Алматыда жер сілкінісі кезінде қаладағы мектептердің бірінде мұғалімдердің оқушыларды сыртқа шығару сәті желіде қызу талқыланып жатыр. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Фото видеокадрдан алынған

Кеше, 4 наурызда қалада 5 балдық жер сілкінісі тіркелді. Тұрғындар сыртқа шығып, дүрбелеңнің басылғанын күтті.

Бұл кезде №35 гимназия коммуналдық мемлекеттік мекемесінің ұстаздары да қалыс қалмай, оқушыларын сыныптан шығарып, жазық жерде тұруларын қадағалаған. 

Видеода терезеден мұғалімдердің сырт киімін кимей шыққан оқушыларға олардың күртешелері мен сөмкелерін лақтырғанын көруге болады. Зілзала кезінде іште қалған мұғалімдердің бұл әрекеті желі оқырмандарын тәнті етті.

  • Жер сілкінісі кезінде университет пен мектеп ғимараты қауіпсіз болса, неліктен оқушыларды сабақтан босатты: ТЖД жауабы

  • "Бірінші саман кірпіш пен тастан салынған нысандар қирайды": Алматыдағы үйлердің қайсысы жер сілкінісіне төзімді

"Біздің мұғалімдер – батырлар", "Иә, ер мұғалімдер сыныпқа кіріп, біздің сырт киімдерімізді алып шықты. Ұстаздарымызға таңданып отырмын", “Мұғалімдер қабырғаға сүйеніп тұрды. Өздері қорқып тұрса да, бірінші оқушыларға көмектесті. Оқушылардың далаға шыққанына көзі жеткен соң барып өздері шықты", "Біздің мұғалімдер мектепке қайта кіріп, етігімізді, күртешемізді және телефонымызды алып шықты", "Ұстаздарға респект. “Кеме копитандары секілді кемені соңғы болып тастап шықты", "35 гимназия – ең күшті", "Өз өміріне қауіп төнсе де, бізді құтқарды" және "Алина Ғалымжанқызы осы гимназиядағы ең үздік педагог", – деп жазды TikTok желісінің оқырмандары.

Еске салайық, Алматылық сейсмолог Мұхтар Хайдаров афтершокты зерттеуді ұсынды. Әйтпесе қайғылы жағдай Түркиядағыдан да ауыр болуы мүмкін екенін айтты. Мұхтар Хайдаровтың айтуынша, жер сілкінісінен кейін дүмпулердің біртіндеп бәсеңдеуі идеалды сценарий болар еді, бірақ іс жүзінде бәрі басқаша болуы мүмкін. Маман сейсмикалық құбылыстардың дамуының үш ықтимал сценариін атады. Біріншісі қолайлы, дүмпулер біртіндеп жойыла бастайды. Екіншісі – өзін-өзі қамтамасыз ету, бұл ұзақ мерзімді қауіпті аймақтың қалыптасуына әкелуі мүмкін процесс. Үшіншісі қауіпті, афтершоктардың дамуы қатты жер сілкінісіне әкелуі мүмкін.

@ss_tangestani Учителя- наши герои❤️ #рекомендации #fypシ゚viral #казахстан #землетрясение #чп ♬ оригинальный звук — ___mood___music


Автор: Айгерим Жумабаева

Айгерим — опытный редактор с богатым опытом в изучении и письме о культуре и истории. Ее страсть к языкам и письму помогает создавать увлекательные тексты.