Қазақстан Республикасының аумағында құрылған (құрылатын) арнайы экономикалық аймақтарда немесе жекелеген арнайы экономикалық аймақтарда еркін кеден аймағы кедендік рәсімімен орналастыруға жатпайтын тауарлар санаттарының тізбесін бекіту



жүктеу 32.04 Kb.
Дата25.04.2019
өлшемі32.04 Kb.
түріКодекс



Жоба

Қазақстан Республикасының аумағында құрылған (құрылатын) арнайы экономикалық аймақтарда немесе жекелеген арнайы экономикалық аймақтарда еркін кеден аймағы кедендік рәсімімен орналастыруға жатпайтын тауарлар санаттарының тізбесін бекіту туралы

«Қазақстан Республикасындағы кедендік реттеу туралы» Қазақстан Республикасының 2017 жылғы 26 желтоқсандағы Кодексінің 281-бабы 13-тармағының 2-бөлігіне сәйкес БҰЙЫРАМЫН:



  1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасының аумағында құрылған (құрылатын) арнайы экономикалық аймақтарда немесе жекелеген арнайы экономикалық аймақтарда еркін кеден аймағы кедендік рәсімімен орналастыруға жатпайтын тауарлар санаттарының тізбесі бекітілсін.

2. Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Инвестиция комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:

1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

2) осы бұйрық мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның қазақ және орыс тілдеріндегі қағаз және электрондық түрдегі көшірмелерін Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне ресми жариялау және енгізу үшін «Республикалық құқықтық ақпарат орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;

3) осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмелерін мерзімді баспа басылымдарына ресми жариялауға жіберуді;

4) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

5) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1), 2), 3) және 4) тармақшаларына сәйкес іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Заң департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.

3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің вице-министріне жүктелсін.

4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.



Қазақстан Республикасының

Инвестициялар және даму министрі Ж. Қасымбек

«КЕЛІСІЛГЕН»

Қазақстан Республикасының

Қаржы министрі

________________ Б. Сұлтанов

2018 жылғы «__»__________

Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2018 жылғы «___» ________ № _____ бұйрығымен бекітілген



Қазақстан Республикасының аумағында құрылған (құрылатын) арнайы экономикалық аймақтарда немесе жекелеген арнайы экономикалық аймақтарда еркін кеден аймағы кедендік рәсімімен орналастыруға жатпайтын тауарлар санаттарының тізбесі
1. Қазақстан Республикасының аумағында құрылған (құрылатын) арнайы экономикалық аймақтарда (бұдан әрі – АЭА) немесе жекелеген АЭА еркін кеден аймағы кедендік рәсімімен орналастыруға жатпайтын тауарлар санаттарына мыналар жатады:

1) шұғыл медициналық көмек көрсетуге арналған тауарлар (дәрі-дәрмек құралдары, медициналық нұсқау бұйымдары және медициналық техника);

2) төтенше жағдайларды жоюға арналған тауарлар (төтенше жағдайлар қорытындысында зардап шеккен адамдар арасында өтеусіз үйлестіруге арналған дәрі-дәрмек құралдары, сондай-ақ материалдар, көлік және техникалық құралдар, арнайы жабдықтар);

3) апаттық-құтқару жұмыстарын жүргізуге арналған тауарлар (материалдар, көлік және техникалық құралдар, арнайы жабдықтар);

4) құқықтық тәртіпті жүзеге асыруға арналған тауарлар (қару (атыс, зақымдық) және оған арналған оқ-дәрілері, арнайы құралдар, көлік және техникалық құралдар).

2. Осы Тізбенің 1-тармағындағы Ереже «Арнайы экономикалық аймақтардың кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2017 жылғы 6 қазандағы №624 қаулысына сәйкес шегі Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік шекарасының учаскелерімен толық немесе ішінара сәйкес келетін АЭА қоспағанда, Қазақстан Республикасы аймағында құрылған (құрылатын) АЭА-да, соның ішінде порттық және логистикалық АЭА-ға таралады.







Достарыңызбен бөлісу:


©kzref.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет