Астанада ЖЭО-2-де компенсатордың жарылуы болды. Оқиғаға энергетика министрлігі де түсініктеме берді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

"Астана Энергия" АҚ мәліметінше, 9 ақпанда сағат 11:44 кезінде реттеу жүйесіндегі ақауға байланысты төртінші турбоагрегат өшірілді. Соның салдарынан компенсантор ажырап қалған.

“Бұл жағдай апат ретінлде саналмайды. Барлық жүйе ретке келтіріліп, төртінші турбоагрегат іске қосылды. Оған түсетін жүктеме бұрынғыдай 100 мВат шамасында. Осы жағдай ЖЭО-2 жұмысына ешқандай әсер еткен жоқ", — делінген таратылған хабарламада.

  • Астанада қатты желден "Рухани жаңғыру" символы құлап қалды
  • Ақтөбе облысындағы боран: Әкім тұрғындарға үндеу жасады

Энергетика министрлігінің баспасөз қызметі дәл қазір екінші жылу электр орталығындағы төртінші турбина қалып режимде жұмыс істеп тұрғанын растады. Ондағы ақау электр және жылу энергиясын шектемеді.

Бұл оқиға реттеу жүйесінде ақау тудырған.

Бұған дейін Степногорсктегі ЖЭО-де апат болып, тұрғындар жылу мен жарықсыз қалғаны белгілі болған.


Автор: Даулет Байгонусов

Даулет — природовед и путешественник. Его увлечение природой Казахстана и исследования вносят неповторимый вклад в наше издание.