Қазақстан республикасының білім және ғылым министрлігі



жүктеу 2.68 Mb.
бет10/12
Дата12.09.2017
өлшемі2.68 Mb.
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   12

ҚОРЫТЫНДЫ
XIX ғасырдың екінші жартысы Қазақстанның Ресейдің құрамына толық өтіп, метрополия капиталының Қазақстан экономикасына шоғырланған уақыты. Қазақстанның солтүстік қалалары патша үкіметінің Қазақстанды әскери және экономикалық экспансиялауы нәтижесінде пайда болғанына қарамастан, өлкенің маңызды саяси-әкімшілік және әлеуметтік-экономикалық орталықтарына айналады. солтүстік қалалар Ресеймен шекарада орналасқандықтан ортаазиялық саудагерлер мен метрополияның ішкі аудандарынан келетін орыс саудагерлерінің өзара тауар алмастыратын орындары қызметін атқарды.

Алғашында Ресейдің Қазақстан жеріндегі "сыртқы аймақтары" ретінде ашылған, солтүстік қалалар байырғы қазақ қоныстарының орнында құрылған. Сондықтан Ресей Федерациясының кейбір шовинистік солақай тарихшыларының Қазақстанның солтүстік қалаларын орыс қалалары деп түсіндіруі ғылыми негізделмеген шағын ғана адамдар тобының үстірт ой – пікірлері болып табылады. Олар оны қалалардың алғашқы тұрғындары болған казактар мен орыстар арқылы дәлелдеуге тырысады, бірақ бұл келімсек халықтар қазақ даласына, соның ішінде солтүстік қалаларға отаршылдық-басқыншылық саясаттың нәтижесінде келген болатын. Патша әкімшілігінің бағынышты халыққа қатысты отаршылдық саясатының қыр-сырлары нақты тарихи деректер негізінде түсіндіріледі. Сонымен Қазақстанның солтүстік қалаларының пайда болу тарихы Ресейдің Қазақстан жеріне тереңдеп енуі үшін қажетті плацдармдар ретінде тұрғызылды, яғни империялық "бөліп ал да билей бер" саясатына сай отаршылдық - әкімшілік басқару билігін іске асыру үшін қажетті саяси-әкімшілік орталықтар ретінде салынды. Дегенмен бұл қала-бекіністердің алғашқы мақсаты осындай болғанымен, кейін олар өлкенің саяси-әкімшілік орталықтар қызметін атқарғандықтан солтүстік қалалар өлкенің әлеуметтік-экономикалық және мәдени дамуының негізгі көрсеткіштері болды.

Қазақстанның солтүстік қалаларындағы өзін-өзі басқару жүйесіндегі 1870 жылғы Қалалық ереже мен 1892 жылғы Қалалық ереженің негізгі айырмашылықтары алғашқы ереже соңғысына қарағанда біршама демократиялық нышандары көбірек ереже болып табылады. Өйткені ол ереже 1860 жылдары жалпы Ресей империясы көлемінде орын алған қоғамдағы халықшылдық, азаматтық қозғалыстардың қызметі өрістеп тұрған уақытта қабылданған Қалалық ереже болды. Ал 1892 жылы қабылданған Қалалық ереже елдегі орталық биліктің нығайған кезінде және патша үкіметінің оппозициялық күштерді қатаң бақылауға алған кезінде қабылданғандықтан сипаты жағынан отаршыл ереже болды. Егер де 1870 жылғы Қалалық ережеге сай қалалардағы сословиелік билік органдары таратылып, олардың қызметі Қалалық думаларға беріліп, қалалық думалар айналысатын қызметтер аясын кеңіте түссе, 1892 жылғы Қалалық ереже Қалалық думалардың билігін шектеп қалалардағы орталық биліктің тірегі болған полиция басқармаларының қызметтері мен өкілеттіктерін ұлғайта түсті. XIX ғасырдың екінші жартысы мен XX ғасырдың басында солтүстік қалаларда әрекет еткен қалалық өзін-өзі басқару органдары қалалардың әлеуметтік-экономикалық және мәдени дамуына үлкен үлес қосты. Қалалардағы өзін-өзі басқару жүйесінің қалыптасу мен даму үрдісі тікелей қалалардың дамуына байланысты жүргізілді. Ақмола облысының уездік қалаларындағы жергілікті өзін-өзі басқару жүйесінің алғышарттары уезд орталықтарының қала дәрежесін алуымен байланысты болды. 1870 жылы қалалық реформаға дейін қалалардағы жергілікті өзін-өзі басқару көпестер мен мещандардан тұрған азғантай ғана адамдардың қолында болды. Ал 1870 ж. қалалық ережеге сай қалалардағы жергілікті өзін-өзі басқару жүйесінің құрылымы мен қызметтері айтарлықтай өзгерістерге ұшырады. Біріншіден, сайлаушылар қатарын көбейтті; екіншіден, атқарушы және үкім шығарушы биліктердің қызметтерін анықтап берді; үшіншіден, жергілікті өзін-өзі басқару органдарына бюджеттік саясатты шешуде айтарлықтай құқықтар берді. Сауда мен өнеркәсіптің дамуы арқасында қалалардың экономикалық экономикалық маңызы артып, ондағы жергілікті өзін-өзі басқарудың жағдайында да елеулі өзгерістер орын алды. Тез қарқынмен өсіп бара жатқан қалаларда тұрғындар мен сауда және өнеркәсіп кәсіпорындарынан салық жинау жұмыстарының көлемі едәуір ұлғая түсті. Қаланың экономикалық дамуымен қатар, ондағы мәдени-ағарту және денсаулық сақтау мекемелерінің шығындары көбее түсті. Жергілікті өзін-өзі басқару органдарының тиімділігі, ондағы демократиялық емес жүйенің салдарынан төмендеп отырды. Ал 1892 ж. патша үкіметінің ішкі саясатындағы реакцияның күшейген жылдарында қабылданған қалалық ережеге сай сайлау құқы бар адамдардың саны едәуір азайды.

Қазақстанның солтүстік қалаларының XIX ғасырдың екінші жартысы мен XX ғасырдың басындағы экономикалық жағдайы негізінен сауда-саттық пен өнеркәсіптің даму деңгейімен анықталды. Сауда-саттық пен өнеркәсіптің дамуы Қазақстанның Ресейдің капиталистік қатынастар жүйесіне енуінде маңызды рөл атқарып, бүкіл өлкенің экономикалық дамуының көрсеткіші болды. Қазақ даласындағы сауда-саттық алғашында натуралды айырбас түрінде жүргізілетін болды. Мұндай саудада жергілікті қазақтар үшін ақша эквиваленті рөлін мал, дәлірек айтқанда, қазақтың біржылдық қойы - "сек" атқарды. Сол себепті қазақтар әрдайым бірнеше есе желініп теңсіз сауда жүргізетін болды. Жылжымалы-айырбас сауда кезінде көптеген орыс, татар және ішінара қазақ алыпсатар-саудагерлері қазақ ауылдарынан көптеген малдарды қала базарларына айдап әкеп ірі саудагерлерге өткізіп мол табысқа қол жеткізетін болды.

Бұдан басқа солтүстік қалаларда белгілі бір мезгіл мен арнайы белгіленген жерде өткізілетін жәрмеңкелік сауда әрекет етті. Уездік қалаларда жыл бойы жұмыс істейтін дүкен-қойма түрінде жабдықталған тұрақты сауда орындары шоғырланды. солтүстік қалалардағы жәрмеңкелік саудада, әсресе Ақмоладағы Константиновская жәрмеңкесінде ортаазиялық мемлекеттер мен Ресейдің ішкі аудандарынан келген саудагерлер өзара тауар алмастырып отырды. Өйткені Ақмолада Петропавлдағы сияқты ортаазиялық саудагерлерден кедендік жарналар алынбайтын болды. Сондықтан олар сауданы негізінен Ақмолада жүргізді, ал кейбіреулері тауарларын Петропавлға дейін жеткізу үшін жергілікті қазақтардың көмегіне жүгінетін болды. Тауарлы-ақша жүйесінің дамуы нәтижесінде солтүстік қалалар мен өлкедегі сауда-саттық ақшаға жүргізілетін болды. Онда әсіресе қалаларда шоғырланған тұрақты сауда орындарының қызметі жандана түсті.

Саудамен қатар Ақмола облысының уездік қалаларында банктік – несиелік жүйе де бірге дамыды. Қалаларда ашылған қоғамдық банктер кәсіпшілікпен айналысушы тұрғындарға несие беріп, өлкеде капиталистік қатынастардың орнауына өзіндік септігін тигізді.

Өлкедегі өнеркәсіптің дамуы облыс территориясында орналасқан кең орындары мен негізінен қалаларда орналасқан зауыт-фабрикалардың дамуы арқылы қарастырылып түсіндіріледі. Ақмола облысының уездік қалаларында орналасқан зауыт-фабрикалар қызметі малшаруашылығы өнімдерін өңдеумен ғана шектелді, бірақ соның өзіне қарамастан бұл зауыт-фабрикалар қызметі қалалардың өндірістік дамуының негізгі көрсеткіші болды. Кен орындары мен зауыт-фабрикалардың ең ауыр қара жұмыстарында жергілікті малынан айрылған қазақтар – жатақтар еңбек етті. Ал осы кен орындарына иелік еткен адамдардың көбі орыс кәсіпкерлері болды.

Сауда-саттық пен өнеркәсіптің дамуы нәтижесінде қазақ қоғамында жаңа байлар сияқты жаңа әлеуметтік категориялар пайда болды. Олар ендігі кезде дәстүрлі малшаруашылығы мен қатар шаруаларды жалдап тауарлы егіншілікпен де айналысатын болды. Сауда-саттық пен өндірісітік-шаруашылық дамудың нәтижесінде жергілікті қазақатар мен жер шаруашылығы мен айналысатын орыс шаруалары арасында тамырлық сияқты достық байланыстар орнады. Өнеркәсіптің дамуы нәтижесінде қазақ қоғамында алғашқы кәсіпкерлер тобы қалыптаса бастады олардың іс-әрекетін қазіргі қоғамдағы қазақ кәсіпкерлерінің қызметімен салыстыруға болады. Өйткені Қазан төңкерісіне дейінгі Қазақстан экономикасы капиталистік қатынастар мен барынша шырмалып бүкілресейлік нарықтық қатынастар жүйесінің құрамдас бөлігі болды. Сондықтан Қазақстан феодалдық қатынастардан капитализімге өтпей бірден социализімге өтті деген кеңестік дәуірде орын алып, бүкіл тарихи зерттеулерді бұрмалаған тұжырымдар ғылыми негізсіз жайғана кеңестік саясаттың талаптарына сай туындаған пайымдаулар болып табылады.

Қазақстанның солтүстік қалалалары тұрғындарының әлеуметтік, этникалық және діни құрамы XIX ғасырдың екінші жартысы мен XX ғасырдың басында қазіргі кездегідей алуан түрлі болды. Солтүстік қалалар қазақ жерінде салынған қазақ қалалары болып табылады, ал оның тұрғындары құрамының қандай жағдайда полиэтникалық болып қалыптасқанын мол мұрағат құжаттары арқылы дәлелдеуге болады. Мәселен, еврейлер мен өзбектер солтүстік қалаларға ірі саудагерлердің жергілікті жерде сауданы ұйымдастырып жүргізетін сауда өкілдері ретінде келіп, сауданың алға басуына байланысты тұрақты тұрғындар қатарына қосылатын болған. Қала тұрғындарының құрамындағы алғашқы қазақтар кәсіпкерлік пен айналысқан адамадардан, орта және жоғары білім алған қазақ жастарынан және жайылымдарының тарылуына байланысты малынан айрылып қалаларда шоғырланған өнеркәсіп орындарында еңбек еткен жатақтардан тұрды.

Қазақстанның солтүстік қалалары XIX ғасырдың екінші жартысы мен XX ғасырдың басында өлкедегі қоғамдық – саяси және мәдени өмір орталықтарына айналды. Солтүстік қалалар арқылы бүкіл өлкеге газет-журналдар тарап отырды. Қалаларда кітапханалар мен оқу орындары шоғырланып, онда көптеген қазақ жастары білім алып зиялы қауым ретінде қалыптасты.

Жатақтар қалалардағы зауыт-фабрикаларда еңбек етіп, қалалардағы қазақ тұрғындарының санын көбейтті. Алайда қазақ жеріндегі кең орындарына иелік еткен орыс кәсіпкерлері де, ағылшын кәсіпкерлері де жергілікті халықтың мүддесін ойламақ түгел, тіпті олардың заңды тапқан еңбек ақыларын да уақытында төлемеді. XIX ғасырдың басында қазақ жерінде негізгі капитал қоры ондаған млн. руб. құраған бірнеше акционерлік қоғамдар болды. Бұл акционерлік қоғамдардың түгелге дерлігі шетелдік компаниялар тарапынан қаржыландырылғандықтан, онда өндірілген өнімнің негізгі бөлігі Қазақстан пайдасына жұмсалмай шетелге жіберілді.

Ақмола облысының уездік қалалары тұрғындарының санының өсуі жалпы өлкенің әлеуметтік - экономикалық өмірімен байланысты жүрді. Солтүстік өлкенің мәдени, экономикалық және саяси даму орталықтарына айналған Ақмола облысының уездік қалаларының тұрғындарының саны XX ғасырдың басына қарай тез қарқынмен өсе бастады. Қалалардағы тұрғындар санының өсуі, ондағы өнеркәсіп орындары мен сауда-саттықтың дамуымен тығыз байланысты жүрді, әсіресе Сібір темір жолы салынғаннан кейін қалалар рөлі ерекше айқындала түсті. Ақмола облысының уездік қалалары тұрғындарының этникалық құрамында негізінен орыстар басым болды. Бұл орыс шаруаларының қазақ даласына жаппай қоныс аударуымен және қазақтардың негізінен ауылдық жерлерде тұруымен түсіндіріледі. Қалаларда орыс және қазақ ұлт өкілдерімен қатар еврейлер мен бұқарлықтар (өзбектер) да өмір сүрді. Қалалардың экономикалық өмірінде капиталистік қатынастардың тереңдеп енуіне байланысты қала тұрғындардың құрамында сауда-саттықпен және өнеркәсіппен айналасушы еврейлер мен ортаазиялық саудагерлер саны көбее түсті. Осылайша қалалардың полиэтникалық құрамы қалыптасты. Қалалардың алғашқы қазақ тұрғындарын сауда –саттықпен және өнеркәсіппен айналысқан сауда және өнеркәсіп буржуазиясы құрады. Сонымен қатар қаладағы қазақ тұрғындарының саны ұлттық зиялы қауым (интеллигенция) тарапынан да көбейіп тұрды. Қалаларда орыс тілінде білім алып, әлемдік мәдениетке тартылған зиялы қауым өкілдері қалаларда қоғамдық – саяси қызметпен мәдени – ағарту жұмыстарын атқарып, қалалардағы қазақ тұрғындарының санын көбейтті.

Ақмола облысының уездік қалалары тұрғындарының діни құрамы да әртүрлі болды. Қалалық тұрғындардың ұстанған діни сенімдерінің ішінде христиан және мұсылман діндері басым болды. Бірақ дәстүрлі діни сенімдермен қатар қалаларда әртүрлі діни секталардың өкілдері де тұрды, олардың баптистер сияқты едәуір көп ұстанушылары бар секталарының орталықтары облыстың айтарлықтай жақсы дамыған Омбы мен Петропавл қалаларында болды. Дегенмен қала тұрғындарының әртүрлі діни ағымдарды ұстанғандарына қарамастан, олардың арасында ешқандай алауыздық байқалмады, өйткені кейбір қазақтар христиан дінін қабылдап жатса, кейбір христиан дінін ұстанушылар мұсылман дінін қабылдап жатты. Мәселен, 1900 жылы Көкшетау уезі казактарының 3 пайызы мұсылман дінін ұстанды [58, 190].

Ақмола облысының уездік қалаларының саяси-экономикалық дамуымен қатар, қалалардағы мәдени өмір де үлкен өзгерістерге ұшырады. Қазақ мәдениетінің көптеген тұстары модернизацияға ұшырап, Еуропалық мәдениеттің жетістіктерін қабылдады. "Алдымен пушка келсе, кейін Пушкин де келеді" демекші, қазақ халқы орыс тілі арқылы әлемдік мәдениетке жол ашты. Қалаларда ашылған кітапханаларда әлемдік жазушы қайраткерлердің еңбектері сақталды. Ал қалаларда ашылған бастауыш оқу орындарында болашақ зиялы қауымның қатарын толықтырған қазақ балалары білім алды.

XIX ғасырдың екінші жартысы мен XX ғасырдың басында Ақмола облысының уездік қалалары қоғамның дамып жаңа өркениетке көшу жолында маңызды рөл атқарды. Өйткені қоғамдық өмірде орын алған барлық өркениеттік құбылыстар өз бастауын қалалардан алады. Қалаларда мәдени өмірдің дамуына білім ордаларының ошағы болған мектептерден бастап, қарапайым жәрмеңкелер де өз үлесін қосты. Мәселен, жәрмеңкелер бір жағынан қазақ қоғамының капиталистік қатынастармен шырмалуының көрінісі болса, екінші жағынан жәрмеңкелерге көп халық жиналғандықтан, онда палуандар күресі, көкпар, ақындар айтысы сияқты спорттық және мәдени іс-шаралар өткізіліп қоғамның мәдени дамуына айтарлықтай әсер етті.

Сонымен қорыта айтқанда, Ақмола облысының құрамына енген солтүстік қалалар өлкедегі мәдени, саяси және экономикалық өмірдің бесігіне айналды. Бұл тоғыз жолдың торабында орналасқан қалалар қазіргі уақытта да Қазақстанның маңызды стратегиялық орталықтары болып табылады. Қазақстанның солтүстік қақпасы саналатын Петропавл қаласы мен Көкшетау қалалары қазіргі уақытта облыс орталықтары болып, ал Атбасар қаласы аудан орталығы болып табылады. Ал Ақмола қаласы ел Президентінің Жарлығымен Қазақстанның Астана деп аталған жаңа елордасы болып жарияланды. Қазіргі таңда Астана қаласы тек Қазақстанның ғана астанасы емес, сонымен қатар бүкіл Еуразия аймағының орталығы қызметін атқаруда.




Пайдаланылған деректер тізімі:
1 Назарбаев Н.Ә. Тарих толқынында. Алматы: Атамұра, 1999. – 296 б.

2 Agnes H. Theory of History. Cambridge (Mass.). 1982. – P.216. Философия истории. Под ред. Панарина А.С. – Москва: Гардарики, 1999.– 432 б.

3 Инфаньтев П.П. Этнографические рассказы. Спб. Издательство А.Ф. Дебриена 1894 – 254 б.

4 Ердавлетов С.Р. Тараз–Аулие – Ата. Джамбул. –Алма–Ата. 1983.– 142 б.

5 Назарбаева Г., Абжанов Х. Қазақстан тарих пен тағдыр. Мақалалар. – Алматы, 2003. – 296 б.

6 Хабижанова Г., Валиханов Э., Кривков А. Русская демократическая интеллигенция в Казахстане (Вторая половина XIX – начало XX веков). Москва: Русская книга. 2003. – 288 б.

7 И.Я. Словцов Путевые записки введенные во время поездки в Кокчетавский уезд Акмолинской области в 1878 г. // ЗЗСОИРГО. Кн. 3. – Омск, 1881. – 152 б.

8 Словцов И.Я. Труды Акмолинского статистического комитета. Материалы по истории и статистике Омска. Извлеченные из однодневной переписи 1887 года. Часть 2. – Омск, 1880. – 353 б.

9 Красовский Н.И. Область сибирских киргизов. Ч. 3. – Спб., 1868. – 264 б.

10 Завалишин И. Описание Западной Сибири. Т. 3. Сибиро – Киргизская степь. Москва: Наука, 1867. – 145 б.

11 Г.О. Колмогоров О Промышленности и торговле в Киргизских степях Сибирского ведомства // Вестник ИРГО. Выпуск 1. Ч. 13. СПб., 1855. – 86 б.

12 Седельников Т. Борьба за землю в Киргизской степи. СПБ., 1910. – 74 б.

13 Гейнс А.К. Собрание литературных трудов. Т.1. СПб., 1897. – 590 б.

14 Бекмаханов Е.Б. Казахстан в 20–40 годы XIX века. Алматы, 1992.– 416 б.

15 Левшин А.И. Описание киргиз – казачьих или киргиз – кайсацких орд и степей. – СПб., 1832. Ч. 1 – 264 б.

Ч. 2 – 333 б.

Ч. 3 – 304 б.

16 Радлов В.В. Из Сибири. – Москва.: Наука. 1989. – 749 б.

17 Румянцев П.П. Киргизский народ в прошлом и настоящем. СПб., 1910. – 66 б.

18 Сол автор. Социальное строение киргизского народа в прошлом и настоящем // Вопросы колонизации. 1909. № 5 – Б. 22-28

19 Л.К.Чермак Оседлые киргизы земледельцы на реке Чу // ЗЗСОИРГО. Кн. 27. Омск, 1900. (1-4) Киргизское хозяйство в Степном крае // Район железной дороги. Петропавловск – Спасский завод в экономическом отношении. – Спб., 1912. – Б. 215-256

20 К.О. Валь К истории экономических отношении у киргиз // Научное обозрение. 1901. № 1.- Б. 50-64

21 Н.Я. Коншин К вопросу о переходе киргиз Семипалатинской области в оседлое состояние // ПСК на 1898 г. – Семипалатинск, 1898. – Б. 29-54

22 Сол автор. Очерки экономического быта киргиз Семипалатинской области // ПСК на 1901г. Семипалатинск, 1901. – Б. 1-182

23 Кравцов Г.В. Отчет о поездке в Киргизские степи Европейской и Азиатской России в 1872, 1873 и 1874 годы с целью исследования условий и причин развития и распространения скотских падежей. СПб., 1877. - 186 б.

24 Кауфман А. К вопросу о происхождении русской земельной общины. Москва, 1907. – 71 б.

25 Сол автор. К вопросу о русской колонизации Туркестанского края. СПб., 1903. – 110 б.

26 Кауфман А. Переселение и колонизация. Спб., 1905. – 349 б.

27 Материалы по киргизскому землепользованию, собранные и разработанные экспедицией по исследованию степных областей. Под руковод. Ф.А.Щербины. Т.2. Акмолинская область, Атбасарский уезд. Воронеж, 1902. – 240 б.

28 В.Остафьев Колонизация степных областей в связи с вопросом о кочевом хозяйстве. // ЗЗСОИРГО Кн. 18. Вып. 2 Омск, 1895. – Б. 38-39

29 Путинцев Г.Н. Хронологический перечень событий по истории Сибирского казачьего войска. Омск, 1881. – 230 б.

30 Трегубов А.Л. По новым местам. СПб. – 144 б.

31 Тетерников А.Н. Очерк внутренней торговли Киргизской степи. СПб., 1867. – 170 б.

32 Арсеньев К. Статистический очерк России. СПб., 1848. – 270 б.

33 Асфендияров С. История Казахстана с древнейших времен. Москва, 1934. – 344 б.

34 Кабо Р.М. Города Западной Сибири. Москва, 1949. – 262 б.

35 С.А. Сундетов Проникновение и развитие капиталистических отношении в казахском ауле в конце XIX – начале XX вв. (по материалам северных областей). Алма – Ата. Наука. 1964 – 159 б.; Торговля в Казахстане в начале XX века // Казахстан в канун Октября. Алма – Ата, 1968. – 66 б.

36 Ц.Л. Фридман Из истории проникновения иностранного капитала в промышленность дореволюционного Казахстана // Ученые записки КазГУ им. С.М. Кирова. Серия историческая. 1959. Т. 39 (20). Вып.5 (1) – Б. 24-38

37 Е.Федоров Торговый и ростовщический капитал в Казахстане // Большевик Казахстана. 1939. №1 – Б. 56-72

38 Сол автор. К истории Казахстана конца XIX и начала XX века // Большевик Казахстана. 1939. №11 – Б. 43-66

39 Сулейменов Б. Аграрный вопрос в Казахстане последней трети XIX – начале XX веков. (1867-1907гг.). Алма – Ата, 1963. – 411 б.

40 Алексеенко Н.В., Алексеенко А.Н. Население Казахстана за 100 лет (1897-1997). Усть – Каменогорск, 1999. – 158 б.

41 Турицына Е.Н. Время и город: Омск XVIII – начало XX вв. В описаниях современников. К 280 летию города Омска. Омск, 1996. – 106 б.

42 А.Н. Нусупбеков К вопросу о формировании казахской буржуазной наций // Материалы научной сессии, посвященной истории Средней Азии и Казахстана в дооктябрьский период. Ташкент, 1955. – Б. 163-181

43 Касымбаев Ж.К. История города Акмолы (1832-1917). Алматы, 1995 – 112 с.; Города Восточного Казахстана. Алматы, 1990. – 184 б.; История Акмолы (XIX – начало XX вв.): исследования, источники, комментарии. Алматы, 1998. – 176 б. (Н.Ж.Агубаевпен бірге)

44 Абуев К.К. Кокшетау. Исторические очерки. Кокшетау, 1997. – 300 б.

45 Толочко А.П., Коновалов И.А. Городское самоупрвление в Омске в дореволюционный период. Омск, 1997. – 82 б.

46 Ғ.Қарасаев Қазақтар мен Ресей арасындағы айырбас сауда сабақтастығы // Ақиқат, № 3, 2004. – Б. 16-22

47 Туманшин К.М. История Петропавловска и его уезда (1861-1917). Автореф. дисс... канд. ист. наук. Алма – Ата, 1960. – 30 б.

48 Коновалов И.А. Социально – экономическое развитие Омска в XIX – начале XX вв. Автореф. дисс... канд. ист. наук. Омск, 1995. – 28 б.

49 Антонова И.В. Обрабатывающая промышленность Казахстана во второй половине XIX – начало XX вв. (на материалах Северного Казахстана). Автореф. дисс... канд. ист. наук. Алматы, 1992. – 30 б.

50 Ксенжик Г.Н. Историческая география Северного Казахстана во второй половине XIX – начало XX вв. Автореф. дисс... канд. ист. наук. Кустанай, 2004. – 24 б.

51 Алпысбаева Г.А. Проблемы социально – экономического и культурного развития г.Акмолы (1832-1914). Автореф. дисс... канд. ист. наук. Алматы, 1997. – 28 б.

52 Медетов Б.О. Социально – экономическое и культурное развитиегорода Кокчетава и его уезда (20-е годы XIX – начало XX вв.) Алматы. Автореф. дисс... канд. ист. наук. 1992. – 29 б.

53 Таскужина А.Б. Развитие города Омска как центра политических, хозяйственных и культурных отношений в степном крае 1822 – 1914 гг. Автореф. дисс... канд. ист. наук. Алматы, 1997. – 30 б.

54 Рахимова Г.М. Город Омск в экономической, политической и духовной жизни казахского общества во второй половине XIX – начало XX вв. Автореф. дисс... канд. ист. наук. Алматы, 2004. – 24 б.

55 Бексейтова А.Т. Жәрмеңкелердің Қазақстандағы сауда – экономикалық қатынастардың орталығы ретіндегі дамуы (Солтүстік – Шығыс аудандардың мәліметтері бойынша. XIX ғасырдың екінші жартысы – XX ғасырдың басы.). Тарих ғыл.канд.дисс...авторефераты. Алматы, 2002. – 29 б.

56 Ибраев С.И. Переселенческая политика царизма и изменение демографической ситуации в Северном Казахстане (XIX – начало XX вв.). Автореф. дисс... канд. ист. наук. Усть – Каменогорск, 2001. – 28 б.

57 Северо-Казахстанская область: страницы летописи родного края.-Алматы: Казахстан, 1993. – 392 б.

58 Россия. Полное географическое описание нашего Отечества. Т.18. Киргизский край // Под ред. В.П. Семенова. - Спб., 1903. – 469 б.

59 Артыкбаев Ж.О. Казахское общество: традиции и инновации. – Астана: Парасат Әлемі, 2003. – 290 б.

60 Виве П.П., Михеев А.П., Пугачева Н.М.Омский историко-краеведческий словарь. – Москва: Отечество, 1994. – 320 б.

61 ООММ 1 қ., 1 т., 28 і., 139 п.

62 ООММ 1 қ., 1 т., 29 і., 525, 930 пп.

63 ООММ 366 қ., 1 т., 34 і., 2 п.

64 ООММ 1 қ., 1 т., 36 і., 75 п.

65 ҚР ОММ 338 қ., 1 т., 420 і., 83 п.

66 ООММ 3 қ., 12 т., 17683 і., 5 п.

67 ООММ 3 қ., 3 т., 4257 і., 3-5 пп.

68 ҚР ОММ 369 қ., 1 т., 3939 і., 1 п.

69 Из истории Омска (1716-1917гг.). Очерки, документы, материалы. Омск, 1967. – 260 б.

70 Городовое положение с дополнениями и разьяснениями. Спб., 1874. – 310 б.

71 Касымбаев Ж.К. История Акмолы (XIX - начала XX века): исследования, источники, комментарий. Алматы: Жеты Жаргы, 1998. – 176 б.

72 ҚР ОММ 369 қ., 1 т., 6816 і., 41 п.

73 ООММ 30 қ., 1 т., 4 і., 58 п.

74 Азиатская Россия. Спб., 1914. Т.1. – 380 б.

75 Ешмухамбетов С., Жекеев С. Из истории казахов. Алматы: Жалын, 1999. – 528 б.

76 ООММ 3 қ., 2 т., 3269 і., 64 п.

77 Дитятин И. Устройство и управление городов России. Спб., 1875.– 160 б.

78 СҚОММ 99 қ., 1 т., 21 і., 81 п.

79 ООММ 3 қ., 8 т., 12 885 і., 93 п.

80 ТүмОММ ТФ 329 қ., 6 т., 37 і., 125 п.

81 А.П. Толочко Ярмарки Акмолинской области в конце XIX - начала XX вв // Тезисы докл. Междунар. конф. "Валихановские чтения - 7". – Кокшетау, 2002. – 12-14 б.

82 Абуев К.К. Хан Абылай и его время. Кокшетау, 2003.

83 Т.Ә. Төлебаев Қазақ буржуазиясының қалыптасуы туралы мәселені зерттеу және оның жаңа жолдары // Әл-Фараби ат. ҚҰУ Хабаршысы. Тарих сериясы, №3 (34). Алматы, 2004. – 13-16 б.

84 Советский энциклопедический словарь. Москва, 198 .

85 Г.М. Ахметова XIX ғ. аяғы мен XX ғ. басындағы Семей облысының ұлттық сауда буржуазиясының қызметі // "Шоқан тағылымы – 6" Халықаралық конф. баяндамаларының тезистері. – Кокшетау, 2001. -

86 С.Ибраев Проникновение капитализма в Казахстан на рубеже XIX - XX веков // Мысль, №2. 2003. – 87-90 б.

87 Ғ.Қарасаев Қазақтар мен Ресей арасындағы айырбас сауда сабақтастығы // Ақиқат, №2. 2004. – 13-19 б.

88 Обзор Акмолинской области за 1907 год. Омск, 1908.

89 Обзор Акмолинской области за 1894 год. Омск, 1896.

90 Алексеенко Н.В. Русские и казахи верхнего Прииртышья в XVIII-начале XX вв. Ленинград, 1967.

91 ҚР ОММ 64 қ., 1 т., 1259 і., 245 п.

92 М.З. Утегенов Ақмола облысының экономикалық даму тарихынан // Жоғары оқу орындары аралық хабаршы. Петропавл, 2004. - Б. 15-19

93 Устав торговый. Продолжение Свода законов Российской империи по 30 июня 1883 г. 4:2. Спб., 1883. – 412 б.

94 С.Мамытова О значении ярмарок в развитии торгового предпринимательства в Северо-Восточном Казахстане во второй половине XIX - начале XX веков // Поиск. № 4. Алматы, 2004. – 60-64 бб.

95 Обзор Акмолинской области за 1914 год. Омск, 1915. – 83 б.

96 Куяндиская ярмарка. Сост. Смирнов А. Семипалатинск, 1924. – 68 б.

97 Артыкбаев Ж.О. Казахское общество во второй половине XIX века. Некоторые вопросы историографии. Караганда, 1992. – 178 б.

98 Аполлова Н.Г. Хозяиственное освоение прииртышья в конце XVIII- первой половине XIX века. Москва, 1976. – 365 б.

99 ҚР ОММ 562 қ., 1 т., 10 і., 8,186 пп.

100 СҚОММ 99 қ., 1 т., 21 і., 41 п.

101 М.Мусабекова Землепользование и землевладение во второй половине XIX века // Мысль, 2003. №8. – Б. 87-91

102 Обзор Акмолинской области за 1898 год. Омск, 1900. – 71 б.

103 Усов Ф. Статическое описание Сибирского Казачьего войска. Спб., 1879. – 130 б.

104 Обзор Акмолинской области за 1899 год. Омск, 1902. – 78 б.

105 ҚР ОММ 64 қ., 1 т., 594 і., 16 п.К.-17 п.

106 Соболев М.Н. Экономическое значение Сибирской железной дороги. Томск, 1900. – 98 б.

107 ҚР ОММ 64 қ., 1 т., 3476 і., 42 п.К.

108 Обзор Акмолинской области за 1908 год. Омск, 1909. – 81 б.

109 МейерЛ. Киргизская степь Оренбургского ведомства. Спб., 1865.–311б.

110 ҚР ОММ 369 қ., 1 т., 6955 і., 9 п.К.

111 Обзор Акмолинской области за 1897 год. Омск, 1898. – 65 б.

112 ООММ 3 қ., 12 т., 17 776 і., 16 п.

113 КасымбаевЖ.К. Города Восточного Казахстана. Алма-Ата, 1990.–184 б.

114 История Казахстана. Курс лекции. Петропавловск, 1999. – 125 б.

115 М.З. Утегенов Қазақстанның Солтүстік қалаларының өнеркәсіптік даму тарихынан (XIX ғасырдың екінші жартысы-XIX ғасырдың басы) // "Шоқан тағылымы – 10" Халықаралық конф. баяндамаларының тезистері. – Кокшетау, 2005. – 369 б.

116 М.З. Утегенов Қазақстанның Солтүстік қалаларының маңызды саяси-экономикалың орталықтарға айналу тарихынан (XIX ғасырдың екінші жартысы-XIX ғасырдың басы) // Л.Н.Гумилев ат. ЕҰУ Хабаршысы. № 4. Астана, 2004. – 306 б.

117 ООММ 3 қ., 4 т., 5987 і., 99 п.

118 Елагин А.С. Казачество и казачьи войска в Казахстане. Алматы: Казахстан, 1993. – 80 б.

119 Ключевский В.О. Курс русской истории. Т.3. Москва, 1988. - 330 б.

120 Г.Е. Катанаев Прииртышские казаки и киргизы // ЗЗСО ИРГО. Кн.XV. Вып. 2. Омск, 1893. – Б. 1-36

121 ҚР ОММ 369 қ., 1 т., 4681 і., 1 п.

122 ҚР ОММ 369 қ., 1 т., 4682 і., 32 п.

123 Чорманов М. Казахские народные обычаи. Составитель Канафина А.М. Караганда, 2000. – 103 б.

124 Зиманов С.З. Общественный строй казахов первой половины XIX в. Алматы: Изд. АН КазССР., 1958. – 296 б.

125 Галиев В.З. Библиотечное дело в Казахстане (вторая половина XIX - начало XX вв.). Алматы, 1998. – 140 б.

126 ҚР ОММ 345 қ., 1 т., 1431 і., 54 п.

127 ҚР ОММ 369 қ., 1 т., 5091 і., 6 п.

128 ҚР ОММ 369 қ., 1 т., 4748 і., 12 п.К.

129 Сулейменов Д. Научно-педагогическая деятельность А.Е. Алекторова в Казахстане (1882-1918). Семипалатинск, 1997. – 304 б.

130 А.А. Айтмухамбетов К проблеме мотивации выбора обьекта обучения казахскими учащимися в конце XIX - начале XX вв. // Тезисы докладов V региональной научно-методической конференции посвященной 30-летию ОмГУ. Омск, 2004. – Б. 196-199

131 ҚР ОММ 64 қ., 1 т., 3035 і., 1 п.

132 ООММ 64 қ., 1 т., 2918 і., 201 п.

133 О.А. Бреусова, Е.М. Сумина Из истории Омской Учительской семинарии // Известия Омского государственного историко-краеведческого музея. Омск, 1999. – 416 б.

134 ООММ 115 қ., 1 т., 12 і., 37 п.

135 ООММ 115 қ., 1 т., 14 і., 16 п.

136 ҚР ОММ 374 қ., 1 т., 681 і., 3 п.

137 ҚР ОММ 374 қ., 1 т., 3837 і., 4 п.

138 Коншин Н. Краткий статитический очерк промышленности и торговли в Акмолинской области за 1880-1884 гг. Омск, 1892. – 146 б.

139 Библиотеки в селах и городах Сибири // Восточное обозрение. № 15. 1888. - Б. 2-24

140 ҚР ОММ 394 қ., 1 т., 31 і., 39 п.

141 ҚР ОММ 369 қ., 1 т., 886 і., 6 п.

142 ҚР ОММ 64 қ., 1 т., 1148 і., 12 п.

143 ҚР ОММ 369 қ., 1 т., 881 і., 174 п.

144 ҚР ОММ 394 қ., 1 т., 55 і., 14 п.

145 ҚР ОММ 369 қ., 1 т., 2706 і., 1 п.

146 ҚР ОММ 369 қ., 1 т., 2819 і., 37 п.

147 ООММ 366 қ., 1 т., 3 і., 10 п.

148 ООММ 3 қ., 1 т., 359 і., 329 п.

149 С.В. Шевченко Распространение ислама в Среднем жузе в XVIII- начале XX вв. // Известия Омского государственного историко-краеведческого музея. № 7. Омск, 1999. – Б. 131-135

150 Н.М. Емельянова Дело о вредном влиянии на киргизское население духовных лиц из татар (по материалам ГАОО) // Тезисы докладов V региональной научно-методической конференции посвященной 30-летию ОмГУ. Омск, 2004. – Б. 128-132

151 ООММ 3 қ., 9 т., 15406 і., 46 п.

152 ҚР ОММ 345 қ., 1 т., 1588 і., 189 п.

153 ҚР ОММ 345 қ., 1 т., 1601 і., 56 п.

154 Северо-Казахстанская область. Энциклопедия. Алматы: Арыс, 2004. – 672 б.

155 Әбуев Қ.Қ. Қазақстан тарихының "ақтаңдақ" беттерінен. Алматы: Қазақстан, 1994. – 144 б.

156 Ж.О. Артыкбаев Г.Н. Потанин о Евразийском эпосе // Тезисы докл. Междунар. науч.-практ. конф. Валихановские чтения – 10. Т.1. Кокшетау, 2005. – Б. 26-29

157 Валиханов Ч.Ч. Собрание сочинении. Т.5. Алматы, 1985. – 340 б.

158 ООММ 366 қ., 1 т., 356 і., 3 п.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   12


©kzref.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет