Қазақстан Республикасының азаматтық авиациясында медициналық куәландыру және қарап-тексеру қағидалары



жүктеу 2.72 Mb.
бет1/14
Дата28.03.2019
өлшемі2.72 Mb.
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   14


Қазақстан Республикасы
Инвестициялар және даму министрінің
2017 жылғы «__» _________ № ___

бұйрығына


қосымша

Қазақстан Республикасының азаматтық авиациясында

медициналық куәландыру және қарап-тексеру қағидалары


  1. Жалпы ережелер

1. Осы Қазақстан Республикасының азаматтық авиациясында медициналық куәландыру және қарап-тексеру қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар) «Қазақстан Республикасының әуе кеңістігін пайдалану және авиация қызметі туралы» 2010 жылғы 15 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының


54-бабы 3-тармағына сәйкес әзірленген және Халықаралық азаматтық авиация (бұдан әрі - ИКАО) ұйымының стандарттары мен ұсынылған тәжірибес негізінде әзірленген.

2. Осы Қағаидалар Қазақстан Республикасының азаматтық авиациясында медициналық куәландыру және қарау қағидаларының тәртібін анықтайды және авиация персоналына, сондай-ақ мiндеттi медициналық куәландырылуға және медициналық қарап-тексерілуге жататын адамдар санатына қойылатын азаматтық авиация саласындағы медициналық куәландырылу, медициналық қарап-тексеру жөніндегі талаптарды анықтайды.

3. Осы Қағидалар Азаматтық авиация саласындағы уәкілетті органның және азаматтық авиация ұйымдарының лауазымды тұлғаларына, медициналық куәландыру мен қарауға қатысатын медициналық жұмыскерлерге, авиациялық персоналға, сондай-ақ медициналық қарап-тексерілуге жататын адамдар санатына қолданылады.

4. Авиациялық оқу орнына оқуға түсетін Қазақстан Республикасының азаматтары және шетелдің азаматтры осы Қағидаларға сәйкес медициналық куәландырудан өтеді.

5. Осы Қағидаларда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:

1) авиация дәрігері - ұшу қауіпсіздігіне тікелей қатысы бар тұлғалардың кәсіби денсаулығын қамтамасыз ететін жоғары медициналық білімі және авиациялық медицина саласында даярлығы бар маман;

2) авиация персоналы - арнайы және (немесе) кәсіптік даярлығы бар әуе кемелерінде ұшуды орындау және қамтамасыз ету, әуе тасымалы мен авияция жұмыстарын, әуе кемелеріне техникалық қызмет көрсету, әуе қозғалысын ұйымдастыру және оған қызмет көрсету, әуе қозғалысын басқару қызметін жүзеге асыратын жеке тұлғалар;

3) медициналық сертификаттың иегері –медициналық сертификаттың қолданыстағы мерзіміне ие тұлға;

4) өтініш беруші – медициналық сертификатты алуға/мерзімін ұзартуға өтініш берген тұлға;

5) медициналық куәландыру - кәсіби жарамдылығын анықтау және/немесе онда аурулардың бар, жоқ болу дерегін растау, денсаулық жағдайын, сондай-ақ азаматтық авиация саласында уақытша еңбекке жарамсыздығын анықтау мақсатында жеке тұлғаны/өтініш берушіні тексеру, осы Қағидалардың талаптарына өтінім берушінің психикалық және физикалық жағдайын анықтауға арналған медициналыө зерттеулердің кешені;

6) медициналық сертификат – өтініш берушінің денсаулық жағдайы бойынша жарамдылығына қойылатын талаптарға өтініш берушінің сәйкестігін растайтын және кәсіби қызметке рұқсатты қамтамасыз ететін медициналық куәландырудың оң нәтижелері бойынша берілетін белгіленген үлгідегі құжат;

7) консультант-дәрігер – жеке тұлғаның/өтініш берушінің денсаулығын бағалау бойынша өз мамандығы бойынша медициналық ұйғарымдарды шығаратын авиация дәрігері;

8) авиациялық медицина орталығы (АМО) – азаматтық авиация саласында медициналық куәландыруды жүзеге асыратын заңды тұлға;

9) авиациялық медицина сарапшысы (АМС) – медициналық куәландыру жүргізу арқылы ұшу қауіпсіздігін қамтамасыз етуге қатысатын авиациялық медицина сарапшысының сертификатына ие жеке тұлға;

10) кеңейтілген медициналық куәландыру – жалпы есепті, офтальмолог, ЛОР есептерін және басқа мамандардың ұсыныстарын ресімдей отырып, АМС жүргізетін медициналық куәландыру;

11) жеңіл және аса жеңіл авиация (бұдан әрі – ЖАЖА) - сертификатталған ең жоғары ұшып көтерілу массасы бес мың жеті жүз килограмнан кем болатын әуе кемелерін, оның ішінде сертификатталған ең жоғары ұшып көтерілу массасы үш мың бір жүз сексен килограмнан кем болатын тікұшақтарды пайдаланатын азаматтық авиация жеңіл авиация, сондай-ақ сертификатталған ең жоғары ұшып көтерілу массасы жеті жүз елу килограмнан кем болатын әуе кемелерін, басқа да ұшу аппараттары мен қосымша құрылғыларды пайдаланатын азаматтық авиация;



12) медициналық қарап-тексеру – авиациялық персоналдың ауруының болуын немесе болмауын анықтау немесе растау, денсаулық жағдайын, сондай-ақ уақытша еңбекке қабілетсіздігін, жұмысқа шығатын ауысымындағы кәсіптік жарамдылығын айқындау;

13) азаматтық авиация саласындағы уәкілетті орган (бұдан әрі – уәкілетті орган) – Қазақстан Республикасының әуе кеңістігін пайдалану, азаматтық және эксперименттік авиация қызметі саласындағы басшылықты жүзеге асыратын орталық атқарушы орган.

4. Медициналық куәландыру мыналарды қамтиды:

1) АМС медициналық куәландыруы;

2) медициналық сертификаттың иегерін динамикалық бақылау.

5. Медициналық куәландыру міндеттеріне мыналар жатады:

1) азаматтық авиация саласында жұмысқа және/немесе оқуға денсаулық жағдайы бойынша жарамдылығын анықтау

2) денсаулық жағдайындағы қауіп факторлары мен функцияналдық ауытқушылығын, аурудың бастапқы түрлерін анықтау.

6. Медициналық куәландыруға мынадай санаттағы тұлғалар жатады:

1) пилотқа даярлау бойынша оқуға түсушілер және оқитын тұлғалар;

2) пилоттар;

3) бортинженерлер, бортмеханиктер, штурмандар;

4) әуесқой ұшқыштар (ұшақ немесе тікұшақ)

5) бортрадистер, бортоператорлар;

6) бортсеріктер;

7) авиадиспетчерлер және авиадиспетчерлерді даярлау бойынша оқуға түсушілер және оқитын тұлғалар;

8) жеңіл және аса жеңіл авиация ұшқыштары.

7. Осы Қағидалардың 5-тармағының 1), 2), 3), 4), 5) және
7) тармақшаларында көрсетілген тұлғаларға осы Қағидалардың 1-қосымшасына сәйкес нысаны бойынша медициналық сертификат беріледі.

Осы Қағидалардың 5-тармағының 6) және 8) тармақшаларында көрсетілген тұлғаларға көрсетілген тұлғаларға осы Қағидалардың 2-қосымшасына сәйкес нысаны бойынша медициналық сертификат беріледі.

8. Медициналық сертификаттардың түрлері және қолданылу мерзімі:

1) осы Қағидалардың 5-тармағының 1), 2) және 3) тармақшаларына қатысты тұлғаларға «1-кластық медициналық сертификат» беріледі. Медициналық сертификат берілген күннен бастап 12 ай бойы жарамды;

2) осы Қағидалардың 5-тармағының 4) және 5) тармақшаларына қатысты тұлғаларға «2-кластық медициналық сертификат» беріледі. Медициналық сертификат берілген күнінен бастап 60 ай бойы және 40 жасқа толғанша жарамды; 40-49 жасында медициналық сертификат берілген күнінен бастап 24 ай бойы жарамды; 50 жасқа толғаннан кейін медициналық сертификат берілген күнінен бастап 12 ай бойы жарамды;

3) осы Қағидалардың 5-тармағының 6) тармақшасына қатысты тұлғаларға «2-кластық медициналық сертификат» беріледі. Медициналық сертификат берілген күнінен бастап 60 ай бойы жарамды;\

4) осы Қағидалардың 5-тармағының 7) тармақшасына қатысты тұлғаларға «3-кластық медициналық сертификат» беріледі. Медициналық сертификат берілген күнінен бастап 40 жасқа толғанға дейін 24 ай бойы жарамды; медициналық сертификат 40 жасқа толғаннан кейін берілген күнінен бастап 12 ай бойы жарамды. Брифинг диспетчерлік пунктінің және/немесе іуе қозғалысын жоспарлау, бақылау және үйлестіру диспетчерінің және/немесе әуе қозғалысын жоспарлау бас орталығының ұшу диспетчері және/немесе ауысым бастығының біліктілік белгілері бар тұлғаларға ғана «Денсаулық сақтау ұйымдарының бастапқы медициналық құжаттама нысандарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің м.а. 2010 жылғы
23 қарашадағы № 907 бұйрығымен (бұдан әрі - Бұйрық) (Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2010 жылы 21 желтоқсанда № 6697 болып тіркелді, «Казахстанская правда» от 24 февраля 2011 г. № 68-69 (26489-26490), от 26 февраля 2011 г. № 72-73 (26493-26494), от 2 марта 2011 г. № 76-77 (26497-26498), от 5 марта 2011 г. № 82-83 (26503-26504), от 6 марта 2011 г. № 84-85 (26505-26506), от 10 марта 2011 г. № 86-87 (26507-26508), от 15 марта 2011 г. № 92-93 (26513-26514), от 16 марта 2011 г. № 94-95 (26515-26516),
от 17 марта 2011 г. № 96-97 (26517-26518), от 29 марта 2011 г. № 105-106 (26526-26527), от 30 марта 2011 г. № 107-108 (26528-26529), от 6 апреля 2011 г. № 116 (26537), от 12 апреля 2011 г. № 121-122 (26542-26543), от 13 апреля
2011 г. № 123-124 (26544-26545), от 14 апреля 2011 г. № 125-126 (26546-26547), от 19 апреля 2011 г. № 131-132 (26552-26553), от 20 апреля 2011 г. № 133 (26554), от 21 апреля 2011 г. № 134-135 (26555-26556), от 23 апреля 2011 г.
№ 138 (26559), от 26 апреля 2011 г. № 139 (26560), от 30 апреля 2011 г.
№ 144-145 (26565-26566), от 7 мая 2011 г. № 150-151 (26571-26572), от 14 мая 2011 г. № 156-157 (26577-26578), от 21 мая 2011 г. № 163-164 (26584-26585),
от 28 мая 2011 г. № 170-171 (26590-26591), от 4 июня 2011 г. № 177-178 (26598-26599), от 11 июня 2011 г. № 185-186 (26606-26607) и в газете «Егемен Қазақстан» от 3 августа 2011 г. № 344-345 (26739) газеттер газеттерінде жарияланған) бекітілген 086/у нысанындағы «Дәрігерлік-кәсіби-консультативті қорытынды» медициналық анықтамасы беріледі, ол берілген күнінен бастап
12 ай бойы жарамды;

5) осы Қағидалардың 5-тармағының 8) тармақшасына жататын тұлғаларға «ЖжАЖА медициналық сертфикаты» беріледі. Медициналық сертификат берілген күнінен бастап 40 жасқа толғанға дейін 60 ай бойы жарамды; 40-49 жаста медициналық сертификат берілген күнінен бастап 24 ай бойы жарамды; 50 жасқа толғаннан кейін медициналық сертификат берілген күнінен бастап 12 ай бойы жарамды.

9. Медициналық куәландыру:

1) медициналық сертификатты беру;

2) медициналық сертификаттың қолданылу мерзімін ұзарту;

3) медициналық сертификатты жаңарту үшін өткізіледі.

10. 1, 2, 3 класты және ЖАЖА класты медициналық сертификатты бастапқы беру авиациялық медициналық орталықтарда жүзеге асырылады.

АМО медициналық куәландыруды өткізу оның және АМС сертификаты негізінде жүзеге асырылады.

11. Медициналық сертификаттардың қолданылу мерзімін ұзарту және жаңарту:

1) 1, 2 және 3 класты медициналық сертификат авиациялық медициналық орталықтарда;

2) ЖАЖА класты медициналық сертификаты медицина ұйымдарының медициналық сарапшылары жүзеге асырады.

12. Медициналық сертификаты жоқ немесе медициналық сертификатының қолданылу мерзімі аяқталған авиация персоналының иесі қызметтік міндеттерін орындауға жіберілмейді.

Белгіленген медициналық куәландыру жүргізу құралдарының орналасқан жерінен қашық өңірде (Қазақстан Республикасының шегінен тыс) ұшуды орындайтын куәлік иегерін кезекті медициналық куәландыру авиациялық орталық шегерілуі мүмкін егер бұл осындай шегеру ерекшелік ретінде берілсе және мыналардан аспаса:

1) коммерциялық емес тасымалдаулармен айналысатын әуе кемесінің ұшу экипаж мүшесі үшін ұзақтығы 6 ай кезеңнің бір кезеңі;

2) егер көрсетілген өңірдің авиамедициналық сарапшыдан әрбір тиісті тұлғаға медициналық куәландыру алғаннан кейін оң медициналық қорытынды берілген жағдайда коммерциялық тасымалдаумен айналысатын әуе кемесінің ұшу экипажының әрбір мүшесі үшін ұзақтығы 3 айдан екі кезекті кезең;

3) әуесқой пилот үшін - кандидаттың уақытша болатын өңіріндегі авиамедициналық сарапшы медициналық тексеру жүргізу кезінде ұзақтығы 24 айдан аспайтын бір кезең.

Төтенше және алдын алуға болмайтын жағдайларда (стихиялық құбылыстар, әскери әрекеттер) авиамедициналық сарапшы азаматтық авиация саласындағы уәкілетті органның ұсынысы бойынша медициналық сертификаттың қолдану мерзімін 45 күннен аспайтын мерзімге ұзартады.

13. 1-класты медициналық сертификат 2, 3-сыныпты және ЖАЖА медициналық сертификатқа қолданылады.

14. Медициналықсертификаттыңқолданылумерзімімыналарға 6 айға дейін қысқартылады:

1) авиакомпанияныңжелілікпилотының (ұшақ, тікұшақ) куәлігі, коммерциялық авиация пилотыныңкуәлігі (ұшақ, тікұшақ) жәнекоммерциялық әуе тасымалдарын орындайтын көп мүшелі экипаж пилотының куәлігінің (ұшақ, тікұшақ) иегерлеріжәне 60 жасқатолғандарүшін;

2) авиакомпанияның желілік пилотының (ұшақ, тікұшақ) куәлігі, коммерциялық авиация пилотыныңкуәлігінің (ұшақ, тікұшақ) иегерлеріжәне 40 жастанасқан бір пилот басқаратын жолаушыларды тасымалдау жөніндегі коммерциялық ұшуларды орындайтындар үшін.

15. Медициналық сертификаттың қолданылу мерзімі нақты мерзімдер көрсетіліп және қолданылу мерзімін өзгерту негіздемесімен медициналық айғақтар бойынша қысқартылады, ол осы Қағидалардың 2-қосымшасына сәйкес нысан бойынша Медициналық сертификаттарды есепке алу журналында жазылады.

16. Медициналық сертификатқа авиамедициналық сарапшы қол қояды және авиамедициналық сарапшының мөрімен куәландырылады.

17. Азаматтық авиация саласындағы уәкілетті орган:


  1. медициналық куәландыру жүргізуге бақылау жүргізеді және авиамедициналық сарапшылардың есептеріне медициналық куәландыру нәтижелері бойынша бағалау жүргізеді;

  2. сарапшыларға медициналық куәландырудан өтуге байланысты талаптардың сақталмаған жағдайда медициналық сертификаттардың қолданысын тоқтату жөнінде нұсқаулық шығарады;

  3. әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттама жасайды;

  4. сарапшылардың шешімдеріне шағымдарды қарастырады;

  5. сарапшыларды тағайындайды;

  6. авиациялық медицинана бойынша оқу бағдарламаларын келісімдейді;

  7. инструкторлық материалдарды әзірлейді және бекітеді.

18. Сарапшы, заңнамада көрсетілген жағдайлардын басқа кезде, қызметін атқарумен байланысты оған белгілі болған өткізілген медициналық куәландыру нәтижелері және басқа да деректерді жария етуге құқысы жоқ.

19. Сарапшы, ұшулар қауіпсіздігіне қатер төндіретін ақпаратты алған жағдайда тәулік көлемінде уәкілетті органды хабардар етеді.

20. 1 кластағы сарапшы барлық кластағы медициналық сертификаттарды бере, мерзімін ұзарта және оның жарамдылығын қалпына келтіре алады.

21. 2 кластағы сарапшы 2 және ЖАЖА кластағы медициналық сертификаттарды бере, мерзімін ұзарта және оның жарамдылығын қалпына келтіре алады.

22. ЖАЖА кластағы сарапшы ЖАЖА кластағы медициналық сертификаттардың мерзімін ұзарта және оның жарамдылығын қалпына келтіре алады.

23. Сарапшы медициналық куәландыруды өткізуді ұйымдастыру мен оны сапасына жауапты.





  1. Медициналық куәландыру жүргізу тәртібі

24. Медициналық куәландыру алдында өтініш беруші осы Қағидаға 3-қосымшаға сәйкес медициналық куәландыру туралы өтінішті толтырады.

25. Бастапқы медициналық сертификат алу үшін авиамедициналық орталыққа мынадай құжаттар беріледі:

1) медициналық сертификат алуға өтініш;

2) Бұйрықпен бекітілген №027/у нысанындағы «Амбулаторлық, стационарлық аурудың медициналық картасынан үзінді» амбулоторлық картадан үзінді;

3) психиатриялық, наркологиялық қараудан өту туралы анықтама.

26. Кезекті медициналық куәландырудан өту үшін мынадай құжаттар ұсынылады:


  1. медициналық сертификат алуға өтініш;

  2. алдыңғы медициналық сертификат;

  3. алдыңғы медициналық куәландырудың есебі (медициналық карта);

  4. Бұйрықпен бекітілген №027/у нысанындағы «Амбулаторлық, стационарлық аурудың медициналық картасынан үзінді» амбулоторлық картадан үзінді;

  5. психиатриялық, наркологиялық қараудан өту туралы анықтама.

27. Авиамедициналық сарапшы медициналық куәландыру алдында медициналық куәландыру жүргізуге арналған өтінішті тексереді және оған өтініш берушімен бірге қол қояды.

Өтінішке қол қойғаннан кейін, авиамедициналық сарапшы өтініштегі фактілердің растығын денсаулық сақтау жүйесінің электрондық деректер базасы арқылы тексереді:

1) Халықтың бекітіп берілген тіркелімі;

2) Диспансерлік науқастардың тіркелімі (онко-, tbs, почка и 3,10);

3) Стационарлық науқастардың тіркелімі;

4) жүкті және фертильді жастаға әйелдердің тіркелімі.

5) Денсаулық жайы бойынша сақтандыру оқиғаларға төлеу жөнінде деректер базасы.

28. Қол қойылған өтініште күмәнді фактілер анықталған жағдайда, авиамедициналық сарапшы өтініш берушінің көзінше уәкілетті органға өтініштің түпнұсқасын ілеспе хатпен бірге әкімшілік шаралар қабылдау үшін жібереді. 

29. Өтінім берушіге медициналық куәландыруға дейін бір күн бұрын және куәландыру кезінде демалыс күні беріледі.

30. Егер медициналық сертификаттың иегері оның мерзімі аяқталғаннан кейін 90 немесе одан да көп күннің ішінде оның қолданылуын жаңартпаса, оны жаңалау үшін кеңейтілген медициналық куәландыру қажет етіледі.

31. Өтініш беруші осы Қағидаларға 5, 6, 7 және 8-қосымшаларға сәйкес авиация персоналына қойылатын денсаулық жағдайы бойынша талаптарға (бұдан әрі – Талаптар) оның денсаулығының сәйкес келуі бойынша медициналық куәландырудан өтеді.

32. Медициналық куәландыру кезінде сарапшы көрсеткіштер бойынша қажетті медициналық тексеру көлемін айқындайды және осы Қағидаларға


9-қосымшаларға сәйкес консультант-дәрігердің тексеруін тағайындайды.

33. Консультант-дәрігер 10, 11 және 12-қосымшаларға сәйкес медициналық құжаттамаға медициналық тексеру деректерін, диагнозды, өз бейіні бойынша ұсыныстарын жазады және тегін көрсете отырып жеке қолымен және жеке мөрімен растайды.

34. Сарапшы медициналық құжаттамаға медициналық тексеру деректерін, диагнозды, бейінді мамандар - консультант-дәрігерлердің ұсыныстарын жазады және 13-қосымшаға сәйкес есепті толтырады. Медициналық тексеру деректерінің дұрыстығы авиамедициналық сарапшының жеке қолымен және жеке мөрімен расталады.

Диагноздардың коды МКБ-10 сәйкес жүргізіледі. Есепті ресімдеу кезінде түзетулерді жасауға тыйым салынады.

Есептің бір көшірмесі авиамедициналық сарапшыда сақталады, екіншісі (қағаз және электронды) уәкілетті органға 3 жұмыс күндік мерзімге бағалауға, үшіншісі өтініш берушіге беріледі.

Азаматтық авиация саласындағы уәкілетті орган 3 жұмыс күні ішінде осы Қағидалардың талаптарына сәйкестікке медициналық куәландыру есебіне бағалау жүргізеді.

Осы Қағидалардың талаптарының бұзылулары анықталған жағдайда сарапшыға оларды жою үшін нұсқаулық жолдайды және «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің 565-1 бабына сәйкес хаттама әзірленеді.

35. Медициналық куәландыру нәтижелері бойынша мынадай нысанда медициналық қорытынды шығарылады:

1) жұмысқа жарамды;

2) осы Қағидалардың 26-тармағына сәйкес шектеулермен жұмысқа жарамды;

3) кейіннен медициналық куәландыру жүргізумен емдеуді (сауықтыруды) қажет етеді;

4) жұмысқа жарамсыз.

36. Сарапшы қажет болған жағдайда медициналық сертификатқа шектеу белгілейді.

Жарамдылық туралы шешім шектеу белгіленген жағдайларда ғана авиамедициналық сарапшы өтініш берушінің денсаулық жағдайын бағалайды және қажеттілігіне қарай ұшуды пайдалану жөніндегі мамандармен, әуе қозғалысын басқару жөніндегі мамандармен, сондай-ақ басқа да мамандармен кеңеседі. Шектеу айқындалған жағдайда өтініш берушінің орындайтын қызметіне қарай мүмкіншіліктері, дағдылары және тәжірибесі бағаланады.

Егер осы жағдай ұшу қауіпсіздігіне қауіп төндірмейтін жағдайда өтінш берушінің медициналық талаптарға толық сәйкес келмеген жағдайда шектеу белгіленеді.

Шектеу кодтары

Кодтар/Коды/Cods:



МСШ/OMC/TML - медициналық қорытындыны қолданылу мерзімінің шектелуі/ ограничение срока действия медицинского заключения; restriction of the period of validity of the medical certificate;

ҚҚТ/КДР/VDL - алыстан көргіштік пен аралық және жақыннан көргіштік секілді көру қабілеті мәселелеріндегі түзету/коррекция нарушения зрения для дальнего расстояния /Correction for defective distant;

АОЖКТ/КБСДР/VML - алыс, орта және жақын қашықтықтағы көру қабілетінің мәселелерін түзету/коррекция нарушения зрения для дальнего, среднего и близкого расстояния/correction for defective distant, intermediate and near vision

ЖКТ/КБР/VNL - жақыннан көргіштіктегі түзету/коррекция нарушения зрения для близкого расстояния /Correction for defective near vision;

ӨАКТ/КДП/VXL - өндіріс жағдайына сай алыстан көргіштік мәселелерін түзету/коррекция нарушения зрения для дали, в зависимости от производственных условий (только для 3 класса, диспетчеров УВД)/ Correction for defective distant vision depending on the working environment (for 3 class only, ATCOs);

КЛТ/КИК/CCL - контакттық линзаларды қолдану жолымен ғана түзету/коррекция зрения с использованием только контактных линз/Correction by means of contact lenses only;

КҰ/ДП/VCL - күндізгі уақытта ғана жарамды (күндізгі ұшулар)/действителен для полетов только в дневное время (дневные полеты)/ valid by day only;

ЕБЖ/ВКП/OML - екінші ұшқыш немесе білікті екінші ұшқышқа ғана жарамды (1-ші сыныпқа ғана)/действителен только как второй пилот или сквалифицированным вторым пилотом (только для 1 го raiacca)/Valid only as or with qualified co-pilot (class 1 only);

ЕҰЖ/ДВП/OCL - екінші ұшқышқа ғана жарамды (1-ші сыныпқа ғана)/годен только как второй пилот (только для Іго класса)/Valid only as со pilot (class 1 only);

ЖЖ/ЖБП/OPL - жолаушыларсыз ғана жарамды (Аса жеңіл авиацияның 2-ші сыныбына ғана)/действителен только без пассажиров (только для 2-го класса и пилота сверхлегкой aBnan,HH)/Valid only without passengers (class 2& LAPL only);

ҚЕБ/БДУ/OSL - қауіпсіздікті қамтамасыз ететін ұшқыштың болуы немесе екеулік басқаруы бар әуе кемесіне ғана жарамды/действителен только с безопасным пилотом и для воздушного судна с двойным управлением/Valid only with safety pilot and in aircraft with dual controls.

OAL- демонстрацияланған әуе кемесінің типіне ғана жарамды/годен для демонстрированного типа воздушного судна / restricted to demonstrated aircraft type;

APL - рұқсат етілген протезбен ғана жарамды/годен только с разрешенным протезом /valid only with approved prosthesis;

AHL - бекітілген қолмен басқару үшін ғана жарамды/действителен только с утвержденным ручным управлением (для 2 класса и LAPL /valid only with approved hand controls.

Шектеулер түсіндірмесі:



TML медициналық сертификатты қолдану мерзіміне шектеу

Медициналық қорытынды мерзімі онда көрсетілген мерзіммен шектеледі. Оның мерзімі медициналық куәландыруды өткен күннен басталады. Алдыңғы медициналық қорытындыдан қалған мерзім енді жарамсыз. Медициналық қорытындының иесі осында көрсетілген мерзімде келесі медициналық куәландыруды өтеді және барлық ұсынымдарды орындайды.



VDL түзету линзаларын тағу және қосалқы көзілдіріктің болуы

Алыстан көргіштік көру қабілеті мәселелеріндегі түзету: куәлік иесі алыстан көргіштікті түзететін, ДҰСК/ОДҰСК қолдануға келісім берген және медициналық куәландыру деректерімен расталған көзілдірік немесе контактілі линза киеді. Контактілі линзаны қолдану ДҰСК/ОДҰСК рұқсат етіледі. Контактілік линзалар ДҰСК/ОДҰСК жазып берген запаста көзілдірік болғанда ғана қолданылады.



VML көп фокальді көзілдіріктерді тағу және қосалқы көзілдіріктің болуы

Алыс, орта және жақын қашықтықтағы көру қабілетінің мәселелерін түзету: куәлік иесі ДҰСК/ОДҰСК қолдануға келісім берген және медициналық куәландыру деректерімен расталған көзілдірік немесе контактілі линза киеді. Көру қабілетін тек жақын қашықтыққа түзетуші тұтас оправалы көзілдірік пен контактілі линза қоладылмайды.



VNL өзімен бірге көруді түзейтін көзілдіріктің болуы және қосалқы көзілдіріктің болуы

Жақыннан көргіштіктегі түзету: куәлік иесі алыстан көргіштікті түзететін, ДҰСК/ОДҰСК қолдануға келісім берген және медициналық куәландыру деректерімен расталған өзіне жақын жерде запаста көзілдірігі болады. Көру қабілетін тек жақын қашықтыққа түзетуші тұтас оправалы көзілдірік пен контактілі линза қоладылмайды.





Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   14


©kzref.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет