«Қазақстан Республикасының аудандық маңызы бар қалалары, ауылдық округтері, ауылдық округтің құрамына кірмейтін кенттері мен ауылдары әкімдерінің сайлауын өткізудің кейбір мәселелері туралы»



жүктеу 15.05 Kb.
Дата09.09.2017
өлшемі15.05 Kb.
түріҚұрамы



«Қазақстан Республикасының аудандық маңызы бар қалалары

ауылдық округтері, ауылдық округтің құрамына кірмейтін кенттері мен ауылдары әкімдерінің сайлауын өткізудің кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2013 жылғы 24 сәуірдегі № 555 Жарлығына өзгеріс пен толықтыру енгізу туралы

ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:

  1. «Қазақстан Республикасының аудандық маңызы бар қалалары,  ауылдық округтері, ауылдық округтің құрамына кірмейтін кенттері мен ауылдары әкімдерінің сайлауын өткізудің кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2013 жылғы 24 сәуірдегі № 555 Жарлығына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2013 ж., № 28, 424-құжат) мынадай өзгеріс пен толықтыру енгізілсін:

жоғарыда аталған Жарлықпен бекітілген Қазақстан Республикасының аудандық маңызы бар қалалары, ауылдық округтері, ауылдық округтің құрамына кірмейтін кенттері мен ауылдары әкімдерін қызметке сайлау, өкілеттігін тоқтату және қызметтен босату қағидаларында:

13-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«13. Әкімдікке кандидаттар ұсынуды аудан (қала) әкімі жергілікті қоғамдастық жиналысымен келіскеннен кейін балама негізде (яғни әкім лауазымына кемінде екі кандидат) жүзеге асырады.

Жергілікті қоғамдастық жиналысымен келісу тиісті аудандық (қалалық) сайлау комиссиясы тағайындаған сәттен бастап жүргізілуі мүмкін.»;

мынадай мазмұндағы 61-1-тармақпен толықтырылсын:

«61-1. Жергілікті қоғамдастық жиналысы әкімді қызметтен босату туралы мәселеге бастамашылық жасай алады.».

2. Осы Жарлық алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

     
Қазақстан Республикасының


     Президентi Н.Назарбаев

Астана, Ақорда, 2016 жылғы 11 қаңтар


№ 164


Каталог: upload -> media -> files
files -> 1998 жылғы 20 қаңтардағы №3827 Жарлығына өзгеріс пен толықтыру енгізу туралы
files -> Бюджеттік бағдарламаларды (кіші бағдарламаларды) әзірлеу
files -> Бекітілген мемлекеттік қызметшілердің ант беру
files -> «Квантовые и коллективные свойства плазмы: теоретические основы новых технологий»
files -> Қазақстан Республикасы Президентінің кейбір актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
files -> Қазақстан Республикасы Президентінің 005 жылғы шілдедегі
files -> Бекітілген азаматтық қорғау саласындағы уәкілетті орган ведомствосы жалауының сипаттамасы


Достарыңызбен бөлісу:


©kzref.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет