«Қазақстан Республикасының азаматтық әуе кемелерін, оларға арналған құқықтарды және олармен жасалатын мәмiлелердi, сондай-ақ оларға құқықты куәландыратын құжаттар нысандарын мемлекеттік тіркеу қағидаларын бекіту туралы»



жүктеу 352.35 Kb.
Дата22.04.2019
өлшемі352.35 Kb.

Жоба


«Қазақстан Республикасының азаматтық әуе кемелерін, оларға арналған құқықтарды және олармен жасалатын мәмiлелердi, сондай-ақ оларға құқықты куәландыратын құжаттар нысандарын мемлекеттік тіркеу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрінің 2012 жылғы 18 қыркүйектегі № 613 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы»
Қазақстан Республикасының 2010 жылғы 15 шілдедегі № 339-IV «Қазақстан Республикасының әуе кеңістігін пайдалану және авиация қызметі туралы» Заңының 45-бабы 2-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

«Қазақстан Республикасының азаматтық әуе кемелерін, оларға арналған құқықтарды және олармен жасалатын мәмілелерді, сондай-ақ оларға құқықты куәландыратын құжаттар нысандарын мемлекеттік тіркеу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрінің 2012 жылғы 18 қыркүйектегі № 613 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8020 болып тіркелген, «Казахстанская правда» газетінде 2012 жылғы 21 қарашада жарияланған) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

бұйрықтың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

«Қазақстан Республикасының азаматтық әуе кемелерін, оларға арналған құқықтарды, сондай-ақ оларға құқықты куәландыратын құжаттар нысандарын мемлекеттік тіркеу қағидаларын бекіту туралы».

көрсетілген бұйрықпен бекітілген Қазақстан Республикасының азаматтық әуе кемелерін, оларға арналған құқықтарды және олармен жасалатын мәмілелерді, сондай-ақ оларға құқықты куәландыратын құжаттар нысандарын мемлекеттік тіркеу қағидаларында:

4-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«4. Азаматтық әуе кемесі Қазақстан Республикасы азаматтық әуе кемелерінің мемлекеттік тiзiлiміне меншік иесінің немесе, меншік иесінің келісімі бойынша пайдаланушысының өтініші арқылы енгiзiледi, егер:


  1. әуе кемесі басқа мемлекетте тіркелмеген болса;

  2. әуе кемесінің иесі немесе пайдаланушысы Қазақстан Республикасының жеке немесе заңды тұлғасы болып табылса;

3) әуе кемесі типінің тиісті сертификаты немесе соған ұқсас басқа құжатты азаматтық авиация саласындағы уәкілетті орган берсе немесе жарамды деп танылса.»;

мынадай мазмұндағы 4-1-тармақпен толықтырсын:

«4-1. Қазақстан Республикасының азаматтық әуе кемелерінің мемлекеттік тізіліміне енгізілген кезден бастап азаматтық әуе кемесі Қазақстан Республикасының ұлттық тиесілігін алады.

Тіркеу туралы куәлік әуе кемесінің бортында болады.

Азаматтық авиация саласындағы уәкілетті орган оның басқа мемлекеттердегі тіркелуін мойындамайды.»;

6, 7 және 8-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

«6. Осы қағидаларда келесi терминдер мен анықтамалар қолданылады:

1) уәкiлеттi орган – Қазақстан Республикасы Инвестицияларм және даму министрлiгi Азаматтық авиация комитетi (бұдан әрi – Азаматтық авиация комитетi);

2) өтiнiш берушi – Азаматтық авиация комитетiне азаматтық әуе кемелерiн, оларға арналған құқықтарды және олармен жасалатын мәмiлелердi мемлекеттiк тiркеу үшін өтiнiш берушi Қазақстан Республикасының азаматтық әуе кемелерiнiң иесi немесе пайдаланушысы болып табылатын жеке немесе заңды тұлғалары;

3) пайдаланушы – азаматтық әуе кемелерiн пайдаланумен немесе осы салада қызмет көрсетумен айналысатын жеке немесе заңды тұлғалар;

4) меншiк иесi (иесi) – меншiк құқығында немесе өзге де заң негiздемелерiнде әуе кемелерiнiң иесi болып табылатын Қазақстан Республикасының жеке немесе заңды тұлғалары;

5) азаматтық әуе кемесін мемлекеттік тіркеу туралы куәлік (бұдан әрi – Мемлекеттiк тiркеу туралы куәлiк) – Азаматтық авиация комитетi берген азаматтық әуе кемесiнiң Мемлекеттiк тiзiлiмге енгiзiлгенiн растайтын құжат;

6) Мемлекеттiк тiзiлiм – Қазақстан Республикасының азаматтық әуе кемелерiн, оларға арналған құқықтарды және олармен жасалатын мәмiлелерге мемлекеттiк тiркеу жүргiзiлетiн құжат;

7) Кейптаун конвенциясы – Жылжымалы жабдыққа қатысты халықаралық кепілдіктер туралы конвенция (Кейптаун, 2001 жылғы 16 қараша);

8) Авиациялық хаттама – Кейптаун конвенциясына Авиациялық жабдық жөніндегі хаттама;

9) Қайтарып алынбайтын өкілеттік - Жылжымалы жабдыққа қатысты халықаралық кепілдіктер туралы конвенцияға авиациялық жабдық жөніндегі хаттамаға сәйкес Қазақстан Республикасының азаматтық әуе кемелерін Мемлекеттік тізілімнен шығаруға (тіркеуден алып тастауға) және әуе кемесін әкетуге талап қою құқығы оның пайдасына берілген, заңды және жеке тұлғалардың өкілеттігі;

10) Уәкілетті тарап – оның пайдасына Қайтарып алынбайтын өкілеттік берілген адам;

11) борышкер – Қайтарып алынбайтын өкілеттікті берген әуе кемесінің пайдаланушысы немесе меншік иесі;

12) әуе кемесін тіркеуден шығару – Уәкілетті тараптың өтініші бойынша әуе кемесін Мемлекеттік тізілімнен шығару;

13) Халықаралық тіркелім – Кейптаун конвенциясына және Авиациялық хаттамаға сәйкес, кредиторлардың әуе кемелеріне құқықтарын тіркеу үшін құрылған халықаралық тіркеу қызметі;

14) тіркелген халықаралық кепілдік – Халықаралық тіркелімге ол туралы жазба енгізілген әуе кемесіне қатысты кредитордың тиісті құқығы;

15) Ұшқышсыз авиациялық жүйе – әуе кемесі және онымен байланысты бортта ұшқышсыз пайдаланылатын элементтер;

16) Қашықтықтан басқарылатын авиациялық жүйе (ҚБАЖ) – қашықтықтан басқарылатын әуе кемесі, онымен байланысты қашықтықтан басқару пунктері, қажетті басқару мен бақылау желілері және бекітілген үлгі жобасында көрсетілген кез келген басқа элементтері;

17) Қашықтықтан басқарылатын әуе кемесі (ҚБӘК) – қашықтықтан басқару пунктінен басқарылатын ұшқышсыз әуе кемесі;

18) Ұшқышсыз әуе кемесі – бортта ұшқышы жоқ кезде ұшуды орындауға арналған әуе кемесі;

19) Ұшқышсыз ұшу аппараты – бортында пилотсыз (экипажсыз) ұшуды орындайтын және ұшуда оператор басқару пунктінен автоматты түрде немесе көрсетілген тәсілдерді үйлестіре отырып басқаратын әуе кемесі.

7. Әуе кемелерiн тiркеудiң келесi тәртiбi белгiленедi:

1) өтiнiш берушiден азаматтық әуе кемесiн мемлекеттiк тiркеуге құжаттарды қабылдау;

2) толықтығын бағалау және ұсынылған құжаттардың құқықтық сараптамасы, оның ішінде әуе кемелерімен жасалатын мәмілелердің заңдылығын тексеру;

3) азаматтық әуе кемесi туралы мәлiметтердi Мемлекеттiк тiзiлiмге енгiзу және айырым белгiлердi тағайындау;

4) Мемлекеттiк тiркеу туралы куәлiктi, не дәлелді жазбаша бас тартуды ресiмдеу және өтiнiш берушiге беру.

8. Азаматтық әуе кемесiн мемлекеттiк тiркеу кезiнде өтiнiш берушi Азаматтық авиация комитетiне келесi құжаттарды ұсынады:

1) осы Қағиданың 1-қосымшасына сәйкес нысан бойынша өтiнiш;

2) азаматтық әуе кемесiн мемлекеттiк тiркеуге алым төленгенiн растайтын құжаттың көшiрмесi;

3) сату-сатып алу шартының көшірмесі, сот шешiмi немесе меншiк құқығын растайтын өзге де құжат;

4) жалдау, лизинг, мүлiктiк жалдау шартының көшірмесі, әуе кемесiн пайдалану құқығын растайтын өзге де құжат;

5) азаматтық әуе кемесiн қабылдау-тапсыру актiсінің көшiрмесi;

6) осы Қағиданың 2-қосымшасына сәйкес нысан бойынша азаматтық әуе кемелерiнiң техникалық жай-күйiн тексеру актiсi;

7) осы Қағиданың 3-қосымшасына сәйкес уәкілетті органның мемлекеттік инспекторы жасаған немесе жеңіл және аса жеңіл әуе кемелеріне әуе кемелерін пайдаланушыларды біріктіретін коммерциялық емес ұйымның азаматтық әуе кемесінің пайдалануға жарамдылығын бағалау актісінің көшірмесі;

8) азаматтық әуе кемесiнiң мемлекеттiк авиация тiзiлiмiнен немесе шет мемлекеттiң азаматтың әуе кемелерiнiң тiзiлiмiнен шыққанын растайтын құжаттың көшiрмесi (болған жағдайда);

9) ұшу жарамдылығының экспорттық сертификатының көшiрмесi (әуе кемесiмен ұшып келген жағдайда);

10) әуе кемесiн қайта жабдықтау туралы құжат (әуе кемесiнің тағайындалуы өзгерген жағдайда);

11) өндiрушi-зауытпен берiлген әуе кемесiнiң ұшуға жарамдылығы туралы уақытша куәлiгi (әуе кемесi өндiрушi-зауыттан сатып алған жағдайда);

12) әуе кемелерiн сертификаттауды жүзеге асыратын Азаматтық авиация комитетi немесе шетел мемлекетi, халықаралық азаматтың авиация ұйымы берген және Азаматтық авиация комитетi құптаған оның ұшу жарамдылығы нормаларына сәйкестiгiн куәландыратын типтiк сертификаты немесе оның балама құжатының көшiрмесi;

13) пайдаланушы сертификатының, авиациялық жұмыстарды орындауға құқық беретiн куәлiктiң немесе ұшуға құқық беретiн куәлiктiң көшiрмесi (бар болған жағдайда);

14) өтініш иесі - жеке тұлғаның жеке куәлiгiнiң көшірмесі немесе заңды тұлғаны мемлекеттiк тiркеу (қайта тіркеу) туралы Анықтаманың көшiрмесi;

15) әуе кемесінің кедендік рәсімдерден өткені туралы құжаттардың көшірмесі (ЕАЭО мүше елдерден басқа).

Жоғарыда көрсетiлген барлық құжаттардың көшiрмелерi өтiнiш берушiнiң қолымен және мөрімен (болған жағдайда) куәландырылады.»;

мынадай мазмұндағы 8-1-тармақпен толықтырылсын:

«8-1. Әуе кемесіне құқықты растау мыналар арқылы жүзеге асырылады:

1) меншік құқығын растайтын құжатты көрсету – бұл қолданыстағы сатып алу-сату шарты, түпкілікті және қайта қаралмайтын сот шешімі немесе кез келген басқа заңды құжат, ол арқылы қолданыстағы заңнамаға сәйкес әуе кемесіне меншік иелігі беріледі;

2) иелену мен пайдалануға арналған құжатты көрсету – бұл жалдау шарты, лизинг шарты, өтеусіз пайдалану шарты немесе басқа кез келген заңды құжат, ол арқылы қолданыстағы заңнамаға сәйкес әуе кемесін иелену мен пайдалану құқығы беріледі.»;

мынадай мазмұндағы 8-2-тармақпен толықтырылсын:

«8-2. 8-1-тармақта аталған құжаттар азаматтық авиация саласындағы уәкілетті органға түпнұсқада немесе нотариалды расталған көшірме түрінде мемлекеттік немесе орыс немесе ағылшын тілдерінде берілуі тиіс, не түпнұсқасы немесе расталған көшірмесімен бірге ресми аудармасы берілуі керек.»;

мынадай мазмұндағы 8-3-тармақпен толықтырылсын:

«8-3. Әуе кемесіне ортақ меншік құқығындағы үлесін осы меншіктің қатысушысы болып табылмайтын тұлғаға сатқан кезде, мемлекеттік тіркеу туралы өтінішке үлесін сатушы үлестік меншіктің қалған қатысушыларын жазбаша нысанда өз үлесін сату ниеті туралы, оның бағасы мен сатудың басқа шарттарын көрсетіп хабарлағанын растайтын құжаттар қоса беріледі.»;

мынадай мазмұндағы 8-4-тармақпен толықтырылсын:

«8-4. Мемлекеттік тіркеуге қарындашпен орындалған немесе тазартулары не қосып жазылған мәліметі, сызылған сөздері, басқа оларда айтылмаған түзетулері бар, сондай-ақ құжаттардың мазмұнын бір мағыналы түсіндіруге мүмкіндік бермейтін айтарлықтай бүлінулері бар құжаттар қабылдауға жатпайды.»;

мынадай мазмұндағы 8-5-тармақпен толықтырылсын:

«8-5. Мемлекеттік тіркеуге мынадай жағдайларда бас тартылады, егер:

1) әуе кемесі ұшуға жарамдылық талаптарына сәйкес келмесе;

2) әуе кемесіне құқықтарын мемлекеттік тіркеу туралы өтінішімен оған уәкілетті емес тұлға жүгінсе;

3) әуе кемелеріне құқықтарын мемлекеттік тіркеуге берілген нысан немесе құжаттардың мазмұны Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарына сәйкес келмесе;

4) әуе кемесіне белгілі шарттарымен шектелген (ауыртпалық түскен) құқықтары бар тұлға құжатты осы шарттарды көрсетпей жасаса.»;

мынадай мазмұндағы 11-1-тармақпен толықтырылсын:

«11-1. Мемлекеттік тіркеу кезінде жіберілген жазбалардағы техникалық қателіктер,, қате табылғаннан бастап немесе кез келген мүдделі тұлғадан жазбада жіберілген қате туралы жазбаша нысандағы өтінішті алғаннан кейін үш күндік мерзімде түзетіледі.»;

мынадай мазмұндағы 14-1-тармақпен толықтырылсын:

«14-1. Егер азаматтық авиация саласындағы уәкілетті орган алғашқы рет Мемлекеттік тізілімге жаңа үлгідегі әуе кемесін енгізген жағдайда, ол осы әуе кемесін шығарған мемлекетке оны Мемлекеттік тізілімге енгізгені туралы хабарлауы тиіс.»;

22-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«22) Мемлекеттік тізілімді жүргізу осы Қағидаларға 7-қосымшаға сәйкес нысан бойынша қағаз түрінде азаматтық авиация саласындағы уәкілетті органмен жүзеге асырылады. Егер тиісті қорғалған бағдарламалық өнім болған жағдайда Мемлекеттік тізілім қайталау мүмкіндігімен электронды тасығыштарда жүргізіледі. Егер қағаз және электронды тасығыштардағы жазбалар арасында сәйкессіздіктер болса қағаз тасығыштағы жазба басым болады.»;

мынадай мазмұндағы 22-1-тармақпен толықтырылсын:

«22-1. Мемлекеттік тізілімдегі мәліметтерді пайдалану, тәсілдер немесе нысанмен құқық иелерінің құқықтарына зиян және заңды мүдделеріне нұқсан келтірілген жағдайда Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жауапкершілікке тартылады.

26-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«26) Азаматтық әуе кемесінің ісі оны пайдалану мерзімі ішінде сақталады және оны Мемлекеттік тізілімнен шығарғаннан кейін бір жылдан соң белгіленген тәртіпте мұрағатқа тапсырылады. Одан қандай да бір құжаттарды не оның бөліктерін жоюға немесе алуға тыйым салынады.»;

35-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«35. Азаматтық әуе кемелерi келесi жағдайларда мемлекеттiк тiзiлiмнен шығарылады:

1) әуе кемесiн пайдаланудан алып тастау немесе шығару;

2) әуе кемесiн шет мемлекетке, шетелдiк жеке немесе заңды тұлғаға сату немесе беру;

3) азаматтық әуе кемесiн Қазақстан Республикасының азаматтық әуе кемелерi тiзiлiмiне немесе шет мемлекеттiң тiзiлiмiне тiркеу;

4) Бес жылдан артық мерзімде меншік иесімен және/немесе пайдаланушымен байланыс үзілген жағдайда жеңіл және өте жеңіл әуе кемелері үшін азаматтық авиация саласындағы уәкілеттік органның комиссиясымен, жеңіл және өте жеңіл әуе кемелерді пайдаланушыларды біріктіретін коммерциялық емес ұйымдардың қатысуымен тиісті шешім қабылданған;

5) Қайтарып алынбайтын өкілеттікті орындау;

6) әуе кемесінің меншік иесінің немесе оның өкілінің өтініші бойынша;

7) әуе кемесі бұзылған және қайта қалпына келтіруге жатпайды;

8) әуе кемесінің хабарсыз жоғалғаны жарияланған.»;

мынадай мазмұндағы 54, 55, 56, 57, 58, 59, 60, 61, 62 және 63 -тармақтармен толықтырылсын:

«54. Әуе кемелерінің құқығына қатысты заңды күшіне енген сот актілерінің көшірмесі үш күннің ішінде сот органдары азаматтық авиация саласындағы уәкілетті органға міндетті түрде ұсынуы қажет.

55. Әуе кемесіне тыйым салған органдар азаматтық авиация саласындағы уәкілеттік органға үш күннің ішінде тыйым салу туралы шешімнің куәландырылған көшірмесін және сол мерзімде тыйымнан алған жағдайда алып тастау туралы шешімнің көшірмесін ұсыну қажет.

56. Ұшқышсыз ұшу аппараттары пайдалану мақсатында меншік құқығын сатып алған кезден бастап азаматтық авиация салаларындағы уәкілетті органда есепке қоюға жатады.

Пайдалану мақсатында ұшқышсыз ұшу аппараттарын сатып алатын тұлғалар азаматтық авиация саласындағы уәкілетті органға есепке қою туралы өтінішпен жүгінеді.

Ең жоғарғы ұшу массасы 1,5 кг асатын қашықтықтан басқарылатын ұшу авиациялық жүйесін азаматтық авиация саласындағы уәкілеттік органда есепке алуға жатады.

57. Қашықтықтан басқарылатын ұшу авиациялық жүйесін есепке қою кезінде өтініш беруші осы Қағиданың 12-қосымшаға сәйкес нысанда өтініш және 13-қосымшаға сәйкес құжаттар тізімін ұсынады.

58. Қашықтықтан басқарылатын ұшу авиациялық жүйесінің меншік иесі өзгеруіне байланысты өтініш беруші осы Қағиданың 14-қосымшаға сәйкес нысанда өтініш және 15-қосымшаға сәйкес құжаттар тізімін ұсынады.

59. Қашықтықтан басқарылатын ұшу авиациялық жүйесінің түпнұсқасын алу үшін өтініш беруші осы Қағыданың 16-қосымшаға сәйкес нысанда өтініш және 17-қосымшаға сәйкес құжаттар тізімін ұсынады.

60. Қашықтықтан басқарылатын ұшу авиациялық жүйесін есептен шығарған жағдайда өтініш беруші осы Қағыданың 18-қосымшаға сәйкес нысанда өтініш және 19-қосымшаға сәйкес құжаттар тізімін ұсынады.

61. Өтініш иесі дұрыс емес мәліметтерді немесе құжаттардың толық емес топтамасын берген жағдайда, Азаматтық авиация комитеті қашықтықтан басқарылатын ұшу авиациялық жүйесін өтініш берілген күннен бастап 20 жұмыс күннің ішінде бас тарту себебін көрсете отырып жазбаша түрде есепке қоюдан бас тартады.

62. Анықталған жеткiлiксiздiктер түзетiлгеннен кейiн қашықтықтан басқарылатын ұшу авиациялық жүйесін есепке қою үшін өтініш беруші Азаматтық авиация комитетіне қайта жүгінеді.

63. Қашықтықтан басқарылатын ұшу авиациялық жүйесі туралы ұсынылған құжаттар белгiленген талаптарға сәйкес болған жағдайда өтініш берушіге осы Қағиданың 20-қосымшаға сәйкес нысан бойынша есепке қою туралы куәлік беріледі. Қажет болған жағдайда өтініш берушіге ағылшын тілінде есепке қою туралы куәлік беріледі.»;

3-қосымшаны осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;

4-қосымшаны осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;

5-қосымшаны осы бұйрыққа 3-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;

Осы бұйрыққа 4, 5, 6, 7, 8, 9, 10, 11, 12-қосымшаларға сәйкес 12, 13, 14, 15, 16, 17, 18, 19, 20-қосымшалармен толықтырылсын.

2. Қазақстан Республикасы Инвестициялар мен даму министрлігінің Азаматтық авиация комитетіне (Б.К. Сейдахметов):

1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

2) осы бұйрық мемлекеттік тіркеуден өткен күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның қазақ және орыс тілдеріндегі қағаз және электрондық түрдегі көшірмелерін ресми жариялау және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін «Республикалық құқықтық ақпарат орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;

3) осы бұйрық мемлекеттік тіркеуден өткен күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмелерін мерзімді баспа басылымдарына ресми жариялауға жіберуді;

4) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын;

5) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Заң департаментіне осы тармағының 1), 2), 3) және 4) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму вице-министріне жүктелсін.

4. Осы бұйрық оның алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Қазақстан Республикасының

Инвестициялар және даму министрі Ж. Қасымбек

Қазақстан Республикасы

Инвестициялар және даму министрінің

201_ жылғы «___» _________

№ _____ бұйрығына

1-қосымша            

Қазақстан Республикасы

азаматтық әуе кемелерін,

оларға арналған құқықтарды,

сондай-ақ оларға құқықты куәландыратын

құжаттар нысандарын мемлекеттік

тіркеу қағидаларына

3-қосымша
Нысан
Азаматтық әуе кемесінің пайдалануға жарамдылығы туралы бағалау актісі
«___» __________ 20___ жыл шығ. № _____ мемлекеттік инспекторымен

________________________________________________ өтініш берушінің хатына сәйкес

   (мекеме атауы немесе жеке тұлғаның Т.А.Ә.А.)

________________________________________________әуе кемесіне бағалау жүргізілді

(ӘК типі, сериялық (зауыттық) нөмірі, ӘК тағайындауы)

Азаматтық әуе кемелерін пайдалану жарамдылығы туралы бағалау актінің мәтіні


Қорытынды: Азаматтық әуе кемелерін пайдалану жарамдылығы туралы бағалау акті қорытындысының мәтіні
Мемлекеттік инспектор __________________ ____________________________
(Т.А.Ә.А.)             (қолы)
Актілеу күні

Сараптама актісімен таныстым:

Өтініш беруші (өтініш берушінің өкілі) ___________________ _________________
                                 (Т.А.Ә.А.)             (қолы)
Актімен таныстыру күні

Қазақстан Республикасы

Инвестициялар және даму министрінің

201_ жылғы «___» _________

№ _____ бұйрығына

2-қосымша            

Қазақстан Республикасы

азаматтық әуе кемелерін,

оларға арналған құқықтарды,

сондай-ақ оларға құқықты куәландыратын

құжаттар нысандарын мемлекеттік

тіркеу қағидаларына

4-қосымша
Нысан


ӘК тағайындауы

Назначение ВС






ӘК пайдаланушысы

Эксплуатант ВС



   

Наименование уполномоченного органа в сфере гражданской авиации

Республики Казахстан, адрес, телефон, e-mail, Интернет адрес



АЗАМАТТЫҚ ӘУЕ КЕМЕСІН МЕМЛЕКЕТТІК ТІРКЕУ ТУРАЛЫ
КУӘЛІК
СВИДЕТЕЛЬСТВО
О ГОСУДАРСТВЕННОЙ РЕГИСТРАЦИИ ГРАЖДАНСКОГО ВОЗДУШНОГО СУДНА


1. Мемлекеттік және
тіркеу айырым
белгілері

Государственный и


регистрационный
опознавательные
знаки

2. Әуе
кемесін дайындаушы және дайындаушының белгілеуі Изготовитель и обозначение
воздушного судна изготовителем

3. Азаматтық әуе
кемесінің сериялық
(зауыттық) нөмірі

Серийный (заводской)


номер гражданского
воздушного судна

   4. Меншік иесі:
      Собственник:
      5. Меншік иесінің мекен-жайы, телефоны, e-mail:
      Адрес собственника, телефон, e-mail:

      6. Осымен осы азаматтық әуе кемесінің Қазақстан Республикасының заңнамасына және Халықаралық азаматтық авиация туралы Конвенцияға (Чикаго, 1944 ж.) сәйкес Қазақстан Республикасының азаматтық әуе кемелерінің мемлекеттік тізіліміне енгізілгендігін куәландырылады.

      Настоящим удостоверяется, что данное гражданское воздушное судно занесено в Государственный реестр гражданских воздушных судов Республики Казахстан в соответствии с законодательством Республики Казахстан и Конвенцией о международной гражданской авиации (Чикаго, 1944 г.).

      7. Осы Куәлік тіркеу мақсатында берілген және азаматтық әуе кемесіне меншік құқығын куәландыратын құжат болып табылады.

     Данное Свидетельство выдано для целей регистрации и является документом, удостоверяющим право собственности на гражданское воздушное судно.

     


М.О.             Азаматтық авиация саласындағы уәкілетті органның лауазымды тұлғасы

М.П.             Должностное лицо уполномоченного органа в сфере гражданской авиации


                      

____________________________________


                        (Қолы, Т.А.Ә.А./подпись, Ф.И.О)      

Берілген күні:


Дата выдачи:


24-тік биттік код: XXXX XXXX XXXX XXXX XXXX XXXX

24-х битовый код:



Қазақстан Республикасы

Инвестициялар және даму министрінің

201_ жылғы «___» _________

№ _____ бұйрығына

3-қосымша            

Қазақстан Республикасы

азаматтық әуе кемелерін,

оларға арналған құқықтарды,

сондай-ақ оларға құқықты куәландыратын

құжаттар нысандарын мемлекеттік

тіркеу қағидаларына

5-қосымша
Нысан


ӘК тағайындауы

Designation of aircraft






ӘК пайдаланушысы

Operator of aircraft



   

Name of Civil Aviation Authority Republic of Kazakhstan

Address, telefone, e-mail, the Internet address

АЗАМАТТЫҚ ӘУЕ КЕМЕСІН МЕМЛЕКЕТТІК ТІРКЕУ ТУРАЛЫ
КУӘЛІК
CERTIFICATE
OF THE STATE REGISTRATION OF CIVIL AIRCRAFT


1. Мемлекеттік және
тіркеу айырым
белгілері

State identification


and registration
number

2. Әуе
кемесін дайындаушы және дайындаушының белгілеуі

Manufacturer and manufacturer’s designation of aircraft



3. Азаматтық әуе
кемесінің сериялық
(зауыттық) нөмірі

Manufacturer's serial number

for the aircraft


   4. Меншік иесі:
      Owner:
      5. Меншік иесінің мекен-жайы, телефоны, e-mail:
      Address of owner, telefony, e-mail:

      6. Осымен осы азаматтық әуе кемесінің Қазақстан Республикасының заңнамасына және Халықаралық азаматтық авиация туралы Конвенцияға (Чикаго, 1944 ж.) сәйкес Қазақстан Республикасының азаматтық әуе кемелерінің мемлекеттік тізіліміне енгізілгендігін куәландырылады.

     This is to certify that the aforementioned aircraft is duly registered in the State Civil Aircraft Registry of the Republic of Kazakhstan pursuant to Legislation of the Republic of Kazakhstan and the International Civil Aviation Convention (Chicago, 1944).

      7. Осы Куәлік тіркеу мақсатында берілген және азаматтық әуе кемесіне меншік құқығын куәландыратын құжат болып табылады.

     This Certificate is issued for the purpose of registration and is intended to certify ownership of the civil aircraft.
     

М.О.             Азаматтық авиация саласындағы уәкілетті органның лауазымды тұлғасы

М.П.             Official person Civil Aviation Authority
                      

___________________________________________


(Қолы, Т.А.Ә.А./Signature, name)      

  Берілген күні:


   Date of issue:

                     



24-тік биттік код: XXXX XXXX XXXX XXXX XXXX XXXX

24 bit code:



Қазақстан Республикасы

Инвестициялар және даму министрінің

201_ жылғы «___» _________

№ _____ бұйрығына

4-қосымша            

Қазақстан Республикасы

азаматтық әуе кемелерін,

оларға арналған құқықтарды,

сондай-ақ оларға құқықты куәландыратын

құжаттар нысандарын мемлекеттік

тіркеу қағидаларына

12-қосымша

Нысан
Қашықтықтан басқарылатын авиациялық жүйені есепке алу өтініші




1

Өтініш беруші туралы мәлімет:

1.1

Заңды/жеке тұлғаның Т.А.Ә.А. толық атауы




1.2

Жұмыс мекен-жайы







1.3

Индекс




1.4

Жұмыс/үй тел.




1.5

Ұялы тел.




1.6

Факс




1.8

Эл. мекен-жай




1.9

Өтініш берушінің БСН/ЖСН




1.10

Құжатты беру күні







2

Ұшқышсыз авиациялық жүйе туралы мәлімет

2.1

Бұрынғы есеп нөмірі




2.2

ҰАЖ өндіруші




2.3

ҰАЖ үлгісі




2.4

ҰАЖ өндіру күні




2.5

ҰАЖ сериалық нөмірі




2.6

ҰАЖ қозғалтқыш нөмірі




2.7

Максималды ұшу массасы




2.8

ҰАЖ типі, қозғалтқыш типі, ҰАЖ тағайындалуы:

ҰАЖ типі



Қозғалтқыш типі



Тағайындалуы



Ұшақ




Поршненді 1, 2, 3, 4




Коммерциялық




Тік ұшақ




Турбиналы винтті 1, 2, 3, 4….




жазу




Мульти роторлық




Турбореактивті 1, 2, 3, 4….




…….




…….




Электрлік 1, 2, 3, 4…..




…….




…….




Басқа (типі және нөмері)




…….




…….




…….




…….




2.9

ҰАЖ иесі




2.10

Пайдаланушы




2.11

Меншік құқығын дәлелдейтін құжат





Лауазымы (қолы) М.О. Т.А.Ә.А.

Қазақстан Республикасы

Инвестициялар және даму министрінің

201_ жылғы «___» _________

№ _____ бұйрығына

5-қосымша            

Қазақстан Республикасы

азаматтық әуе кемелерін,

оларға арналған құқықтарды,

сондай-ақ оларға құқықты куәландыратын

құжаттар нысандарын мемлекеттік

тіркеу қағидаларына



13-қосымша
Қашықтықтан басқарылатын авиациялық жүйені есепке енгізу үшін ұсынылатын құжаттар тізілімі




Құжат

Бары

1

ҚБАЖ типі мен тағайындауын, ҰҚ типі және сериялық №, қозғалтқыш типі және № және сыртқы ұшқыш станциясын көрсету арқылы үлгі бойынша өтініш;




2

Заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеуден өткізу туралы куәлік көшірмесі немесе жеке тұлғаның жеке куәлігінің көшірмесі;




3

Заңды тұлғаның жарғысы;




4

Алып сату келісімінің, сот шешімінің, меншің құқығын куәландыратын басқа да құжаттарының көшірмесі;




5

ҰАЖ сипаттамасымен өндіруші құжаттарының көшірмесі (максималды ұшу массасы, максималды жылдамдық, максималды ұшу биіктігі, максималды ұшу уақыты, басқару каналы, ұшу алшақтығы, басқару алшақтығы);




6

Басқару каналының жиілігі;




7

ҰАЖ мәлімет: ҰА, қозғалтқыштың және сыртқы ұшқыш жүйесінің (төлқұжат) типі және нөмірі;




8

Тип сертификатының немесе оған баламалы құжат көшірмесі (болған жағдайда);




9

ҰАЖ есептен шығару куәлігі ( егер ҰАЖ басқа мемлекеттің тізілімінде болған жағдайда)




10

ҰАЖ мемлекетке әкелуін растайтын құжаттар көшірмесі;




11

ҰАЖ әскери жабдықталмауы жөнінде құжат (егер ҰАЖ бұрын әскери тағайындауда болған жағдайда)




12

Оператордың жеке бас куәлігі, қолданыстағы лицензиясы




Қазақстан Республикасы

Инвестициялар және даму министрінің

201_ жылғы «___» _________

№ _____ бұйрығына

6-қосымша            

Қазақстан Республикасы

азаматтық әуе кемелерін,

оларға арналған құқықтарды,

сондай-ақ оларға құқықты куәландыратын

құжаттар нысандарын мемлекеттік

тіркеу қағидаларына

14-қосымша


Нысан
Қашықтықта басқарылатын авиациялық жүйенің меншік иесі ауысуы жағдайында есепке алу туралы өтініш


1

Өтініш беруші туралы мәлімет:

1.1

Заңды тұлғаның толық атауы/ жеке тұлғаның Т.А.Ә.А.




1.2

Жұмыс мекен-жайы







1.3

Индекс




1.4

Жұм/үй тел.




1.5

Ұялы тел.




1.6

Факс




1.8

Эл. мекен-жайы




1.9

БСН/ЖСН өтініші




1.10

Құжатты беру күні







2

Ұшқышсыз авияциялық жүйе (ҰАЖ) туралы мәлімет

2.1

Соңғы есептегі нөмірі




2.2

ҰАЖ өндіруші




2.3

ҰАЖ үлгісі




2.4

ҰАЖ шығарылу күні




2.5

ҰАЖ сериялық нөмірі




2.6

ҰАЖ қозғалтқыш нөмірі




2.7

Максималды ұшу массасы




2.8

ҰАЖ тағайындалуы (өзгеріс енгізілген жағдайда):




2.9

ҰАЖ иесі




2.10

Пайдаланушы




2.11

Меншік құқығын дәлелдейтін құжат





Лауазымы (қолы) М.О. Т.А.Ә.А.
Қазақстан Республикасы

Инвестициялар және даму министрінің

201_ жылғы «___» _________

№ _____ бұйрығына

7-қосымша            

Қазақстан Республикасы

азаматтық әуе кемелерін,

оларға арналған құқықтарды,

сондай-ақ оларға құқықты куәландыратын

құжаттар нысандарын мемлекеттік

тіркеу қағидаларына

15-қосымша




Қашықтықтан басқарылатын авиациялық жүйенің меншік иесі ауысу жағдайында есепке алу үшін ұсынылатын құжаттар тізімі




Құжат

Бары

1

ҰАЖ типі және тағайындалуы, ҰА типі және сериялық №, қозғалтқыш және сыртқы ұшқыш станциясының типі және № белгілеу нысаны бойынша өтініш;




2

Заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеуден өткізу туралы куәлік немесе жеке тұлғаның жеке куәлігінің көшірмесі;




3

Заңды тұлғаның жарғысы;




4

Алып сату келісімі, сот шешімі, меншік құқығын куәландыратын басқа да құжаттар көшірмесі;




5

Басқару каналынің жиілігі;




6

ҰАЖ деректер: ҰА, қозғалтқыш және сыртқы ұшқыш станциясы (төлқұжат) типі және нөмірі (төлқұжат),




7

ҰАЖ есепке қою туралы куәлік түпнұсқасы



Қазақстан Республикасы

Инвестициялар және даму министрінің

«___» _________ 201_ жылғы

№ _____ бұйрығына

8-қосымша            

Қазақстан Республикасы

азаматтық әуе кемелерін,

оларға арналған құқықтарды,

сондай-ақ оларға құқықты куәландыратын

құжаттар нысандарын мемлекеттік

тіркеу қағидаларына 16-қосымша


Нысан

Қашықтықтан басқарылатын авиациялық жүйенің түпнұсқасын беру туралы өтініш



1

Өтініш беруші туралы мәлімет:

1.1

Заңды тұлғаның толық атауы /жеке тұлғаның Т.А.Ә.А.




1.2

Жұмыс мекен-жайы







1.3

Индекс




1.4

Жұм/үй тел.




1.5

Ұялы тел.




1.6

Факс




1.8

Эл. мекен-жайы




1.9

Өтініш берушінің БСН/ЖСН




1.10

Құжатты беру күні







2

Ұшқышсыз авияциялық жүйе туралы мәлімет

2.1

Есепке алу номері




2.2

ҰАЖ үлгісі




2.3

ҰАЖ сериялық нөмірі




2.4

ҰАЖ қозғалтқыш нөмірі




2.5

Максималды ұшу массасы




2.6

ҰАЖ иесі




2.7

Пайдаланушы





Лауазымы (қолы) М.О. Т.А.Ә.А.
Қазақстан Республикасы

Инвестициялар және даму министрінің

201_ жылғы «___» _________

№ _____ бұйрығына

9-қосымша            

Қазақстан Республикасы

азаматтық әуе кемелерін,

оларға арналған құқықтарды,

сондай-ақ оларға құқықты куәландыратын

құжаттар нысандарын мемлекеттік

тіркеу қағидаларына

17-қосымша



Қашықтықтан басқарылатын авиациялық жүйесінің түпнұсқасын беру үшін ұсынылатын құжаттар тізімі




Құжат

Бары

1

ҰАЖ типі және тағайындалуы, ҰА типі және сериялық №, қозғалтқыш және сыртқы ұшқыш станциясының типі және № белгілеу нысаны бойынша өтініш




2

Жоғалуын дәлелдейтін құжат (жоғалған жағдайда)



Қазақстан Республикасы

Инвестициялар және даму министрінің

201_ жылғы «___» _________

№ _____ бұйрығына

10-қосымша            

Қазақстан Республикасы

азаматтық әуе кемелерін,

оларға арналған құқықтарды,

сондай-ақ оларға құқықты куәландыратын

құжаттар нысандарын мемлекеттік

тіркеу қағидаларына



18-қосымша
Нысан

Қашықтықтан басқарылатын авиациялық жүйесін есептен шығару туралы өтініш



1

Өтініш беруші туралы мәлімет:

1.1

Заңды тұлғаның толық атауы / жеке тұлғаның Т.А.Ә.А.




1.2

Жұмыс мекен-жайы







1.3

Индекс




1.4

Жұм/үй тел.




1.5

Ұялы тел.




1.6

Факс




1.8

Эл. мекен-жайы




1.9

Өтініш берушінің БСН/ЖСН




1.10

Құжатты беру күні







2

Ұшқышсыз авияциялық жүйе туралы мәлімет

2.1

Есепке алу номері




2.2

ҰАЖ үлгісі




2.3

ҰАЖ сериялық нөмірі




2.4

ҰАЖ қозғалтқыш нөмірі




2.5

Есептен шығару себебі




2.6

ҰАЖ иесі





Лауазымы (қолы) М.О. Т.А.Ә.А.
Қазақстан Республикасы

Инвестициялар және даму министрінің

201_ жылғы «___» _________

№ _____ бұйрығына

11-қосымша            

Қазақстан Республикасы

азаматтық әуе кемелерін,

оларға арналған құқықтарды,

сондай-ақ оларға құқықты куәландыратын

құжаттар нысандарын мемлекеттік

тіркеу қағидаларына

19-қосымша


Қашықтықтан басқарылатын авиациялық жүйені есептен шығару үшін ұсынылатын құжаттар тізімі





Құжат

Бары

1

ҰАЖ типі және тағайындалуы, ҰА типі және сериялық №, қозғалтқыш және сыртқы ұшқыш станциясының типі және № белгілеу нысаны бойынша өтініш;




2

Заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеуден өткізу туралы куәлік немесе жеке тұлғаның жеке куәлігінің көшірмесі;




3

Алып сату келісімі, сот шешімі, меншік құқығын куәландыратын басқа да құжаттар көшірмесі;




4

ҰАЖ жарамсыздығын растайтын құжат (в случае поломки);




5

ҰАЖ сипаттамасымен өндіруші құжаттарының көшірмесі (максималды ұшу массасы, максималды жылдамдық, максималды ұшу биіктігі, максималды ұшу уақыты, басқару каналы, ұшу алшақтығы, басқару алшақтығы);




6

ҰАЖ есепке алу куәлігінің түпнұсқасы;



Қазақстан Республикасы

Инвестициялар және даму министрінің

201_ жылғы «___» _________

№ _____ бұйрығына

12-қосымша            

Қазақстан Республикасы

азаматтық әуе кемелерін,

оларға арналған құқықтарды,

сондай-ақ оларға құқықты куәландыратын

құжаттар нысандарын мемлекеттік

тіркеу қағидаларына

20-қосымша
Нысан



Қазақстан Республикасы азаматтық авиация саласындағы уәкілетті органның атауы,

мекен-жайы, телефон,e-mail, ғаламтордағы мекен-жайы.






Наименование уполномоченного органа в сфере гражданской авиации

Республики Казахстан, адрес, телефон, e-mail, Интернет адрес






ҚАШЫҚТЫҚТАН БАСҚАРЫЛАТЫН АВИАЦИЯЛЫҚ ЖҮЙЕСІН ЕСЕПКЕ АЛУ ТУРАЛЫ КУӘЛІК
СВИДЕТЕЛЬСТВО О ПОСТАНОВКЕ НА УЧЁТ ДИСТАНЦИОННО ПИЛОТИРУЕМОЙ АВИАЦИОННОЙ СИСТЕМЫ




1. ҚҰАЖ үлгісі, моделі

Тип, модель ДПАС



2. Сериялық нөмірі, тағайындауы

Серийный номер, назначение



3. ҚҰАЖ дайындаушысы және оның реквизиттері

Изготовитель ДПАС и его реквизиты



4. ҚҰАЖ меншік иесі, адресі

Собственник ДПАС, адрес



5. ҚҰАЖ пайдаланушысы, адресі

Эксплуатант ДПАС, адрес



6. ҚҰАЖ негіздеудің орны

Место базирования ДПАС



7. ҚҰАЖ қолданушысының (пайдаланушысының) немесе қатысушылардың телефоны, ұялы телефоны, факсі, e-mail

Телефон, сотовый телефон, факс, e-mail пользователя (эксплуатанта) или участников ДПАС



8. ҚҰАЖ планерінің және қозғалтқышының нөмірі

Номер планера и двигателя ДПАС



9. ҚҰАЖ қолдану мақсаты

Цель применения ДПАС


     10. Осымен жоғарыда көрсетілген қашықтықтан ұшу авиациялық жүйесінің тиісті түрде Қазақстан Республикасының заңнамасына және Халықаралық азаматтық авиация туралы Конвенцияға (Чикаго, 1944 ж.) сәйкес есепке алынғандығын куәландырылады.

      Настоящим удостоверяется, что вышеупомянутое дистанционно пилотируемая авиационная система должным образом учтено в соответствии с законодательством Республики Казахстан и Конвенцией о международной гражданской авиации (Чикаго, 1944 г.).
Азаматтық авиация саласындағы уәкілетті органның лауазымды тұлғасы

Должностное лицо уполномоченного органа в сфере гражданской авиации


Место печати ____________________________________
                        (Қолы, аты-жөні/подпись, Ф.И.О)  Берілген күні:

Дата выдачи:






Достарыңызбен бөлісу:


©kzref.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет