Танымал кәсіпқой боксшы Қанат Ислам алғаш рет боксшы емес, промоутер ретінде кәсіби бокс кешін ұйымдастырып жатыр. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Фото: Қ.Исламның инстапарақшасынан
Қазақстандық боксшы Қанат Ислам Алматыда кәсіпқой бокстан халықаралық турнир өткізеді. “Жібек жолы” кәсіпқой бокс кеші атты турнирде еліміздің жас спортшыларымн қатар танымал былғары қолғап шеберлері де сынға түсетін. 1 наурыз күні, “Балуан Шолақ” спорт кешенінде өтетін турнирдің басты жекпе-жегінде ауыр салмақтағы Руслан Мырзатаев өнер көрсетеді.
Айта кетейік, Қанат Ислам бұған дейін боксшы президент Қасым-Жомарт Тоқаевқа кәсіпқой бокс кешін ұйымдастыруға қолдау көрсетуді сұрап желіде видео жариялаған еді.
Даулет — природовед и путешественник. Его увлечение природой Казахстана и исследования вносят неповторимый вклад в наше издание.