Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі Павлодар мемлекеттік педагогикалық институты АҚпараттық хат павлодар мемлекеттік педагогикалық институты



жүктеу 60.17 Kb.
Дата09.09.2017
өлшемі60.17 Kb.

Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі Павлодар мемлекеттік педагогикалық институты
АҚПАРАТТЫҚ ХАТ
Павлодар мемлекеттік педагогикалық институты 2017 жылғы 21 қыркүйекте ПМПИ-дің 55 - жылдығына арналған «Жоғары педагогикалық мектепте инновациялық білім беру ортасын институцияландыру» атты халықаралық ғылыми-практикалық конференциясын өткізеді.
Аталған шараға білім беру мекемелерінің, Қазақстан Республикасының үкіметтік емес ұйымдарының басшылары мен қызметкерлері, сондай-ақ жақын және алыс шетелдердің білім және ғылым саласының өкілдері ғалымдары шақырылады.
Конференцияның мақсаты: жоғары педагогикалық мектептің инновациялық білім беру ортасын институционализацияландыру мәселелері мен болашағы талқыланатын болады.
ӨТЕТІН ОРНЫ
Халықаралық конференция жұмысы 2017 жылғы 21 қыркүйекте ПМПИ-дің бас оқу ғимаратының үлкен залында (Мир көшесі, 60-үй) өтеді.

Қатысушыларды тіркеу: сағат 9.00-10.00

Басталуы: сағат 10.00-де.
КОНФЕРЕНЦИЯНЫҢ НЕГІЗГІ БАҒЫТТАРЫ:


  1. Жоғары педагогикалық білім беру жүйесіндегі түрлендіру үрдістері.

  2. Түрлендіру үрдістері мәнмәтініндегі педагогикалық білім берудің мазмұны.

  3. Педагогикалық білім беру сапасын институцияландыру.




  1. Инновациялық-зерттеу ортаның институцияландыруы әлемдік ғылыми-білім беру нарығына кіру жағдайы іспеттес.




  1. Инновациялық білім беру моделі негізінде педагогикалық ЖОО дамуының басқару жүйесін жетілдіру.

Конференция шеңберінде пленарлық, секциялық отырыстар, «Білім беру жүйесінде жаңа педагогикалық және ақпараттық технологиялар» атты семинардың өткізілуі қарастырылады. Семинар тақырыптары оқу үдерістерінде инновациялық технологияларды пайдаланудың ғылыми-теориялық және әдістемелік негіздерінің өзекті мәселелерін қарастыруға арналған. Семинар қатысушыларына сертификат беріледі


Конференцияның жұмыс тілдері: қазақ, орыс, ағылшын.
Конференция жұмысының басталуына электрондық жинақ және ғылыми мақалалар шығару жоспарлануда.

Конференцияға қатысушыларға жинақтың PDF форматта электрондық нұсқасы электрондық мекен-жайы бойынша (сұрау бойынша конференцияға қатысушылардың) жіберіледі.

Мақала мен тіркеу формасы бір хатпен қағаз және электронды нұсқада жіберілуі тиіс.

Ұйымдастыру жарнасын (3000 теңге), семинарға қатысу жарнасын (3000 теңге) мына банк реквизиттері бойынша төлеуге болады (түбіртекте міндетті түрде конференцияның немесе семинардың аты көрсетілуі тиіс):

Конференцияға қатысу үшін материалдарды 2017 жылдың 10 тамызына дейін өтінімнің толтырылған тіркеу үлгісін, баяндамалар тезистерінің басылып шығарылған формаларын және электронды түрде мына мекенжайға жолдауларыңызды сұраймыз: 140002, Павлодар қаласы, Мир көшесі, 60-үй, 105 кабинет, ғылыми жұмысты ұйымдастыру бөліміне, тел.: 8 (7182) 65-16-12, conference_pgpi@mail.ru файлдың аты беріледі (А.Б. Искаков секция 1_мақала)
«Павлодар мемлекеттік педагогикалық институты» ШЖҚ РМК

БИН 040340005741

ИИК KZ609650000061536

АҚ «Forte Bank»


БИК IRTYKZKA ОКПО 40200973

КБЕ 16
Конференцияға келуге қатысты шығындар қатысушылардың есебінен жасалады.


Материалдарды ресімдеуге қойылатын талаптар:
1. Көлемі 5 беттен артық емес баяндама мәтіні MS WORD (6.0 және 7.0) редакторындағы электронды және қағаз түрінде тапсырылады.


  1. Мәтіннің техникалық безендірілуі: қарпі – Times New Roman; кегль – 14; жоларалық интервал – 1; ақ жолақты шеті: – сол жағы 3 см, жоғарғы, төменгі және оң жақтары 2 см.




  1. Парақтың үстіңгі бөлігінде және жол ортасында бас әріппен жазылған баяндама атауы (қалың бояулы қаріп), астынан бір интервалдан кейін автор(-лар) аты-жөні және тегі, оның астында жұмыс орны көрсетіледі, бос орыннан кейін 1,25 шегіндіріп, азат жолдан басталатын, көлденеңнен түзетілген мәтін беріледі.




  1. Сілтемелер мен әдебиеттер тізімі (5 атаудан кем емес) мақала мәтінінің соңында көрсетіледі. Мәтінде сілтемелері бар әдебиеттер ғана әдебиеттер тізіміне енеді. Мәтіндегі сілтемелер төртбұрыш жақшаларда көрсетіледі:қайнар көзі мен парақшасының реттік нөмірі (мысалы, [1, с. 134-135]) немесе жұмыс жасайтын Интернет-ресурс сілтемелері.




  1. Белгіленген мерзімнен кейін тапсырылған, талаптарға сай емес ресімделмеген материалдар қаралмайды және кері қайтарылмайды.



Әдебиеттер тізімі
1.Автор. Мақала атауы // Журнал атауы. – баспа жылы. – Т. 26. –№3). – бет (мысалы, С. 34 немесе С. 15–24).

2.Андреева С.А. Кітап атауы. – Баспа орны (мысалы, – М.): Баспа (мысалы, Ғылым), баспа жылы. – кітаптағы жалпы парақ саны (мысалы, 239 б.) немесе нақты парақша (мысалы, С. 67.)

3.Петров И.И. Диссертация атауы: дис. канд. пед. ғылым. – М.: Институт атауы, жылы. – бет саны.

4.С.Christopoulos, The transmission Line Modelling (TML) Metod, Piscataway, NJ: IEEE Press, 1995.


Мәтін ішіндегі сілтемелер төртбұрыш жақшаларда көрсетіледі: [1, л.1–1 об.] немесе [14, с. 43–45], егер мәтінде бірнеше ақпарат көздерін көрсету керек болса, олар жақшада нүктелі үтір арқылы көрсетіледі.: [2, с. 1; 19, с. 10–12].

Суреттер (ақ-қара түсті сапалы және 300 dpi кем емес ұлғайтылған нақты суреттер) жеке файлдармен беріледі. (.jpg немесе tif), атауында автор тегі және сурет нөмірі көрсетіледі.

Мақала мәтінінде, сонымен қатар, автор суретті орналастыруды жоспарлап отырған жерге жазуы тиіс:



  • Түрі («Сур.», «Кесте.» және т.б.) және реттік нөмірі араб сандарымен (№ белгісі қойылмайды);

  • Атауы;

  • Карталар мен сызбалар үшін – шартты белгілер, масштаб сипатталады.

Мітінде суреттер мен қосымшалар сілтемесі дөңгелек жақшаларда көрсетіледі: (2 сур), (1 қосым қарау). Егер мақалада қосымша болса, онда олар нөмірленген жіне тақырыбы аталған болуы қажет. Қосымша соңында міндетті түрде ақпарат көздерінің деректемелері көрсетіледі.. Егер мәтінде немесе ақпарат көздерінің және әдебиеттер тізімі қысқартылған болса, онда оларды мақала соңында арнайы қысқартылған тізімде толық жазу керек.

Көрсетілген мерзімнен кейін немесе талапқа сай рәсімделмеген материалдар, қарастырылмайды. Қателері бар материалдар, баспаға жіберілмейді.




Материалды ресімдеу үлгісі
Әлеуметтік әріптістік фактор ретінде өңірлік білім беру жүйесінің дамуы

А.Б. Искаков

ПМПИ, Павлодар қаласы
Баяндама мәтіні...
Тіркелу үлгісі

  1. Тегі, аты-жөні

  2. Ғылыми дәрежесі, ғылыми атағы

  3. Жұмыс орны, қызметі

  4. Мекенжайы, байланыс телефоны, факс

  5. Электрондық пошта

  6. Баяндаманың тақырыбы

  7. Секция атауы

6. Қонақ үйден орын алып қою қажеттілігі

ТІРКЕЛУ ҮЛГІСІ ЖЕКЕ ФАЙЛМЕН ЖІБЕРІЛЕДІ

(файлға А.Б. Искаков_Тіркелу үлгісі атауы беріледі)
Тіркелу үлгісі // Регистрационная форма


  1. Тегі, аты-жөні // Фамилия, имя, отчество _______________________

  2. Ғылыми дәрежесі, атағы // Ученая степень, звание________________

  3. Ұйым, лауазымы // Организация, должность ____________________

  4. Мекенжай // Адрес _____________________________________

  5. Телефон/факс ____________________________________________

  6. Баяндама // Тема _________________________________________

  7. Секция ___________________________________________________

  8. Шақыру қажеттілігі // Необходимость приглашения ______________


Достарыңызбен бөлісу:


©kzref.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет