Қазақстан республикасының 2012 – 2016 жылдарға арналғАН



жүктеу 0.8 Mb.
бет1/6
Дата11.11.2018
өлшемі0.8 Mb.
  1   2   3   4   5   6


Қазақстан Республикасы

Үкіметінің

отырысында мақұлданған

(2011 жылғы «27» тамыздағы

№ 30 хаттама)

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ

2012 – 2016 ЖЫЛДАРҒА АРНАЛҒАН

ӘЛЕУМЕТТІК-ЭКОНОМИКАЛЫҚ ДАМУ

БОЛЖАМЫ

Мазмұны


Кіріспе 4

1. ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ДАМУ ҮРДІСТЕРІ ЖӘНЕ ШАРТТАРЫ 4

1.1. Елдің 2010 - 2011 жылдардағы әлеуметтік-экономикалық даму үрдістері 4

2. ДАМУДЫҢ СЦЕНАРИЙЛІК НҰСҚАЛАРЫ 11

3. 2012 – 2016 жылдарға арналған әлеуметтік-экономикалық даму болжамы 12

4. 2012-2016 ЖЫЛДАРҒА АРНАЛҒАН ӘЛЕУМЕТТІК - ЭКОНОМИКАЛЫҚ САЯСАТТЫҢ НЕГІЗГІ БАҒЫТТАРЫ 20

4.1. Макроэкономикалық тұрақтылықты камтамасыз ету 20

Ақша-кредит саясаты 21

Инфляция деңгейін ұстап тұру 22

Салық-бюджет саясаты 23

Бюджетаралық қатынастар 26

4.2. Тұрақты экономикалық өсудің негізін құру 27

Индустриялық-инновациалық даму 27

Іске асырудың тетiктері және құралдары 27

Экономика салаларын дамыту 29

Тариф саясаты және бәсекелестікті қорғау 37

Бизнес ахуалды жақсарту 38

Сыртқы сауда саясаты 40

Ішкі сауданы дамыту 41

4.3. Адами капиталдың бәсекеге қабілеттілігін арттыру 42

Әлеуметтік саланы жаңғырту 42

Білім беру 42

Денсаулық сақтау 43

Жұмыспен қамту 44

Әлеуметтік қамтамасыз ету 45

Халықтың тіршілік жағдайларын жақсарту 45

4.4. Өңірлерді дамыту және өсу «нүктелерін» қалыптастыру 47

4.5. Мемлекеттік басқару жүйесін жаңғырту 48

5. 2012 – 2014 ЖЫЛДАРҒА АРНАЛҒАН БЮДЖЕТТІК ПАРАМЕТРЛЕРДІҢ БОЛЖАМЫ 52

5.1. Мемлекеттік және республикалық бюджеттердің, Ұлттық қордың және Қазақстан Республикасының шоғырландырылған бюджетінің болжамдары 52

5.2. 2012-2014 жылдарға арналған бюджет шығыстарының басымдықтары 57

Кіріспе

Қазақстан Республикасының 2012 – 2016 жылдарға арналған әлеуметтік-экономикалық даму болжамы (бұдан әрі – Әлеуметтік-экономикалық даму болжамы) Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 27 тамыздағы № 1251 қаулысымен бекітілген Әлеуметтік-экономикалық даму болжамын әзірлеу ережесіне сәйкес әзірленді.

Әлеуметтік-экономикалық даму болжамы Қазақстан Республикасының 2020 жылға дейін стратегиялық даму жоспарының, Мемлекет басшысының жолдауларының және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 23 маусымдағы № 699 қаулысымен мақұлданған 2011 – 2015 жылдары экономиканың жеті пайыздық өсуін қамтамасыз ету жөніндегі әлеуметтік-экономикалық саясаттың негізгі бағыттарының негiзiнде әзірленген.

Әлеуметтік-экономикалық даму болжамы макроэкономикалық көрсеткіштерді, әлеуметтік параметрлердің болжамын, елдің әлеуметтік-экономикалық даму үрдістері мен басымдықтарын, бес жылдық кезеңге арналған экономикалық саясаттың негізгі бағыттарын, Қазақстан Республикасының 3 жылға арналған мемлекеттік және республикалық бюджеттерінің, Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының, Қазақстан Республикасының шоғырландырылған бюджетінің болжамдарын қамтиды.

Әлеуметтік-экономикалық даму болжамы орталық мемлекеттік органдардың бес жылдық кезеңге арналған Стратегиялық жоспарларын, үш жылдық кезеңге арналған республикалық бюджетті әзірлеуге негіз болып табылады.

1. ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ДАМУ ҮРДІСТЕРІ ЖӘНЕ ШАРТТАРЫ

1.1. Елдің 2010 - 2011 жылдардағы әлеуметтік-экономикалық даму үрдістері

Макроэкономикалық ахуал 2010 жыл бойы негiзгi көрсеткiштер серпінінің тұрақтылығымен сипатталды. 2010 жылғы экономикалық өсу шикiзат ресурстарының әлемдiк нарығындағы қолайлы ахуалмен, ЕО және Қытай елдеріндегі экономикалық өсу нәтижесінде қазақстандық экспорт тауарларына деген сұраныстың экономикалық өсуімен қолдау тапты. Сондай-ақ, экономиканың өсуiне мемлекеттiк индустрияландыру бағдарламасының шеңберiндегі жаңа өндiрiстiк қуаттардың iске қосылуы айтарлықтай үлес қосты.

Сыртқы және iшкi тұтынушы сұранысының кеңеюі факторларының әсерi 2010 жылғы ЖІӨ өсімі алдыңғы өткен жылмен салыстырғанда 7,3% өсуін қамтамасыз етуге мүмкіндік берді.

Тауарлар өндiрiсiнің көлемдерi 2010 жылы 5,0% ұлғайды. Өнеркәсiп нақты мәнде 10,0% өсті, олардың iшiнде кен өндiру - 5,3%, өңдеу - 18,4%, электрмен жабдықтау - 4,1%. Құрылыс жұмыстарының көлемi бір жылда 1,0% өстi. Өнеркәсiптiк өндірістің өсуі негiзiнен өңдеуші өнеркәсiп есебінен қамтамасыз етілетін болды.

1-сурет

2010 жылдың қорытындылары бойынша экономикада қызметтердiң өндiрiсі 7,1%-ға ұлғайды. Жыл қорытындылары бойынша нақты мәнде елеулі өсуі саудада көрінді, ол өткен жылға қарағанда 13,5%-ға ұлғайды. Бұл 2010 жылы халықтың нақты табыстарының 6,3%-ға өсуiмен және экономикада инфляциялық процестердің қызметтері сыртқы және ішкі бағыттарға жүк айналымының ұлғаюы есебінен 7,4%-ға өсті. Байланыс қызметтерінің көлемi 5,0%-ға өстi.

Бұдан басқа, 2009 жылғы үрдістерін сақтаған денсаулық сақтау, бiлiм беру, өнер, ойын-сауық және демалыс сияқты әлеуметтiк салалардағы тұрақты өсу 2010 жылы да байқалды.

Елде инфляцияны 2010 жылғы болжанған деңгейде ұстауға қол жеткізілді. Инфляция 2010 жыл бойы бір қалыпты болды және маусымдық өзгеру үрдісін сақтап қалды.

2010 жылдың қорытындысы бойынша инфляция деңгейі жылдық мәнде (2010 жылдың желтоқсанына қарағанда 2009 жылдың желтоқсанына) 7,8% құрап, 2009 жылғы дейгейден 1,6% жоғары болды.

Инфляцияның өсуіне ең үлкен үлес қосып, 10,1%-ға өскен азық-түлік тауарлары. Азық-түлік емес тауарлар бағасының өсуі - 5,5%, ақылы қызмет көрсету - 6,8% құрады.

Экономиканың өсуi еңбек нарығындағы ахуалды жақсартуға мүмкiндiк бердi. Жұмыссыздық 2010 жылы экономикалық белсендi халыққа шаққанда 6,6%-ға 2009 жылға қарағанда 5,8%-ға дейін қысқарды. Экономикалық өсу бәсеңдеген жылдары дағдарыстың салдарын жеңілдететін Қзақстан Үкіметі қабылдаған шаралар еңбек нарығындағы шиеленісуді төмендетуге және экономикада босаған еңбек орындарының орнына жаңа орындар жасауға мүмкіндік берді. Нәтижесінде дағдарыс кезеңіне тән жұмыспен қамтылғандар деңгейінің төмендеуі Қазақстанда экономикасында байқалмады.

Макроэкономикалық ахуал жақсарған жағдайда және мұнайға әлемдiк бағалардың тұрақты өсуi кезінде 2010 жылы барлық деңгейлердегі бюджеттер үшiн ортақ үрдістер табыстардың өсуі мен шығыстар өткен жылға қарағанда ұлғайды.



Мемлекеттік бюджет 2010 жылы 527 млрд. теңге тапшылықпен немесе ЖІӨ-ге 2,1% орындалды. Өткен жылы мемлекеттiк бюджеттiң табыстары 22,6%-ға, шығындары 18,9%-ға ұлғайды.

Мемлекеттік бюджеттің кірісі 2010 жылы жалпы экономикалық конъюнктураға сәйкес өсті. Экономика салаларының оң өсуi қарқыны өткен жылы салық түсiмдерiнiң жиналуын 2009 жылға қарағанда 31,6%-ға ұлғайтуға ықпал етті.

2010 жылы инвестициялық белсенділік экономика секторларындағы тауарлар мен қызметтер өндірісіне қарағанда баяу қалпына келуді осы көрсеткiш инерциясының жоғары болуымен түсіндіріледі.

2010 жылы негізгі капиталға инвестициялар 0,5%-ға қысқарды.

Негізгі капиталға инвестициялар ЖІӨ-ге қарағанда 2007 жылғы деңгейге шықпады және құлдырау мұнымен салыстырғанда 11%-дан астам болды. Бұл дағдарыс жағдайында инвестициялардың құлдырауы ЖІӨ-нің құлдырауынан анағұрлым тез болуына байланысты болуда. Бұл ретте дағдарысқа дейінгі кезеңде инвестициялар ЖІӨ-ге қарағанда едәуір өсті, бұл ең алдымен құрылыстың өсу қарқынының шапшаңдығымен түсіндіріледі.

Дағдарыстың басында құрылыс секторы тым қызып кеткен болатын. 2007 жылы құрылыстың өсу қарқыны 5,7%-ды құрады. 2008 – 2009 жылдардағы дағдарыс бірінші кезекте жылжымайтын мүлік және жаңа объектілер құрылысына тиді және олардың көбі тұрып қалды және бұл елдегі инвестициялық белсенділіктің күрт төмендеуінің басты себептерінің бірі болды.

Инвестициялар және құрылыс секторындағы өндіріс серпіні осығанұқсас сценариймен дамыды (инвестициялар мен құрылыс индекстерінің кестелері іс жүзінде ұқсас, 2-сурет). Құрылыстағы жұмыс көлемі 2009 жылғы нәтижеден 1,0%-ға асып түсті.
2-сурет


2010 жылы тікелей шетелдiк инвестициялар 11,8%-ға қысқарды.

Экономика секторларының кәсіпорындары дағдарыс соққысынан әлі толық бас көтере қойған жоқ, соның салдарынан қарыз қаражаты есебінен инвестицияларды қаржыландыру 2010 жылы 22,4%-ға кеміді. Бұдан басқа, қарыз капиталының төмендеуіне олардың жоғары бағасы себеп болды.

Дағдарыс кезеңінде қазақстандық банктер өтімділікті барынша ұлғайтқанына қарамастан, олардың көзқарасы бойынша сенімді қарыз алушылар экономикада әлі де аз. Банктер мен экономиканың нақты секторы арасындағы қатынастың алға басуын тұтастай алғанда, салалардағы және экономикадағы өсу үрдісін жеңілдету шамасына қарай күтуге болады.

2010 жылы әлемдiк нарықтарда қазақстандық экспорттың негiзгi тауарларының бағалар конъюнктурасы негiзiнен қолайлы болды: көптеген тауарлар нарықтарында бағалардың өсуі байқалды.

2010 жылы әлемдік нарықтарда мұнай бағаларының оң серпіні мұнайға сұраныстың 2007 жылғы деңгейге дейін қалпына келуімен, оған деген Қытайда және басқа Азия елдеріндегі өсіп отырған сұранысқа, 2010 – 2011 жылдарға мұнайға әлемдегі сұраныс божамының жоғарылауы, жетекші әлемдік валюта және қор нарықтарының жағдайы әсер етті.

Сыртқы сауда айналымының көлемi 89,9 млрд. АҚШ долл. көлемінде қалыптасты, оның ішінде экспорт 59,5 млрд. АҚШ долл., импорт млрд. АҚШ долл. Экспорт 2009 жылдың көлемiне қатысты 37,8%-ға, тиісінше импорт 7,0%-ға ұлғайды.

Ұлттық банктiң деректерi бойынша 2010 жылы Қазақстанның сауда балансы 29,1 млрд. АҚШ долл. мөлшеріндегі профицитпен орын алды. Еңбекақы төлеу (өсу 3,1%) инвестициялық кірістер (өсу 36,4%) бойынша капиталдың таза ағынының өсуіне қарамастан, ағымдағы есепшот 4,3 млрд. АҚШ долларын құрай отырып, оң қалыптасты.



2011 жыл, сарапшылардың пікірі бойынша нарық субъектілері арасындағы шаруашылық қатынастарды қалпына келтірудің және нарық субъектілерінің экономикалық өсу сатысына кіруінің бірқалыпты және дәйекті жылы болады.

2011 жылдың басынан бері еліміздің экономикасында оң серпін байқалуда. Алдын ала бағалау бойынша ЖІӨ-нің өсімі а.ж. қаңтар-маусымда 7,1%-ды құрады. Экономиканың өсуiнiң жоғары қарқынын қамтамасыз етуге мүмкiндiк берген түйінді iшкi фактор мемлекеттiк және жеке меншік секторлар тұтынуының өсуі есебінен тұтыну нарығындағы тұтыну сұранысының ұлғаюы болып табылады.

Экономикадағы ішкі сұраныстың және инвестициялық белсенділікті ұстап тұру көздерінің бірі мемлекеттік бюджеттің шығыстары болып табылады. Мемлекеттік бюджеттің шығыны 2011 жылғы қаңтар-маусымда 2 355,4 млрд. теңгені құрады және 2010 жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 16,6 %-ға ұлғайды.

Есепті кезеңде тұтынушылық сұраныстың ұлғаюы байқалуда, мұны бөлшек саудадағы тауар айналымының өсуі көрсетеді. 2011 жылдың қаңтар–маусымында бөлшек саудадағы тауар айналымы алдыңғы жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда нақты мәнде 12,0%-ға (1 628,6 млрд. теңге) өсті.

Тұтынушылық сұраныстың ұлғаюы туралы 2011 жылғы қаңтар-маусымда 2010 жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда тұтыну тауарлары импортының 28,4%-ға ұлғайғаны айғақтайды.

Тұтынушылық сұраныстың кеңеюі халықтың кірістері мен жалақыларының өсуіне ықпал етеді. 2011 жылғы қаңтар - маусымда жан басына шаққандағы атаулы орташа ақшалай табыс 258,2 мың теңгені құрады және атаулы көрсеткіші 14,0% өсті. Орташа айлық атаулы жалақы 13,8%-ға өсті және 82,7 мың теңгені құрады. Халықтың нақты ақшалай табыстары осы кезеңде 5,2%-ға, нақты жалақысы - 5,0%-ға өсті.

2011 жылғы қаңтар–маусымда негізгі капиталға салынған инвестициялардың көлемі 1869,5 млрд. тенгені құрап, 2010 жылғы қаңтар-маусымдағы деңгейден 0,1%-ға артты.

Ағымдағы жылдың екінші тоқсанынан бастап экономиканы кредиттеу көлемінің өсуінің тұрақты үрдістері байқалуда. Ағымдағы жылдың маусымның соңында екінші деңгейдегі банктердің экономика саласына берген кредит көлемі 7932,7 млрд. теңгені құрап, жылдың басымен салыстырғанда 4,4%-ға өсті.

Жылдың басынан бергі кезеңде (2010 жылдың желтоқсанымен салыстырғанда маусым) тұтыну тауарлары мен қызметтерінің бағалары өткен жылдың тиісті кезеңіне қарағанда 4,4%-дан 5,1%-ға ұлғайды. Азық-түлік тауарлары бағаларының өсімі 8,0%-ды құрады, ол өткен жылғы тиісті кезеңге қарағанда 2,4 пайыздық тармаққа жоғары (5,6%). Азық-түлік емес тауарлардың өсімі 2,5%-ды (2,7%), ақылы қызмет - 4,1%-ды (4,6%) құрады.

Әлемдік экономиканың жандануы, сыртқы сұраныстың қалпына келуі және энергия ресурстары мен металдың сыртқы бағалар конъюнктурасы тұрақтанды, олар Қазақстанның экспорттық тауарларының өсуін қамтамасыз етті.

2011 жылғы қаңтар–маусымда тауарлар экспорты 44,9 млрд. АҚШ. долларын құрады және 2010 жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 51,8%-ға ұлғайды. Сыртқы сауда теңгерімі оң сальдомен 1,7 есе өсті және 28,3 млрд. АҚШ долларын құрады.

Негізгі сыртқы факторлар және ішкі сұраныстың кеңеюі өнеркәсіп өндірісінің өсуін қамтамасыз етті. 2011 жылғы қаңтар–маусымда өнеркәсіп өнімдерінің өндірісі 2010 жылдың қаңтар-маусымымен салыстырғанда 5,8%-ға ұлғайды.

Өңдеу өнеркәсібінде өнім өндірісінің өсу қарқыны тау-кен өндіру өнеркәсібінің өсу қарқынынан тиісінше 108,7% және 104,1%-ға озды.

Тау-кен өндіру өнеркәсібінде көмір және лигнит өндіру көлемдері 7,6%-ға, табиғи газ - 6,9%-ға, шикі мұнай - 3,5%-ға, металл рудалары 1,5%-ға ұлғайтылды.

Өңдеу өнеркәсібінде өнімдер өндірісінің өсуі сусындардың 2,4%-ға, азық-түлік тауарларының 1,5%-ға, химия өнеркәсібі өнімдерінің 17,5%-ға, резеңке және пластмасса тауарларының 13,3%-ға, басқа да металл емес минералдық тауарларының 14,3%-ға, металлургия өнеркәсібінде 11,5%-ға, машина жасауда 26,4%-ға өсуімен қамтамасыз етілді. Электрмен жабдықтау, газ, бу беру мен ауаны желдету 6,8%-ға өсті.

Ауыл шаруашылығы өнімінің жалпы көлемі 2011 жылғы қаңтар-маусымда 2010 жылғы тиісті кезеңімен салыстырғанда 1,5%-ды құрады. Барлығы 446,9 млрд. теңгені құрайтын ауыл шаруашылығы өнімдері өндірілді.

Құрылыс жұмысының көлемі 2011 жылғы қаңтар-маусымда 711,4 млрд. теңгені құрады және өткен жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда 1,7%-ға өсті.

Өнеркәсіп өндірісінің өсуі көлік-коммуникация саласында көрсетілетін қызметтер көлемінің өсуін қамтамасыз етті. 2011 жылғы қаңтар - маусымда көліктің барлық түрімен тасымалдау 1181,3 млн. тонна жүкті құрады, бұл өткен жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда 18,9%-ға көп. Байланыс қызметі 2011 жылдың қаңтар - маусымында 16,5%-ға ұлғайып, 259,6 млрд. теңгені құрады.

Экономика саласын дамытудың жыл басынан бері қалыптасқан серпіні кезінде сыртқы факторларды ескере отырып ЖІӨ-нің жалпы өсуі 2011 жылы 7,0% деңгейінде бағаланады.

1. 2. Сыртқы даму жағдайы
Экономиканың өсуіне ықпал ететін негізгі сыртқы фактор қазақстандық экспорт тауарларының өсуін қамтамасыз еткен әлемдік экономиканың жандануы, сыртқы сұраныстың қалпына келуі және энергия ресурстары мен металдардың сыртқы баға конъюнктураларының тұрақтануы болды.

Әлемдік экономиканың өсу қарқыны мен перспективаларын ХВҚ 2011 – 2012 жылдары 4,3-4,5% шеңберінде жоспарланды. Қалыптасқан трендтің 4% өсім шегінде жалғасуы межеленіп отыр.

Сонымен қатар, әлемде дамыған және дамушы елдердің дамуындағы анықталған теңгерімнің үйлесімсіздігі қалыптасты. Экономикасы дамыған елдерде өсу қарқыны әлі де төмен, өте жоғары деңгейдегі мемлекеттік борыш пен бюджет тапшылығына байланысты жұмыссыздық өте жоғары, евро аймағындағы қарбаластық бұл өсу қарқынының төмендеу қаупін күшейтуге ықпал етеді. Көптеген елдерде қалыптасқан нарықта белсенділік деңгейі жоғары болуда, бірақ инфляциялық қысым пайда болуда және кейбір әдәуір капиталдың құйылуына байланысты туындаған қызып кету белгілері байқалуда.

Ағымдағы үрдістерді және әлемдегі ірі дамыған және дамушы елдер экономикасының дамуына өсу перспективаларын негізге ала отырып, әлемдік экономика үшін мынадай негізгі тәуекелдер болуы мүмкін:

- Евро аймағынан шет жатқан елдер проблемаларының Еуропаның негізгі елдеріне таралу мүмкіндігі.

Бұл ЕО елдері экономикаларының өсу қарқынын баяулатуы мүмкін, ол өз кезегінде шикізат тауарлары бағасының төмендеуіне әкеледі;


  • Негізгі елдердегі бюджеттік шоғырланудың орта мерзімді жоспарларын әзірлеу үдерісінің жеткіліксіздігі.

  • Ең төмен ставка деңгейі шикізат нарығына алып-сатарлық капитал ағынының келуіне және биржа тауарларына тұрақсыз жоғары бағаны ұстап тұруға ықпал етеді.

  • АҚШ экономикасы айналасындағы жағдайдың біркелкі болмауы әлемдік экономикаға тұрақсыздық әсерін тигізеді.

Перспективада әлеуетті техникалық дефолт қатерінің сақталуы, АҚШ-тың Standart&Poor`s агенттігінің ұзақ мерзімді кредит рейтингін төмендетуі әлемдік қаржы нарықтарындағы жағдайды түбірінен өзгертті. Жүйелі шаралар болмаған жағдайда борыштық дағдарыс, кейбір бағалаулар бойынша, жаһандық рецессияның жаңа толқынына әкеліп соғуы мүмкін.

Қазақстандық экспорттың мұнай және басқа тауарлар бағаларына болжамды серпіні

ХВҚ-ның бағалауына сәйкес шолу жасалып отырған болашақта да мұнай бағасы жоғары болып қалуы мүмкін.

Әлемдік мұнай нарығы өсіп отырған тапшылық кезеңін бастан кешіруде, өйткені мұнайға сұраныс нарығы қалыптасып келе жатқан елдер экономикасы дамыған елдердегі сұранысты қуып жетуде. Сонда да кейбір ірі экспорттаушы елдерде мұнай кен орындары жетілген, бұл шектеуші фактор болып табылады.

Мұнай ұсынысын жақсарту баяу жүруде, бұл инвестициялар саласының осал жерлерін және басқа да шектеулерді көрсетеді. Пайдалы қуаттар тек қана бiртiндеп өсетін болады.

Мұнай ұсынысына қосымша шектеулер геосаяси тәуекелдерді құрайды. Осы факторлар тұрғысынан мұнай бағасы болжанатын кезеңде жоғары болып қалуы мүмкін.

Халықаралық ұйымдардың бағалауы бойынша негізгі металдарға баға орта мерзімді кезеңде сәл ған төмендеу мүмкіндігімен жоғары деңгейде сақталады.





Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6


©kzref.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет