Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау



жүктеу 0.59 Mb.
бет1/4
Дата08.05.2018
өлшемі0.59 Mb.
  1   2   3   4

Источник: ИС ПАРАГРАФ, 20.09.2012 10:03:57
Ислам бағалы қағаздары шығарылымын мемлекеттік тіркеу, ислам бағалы қағаздарын орналастыру және өтеу қорытындылары туралы есептерді қарау, сондай-ақ ислам бағалы қағаздарына ұлттық сәйкестендіру нөмірлерін беру жөніндегі ережені бекіту туралы
Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау
жөніндегі агенттігі басқармасының 2009 жылғы 27 наурыздағы № 57 Қаулысы

(2012.24.02. берілген өзгерістермен)

 

Осы қаулыға өзгерістер енгізу туралы ҚР ҚҚА  Басқармасының 2010.29.03. № 50 қаулысын қара (2012 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі)



 

 «Бағалы қағаздар рыногы туралы» Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 2 шілдедегі Заңының 3, 8, 9 және 32-3-баптарына және «Қаржы рыногы мен қаржылық ұйымдарды мемлекеттік реттеу және қадағалау туралы» Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 4 шілдедегі Заңының 12-бабына сәйкес Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігінің Басқармасы (бұдан әрі - Агенттік) ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. Ұсынылып отырған Ислам бағалы қағаздары шығарылымын мемлекеттік тіркеу, ислам бағалы қағаздарын орналастыру және өтеу қорытындылары туралы есептерді қарау, сондай-ақ ислам бағалы қағаздарына ұлттық сәйкестендіру нөмірлерін беру жөніндегі ережесі бекітілсін.

2. Осы қаулы Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелген күннен бастап он төрт күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

3. Бағалы қағаздар рыногының субъектілерін және жинақтаушы зейнетақы қорларын қадағалау департаменті (Хаджиева М.Ж.):

1) Заң департаментімен (Сәрсенова Н.В.) бірлесіп, осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеу шараларын қолға алсын;

2) осы қаулы Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелген күннен бастап он күндік мерзімде оны Агенттіктің мүдделі бөлімшелеріне және «Қазақстан қаржыгерлерінің қауымдастығы» Заңды тұлғалар бірлестігіне мәлімет үшін жіберсін.

4. Агенттіктің Төраға Қызметі (Кенже А. А.) осы қаулыны Қазақстан Республикасының бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау шараларын қолға алсын.

5. Осы қаулының орындалуын бақылау Агенттік Төрайымының орынбасары А.Ө. Алдамбергенге жүктелсін.

 

 


Төрайым

Е. Бахмутова

 

Қазақстан Республикасы



Қаржы нарығын және қаржы

 ұйымдарын реттеу мен қадағалау

агенттігі Басқармасының

2009 жылғы 27 наурыздағы

57 қаулысымен бекітілген



 

 

Ислам бағалы қағаздары шығарылымын мемлекеттік тіркеу, ислам бағалы қағаздарын орналастыру және өтеу қорытындылары туралы есептерді қарау,сондай-ақ ислам бағалы қағаздарына ұлттық сәйкестендіру нөмірлерін беру



жөніндегі ереже

 

Осы Ереже «Бағалы қағаздар рыногы туралы» Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 2 шiлдедегi Заңының 3, 8, 9 және 32-3 баптарына және «Қаржы рыногы мен қаржылық ұйымдарды мемлекеттік реттеу және қадағалау туралы» Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 4 шiлдедегi Заңының 12-бабына сәйкес әзiрлендi және ислам бағалы қағаздары шығарылымын (исламдық жалдау сертификаттарын және исламдық қатысу сертификаттарын) мемлекеттік тiркеу талаптары мен тәртібін, ислам бағалы қағаздарын орналастыру және өтеу қорытындысы жөніндегі есептерді қарауды, сондай-ақ ислам бағалы қағаздарына ұлттық сәйкестендіру нөмірлерін беруді айқындайды.

 

 

1-тарау. Ислам бағалы қағаздары шығарылымын



мемлекеттік тiркеу

 

1. Ислам бағалы қағаздары шығарылымын мемлекеттік тiркеу үшін эмитент бағалы қағаздар рыногын реттеу мен қадағалауды жүзеге асыратын мемлекеттік органға (бұдан әрi - уәкiлеттi орган) мынадай құжаттарды ұсынады:



1) ислам бағалы қағазының түрін көрсете отырып, еркiн нысанда жазылған өтiнiштi;

2) эмитент органының шығарылым тәртібі, орналастыру, ислам бағалы қағаздарын айналысқа түсіру және өтеу, эмитент ислам бағалы қағаздарын орналастыру нәтижесінде алған қаражатты пайдалану, шығарылым көлемі, саны және ислам бағалы қағаздарының саны, ислам бағалы қағаздарының номиналды құны, ислам бағалы қағаздарының айналыс жасау мерзімі, ислам бағалы қағаздарын ұстаушылардың құқықтары, тіркеуші, сондай-ақ эмитент қабылдап отырған міндеттемелер (шектеулер) туралы мәмілелері бар ислам бағалы қағаздары шығарылымы жөніндегі шешімінің көшірмесін;

3) исламдық қаржыландыру принциптері жөніндегі кеңеспен келісілген ислам бағалы қағаздары шығарылымының проспекті, екі данада;

4) эмитенттің және оригинатор жарғыларының көшірмелері;

5) Қазақстан Республикасының бағалы қағаздар рыногы туралы заңнамасымен және исламдық қатысу сертификаттарын сатып алу немесе мерзімінен бұрын өтеу жөніндегі міндеттемелерді, сондай-ақ ислам бағалы қағаздары шығарылымы проспектісімен белгіленген жағдайларда эмитенттен мүлік сатып алуды қосқандағы ислам бағалы қағаздары проспектісімен белгіленген міндеттемелерді оригинатордың орындау талаптарын анықтайтын эмитент пен оригинатордың арасында жасалған шарттың көшірмесі;



6) эмитент пен оригинатордың мемлекеттік тіркелу (қайта тіркелу) жөніндегі куәлігінің көшірмесі;

7) эмитент пен оригинатордың статистикалық карточкасының көшірмесі;

8) бөлінген активтерді құрайтын мүлікті сенімгерлікпен басқару шартының көшірмесі (мүлікті сенімгерлікпен басқаруға берген кезде).

2. Ислам бағалы қағаздары шығарылымы проспектісі осы Ереженiң 1-қосымшасына сәйкес нысан бойынша қағаз тасымалдағышта (мемлекеттік және орыс тiлдерінде) Acrobat Reader форматында және электронды тасымалдағышта мемлекеттік және орыс тiлдерінде (қоғамның қаржылық есебiн қоспағанда) екі данада жасалады. Екi дананың әр қайсысында мемлекеттік және орыс тiлдеріндегі ислам бағалы қағаздары шығарылымы проспектiсi болуы керек.



Ислам бағалы қағаздары шығарылымы проспектiсіндегі мәлiметтер ислам бағалы қағаздары шығарылымын мемлекеттік тiркеу үшiн құжаттарды берер алдындағы соңғы тоқсанның аяғындағы жағдай бойынша қаржылық есеп беруге сай көрсетiлетін эмитенттiң (осы Ереженiң 1-қосымшасының 5-тарауында көрсетiлген) қаржылық жай-күйi туралы ақпаратты қоспағанда, уәкiлеттi органға құжаттарды беру күнiнiң алдындағы айдың соңғы күнi көрсетілуі керек.

3. Мыналар ислам бағалы қағаздары шығарылымы проспектiсiнің ажырамас бөлігі болып табылады:



1) эмитенттің соңғы екі қаржы жылы үшiн аудиторлық есептермен расталған жылдық қаржылық есеп беруі (жаңадан құрылған эмитенттерді қоспағанда) және ислам бағалы қағаздары шығарылымын мемлекеттік тіркеуге берер алдындағы аяққы тоқсанның соңындағы

жағдай бойынша қаржылық есеп беру.

Ағымдағы жылдың 1-қаңтарынан 1-маусымына дейiнгi кезеңде акционерлік қоғам нысанында құрылған эмитентте соңғы аяқталған қаржы жылы үшiн аудит жасалған аудиторлық жылдық қаржылық есеп болмаған жағдайда уәкілетті органға соңғы аяқталған қаржы жылының алдындағы екi жыл үшiн аудит жасалған қаржылық есептi ұсынады (аяқталған қаржы жылы үшiн аудит жасалған қаржылық есептi қоғам акционерлердiң жалпы жиналысы аудит жасалған жылдық қаржылық есептi бекiткен күннен бастап бiр ай iшiнде ұсынады);

2) оригинатордың соңғы екі қаржы жылы үшiн жасалған аудиторлық есептермен расталған жылдық қаржылық есеп беруі (жаңадан құрылған оригинаторларды қоспағанда) және уәкілетті органға құжаттарды берудің алдындағы күнгі соңғы тоқсан үшін оригинатордың қаржылық есеп беруі;

3) ислам бағалы қағаздары эмитентінің және ислам бағалы қағаздары ұстаушыларының өкілі арасында жасалған ислам бағалы қағаздары ұстаушыларының мүдделерін ұсыну жөніндегі шарттың көшірмесі;

4) оригинатордың басқару органымен (бақылау кеңесімен) бекітілген және исламдық қаржыландыру принциптері жөніндегі кеңеспен келісілген жобаның нақты сипаты, болжалданып отырған қаржы ағыны, жобаның әлеуеттік тәуекелдері, қайтымдылық мерзімдері бар инвестициялық жобаның бизнес - жоспары (исламдық қатысу сертификаттары шығарылымын мемлекеттік тіркеу үшін).

4. Ислам бағалы қағаздарын шығару, орналастыру, айналысқа жіберу және өтеу талаптары ислам бағалы қағаздары шығарылымы проспектiсiмен белгіленеді.

5. Эмитент мемлекеттік тіркеуге беріп отырған ислам бағалы қағаздарының құжаттары Қазақстан Республикасы заңнамасының және осы Ереженің талаптарына сәйкес келген жағдайда:

1) ислам бағалы қағаздары шығарылымын тіркейді және осы Ереженің 2-қосымшасына сәйкес ислам бағалы қағаздары шығарылымының мемлекеттік тіркелгендігі жөнінде эмитентке куәлік береді;



2) эмиентке ислам бағалы қағаздары шығарылымы проспектісінің уәкілетті органның оның мемлекеттік тіркелгендігі жөніндегі белгісі бар бір данасын қайтарады.

6. Ислам бағалы қағаздарының келесі шығарылымы осының алдындағы шығарылымды өтеу аяқталған соң жүзеге асырылады.



 

 

2-тарау. Ислам бағалы қағаздары проспектiсiне



өзгерістер мен толықтырулар енгізу

 

7. Ислам бағалы қағаздары проспектiсiне енгізіліп отырған өзгерістер мен толықтырулар исламдық жалдау сертификаттарының бастапқы тіркелген санының өсу мүмкіндіктерін көздемейді.

8. Эмитент ислам бағалы қағаздары проспектiсiне өзгерістер мен толықтырулар енгізу мақсатында уәкiлеттi органға мыналарды береді:

1) еркiн түрде жазылған өтiнiштi;

2) бiрiншi басшы, бас бухгалтер қол қойған және эмитенттiң мөрiмен бекітілген, қағаз тасымалдағышта мемлекеттік және орыс тiлдерiнде екi данада жасалған ислам бағалы қағаздары шығарылымының проспектiсiне өзгерістер мен толықтыруларды. Мемлекеттік және орыс тiлдеріндегі екi дананың әр қайсысында ислам бағалы қағаздары шығарылымының проспектiсiне енгiзiлген өзгерістер мен толықтырулар бар;

3) қаржылық есеп берусiз Acrobat Reader форматында электрондық тасымалдағышта оған енгiзiлетiн өзгерістер мен толықтырулары бар (мемлекеттік және орыс тiлдерiнде) ислам бағалы қағаздары шығарылымының проспектiсiн;

4) исламдық қатысу сертификаттары (исламдық қатысу сертификаттары шығарылса) санын өсіру қажеттігі негізідемесі бар ислам бағалы қағаздары шығарылымының проспектiсiне өзгерістер мен толықтырулар енгiзiлген эмитент органы шешiмiнiң көшiрмесiн;

5) эмитенттiң атауы, тұрғылықты жерi өзгерген, сондай-ақ исламдық қатысу сертификаттарының саны өскен жағдайда ислам бағалы қағаздары шығарылымын мемлекеттік тiркеу жөніндегі куәлiктiң түпнұсқасы;

6) ислам бағалы қағаздары шығарылымының проспектiсiне өзгерістер мен толықтыруларды енгізу нәтижесiнде ислам бағалы қағаздарын ұстаушылардың құқықтары бұзылмайтындығы туралы эмитенттiң жазбаша мiндеттемесiн;

7) эмитенттің (оригинатордың) тұратын орны өзгерген жағдайда - заңды тұлғаның мемлекеттік тiркелгендiгi (қайта тіркелгендігі) жөніндегі куәлiктiң көшiрмесi және жарғының көшiрмесi.

9. Эмитент ислам бағалы қағаздары шығарылымының проспектiсiне өзгерістер мен толықтыруларды енгізу үшiн ұсынған құжаттар Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарына сәйкес келген жағдайда уәкiлеттi орган:



1) ислам бағалы қағаздары шығарылымының проспектiсiне енгiзiлетiн өзгерістер мен толықтыруларды тiркейдi және эмитенттің атауы, тұрғылықты жерi өзгерген, сондай-ақ исламдық қатысу сертификаттарының саны өскен жағдайда ислам бағалы қағаздары шығарылымын мемлекеттік тiркеу туралы куәлiктi ауыстыруды жүзеге асырады;

2) уәкiлеттi органның олардың мемлекеттік тiркелгенi туралы белгiсiн қойып, ислам бағалы қағаздары шығарылымының проспектiсiне өзгерістер мен толықтырулардың бiр данасын эмитентке қайтарады.

10. Уәкiлеттi орган ислам бағалы қағаздары шығарылымының проспектiсiне өзгерістер мен толықтыруларды енгізу үшiн эмитент ұсынған құжаттарды осы Ереженiң 8 тармағында көрсетiлген құжаттарды берген күннен бастап он бес күнтiзбелiк күн iшiнде қарайды.

 

 

3-тарау. Ислам бағалы қағаздарын орналастыру және өтеу



қорытындылары туралы есептерді қарау

 

11. Ислам бағалы қағаздарын орналастыру қорытындылары туралы есептi қарау үшiн эмитент уәкiлеттi органға «Бағалы қағаздар рыногы» туралы 2003 жылғы 2 шілдедегі Заңның 24-бабының 1-тармағында белгiленген құжаттарды ұсынады. Ислам бағалы қағаздарын орналастыру қорытындылары туралы есеп осы Ереженiң 3-қосымшасына сәйкес нысан бойынша жасалады және қағаз тасымалдағышта екi данада және Acrobat Reader форматында электронды тасымалдағышта (мемлекеттік және орыс тiлдерiнде) ұсынылады. Бұл ретте екi дананың әр қайсысында мемлекеттік және орыс тiлдеріндегі ислам бағалы қағаздарын орналастыру қорытындылары туралы есеп бар.



12. Ислам бағалы қағаздары ды орналастыру кезеңi жүйелi алты ай болады.

Орналастырудың бiрiншi есептi кезеңiнiң басталу күнi ислам бағалы қағаздарын орналастыру проспектiсiнде белгiленген ислам бағалы қағаздарын орналастыруды бастаған күнi болып табылады.

Келесi есептi кезеңнiң басталу күнi алдыңғы есептi кезеңнiң аяқталған күннен кейiн келетiн күн болып табылады.

Ислам бағалы қағаздарын орналастыруды аяқтау күнi эмитенттiң жеке шотынан жарияланған бағалы қағаздарды есепке алу үшiн эмитенттiң ислам бағалы қағаздарын ұстаушылардың тiзiлiм жүйесiнде тiркелген тұлғалардың жеке шоттарынан барлық ислам бағалы қағаздарын есептен шығару жөніндегі соңғы операцияны жүргiзу күнi не ислам бағалы қағаздары шығарылымы проспектісі белгілеген ислам бағалы қағаздарын орналастыру мерзімінің аяқталған күні болып табылады.

Эмитент ислам бағалы қағаздарын орналастыру қорытындысы туралы есептi орналастырудың есептi кезеңi аяқталғаннан кейiн бiр ай iшiнде ұсынады.

13. Эмитент ислам бағалы қағаздарын өтеу қорытындысы туралы есептi уәкілетті органға қарауға және бекітуге беру үшін мынадай құжаттарды ұсынады:



1) ислам бағалы қағаздарын өтеу қорытындысы туралы есептi қарау жөніндегі өтініш;

2) есепті айдың аяғындағы немесе ислам бағалы қағаздарын өтеуді аяқтау күнгі жағдай бойынша эмитенттің және оригинатордың қаржылық есеп беруі;

3) осы Ереженің 4-қосымшасымен белгіленген талаптарға сәйкес жасалған және ресімделген ислам бағалы қағаздарын өтеу қорытындысы туралы есеп;



4) эмитенттің ислам бағалы қағаздарын ұстаушылар тізілімін жабу жөніндегі тіркеушінің хабарламасы;

5) эмитенттің ислам бағалы қағаздарын өтеу жөніндегі өз міндеттемелерін эмитенттің (оригинатордың) орындауын растайтын төлем агентінің немесе эмитенттің (төлем агентімен шарт болмаған жағдайда) хабарламасы.

14. Ислам бағалы қағаздарын өтеу қорытындысы туралы есепті эмитент ислам бағалы қағаздары шығарылымы проспектісі белгілеген өтеу мерзімі аяқталғаннан кейін бір ай ішінде ұсынады.

15. Ислам бағалы қағаздарын өтеу қорытындысы туралы есепті уәкілетті орган құжаттарды уәкілетті органға берген күннен бастап он төрт күнтізбелік күн ішінде қарайды.

16. Ислам бағалы қағаздарын орналастыру немесе өтеу қорытындысы туралы есепті қарау үшiн эмитент ұсынған құжаттар Қазақстан Республикасы заңнама талаптарына сәйкес келген жағдайда уәкiлеттi орган:

1) ислам бағалы қағаздарын өтеу қорытындысы туралы есепті бекiтедi және эмитентке осы Ереженiң 5-қосымшасына сай ислам бағалы қағаздарын орналастыру немесе өтеу қорытындысы туралы есептің бекітілгенi туралы хабарлама жiбередi;

2) эмитентке ислам бағалы қағаздарын орналастыру немесе өтеу қорытындысы туралы есептің уәкiлеттi органның оны бекiткендiгi туралы белгiсi қойылған бiр данасын қайтарады.

17. Егер ислам бағалы қағаздары ды орналастырудың есептi кезеңi басталған күнiнен бастап алты ай iшiнде эмитент бiр де бiр ислам бағалы қағаздарын орналастырмаса, эмитент уәкiлеттi органға мыналарды береді:



1) осы кезеңде ислам бағалы қағаздарын орналастыру жүзеге асырылмағаны туралы мәлiмет бар жазбаша хабарламаны;

2) ислам бағалы қағаздарын орналастырудың есептi кезеңi аяқталған күнгi жарияланған бағалы қағаздарды есепке алу үшін эмитенттiң жеке шотының жай-күйi туралы тiркеушi берген анықтаманың көшiрмесi.

 

 



4-тарау. Ислам бағалы қағаздарына ұлттық сәйкестендіру

нөмірін беру тәртібі

 

18. Уәкілетті орган болжалданып отырған шығарылым бойынша ислам бағалы қағаздарына ұлттық сәйкестендіру нөмірін беруді эмитенттің құжаттарының осы Ережемен белгіленген ислам бағалы қағаздары шығарылымын мемлекеттік тіркеуге құжаттарды ұсынудың талаптары мен тәртібіне сәйкес келген жағдайында жасалады.

19. Уәкілетті органның жауапты қызметкері:

1) осы Ережеге сәйкес ұлттық сәйкестендіру нөмірін ретке келтіреді;

2) айналыста бар ислам бағалы қағаздары шығарылымына ұқсас ұлттық сәйкестендіру нөмірлерінің болмауын тексереді;

3) ұлттық сәйкестендіру нөмірін береді;

4) ұлттық сәйкестендіру нөмірі берілген ислам бағалы қағаздары шығарылымын мемлекеттік тіркеу туралы куәлікті қоса бере отырып, эмитентті ұлттық сәйкестендіру нөмірі берілгендігі туралы жазбаша хабардар етеді.

20. Ислам бағалы қағаздарына ұлттық сәйкестендіру нөмірін беру үшін араб цифрлары мен латын алфавитінің қаріптері («I» және «О» қаріптерін қоспағанда) жазба (тақырыптық) пайдаланылады.

21. Ұлттық сәйкестендіру нөмірі қандай да бір тыныс белгісімен бөлінбеген қатарынан он екі символдарды (солдан оңға қарай есептегенде) құрайды және мынадай үш бөліктен тұрады:

1) бірінші және екінші позицияларда орналасқан символдар, заңнамаға сәйкес эмитенттің ислам бағалы қағаздары шығарылымын шығарған елдің екі әріпті кодын білдіреді (Қазақстан Республикасы үшін «KZ» коды пайдаланылады);

2) үшінші - он бірінші позицияда орналасқан символдар осы Ереженің 22-27 тармақтарына сәйкес есептелетін бақылаушы цифр болып табылады;

3) он екінші позицияда орналасқан символ осы Ереженің 28-тармағына сәйкес есептелетін бақылаушы цифр болып табылады;

22. Үшінші позицияда орналасқан символ ислам бағалы қағаздарының түрлерін білдіреді (исламдық жалдау сертификаттары үшін «3» символы пайдаланылады, ал исламдық қатысу сертификаттары үшін «4» символы пайдаланылады).

23. Төртінші позицияда орналасқан символ ислам бағалы қағаздары эмитентінің мынадай ұйымдық-құқықтық нысанын білдіреді:

1) «C» символы - акционерлік қоғам;

2) «P» символы - жауапкершілігі шектеулі серіктестік.

24. Ислам бағалы қағаздары шығарылымын тіркеу кезінде бесінші позицияда орналасқан символ «0» цифрымен белгіленеді.

25. Алтыншы позицияда орналасқан символ ислам бағалы қағаздарының айналыс мерзімінің мынадай өлшем бірліктерін білдіреді (осы Ереженің



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4


©kzref.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет