Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі Төлеби ауданы, «Ханарық жалпы орта білім беретін мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі Исатаева Диана



жүктеу 277.8 Kb.
Дата05.01.2018
өлшемі277.8 Kb.

Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі
Төлеби ауданы, «Ханарық жалпы орта білім беретін мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі


Исатаева Диана

10 - «А» сынып оқушысы

Тақырыбы: «Сайрамсу өзені суының

емдік қасиеті»

«Табиғат және экология»
Жетекшісі: Каратаев Адхам Ташланбекович
Оңтүстік Қазакстан облысы Төлеби ауданы «Ханарық жалпы орта білім беретін мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің 10 - "А" сынып оқушысы Исатаева Диананың «Сайрамсу өзені - суының емдік қасиеті» тақырыбы бойынша орындаған ғылыми - зерттеу жұмысына

Пікір

10 - "А" сынып оқушысы Исатаева Диананың жұмысында жергілікті жердің, яғни, Ханарық ауылының, экологиялық мәселелері қарастырылған. Жұмыс көлемі ауқымды зерттелген мәселелері ойға қонымды және нақты.

Оқушы тақырыпты дұрыс таңдай білген және орынды объект етіп алған. Диана өз жұмысында өзен суының кұрамын анықтау және емдік қасиетін болжау туралы оң шешім тапқан деп ойлаймын. Дегенмен бұл саланы тереңірек зерттеу өз жемісін берері сөзсіз. Оқушы бұл саланы зерттеуде көптеген ғылыми әдебиеттерді кеңінен қолдана білген. Ғылыми зерттеу жұмысы оқушының жергілікті метерологиялық станция мамандарымен бірге жұмыс атқарып, одан әрі өз жалғасын табады деп сенемін.


Мектеп директоры: Корганбаев Ю
Оңтүстік Қазакстан облысы Төлеби ауданы «Ханарық жалпы орта білім беретін мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің 10 - "А" сынып оқушысы Исатаева Диананың «Сайрамсу өзені - суының емдік қасиеті» тақырыбы бойынша орындаған ғылыми - зерттеу жұмысына
Пікір

10 - "А" сынып оқушысы Исатаева Диана жасаған жұмысында тұрғылықты жер - Ханарық ауылының экологиялық мәселелерін қарастырған. Жұмыс көлемі ауқымды қарастырылып, зерттелген мәселелер біршама нақты. Исатаева Диана әсіресе, ауылдың жақын ағып өтетін Сайрамсу өзенің дұрыс және орынды объект етіп алған. Өзен суының жылдық шығымын, өзен суының химиялық құрамын анықтаған.

Өзен суының химиялық құрамын 10 - "А" сынып оқушысы Исатаева Диана Оңтүстік Қазақстан облысы СЭСО да анықтаған.

Сондай-ақ өзен жағасындағы дәрілік өсімдіктерді анықтау, өзен балықтарын қорғау шаралары туралы мәселелерге дұрыс көңіл бөлген. Исатаева Диананың жұмысындағы ерекшеліктерінің бірі өзендегі емдік қасиеттерін қарастыру дұрыс шешімін тапқан. Дегенмен бұл саланы әлі де тереңірек қарастыру керек.

Ғылыми зерттеу жұмысында тағы бір ерекшелік оқушының жергілікті метерологиялық станция қызметкерлерімен бірге отырып ауа -райының өзгерісін бақылау туған жер табиғатын қорғаудағы негізгі бір іс- шара. Диана жұмыс барысында ғылыми және әдеби материлдарды жеткілікті көлемде пайдалана білген. Келешекте әрі қарай өз жалғасын табу керек.

«Ханарық жалпы орта білім беретін мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі тәрбие ісінің меңгерушісі, М.Әуезов атындағы ОҚМУ «Этнопедагогика» кафедрасы ізденуші-аспиранты: А.Усманов



АННОТАЦИЯ
Экология — адам баласының өмір сүруіне, тірі ағзалардың, өсімдіктердің, жануарлардың қоршаған ортамен қарым-қатынасын зерттеуге бағытталған ғылым. Осы бағыттағы ғылым мәселелеріне арналған ғылыми еңбегіме арқау етіп алынған Сайрамсу өзенінің жоғарғы жағында қорық боларлықтай біраз артықшылықтар бар: мүнда тек осы өңірге тән, әлі ешқандай кәсіптік мақсатқа пайдаланылмаған өсімдіктер мен жануарлар дүниесі тіршілік етеді.

Біздің жұмысымыздың негізгі міндет - мақсаты: Сайрамсу өзенінің табиғи ерекшеліктеріне көңіл аудару, Сайрамсу өзені - суының химиялық құрамын анықтау және емдік қасиетін болжау, табиғатты қорғауға үлес қосу.

Біздің жұмысымыз мына бағыттар бойынша жүргізіледі.


  1. Сайрамсу өзенінің табиғи ерекшеліктеріне көңіл аудару.

  2. Өзен балықтарына және өзен маңындағы өсімдіктерге қамқорлық жасау.

  3. Ауа - райын зерттейтін станция жұмысымен танысу.

  4. Сайрамсу өзені - суының химиялық құрамын анықтау

  5. Сайрамсу өзені-суының емдік қасиетін зерттеу.


АННОТАЦИЯ

Наше время выдвигает задачу формирования экологического мышления у самих широких слоев населения, а особенно у подрастающего поколения. Экология — это наука взаимоотношениях растительных и животных организмов и окружающей среды. Свою научную работу я посвятила к изучению особенности реки Сайрамсу и её прибережья. Верховые Сайрамсу обладает своеобразным животным и растительным миром. Здесь есть все предпосылки для создания заповедника.

Цель нашей работы:


  1. Обратить внимания общественности на природные богатства реки Сайрамсу.

  2. Определить и провести анализ химическому составу воды реки Сайрамсу.

  3. Прогнозировать лечебные свойства воды реки Сайрамсу.

  4. Внести свой вклад в охрану природы.

Наша работа ведется по таким направлениям:

  1. Обратить внимания на природные особенности реки Сайрамсу

  2. Бережное отношение к животному и растительному миру реки Сайрамсу

  3. Ознакомиться с работой метереологической станции

  4. Определить химический состав воды реки Сайрамсу

  5. Исследовать лечебное свойства воды реки Сайрамсу


ANNOTATION

Ecology - this science on interrelation plants and animals of organism and environment. In our time moveol proposition formation ecologic mentality widest of layer population but, especially, striplingly generation. Myself scientific works I used by studies feature Sayramsu river and her in shores. In uppermost Sayramsu enjoyed figuratively animals and plants of world. Here, to have all premises gore creation national park.

Aims of our works:


  1. Conversion heed societies in natural resources Sayramsu river.

  2. Determine and entrap analyst chemical complex waters of Sayramsu river.

  3. Explore a treaty attribute water of Sayramsu river.

  4. Enter its contribution in guard natural.

Our works studies in as follows forwards:

  1. Conversion heed in natural feature Sayramsu river.

  2. Inshore treatment by animals and plants of world Sayramsu river.

  3. Introduce from works meteorology station.

  4. Determine chemical complex waters of Sayramsu river.

  5. Explore a tritely attribute water of Sayramsu river.



М А 3 М Ұ Н Ы
І. Кіріспе.........................................................................................................

ІІ. Негізгі бөлім...............................................................................................



  1. Сайрамсу өзенінің жалпы сипаттамасы.............................................

  2. Өзен суының шығымын есептеу.........................................................

  3. Жергілікті метереологиялық станция қызметкерлерімен бірге жұмыс .............................................................................................................

  4. Сайрамсу өзенінің химиялық құрамы................................................

  5. Сайрамсу өзенінің емдік қасиеті.........................................................

IV. Қорытынды

V. Қолданылған әдебиеттер

КІРІСПЕ

Біздің көшіп - қонып жүріп өмір сүрген ата-бабамыздың өз денсаулығын сақтау үшін күнделікті тіршілігінен шығарған қағидасы - жер саулығы болғанда ғана адамның денсаулығының болатындығы үрпақтан-үрпаққа жеткізіп келеді.



Қазақ халқының өзін қоршаған ортаны яғни табиғатты қорғау мәселелерінде — жансыз деп өсімдікті жұлмау, жазықсыз деп тіршілік иесін өлтірмеу, т.б. болашақ ұрпағын тәрбиелеуде қоршаған ортаға қиянат жасауды тәрбиесіздік деп ұқтырады, тіпті дін жолында күнә болады деп түсіндіреді.

Қазақстан жеріндегі бүгінгі қалыптасып отырған экологиялық жағдай табиғатты сақтауда ешқандай іс-шара қолданылмаса, онда болашақта бұл жерде адамзат, жаңадан өмір сүреді дегенге сену қиын. Жер бетінен жандының жойылып кетпей өмір сүруі үшін ең әуелі адамзаттың алдында тұрған мақсаты - табиғат құбылыстарының заңдылықтарын меңгеру.

Біздің халқымыздың өмірі табиғатпен етене байланыста өткен. Сондықтан да жаратылыс әлемін қастерлеп киелі санаған, оған сүйіспеншілікпен қарап, қамқорлық жасап аялаған. Аспан денелеріне ерекше назар аударып, қастерлеген. Олай болса, экология — адам баласының өмір сүруіне, тірі ағзалардың, өсімдіктердің, жануарлардың қоршаған ортамен қарым-қатынасын зерттеуге бағытталған ғылым.

Біздің жүмысымыздың негізгі міндет - мақсаты: Сайрамсу өзенінің табиғи ерекшеліктеріне көңіл аудару, Сайрамсу өзені суының химиялық құрамын анықтау және емдік қасиетін болжау, табиғатты қорғауға үлес қосу.

Қазіргі таңда адамзат ауасын жұтып, суын ішіп отырған Табиғат-ананы қорғап, аялау барша жұрт үшін тіршілік қамы, табиғи қажеттілік. Сондықтан да жас ұрпақты айналадағы табиғи ортамен үнемі қарым-қатынаста болуға үйрету, олардың ұғымдарын қалыптастыру, табиғатқа деген жаңашырлыққа тәрбиелеу-мектептегі тәрбие ісінің өзекті тармақтарының бірі болып табылады.

Біздің жұмысымыз мына бағыттар бойынша жүргізіледі:



  1. Сайрамсу өзенінің табиғи ерекшеліктеріне көңіл аудару.

  2. Өзен балықтарына және өзен маңындағы өсімдіктерге қамқорлық жасау.

  3. Ауа — райын зерттейтін станция жұмысымен танысу.

  4. Сайрамсу өзені — суының химиялық құрамын анықтау.

  5. Сайрамсу өзені — суының емдік қасиетін зерттеу.


Сайрамсу өзенінің жалпы сипаттамасы. Сайрамсу — ең ірі өзендердің бірі. Өгем жотасындағы мұздықтардан басталып, Арыс өзеніне құяды. Ұзындығы 76 км, ені 20 м, суының тереңдігі 0,5 м кейде 2 м-ге дейін жететін ағыны қатты тау өзені, су жиналатын алабы 1060 км2. Мәртөбе ауылы тұсында өзеннен Қызылсу суару жүйесі, каналдар тартылған. Бөріжар саласы Бадам өзеніне құяды. Арнасы тік жарлы. Жауын-шашын, жер асты суымен толығады. Алабы жайылым. Суы егін, мал суаруға пайдаланылады. Өзен бойында  Қасқасу,  Тасарық,  Көксаяқ ауылдары орналасқан. Жер бедері егін шаруашылығымен және мал шаруашылығымен айналысуға қолайлы. Мұнда су түсінің өзгеріп түруы қызық-ақ; май айында көгілдір түсті болса, ал жаз айында, өзен тасыған кезде оның түсі сүт ақ бурыл болады.

Өзен аңғары терең, жарқабақты. Өзен табаны тасты және құмды. Өзен еріген қар және жаңбыр суымен қоректенеді. Өзен ағысының жылдамдығы 3,3 м/с. Өзен ағысының жылдамдығын бірнеше рет өлшеулер жүргізу арқылы, орташа ағыс жылдамдығын есептеп шығардық.



S

V = ------- мұндағы V - өзен ағысының жылдамдығы

t S - қалыпты ағып өткен жол

t - өзен ағысының жылдамдығы

10 м

V = --------- = 3,3 м/с

3 с

Өзен суының терендігін көпір үстінен бірнеше жерден өлшеу арқылы жалпы терендігін анықтадық.

h1=1.10 h2=1.20 h3=0.90 h4=2.00 h5=0.95

hорт=(һ12345) /5 = (1,10+1,20+0,90+2,00+0,95)/5 = 1.10


Өзен жағасы тасты және құмды.

Өзеннің жағалауында әр түрлі дәрілік өсімдіктер жиі кездеседі. Қазақстанда өсетін 6000-ға жуық өсімдік түрлерінің 500-і дәрілік өсімдіктерге жатады. Бұлардың 15-тен астам түрі өзен жағасында өседі. Мысалыға: итошаған, мыңжапырақ, қарандыз, жусан, өгейшөп, рауағаш, долана, итмұрын, киікоты, т.б. Бүлардың құрамында алкалоидтер, глюкозидтер, эфир майы, түрлі дәрумендер бар. Оларда түрлі микробтарды өлтіретін заттар түзіледі.

Мыңжапырақ - қан тоқтатуға, қабыну мен аллергияға қарсы әсер ететін болса жолжелкен кахырық түсіргіш дәрі болып табылады.

Өзен қатты ағысты болғандықтан балықтарға онша бай емес. Өзенде балықтардың аз ғана түрі тіршілік етеді. Соның ішінде шабақты, сазан мен карас балықтарын жиі кездестіруге болады.

Ауыл түрғындары өзен жағасына әр түрлі қоқыстарды тастайды. Жағалаудағы ағаштарды қырқып алған. Бұл туралы да ауылдық әкімшілікке ескертіп және ауыл тұрғындарына айттық.


Өзен аты

Ені, м

Тереңдігі

Жағасы

Мөлдірлігі

Ағыс жылдамдығы

Пайдалануы

Қорғау жөніндегі шаралар

Сайрамсу

20 м

1,10 м

Тік жар қабатты

Мөл-дір

3,3 м/с

Егін, мал суаруға және ауыз су ретінде пайдаланы-лады

Өзен жағасындағы әр түрлі қоқыстардан тазарту, ағаштарды сақтау, балықтарға қамқорлық жасау

Өзен суының жылдық шығымын есептеу.

Өзен суының жыл бойғы шығымына бақылау жүргізіп, оны анықтадық. Орташа есеппен ол төмендегідей нәтижелер берді:

Мамыр — маусым айлары аралығында судың ағыс жылдамдығы

2,00 - 2,5 м/с Шілде айында 2,7м/с Тамыз - қыркүйек айларында

1,2 — 1,7м/с Қазан айында 0,9м/с

Өзен суының мамыр айы мен қазан айы аралығындағы шығынын мынадай график арқылы көрсетуге болады:





Жұмыс барысы

Өзен суының шығымын өлшеу әр 10 күнде жүргізіледі: 21 — 31 қазан аралығы 2016 жыл.

Ауа райы: Ашық, бұлтты, тұман, жаңбыр, қар.

Жел: Жел жоқ, әлсіз, орташа, қатты.

Өзен: Қатты ағысты, толқынды, жылдам, тау өзені.

Шығыршықтың бастапқы жылдамдығы 1 м/с

Шығыршық көпір үстінен тасталды.

Өлшем көрсеткіштері

Басталуы: 16 сағ 10 минут Соңы: 17 сағ 05 минут



Бастапқы

өлшеу


шекаралары кодтары

Өлшемнің бастапқы арақашық тығы, м

Өлшем

терендігі



Тереңдігі, м

I

II

орташа




7,0

0,0

0,0

0,0

0,0




7,8

1,03

1,03

1,03

1,03




8,6

1,05

1,05

1,05

1,05




9,4

1,27

1,27

1,27

1,27




10,2

1,48

1,48

1,48

1,48




11,9

1,67

1,64

1,64

1,64




11,8

1,57

1,57

1,57

1,57




12,6

1,52

1,52

1,52

1,52




13,4

1,37

1,37

1,37

1,37




14,2

1,30

1,30

1,30

1,30




15,0

1,34

1,34

1,34

1,34




15,8

1,28

1,28

1,28

1,28




16.6

1,26

1,26

1,26

1,26




17,4

*

1,24

1,24

1,24

1,24




18,2

1,13

1,13

1,13

1,13




20,0

0,0

0,0

0,0

0,0

Су шығымын есептеу


Жылдамдық

вертикаль дарының

N


Орташа жылдамдық м/с

Жылдамдық

вертикаль-

дары

көлденең

қимасының

ауданы, м/с

Вертикальдар

арасындағы

шығын

м/с


Жылдамдық

вертикальда



Вертикальдар

аралығында









3,03

2,92

2,95

1

3,29

3,21

2,87

3,05

2

3,12

2,96

2,63

2,60

3

2,80

2,82

2,50

2,41

4

2,83

2,89

2,39

2,35

5

2,94

2,82

2,27

2,22

6

2,69

2,70

2,39

2,27

7

2,71

2,89

2,44

2,39

8

3,06

2,85

2,34

2,29

9

2,63

2,50

2,16

2,03




Метереологиялық станция қызметкерлерімен бірге

Температура, ылғалдылық, атмосфералық қысым ауа - райының негізгі элементтері. Күн жер бетін әр келкі қыздырғандықтан, жауын шашын түседі. Ауаның үнемі қозғалыста болуы ауа — райының өзгеруінің басты себебі. Ауа-райы неліктен озгереді, ауа-райын қалай болжауға болады? Ол үшін қандай құралдар керек? Бұл туралы жергілікті метереостанция қызметкерлерімен жолығып, олардың жұмысымен таныстық. Ондағы ауа-райын болжайтын құралдармен қалай жұмыс істеу керектігін көрдік. Мысалы: жел бағыты мен жылдамдығын анықтайтын флюгерді, жауын-шашын өлшегішті, қар қалындығын өлшейтін тақтайша құрлысы және олардың жүмысымен таныстық. Бұларды білу — жер бетіне түскен ылғал қорын анықтау, көктемгі тасқынды алдын-ала болжау және ауыл шаруашылығы үшін маңызы зор. Сонымен бірге бейімделуіне көңіл аударылды. Мысалы: құстардың төмендеп ұшуы, өсімдік гүлдерінің жапырақ алақандарының ашылып — жабылуы, иттердің жерге аунауы т.б. Осыларға сүйене отырып ауа-райының өзгерісін мынадай шартты белгілермен көрсетуге болады:




Бұлттылық

Жауын - шашаын

Желдің бағыты

Ашық

Жаңбыр

Солтүстік

Шамалы бұлтты

Қар

Оңтүстік

Орта бұлтты

Тұман

Батыс

Оқтын-оқтын

ашулы


Бұршақ

Шығыс

Тұтас бұлт

басуы


Қар қиыршығы

Солтүстік батыс




Шық







Көктайғақ







Бұрқасын





Метереостанциядағы күнделікті бакылау жүмыстары әр үш сағат сайын жүргізіледі ол арнайы бақылау кестесімен қортындыланады.



Бақылау өндірісінің кестесі

Астана уақыты

Метереологиялық мінездемелер

Атқарылатын жүмыстар

Сағат

Минут

2.23.2

5.8.05

14.17

20-32




Метереологиялық алаңды қарау. Ылғалдану құрамдарымен қондырғылардың

дүрыстығын тексеру

20.23.2

5.8.11.

06

4.17

40

Жел

Флюгер бойынша желдің бағыты мен жылдамдығын анықтау

5

41

Топырақтың беткі қабаты жағдайлары

Өндірістік бақылаулар

5

43-46

Қар жамылғысы

Өндірістік бақылаулар

20.8.07




Бұлттылық

температура




14.17




Топырақтың беткі қабаты




5.17

47

Жауын-шашын

Жауын-шашынды өлшейтін құралдар түтікшелерін ауыстыру. Плювиограф таспасындағы уақыт өзгерісін анықтау

20.23.85

49




Плювиограф таспасын ауыстыру

20.23.8

50

Ауаның ылғал-дылығы мен темтературасы

Өндірістік бақылау

12123.25 8.9

58

Ауа кысымы

Барометр бойынша өндірістік бақылаулар жүргізу. Уақыт өлшемі арнайы қағаздарға жазылады. Арнайы қағаздар әр дүйсембіде ауыстырылады.

6.18

00

Жауын-шашын

Жауын-шашын мөлшерін анықтау

Сайрамсу өзенінің химиялық қүрамы
Өзенде табиғи бастау — еріген қар мен жаңбыр бар. Сайрамсу суының шипалық маңызы зор. Бүған химиялық сапалық анализ жасау арқылы судың құрамында: О2, NО2 ,С12, Са, Ғе, Ғ2, I2 бар екені анықталды. Химиялық құрамы бар екенін Оңтүстік Казақстан облысы СЭСО —да анықтадық.


Сонымен қатар бұл жүмыстар Оңтүстік Қазақстан Мемлекеттік медициналық академиясының биохимия кафедрасының лабораториясында жүргізілді:
Са + Na2СОЗ СаСОЗ + 2Na

aқ түнба
Мg + К2СОЗ МgСO3 + 2К



aқ түнба

S + H2 H2S шіріген жүмыртқа иісі бөлінеді

I2 + AgNO3 → Ag I + INO3



Сайрамсу өзені — суының емдік қасиеті

Сайрамсу өзені суының химиялық құрамын анықтау арқылы Сайрамсу өзені суының емдік қасиетін аудандық аурухананың дәрігерлерімен келісе отырып, Сайрамсу суының әр түрлі жара ауруларына және экземаларға ем ретінде пайдалануға болатындығын анықтадық.

Бүл туралы ауыл ақсақалдарымен жолығып сауалнама, әңгіме жүргізілді. Олардың пікірі бойынша Сайрамсу өзені - суының емдік қасиеттері, қалай және қай уақытта пайдалану керектігі жөнінде мағлұмат алдық. Сол кісілердің айтуы бойынша қышымамен ауырып жатқан кісіге Сайрамсу суын қолданып, бақылау жүргіздік. Нәтижесінде 4-5 күн ішінде қышыманың кете бастағанын байқадық. Яғни Сайрамсу өзені - суының емдік қасиеті бар екенін іс жүзінде анықтадық.



Қорытынды

Табиғат адамзаттың тіршілік ететін ортасы, оның көптеген сұраныстарын қанағаттандыратын шикізат сөзі болып табылады. Табиғат - ананы қорғау адамзаттың парызы. Экологиялық тәрбие балалық шақтан басталуы тиіс. Баланың алғашқы қалыптасуы, көзқарасының, азаматтық санасының жүйеге түсуі экологиялық жауапкершілікті сезінуі мен бірге тәрбиеленуі керек. Оның бәрі табиғатқа қамқорлық, аяушылық, жауапкершілік сезімін оятады.

Сайрамсу өзенің жан-жақты зерттей келе өзен суы түрлі ауруларға шипа екенін білдік. Сайрамсу өзенінің емдік қасиетінің бар болуы табиғи заңдылық деп білемін.

"Ағаштың жемісін жеймін десең, түбіне балта шаппа" - демекші туған жеріміздің табиғатын аялап, оның заңдылықтарын меңгеруге тырысайық.

"Адам табиғатсыз тіршілік ете алмайды. Табиғат адамды кешірімді, мақсаткер, әрі сұлу жан етіп тәрбиелейді. Ол денсаулықтың, сергектіктің және жасампаздықтың қайнар жемісі".

П. И. Марлековский

Қолданылған әдебиеттер.


  1. А.Менжнова “Экологиялық тәрбие”

Бастауыш мектеп. Алматы 1999 жыл, 35 бет

  1. А. Ивашенко. А.Конистаутас. “Ақсу Джабағылы”

“Қайнар” 1988 жыл , 1 бет

  1. А.Николаев “Тіршілік химиясы”

Мектеп баспасы. Алматы 1986 жыл, 14 бет

  1. Е.Обаев. Парасат журналы

Алматы 1997 ж ыл, 11 — 13 бет

  1. Ә. Жумадилов. А.Бекенов. Х.Қыдырбаев.

“Қазақстан қорықтары”

“Қайнар” баспасы Алматы 1980 жыл, 83 бет



  1. А.А.Ивашенко “Қазақстанның өсімдіктер әлемі”

Алматы кітап 2004 жыл, 136-бет
Каталог: uploads -> doc -> 0822
doc -> Тест сынып Ұлы Отан соғысы нұсқа
doc -> Пєн атауы: Математика
doc -> Сабаќтыњ тарихы: ХІХ ѓасырдыњ 60-70 жылдарындаѓы ќазаќ халќыныњ отарлыќ езгіге ќарсы азаттыќ к‰ресі
doc -> 1 -сынып, аптасына сағат, барлығы 34 сағат Кіріспе (1 сағат)
doc -> Сабақтың тақырыбы: XVIII ғасырдың бірінші ширегіндегі Қазақ хандығының ішкі және сыртқы жағдайы Сабақтың мақсаты
doc -> Сабақтың тақырыбы: XVIII ғасырдың бірінші ширегіндегі Қазақ хандығының ішкі және сыртқы жағдайы
0822 -> Білім беру салалары: Таным Бөлімі: Орыс тілі Тақырыбы: Ойыншықтар. Біздің топ. Мақсаты
0822 -> Пєн Информатика сынып 8 К‰ні


Достарыңызбен бөлісу:


©kzref.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет