Қазақстан Республикасының азаматтары бойынша жеке табыс салығы және әлеуметтік салық бойынша салық есептілігін (декларацияны) жасау қағидалары



жүктеу 220.79 Kb.
Дата22.04.2019
өлшемі220.79 Kb.


Қазақстан Республикасы

Қаржы Министрінің

2016 жылғы «21» маусымдағыағы

№ 324 бұйрығына

4-қосымша

Қазақстан Республикасы

Қаржы Министрінің

2014 жылғы «25» желтоқсандағы

№ 587 бұйрығына

77-қосымша



Қазақстан Республикасының азаматтары бойынша

жеке табыс салығы және әлеуметтік салық бойынша салық есептілігін (декларацияны) жасау қағидалары (200.00-нысан)

1. Жалпы ережелер

 


  1. Осы Қазақстан Республикасының азаматтары бойынша жеке табыс салығы және әлеуметтік салық бойынша салық есептілігін (декларацияны) жасау қағидалары (200.00-нысан) (бұдан әрі – Қағидалар) «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы»
    2008 жылғы 10 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Кодексіне (Салық кодексі) және «Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы» (бұдан әрі – Зейнетақымен қамсыздандыру туралы заң) 2013 жылғы
    27 маусымдағы, «Міндетті әлеуметтік сақтандыру туралы» (бұдан әрі – Міндетті әлеуметтік сақтандыру туралы заң) 2003 жылғы 25 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңдарына сәйкес әзірленген.

Қағидалар жеке табыс салығын, әлеуметтік салықтарды есептеуге, сондай-ақ мiндетті зейнетақы жарналарының (бұдан әрі – мiндетті зейнетақы жарналары), міндетті кәсiптiк зейнетақы жарналарының (бұдан әрі – мiндетті кәсіптік зейнетақы жарналары) сомаларын есептеуге, ұстауға (қоса есептеуге) және бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына аударуға, Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорына әлеуметтiк аударымдар (бұдан әрі – әлеуметтік аударымдар) сомаларын есептеуге және аударуға арналған жеке табыс салығы мен әлеуметтік салық бойынша салық есептілігі нысанын (декларацияны) (бұдан әрі – декларация) жасау тәртібін айқындайды.

Декларацияны зейнетақымен қамсыздандыру туралы Қазақстан Републикасының заңнамасына сәйкес міндетті зейнетақы жарналарын, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын төлеу жөніндегі агентермен міндетті әлеуметтік сақтандыру туралы Қазақстан Републикасының заңнамасына сәйкес салық төлеушілермен әлеуметтік аударымдарды Салық кодексінің 6-бөлімі 1819-тарауларына, 12-бөліміне сәйкес жеке тұлғаларға қатысты шаруа немесе фермер қожалықтары үшін және оңайлатылған декларация негізінде шағын бизнес субъектілері үшін арнаулы салық режимдерін қолданатындарды қоспағанда, салық агенттері, оның ішінде Зейнетақымен қамсыздандыру туралы заңда, Міндетті әлеуметтік сақтандыру туралы заңда белгіленген мөлшерлерде өз пайдасына міндетті зейнетақы жарналарымен, әлеуметтік аударымдары бойынша дара кәсіпкерлер (шаруа немесе фермер қожалықтары үшін, оңайлатылған декларация негізінде шағын бизнес субъектілері үшін арнаулы салық режимдерін қолданатындарды қоспағанда), жеке нотариустар, жеке сот орындаушылары, адвокаттар, кәсіби медиаторлар жасайды.

Салық кодексінің 355-бабы 2-тармағына сәйкес заңды тұлғаның шешімімен дербес әлеуметтік салық төлеушілер болып танылған құрылымдық бөлімшелер жеке табыс салығы бойынша салық агенттері болып танылады.

Салық кодексінің 448-452-баптарына сәйкес қызметін арнаулы салық режимі шеңберінде жүзеге асыратын және салық салынуы жалпыға бірдей тәртіпте жүргізілетін қызметті жүзеге асыратын салық төлеуші декларацияны Салық кодексінің 64-бабы 1-тармағына сәйкес әрбір қызмет түрі бойынша бөлек табыс етеді.



  1. Осы Қағидалар 2016 жылғы 1 қаңтардан бастап салық есептілігін табыс ету бойынша міндеттемелерге қолданылады.

  2. Декларация декларацияның өзінен (200.00-нысан) және салық міндеттемесінің есептелуі туралы ақпараттарды егжей-тегжейлі көрсетуге арналған оған қосымшалардан (200.01-ден 200.03-ке дейінгі нысандар) тұрады.

  3. Декларацияны толтыру кезінде түзетуге, өшіруге және тазалауға жол берілмейді.

  4. Көрсеткіштер болмаған кезде тиісті декларацияның торкөздері толтырылмайды.

  5. Декларацияға қосымшалар тиісті көрсеткіштерді ашуды талап ететін декларация жолдарын толтыру кезінде міндетті тәртіпте жасалады.

  6. Декларацияға қосымшаларда көрсетілуі тиіс деректер болмаған жағдайда олар жасалмайды.

  7. Декларацияға қосымшалардың парағында бар жолдардағы көрсеткіштер саны асып түскен жағдайда, декларацияға қосымшалардың осындай тағы парағы толтырылады.

  8. Осы Қағидадаларда мынадай арифметикалық белгілер қолданылады: «+» – қосу; «–» – алу; «х» – көбейту; «/» – бөлу; «=» – тең.

  9. Сомалардың теріс мәндері декларацияның тиісті жолының (бағанының) бірінші сол жақтағы торкөзінде «–» белгісімен белгіленеді.

  10. Декларация жасау кезінде:

1) қағаз жеткізгіште – қара не көк сиялы қаламмен немесе қаламұшпен, баспаханалық бас әріптермен немесе баспа құрылғысын пайдалана отырып толтырылады;

2) электрондық жеткізгіште – Салық кодексінің 68-бабына сәйкес толтырылады.



  1. Декларацияға Салық кодексінің 61-бабы 3-тармағына сәйкес салық агенті/салымшы (төлеуші) не оның өкілі қол қояды және Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген жағдайларда өзінің атауы жазылған мөрі бар салық төлеушінің мөрімен не оның өкілінің мөрімен куәландырылады.

  2. Декларацияны табыс ету кезінде:

1) келу тәртібінде қағаз жеткізгіште – екі данада жасалады, бір данасы мемлекеттік кірістер органының белгісімен салық төлеушіге қайтарылады;

2) хабарламасы бар тапсырыс хатпен қағаз жеткізгіште – салық төлеуші пошта немесе өзгелей байланыс ұйымының хабарламасын алады;

3) электронды түрде – салық агенті мемлекеттік кірістер органдарының салық есептілігін қабылдау жүйесінің салық есептілігінің қабылданғаны немесе қабылданбағандығы туралы хабарлама алады.


  1. Қосымшаның «Салық төлеуші туралы жалпы ақпарат» деген бөлімінде декларацияның «Салық төлеуші туралы жалпы ақпарат» деген бөліміндегі көрсетілген тиісті деректерді көрсетеді.

 
2. Декларацияны жасау (200.00-нысан)

 


  1. «Салық төлеуші туралы жалпы ақпарат» деген бөлімде салық төлеуші мынадай деректерді көрсетеді:

1) ЖСН/БСН – салық төлеушінің жеке сәйкестендіру нөмірі (бизнес- сәйкетендіру нөмірі).

Салық міндеттемесін сенімгерлікпен басқарушы орындаған кезде жолда сенімгерлікпен басқарушы салық төлеушінің жеке сәйкестендіру нөмірі көрсетіледі;

2) салық есептілігі табыс етілетін салық кезеңі – есепті салық кезеңдері кіретін есепті тоқсан;

3) салық агентінің атауы/салымшынын (төлеушінің) Т.А.Ә.

Жеке тұлғаның тегі, аты, әкесінің аты (ол болған кезде) немесе құрылтай құжаттарына сәйкес заңды тұлғаның атауы көрсетіледі.

Салық міндеттемелерін сенiмгерлікпен басқарушы орындаған кезде, жолда сенімгерлікпен басқарушы жеке тұлғаның тегі, аты, әкесінің аты (ол болған кезде) немесе сенімгерлікпен басқарушы заңды тұлғаның атауы көрсетіледі;

4) декларация түрі.

Салық кодексінің 63-бабында көрсетілген салық есептілігінің түрлеріне декларацияны жатқызу ескеріле отырып, тиісті торкөздер белгіленеді;

5) хабарламаның нөмірі мен күні.

Торкөздер Салық кодексінің 63-бабы 3-тармағының 4) тармақшасында көзделген декларацияны табыс еткен жағдайда белгіленеді;

6) салық төлеушінің санаты.

Торкөз егер салық төлеуші А, B, C жолдарында көрсетілген санаттардың біріне жатқан жағдайда белгіленеді.

Егер 6В бағанын белгілеген салық төлеуші бір мезгілде 6А немесе 6С бағанына жатқан жағдайда, онда тиісінше 6В мен 6А немесе 6В мен 6С бағандарының екеуін де белгілейді;

7) қызметкерлердің (адам) саны.

Есепті тоқсанда табыстар есептелген қызметкерлердің саны көрсетіледі;

8) резидент заңды тұлғаның шешімі бойынша жеке табыс салығы бойынша салық агенттері және әлеуметтік салық бойынша дербес төлеушілер болып танылмаған құрылымдық бөлімшелерінің бар-жоғы.

Резидент заңды тұлғада жеке табыс салығы бойынша салық агенттері және әлеуметтік салық бойынша дербес төлеушілер болып танылмаған құрылымдық бөлімшелері болған жағдайда тиісті торкөз белгіленеді. Торкөздердің бірі міндетті түрде толтырылуы тиіс;

9) табыс етілген қосымшалар.

Табыс етiлген қосымшалардың торкөздерi белгiленедi;

10) 200.02 қосымшаларының саны.

Резидент заңды тұлғаның жеке табыс салығы бойынша салық агенттері және әлеуметтік салық бойынша дербес төлеушілер болып танылмаған құрылымдық бөлімшелерінің санына сәйкес келетін 200.02 қосымшаларының саны көрсетіледі;

11) 200.03 қосымшаларының саны.

Заңнамада белгіленген тәртіпте Қазақстан Республикасымен жасасқан келісімшарттар санына сәйкес келетін 200.03 қосымшаларының саны көрсетіледі.


  1. «Есептік көрсеткіштер» деген бөлімде:

1) 200.00.001 I, 200.00.001 II және 200.00.001 III жолдары осы нысанға 200.02-қосымшада көрсетуге тиіс жеке табыс салығы бойынша салық агенттері және әлеуметтік салық бойынша дербес төлеушілер болып танылмаған, құрылымдық бөлімшелер үшін бюджетке төлеуге жататын жеке табыс салығының сомасын қоспағанда, салық агенті үшін (оның ішінде Салық кодексінің 161-бабына сәйкес салық агенттері болып танылған құрылымдық бөлімшелер) жеке тұлғаларға төленген табыстардан есептелген және есепті тоқсанның әрбір айында бюджетке аударылуға жататын жеке табыс салығының сомасын көрсетуге арналған.

200.00.001 IV жол 200.00.001 I, 200.00.001 II және 200.00.001 III жолдарының сомасы ретінде айқындалатын, есепті тоқсан үшін салықтың қорытынды сомасын көрсетуге арналған;

2) 200.00.002 I, 200.00.002 II және 200.00.002 III жолдары осы нысанға 200.02- қосымшада көрсетуге тиіс салық агенттерімен дербес төлеушілер болып танылмаған, құрылымдық бөлімшелер үшін бюджетке төлеуге жататын міндетті зейнетақы жарналары сомасын қоспағанда, салық агенті үшін (оның ішінде Салық кодексінің 161-бабына сәйкес салық агенттері болып танылған құрылымдық бөлімшелерді қоса алғанда) Қазақстан Республикасының зейнетақы заңнамасына сәйкес жеке тұлғаларға төленген табыстардан есептелген және есепті тоқсанның әрбір айында бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына аударылуға жататын міндетті зейнетақы жарналары сомасын көрсетуге арналған.

200.00.002 IV жол 200.00.002 I, 200.00.002 II және 200.00.003 III жолдарының сомасы ретінде айқындалатын, есепті тоқсан үшін міндетті зейнетақы жарналарының қорытынды сомасын көрсетуге арналған;

3) 200.00.003 I, 200.00.003 II және 200.00.003 III жолдары осы нысанға 200.02- қосымшада көрсетуге тиіс салық агенттерімен дербес төлеушілер болып танылмаған, құрылымдық бөлімшелер үшін бюджетке төлеуге жататын міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары сомасын қоспағанда, салық агентімен (оның ішінде Салық кодексінің 161-бабына сәйкес салық агенттері болып танылған құрылымдық бөлімшелерді қоса алғанда) Қазақстан Республикасының зейнетақы заңнамасына сәйкес есепті тоқсанның әрбір айында қызметкерлерге есептелген табыстардан есептелетін және бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына аударылуға жататын міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары сомасын көрсетуге арналған.

200.00.003 IV жол 200.00.002 I, 200.00.002 II және 200.00.003 III жолдарының сомасы ретінде айқындалатын, есепті тоқсан үшін міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарының қорытынды сомасын көрсетуге арналған;

4) 200.00.004 I, 200.00.004 II, 200.00.004 III жолдар дара кәсіпкерлер (оңайлатылған декларация және патент негізінде шаруа немесе фермер қожалықтарына арналған арнаулы салық режимдерiн қолданатындарды қоспағанда), жеке нотариустар, жеке сот орындаушылары, адвокаттар, кәсіби медиаторлар есепті тоқсанның әрбір айы үшін бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына өз пайдасына аударуға жататын міндетті зейнетақы жарналарының сомаларын көрсетуге арналған.

200.00.004 IV жол 200.00.004 I, 200.00.004 II, 200.00.004 III жолдарының сомасы ретінде айқындалатын есепті тоқсанда міндетті зейнетақы жарналарының сомасын көрсетуге арналған;

5) 200.00.005 І, 200.00.005ІІ және 200.00.005 ІІІ жолдар осы нысанға 200.02- қосымшада көрсетуге тиіс жеке табыс салығы бойынша салық агенттері және әлеуметтік салық бойынша дербес төлеушілер болып танылмаған, құрылымдық бөлімшелер үшін бюджетке төлеуге жататын жеке табыс салығының сомасын қоспағанда, салық агенті үшін (оның ішінде Салық кодексінің 161-бабына сәйкес салық агенттері болып танылған құрылымдық бөлімшелер) Салық кодексінің 358-бабы 1 және 3-тармақтарына сәйкес есепті тоқсанның әрбір айы үшін есептелген және Міндетті әлеуметтік сақтандыру туралы заңға сәйкес есептелген әлеуметтік аударымдардың сомасына азайтылған әлеуметтік салық сомасын көрсетуге арналған.

Бұл ретте 200.00.005 I, 200.00.005 II, 200.00.005III және 200.00.005 IV жолдарының сомасы тиісінше 200.03.003 I, 200.03.003 II, 200.03.003 III және 200.03.003 IV жолдарына енгізілмейді.



Бұл жолдарды ауыл шаруашылығы өнімдерін, акваөсіру (балық өсіру шаруашылығы) өнімін өндірушілер және ауыл шаруашылығы кооперативтері үшін арнаулы салық режимін қолданатын салық төлеушілер толтырмайды.

Төлеуге тиіс әлеуметтік салықтың есептелуі әрбір жұмысшы бойынша жүргізіледі.

200.00.005 IV жол 200.00.005 I, 200.00.005 II және 200.00.005 III жолдарының сомасы ретінде айқындалатын, есепті тоқсан үшін салықтың қорытынды сомасын көрсетуге арналған;

6) Декларацияны ауыл шаруашылығы өнімдерін, акваөсіру (балық өсіру шаруашылығы) өнімін өндірушілер мен ауыл шаруашылығы кооперативтері арнаулы салық режимін қолданатын салық төлеушілер табыс етілген жағдайда бюджетке аударылуға жататын әлеуметтік салықтың сомасы Салық кодексінің 451-бабында белгіленген ерекшеліктер ескеріле отырып, 200.00.005 жолында көрсетіледі (6 В торкөзін толтырған жағдайда).

200.00.006 I, 200.00.006 II және 200.00.006 III жолдары есепті тоқсанның әрбір айы үшін есептелген әлеуметтік салықтың сомасын көрсетуге арналған.

200.00.006 IV жол 200.00.006 I, 200.00.006 II және 200.00.006 III жолдарының сомасы ретінде айқындалатын, есепті тоқсан үшін салықтың қорытынды сомасын көрсетуге арналған;

7) 200.00.007 І, 200.00.007 ІІ және 200.00.007 ІІІ жолдары салық төлеуші есепті тоқсанның әрбір айында өзі үшін және есепті тоқсанның әрбір айында әрбір үшін төленетін, Салық кодексінің 358-бабы 2-тармағына сәйкес есептелген, бюджетке төлеуге тиіс әлеуметтік салықтың сомасын көрсетуге арналған.

200.00.007 IV жол 200.00.007 I, 200.00.007 II және 200.00.007 III жолдарының сомасы ретінде айқындалатын, есепті тоқсан үшін салықтың қорытынды сомасын көрсетуге арналған;



8) 200.00.008 І, 200.00.008 ІІ және 200.00.008 ІІІ жолдар осы нысанға 200.02-қосымшада көрсетуге тиіс жеке табыс салығы бойынша салық агенттері және әлеуметтік салық бойынша дербес төлеушілер болып танылмаған, құрылымдық бөлімшелер үшін бюджетке төлеуге жататын жеке табыс салығының сомасын қоспағанда, салық агенті үшін (оның ішінде Салық кодексінің 161-бабына сәйкес салық агенттері болып танылған құрылымдық бөлімшелер) тоқсанның әрбір айы үшін есептелген және Міндетті әлеуметтік сақтандыру туралы заңға сәйкес есептелген әлеуметтік аударымдардың сомасын көрсетуге арналған.

200.00.008 IV жол 200.00.008 I, 200.00.008 II және 200.00.008 III жолдарының сомасы ретінде айқындалатын, есепті тоқсан үшін әлеуметтік аударымдардың қорытынды сомасын көрсетуге арналған;

9) 200.00.009 I, 200.00.009 II, 200.00.009 III жолдар дара кәсіпкерлердің (шаруа немесе фермер қожалықтарына арналған, оңайлатылған декларация және патент негізіндегі арнаулы салық режимдерiн қолданатындарды қоспағанда), жеке нотариустардың, жеке сот орындаушыларының, адвокаттардың, кәсіби медиаторлардың есепті тоқсанның әрбір айы үшін өз пайдасына әлеуметтік аударымдардың сомасын көрсетуіне арналған.

200.00.009 IV жолы 200.00.009 I, 200.00.009 II, 200.00.009 III жолдарының сомасы ретінде айқындалатын есепті тоқсан үшін әлеуметтік аударымдардың қорытынды сомасын көрсетуге арналған.



  1. «Салық төлеушінің жауапкершілігі» деген бөлімде:

1) «Салымшы (төлеуші) басшысының Т.А.Ә.» деген жолда басшының құрылтай құжаттарына/салымшының (төлеушінің) жеке басын куәландыратын құжаттарға сәйкес тегі, аты, әкесінің аты (ол болған кезде) көрсетіледі.

Егер декларацияны дара кәсіпкер, адвокат, жеке нотариус, жеке сот орындаушысы, кәсіби медиаторлар табыс еткен болса, жеке басын куәландыратын құжаттарға сәйкес тегі, аты, әкесінің аты (болған кезде) көрсетіледі.

Салық міндеттемелерін сенімгерлікпен басқарушы орындаған кезде, мүлікті сенімгерлікпен басқару шартына сәйкес сенімгерлікпен басқарушының не сенімгерлікпен басқару туындайтын өзге жағдайларда пайда алушының тегі, аты, әкесінің аты (ол болған кезде) көрсетіледі;

2) декларацияның тапсырылған күні.

Декларацияның мемлекеттік кірістер органына табыс етілген ағымдағы күн көрсетіледі;

3) бенефициар мемлекеттік кірістер органының жеке табыс салығы және әлеуметтік салық бойынша коды.

Салық агентінің тіркеу орны бойынша мемлекеттік кірістер органының коды көрсетіледі;

4) міндетті зейнетақы жарналары мен әлеуметтік аударымдар бойынша бенефициар мемлекеттік кірістер органының коды.

Салық агентінің, салымшының (төлеушінің) орналасқан орны (тұрғылықты жері) бойынша мемлекеттік кірістер органының коды көрсетіледі;

5) «Декларацияны қабылдаған лауазымды адамның Т.А.Ә.» жолда декларацияны қабылдаған мемлекеттік кірістер органы қызметкерінің тегі, аты, әкесінің аты (ол болған кезде) көрсетіледі;

6) декларацияның қабылданған күні.

Салық кодексінің 584-бабы 2-тармағына сәйкес декларацияның табыс етілген күні көрсетіледі;

7) құжаттың кіріс нөмірі.

Мемлекеттік кірістер органы беретін декларацияның тіркеу нөмірі көрсетіледі;

8) пошта штемпелінің күні.

Пошта немесе өзге байланыс ұйымы қойған пошта штемпелінің күні көрсетіледі.



3. Жеке табыс салығын және әлеуметтік салықты, міндетті зейнетақы жарналарын, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын, әлеуметтік аударымдарды есептеу – 200.01-нысанын жасау


  1. «Жеке табыс салығы» деген бөлімде:

1) 200.01.001 I, 200.01.001 II және 200.01.001 III жолдары салық агентінің салық тоқсанының әрбір айы үшін жеке тұлғаларға есептеген табыстарының, соның ішінде материалдық пайда түрінде алынған, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жұмыс берушімен жасасқан азаматтық-құқықтық сипаттағы шарттар бойынша табыстарды қоса алғанда жұмысшының жұмыс берушіден ақшалай немесе заттай нысанда алған табыстары, оның ішінде Салық кодексінің 156-бабында көрсетілген табыстардың сомасын көрсетуге арналған.

200.01.001 IV жолы 200.01.001 I, 200.01.001 II және 200.01.001 III жолдарының сомасы ретінде айқындалатын есепті тоқсан үшін табыстардың қорытынды сомасын көрсетуге арналған. 200.00.001 IV жолы оның ішінде 200.01.001 А және 200.01.001 В жолдарының сомасын қамтиды;

200.01.001 А жолы есепті тоқсан үшін қызметкерлерге есептелген табысты көрсетуге арналған;

200.01.001 В жолы есепті тоқсан үшін дивидендтер, сыйақылар, ұтыстар түріндегі табыстар сомасын көрсетуге арналған;

2) 200.01.002 I, 200.01.002 II және 200.01.002 III жолдары есепті тоқсанның әр айы ішінде жеке тұлғаларға есептелген, табыстарынан есептелген жеке табыс салығының сомасын көрсетуге арналған.

200.01.002 IV жол 200.01.002 I, 200.01.002 II және 200.01.002 III жолдарының сомасы ретінде айқындалатын, есепті тоқсан үшін табыстың қорытынды сомасын көрсетуге арналған;

3) 200.001.003 жол міндетті, ерікті зейнетақы және міндетті, кәсіптік зейнетақы жарналарын, сақтандыру сыйақыларын және жеке табыс салығын есепке алмағанда, салық агентінің есептелген, бірақ есепті тоқсан соңында жеке тұлғаларға төленбеген табыстар бойынша берешектер сомасын көрсетуге арналған;

4) 200.01.004 жол есептелген, бірақ есепті тоқсанның басында төленбеген жеке табыс салығының сомасын көрсетуге арналған;

5) 200.01.005 жол есептелген, бірақ есепті тоқсанның соңында төленбеген жеке табыс салығының сомасын көрсетуге арналған;

6) 200.01.006 I, 200.01.006 II және 200.01.006 III жолдары есепті тоқсанның әрбір айында жеке тұлғаларға төленген табыстар сомасын көрсетуге арналған.

200.01.006 IV жолы 200.01.006 I, 200.01.006 II және 200.01.006 III жолдарының сомасы ретінде айқындалатын, есепті тоқсан үшін табыстардың қорытынды сомасын көрсетуге арналған.


  1. «Міндетті зейнетақы жарналары, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары» бөлімінде:

1) 200.01.007 I, 200.01.007 II және 200.01.007 III жолдар Қазақстан Республикасының зейнетақы заңнамасына сәйкес есепті тоқсанның әрбір айы үшін міндетті зейнетақы жарналары ұсталатын (есептелетін) жеке тұлғаларға есептелген табыстардың сомасын көрсетуге арналған.

200.01.007 IV жолы 200.01.007 I, 200.01.007 II және 200.01.007 III жолдарының сомасы ретінде айқындалатын, есепті тоқсан үшін салықтың қорытынды сомасын көрсетуге арналған;

2) 200.01.008 I, 200.01.008 II және 200.01.008 III жолдар Қазақстан Республикасының зейнетақы заңнамасына сәйкес есепті тоқсанның әрбір айы үшін міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары есепке жазылған (есептелетін) жеке тұлғаларға есептелген табыстардың сомасын көрсетуге арналған.

200.01.008 IV жолы 200.01.008 I, 200.01.008 II және 200.01.008 III жолдарының сомасы ретінде айқындалатын, есепті тоқсан үшін салықтың қорытынды сомасын көрсетуге арналған;

3) 200.01.009 I, 200.01.009 II, 200.01.009 III жолдары дара кәсіпкерлер (шаруа немесе фермер қожалықтарына арналған, оңайлатылған декларация және патент негізіндегі арнаулы салық режимдерiн қолданатындарды қоспағанда), жеке нотариустар, жеке сот орындаушылары, адвокаттар, кәсіби медиаторлар есепті тоқсанның әрбір айы үшін өз пайдасына мәлімдейтін табыстардың сомаларын көрсетуге арналған.

200.01.009 IV жол 201.01.009 I, 201.01.009 II, 201.01.009 III жолдарының сомасы ретiнде айқындалатын есепті тоқсан үшін мәлiмдейтін табыстың қорытынды сомасын көрсетуге арналған.



  1. «Мүгедек қызметкерлердің саны және еңбекақыларын төлеу бойынша шығыстар» деген бөлімде Салық кодексінің 135-бабы 3-тармағының шарттарына сәйкес келетін тірек-қимыл мүшесі бұзылған, есту, сөйлеу, көру қабілетінен айрылған мүгедектер жұмыс істейтін мамандандырылған ұйымдар толтырады. Бұл бөлімде:

1) 200.01.010 I, 200.01.010 II және 200.01.010 III жолдары есепті тоқсанның әрбір айы үшін мүгедек қызметкерлердің санын көрсетуге арналған;

2) 200.01.011 I, 200.01.011 II және 200.01.011 III жолдары есепті тоқсанның әрбір айы үшін мүгедек қызметкерлер санының жұмыскерлердің жалпы санындағы үлес салмағын көрсетуге арналған;

3) 200.01.012 I, 200.01.012 II және 200.01.012 III жолдары есепті тоқсанның әрбір айы үшін мүгедек қызметкерлердің еңбекақысын төлеу бойынша шығыстардың еңбекақы төлеу бойынша жалпы шығыстардағы үлес салмағын көрсетуге арналған.


  1. «Салық кодексінің 358-бабы 1, 3-тармақтарында белгіленген ставкаларды қолданылған әлеуметтік салық» деген бөлімді салық агенттері болып табылатын, Қазақстан Республикасының резидент заңды тұлғалары, сондай-ақ Салық кодексінің 191-бабына сәйкес Қазақстан Республикасында тұрақты мекеме арқылы қызметін жүзеге асыратын резидент еместер толтырады.

Бұл бөлімде:

1) 200.01.013 І, 200.01.013 ІІ және 200.01.013 ІІІ жолдары есепті тоқсанның әрбір айы үшін әлеуметтік салық салынатын объекті болып табылатын табыстарды көрсетуге арналған.

200.01.013 IV жолы 200.01.013 I, 200.01.013 II және 200.01.013 III жолдарының сомасы ретінде айқындалатын, есепті тоқсан үшін табыстардың қорытынды сомасын көрсетуге арналған.


  1. «Әлеуметтік аударымдар» деген бөлімде:

1) 200.01.014 І, 200.01.014 ІІ және 200.01.014 ІІІ жолдары Міндетті әлеуметтік сақтандыру туралы заңға сәйкес салық кезңінің әрбір айында әскери қызметшілердің, ішкі істер органдарының қызметкерлерінің, Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Қылмыстық-атқару жүйесі комитетінің және Төтенше жағдайлар комитетінің, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері министрлігінің Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросы, жеке тұлғаның ақшалай табысы түрінде төленетін жұмыс берушінің шығыстарын қоса отырып, жеке тұлғаларға табыс түрінде төленетін жұмыс берушінің шығыстарын көрсетуге арналған.

Бұл ретте әлеуметтік аударымдар әлеуметтік аударымдарды есептеу объектісінен Міндетті әлеуметтік сақтандыру туралы заңымен белгіленген мөлшерде жүргізіледі. Әлеуметтік аударымдарды есептеу үшін қабылданатын ай сайынғы табыс Қазақстан Республикасының Республикалық бюджет туралы заңында белгіленген ең төменгі еңбек ақының он еселенген мөлшерінен асып кетпеуі тиіс.

200.01.014 IV жолы 200.01.014 I, 200.01.014 II және 200.01.014III жолдарының сомасы ретінде айқындалатын, есепті тоқсан үшін жеке тұлғалардың табыстарының қорытынды сомасын көрсетуге арналған;

2) 200.01.015 I, 200.01.015 II, 200.01.015 III жолдары дара кәсіпкерлер (шаруа немесе фермер қожалықтарына арналған, оңайлатылған декларация және патент негізіндегі арнаулы салық режимдерiн қолданатындарды қоспағанда), жеке нотариустар, жеке сот орындаушылары, адвокаттар, кәсіби медиаторлар өз пайдасына есепті тоқсанның әр айында әлеуметтік аударымдарды есептеу үшін қолданатын табыс сомасын көрсетуге арналған.

200.01.015 IV жолы 200.01.015 I, 200.01.015 II, 200.01.015 III жолдарының сомасы ретінде айқындалатын есепті тоқсан үшін табыстың қорытынды сомасын көрсетуге арналған.

4. Құрылымдық бөлімшелер бойынша жеке табыс салығының сомасын және әлеуметтік салықты есептеу – 200.02-нысанын жасау

 


  1. Осы нысан салық агенті заңды тұлғаның жеке табыс салығы бойынша салық агенті және әлеуметтік салық бойынша дербес төлеуші бойынша болып танылмаған филиалы/өкілдігі бойынша төлеуге жататын жеке табыс салығының, әлеуметтік салықтың, міндетті зейнетақы жарналарының, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарының, әлеуметтік аударымдардың сомаларын есептеуіне арналған. Нысанды заңды тұлға Салық кодексінің 161, 162, 362, 364-баптарына сәйкес әрбір филиал/өкілдік бойынша жасайды.

  2. «Салық агенті туралы жалпы ақпарат» деген бөлімде:

1) БСН – салық агентінің бизнес-сәйкестендіру нөмірі. Салық міндеттемелерін сенімгерлікпен басқарушы орындаған кезде, жолда сенімгерлікпен басқарушының бизнес-сәйкестендіру нөмірі көрсетіледі;

2) салық агентінің атауы.

Құрылтай құжаттарына сәйкес заңды тұлғаның атауы көрсетіледі.

Салық міндеттемесін сенімгерлікпен басқарушы орындаған кезде, жолда сенімгерлікпен басқарушы заңды тұлғаның атауы көрсетіледі;

3) салық агентінің тіркеу есебінің орны бойынша мемлекеттік кірістер органының коды.

Заңды тұлғаның тіркеу есебінің орны бойынша мемлекеттік кірістер органының коды көрсетіледі;

4) салық есептілігі табыс етілетін салық кезеңі (тоқсан, жыл) – есепті салық кезеңдері кіретін тоқсан (араб сандарымен көрсетіледі);

5) түрі.

Тиісті торкөздер декларацияның Салық кодексінің 63-бабында көрсетілген салық есептілігінің түрлеріне жатқызылуы ескеріле отырып, белгіленеді;

6) хабарламаның нөмірі мен күні.

Жолдар Салық кодексінің 63-бабы 3-тармағының 4) тармақшасында көзделген декларацияның түрі табыс етілген жағдайда толтырылады;

7) БСН – филиалдың/өкілдіктің бизнес-сәйкестендіру нөмірі;

8) филиалдың/өкілдіктің атауы.

Құрылтай құжаттарына сәйкес филиалдың/өкілдіктің атауы көрсетіледі;

9) филиалдың/өкілдіктің тіркеу орны бойынша мемлекеттік кірістер органының коды.

Филиалдың/өкілдіктің тіркеу есебі орны бойынша мемлекеттік кірістер органының коды көрсетіледі;



  1. «Есептік көрсеткіштер» деген бөлімде:

1) 200.02.001 І, 200.02.001 ІІ және 200.02.001 ІІІ жолдары есепті тоқсанның әрбір айына филиалдың/өкілдіктің және жеке тұлғалар төлеген бюджетке аударуға жататын табыстардан есептелген жеке табыс салығының сомасын көрсетуге арналған.

200.02.001 IV жол 200.02.001 I, 200.02.001 II және 200.02.001 III жолдарының сомасы ретінде айқындалатын, есепті тоқсан үшін салықтың қорытынды сомасын көрсетуге арналған;

2) 200.02.002 І, 200.02.002 ІІ және 200.02.002 ІІІ жолдары Қазақстан Республикасының зейнетақы заңнамасына сәйкес жеке тұлғалардың төленген табыстарынан есептелген және есепті тоқсанның әрбір айы үшін филиал/өкілдік бойынша жинақтаушы зейнетақы қорларына аударуға жататын міндетті зейнетақы жарналарының сомасын көрсетуге арналған.

200.02.002 IV жолы 200.02.002 I, 200.02.002 II және 200.02.002 III жолдарының сомасы ретінде айқындалатын, есепті тоқсан үшін міндетті зейнетақы жарналарының қорытынды сомасын көрсетуге арналған;

3) 200.02.003 І, 200.02.003 ІІ және 200.02.003 ІІІ жолдары Қазақстан Республикасының зейнетақы заңнамасына сәйкес қызметкерлерге ай үшін есептелген табыстарынан есептелген және есепті тоқсанның әрбір айы үшін филиал/өкілдік бойынша бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына аударуға жататын міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарының сомасын көрсетуге арналған.

200.02.003 IV жолы 200.02.003 I, 200.02.003 II және 200.02.003 III жолдарының сомасы ретінде айқындалатын, есепті тоқсан үшін міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарының қорытынды сомасын көрсетуге арналған;

4) 200.02.004 І, 200.02.004 ІІ және 200.02.004 ІІІ жолдары есепті тоқсанның әрбір айы үшін филиал/өкілдік бойынша есептелген әлеуметтік салық сомасын көрсетуге арналған.

200.02.004 IV жолы 200.02.004 I, 200.02.004 II және 200.02.004 III жолдарының сомасы ретінде айқындалатын, есепті тоқсан үшін салықтың қорытынды сомасын көрсетуге арналған;

5) 200.02.005 І, 200.02.005 ІІ және 200.02.005 ІІІ жолдары Міндетті әлеуметтік сақтандыру туралы Заңға сәйкес айқындалатын, есепті тоқсанның әрбір айы үшін филиал/өкілдік бойынша әлеуметтік аударымдар сомасын көрсетуге арналған.

200.02.005 IV жолы 200.02.005 I, 200.02.005 II және 200.02.005 III жолдарының сомасы ретінде айқындалатын, есепті тоқсан үшін әлеуметтік аударымдардың қорытынды сомасын көрсетуге арналған.



  1. «Салық агентінің жауапкершілігі» деген бөлімде:

1) «Басшының Т.А.Ә.» жолында құрылтай құжаттарына сәйкес басшының тегі, аты, әкесінің аты (ол болған кезде) көрсетіледі.

Салық міндеттемесін сенімгерлікпен басқарушы орындаған кезде мүлікті сенімгерлікпен басқару шартына сәйкес сенімгерлікпен басқарушының не сенімгерлікпен басқару туындайтын өзге жағдайларда пайда алушының тегі, аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда) көрсетіледі;

2) тапсырылған күні.

200.02 нысанының мемлекеттік кірістер органына табыс етілген күні көрсетіледі;

3) жеке табыс салығы және әлеуметтік салық бойынша бенефициар мемлекеттік кірістер органының коды.

Филиалдың/өкілдіктің тіркеу есебінің орны бойынша мемлекеттік кірістер органының коды көрсетіледі;

4) міндетті зейнетақы жарналары мен әлеуметтік аударымдар бойынша бенефициар мемлекеттік кірістер органының коды.

Филиалдың/өкілдіктің орналасқан орны бойынша мемлекеттік кірістер органының коды көрсетіледі;

5) «Нысанды қабылдаған лауазымды адамының Т.А.Ә.» деген жолда 200.02 нысанын қабылдаған мемлекеттік кірістер органы қызметкерінің тегі, аты, әкесінің аты (ол болған кезде) көрсетіледі;

6) қабылданған күні.

Салық кодексінің 584-бабы 2-тармағына сәйкес 200.02 нысанының табыс етілген күні көрсетіледі;

7) құжаттың кіріс нөмірі.

Мемлекеттік кірістер органы беретін 200.02 нысанының тіркеу нөмірі көрсетіледі;

8) пошта штемпелінің күні.

Пошта немесе өзге байланыс ұйымы қойған пошта штемпелінің күні көрсетіледі.

5. Келісімшарт бойынша жұмыс істейтін салық төлеушілердің әлеуметтік салығын есептеу – 200.03-нысанын жасау


  1. Бұл нысан Салық кодексінің 308-1-бабы 1-тармағына сәйкес заңнамада белгіленген тәртіпте Қазақстан Республикасымен жасалған келісімшарттар (бұдан әрі – келісімшарттар) бойынша жұмыс істейтін салық төлеушілердің әлеуметтік салығын есептеуге арналған. Нысан әрбір келісімшарт бойынша бөлек жасалады.

  2. «Салық агенті туралы жалпы ақпарат» деген бөлімде:

1) ЖСН/БСН – салық төлеушінің жеке сәйкестендіру нөмірі (бизнес- сәйкетендіру нөмірі).

Салық міндеттемесін сенімгерлікпен басқарушы орындаған кезде жолда сенімгерлікпен басқарушы салық төлеушінің жеке сәйкестендіру нөмірі көрсетіледі;

2) салық есептілігі табыс етілетін салық кезеңі – есепті салық кезеңдері кіретін есепті тоқсан;

3) «Қызметкерлердің саны (адам), оның ішінде» деген жолда шетелдік маман қызметкерлерін және шетелдік жұмысшы қызметкерлерін бөле отырып, қызметкерлердің саны көрсетіледі;

4) «Келісімшарттың деректемелері» деген жолда келісімшарттың деректемелері көрсетіледі:

А – келісімшарттың нөмірі;

В – келісімшарттың жасалған күні;


  1. «Қызметкерлер үшін әлеуметтік салық» деген бөлімде.

Бұл бөлім шетелдік маман қызметкерлерін және шетелдік жұмысшы қызметкерлерін қоспағанда, қызметкерлер үшін әлеуметтік салықты есептеуге арналған:

1) 200.03.001 І, 200.03.001 ІІ және 200.03.001 ІІІ жолдары шетелдік маман қызметкерлерін және шетелдік жұмысшы қызметкерлерін қоспағанда, есепті тоқсанның әрбір айы үшін қызметкерлердің салық салынатын табыстарының сомасын көрсетуге арналған.

200.03.001 IV жолы 200.03.001 I, 200.03.001 II және 200.03.001 III жолдарының сомасы ретінде айқындалатын, есепті тоқсан үшін табыстың қорытынды сомасын көрсетуге арналған;

2) 200.03.002 І, 200.03.002 ІІ және 200.03.002 ІІІ жолдары келісімшартқа сәйкес белгіленген қызметкер үшін әлеуметтік салық ставкасының мөлшерін көрсетуге арналған;

3) 200.03.003 І, 200.03.003 ІІ және 200.03.003 ІІІ жолдары шетелдік маман қызметкерлерін және шетелдік жұмысшы қызметкерлерін қоспағанда, 200.03.001 және 200.03.002 жолдарының тиісті сомаларының көбейту жолымен айқындалатын, есепті тоқсанның әрбір айы үшін есептелген қызметкерлер үшін әлеуметтік салық сомасын көрсетуге арналған.

200.03.003 IV жолы 200.03.003 I, 200.03.003 II және 200.03.003 III жолдарының сомасы ретінде айқындалатын, есепті тоқсан үшін салықтың қорытынды сомасын көрсетуге арналған.




Каталог: sites -> default -> files -> npa -> fno -> 2016 -> pravila -> kaz
kaz -> Шағын бизнес субъектілері үшін салық есептігін (оңайлатылған декларацияны) жасау қағидалары
fno -> Банктік қызметті, сондай-ақ лицензия негізінде банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын, мониторингке жататын ірі салық төлеушілердің салық есептiлiгiн жасау қағидалары
kaz -> Жер салығы мен мүлік салығы бойынша ағымдағы төлемдер салық есептілігін (есебін) жасау қағидалары
fno -> Нысан Жалпы ережелер
fno -> Экспортқа рента салығы бойынша салық есептілігін (декларацияны) жасау қағидалары
fno -> Жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшартта заттай түрде белгіленген өнімді бөлу бойынша Қазақстан Республикасының үлесінің мөлшері және төлеу (беру) мерзімдері туралы есебінің салық есептілігін жасау қағидалары
fno -> «Бейрезиденттің табысынан төлем көзінен ұсталатын корпоративтік табыс салығы бойынша есеп (101. 04-нысан)» салық есептілігін жасау қағидалары
fno -> Құрылымдық бөлімше немесе салық салуға байланысты объектілер үшін акциз салық есептілігін (есебін) жасау қағидалары


Достарыңызбен бөлісу:


©kzref.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет