«Қазақстан Республикасының азаматтық әуе кемелерін мемлекеттік тіркеу туралы куәліктер беру» мемлекеттік қызмет регламенті Жалпы ережелері «Қазақстан Республикасының азаматтық әуе кемелерін мемлекеттік тіркеу туралы куәліктер беру»



жүктеу 114.99 Kb.
Дата06.05.2019
өлшемі114.99 Kb.
түріРегламент


Қазақстан Республикасы

Инвестициялар және даму министрiнiң міндетін атқарушының

2015 жылғы « » _______

№ бұйрығына 1- қосымша



«Қазақстан Республикасының азаматтық әуе кемелерін мемлекеттік

тіркеу туралы куәліктер беру» мемлекеттік қызмет регламенті



  1. Жалпы ережелері

1. «Қазақстан Республикасының азаматтық әуе кемелерін мемлекеттік тіркеу туралы куәліктер беру» мемлекеттік қызметті (бұдан әрі – мемлекеттік қызмет) Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Азаматтық авиация комитеті (бұдан әрі - көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.

Өтініштерді қабылдау және мемлекеттік көрсетілетін қызметтің нәтижелерін беру қызмет берушінің кеңсесі немесе www.egov.kz «электрондық үкімет» веб-порталы (бұдан әрі – Портал) арқылы жүзеге асырылады.

2. Мемлекеттік көрсетілетін қызметтің нысаны: қағаз және (немесе) электронды (жартылай автоматтандырылған) түрде.

Мемлекеттік көрсетілетін қызметтің нәтижесі - Қазақстан Республикасының азаматтық әуе кемелерін мемлекеттік тіркеу туралы куәлікті (куәліктің телнұсқасын) беру болып есептеледі.

Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін ұсыну нысаны – қағаз түрінде.





  1. Мемлекеттік көрсетілетін қызметтің процесінде қызмет
    берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (жұмысшыларының) іс-әрекеті тәртібінің сипаттамасы

3. 2015 жылғы 28 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрі бұйрығымен бекітілген № 499 (Нормативтiк құқықтық актiлердi мемлекеттiк тiркеу тiзiлiмiнде № 11349 болып тiркелген) «Қазақстан Республикасының азаматтық әуе кемелерін мемлекеттік тіркеу туралы куәлікті (куәліктің телнұсқасын) беру» Стандартының 9 – тармағына сәйкес Қызмет берушінің мемлекеттік көрсетілетін қызметке қажетті қызметті алушының ұсынылған құжаттарын алуы мемлекеттік көрсетілетін қызмет ресімді (әрекетті) бастауға негіздеме болып есептеледі.

4. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет процесінің ресімдері (әрекеттері):

1) 30 минут ішінде қызмет берушінің кеңсе қызметкерімен өтінімді қабылдау күнін мен тіркеу нөмрін берілу;

2) 2 жұмыс күн ішінде өтінімді қарастыратын құрылымдық бөлімшені және жауапты орындаушыны қызмет берушінің басшысы немесе басшысының орынбарасары тағайындайды;

3) 16 жұмыс күн ішінде жауапты орындаушы мәлеметтің дұрыстығына және толықтығына тексеру жүргізеді;

4) 1 жұмыс күн ішінде қызмет берушінің құрылымдық бөлімше қызметшісі (орындаушы) азаматтық әуе кемелері туралы Мемлекеттік тізіліміне және тану белгілері мәлеметерін енгізеді.

5) 1 жұмыс күн ішінде қызмет берушінің құрылымдық бөлімше қызметшісі (орындаушы) тіркиді және 30 минут ішінде азаматтық әуе кемелері туралы Мемлекеттік тәркеу туралы куәлікті (куәліктің телнұсқасын) береді.

5. Келесі ресімді (әрекетті) орындауды бастауға негіздеме болатын мемлекеттік көрсетілетін қызмет ресімнің (әрекеттің) нәтижесі:

1) қызмет берушінің кеңсесінде өтінімінді тіркеу (егер өтінімінді қағаз жұзіндегі берсе электронды өтінімінді көшіру)

2) қызмет берушінің басқарма басшысының қарауына берілетін қызмет беруші басшысының қарары;

3) ұсынылған құжатар бойынша әуе кемені тіркеу кезіндегі тізім бойынша құжатар толтырылады;

4) қызмет берушінің құрылымдық бөлімше қызметшісі (орындаушы) куәлікті (куәліктің телнұсқасын) ресімдеуі және оған қол қою үшін қызмет берушінің басшысына беруі;

5) азаматтық әуе кемелері туралы Мемлекеттік тәркеу туралы куәліктіті (куәліктің телнұсқасын) қызмет алушыға беруі.





  1. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет көрсету процесінде қызмет берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (жұмысшыларының) өзара іс-қимыл тәртібінің сипаттамасы

6. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет процесіне қызмет берушінің мынадай құрылымдық бөлімшелері (қызметкерлері) қатысады:

1) қызмет берушінің басшысы немесе басшысының орынбасары;

2) атқаратын қызметіне сәйкес қызмет берушінің құрылымдық бөлімше басшысы;

3) атқаратын қызметіне сәйкес қызмет берушінің құрылымдық бөлімше қызметшісі (орындаушы);

4) қызмет берушінің кеңсе қызметкері.

7. Қызмет берушінің құрылымдық бөлімшелері (қызметкерлері) арасындағы ресімдер (әрекеттер) жүйелілігінің сипаттамасы:

1) қызмет берушінің кеңсе қызметкері 30 минут ішінде қызмет алушыдан келген өтінішті, қабылдауды жұзеге ассырады, ашуды және Бiрыңғай электрондық құжат айналымы жүйесiнде өтінішті тіркеу, оны электронды жұзіне көшіру және қызмет берушінің басшысына жібереді,

2) қызмет берушінің басшысы немесе басшысының орынбасары 1 жұмыс күні ішінде мемлекеттік көрсетілетін қызметке қажетті қызметті алушының ұсынылған құжаттарын қарайды және оларды құрылымдық бөлімшеге жібереді;

3) қызмет берушінің құрылымдық бөлімше басшысы 1 жұмыс күн ішінде мемлекеттік көрсетілетін қызметке қажетті қызметті алушының ұсынылған құжаттарын қарайды және оларды құрылымдық бөлімше қызметшісіне (орындаушына) жібереді;

4) қызмет берушінің құрылымдық бөлімше қызметшісіне (орындаушына) мемлекеттік қызметті көрсетуге қажетті қызметті алушының ұсынылған құжаттарын алған күнінен бастап 16 жұмыс күннен аспайтын мерзімде қызметті алушының ұсынылған құжаттарын қарастырады;

5) қызмет берушінің құрылымдық бөлімше қызметшісі (орындаушы) 1 жұмыс күн ішінде азаматтық әуе кемені Мемлекеттік тізіліміне және тану белгілері мәлеметерін енгізеді;

6) қызмет берушінің құрылымдық бөлімше қызметшісі (орындаушы) 1 жұмыс күн ішінде азаматтық әуе кемелері туралы мемлекеттік тәркеу туралы куәліктіті (куәліктің телнұсқасын) рәсімдейді және құрылымдық бөлімше басшысына қол қою үшін жібереді;

7) қызмет берушінің құрылымдық бөлімше басшысы куәлікке (куәліктің телнұсқаны) қол қойганан кейін құрылымдық бөлімше қызметшісі (орындаушы) береді.

8) қызмет берушінің құрылымдық бөлімше қызметшісі (орындаушы) 15 минут ішінде азаматтық әуе кемелері туралы Мемлекеттік тәркеу туралы куәлікті (куәліктің телнұсқасын) қызметті алушы өзі келген жағдайда берілген куәліктерді (куәліктердің телнұсқаларын) есепке алу және тіркеу журналына қызметті алушының қолын қойғызып береді.

Куәліктің телнұсқасы мемлекеттік көрсетілетін қызметке қажетті қызметті алушының ұсынылған құжаттарын тіркеген күнінен бастап 2 жұмыс күні ішінде беріледі.





  1. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінде ақпараттық жүйелерді пайдалану тәртібін сипаттау

8. Портал арқылы электрондық мемлекеттік көрсетілетін қызмет кезіндегі мемлекеттік қызмет көрсетуге тартылған ақпараттық жүйелердің функционалдық өзара іс-қимылы және көрсетілетін қызметті беруші арқылы электрондық мемлекеттік қызмет көрсету кезіндегі функционалдық өзара іс-қимылдың функционалдық өзара іс-қимыл диаграммасы (1, 2 - диаграмма) осы Регламентке 1-қосымшада келтірілген.

Портал арқылы өтініш беру және мемлекеттік көрсетілетін қызмет кезінде қызмет беруші ресімдерінің (әрекеттерінің) жүйелілік тәртібі:

көрсетілетін қызметті алушы арқылы қадамды іс-қимылдар:

1) көрсетілетін қызметті алушы өзінің электрондық-цифрлық қолы тіркеу куәлігінің көмегімен (бұдан әрі – ЭЦҚ) порталда тіркеуді жүзеге асырады, ол көрсетілетін қызметті алушының компьютерінің интернет-браузерінде сақталады (порталда тіркелмеген көрсетілетін қызметті алушы үшін жүзеге асырылады):

2) 1- процесс – көрсетілетін қызметті алушының компьютерінің интернет-браузерінде ЭЦҚ тіркеу куәлігін бекіту, мемлекеттік қызметті алу үшін порталда пайдаланушының пароль енгізу процесі (авторландыру процесі);

3) 1-шарт – логин (бизнес сәйкестендіру нөмірі (бұдан әрі – БСН) және пароль арқылы тіркелген пайдаланушы туралы деректердің түпнұсқалығын порталда тексеру;

4) 2-процесс – пайдаланушының деректерінде бұзушылықтардың болуы жағдайында авторландырудан бас тарту туралы хабарламаны порталды қалыптастыру;

5) 3-процесс – пайдаланушының осы Регламентте көрсетілген қызметтерді таңдауы, қызмет көрсету үшін сұрау салу нысанын экранға шығару және сұрау салу нысанына қажетті құжаттарды электрондық түрде бекітумен, оның құрылымы мен форматтық талаптарын ескере отырып, пайдаланушының нысанды толтыруы (деректер енгізуі);

6) 4-процесс – «электрондық үкіметтің» төлем шлюзында ұызметтке төлеу, одан кейін бұл ақпарат «Е-лицензиялау» МДҚ АЖ мемлекеттік дерекқордың ақпараттық жүйесіне (бұдан әрі - МДҚ АЖ ) түседі;

7) 2-шарт «Е-лицензиялау» МДҚ АЖ көрсетілген қызметке төлеу фактісін тексеру;

8) 5-процесс – «Е-лицензиялау» МДҚ АЖ көрсетілген қызметке төлеу болмаған жағдайда сұратылған қызметен бас тарту туралы хабарлама қалыптастыру;

9) 6-процесс -сұрау салуды куәландыру (қол қою) үшін пайдаланушының ЭЦҚ тіркеу куәлігін таңдауы;

10) 3-шарт – порталда ЭЦҚ тіркеу куәлігінің қолданылу мерзімін және кері шақыртып алынған (жойылған) тіркеу куәліктерінің тізімде болмауын, сондай-ақ сұрау салуда көрсетілген БСН мен ЭЦҚ тіркеу куәлігінде көрсетілген БСН арасындағы сәйкестендіру деректерінің сәйкестігін тексеру;

11) 7-процесс – пайдаланушының ЭЦҚ түпнұсқалығы расталмаған жағдайда сұратылатын қызметтерден бас тарту туралы хабарлама қалыптастыру.

12) 8-процесс – қызметтер көрсетуге сұрау салудың толтырылған нысанын көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ арқылы сұрау салуды куәландыру (қол қою);

13) 9-процесс – электрондық құжатты (көрсетілетін қызметті алушының сұрау салуын) мемлекеттік дерекқордың ақпараттық жүйесінде (бұдан әрі – МДҚ АЖ) тіркеу және «Е-лицензиялау» МДҚ АЖ сұрау салуды өңдеу;

14) 10-процесс – көрсетілетін қызметті алушының порталмен қалыптастырылған қызмет нәтижесін (электрондық лицензия) алуы. Электрондық құжат көрсетілетін қызметті берушінің уәкілетті тұлғасының ЭЦҚ пайдалану арқылы қалыптастырылады.

Көрсетілетін қызметті беруші арқылы қадамды іс-қимылдар мынадай түрде жүзеге асырылады:

15) процесс 1 – көрсетілетін қызметті берушінің жауапты орындаушысының мемлекеттік қызметті көрсету үшін «Е-лицензиялау» МДҚ АЖ логин мен пароль енгізуі (авторландыру процесі);

16) 1-шарт – «Е-лицензиялау» МДҚ Логин мен пароль арқылы көрсетілетін қызметті берушінің тіркелген жауапты орындаушысы туралы деректердің түпнұсқалығын тексеру;

17) 2-процесс – «Е-лицензиялау» МДҚ көрсетілетін қызметті берушінің жауапты орындаушысының деректерінде бұзушылықтардың болуы жағдайында авторландырудан бас тарту туралы хабарламасын қалыптастыру;



  1. 3-процесс – көрсетілетін қызметті берушінің жауапты орындаушысының осы регламентте көрсетілген қызметтерді таңдауы, қызмет көрсету үшін сұрау салу нысанын экранға шығару және көрсетілетін қызметті берушінің жауапты орындаушысының көрсетілетін қызметті алушының деректерін енгізуі;

19) 4-процесс – сұрау салуды электрондық үкімет шлюзы (бұдан әрі – ЭҮШ) арқылы көрсетілетін қызметті алушының деректері туралы «Заңды тұлға» (бұдан әрі – ЗД МДҚ) мемлекеттік дерекқордың ақпараттық жүйесіне жіберу;

20) 2-шарт – ЗД МДҚ көрсетілетін қызметті алушының деректерінің болуын тексеру;

21) 5-процесс – ЗД МДҚ көрсетілетін қызметті алушының деректерінің болмауы жағдайында деректерді алу мүмкін еместігі туралы хабарлама қалыптастыру ;

22) 6-процесс – сұрау салу нысанын қағаз нысанда құжаттардың болуы туралы белгі бөлігінде толтыру және көрсетілетін қызметті берушінің жауапты орындаушысының көрсетілетін қызметті алушы ұсынған қажетті құжаттарды сканерлеу және оларды сұрау салу нысанына бекіту ;

23) 7-процесс – «Е-лицензиялау» ЗД МДҚ сұрау салуды тіркеу және «Е-лицензиялау» ЗД МДҚ қызметті өңдеу;

24) 9-процесс – көрсетілетін қызметті алушының «Е-лицензиялау» ЗД МДҚ қалыптастырылған қызметтің (электрондық лицензия) нәтижесін алу. Электрондық құжат көрсетілетін қызметті берушінің уәкілетті тұлғасының ЭЦҚ пайдалану арқылы қалыптастырылады.

9. «Қазақстан Республикасының азаматтық әуе кемелерін мемлекеттік тіркеу туралы куәлікті (куәліктің телнұсқасын) беру» мемлекеттік қызметті көрсетудегі процессінің, қызмет берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) арасындағы рәсімдер (іс-қимыл) жүйелілігінің толық сипаттамасы осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет Регламентіне
2 - қосымшаға сәйкес бизнес - процесс анықтамасында көрсетілген.

«Қазақстан Республикасының азаматтық


әуе кемелерін мемлекеттік тіркеу  
туралы куәлік беру» мемлекеттік  
көрсетілетін қызмет регламентіне

1-қосымша


Мемлекеттік қызмет көрсетуге тартылған ақпараттық жүйелердің
функционалдық өзара іс-қимылының диаграммасы №1



Мемлекеттік қызмет көрсетуге тартылған ақпараттық жүйелердің
функционалдық өзара іс-қимылының диаграммасы №2

Шартты белгілер:





Бастапқы хабарлама



Аяқтау хабарламасы



Аралық хабарлама



Аяқтаудың қарапайым оқиғасы



Қате



Ақпараттық жүйе



Процесс



Шарт



Басқару ағыны



Хабарламалар ағыны



Түпкі пайдаланушыға ұсынылатын электрондық құжат

«Қазақстан Республикасының азаматтық


әуе кемелерін мемлекеттік тіркеу  
туралы куәлік беру» мемлекеттік  
көрсетілетін қызмет регламентіне

2-қосымша

             

Мемлекеттік қызметті көрсету бизнес-процесс

Анықтамасы


«Қазақстан Республикасының азаматтық әуе кемелерін мемлекеттік тіркеу туралы куәлік беру»






1. 30 минут ішінде қызмет берушінің кеңсе қызметкерімен өтінімінді қабылдау күнін мне тіркеу нөмрін берілу

2. 1 жұмыс күн ішінде қызмет берушінің басшысы немесе басшысының орынбасары құрылымдық бөлімшеніге жібереді

3. 1 жұмыс күн ішінде құрылымдық бөлімше басшысы құрылымдық бөлімше қызметшісіне (орындаушына) жібереді

4. құрылымдық бөлімше қызметшісіне (орындаушына) алған күнінен бастап 16 жұмыс күннен аспайтын мерзімде қызметті алушының ұсынылған құжаттарын қарастырады
5. 1 жұмыс күн ішінде азаматтық әуе кемені Мемлекеттік тізіліміне және тану белгілері мәлеметерін енгізеді

6. 1 жұмыс күн ішінде азаматтық әуе кемелері туралы мемлекеттік тәркеу туралы куәліктіті (куәліктің телнұсқасын) рәсімдейді және құрылымдық бөлімше басшысына қол қою үшін жібереді






7. құрылымдық бөлімше басшысы азаматтық әуе кемелері туралы мемлекеттік тәркеу туралы куәліктіті (куәліктің телнұсқасын) қол қойганан кейін құрылымдық бөлімше қызметшісі (орындаушы) береді








15 мининут ішінде мемлекеттік тәркеу туралы куәліктіті (куәліктің телнұсқасын) береді






Достарыңызбен бөлісу:


©kzref.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет