейде өткен Олимпиада ойындарында бұдан да жақсы көрсеткіштерге ие болған. Қазақ жеріне алтын медальді құрамамыздағы ең жас спортшы Бекзат Саттарханов әкелген. Бекзат сонда 20-да еді. Ермахан ағамыз жүзден жүйрік атанып, жеңіс тұғырынана көрінсе, Б. Жұмаділов Атлантадағы көрсеткішін қайталаған болатын. Ал ауыр салмақтағы Мұхтархан Ділдәбеков Сиднейдегі Олимпиада ойындарында жеңіс тұғырының екінші сатысына көтерілген. Греция жерінде өткен Олимпиада ойындарында да біздің спортшылар жақсы нәтиже көрсетіп, еліміздің намысын қорғаған болатын. Тараз қаласында дүниеге келген Бахтияр Артаев Олимпиада ойындарында алтын медальді еншілеп, бокс тарихындағы ең құрметті сый - Вал Баркер Кубогіне қол жеткізген екінші қазақ боксшысы. Қарағандылық Геннадий Головкин күміс алқа тағынса, Серік Елеуов қола медальді қанағат тұтты. 2008 жылы Пекинде ұйымдастырылған Олимпиада ойындарында 69 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде Бақыт Сәрсекбаев алтынға қол жеткізсе, 81 келіге дейінгі дәрежеде Шыналиев Еркебұлан қоланы қоржынына салған.

Осылайша қазақ боксының дамуы үлкен қарқын алып, былғары қолғап шеберлеріміз барша халқымызды өз жеңістерімен қуантып жүр. 2008 жылы Пекинде ұйымдастырылған кезекті Олимпиада ойындарында 69 келі салмақ дәрежесінде Бақыт Сәрсекбаев алтынға қол жеткізіп, 81 келіге дейінгі дәрежеде Шыналиев Еркебұлан қоланы қоржынына салды.

2012 ж. Лондондағы XXX жазғы Олимпиада ойындары қазақстандықтар үшін сәтті өтті. Олимпиада ойындарының тарихына бірінші рет енгізілген әйелдер арасындағы турнирде Марина Вольнова қола алқамен қоржынын майлады.Иван Дычко (91 кг) қолаға қол жеткізіп, әлемдегі үздік боксшылардың төрттігіне кірді. Әділбек Ниязымбетов (81 кг) ресейлік боксшымен  жұдырықтасып, күміс алқаға лайық деп танылды. Олимпиаданың соңғы күнінде Серик Сапиев(69 кг) финалда британдық боксшыны артқа тастады. Біздің спортшылар бұл олимпиадада жақсы нәтижелер көрсетті. Спортшыларымызға сәттілік тілеп, алдағы Бразилиядағы Олимпиададан да жаңа жеңістер күтеміз.

2.2 Әуесқой бокс


Қазақстанда бокстың алғашқы мектебін 20 ғасырдың 30-жылдары Алматыда Шоқыр Бөлтекұлы ашты. Қазақстаннан Олимпия ойындарының, Дүние жүзі, Азия, Еуропа чемпионаттарының, Азия ойындарының 30-ға жуық чемпиондары мен жүлдегерлері шықты. Қазақстаннан шыққан тұңғыш Олимпия чемпионы – Василий Жиров (Атланта, АҚШ, 1996), қазақ жігіттері арасынан шыққан дүние жүзінің алғашқы чемпионы – Болат Жұмаділов (Хьюстон, АҚШ, 1999), Олимпия чемпиондары – Бекзат Саттарханов, Ермахан Ыбрайымов (Сидней, Австралия, 2000), Бақтияр Артаев (Афина, Грекия, 2004), Бақыт Сәрсекбаев (Пекин, Қытай, 2008), Серік Сапиев

(Англия, Лондон 2012), Данияр Елеусинов (Бразилия, Рио-де–Жанейро 2016) Еуропа чемпиондары – Серік Қонақбаев (1979, 1981), Серік Нұрқазов (1983).

Әлем біріншіліктері алтын медаль иегерлері:


Салмақ дәреже

Боксшы

Жыл

67 кг

Валерий Рачков

1978

63,5 кг және 64 кг

Виктор Ружников

1989

51 кг

Болат Жұмаділов

1999

57 кг

Галиб Жафаров

2003

75 кг

Геннадий Головкин

2003

57 кг

Серік Сәпиев

2005

81 кг

Ердос Жаңабергенов

2005

64 кг

Серік Сәпиев

2007

49кг

Біржан Жақыпов

2013

64 кг

Мерей Акшалов

2013

69 кг

Данияр Елеусінов

2013

75 кг

Жәнібек Әлімханұлы

2013

Жазғы Олимпиада Ойындарындағы нәтижелер:



Олимпиада

Алтын

Күміс

Қола

XXVI, Атланта-1996

Василий Жиров, 81кг (Баркер кубогінің иегері)

Болат Жұмаділов, 51кг

Болат Ниязымбетов, 63.5кг; Ермахан Ибраимов, 71кг

XXVII, Сидней-2000

Бекзат Саттарханов, 57кг; Ермахан Ибраимов, 71кг

Болат Жұмаділов, 51кг; Мұхтархан Ділдәбеков, 91+кг




XXVIII, Афины-2004

Бақтияр Артаев, 69кг (Баркер кубогінің иегері)

Геннадий Головкин, 75кг

Серiк Елеуов, 60кг

XXIX, Бейжің-2008

Бақыт Сәрсекбаев 69к

Еркебұлан Шыналиев, 81кг



XXX, Лондон-2012



Серик Сапиев 69кг

(Баркер кубогінің иегері)



Әділбек Ниязымбетов 81

Иван Дычко 91+

XXXI, Рио-де-Жанейро-2016


Данияр Елеусінов 69 кг

Әділбек Ниязымбетов 81

Иван Дычко 91+












2.3 Кәсіби бокс



Кәсіби бокста Қазақстан бойынша жұдырығының өнерiн кәсiп қып жүрген боксшылар санаулы ғана. Олардың алғы шебiнде Василий Жиров, Геннадий Головкин және Қанат Ислам, Марат Мәзiмбаевтар тұр.
Каталог: wp-content -> uploads -> 2018
2018 -> Алтын күз Атырау облысы Атырау қаласы Махамбет ауданы Алға орта мектебінің Шағын орталық топ
2018 -> Ысқақова Айнұр Жанболатовқызы, СҚО, Ақжар ауданы, Айсары ауылы, «Айсары негізгі мектебі»
2018 -> Қуыршақты шомылдыру
2018 -> Жарманың өнімдерінің құрамында
2018 -> Мектеп: №46 жобб мектебі Мерзімі: 5. 01. 2018ж №7 Мұғалім Митанова г сынып «Г» Оқушылар саны 12 Тақырып
2018 -> Сабақ тақырыбы: «Дәнекерлеудің мәні қызметі және түрлері»


Достарыңызбен бөлісу:


©kzref.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет