«Қазақстан Республикасының аумағындағы көліктік бақылау посттарының жұмысын ұйымдастыру ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасының Көлік және коммуникация министрінің міндетін атқарушының 2010 жылғы 13 тамыздағы №362 бұйрығына өзгерістер енгізу



жүктеу 0.49 Mb.
бет1/3
Дата27.04.2019
өлшемі0.49 Mb.
  1   2   3


«Қазақстан Республикасының аумағындағы көліктік бақылау посттарының жұмысын ұйымдастыру ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасының Көлік және коммуникация министрінің міндетін атқарушының
2010 жылғы 13 тамыздағы № 362 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму министрінің 2017 жылғы «__»_______ № ____ бұйрығына салыстырма кесте



Р/с №


Құрылымдық элемент

Қолданыстағы редакция

Ұсынылған редакция

Енгізілген түзетулердің негіздемесі

1

2

3

4

5

1

Бұйрықтың тақырыбы

Қазақстан Республикасының аумағындағы көліктік бақылау посттарының жұмысын ұйымдастыру ережесін бекіту туралы

Қазақстан Республикасының аумағындағы көліктік бақылау бекеттерінің жұмысын ұйымдастыру қағидаларын бекіту туралы

Редакциялық сипатта

«Автомобиль көлігі туралы» Қазақстан Республикасы заңымен сәйкестікке келтіру мақсатында



2

Бұйрықтың
1 тармағы

  1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасының аумағындағы көліктік бақылау посттарының жұмысын ұйымдастыру ережесі бекітілсін.

  1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасының аумағындағы көліктік бақылау бекеттерінің жұмысын ұйымдастыру қағидалары бекітілсін.

Редакциялық сипатта

ҚР Қолданыстағы заңнама талаптарымен сәйкестікке келтіру мақсатында



3

Қағиадалардың
1 тармағы

1. Осы Қазақстан Республикасы аумағындағы көліктік бақылау посттарының жұмысын ұйымдастыру ережесі (бұдан әрі - Ереже) «Автомобиль көлігі туралы» Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 4 шілдедегі 476-II Заңына сәйкес әзірленген.

1. Осы Қазақстан Республикасы аумағындағы көліктік бақылау бекеттерінің жұмысын ұйымдастыру қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) «Автомобиль көлігі туралы» 2003 жылғы
4 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес әзірленген.

Редакциялық сипатта

ҚР Қолданыстағы заңнама талаптарымен сәйкестікке келтіру мақсатында



4

Қағидалардың
2 тармағы

2. Ереже Қазақстан Республикасы Көлiк және коммуникация министрлiгi Көлiктiк бақылау комитетiнiң (бұдан әрi – Комитет) аумақтық органдарының көлiктiк бақылау посттарында Қазақстан Республикасының аумағы бойынша автокөлiк құралдарының жалпы пайдаланымдағы автомобиль жолдары, қалалар немесе өзге де елдi мекендер шегiндегi автомобиль жолдары бойынша, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген оның құзыреті шегінде арнайы автоматтандырылған өлшеу құралы арқылы жүрiп өтуiн бақылауды жүзеге асыру тәртiбiн айқындайды.

2. Қағидалар Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлiгi Көлiк комитетiнiң (бұдан әрi – Комитет) аумақтық органдарының көлiктiк бақылау бекеттерінде Қазақстан Республикасының аумағы бойынша көлiк құралдарының жалпы пайдаланымдағы автомобиль жолдары, қалалар немесе өзге де елдi мекендер шегiндегi автомобиль жолдары бойынша, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген оның құзыреті шегінде арнайы автоматтандырылған өлшеу құралы арқылы жүрiп өтуiн бақылауды жүзеге асыру тәртiбiн айқындайды.

Редакциялық сипатта

ҚР Қолданыстағы заңнама талаптарына сәйкестікке келтіру мақсатында.

«Қазақстан Республикасының аумағында ірі габаритті және ауыр салмақты жүктерді тасымалдауды ұйымдастыру және оның жүзеге асыру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2015 жылғы 27 ақпандағы № 206 бұйрығына сәйкес


5

Қағидалардың
3 тармағы

3. Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігінің Көліктік бақылау комитеті аумақтық органдарының көліктік бақылау постысының негізгі міндеттері автомобиль көлігі саласындағы заңнаманың, Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттардың сақталуын, автомобиль жолдары желісі мен ондағы құрылыстардың сақталуын, отандық және шетелдік автокөлік құралдарының жүріп өтуін бақылау арқылы автомобиль тасымалдарының қауіпсіздігін арттыруды қамтамасыз ету, Қазақстан Республикасы аумағындағы автомобиль көлігі саласында жасалатын әкімшілік құқық бұзушылықтардың алдын алу, жолын кесу және анықтау болып табылады.

3. Комитеттің аумақтық органдарының көліктік бақылау бекеттерінің негізгі міндеттері автомобиль көлігі саласындағы заңнаманың, Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттардың сақталуын, автомобиль жолдары желісі мен ондағы құрылыстардың сақталуын, отандық және шетелдік көлік құралдарының жүріп өтуін бақылау арқылы автомобиль тасымалдарының қауіпсіздігін арттыруды қамтамасыз ету, Қазақстан Республикасы аумағындағы автомобиль көлігі саласында жасалатын әкімшілік құқық бұзушылықтардың алдын алу, жолын кесу және анықтау болып табылады.

Редакциялық сипатта

ҚР Қолданыстағы заңнама талаптарымен сәйкестікке келтіру мақсатында.



6

Қағидалардың
4 тармағы

4. Комитеттiң аумақтық органдарының көлiктiк бақылау посты қызметкерлерiнiң Қазақстан Республикасының аумағы бойынша автокөлiк құралдарының жүрiп өтуiн мемлекеттiк бақылауды жүргiзуге байланысты қызметi автомобиль тасымалдары саласындағы халықаралық шарттармен, Қазақстан Республикасының көлiктiк және салықтық заңнамаларымен, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 30 қаңтардағы Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы кодексiмен, Қазақстан Республикасы Президентiнiң 2005 жылғы 3 наурыздағы № 1567 Жарлығымен бекiтiлген «Қазақстан Республикасының мемлекеттiк қызметшiлерiнiң ар-намыс кодексiмен», Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 23 шiлдедегi «Мемлекеттiк қызмет туралы», 1998 жылғы 2 шiлдедегi «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы» заңдарымен, Қазақстан Республикасы Көлiк және коммуникация министрлiгiнiң нормативтiк-құқықтық актiлерiмен, сондай-ақ осы Ережемен регламенттеледi.

4. Комитеттiң аумақтық органдарының көлiктiк бақылау бекеті қызметкерлерiнiң Қазақстан Республикасының аумағы бойынша көлiк құралдарының жүрiп өтуiн мемлекеттiк бақылауды жүргiзуге байланысты қызметi автомобиль тасымалдары саласындағы халықаралық шарттармен, Қазақстан Республикасының көлiктiк және салықтық заңнамаларымен, Қазақстан Республикасының 2014 жылғы 5 шілдедегі «Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы» кодексiмен (бұдан әрі – ӘҚБтК), Қазақстан Республикасы Президентінің 2015 жылғы
29 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің әдептілік нормаларын және мінез-құлық қағидаларын одан әрі жетілдіру жөніндегі шаралар туралы Жарлығымен, Қазақстан Республикасының 2015 жылғы
23 қарашадағы «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы», 2015 жылғы 18 қарашадағы «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы»
заңдарымен, Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлiгiнiң нормативтiк-құқықтық актiлерiмен, сондай-ақ осы Қағидалармен регламенттеледi.

Редакциялық сипатта

ҚР Қолданыстағы заңнама талаптарымен сәйкестікке келтіру мақсатында.



7

Қағидалардың
6 тармағы

6. Ережеде қолданылатын негізгі ұғымдар мен терминдер:

1) Комитеттің аумақтық органдарының көліктік бақылау посты (бұдан әрі - КБП) - техникалық бақылау құралдарымен жарақтанған, күрделі ғимаратпен немесе арнайы автокөлікпен жабдықталған стационарлы немесе жылжымалы өткізу-бақылау пункті;

2) көлік құралдарын өлшеу – міндетті метрологиялық тексеруден өткен және тиісті сертификаты бар стационарлық үлгідегі салмақ өлшеу жабдығы немесе тасымалданатын ұтқыр таразылар көмегімен автокөлік құралдарының жалпы массасы мен білікке түсетін жүктемесін анықтау процесі;

3) стационарлық көліктік бақылау посты – күрделі ғимаратпен жабдықталған және техникалық бақылау, байланыс құралдарымен және жабдықпен жарақталған көліктік бақылау посты;

4) жылжымалы көліктік бақылау посты – арнайы автокөлік базасында ұйымдастырылған, техникалық бақылау, байланыс құралдарымен және жабдықпен жарақталған көліктік бақылау посты;

5) көлiктiк бақылау постының ауысымы – аумақтық көлiктiк бақылау органдарының екi немесе үш қызметкерiнен тұратын, бекiтiлген кестеге сәйкес стационарлық және жылжымалы көлiктiк бақылау посттарында қызмет атқару үшiн белгiленген ауысым;

6) Арнайы автоматтандырылған өлшеу құралы – метрологиялық тексерістен өткен, фото, бейне түсіруді жүзеге асыратын, автоматты режимде жұмыс істейтін, автокөлік құралдарының маркасын, мемлекеттік тіркеу белгісін, салмақтық және (немесе) көлемдік парметрлерін және қозғалыс жылдамдығын тіркейтін сертификатталған арнайы бақылау-өлшеу техникалық жабдық.


5. Қағидаларда қолданылатын негізгі ұғымдар мен терминдер:

1) ақпараттық жүйе – ақпараттық өзара іс-қимыл арқылы белгілі бір технологиялық әрекеттерді іске асыратын және нақты функционалдық міндеттерді шешуге арналған ақпараттық-коммуникациялық технологиялардың, қызмет көрсетуші персоналдың және техникалық құжаттаманың ұйымдастырылып ретке келтірілген жиынтығы;

2) арнайы автоматтандырылған өлшеу құралы – метрологиялық салыстырып тексерістен өткен, фото, бейне түсіруді жүзеге асыратын, автоматты режимде жұмыс істейтін, көлік құралдарының түрін, маркасын, мемлекеттік тіркеу белгісін, салмақтық және (немесе) габариттік параметрлерін және қозғалыс жылдамдығын тіркейтін сертификатталған арнайы бақылау-өлшеу техникалық жабдығы;

3) телевизиялық бейнебақылау жүйесі – объектінің жай-күйі туралы көрсетілімдерді алуға арналған техникалық, ақпараттық, бағдарламалық және пайдалану үйлесімділігі бар бірлесіп әрекет ететін техникалық құралдардың жиынтығы;

4) жылжымалы көліктік бақылау бекеті – арнайы автокөлік базасында ұйымдастырылған, техникалық бақылау, байланыс құралдарымен және жабдықпен жарақталған көліктік бақылау бекеті;



5) көліктік бақылау бекеті (бұдан әрі – КББ) – техникалық бақылау құралдарымен жарақтанған, күрделі ғимаратпен немесе арнайы автокөлікпен жабдықталған стационарлы немесе жылжымалы өткізу-бақылау пункті;

6) көлік құралының салмақтық және габариттік параметрлерін өлшеу – міндетті метрологиялық салыстырып тексерістен өткен және тиісті сертификаты өлшеу құралы мен көлем шеңберлері, сондай-ақ, стационарлық үлгідегі салмақ өлшеу жабдығын немесе жылжымалы мобильді таразылар көмегімен автокөлік құралдарының габариттік параметрлерін және жалпы массасы мен білікке түсетін жүктемесін айқындау процесі;

7) көлiктiк бақылау бекетінің ауысымы – аумақтық көлiктiк бақылау органдарының екi немесе үш қызметкерiнен тұратын, бекiтiлген кестеге сәйкес стационарлық және жылжымалы көлiктiк бақылау бекеттерінде қызмет атқару үшiн белгiленген ауысым;



8) спутниктік навигация аппаратурасы – көлік құралының ағымдағы орналасқан жерін, бағытын және қозғалыс жылдамдығын кемінде екі қолданыстағы жаһандық навигациялық спутниктердің сигналы бойынша оны айқындау, қосымша борттық жабдықпен деректермен алмасу, сондай-ақ, радиотелефон байланысының жылжымалы желілері бойынша ақпарат алмасу үшін автокөлік құралына орнатылатын аппараттық-бағдарламалық құрылғы;

9) стационарлық көліктік бақылау бекеті – күрделі ғимаратпен жабдықталған және техникалық бақылау, байланыс құралдарымен және жабдықпен жарақталған көліктік бақылау бекеті.

1-тармақша бойынша

Көлік қызметі жөніндегі көліктік ағым мен ақпаратты есепке алуды және монторингілеудің бірыңғай шоғырландырылған дерекқорын қалыптастыру, ақпараттық және талдаудық қамтамасыз ету мен әрекеттестікті, сапаны жақсарту арқылы көліктік бақылау органдары жұмысының тиімділігін арттыру мақсатында.

Қазақстан Республикасы «Ақпараттандыру туралы» заңына ұқсастығы бойынша

2-тармақ бойынша

Габариттік параметрлерді өлшеуге қатысты түсінік бөлігінің болмауына байланысты заңнамадағы кемшіліктерді жою мақсатында.

Қолданыстағы Ережелердің 6-тармағының 2)-тармақшасына ұқсастығы бойынша.

7)-тармақша бойынша

Көліктік бақылау бекеттерінің орналасу орнын анықтауды қамтамасыз ету мақсатында.

«Доңғалақты көлік құралдарының қауіпсіздігі туралы» Кедендік одағының техникалық регламентіне өзгерістер енгізу туралы» 2012 жылғы 25 желтоқсандағы №301 Еуразиялық экономикалық одақ Коллегиясының Шешіміне ұқсастығы бойынша.

9)-тармақша бойынша

Көліктік бақылау бекеттерінің қызметіне нақты уақытта бейнемониторинг жүргізуді қамтамасыз ету мақсатында.

«Террористік тұрғыдан осал объектілердің терроризмге қарсы қорғалу жүйесіне қойылатын талаптарды бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 3 сәуірдегі № 191 қаулысына ұқсастығы бойынша


8

Қағидалардың
7 және 12 тармақтары

7. Стационарлық КБП жүк құраушы нүктелер, автомагистральдардың қиылыстары аймақтарында және негізгі халықаралық көлік дәліздерінде орналасады.

12. Қазақстан Республикасының аумағында бақылауды жүзеге асыру бойынша жылжымалы КБП-ның маршруты Комитет төрағасының бұйрығымен бекітіледі.

6. Стационарлық КББ жүк құраушы нүктелер, автомагистральдардың қиылыстары аймақтарында және негізгі халықаралық көлік дәліздерінде орналасады. Стационарлық көлiктiк бақылау бекеттерінің тiзбесi «Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасы арқылы өткiзу пункттерінің және Қазақстан Республикасының аумағындағы стационарлық көлiктiк бақылау бекеттерінің тiзбесiн бекiту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 9 шілдедегі
№ 697 қаулысымен бекітілген.

Қазақстан Республикасының аумағында көліктік бақылауды жүзеге асыру бойынша жылжымалы КББ-нің маршруты Комитет төрағасының бұйрығымен бекітіледі.



Редакциялық сипатта

Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнама талаптарымен сәйкестікке келтіру мақсатында.



9

Қағидалардың
9 тармағы

9. Стационарлық және жылжымалы КБП-ның штат саны мен жұмыс ауысымдығын Инспекция басшысы автомобиль көлiгiндегi бақылау бөлiмi бөлген қаражат пен штат санына сәйкес белгiлейдi.

7. Стационарлық және жылжымалы КББ-нің штат саны мен жұмыс ауысымдығын Комитеттiң көлiктiк бақылау инспекциясының (бұдан әрi – Инспекция) басшысы Инспекцияның автомобиль көлiгiндегi бақылау бөлiмi бөлген қаражат пен штат санына сәйкес белгiлейдi.

Редакциялық сипатта

10

Қағидалардың
13 және 14 тармақтары

13. Жылжымалы КБП-ның жұмыс режимі кестеге сәйкес анықталады, онда КБП қызметкерлерінің бақылау атқару күндері мен сағаттары (ауысымдары) көрсетіледі.

14. Жылжымалы КБП-ның жұмыс режимі әр түрлі тәулік сағаттарында, жыл мезгілдерінде көлік құралдары қозғалысының қарқындылығын, көлік құралдары ағымының эпизодтық тәуліктік немесе маусымдық артуын негіздейтін шаруашылық субъектілерінің жұмыс режимін ескере отырып анықталады.


8. КББ-нің жұмыс режимі кестеге сәйкес айқындалады, онда КББ қызметкерлерінің бақылау атқару күндері мен сағаттары (ауысымдары), сондай-ақ, олардың демалуы үшін және асты қабылдауға бөлінген уақыт көрсетіледі.

Жылжымалы КББ-нің жұмыс режимі әр түрлі тәулік сағаттарында, жыл мезгілдерінде көлік құралдары қозғалысының қарқындылығын, көлік құралдары ағымының эпизодтық тәуліктік немесе маусымдық артуын негіздейтін, автомобиль көлігінде қызмет ететін субъектілердің жұмыс режимін ескере отырып айқындалады.



Редакциялық сипатта

Қазақстан Республикасының Еңбек кодексінің талаптарына сәйкес



11

Қағидалардың
31 және 31-1 тармақтары

31. Стационарлық КБП жұмыс үшін Стационарлық көліктік бақылау посттарының жабдығы мен мүлік тізбесінің талаптарына сай осы Ереженің
4-қосымшасына сәйкес қажетті жабдық және мүлікпен жарақтандырылады.

31-1. Жылжымалы КБП жұмыс үшін Жылжымалы көліктік бақылау посттарының жабдығы мен мүлік тізбесінің талаптарына сай осы Ереженің 5-қосымшасына сәйкес қажетті жабдық және мүлікпен жарақтандырылады.

9. Стационарлық КББ жұмыс үшін Стационарлық көліктік бақылау бекеттерінің жабдығы мен мүлік тізбесінің талаптарына сай осы Қағидалардың
1-қосымшасына сәйкес қажетті жабдық және мүлікпен жарақтандырылады.

Жылжымалы КББ жұмыс үшін Жылжымалы көліктік бақылау бекеттерінің жабдығы мен мүлік тізбесінің талаптарына сай осы Қағидалардың 2-қосымшасына сәйкес қажетті жабдық және мүлікпен жарақтандырылады.



Редакциялық сипатта

12

Қағидалардың
8 және 10 тармақтары

8. Стационарлық және жылжымалы КБП ауысымының жұмыс кестесі Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне сәйкес әзірленеді және:

1) Комитеттiң өңiраралық көлiктiк бақылау инспекциясында (бұдан әрi - Инспекция) - Инспекция басшысы;

2) Инспекция филиалында - Инспекция филиалының басшысы бекітеді

10. Стационарлық КБП тәулік бойы жұмыс істейді.

10. Стационарлық және жылжымалы КББ ауысымының жұмыс кестесі Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне сәйкес әзірленеді және Инспекция басшысымен немесе оны алмастыратын адаммен әзірленеді.

Стационарлық КББ тәулік бойы жұмыс істейді.



Бірінші басшының түрлі объективті себептермен жұмыс орнында бола алмаған жағдайында (іссапарда, еңбек демалысында, жұмысқа жарамсыздығы және т.б.).

13

Қағидалардың 12-1 тармағы

12-1. Жылжымалы КБП әрбір ауысымына маршрут карточкасы осы Ереженің 1-қосымшасына сәйкес жасалады.

Жылжымалы КБП маршрут карточкасы екі данада жасалады, бірі Инспекцияда сақталады, екіншісі жылжымалы КБП ауысымына тапсырылады.

Маршруттың карточкалары күнтізбелік бір жыл ішінде Инспекцияда сақталады.


11. Жылжымалы КББ әрбір ауысымына маршрут карточкасы осы Қағидалардың 3-қосымшасына сәйкес жасалады.

Жылжымалы КББ маршрут карточкасы Инспекцияның автомобиль көлігіндегі бақылау бөлімінің басшысымен немесе оны алмастыратын адаммен екі данада жасалады, олардың біреуі Инспекцияда сақталады, басқасы жылжымалы КББ ауысымына тапсырылады.

Маршруттың карточкалары күнтізбелік бір жылға дейін Инспекцияда сақталады.


Жылжымалы көліктік бақылау бекеттерінің жұмысын оперативті ұйымдастыруды қамтамасыз ету мақсатында

14

Қағидалардың
15 тармағы

15. Жылжымалы КБП табиғи немесе техногендік сипаттағы төтенше жағдайларды жою үшін тартылуы мүмкін.

12. Жылжымалы КББ табиғи немесе техногендік сипаттағы төтенше жағдайларды жою үшін тартылуы мүмкін.

Редакциялық сипатта

15

Қағидалардың
16 тармағы

16. Көліктік бақылау органдарының арнайы автокөлігі «Көліктік бақылау комитеті» жазуымен және Комитеттің логотипімен белгіленеді.

13. Көліктік бақылау органдарының арнайы автокөлігі арнайы жарық және дыбыс сигналдарымен жабдықталуға және арнайы түсті-графикалық схемалар бойынша боялуға тиіс және «Жылжымалы көліктік бақылау бекеті – Передвижной пост транспортного контроля» жазуымен және Комитеттің логотипімен белгіленеді.

Редакциялық сипатта

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы


13 қарашадағы № 1196 қаулысымен бекітілген Жол жүрісі қағидаларының талаптарына сәйкестікке келтіру мақсатында (Көлігі арнайы жарық және дыбыс сигналдарымен жабдықталуға және арнайы түсті-графикалық схемалар бойынша боялуға тиіс жедел және арнайы қызметтер тізбесінің
9 тармағы)

16

Қағидалардың
5 тармағы

5. Автомобиль көлігі саласындағы мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру кезінде Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрілігінің Көліктік бақылау комитеті аумақтық органдарының көліктік бақылау посты қызметкерлері қызметтік нысанды киімде (погонсыз), нөмірлі кеуде белгілері болуға және талап ету бойынша қызметтік куәліктерін көрсетуге тиіс.

14. Жылжымалы КББ-де көліктік бақылауды жүргізу кезінде қызғылт сары немесе сары түсті жарқылдауық маягі іске қосылып тұруы керек.

КББ қызметкерлері автомобиль көлiгi саласында мемлекеттiк бақылауды жүзеге асыру кезiнде нысанды киiм (погонсыз) киюге, олардың нөмiрлi омырау белгiлерi және қызметтiк куәлiктерi болуға тиiс.

Редакциялық сипатта

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы


13 қарашадағы № 1196 қаулысымен бекітілген Жол жүрісі қағидаларының талаптарына, сондай-ақ, Қазақстан Республикасының «Автомобиль көлігі туралы» заңының 15-бабына сәйкес

17

Қағидалардың
32 тармағы

32. КБП-да басқа бөгде тұлғаның болуына рұқсат етілмейді.

15. КББ-де басқа бөгде адамның болуына рұқсат етілмейді.

Редакциялық сипатта

18

Қағидалардың
23 тармағы

23. КБП қызметкерi жүктi тасымалдауды жүзеге асыратын автокөлiк құралына көлiктiк бақылау жүргiзудi мынадай тәртiппен қамтамасыз етедi:

1) автокөлiк құралын (жүк автомобильдерi, мамандандырылған және арнайы автомобильдер) тоқтатады;



2) жүргiзушiге жақындап келедi, өз аты-жөнiн, лауазымын және мемлекеттiк органның атауын атап, таныстырады, жүргiзушiнiң немесе бiрге жүрген адамдардың талабы бойынша қызметтiк куәлiгiн көрсетедi;

3) тоқтатқан себебiн хабарлайды;

4) жүргiзушi куәлiгiн (жүргiзушi куәлiгiнiң орнына берiлген уақытша куәлiк және жүргiзушiнiң жеке басын куәландыратын құжат), көлiк құралын тiркеу туралы куәлiгiн, iлеспе және рұқсат құжаттарын сұратады;

5) көлiк құралының габариттiк және салмақтық параметрлерiн жол жабынында немесе автокөліктің барлық осьнің біркелкілігін қамтамасыз ететін басқа алаңда, нақнұсқаларды қолдана отырып, өлшеудi жүргiзедi.



Арнайы рұқсатсыз келе жатқан автокөлік құралында көлемді және (немесе) салмақты белгіленген параметрлері асып кеткен жағдайда Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 30 қаңтардағы «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Кодексінің талаптарына сәйкес әкімшілік тәртіппен іс қозғау бойынша шара қолданылады;

6) арнайы рұқсатсыз келе жатқан автокөліктік құралдардың салмақты көлемдік өлшемдердің арттырғаны туралы ақпаратты алғаннан кейін көлік құралының нақты ауыр салмағын және ірі көлемін Ситуациялық орталықтан жіберілген ақпаратпен салыстыра отырып, Қазақстан Республикасы аумағында бекітілген мүмкін рұқсат етілген өлшемдерден олардың асатын көлемін анықтау.

Арнайы рұқсатсыз келе жатқан автокөлік құралында көлемді және (немесе) салмақты белгіленген параметрлері асып кеткен жағдайда Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 30 қаңтардағы «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Кодексінің талаптарына сәйкес әкімшілік тәртіппен іс қозғау бойынша шара қолданылады.

16. КББ қызметкерi көлiктiк бақылау жүргiзудi мынадай тәртiппен қамтамасыз етедi:

1) көлiк құралын (жүк автомобильдерi, мамандандырылған және арнайы автомобильдер) дауыс зорайтқыш құрылғының көмегімен, ысқырып сигнал берумен бір уақытта жүргізушіге түсінікті және орындалуы авариялық жағдай туғызбайтындай етіп уақтылы берілуге тиіс көлік құралына бағытталған қол қимылымен немесе жезлмен сигнал беруі арқылы көлік құралын тоқтатады.



2) көлік құралын тоқтату себептерін түсіндіреді және жүргізушінің талабы бойынша танысу және тегі мен лауазымын анықтау үшін қызметтік куәлігін жүргізушіге берместен, оны көрсетеді;

3) сұрайды:

жүргізуші куәлігін немесе жүргізуші куәлігінің орнына берілген уақытша куәлігін және жүргізушінің жеке басын куәландыратын құжатты;

мемлекеттік тіркеу туралы куәлікті не көлік құралына меншік құқығын куәландыратын құжатты;

жол парағын, алып жүретін жүкке арналған құжатты (тауар-көліктік жүкқұжатты, ілеспе және рұқсат құжаттарды);

4) ілеспе және рұқсат құжаттары үй-жайдағы немесе арнайы автокөлік салонындағы КББ-нің қызметкеріне тапсырады;

5) көлiк құралының габариттік және салмақтық параметрлерін жол жабынында немесе көлік құралының барлық біліктерінің біркелкілігін қамтамасыз ететін басқа алаңда, нақнұсқаларды қолдана отырып, өлшеудi жүргiзедi, оның нәтижесі бойынша дереу Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің «Қазақстан Республикасының аумағында ірі габаритті және ауыр салмақты жүктерді тасымалдауды ұйымдастыру және оның жүзеге асыру қағидаларын бекіту туралы»



2015 жылғы 27 ақпандағы № 206 бұйрығымен бекітілген формадағы автокөлік құралының параметрлерін өлшеу актісі жасалады (Қазақстан Республикасының нормативтiк құқықтық актiлердi мемлекеттiк тiркеу тiзiлiмiнде № 11395 болып тiркелген) (бұдан әрі – Акт). Акт көшірмесі тасымалдаушының талабы бойынша ұсынылады;

6) мынадай жағдайда ӘҚБтК қарастырылған әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iс бойынша іс жүргізуді қамтамасыз ету шараларын қабылдайды:

көлік құралымен (жүкпен немесе жүксіз) жол берілген салмақтық және (немесе) габариттік параметрлерді асыра отырып арнайы рұқсатсыз, немесе арнайы рұқсатта көрсетілген параметрлердің бірін асырған;

жүргізушімен көлік құралын тоқтату, көліктік бақылаудан өту туралы талабын орындамаған немесе қажеттi құжаттарды беруден бас тартқан.

Редакциялық сипатта

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы


13 қарашадағы № 1196 қаулысымен бекітілген Жол жүрісі қағидаларының талаптарына, сондай-ақ, Қазақстан Республикасының «Автомобиль көлігі туралы» заңының талаптарына сәйкес.

16-тармақтың 5)-тармақшасы бойынша.

Қазақстан Республикасының аумағында ірі габаритті және ауыр салмақты жүктерді тасымалдауды ұйымдастыру және оны жүзеге асыру қағидаларының 27-тармағына сәйкес көлiк құралдарының салмақтық және габариттiк параметрлерiн айқындау кезiнде өлшеу актісі жасалады. Алайда, өлшеу актісін жасау уақыты қолданыстағы заңнамамен бекітілмеген. Осыған орай, тасымалдаушылардың құқығын қорғау мақсатында (бақылаулық өлшеу мүмкіндігі), сондай-ақ, КББ қызметкерлері тарапынан заңсыз әрекеттерге алып келетін жағдайларды жою мақсатында өлшеу актісін өлшеу нәтижесі бойынша дереу жасау көзделуде.




Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3


©kzref.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет