Қазақстан республикасының бiлiм және ғылым министрлiгi


Тұрақтылар, функциялар және өрнектер



жүктеу 1.8 Mb.
бет2/11
Дата22.10.2017
өлшемі1.8 Mb.
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11



5. Тұрақтылар, функциялар және өрнектер


SELECT кілттік сөзінен кейін кездесетін қайтарылатын мәндер тізімінде бағандар атауларынан басқа, тұрақтылар, функциялар және өрнектер болады.

Сандық мәліметтер үшін SQL төрт стандартты арифметикалық амалдарды (+, -, * және /) қайтарады, сонымен қатар, модуль бойынша бөлу не бүтінсандық бөлуден қалдық алу (%).

Transact SQL (+) операторы екі символдық жолды біріктіру үшін қолданылады.

SQL скалярлық функциялардың реті анықталған. Скалярлық функция литерал, баған не өрнек атауы болу мүмкін аргументтерді қабылдайды. Егер фукнцияда баған атауы берілсе, онда ол қалыптасқан кестедегі әр жолдың баған мәнінде қолданылады.

Үшінші кестеде SQL Server қамтамасыз ететін негізгі скалярлық функциялардың тізімі беріледі:

Кесте 3 – SQL Server-мен қамтамасыз етілетін функциялар


Типті алмастыру функциялары

Сипаттамасы


CAST (өрнек AS мәліметтер-типі (ұзындығы))

CAST (өрнек AS мәліметтер-типі (үтірден-кейінгі-мәндердің-дәлдігі))



Өрнекті берілген мәліметтер типіне және ұзындығына алмастырады. Ұзындық – бұл қажет емес аргумент, char, varchar, binary және varbinary типтері үшін аргумент мәні 1-ден 8000-ға дейін; nchar және nvarchar типтері үшін 1-ден 4000-ға дейін. Үнсіз келісім шарт бойынша ұзындығы 30-ға тең. Сандық мәліметтердің типтері үшін дәлдік пен үтірден кейінгі мәндердің саны беріледі.

CONVERT (мәліметтер-типі (ұзындығы), өрнек)

CONVERT (мәліметтер-типі (дәлдік, үтірден-кейінгі-таңбалар), өрнек)

CONVERT (мәліметтер-типі (ұзындығы), өрнек, күн мерзімі-стилі)


Символдық не сандық өрнектер үшін CONVERT функциясы CAST функциясына эквивалентті. datetime және smalldatetime типтес өрнектерді күн мерзімі-стилі типтес аргументіне алмастыру үшін анықталады.

STR (өрнек, ұзындығы, үтірден-кейінгі-таңбалар)

Сандық өрнекті көрсететін жолдық мән. Ұзындық және үтірден-кейінгі-таңбалар аргументтері қажет емес. Үнсіз келісім шарт бойынша ұзындық 10 нжәне 0-ге тең.

Жолдармен жұмыс істеу үшін қажет функциялар

Сипаттамасы


ASCII (жол)

ASCII бүтінсандық кодты қайтарады (0-255 диапазонында) берілген жолдың солға қарай тұрған символды.

CHAR (ASCII-код)

ASCII-кодқа сәйкес 0-255 диапазонында символды қайтарады. Бұл диапазонға жатпайтын мәндер үшін NULL қайтарады.

CHARINDEX (ішкі жол, жол)

CHARINDEX (ішкі жол, жол, бастапқы-орыны)



Жолдағы ішкі жолдың бастапқы орынын қайтарады. Жолдағы бірінші орында нөмірі 1 болады. Егер ішкі жол табылмаса, онда 0-ді қайтарады. Егер сонымен бірге бастапқы орынды берсек, онда ізденіс осы орыннан бастап ізделінеді.

DIFFERENCE (жол1, жол2)

0-ден (нашар сәйкестік) 4-ке дейін (жақсы сәйкестік) диапазонында SOUNDEX мәндерді салыстыру жолы арқылы алынған жолдық өрнектерден айырмашылығы болып келеді.

LEFT (жол, ұзындық)

Жолдың бірінші символдан бастап, берілген ұзындықпен ішкі жолды қайтарады.

LEN (жол)

Аяқталатын пробелдерді алмайтын, жолдың ұзындығын қайтарады.


LOWER (жол)

Жолды төмеңгі регистріне аударады.

LTRIM (жол)

Жолдан пробелдерді өшіреді.

NCHAR (код-Unicode)

0-65535 диапазонында Unicode-кодына сәйкес символды қайтарады. Осы диапазоннан тыс мәндер үшін NULL мәнін қайтарады.

PATINDEX (шаблон, жол)

Жолдағы шаблон бастапқы орынын қайтарады. Жолдағы бірінші орында нөмірі 1 болады. Егер шаблон табылмаса, онда 0-ді қайтарады. Егер шаблон жолдың басына не соңына сәйкес келмесе, онда ол % символынан басталуы керек. Жол аргументінде келесі мәліметтер типтері бар char, varchar, nchar, nvarchar не text.

QUOTENAME (жол, шектеу)

Жолды шектеумен бар SQL Server идентификаторы түрінде қайтарады. Шектеу-символы берілмеу де мүмкін. Ол болу мүмкін ‘, “, [ немесе ]. Егер шектеу берілмесе, онда жол квадрат жақшаларына алынады.

REPLACE (жол, ішкі жол, алмастырылатын-жол)

Жолдағы ішкі жолдың барлық кірістерін алмастырылатын жолға аумастырылады.

REPLICATE (жол, n)

n рет қайталанған жолды қайтарады.

REVERSE (жол)

Кері ретте құрастырылған символдардан тұратын жолды қайтарады.

RIGHT (жол, n)

Жолдың соңғы символдардан тұратын ішкі жолды қайтарады.

RTRIM (жол)

Аяқталатын пробелдерді жолдан өшіреді.

SOUNDEX (жол)

Жолдың дыбысын көрсететін төртсимволдық кодты қайтарады.

SPACE (n)

n пробелдерден тұратын жолды қайтарады. Егер n теріс болса, онда NULL қайтарады.

STUFF (жол1, бастапқы-орыны, ұзындығы, жол2)

Жол1-ден берілген ұзындықпен ішкі жолды бастапқы орыннан бастап өшіреді, содан кейін оның орнына жол2-ні қояды.

SUBSTRING (жол1, бастапқы-орыны, ұзындығы)

Жолға кіретін берілген ұзындықпен бастапқы орыннан ішкі жолды бастап қайтарады.

UNICODE (жол)

Unicode бүтінсандық кодты қайтарады (0-65535 диапазонында) жолдан солға қарай символға байланысты.

UPPER (жол)

Жолды жоғарғы регистріне аударады.

Математикалық функциялар

Сипаттамасы


ABS (өрнек)

Өрнектің абсолют мәні.

ACOS (өрнек)

Радианда өрнектің арккосинусы.

ASIN (өрнек)

Радианда өрнектің арксинусы.

ATAN (өрнек)

Радианда өрнектің арктангенсы.

ATN2 (өрнек1, өрнек2)

Радианда (өрнек1 / өрнек2) арктангенсы.

CEILING (өрнек)

Ең кіші бүтін сан өрнек.

COS (өрнек)

Радианда берілетін өрнек косинусы.

COT (өрнек)

Радианда берілетін өрнек котангенсі.

DEGREES (өрнек)

Радианда берілетін, бұрыштың градус өлшемі.

EXP (өрнек)

Экспонента; (е) негізгі натурал логарифм, дәрежеге алынған өрнек.

FLOOR (өрнек)

Ең үлкен бүтін сан өрнек.

LOG (өрнек)

Өрнектің натурал логарифмы (е негізі бойынша).

LOG10 (өрнек)

Өрнек логарифмы (10 негізі бойынша).

PI ()

3,1415926535897931 тұрақтысы.

POWER (өрнек1, өрнек2)

Өрнек1-ді өрнек2-ге дәрежеге алу нәтижесі.

RADIANS (өрнек)

Градуспен берілген бұрыштың радиандағы өлшемі.

RAND (бастапқы-мәні)

0 мен 1 арасындағы кездейсоқ сан. Бүтінсандық бастапқы мән берілмеу мүмкін.

ROUND (өрнек, дөңгелектеу)

Берілген дәлдікпен өрнек мәнін дөңгелектеу. Оң санды дөңгелектеу қандай таңбаға дейін амал орындалатынын анықтайды. Мысалы, ROUND (123.456, 2) 123.46 қайтарады, ал теріс дөңгелектеу солға таңбаны анықтайды. Мысалы, ROUND (123.456, -2) 100 қайтарады.

SIGN (өрнек)

–1 қайтарады, егер мән теріс болса; 0, егер нөлге тең болса; 1, егер оң болса.

SIN (өрнек)

Радианда берілетін өрнектің синусы.

SQUARE (өрнек)

Өрнектің квадраты.

SQRT (өрнек)

Өрнектің квадрат түбірі.

TAN (өрнек)

Радианда берілетін өрнектің тангенсы.

Күн мерзіммен және уақытпен жұмыс істеу функциялары

Сипаттамасы


DATEADD (күн мерзімнің-бөлігі, n, datetime)

datetime, осыған қоса күн мерзімнің бөліктерін қайтарады. Функциямен n параметрінің бүтін бөлігі қайтарылады.

DATEDIFF (күн мерзімнің-бөлігі, datetime1, datetime2)

datetime1 және datetime2 арасындағы күн мерзімнің бөлік санын қайтарады. Егер datetime1 datetime2-ден кіші болса, онда функция оң мәнді қайтарады, кері жағдайда – теріс. Егер осы параметрлердің мәндері бірдей болса, онда 0 қайтарылады.

DATENAME (күн мерзімнің-бөлігі, datetime)

datetime мәнімен белгіленетін жолды қайтарады. Тек ай мен апта күндерін анықтау үшін қолданылады. Ал басқа мәндер үшін DATEPART функциясымен анықталатын мәнді қайтарады.

DATEPART (күн мерзімнің-бөлігі, datetime)

datetime бөлігімен анықталатын бүтінсандық мәнді қайтарады.

DAY (datetime)

datetime (1-ден 31-ге дейін) берілетін ай күннің бүтінсандық нөмірін қайтарады.

GETDATE ()

CURRENT_TIMESTAMP



datetime типтес мән түрінде бүгінгі күн мен уақытты қайтарады.

GETUTCDATE ()

datetime типтес Гринвич бойынша уақытты қайтарады.

ISDATE (өрнек)

1 қайтарады, егер өрнек мүмкін болатын күн бар жолды қайтарса.

MONTH (datetime)

datetime параметрінде берілген айдың бүтінсандық нөмірін қайтарса (1-ден 12-ге дейін).

YEAR (datetime)

datetime параметрінде берілген жылдың нөмірін қайтарса (1753-тен 9999-ға дейін).

Қолданушы мен рөлдермен жұмыс істеу функциялары

Сипаттамасы


CURRENT_USER

SESSION_USER

USER


Ағымдағы инструкцияны орындайтын дерекқор қолданушының атауы.

IS_MEMBER (рөл)

1 қайтарады, егер ағымдағы қолданушы берілген рөлдің (не Windows топтың) мүшесі болса, кері жағдайда 0. Дұрыс берілмеген рөл үшін NULL қайтарады.

IS_SRVROLEMEMBER (серверлік-рөл, есеп-жазба) не

IS_SRVROLEMEMBER (серверлік_рөл)



1 қайтарады, егер есеп жазбасы берілген серверлік рөлдің мүшесі болса, кері жағдайда 0. Дұрыс берілмеген рөл үшін NULL қайтарады.

SUSER_SID (сервердің-есеп-жазбасы)

Сервердің берілген есеп жазбасын қорғаудың ішкі идентификаторы (SID).

SUSER_NAME (қорғау-идентификаторы)

(SID) қорғау идентификаторына сәйкес келетін есеп жазбасының аты.

SYSTEM_USER

Инструкцияны орындайтын қолданушының есеп жазбасының аты.

USER_ID (қолданушы-аты)

Дерекқордың берілген қолданушының идентификаторы.

USER_NAME (қолдауншы-идентификаторы)

Дерекқор қолданушының идентификаторына сәйкес қолданушы аты.

Каталог: ebook -> umkd
umkd -> Ќазаќстан республикасыныњ білім жєне ѓылым министірлігі
umkd -> Ќазаќстан Республикасы Білім жєне ѓылым министрлігі
umkd -> Бағдарламасы «Мектептегі атыс дайындығы»
umkd -> Семей мемлекеттік педагогикалыќ институты
umkd -> «Кәсіптік қазақ тілі» ПӘнінің ОҚУ-Әдістемелік кешені
umkd -> Ќазаќстан республикасыныѕ білім жјне єылым министірлігі
umkd -> Ќазаќстан республикасы
umkd -> «Инженерлік-технологиялыќ факультеттіњ»
umkd -> Ќазаќстан республикасыныњ білім жєне ѓылым министрлігі
umkd -> «Таңдап алған спорт түрінің техникалық, тактикалық және дене дайындығы» пәні бойынша


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11


©kzref.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет