Қазақстан Республикасының аумағында 2013 жылы болған табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар күрделенуінің анықталған үрдісі туралы ай сайынғы шолу-талдамалық ақпарат



жүктеу 77.72 Kb.
Дата12.04.2019
өлшемі77.72 Kb.


Қазақстан Республикасының аумағында 2013 жылы болған табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар күрделенуінің анықталған үрдісі туралы ай сайынғы шолу-талдамалық ақпарат
Министрліктің қызметі еліміздің халқы мен аумағын табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардың кері әсерінен қорғауға бағытталған.

Министрліктің авариялық-құтқару қызметтерінің тұрақты әзірлігі қамтамасыз етілді, олар есепті кезеңде авариялық-құтқару жұмыстарына 56511 шығу жасады, 6748 адам құтқарылды, ТЖ аймағынан 6651 адам эвакуацияланды, 3667 зардап шеккенге алғашқы медициналық жәрдем көрсетілді.

Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметі дабыл бойынша 45041 шақыртуға барды, оның ішінде 13057 – өрт, 4617 - авариялық-құтқару жұмыстары, 27290 – өрт ретінде есепке алынбайтын жану, 77 – жалған шақырту.

Жыл басынан Министрліктің Мемлекеттік өртке қарсы қызмет күштері 1483 адамды құтқарды.

Қабылданған алдын ала шараларына қарамастан Қазақстан Республикасы аумағында ағымдағы жылы жедел деректер бойынша 16541 табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдай мен оқиға тіркелген (2012 жылдың осы кезеңіне қарағанда 17,6 %-ға кеміді). Бұл ретте зардап шеккендер саны 4262 адам (2012 жылдың осы кезеңіне қарағанда 13,3 %-ға кеміді), соның ішінде 1333 адам қаза болды (2012 жылдың осы кезеңіне қарағанда 15,9%-ға кеміді). Алдын ала деректер бойынша материалдық залал 9787,2 млн. теңгені құрады, өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 56,3%-ға өсті (2012 жылы – 6260 млн. теңге).


Техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар
Техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардың саны 14193 (ТЖ жалпы санынан 85,8%) оқиғаны құрайды, соның ішінде 96%-ды (13621) тұрмыстық және өндірістік өрттер құрайды. 2012 жылдың осындай кезеңімен салыстырғанда техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардың саны 2763 оқиғаға немесе 16,3%-ға кеміген.

Зардап шеккендердің саны 2015 адамды құрады (2012 жылдың осындай кезеңіне қарағанда 10,7%-ға кеміді), соның ішінде 888 адам қаза болды (2012 жылдың осындай кезеңіне қарағанда 14,3%-ға кеміді).


Табиғи сипаттағы төтенше жағдайлар
Алдын ала деректер бойынша табиғи сипаттағы төтенше жағдайлардың саны 2348 (ТЖ жалпы санынан 14,2%) оқиғаны құрайды. 2012 жылдың осындай кезеңімен салыстырғанда табиғи сипаттағы төтенше жағдайлардың саны 24,5%-ға кеміді.

Зардап шеккендердің саны 2247 адамды құрады (2012 жылдың осындай кезеңіне қарағанда 15,6%-ға төмендеді), соның ішінде 445 адам қаза болды (2012 жылдың осындай кезеңіне қарағанда 18,9%-ға төмендеді).

Қыс айларында еліміздің аумағына төтенше жағдайларды тудыруға себеп болатын қардың мол түсуі, төмен температура, борандар, дауылдар тән.

Қардың мол түсуі, қарлы боран, жолдың жаман көрінуі, температураның төмендеуі, боран сияқты ауа райы жағдайының нашарлауына байланысты республикалық маңызы бар автомобиль жолдарының басым бөлігі жабылды. Министрліктің жедел топтары борасын қар бар жол учаскелерінде құтқару операцияларын жүргізді, Қарағанды, Шығыс Қазақстан, Батыс Қазақстан, Павлодар, Алматы, Ақмола, Оңтүстік Қазақстан, Жамбыл және Қостанай облыстарында ақау болған жолаушылар көлігіне және жеке көлікке көмек көрсетті. Есепті кезеңде Министрліктің күштері қар үйінділерінен 8672 адамды құтқарды (оның ішінде 238 бала), 108 автобус, 2996 жеңіл автомобиль және 122 жүк автомобилін шығарды.

Есепті кезеңде гидрометеорологиялық сипаттағы 36 төтенше жағдай болды, онда 12 адам зардап шекті, соның ішінде 3 адам қаза болды. 2012 жылдың осындай кезеңінде 39 гидрометеорологиялық сипаттағы төтенше жағдай болды, онда 20 адам зардап шекті, соның ішінде 15 адам қаза болды.

Республика аумағында есепті кезеңде қауіпті жұқпалы аурулар мен уланудың 1587 оқиғасы тіркелді, одан 1791 адам зардап шегіп, 6 адам қаза болды. 2012 жылдың осындай кезеңінде қауіпті жұқпалы аурулар мен адам улануының 1798 оқиғасы тіркелді, бұл ретте 2099 адам зардап шекті, соның ішінде 12 адам қаза болды.



Жедел деректер бойынша республиканың су айдындарында зардап шеккендер туралы 392 хабарлама келіп түсті, онда 443 адам зардап шегіп, 435 адам қаза болған, 2012 жылдың осындай кезеңімен салыстырғанда оқиғалардың саны 20%-ға, зардап шеккендердің саны 17,2%-ға, қаза болғандардың саны 16,2%-ға төмендеді.

Мына облыстарда: Павлодар 33,7%-ға (555 оқиғаға), Қостанай 29,9%-ға (475 оқиғаға), Солтүстік Қазақстан 24,8%-ға (287 оқиғаға), Шығыс Қазақстан 21,3%-ға (486 оқиғаға), Ақтөбе 19,5%-ға (150 оқиғаға), Ақмола 18,4%-ға (207 оқиғаға), Қарағанды 17%-ға (429 оқиғаға), Батыс Қазақстан 15,3%-ға (122 оқиғаға), Атырау 14,9%-ға (79 оқиғаға), Қызылорда 13%-ға (106 оқиғаға), Маңғыстау 13%-ға (45 оқиғаға), Алматы қаласында 30,1%-ға (318 оқиғаға) және Астана қаласында 22,2%-ға (263 оқиғаға) 2012 жылмен салыстырғанда ТЖ санының төмендеуі байқалды.

Осыған қарамастан, ТЖ-ның саны мына облыстарда: Жамбыл 22,7%-ға (163 оқиғаға), Оңтүстік Қазақстан 6%-ға (78 оқиғаға) ұлғайды.

Зардап шеккендердің саны мына облыстарда: Маңғыстау 48,8%-ға (60 адамға), Карағанды 44,6%-ға (162 адамға), Солтүстік Қазақстан 33%-ға (112 адамға), Ақмола 31,1%-ға (59 адамға), Оңтүстік Қазақстан 21%-ға (149 адамға), Қызылорда 18,3%-ға (60 адамға), Батыс Қазақстан 14,5%-ға (22 адамға), Павлодар 12,1%-ға (21 адамға), Шығыс Қазақстан 3,7%-ға (16 адамға), Астана қаласында 26,6%-ға (93 адамға) және Алматы қаласында 10,9%-ға (27 адамға) айтарлықтай азайды.

Осыған қарамастан, зардап шеккендердің саны мына облыстарда: Жамбыл 25,4%-ға (101 адамға), Қостанай 14,8%-ға (18 адамға) ұлғайды.



Зардап шеккендердің жалпы санының басым бөлігі қауіпті жұқпалы аураларға – 1791 адамнан (42%), өндірістік және тұрмыстық өрттерге – 1034 адамнан (24,3%), судағы оқиғаларға – 443 адамнан (10,4%), өндірістік аварияларға – 305 адамнан (7,2%), қауіпті иісті газбен уланғандарға – 247 адамнан (5,8 %), тыныс-тіршілікті қамтамасыз ету жүйесіндегі аварияларға – 18 адамнан (0,4%) келеді.

Адамдардың улы газбен улануының негізгі себебі пештерде қатты отынды пайдалану кезінде өрт қауіпсіздігі қағидасын сақтамауы болып табылады.


Қаза болғандардың саны мына облыстарда: Жамбыл 55,2%-ға (37 адамға), Маңғыстау 44%-ға (11 адамға), Батыс Қазақстан 4,3%-ға (2 адамға), Ақтөбе 4,1%-ға (2 адамға) өсті.

Бұл ретте қаза болғандардың саны және мына облыстарда: Қарағанды 43,2%-ға (70 адамға), Оңтүстік Қазақстан 36,6%-ға (53 адамға), Ақмола 35%-ға (42 адамға), Атырау 30,6%-ға (19 адамға), Алматы облысында 24,1%-ға (64 адамға), Қызылорда 19,2%-ға (15 адамға), Солтүстік Қазақстан 14,7%-ға (19 адамға), Астана қаласында 13,3%-ға (10 адамға) қысқарды.

Қаза болғандардың басым бөлігі өндірістік және тұрмыстық өрттерге – 455 адамнан (34,1%), судағы оқиғаларға – 435 адамнан (32,6%), өндірістік аварияларға – 126 адамнан (9,5%), улы газбен уланғандарға – 56 адамнан (4,2%), қауіпті жұқпалы аураларға – 6 адамнан (0,5%) келеді.

Судағы оқиғалардың болуына негізгі себеп азаматтардың өздерінің абайсыздықтары.


Тыныс-тіршілікті қамтамасыз ету жүйесіндегі авариялар
Ағымдағы жылы тыныс-тіршілікті қамтамасыз ету жүйесінде 107 авария, соның ішінде газбен жабдықтауда 35 авария, ғимараттардың опырылуымен 11 авария, суды қамтамасыз етумен байланысты 36 авария, тіршілік қамтамасыз етудің коммуналдық жүйесінде 11 авария, жылумен қамтамасыз ету жүйесінде 5 авария, ұзақ уақытты үзілісті энергожүйесі бойынша (желілерде) 8 авария, магистральды құбыларда 1 авария тіркелді. Одан 18 адам зардап шегіп, 4 адам қаза болды.

Былтырғы жылдың осы кезеңінде тыныс-тіршілікті қамтамасыз ету жүйесінде 226 төтенше жағдай орын алды, онда 19 адам зардап шегіп, 7 адам қаза болды.



Өндірістік және тұрмыстық өрттер
Жедел деректер бойынша жыл басынан 13621 өндірістік және тұрмыстық өрт болды. Одан 1034 адам зардап шекті, оның ішінде 455 адам (оның ішінде 57 бала) қаза болды. Материалдық залал 4882,3 млн. теңгені құрады.

Өткен жылдың осындай кезеңімен салыстырғанда өрттердің саны 15,6%-ға, зардап шеккендер 7%-ға, қаза болғандар 12,2%-ға, материалдық залал 3,1%-ға азайды.



Есепті кезеңде өрттер саны мына облыстарда байқалады: Павлодар 34%-ға, Қостанай 31%-ға, Шығыс Қазақстан 23%-ға, Ақмола 21%-ға, Ақтөбе және Солтүстік Қазақстан 18%-ға, Қызылорда 17%-ға, Атырау, Батыс Қазақстан және Маңғыстау 16%-ға, Қарағанды 15%-ға, Алматы облысы 8%-ға, Алматы қаласы 33%-ға және Астана қаласында 16%-ға төмендеді.

Өрт кезінде адамдардың қаза болуы Алматы қаласында 11%-ға және мына облыстарда: Қызылорда 40%-ға, Ақмола 39%-ға, Алматы 33%-ға, Шығыс Қазақстан 27%-ға, Батыс Қазақстан 17%-ға, Қарағанды 16%-ға, Атырау 15%-ға, Қостанай 8%-ға қысқарды.

Өрт санының өсуі мына облыстарда: Жамбыл 49%-ға, Оңтүстік Қазақстан 12%-ға байқалады.

Өрт кезінде адамдардың қаза болуы Астана қаласында 5%-ға және мына облыстарда: Оңтүстік Қазақстан 2,3 есеге, Маңғыстау 80%-ға, Павлодар 15%-ға өсуі тіркелді.

Бұқаралық ақпарат құралдарында төтенше жағдайлар саны өсуінің алдын алу мақсатында өртке қарсы тақырыптар бойынша 42306, оның ішінде 2534 телевизия арналары, 7511 баспа басылымдары және 32261 радио арқылы жарияланым болды.

Өрттер туындайтын негізгі объект тұрғын үй секторы болып отыр, бұл барлық өрттердің 67%-ын құрайды, 16%-ды көлік құралдары, 3,4%-ды сауда кәсіпорындары, 2,9%-ды басқа ашық аймақтар (алаңкайлар, жолдың жиектері, көшелер және т.б.), 2,8%-ды өндірістік сипаттағы ғимараттар мен құрылыстар және 2%-ды ормандар құрайды.

Сонымен бірге өрт кезінде адамдардың қаза болуының негізгі себебі масаң күйде болу болып табылады (есепті кезеңде 212 адам немесе 46,6%).

Жүргізілген талдауға сәйкес өрттің пайда болуының негізгі себебі:


шамамен 35% отты абайсыз қолдану, 23% электр жабдықтарын монтаждау және пайдалану қағидасын бұзу, 14% қасақана өрт салу болып табылады, 11,2% пештерді пайдалану кезінде өрт қауіпсіздігі қағидасын бұзу.

Өрт қауіпсіздігі саласында жыл басынан шаруашылық жүргізуші объектілер мен тұрғын үй секторында өрттің алдын алу бойынша мақсатты жұмыстар жүргізілді, бұл ретте 35580 объектінің, оның ішінде 1363 өнеркәсіптік объекті мен тіршілікті қамтамасыз ету объектілерінің және 34217 әлеуметтік-мәдени объектілерінің өртке қарсы жай-күйі тексерілді. Тексеру барысында өрт қауіпті жағдайдағы 2312 объекті жұмыс істеуін тоқтатты, 198586 бұзушылық анықталды. Өрт қауіпсіздігі қағидаларын бұзғаны үшін 29021 адам әкімшілік жауапкершілікке тартылды, оның ішінде 27438 лауазымды адамға 336 млн. 483 мың теңге көлемінде айыппұл салынды.

Бұқаралық ақпарат құралдарында 70729 жарияланым, соның ішінде 4128 – телевизия арналары, 9794 – баспа басылымдары, 46546 – радио мен дауыс зорайтқыш қондырғылар, 3904 – ақпараттық таспалар, 6357 – ведомстволық веб-сайт арқылы жүргізілді.


Өндірістік авариялар
Есепті кезеңде өндірісте 245 авария мен оқиға болды. Мұнда 305 адам зардап шекті, соның ішінде 126 адам қаза болды.

Министрліктің өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы аумақтық органдарының бақылауындағы кәсіпорындар мен объектілерде
2013 жылында қауіпті өндірістік объектілердегі оқыс оқиғалар салдарынан 11 адам қаза болды, 8 адам ауыр жарақаттанды. 2012 жылдың осындай кезеңінде 17 адам қаза болды, 12 адам ауыр жарақаттанды.

Оқыс оқиғалардың негізгі себептері технологиялық процестердің бұзылуы, өндірістік бақылауды ұйымдастырудағы және жүзеге асырудағы кемшіліктер, еңбек, өндірістік тәртібінің және жұмысты ұйымдастырудың төмен деңгейі, зардап шеккендердің өздерінің абайсыздығы болып табылады.

Қауіпті өндірістерде өнеркәсіптік қауіпсіздікті қамтамасыз ету бойынша шаралар қабылданды. Төтенше жағдайларды және өнеркәсіптік қауіпсіздікті мемлекеттік бақылау комитеті өткен кезеңде 39035 объектіде және 4078 кәсіпорында тексерулер жүргізді, нәтижесінде техникалық қауіпсіздік қағидалары мен нормаларын 77079 бұзу анықталды, бұл ретте 4534 объектінің және 13 кәсіпорынның жұмысы тоқтатылды, 3168 кәсіпорын басшысына 132198,00 мың теңге сомасына айыппұл санкциялары салынды.


Каталог: images -> 2017 -> december
2017 -> Обзорно аналитическая информация
2017 -> Обзорно аналитическая информация
2017 -> Обзорно аналитическая информация
2017 -> Обзорно аналитическая информация
2017 -> 4,5 шақырым салынды, 13,5 шақырым жағалауды нығайту және 23,2
2017 -> Инструкция по выполнению заданий
2017 -> Батыс Қазақстан облысының білім басқармасы «Өркен» қосымша білім беру орталығы
december -> Қазақстан Республикасының аумағында 2014 жылы болған табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардың анықталған өршу үрдістері туралы ай сайынғы шолу-аналитикалық ақпарат
december -> 2015 жылы Қазақстан Республикасының аумағында болған табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардың анықталған өршу үрдістері туралы ай сайынғы шолу-аналитикалық ақпарат


Достарыңызбен бөлісу:


©kzref.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет