Азақстан республикасының білім және ғылым министрлігі



жүктеу 104.51 Kb.
Дата29.08.2018
өлшемі104.51 Kb.
түріБағдарламасы


ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

Ақмола облысы Білім басқармасының «Ақкөл ауданы, Ақкөл қаласы,

№10 Агротехникалық колледжі» КММ
«Бекітемін»

«№10 АТК» КММ директоры

__________А.С. Дүйсекенов
___ ___________20___жыл

ЖҰМЫС ОҚУ БАҒДАРЛАМАСЫ

Қазақ тілі мен әдебиеті

____________________________________________

(пәннің атауы)


Фермерлік шаруашылығы

_________________________________________________

(мамандық атауы)

Ақкөл қ.


____ _______________ 20___ жылғы № ______

Қазақстан Республикасының білім және ғылым министрлігінің бұйрығымен бекітілген,пәндерің Типтік оқу бағдарламасына сәйкес құрастырылған

Оқытушы Сахова Н.Ж. әзірледі
____ __________________ 20___ жыл

Оқу – әдістемелік бірлестігінің отырысында қаралды

Хаттама № ____

_____ _______________ 20 ___ жыл


Төрайым Водопьян С.В.

Бағдарлама «Ақкөл қ. №10 Агротехникалық колледжі» КММ әдістемелік Кеңесімен қаралды және мақұлданды

хаттама № ____

20 ___ жылғы _____ _______________



Әдіскер Шупикова Л.М.

Мазмұны
бет.





1.

Түсінік хат ……………………………………...........

4

2.

Оқытудың жоспарланған нәтижелері ………………………........




3.

Тақырыптық жоспар ……………………………………………...




4.

Пән мазмұны мен дайындық деңгейіне талаптар...................... ..




5.

Әдебиет және оқу құралдарының тізімі.... ………………………





Түсінік хат

Осы оқу бағдарламасы «Негізгі ережелер. «Техникалық және кәсіптік білім» 04.05-2008 ГОСО Қазақстан Республикасының Мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартына сәйкес типтік бағдарлама негізінде жасалды».

Бұл түсінік хат бастауыш кәсіптік білім беретін «Фермерлік шаруашылығы», мамандығы бойынша курсты оқытудың болашақ-тақырыптық жоспар үлгілерінің жиынтығынан тұрады. Жасақталған болашақ-тақырыптық жоспарлар Қазақстан Республикасы бастауыш кәсіптік білім беру жүйесін мемлекеттік бағдарламасының талаптарына сай оқытылатын барлық материалдарды қамтиды. Курс бағдарламасында көрсетілген материалдарды меңгеру үшін мынадай мәселелерді қарастырады.

-шешендік өнер мен шешендік сөз туралы ұғым;

- Шешендік сөздің түрлері;

- шешендік сөздің негізгі белгілері;

-шешендік сөздің тілдік көркемдік белгілері;

-Шешендік сөздің көркем әдебиеттегі көрінісі;

-Ұлы тұлғалар

-Қазақ әдебиеті қайраткерлерінің өмірі мен шығармашылық қызметтері

Болашақ- тақырыптық жоспары оқушыларды қазақ тілінде еркін де сауатты оқуға, іс қағаздарын, ресми құжаттарды жаза білуге, тұрмыста, қоғамдық ортада еркін сөйлеуге үйретуге мүмкіндік береді. «Қазақ тіл мен әдебиеті» пәні Қазақстан мемлекетінің тәуелсіздігін, ұлтаралық татулық қарым-қатынасын нығайтуға , отаншылдық сезімін қалыптастыруға үлес қосады. Қазақ халқының тіліне , салт-дәстүріне, тарихына, мәдениетіне, тұрмыс-тіршілігіне, рухани қасиеттеріне құрмет сезімін оятады. Ұсынылып отырған курстың болашақ-тақырыптық жоспары /160сағ./ 1 курсқа оқытуға есептелген және келесі тақырыптар оқытылады:

-Кіріспе сабақ

-Сөз мәдениеті

-Іскерлік қарым-қатынас

-Іс қағаздары

-Шешендік сөз және сөз мәдениеті

-Пікірталас мәдениеті

-ХІХ ғасырдың басындағы әдебиет

-ХХ ғасырдың басындағы әдебиет

-Ел тарихы

-Тәуелсіз Қазақстан

-Қазақ халқының ақын-жазушылары

-Ұлы адамдар өмірінен

-Өнер иелері

-Кәсіби тіл дамыту сабақтары

-Жазба жұмыстары

-Тіл ұстарту

Оқу мақсаты: қазақ халқының сан ғасырлық тарихын, дәстүрін, өнерін, әдебиеті мен мәдениетін ұлттық құндылық ретінде бағалап, құрметтей білетін, көркем шығармада бейнеленетін қоғамдық-әлеуметтік құбылысты көркемдік тұрғыда қабылдауға қажетті білім, білік, дағдыларын меңгерген, әдебиетті өмірмен байланыстыра қабылдай алатын, қазіргі білім беру жүйесіндегі талаптарға сәйкес өзіндік белсенділік көрсете алатын, азаматтық көзқарасы айқын, адамгершілік, елжандылық қасиеттерді бойына жинақтаған интеллектуалдық әлеуеті жоғары дара тұлға тәрбиелеу.

Курстың міндеттері:

1) әдебиеттің ұлттық ерекшелігін, көркем шығармалардағы әдет-ғұрып, салт-дәстүрдің бейнеленуін, көркем туындының идеялық мазмұнын ұғындыру;



  1. оқушыларға әдебиеттің өнердің бір түрі екендігін танытып, әдеби білім мазмұнын жүйелі меңгеруді ұйымдастыру;

3) көркем шығарма арқылы оқушылардың санасына көркем сөз құдiретiн, эстетикалық, танымдық тәрбиенi сiңiру;

4) оқушылардың көркем шығарма оқу әрекеттерін, образбен ойлау қабілеттерін өзіндік ізденіс шығармаларымен жетілдіріп, олардың сөз өнерін рухани құндылық ретінде қабылдауына мүмкіндік туғызу;

5) ойын еркін, шешен жеткізе алу, әдеби-теориялық білімін жазба жұмыстарда сауатты қолдана алу біліктілігін қалыптастыру.

Оқытудың жоспарланған нәтижелері

«Қазақ тілі және әдебиеті» курсы бағдарламасының басты міндеті – оқушыларды қазақ тілінің болашақ басты тұтынушылары ретінде қалыптастыру және олардың отаншылдық сезімдеріне мемлекеттік тіл арқылы жол ашу; ата-аналар әлеуетін оқу үдерісіне жұмылдыру; орыс тілді аудиторияларда қазақ тілін оқытудың жаңаша шешімдерін іздестіру мен әзірлеу; қазақ дәстүрін жас ұрпаққа сіңіруге үлес қосу.

Оқытудың жаңа технологиялық әдіс-тәсілдерін қолдана отырып, оқушылардың жеке белсенділігін арттыру,

 І. Танымдық бағыт бойынша:



1. Оқушының дүниетанымын қалыптастыру;

2. Тілдің қоғамдық маңызын, ана тілінің бүгінгі таңдағы әлеуметтік ролін ұғындыру;

3. Оқушылардың логикалық ойлауын жетілдіру, шығармашылық қабілеттерін арттыру;

ІІ. Практикалық бағыт бойынша:

1. Оқушының тілдік сауаттылығын арттыру;

2. Тіл нормаларын меңгерту;

3. Тіл мәдениетін жетілдіру;

4. Тыңдау мәдениетін дамыту.

Қазақ әдебиеті пәні бойынша оқытудың басты міндеттері:

1.Оқушылардың рухани – адамгершілік қасиетін байыту;

2. Оқырмандық мәдениетін қалыптастыру;

3. Ойын еркін, шешен жетілдіруге баулу.

 

Тақырыптық жоспар

Қазақ тілі мен әдебиеті

1-курс -160 сағат (Мг-16тобы)




№№

р.с.


Тараулар мен тақырыптар атауы

Оқу жоспары бойынша сағаттар

Барлығы

Теориялық оқу

Практикалық оқу

1

Сөз мәдениеті

16

14

2

2

Іскерлік қарым-қатынас

6

6




3

Іс қағаздары

14

12

2

4

Шешендік сөз және сөз мәдениеті

24

22

2

5

Пікірталас мәдениеті

6

6




6

ХІХ ғасырдың бірінші жартысындағы қазақ әдебиеті

12

10

2

7

ХІХ ғасырдың екінші жартысындағы қазақ әдебиеті

16

16




8

ХХ ғасырдың бас кезіндегі әдебиет

66

58

8

Жалпы:

160









Пән мазмұны

Кіріспе.

1 Тарау Сөз мәдениеті. Тіл-ұлттық белгі, халықтық мұра. Қарым – қатынас және сөз мәдениеті.

2 Тарау Іскерлік қарым-қатынас. Іскерлік қарым-қатынас және ондағы сөз әдебі.

3 Тарау Іс қағаздары. Өтініш, арыз, олардың өзіндік тіл ерекшеліктері.

4 Тарау. Шешендік сөз және сөз мәдениеті.

5 Тарау. Пікірталас мәдениеті.

6 Тарау. ХІХ ғасырдың бірінші жартысындағы қазақ әдебиеті.

7 Тарау. ХІХ ғасырдың екінші жартысындағы қазақ әдебиеті.

8 Тарау. ХХ ғасырдың бас кезіндегі әдебиет.




Дайындық деңгейіне қойылатын талаптар

әдеби шығармаларды ұлттық құндылық ретінде ұғынып, ХХ ғасыр және қазіргі заман әдебиеті үлгілерін біледі;


әдебиеттің дамуы, оның ерекшеліктері және ақын-жазушылар туралы мәліметтермен жұмыс істей алады; 


ақын-жазушылардың шығармашылық өмірбаяны мен шығармашылығы арасындағы байланысты аңғарады; 

көркем шығарманың негізгі мазмұнын, идеялық-тақырыптық мәнін айқындай алады; 

шығарманың көркемдік ерекшеліктерін түсінеді; 

әдебиеттің өнер түрлерімен (бейнелеу, сәулет, саз, мүсін, театр, кино т.б.) байланысын түсіндіреді;

көркем шығармадағы негізгі ойды анықтай алады;

эпикалық, лирикалық және драмалық туындылардағы басты кейіпкер келбетін таниды; 

шығармадағы авторлық көзқарасты айқындай алады;

оқыған көркем туынды бойынша шығармашылық жазба жұмыстарын орындайды;

қосымша оқуға ұсынылатын шығармаларды өздігінен оқып талдайды; 

көркем шығармалар негізінде қазақ халқының мәдениетін, тарихын, салт-дәстүрін, мінез-құлқын, адамгершілік құндылықтарын жүйелі аңғарады; 

берілген мәтіндерді баяндалу тәсіліне қарай жүйелі жеткізе алады;

әдеби білімдерін ауызша және жазбаша жеткізеді;

әдебиеттің өзге ғылымдармен (тіл, философия, тарих, қоғамтану, психология, әлеуметтану, мәдениеттану, жаратылыстану т.б.) сабақтастығын ұғынады;

шығарманың құрылымын талдау дағдыларын меңгереді;

прозалық және өлең туындыларын мәнерлеп оқып, көркем әңгімелей алады;

көркем бейнелі сөздерді орынды қолданып, жазба жұмыстарын (эссе, шағын шығарма жазу т.б.) орындай алады;

өз бетінше қазақ тілінде оқырмандық әрекеттерді орындай алады;



- ауызекі және жазба тілді;
-буын және дыбыс үндестігін;
-мәтін құрлымы мен түрлерін;
-сөйлемнің тұрлаулы, тұрлаусыз мүшелерін және біріңғай мүшелерді;
-сөз тіркесін;
-синоним, антоним, омонимдерді;
- күрделі сөздерді, олардың түрлерін;
- сөз таптары мен олардың түрлену жүйесін;
- жай сөйлемге ситаксистік талдау жасайды;
- жай сөйлемді құрмаласқа айландырады;
- мәтіннен қыстырма сөздерді табады;
- сөз таптарын ажыратады, талдайды және олармен мәтін құрауға дағдыланады;
- қоршаған орта мен мақсатқа сәйкес диалог, монолог құра алады;
- түрлі жағдаяттарда әңгімелеседі, пікірлеседі , өз ойын түсінікті етіп жеткізеді;
- өздеріне таныс заттарды салыстырады, сипаттайды;
- берілген мәтінге жоспар жасайды;


Әдебиет және оқу құралдарының тізімі
Негізгі әдебиет: Қазақ әдебиетінің тарихы. «Фолиант» баспасы, Астана-2011.

Салыстырмалы грамматика. «Фолиант» баспасы, Астана-2012. Қазақ әдебиеті «Арман-ПВ» 2007. Қазақ тілі «Мектеп» баспасы, 10-11 сыныптар.

Қазақ әдебиеті. І бөлім, «Фолиант»баспасы Астана- 2011ж.

Қазақ тілінен жұмыс дәптері. «Фолиант» баспасы, Астана – 2008 ж.

Іскерлік қазақ тілі. «Фолиант» баспасы, Астана – 2008 ж.

Қазақ тілі Алматы, «Атамұра» 2006 ж.

Қосымша оқу әдебиеті: Қазақ әдебиеті энциклопедиялық анықтама.

Қазақ мәдениеті энциклопедиялық анықтама, қазақ әдеби тілінің сөздігі.



Ұсынылған оқу құралдарының тізімі: Әдеби көркем шығармалар,










Достарыңызбен бөлісу:


©kzref.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет