Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі Тараз қаласы әкімдігінің білім бөлімінің «Дмитрий Карбышев атындағы №16 орта мектебі»



жүктеу 0.49 Mb.
бет1/3
Дата15.06.2018
өлшемі0.49 Mb.
  1   2   3





Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі

Тараз қаласы әкімдігінің білім бөлімінің

«Дмитрий Карбышев атындағы №16 орта мектебі»

коммуналдық мемлекеттік мекемесі
9 «А» сынып оқушысы

Тұрсынбекова Аякөз


«Компьютерлік желілердің түрлері»
Секциясы: информатика


Ғылыми жетекшісі: Мелдебекова Зарина

информатика пәнінің мұғалімі



Тараз
Мазмұны





Кіріспе ................................................................................................

3




Негізгі бөлім




1.

Есептеу тораптары ...........................................................................

4




1.1

Тораптың негізгі элементтері................................................

4




1.2

Қатынастық құралдар..............................................................

6




1.3

Есептеу тораптарының жіктелуі...........................................

14

2.

Компьютерлік желілердің түрлері .................................................

16

3.

Негізгі желінің топологиялары ........................................................

18

4.

Желілік техникалық құралдар.........................................................

24

5.

Желілік программалық құралдар...................................................

25

6.

Клиент – сервер технологиясы ........................................................

26

7.

Желілік технологиялар ....................................................................

28




7.1

Ethernet жергілікті есептеу торабы.....................................

28




7.2

Fast Ethernet технологиясы.....................................................

29




7.3

Gigabit Ethernet технологиясы ...............................................

33




7.4

Сақиналық архитектура технологиясы .................................

35




Қорытынды........................................................................................

37




Қолданылған әдебиеттер .................................................................

39



Кіріспе
ХХІ ғ. бас кезінде адамзаттың даму процесі информациялық қоғамның қалыптасуымен ерекшеленеді. Оның негізгі бағыты информация және өңдеу ұғымымен анықталады. Осыған байланысты бірінші кезекке қарапайым еңбек құндылығы мен табиғи байлықтар емес, білім құндылығы шығады. Информация мемлекеттің даму деңгейін анықтайтын стратегиялық ресурсқа айналып, ақпараттық мәдениетті қалыптастыру, яғни мәлімет өңдеу мен оны тасымалдау ісін атқару өркениетті дамудың қажетті шарты болып табылады.

Көптеген кәсіпорындар (банктер, мекемелер) тораптық шоғырланудың алғашқы кезеңін аяқтап екінші кезеңге, яғни торапаралық әрекеттесу жабдықтары негізінде бірлескен тораптар құру жолына көшіп отыр.

Компьютерлік желі дегеніміз – бір-бірімен мәлімет алмаса алатын, кем дегенде екі компьютердің байланыс құралдары көмегімен қарым-қатынас жасауына арналған ақпарат өңдеудің тармақталған жүйесі.

Басқаша айтқанда желі деп дербес компьютерлердің және де принтер, модем, факсимильдік аппарат тәрізді есептеу құрылғыларының бір-бірімен байланысқан жиынын айтады.

Желілер әрбір қызметкерге басқалармен мәлімет алмасып құрылғыларды ортақ пайдалануға, қашықта орналасқан қуатты компьютерлердегі мәліметтер базасымен қатынас құруға және тұтынушылармен тұрақты байланыс жасауға мүмкіндік береді.

Желі құрамына кіретін компьютерлер мынадай жұмыстар атқарады:

- желімен қатынас құруды ұйымдастыру;

- олардың арасында мәлімет алмасуды басқару;

- желі тұтынушыларына есептеу құрылғыларын пайдалануға беріп, оларға әртүрлі қызмет көрсету.

1 ЕСЕПТЕУ ТОРАПТАРЫ

1.1 Тораптың негізгі элементтері
Негізгі қатынастық үлгі құрайтын сыңарлардың (құрамдардың) ең кіші жиыны таратқыштан (жібергіштен), қабылдағыштан, тасымалдау ортасынан және хабардан тұрады.

Тартқыш пен қабылдағыш міндетін екі сөйлесіп тұрған адам да атқара алады, ал есептеу торабында тартқыш және қабылдағыш ретінде компьютер немесе басқа да электрондық жабдықтар бола алады.

Деректер тасымалдау ортасы немесе арнасы деп кәбілді телефон желісін немесе ауаны (эфирді) айтуға болады.

Хабар дегеніміз - таратқыш пен қабылдағыш арасында тасымалданатын ақпарат, жүйеде қабылданған тәртіп бойынша тасымалдануға дайындалған деректер. Хабардың құрамында, әдетте, бастамасы және аяқталу белгісі болады.

Есептеу машиналар (компьютерлер) торабының құрамына компьютерлерді және басқа да электрондық жабдықтарды (оларды бір-бірімен байланыстыратын) арнаға жалғауға (қосуға) арналған техникалық және программалық қамтамалар кіреді. Тораптағы басқа құрылғылармен әрекеттесетін құрылғыларды түйін, станция (бекет) немесе тораптық құрылғылар деп атайды.

Қарапайымдап айтқанда, торап екі түрлі компьютерлерден тұрады деуге болады: серверлер және жұмыс бекеттері. Сервер - өз қорын барлық пайдаланушылар мен құрылғыларға қолдануға беретін компьютер. Жұмыс бекеті - тораптың беретін мүмкіншіліктерін пайдаланатын жеке компьютерлер тобы.

Кез келген торап серверлер мен жұмыс бекеттеріне басқа қосымша аппаратурадан және программалық қамтамадан тұрады. Торап құрамына кірертін сервер мен жұмыс бекетіне тораптық карта (бейімдеуші) орнатылуы керек. Содан кейін есептеу машиналары бір-бірімен кәбілдік жүйе немесе басқа да деректер тасымалдау ортасы арқылы байланыстырылады. Компьютерді тасымалдау ортасына қосудың әр түрлі әдістері бар. Осылайша құрастырылған тораптың жұмыс істеу тиімділігі көбінесе онда қолданылатын тораптық программалық қамтамаға байланысты болады.

Сонымен, тораптың негізгі элементтерінің қатарына серверлер мен жұмыс бекеттері, тораптық карталар (бейімдеушілер) мен кәбілдер, тораптық операциялық жүйе кіреді.



Торап - кәбіл немесе басқа құралдар арқылы байланысқан және біраз жыбдықтарды (мәселен, баспа құрылғысын) бірлесіп пайдалануға және ақпарат алмастыруға мүмкіндік беретін программалық қамтаманы қолданатын бірнеше ЭЕМ тобы.

Есептеу тораптарының мүмкіндіктері:

- есептеу тораптары кез келген ақпарат қорына тез қатынас құруға мүмкіндік жасайды;

- лазерлік баспа құрылғылары, оптикалық сақтау құрылғылары сияқты қымбат шеткері құрылғыларды тиімді пайдалану (мысалы, әр машинаға жеке сатып алғанша, олардың біреуін ортақ қор ретінде пайдаланған үнемді);

- программалар мен деректерді орталықтандырып сақтау;

- деректерді қрғау және қауіпсіздендіру және т.б.



Ортақ қор. Бірнеше пайдаланушы немесе программа бірлесіп қолданатын тораптағы немесе жұмыс тобындағы кез келген құрылғы, файл, тізімдеме (каталог, directory, folder) немесе принтер. Бірлесіп пайдалантын қор.

Десте (Packet). Торап арқылы тасымалданатын деректерді сипаттайтын жалпы аталым. Құрамына мекен, деректер және тексеруші элементтер кіретін, біртұтас нәрсе ретінде тасымалданатын биттер (ақпарлар) тобы.

Дейтаграмма (Datagramma). Қабылдауыш компьютерге алдын ала ескертпей жіберілетін (тікелей байласу ұйымдастырмай-ақ) деректер бөлшегі, хабардың басқа дестелерінен тәуелсіз тасымалданатын десте. Әдетте дестелерді коммутациялау торабында қолданылады. Мәселен, ІР хаттамасы бойынша тасымалданатын деректер бірлігі осылай аталады.

Кадр (Frame). Арналық деңгейді басқару құралдары ұйымдастырған ақпарат арнасы арқылы бір тұтас нәрсе ретінде тасымалданатын деректер бірлігі. Кадр құрамына алушы мен жіберушінің мекені, деректер, бастау және аяқтама кіретін, толық қалыптастырылған десте. (1 – сурет).

1.1-сурет

1-сурет.
Түйін (Node). Біріншіден, есептеу торабына қосылатын жер (нүкте). Яғни, пайдаланушыға қызмет көрсетілетін немесе қатынастық арна қосылатын есептеу торабының орны. Екіншіден, торапқа қосылған құрылғы. Түйін деген аталым кейде жұмыс бекеті аталымының орнына қолданылады.

Түйін – компьютер (Host). Басқа есептеу машинасының файлдары мен деректеріне қатынас құруға мүмкіндік беру сияқты орталықтандырылған қызметтер атқаратын есептеу машинасы. Мысалы, Internet торабында – деректер тасымалдаудың бастапқы немесе шеткі нүктесінің міндетін атқаратын кез келген компьютер, яғни, Интернет торабымен тікелей байланысқан, өзіндік жәке адресі бар компьютер.

Деңгейлер мен хаттамалар жиыны тораптың архитектурасы (сәулеті) деп аталады. Есептеу торабының архитектурасы оның техникалық және программалық құралдар жиынтығының өзара әрекеттестігінің ұйымдастырылуын көрсетеді. Кез келген тораптың архитектурасына 3 түрлі құрылым кіреді: логикалық, физикалық және программалық.

Тораптың логикалық құрылымы тораптық қызметтердің құрамын және олардың арасындағы байланысты көрсетеді. Бұл қызметке мыналар жатады: пайдаланушылардың есебін шешуге арналған ақпараттық-есептеу қызметтері, терминалдар мен торап арасында өзара әрекеттестікті қамтамасыз ететін терминалдық қызмет; торапта деректер тасымалдау мәселесімен шұғылданатын қатынастық қызметтер; тораптың (әр түрлі ЭЕМ-нің әр түрлі операциялық жүйелерімен, деректер бөлшегінің пішімімен және тағы басқалармен әрекеттесуін қамтамасыздандыратын) интерфейстерін басқару; торапты басқару процедураларын жүзеге асыратын әкімшілік қызметтері және т.б.

Логикалық құрылымының элементтерін тораптың құралдары арқылы жүзеге асырылуын тораптың физикалық құрылымы көрсетеді. Тораптың физикалық құрылымының элементтері: ЭЕМ, абоненттік жүйелер, байланыс арнасы, деректер тасымалдау аппаратуралары және т.б.

Тораптың программалық құрылымы тораптық программалық қамтаманың сыңарларын және олардың арасындағы байланысты көрсетеді. Программалық қамтаманың құрамы тораптың логикалық құрылымымен (оның атқаратын қызметтерімен) анықталады. Тораптың программалық құрылымының негізгі элементтері: операциялық жүйелер, хаттамалар, қолданбалы программалар және т.б.


1.2 Қатынастық құралдар
Компьютерлерге файлдар мен хабарлар алмастыру, файл-сервердің тегеріштік кеңістігін қолдану, компьютер торабы арқылы дауыстық байланыс құру, бейнекескін қабылдау және т.б. түрде өтетін ақпарат алмастыруды орындауға мүмкіндік беретін құралдар.

Қатынастың негізгі техникалық құралдарына мыналар жатады: бейімдеуіш, коннектор, терминатор, трансивер, қайталауыш, шоғырлауыш, бағдарғылауыш, көпір, ретқақпа, көпір-бағдарғылауыш, коммутатор, модем және т.б.



Бейімдеуіш (Adapter) - компьютерді тасымалдау ортасымен байланыстыруға мүмкіндік беретін электрондық сұлба (құрылғы). Бұл құрылғы физикалық және арналық деңгейдің функцияларын іске асырады.

Біріктіру мақсатымен басқа құрылғылардың кірме және шықпа сигналдарының параметрлерін сәйкестендіруге арналған құрылғы. Бейімдеуші - тораптық карта (NIC – Network Interface Card) аталымының синонимі. Тораптық карта аналық тақшаның (main board) бос қуыс – орындарының біреуіне орнатылады. Аналық тақша мен тораптың карта арасында ақпарат алмастыру үшін PCI, VL-Bus, ISA, EISA және т.б. деректер құрсымы пайдаланылады.

Сөйтіп, тораптық карталар компьютерлер мен тораптың арасында жарастырғыш міндетін атқарады. Тораптық бейімдеуіштің картасы (хабарларды жібере және қабылдай отырып) тораптық программалық қамтамамен және есептеу машинасының операциялық жүйесімен бірлесіп істейді.

Дерек тасымалданған кезде хабар жіберуші мен қабылдаушының мекені белгілі болу керек. Физикалық немесе МАС-мекенінің алғашқы 3 байты бейімдеуішті жасап шығарушыны көрсетеді, ал қалған соңғы 3 байтта нақты тораптық картаның қайталанбайтын нөмері белгіленді. Мәселен, оңалтылық санау жүйесінде жазылған 00-40—05-21-D5-42, 00-40-05-21-D6-61, 00-00-1C-04-02-4F және т.б.

Тораптық карта ретінде, әдетте, Novell фирмасының бұйымы пайдаланылады. Сондықтан, NE-2000 (Novell Ethernet) үйлесімді карталар қазіргі уақыттағы ең көп тараған тораптық каратлар болып табылады.

Шеткері құрылғыларға арналған тораптық бейімдеуіштер болатынын айта кету керек. Мәселен, Hewlett-Packard фирмасының принтерлеріне арналған JetDirect тақшасы.

Бейімдеуішке деректер тасымалдау ортасын қосу үшін тораптық картада бірнеше ағытпа болуы мүмкін: BNC (жіңішке коаксиалды кәбіл үшін, 10 Base-2), AUI, DB-15 (жуан коаксиалды кәбіл үшін, 10 Base-5) немесе RJ-45 (есулі қоссым үшін).

Коннектор (Connector). BNC-T коннекторы жұмыс бекетін кәбілмен байланыстыру үшін керек. Т - коннектор тораптық тақшаға тікелей қосылады және мысалы, компьютерді 1010 Base-2 (жіңішке Ethernet) сегментіне қосу үшін пайдаланылады.

Терминатор. Бүлдіргіш (шағылысқан) сигналдардың пайда болмауы үшін дараараның шеттерінде орналасқан және кедергілерді келістіруге арналған құрылғы. Құрылмасы - дәнекерленген резисторы бар BNC- коннектор. Резистор кедергісінің мәні кәбілдің толқындық кедергісіне сәйкес келуі керек. Сегменттегі терминаторлардың біреуі жерге қосылады (бірақ осы шарттың міндетті түрде әр уақытта орындалуы талап етілмейді).

Сегмент - екі шеті терминатормен шектелген коаксиалды кәбіл үзіндісі. Стандарт бойынша, мәселен, 10 Base-5 торабындағы сегменттің ең үлкен ұзындығы 500 м, ал 10 Base-2 торабында - 185 м (м). Сегментке құрылғыларды екі түрлі тәсілмен қосуға болады: Т-коннектор немесе арнаулы сыртқы трансивер арқылы.

Шоғырлауыштың порты мен бейімдеуіштің арасындағы қос есулі өткізгіш те сегмент деп аталады. Әдетте оның ұзындығы 100 метрден артпайды.

Трансивер (Transceiver). Бейімдеуіш пен тораптық кәбілдің немесе екі сегменттің арасында деректер жеткізу үшін арналған қабылдауыш-тартқыш. Бұл құрылғының аты TRANSmiter (тартқыш) және receiver (қабылдағыш) сөздерінен құралған.

Мәселен, Ethernet жуан кәбіліне компьютер қосуға арналған қосымша құрылғы. Әрбір есептеу машинасына жеке-жеке кәбіл тарту қажеттілігінен айырады. Трансивер тораптық кәбілге тікелей қосылады, ал компьютерлер онымен ұзындығы 50 метрден аспайтын арнаулы (AUI) кәбіл арқылы байланысады.

Трансивер – тораптық бейімдеуіштің белгілі бір бөлігі. Оған мынадай қызметтер атқару жүктелген:


  • бір кәбілден екіншісіне деректер жіберу және қабылдау;

  • кәбілдегі қақтығыстарды анықтау;

  • кәбіл мен бейімдеуіштің қалған бөлігінің арасында электрлік айыруды жүзеге асыру;

  • бейімдеуіштің қате жұымысының теріс әрекеттерінен кәбілді сақтау.

10 Base-2 стандартында кәбілге қосылу үшін, әдетте, бейімдеуіште орналасқан ішкі трансивер және Т-коннектор, ал 10 Base-5 стандартында бейімдеуішке қосылу үшін жеке сыртқы трансивер және AUI - кәбіл қолданылады. 10 Base-F және 10Base-T стандарттарында, әдетте, ішкі трансивер пайдаланылады. Бірақ, 10Base-2, 10 Base-F және 10Base-T тораптары үшін AUI - портына тікелей немесе AUI – кәбілі арқылы қосуға болатын сыртқы трансивер де бар.

AUI (Attachment Unit Interface) кәбілінің ұзындығы 50 метрден аспайды және ол төрт есулі қоссымнан тұрады. AUI интерфейсіне қосылу үшін DB-15 ағытпасы пайдаланылады.



Қайталауыш (Repeater). Кәбілдің екі сегментінің арасына қосылатын және оның бір бөлігіндегі сигналдарды күшейтіп, бірақ олардың мазмұнын өзгертпей екінші бөлігіне тасымалдайтын құрылғы. Сонымен, қайталауыш - тораптағы сигналдың әлсіреп өшуін болдырмау үшін оны қайта күшейтіп әрі қарай жеткізетін құрылғы. Бұл құрылғы жергілікті есептей торабының ұзындығын ұзартуға және жұмыс бекеттерінің санын арттыруға мүмкіндік береді.

Қайталауыштың негізгі міндеті - электрлік сигналдарды бір сегменттен екіншісіне тасымалдау үшін алғашқы қалпына келтіру, басқаша айтқанда, бір портына келіп түскен деректерді қабылдап алып, оларды өзінің басқа порттарына жіберу. Қайталауыштың құрамына кәбіл сегменттеріне қосылған екі (немесе бірнеше) трансивер және өзіндік тактілік генераторы бар қайталау бөлшегі кіреді.

Қайталауыштар тораптағы сигналдардың таралуына кідіріс жасайды. Жүргізілген тексерулер Ethernet торабындағы сигналдардың таралу жолында төрттен артық қайталауыш, бестен көп сегмент болмауы керек және сегменттердің тек үшеуіне ғана құрылғылар жалғауға болады. Бұл нәтиже «5-4-3-2» ережесі деп аталады. Есептеу торабында қайталауыштар саны әрине төрттен көп болуы мүмкін: ережеде кез келген екі нүкте арасындағы қайталауыштар саны ескеріледі.

Бұл ереженің басқаша айтылуы: тораптағы кез келген екі компьютердің арасында 2-ден артық байлам болмауы керек. Байлам екі қайталауыштан және олардың арасындағы сымнан тұрады.



Шоғырлауыш (Concentrator). Бірнеше порты бар және бірнеше физикалық сегменттерді жалғастырып-қосатын қайталауыш (мультиплексор) жиі шоғырлауыш немесе хаб (hub) деп аталады. Бұл ұғым тораптың барлық сегменттерінің байланысы осы құрылғыда жиналғанын білдіреді. Басқаша аттары - жинақтауыш, үлестіргіш.

«Жұлдыз» тәрізді сызба-құрылымда байланыстырғыш (негізгі түрлендіргіш) рөлін орталық компьютер атқарған жағдайда, ол да осылай аталады. Мұндай тораптың жеке компьютерлері өзара байланыспай, олар бір-бірімен тек орталық контроллер немесе компьютер арқылы жалғастырылады.

Шоғырлауыш «Жұлдыз» тәрізді сызба-құрылымы бар есулі қоссым қолданылатын есептеу торабының орталық түйіні. Ол тасымалдау құрылғыларының сызба - құрылымдық, функционалдық және жылдамдық мүмкіндіктерін кеңейтеді. Әрбір компьютер оған ұзындығы 100 метрден аспайтын сегмент арқылы қосылады. Шоғырлауыштың 8 және одан да көп порты болады. Сондықтан оған соншама компьютер қосыла алады.

Түйіндер көппорттылық шоғырлауышпен есулі қоссым арқылы жалғасады. Оның бір жұбы (бейімдеуіштің Тх шықпасы) түйіннен (жұмыс бекетінен) шоғырлауышқа деректер жеткізу, ал екіншісі (бейімдеуіштің Rx шықпасы) - деректерді шоғырлауыштан түйінге жеткізу үшін пайдаланылады. Қайталауыш басқа түйіндердің біреуінен келген сигналдарды қабылдайды да одан кейін оларды синхронды түрде өзінің (сигнал қабылданған портынан басқа) барлық порттарына жібереді.

Шоғырлауыштар есулі қоссым негізінде құрылған, мысалы, 10 Base-TX немесе 100 Base-T4 тораптарында кеңінен қолданылады. Бірақ коаксиалды кәбіл негізінде жасалған 10 Base-2 және талшық-оптика негізінде жасалған 10 Base-F сияқты тораптарда да шоғырлауыш пайдаланылады. Көптеген 10Мбит/с жылдамдықты шоғырлауыштарда есулі қоссымға арналған (әдетте RJ-45 деп аталатын) ағытпамен қатар коаксиалды кәбілге арналған (BNC) немесе AUI бар болады.

Жұмыс бекеттерінің санына және олардың арасындағы кәбілдің ұзындығына байланысты шорғырлауыш белсенді және бейбелсенді болып екіге бөлінеді. Белсенді шоғырлауыштардың құрамында оған саны төрттен көп жұмыс бекетін қосуға болады. Оны әдетте жай үлестіргіш ретінде пайдаланылады.



Бағдарғылауыш (Router). Деректер тасымалдаудың оңтайлы жолын таңдау үшін арналған құрылғы (компьютер) және оның программалары. Бағдарғылауыштар тораптың сызба-құрылымы мен қалып-күйі, арналардың жұмыс істеу қабілеті және түйіндерге жету мүмкіндіктері сияқты ақпараттармен өзара алмасу жасап отырады.

Хабар жеткізу (деректер тасымалдау) үшін ең ыңғайлы, әрі тиімді бағытты, жолды таңдау үрдісі бағдарғылау (routing) деп аталады. Басқаша айтқанда, есептеу торабында бағдарғыны (маршрутты) таңдау. Сонымен, бағдарғылауыш тораптар арасында деректерді бағдарғылайды.

Әдетте, бағдарғылаушы бірдей хаттамалы, бірақ әр түрлі тораптық жабдықты есептеу тораптарын байланыстырады. Бірдей технологиялы тораптарды да байланыстыра алады, бірақ ол әр түрлі технологиялы (мәселен, Ethernet және Token Ring сияқты) тораптарда жиі қолданылады.

Көпірден айырмашылығы - бағдарлауышта өзінің меншікті тораптық мекені болады. Басқа торапқа деректер дестесін жіберу үшін компьютер оны аралық түйін ретінде пайдалана алады. Егер деректер оған арналып жіберілген бомаса, бағдарғылауыш еш уақытта қабылданған дестені сұрыптамайды.

Бірнеше тораптық картасы бар есептеу машинасында бір емес, бірнеше тораптық мекен болады. Бірақ екі бірдей тораптық карталы (мәселен, Ethernet) есептеу машинасының екі тораптық мекені болғанымен, ол (екі тораптың арасында директер алмастыра алса да) бағдарғылауыш бола алмайды.

Көпір (Bridge). Кейде бірнеше жергілікті есептеу тораптарын біріктіру қажет болады. Осындай мақсатты жүзеге асыру үшін арналған көпір деп аталатын арнаулы құрылғылар бар. Олар арналық деңгейде қызмет жасайды. Бұл құрылғылар тораптық және одан жоғарғы деңгейлердің дестелерінің бастамасына талдау жасамайды.

Көпір - аралық арашықтауды қолдана отырып бір тораптың кадрларын екіншісіне жіберу арқылы екі (сирек, бірнеше) жергілікті тораптың өзара байланысын қамтамасыз ететін құрылғы. Көпір кадрлы қабылдап алады, оны аралық жадысына көшіреді, кадр баратын мекенге талдау жасайды және егер кадр басқа тораптың түйініне бағытталған болса, онда оны сол торапқа жібереді.

Көпір мынадай жағдайларда қолданылады:


  • мекеменің көптеген бөлімдерінде өзінің жергілікті тораптары бар (мәселен университеттің факультеттерінде, лабораторияларында және т.б.). Белгілі бір уақытта осы мекеменің барлық ақпарат ағынын шоғырландыру қажеттігі туады. Сол кезде тораптарды өзара біріктіру керек болады;

  • бірнеше ғимаратты алып жатқан мекеменің әрбір ғимаратында тораптар болуы мүмкін. Оларды өзара біріктіру үшін көпірді пайдалануға болады;

  • жоғары жұмыстық жүктеме кезінде торап бірнеше торапшаға бөлінеді. Егер сегменттегі деректер ағынын екіншісінен айыру (кадрларды сүзбелеу) үшін көпір қажет;

  • біріктірілетін тораптардың ара-қашықтығы үлкен болған жағдайда көпірді қолдану керек болады;

  • тораптың белгілі бір нүктелерінде орналастырылған көпірлер бұзылған түйінділерді дер кезінде тораптан ажырата отырып, тораптың жұмыс істеу сенімділігін арттыруға мүмкіндік жасайды;

  • бір сегменттің ішінде тасымалданатын дестелерді басқа сегментке шығудан сақтайтын болғандықтан, көпір деректерді рұқсатсыз пайдалануға жол бермейді.

Көпірлер бірдей хаттамалы екі торапты байланыстыру үшін қолданылады.

Әдетте, физикалық торапта сегменттер ұзындығы мен түйіндер санына шектеу қойылады. Физикалық сегменттерді қайталауыштар арқылы бір-бірімен жалғастыруға болады. Бірақ қосылатын сегменттер саны шектеулі (мәселен, Ethernet торабында оның саны бестен аспауы керек). Осылайша қосылған физикалық сегменттер бір логикалық сегмент құрайды. Ал көпір болса осындай бірнеше логикалық сегменттерді біріктіруге мүмкіндік береді. Сөйтіп жоғарыда аталған шектеулер алынады.

Сонымен, көпір – бірнеше жергілікті тораптарды немесе бір торапқа кіретін, бірақ әр түрлі хаттама түрлерін пайдаланатын бірнеше сегменттерді біріктіретін торапаралық құрылғы.

Көпірдің міндеті - екі тораптағы осы көпір арқылы өтетін деректер дестесіне талдау жасау. Торап ішіндегі коспьютерлерге бағытталған дестелерге тимейді, ал қалғандарын басқа торапқа бұрып жібереді.

Жұмыс істеу ұстанымы көпірлер бірнеше түрге бөлінеді. Көпірдің бірінші түрінде хабарды жіберушіден бастап бағдарғылау (Source Routing) орындалады. Бұл көпірлерде жіберуші түйін дестеге оның бағдарғысы жайында ақпарат орналастырады. Былайша айтқанда, әрбір түйін дестелерді бағдарғылау міндетін атқаруы тиіс. Бұл әдісті ІВМ фирмасы Token Ring тораптарында қолдану үшін шығарған. Көпірдің келесі түрі айқын (мөлдір) көпірлер (Transparent Bridges) деп аталады. Ethernet торабында көбінесе осындай көпірлер кездеседі. Бұл көпірлер үшін торап арналық деңгейде қолданылатын құрылғылардың МАС-мекендерінің жиыны ретінде қолданылады. Әрбір жиын көпірдің нақты портымен байланысқан. Аралық жадына жазылып кадрды әрі қарай жіберу жайында шешім қабылдау кезінде, көпір осы мекендерді пайдаланады.

Айқын (мөлдір) көпірлер хабар жіберуші түйіннің де, оны қабылдаушының да мекенін қолданады. Хабар жіберушінің мекенін көпір өзінің құрылғылар мекенінің дерекқорын автоматтық түрде құру үшін пайдаланады. Бұл дерекқор (дерекхана) құрылғылар мекенінің жадуалы (кестесі) деп те аталады. Осы жадуалда түйін мекенінің көпірдің қайсы портына жататыны көрсетіледі. Көпірдің орындайтын барлық әрекеттері осы дерекқормен байланысты.

Көпір өзінің белгілі бір портынан кадрды қабылдаған кезде ол алдымен дестелерді жадыда сақтауға орналастырады. Содан кейін хабар жіберушінің мекенін мекендер дерекқорының элементтерімен салыстырады. Егер ондай мекен жоқ болса, онда оны дерекқорға қосады. Егер ондай мекен дерекқорда болса, оны екі түрлі жағдай болуы мүмкін: мекен жадуалда көрсетілген порттан немесе басқа порттан келді. Соңғы жағдайда дерекқор элементтері жаңартылады (порттың нөмірі өзгертіледі).

Көпір қабылдауыш түйіннің мекенін де қарап шығады. Осы мекенді көпір өзінің дерекқорындағы мекендермен салыстырады. Егер қабылдауыш пен жіберуші түйіндердің мекендері бір сегментке жататын болса, онда көпір бұл дестені арашық жадыдан өшіріп тастайды, әрі қарай ешқайда жібермейді.

Егер қабылдауыш түйіннің мекені дерекқорда болып бірақ (хабар жіберуші түйіннің мекенімен салыстырғанда) басқа сегментке жататын болса, онда көпір осы мекен өзінің қайсы портымен байланысты екенін анықтайды да, дестені осы портқа қарай жолдайды. Одан кейін, осы порт дестені өзі байланысқан сегменттің түйіндеріне жібереді.

Егер қабылдауыш түйіннің мекені дерекқорда жоқ болып шықса немесе бұл мекен кең таратымды мекен болса, онда көпір дестені өзінің барлық (осы хабар келген порттан басқа) портына қарай жолдайды. Сөйтіп, келген десте көпірмен байланысқан барлық сегменттерге жіберіледі.

Тораптарды көпірдің көмегімен біріктірудің бірнеше түрі бар. Ethernet тораптарында негізінде айқын (мөлдір) байланыстыру (ТВ – transparent bridging) кезедеседі. Token Ring тораптарында бағдарғы - жіберуші байланыстыру (SRB source – route bridging) деп аталатын түрі қолданылады. Көпірдің аралас Ethernet/ Token Ring тораптарда хабар тасымалдауға арналған трансляциялық (TLB – translational bridging) және бағдарғы - жіберуші айқын байланыстыру (SRТ source – route transporent bridging) деп аталынатын түрлері де бар.



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3


©kzref.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет