Қазақстан республикасының білім және ғылым министрлігі



жүктеу 2.68 Mb.
бет4/12
Дата12.09.2017
өлшемі2.68 Mb.
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12

Патша үкіметінің тарапынан жасалған әкімшілік-саяси реформалар негізінен отарлық сипатта болғанымен, жергілікті тұрғындардың қалалармен саудасының кеңеюіне жағдай жасап тұрды. Осының нәтижесінде қазақтар астыққа, фабрикалық-зауыттық өнімдерге деген мұқтаждықтарын қамтамасыз етті. Өлкеде ақша қатынастарының дамуы нәтижесінде жергілікті қазақтар қалаларда орналасқан жәрмеңкелермен тұрақты сауда орындарына шоғырланды, өйткені жылжымалы айырбас сауда барысында орыс саудагерлері сапасы төмен мануфактуралық тауарларды көбірек пайда табу мақсатын ойлап онсыз да күйзеліске ұшыраған қазақ шаруашылықтарына жоғары бағаға сататын болған. Сондықтан Ақмола облысының уездік қалаларындағы жәрмеңкелердің дамуы XIX ғасырдың екінші жартысынан жаңа даму сатысына көтеріледі. Ресей империясының сауда жарғысында жәрмеңкеге келесі мағынада анықтама берілген: “Жәрмеңкелердің жалпы мәні сауда-саттық, онда белгілі бір көрсетілген мерзімде әртүрлі тауарлармен сауда-саттық жүреді.” Жәрмеңкелер бір жылда бір рет ұйымдастырылып сауданың көлеміне тікелей байланысты болды. Жәрмеңкелер сауданың ұзақтығына байланысты 5 топқа бөлінді (2 кесте) [93, 29 б.]:


2 кесте – Жәрмеңкелердің бөліну кестесі

Топтар реті

Жәрмеңкелер түрі


1 топ

Нижегородский жәрмеңкесі

2 топ

25 күннен артық созылатын жәрмеңкелер

3 топ

15 күннен 25 күнге дейін созылатын жәрмеңкелер

4 топ

8 күннен 15 күнге дейін созылатын жәрмеңкелер

5 топ

7 күннен аспайтын жәрмеңкелер

Ескерту: Устав торговый. Продолжение Свода законов Российской империи по 30 июня 1883 г. 4:2. Спб., 1883. – Б. 29

Жәрмеңкеде әртүрлі тауарлар сатылғандықтан, ондағы сауда әмбебап сипатта жүрді. Жергілікті тұрғындарға, әсіресе кәсіпкерлерге алуан түрлі тауарлар таңдап алуына мүмкіндік туды. Жәрмеңкелер барысында қала өмірі жандана түсті, онда көптеген саудагерлер келісімдер жүргізді, ал қарапайым адамдар болса, жәрмеңкелер кезінде ақындар тарапынан ұйымдастырылатын айтыстармен сауданың осы түрінің дамуы сауда капиталын өсіруді ойлаған ірі сауда кәсіпкерлері үшін өте тиімді болды, өйткені осындай сауда барысында ірі кәсіпкерлер ешбір ұсақ делдалдарсыз қазақтармен тікелей сауда қатынастарын жүргізе алды. Жәрмеңкелер негізінен сатып алушылар емес, сатушылар нарығы болғандықтан, мұнда сұраныстан ұсыныс белсендірек болды [94, 61 б.].

Өлкедегі жәрмеңкенің қарқынды дамуына жергілікті тұрғындардың көп бөлігінің көпшелі малшаруашылығымен айналысуы әсер етті. Осыған орай Ақмола облысының шолуында былай делінеді: “Облыстың далалық сипатына және жергілікті тұрғындар негізінен көшпелі өмір салтын кешкендіктен отырықшы мекендерге белгілі бір кезеңдерде ғана келетіндеріне байланысты облыста, әсіресе жәрмеңкелік сауда күшті дамыған” [95, 33 б.]. Ресейдің ішкі аудандарының малшаруашылығы өнімдеріне мұқтаждығы да жергілікті өлкеде жәрмеңкелік сауданың дамуына өз әсерін тигізді. Қалалық жәрмеңкелер Ресейдің фабрикалық-зауыттық тауарларының және қазақтардың малдары мен мал шаруашылық өнімдерінің өзара саудаға түсетін маңызды экономикалық орталықтарға айналды [58, 290-291 бб.].

Ақмола облысының уездік қалаларындағы жәрмеңкелердің дамуы, олардың геосаяси орналасу жағдайының тиімділігімен түсіндіріледі. Қытай мен Монғолиядан көптеген мал табындары осы жәрмеңкелер арқылы Ресейдің ішкі аудандарына жөнелтілді [96, 48 бб.]. Жәрмеңкелік сауда барысында өлкедегі уездік қалалар мен тұрақты қоныстардың экономикалық маңызы артып, олар егінші орыс шаруашылықтары мен жергілікті мал өндіруші шаруашылықтарын байланыстыратын объект рөлін атқарды. XX ғасырдың басында (1900 ж.) бүкіл қазақ даласында 32,7 млн. рубль айналымды құраған 106 жәрмеңке әрекет еткен, соның едәуір бөлігі ыңғайлы географиялық орналасуына байланысты Ақмола облысында орналасқан (3 кесте) [58, 289 б.]:


3 кесте – Жәрмеңкелердің айналымы

Облыстың атауы

Жәрмеңкелер саны

Айналымы, млн. руб.

Ақмола облысы

62

18,3

Семей облысы

27

2,8

Торғай облысы

6

1,4

Орал облысы

11

8,9

Ескерту: Россия. Полное географическое описание нашего Отечества. Т.18. Киргизский край // Под ред. В.П. Семенова. - Спб., 1903. – 469 б.

Бұл кестеден зерттеп отырған уақыттағы Ақмола облысының экономикалық дамуы арқылы бүкіл қазақ даласының экономикалық дамуы анықталғанын көреміз және соған байланысты облыс құрамына енген қалалардың саяси-әкімшілік маңызы арта түскен. Ақмола облысындағы едәуір ірі үш жазғы жәрмеңке Константиновская Ақмолада, Петровская Атбасарда және Тайыншакөл Петропавл уезінде орналасты, бұл жәрмеңкелерге жергілікті саудагерлермен қатар, еуропалық Ресейден, Түркістаннан және басқа да аймақтардан саудагерлер келді. Олардың XX ғасырдың басындағы (1900 ж.) айналымын "Россия" кітабінен көруге болады (4 кесте) [58, 289 б.]:

4 кесте - Ақмола облысындағы жазғы жәрмеңкелердің айналымы

Өнімдердің атауы



Жәрмеңкелердің атауы

Константиновская

Петровская

Тайыншакөл

Әкелінген

(мың руб.)




Өткізілген (мың руб.)


Әкелінген (мың руб.)


Өткізілген (мың руб.)


Әкелінген (мың руб.)


Өткізілген (мың руб.)


Мал

1000

727

989,8

813

679

184,5

Малшаруашылығы өнімдері

352

225,8

285,9

198,7

22,3

20,8


Фабрикалық-зауыттық, мануфактуралық

370

210

224

173,5

157

64


Металл бұйымдар

73,5

26

12

7,9

8,9

2,7

Тері бұйымдар

21,5

14

24

17,6

9,8

3,4

Азиялық тауарлар

80,9

31

33

23,7

72

11,8

Барлығы

1907,9

1233,8

1568,7

1234,4

949,3

287,2

Ескерту: Россия. Полное географическое описание нашего Отечества. Т.18. Киргизский край // Под ред. В.П. Семенова. - Спб., 1903. – 469 б.

1900 жылы бұл жәрмеңкелердің жалпы айналымы 7,181 мың руб. құраған және облыстағы барлық жәрмеңкелер айналымының 50% осы жәрмеңкелер үлесіне келген. Облыстың оңтүстігінде орналасқан Ақмола қаласының Константиновская жәрмеңкесінің маңызы басқа жерлерден жоғары болды. Әдетте көптеген көшпелі қазақтар сәуір айының аяғынан өздерінің табын-табын малдарымен қалаға қарай бет алып, маусымның басында бүкіл Ақмола қаласының маңайын тегіс қамтитын болған. Осыдан бір жылда бір рет болатын жәрмеңкелік сауда өз қызметін бастайды, мұнда жергілікті қазақтар өздерінің тұрмыс-тіршіліктеріне қажетті еуропалық тауарларды келесі жылға жететіндей көлемде сатып алуға тырысады, ол үшін қазақтарға ең алдымен өзінің малдарын тиімді сату керек болды. Жәрмеңкелік кезең барысында Ақмолада ортаазиялық саудагерлер мен орыс саудагерлерінің тауарлары өзара бәсекелестікке түсетін болды. Ол жөнінде “Россия” жинағында былай делінген: “Алғашқы кезде мұнда азиялық (ташкенттік, бұқарлық) тауарлар көп мөлшерде енгізілсе, енді олар мәскеулік бұйымдармен ығыстырылған” [58, 290 б.].

Ортаазиялық керуендер Ақмолада кеден бекеті мен гильдиялық төлемдер болмағандықтан, өздерінің тауарларын осы жерде өткізуд тырысатын болған. Ал Петропавл мен Омбыда сауда жасау үшін біріншіден, кеден бекеттері мен гильдиялық төлемдерден өту керек болды; екіншіден саудагерлер жүк таситын адамдарға қосымша ақша төлейтін болды. Ақмола қаласындағы сауданың тиімділігін А.К.Гейнс: “Ол Петропавлдың саудасын әлсіретіп, ақмолалық айналымдардың дамуына әсер етті” деп көрсетеді [13, 291 б.]. 1871 жылы Ташкент жәрмеңкесінің ашылуы Ақмоланың Ресей мен Орта Азия арасындағы транзиттік сауда орталығы маңызын одан сайын арттырды. Петропавлдан жеткізілген тауарлар керуендер арқылы Ташкентке, Бұқараға, Қоқандқа, Түркістанға және т.б. қалаларға жөнелтілді. Ал Ташкенттен әкелінген жүктер арбаға тиеліп, Петропавлға жөнелтілді. Осыған байланысты жергілікті тұрғындар арнайны жүк тасымалдау үшін шаруашылықтарда түйелер санын көбейтті. Ақмоладан Петропавлға дейін саудагерлер жүктің әрбір пұты үшін 45 тиын, ал әрбір түйе үшін 20 рубльге дейін төледі [71, 67 б.]. Мұндай үрдіс қалалар тұрғындары санының өсуіне өзіндік әсерін тигізді, сөйтіп 1868-1900 жж. аралығында Ақмола облысының уездік қаласының тұрғындар саны 495,2 пайызға өсті. Омбы, Петропавл, Ақмола, Көкшетау және Атбасар қалалары тұрғындарының өсу қарқынын 5 кестеден көруге болады:
5 кесте - Қалалар тұрғындарының өсу қарқыны


Қалалар атауы

1898 ж. тұрғындар саны; адам

1900 ж. тұрғындар саны; адам

Омбы

28505

53050

Петропавл

9604

21479

Ақмола

5072

8758

Көкшетау

1685

5944

Атбасар

939

2625

Ескерту: Россия. Полное географическое описание нашего Отечества. Т.18. Киргизский край // Под ред. В.П. Семенова. - Спб., 1903. – 469 б.

Өлкедегі сауданың дамуына байланысты қалалар тұрғындарының құрамындағы саудагерлер саны өсе түсті. 1900 жылы Петропавл қаласы тұрғындарының 41,2 пайызын қалалық сословиелер құрады [57, 63 б.], ал Ақмола тұрғындарының 19,2 пайызын саудагерлер сословиесі құрады. Жергілікті саудагерлер Ресей жәрмеңкесіне де қатысып, тікелей тауар тасумен де айналысты, мысалы жылдық айналымы 25-30 млн. рульді құраған Ірбіт жәрмеңкесіне қатысқан қазақтарды “Ірбіт Шапқан” деп атаған [97, 41-42 бб.], жалпы зерттеуші Н.Г.Аполлованың пайымдауынша солтүстік-шығыста орналасқан жәрмеңкелердің барлығы Нижегородский және Ірбіт жәрмеңкесімен өзара тығыз байланыста болған [98, 354 б.]. Жергілікті жәрмеңкеде өтпеген мал, ет, тері, мал майы және тағы да басқа шикізат теміржол арқылы еуропалық Ресейге, әсіресе жергілікті өлкеде орналасқан ет-консерві зауыттары үшін өте тиімді болған, өйткені ет өлкеде өте көп болғандықтан, оның бағасы да соған сай төмендеп кететін. 1900 жылы өлкедегі маңызды екі станция Петропавл мен Омбыдан шығарылған өнімдер көлемін 6 кестеден көруге болады [58, 291 б.]:


6 кесте - Петропавл мен Омбыдан шығарылған өнімдер көлемі

Қалалар атауы

Өнімдердің атауы

Ет (сиыр,қой,т.б.)

Тері (жылқы,қой,т.б.)

Жүн мен қыл

Қой ішектері

Петропавл

814 мың пұт

1420 мың пұт

37 мың пұт

424 мың дана

Омбы

246 мың пұт

724 мың пұт

7 мың пұт

4 мың дана

Ескерту: Россия. Полное географическое описание нашего Отечества. Т.18. Киргизский край // Под ред. В.П. Семенова. - Спб., 1903. – 469 б.


Бұл кестеден Петропавл қаласының өлкедегі экономикалық маңызы айқын көрініп тұр. Петропавл қаласында теміржол мен кеме жолы қатынастарының (теміржолға дейін Ертіс өзені арқылы сауда керуендері әрекет еткен) болуы қаланы өлкедегі жәрмеңкелік сауданың негізгі орталығына айналдырды. Қалаға Ресейден, Орта Азиядан, Сібірден өнеркәсіп, азық-түлік тауарлары көптеп әкелінді, бұл қала арқылы ортаазиялық саудагерлер орыс көпестерімен өзара сауда-саттық қарым-қатынастарға түсетін болды. Солтүстік қалалар арқылы ет негізінен Мәскеуге (375 мың пұт), Петербургке (345 мың пұт), тері Владимир губерниясына (450 мың дана), Ревель мен Либаваға (405 мың дана), ал қойдың ішектерін негізінен Берлинге (380 мың дана) және Мәскеуге (26 мың дана) жіберілді. Бұдан басқа Петропавлдан Қазан, Петербург сияқты ірі қалаларға 180 мың пұт ерітілген ірі қара мен қойдың майы тасымалданды, сонымен теміржол торабы орналасқан Петропавлдан жөнелтілген өнімдердің құны шамамен 8 млн. рубльді құрайды, ал Ақмола облысынан шығарылған өнімнің құнын нақты статистикалық мәліметтер болмағандықтан ондаған млн. рубльді құрады деп есептеуге әбден болады.

Сауданың басқа түрімен салыстырғанда жәрмеңкелер ішкі сауданың дамуымен қатар сыртқы сауданың да етек алып дамуына, атап айтсақ Орта Азия елдерімен, Қытаймен және басқа да алыс және жақын шетелдермен тұрақты экономикалық байланыс қалыптастыруда үлкен рөл атқарды.

Жәрмеңкелік сауда сонымен қатар тұрақты сауданың дамуына да өзіндік әсерін тигізді, тұрақты сауда негізінен өлкенің басты қалаларында шоғырланды, бұл саудада қалалар фабрикалық-зауыттық өнімдерді сақтайтын қоймалар қызметін атқарды. Тұрақты сауданың дамуы өлкедегі қалалар рөлін одан сайын айқындай түсті, мұндай сауданың ең ірі пункттері негізінен солтүтік өлкенің ірі қалалары Петропавл мен Омбыда шоғырланды.

Солтүстік өлкедегі басты қала Петропавлда 1900 жылы 22 мың тұрғынға 446 сауда орындары болды, ондағы сауда айналымы 4 млн. рубльді құрап, 3,5 млн. рубльді құраған Омбыдан да асып түсті. Қалалардағы тұрақты сауданың қарқынды дамуы, өлкедегі қалалардың әкімшілік сипатын жояды. Сонымен сауданың дамуы өлкенің дамуының негізгі көрсеткіші болған қалалардың дамуына, маңызының артуына, демографиялық өсуіне айтарлықтай үлкен әсер етті. Солтүстік өлкеде капиталдың шоғырлануына байланысты қала мен уезді байланыстырған сауда кәсіпорындары орналасты, тек бір ғана Петропавл уезінде осындай сауда кәсіпорындарының саны 166-ға жетті, ондағы ақша айналымы 400 мың рубльді құрады [99, 8-186 пп.]. Қалаларда сауда-саттықтың және жалпы өндірістің дамуына байланысты, заманға сай капиталистік ұйымдасқан қаржы ұйымдары құрыла басталды. 1871 жылы Петропавл қаласында қалалық қоғамдық банк ашылады, оның негізгі капиталы 40 мың рубльді құрайды, ал 1874 жылы Бүкілресейлік Мемлекеттік банкінің бөлімшесі, ал кейін Сібір сауда банкі мен Орыс сауда банкінің бөлімшелері мен 39 ірі серіктестіктер ашылды, соңғыларының айналымы жылына 13 млн. рубльді құрады [100, 41 п.].

Несиелерді қазақ даласында банктермен қатар капиталистік қатынастармен мейлінше қамтылып, қаржылық жағдайын тұрақтандырған жаңа үлгідегі қазақ байлары да бере бастады. Қазақтың көрнекті тарихшысы Е.Бекмахановтың тұжырымдауынша XIX ғасырдың ортасына қарай қазақтардың экономикалық өмірінде жаңа әлеуметтік топ – байлар көрнекті рөл атқара бастады. Бұл орайда "бай"деген сөз басқа басқа бір әлеуметтік мән-мағынаға ие болған. Байлар сауда мен өсімқорлықақшаға қатысты істердің дамуына байланысты ерекше қоғамдық топ болып қалыптасты.Қазақтар арасында ірі саудалық және өсімқорлық істермен айналысқан бірсыпыра бай-феодалдар пайда болды. Мысалы, кіші жүздің шығыс бөлігін басқарушы сұлтан Жантөрин, П.Небольсиннің айтуына қарағанда: "қырғыздардан құралған едәуір үлкен сауда компаниясының жарнашысы болды және өзі 25 приказчик ұстады" [14, 106-107 бб.].

Сауда компаниясының мүшесі болған Күлімбаев деген қазақ та 10 приказчик ұстаған. Бұл байлар тек саудамен ғана айналысып қана қоймай, пайыз үшін басқаларға несиеге ақша беріп отырған. Сұлтан Ахмет Жантөринді наградаға ұсынуға байланысты оған мінездеме жазған Орынбор Шекара Комиссиясының төрағасы Ладыженский Азия департаментінің директоры Синявинге былай деп жазған: "Орданың батыс бөлігінде оның үлгісімен көпес, немесе арбакеш, немесе тұз тасушы болмаған бірде-бір дерлік қырғыз жоқ. Ахмет сауда саттықпен өзі де шұғылдана жүріп, жоғарыда аталған кәсіптердің қандайымен болса да айналысқысы келген қырғызға, әрине, өзі үшін едәуір тиімді жағдайда ақша беруге әзір тұрады" [14, 107 б.]. Сұлтандар ортасынан да, ру шонжарлары ортасынан да, сондай-ақ шонжарлар арасынан да байлар шықты. Сол заманнан бері сақталып келе жатқан "Батыр болып, бай болса, патшадан несі кем?" деген халық мақалдары соны аңғартса керек.

Байлардың қызметші жалдауға көшуі капиталистік жалдаудың алғашқы хабаршысы еді.

Сонымен бірге Е.Бекмаханов керуен саудасымен айналысқан байларды да қарастырған. Кейде байлар өздері керуен басы болып, қазақ даласында сауда-саттық жүргізді, бірақ олар көбінесе өз түйелерін қарапайым қазақтарға уақытша беріп, бұл үшін олардан белгілі мөлшерде ақы алды. Байлар керуен саудасына өз түйелерін бергені үшін ақыны ақшамен, кейде тауармен алған. Сонымен, әлеуметтік топ – байлар – қазақтардың экономикалық өміріндегі жаңа құбылыс еді. Байлар тауар-ақша істерімен, бірінші кезекте өсімқорлық ісімен тығыз байланысты болды. Байлар айналысқан істің дамуы Қазақстанда тауар өндірісінің пайда болғандығын көрсетті.

Сонымен тек солтүстік өлке емес, сонымен қатар бүкіл Қазақстанның экономикалық өмірінде өте маңызды рөл атқарған Ақмола облысының солтүстік қалаларындағы сауда-саттық, банктік-несиелік жүйе, капиталистік дамуға тән барлық белгілер көрініс тапты, әсіресе экономикада банктердің өндірісті несиелеуі өлке экономикасының айтарлықтай дамығандығын көрсетті. Қазақстанның Қазан төнкерісіне дейінгі экономикасы зерттеушілер тарапынан әртүрлі қарастырылды. Кеңестік саясаттың ықпалынан алғашқы қазақ сауда және өнеркәсіп буржуазиясының қалыптасу тарихы мен қызметі зерттеушілер назарынан тыс қалды.




Негізгі ұғымдар: ішкі сауда, сауда буржуазиясы, сауда-саттық, банктік-несиелік жүйе, капиталистік даму, нарықтық экономика, капиталистік қатынастар, нарықтық қатынастар, байлар әлеуметтік тобы, өсімқорлық, қалалық сауда, қаржы ұйымдары, тауар-ақша жүйесі, жәрмеңкелік сауда, айырбас саудасы, жылжымалы сауда, сыртқы сауда, импорт, экспорт.
Бақылау сұрақтары:

  1. Сауданың қандай түрлері бар және олардың қандай айырмашылығы мен ұқсастықтары бар ?

  2. Сыртқы саудаға негізінен қандай тауарлар шығарылды ?

  3. Алғашында айырбас саудада қазақтар үшін сауда құны немен бағаланды?

  4. Жаңа байлар негізінен өсімқорлықтың қандай түрімен айналысты?

  5. Сауданың дамуына байланысты қазақ қоғамында қандай әлеуметтік топтар қалыптасты?


2.2 Өлкенің өнеркәсіптік орталығы ретіндегі Ақмола облысының уездік қалалары
Ақмола облысының уездік қалаларының тек өлкеде ғана емес, сонымен қатар бүкіл Қазақстан бойынша маңызды әлеуметтік-экономикалық, саяси-әкімшілік және мәдени дамуында сауда-саттықтың дамуымен қатар жергілікті өнеркәсіптің де етек алып дамуы маңызды іс-шаралардың бірі болды.

Жергілікті өнеркәсіптің дамуы Қазақстан экономикасы үшін маңызды құбылыс болды, мұндағы жергілікті өнеркәсіп деп отырғанымыз XIX ғасырдың екінші жартысы мен XX ғасырдың басындағы солтүстік өлкеде әрекет еткен зауыт-фабрикалар мен кен орындары. Егер де солтүстік қалалардағы сауда-саттықтың даму нәтижесінде ұлттық сауда буржуазиясы қалыптасса, жергілікті өнеркәсіптің даму нәтижесінде өнеркәсіп буржуазиясының қалыптасу үрдісі жүреді. Солтүстік өлкедегі өнеркәсіп кәсіпорындары негізінен қалаларда шоғырланып, бүкіл өлкенің экономикалық-шаруашылық дамуына әсер етті.

Қазақстанның солтүстік қалаларының өнеркәсібіне әсер еткен факторларды прогрессивті және регрессивті әсер еткен факторлар деп екі топқа бөліп қарастыруға болады. Алғашқысына мынадай ішкі және сыртқы факторлар жатады: өлкенің жалпы шаруашылық артта қалуы, өлкеде тұрғындар санының аз болып, соған байланысты сұраныстың төмен болуы, метрополияның жергілікті өлкені тек шикізат ретінде пайдалануы және соған байланысты дайын өнім жасайтын кәсіпорындардың болмауы, әртүрлі құрал-жабдықтар мен станоктардың сырттан әкелінуі, жергілікті капиталдың өте аз болуы, қатынас жолдарының нашар жағдайда болуы. Соңғысына мынадай ішкі және сыртқы факторлар жатады: метрополияның жергілікті өлкенің табиғи ресурстарын игеруге қызығушылық білдіруі және соған байланысты қалалар мен уезд территориясында әртүрлі кәсіпорындар ашуға рұқсат беруі, Ресей және шетел инвесторларының жергілікті өнеркәсіпті қаржыландыруы, Сібір темір жолының Қазақстан территориясын басып өтуі.

ХIХ ғасырдың аяғына дейін солтүстік өлкедегі өнеркәсіптің дамуы нашар жүрді, оны көптеген зерттеушілер қазақтардың көшпелі өмір салтын кешіп, тұрақты қоныстар салмағандықтан деп түсіндіреді, бірақ жергілікті қазақтарды артта қалып дамыды деп тұжырымдамау керек, өйткені өнеркәсіптің дамуы негізінен қоғамның қажеттіліктерін қанағаттандыру мақсатында жүреді, ал дәстүрлі көшпелі және жартылай көшпелі мал шаруашылығымен айналысқан қазақ қоғамында мұндай қажеттілік туындамаған. Мал шаруашылығын артта қалушылық деп қарастыруға болмайды, өйткені қазақ қоғамы ерте ме, кеш пе отырықшылыққа көшіп, өз өнеркәсібін дамытуға мәжбүр болар еді. Сондықтан ХIХ ғасырдың ортасына дейін қазақ өлкесінде өнеркәсіп кәсіпорындары түгел, қарапайым мал шаруашылығы өнімдерін өндіретін орындар да болмаған, ол туралы қазақ даласындағы сауда мен өнеркәсіптің дамуын зерттеген. Г.О.Колмогоров былай деп жазады: "Қырғыз (қазақ - М.У.) даласында және округтер орталығында күнделікті тұрмысқа қажетті былғары, сабын... дайындайтын ешбір зауыт әрекет етпейді" [11, 17 б.]. Сонымен солтүстік өлкедегі өнеркәсіптің дамуын біржақты көзқарас тұрғысынан тұжырымдауға болмайды, керісінше ондағы қайшылықты көзқарастарды табиғи-эволюциялық әдістер арқылы қарастыру қажет.

Ақмола облысының уездік қалаларындағы өнеркәсіптің дамуы нәтижесінде қалалар тұрғындарының саны өсіп, қалалардағы жергілікті халықтың да үлес салмағы өсе түсті. Өлкедегі зауыт-фабрикалар мен кен орындарында негізінен малынан айрылған жатақтар еңбек етті. Ал қалалардан алшақтау орналасқан кен орындарында мерзімдік жайылымға шыққан қазақтар еңбек етті, сондықтан осындай кен орындары кейінгі уақытта отырықшылық орындарға айналмады.

Қалаларда ірі өнеркәсіп орындарының ашылуына байланысты негізінен жергілікті қазақтардан тұрған жұмысшылар тобы қалыптаса бастайды, өйткені жергілікті қазақтар өте азғантай ғана ақыға ауыр жұмыстарды істейтін болды. Осының нәтижесінде өлкедегі қалаларға жергілікті халық өкілдері қоныстана бастайды, алғашында олар қалалар маңында қоныстанып, кейін қаланың өзіне көше бастады. Жатақтар қалалар мен отырықшы орталықтарда бөгде элемент болғандықтан, бірлесіп әрекет етуге тырысты және оларды белгілі бір беделді адам басқарды [101, 90 б.]. Қазақ жұмысшылары жөнінде "Россия" жинағында мынадай мәлімет беріледі: "Қаладағы зауыттар мен өлкедегі кен орындары мен тұз бен балық кәсіпшілігінде басты жұмысшы контингентін қырғыздар (қазақтар) құрайды. Қырғыздар (қазақтар) ішінен тек жатақтар ғана жұмысқа жалданады. Бәсекелестіктің жоғары болуына байланысты жалақы көлемі өте аз болады, сондықтан осындай азғантай ақыға тек кедей қырғыздар (қазақтар) ғана жалданады" [58, 277б.].

Қазақстанның солтүстік қалалары өлкедегі жергілікті өнеркәсіптің дамуының және соған байланысты алғашқы қазақ өнеркәсіп буржуазиясы мен жұмысшы тобының қалыптасуының көрінісі болып табылады.

Ақмола облысының уездік қалаларындағы өнеркәсіптің дамуы тау-кен ісінің және зауыт-фабрикалардың дамуымен анықталады. Қарастырылып отырған уақыттағы зауыт-фабрикаларды өндіретін өнімдеріне байланысты 4 топқа бөліп қарастыруға болады: 1) мал шаруашылығы, 2) пайдалы қазбаларды, 3) сабын және майшам жасайтын және 4) өсімдік өнімдерін өңдейтін зауыттар [58, 285 б.]. Ақмола облысының 1898 жылғы шолуындағы мәліметтерге сүйенсек, өлкеде 2257 жұмысшысы бар айналымы 1 316 679 рубльді құраған 572 зауыт әрекет еткен. Өлкедегі негізгі айналымды құраған зауыттар негізінен мал шаруашылығы өнімдерін өндірумен айналысқан, оның басқа өнімдерді өндіретін зауыттармен арақатынасын 7 кестеден көруге болады [102, 42 б.]:


7 кесте – Зауыттар өнімділігінің арақатынасы

Өнім өндіретін

Зауыттар


Зауыттар

саны


Жұмысшылар

саны



Өнімділігінің көлемі (рубль)


Жалпы

Бір зауыттың

Мал шаруашылығы

135

1066

709580

5182


Өсімдік

93

289

376253

4045

Минералдар

343

905

230846

671

Ескерту: Обзор Акмолинской области за 1898 год. Омск, 1900. – 71 б.

Ақмола облысының уездік қалаларында орналасқан зауыт-фабрикалар негізінен шикізат өндірумен айналысты. Мысалы, Швейцария азаматы Аккольдің 1885 жылы Петропавлда ашқан ішек-қарын өңдейтін зауыты, тек оларды жуып, тұздап Мәскеу мен Берлинге жөнелтумен ғана шектелді. Бұл зауытта негізінен әйелдерден тұрған 50 адам еңбек етті, олар мұнда 14 сағаттық жұмыс күні үшін 40 тиыннан еңбек ақы алып тұрды [57, 61 б.]. Дегенмен бұл зауыттың қызметі негізінен шикізат өндірумен байланысты болғанымен, ол қазақ даласының нарықтық қатынастармен қамтылуының көрінісі болды.

1861 жылы реформаның қарсаңында бүкіл Сібір казак әскерінің территориясында 15 зауыттық өнеркәсіп кәсіпорындары болған. Петропавлда 12 тоң май өндіретін, 5 тері және 3 кірпіш зауыттары әрекет етті [103, 244-246 бб.]. 1899 жылы Ақмола облысының шолуында Петропавлда 56 тоң май өндіретін, 16 былғары, 27 қойдың терісін, 3 жүн жуатын және 4 ішек-қарын өңдейтін барлығы 406 әртүрлі кәсіпорын әрекет етті делінеді [104, 46 б.]. Өлкеде мал көп сойылатын болғандықтан, әсіресе егін шықпай қалған жылдары мал шаруашылығы өнімдерін өндіретін зауыттар түсімі өз шығынын бірнеше есе ақтайтын. Мысалы, 1879-1880 жж. қыста малдың жем-шөбі болмағандықтан және 1879 жылы егіннің нашар шығуына байланысты жергілікті тұрғындар көптеген малын қысқартуға мәжбүр болды, соған байланысты көптеген зауыттар арзан шикізатқа қол жеткізді. Ақмола облысындағы мал шаруашылығы өнімдерін өндірумен айналысатын зауыт-фабрикалардың негізгі бөлігі Петропавл қаласында орналасты, оның салыстырмалы пайыздық арақатынасын 8 кестеден көруге болады [102, 43 б.]:
8 кесте - Облыс зауыттары мен Петропавл зауытының өнімділігі


Мал шаруашылығы

өнімдерін өндіретін

зауыттар түрі


Облыс зауыттарының өнімділігі


Петропавл қаласы мен оның уезі зауытының өнімділігі


Зауыт саны

Өнімділігі

Зауыт саны

Өнімділігі

%

Тоң май өндіретін

38


352572 руб.


17


192742 руб.


54,7


Былғары өндіретін

32

136541 руб.

13

106300 руб.

77,9

Қой терісін өндіретін

42

45767 руб.

12

42472 руб.

93,3

Жүн жуатын

3

130000 руб.

3

130000 руб.

100

Ішек-қарын жуатын

5

30000 руб.

2

25000 руб.

82

Ескерту: Обзор Акмолинской области за 1898 год. Омск, 1900. – 71 б.

Көкшетау уезінде 1902 жылы барлығы 203 өнеркәсіп орындары болды; 16 зауыт, оның ішінде 8 былғары өңдейтін, 1 май шайқайтын және 1 кірпіш соғатын. Көкшетауда Кривоозерный деген жерде сіріңке фабрикасы, Айдаболда спирт зауыты және Көкшетаудың өзінде ұн диірмені салынды, барлығы бұл кәсіпорындарда 431 адам еңбек етті [44, 64 б.].

Солтүстік өлкедегі өнеркәсіп орындарының көпшілігі мал шаруашылығының жағдайларына байланысты болды. Ал әртүрлі табиғи жағдайларға байланысты мал көп сойылғанда зауыттардың табыс көлемі де өзгеріп тұрды. 1879-1880 жж. Ақмола облысында көптеген қазақ шаруашылықтарында мал шығынға ұшырап, жергілікті зауыттардың айналымын едәуір өзгеріске ұшыратты.

1891-1892 жж. өлкедегі малшылар мен егіншілер шаруашылықтары дағдарысқа ұшырап, 1890 жылы өлкедегі мал шаруашылығы өнімдерін өндіретін зауыттардың айналымы 900 мың рубльғе жетті. Тек 1892 жылы айтарлықтай көп дәрежеде мал шаруашылығы өнімдерінің зауытқа тапсырылуы нәтижесінде, олар өз айналымын 1млн. рубльге немесе 18,5 пайызға өсірді [105, 16-17 пп.].

1990 жылы Ақмола облысының мал шаруашылығы өнімдерін, өсімдік өнімдерін және пайдалы қазбаларды өңдейтін зауыттардың айналымы басқа облыстардан әлдеқайда жоғары болған, олардың айналымын 9 кестеден көруге болады:
9 кесте - Ақмола облысы зауыттарының айналымы


Ақмола облысының зауыттары

Зауыттар саны


Жұмысшылар саны


Өндірілген өнім көлемі


Мал шаруашылығы өнімдерін өндіретін

226

1836 адам

1779 мың рубль

Өсімдік өнімдерін

өндіретін



159

714 адам

1043 мың рубль

Пайдалы-қазбалар

ды өңдейтін



103

935 адам

485 мың рубль

Ескерту: Россия. Полное географическое описание нашего Отечества. Т.18. Киргизский край // Под ред. В.П. Семенова. - Спб., 1903. – 469 б.

Мұнда ауыр өнеркәсіпке жататын зауыттар ішінен Омбы қаласында орналасқан шөгін құятын және механикалық зауытты атауға болады, онда 10 жұмысшы жылына 10 мың рубльдің өнімін өндіре алған.

1890-1900 жылдар аралығында, әсіресе 1896 жылдан өлкенің өнеркәсіптік дамуы едәуір жандана түседі, оны темір жол торабында орналасқан Петропавл мен Омбы қалаларының өнеркәсіптік дамуының мысалында көруге болады [58, 287 б.]. Темір жол торабында орналасқан Петропавл мен Омбы қалалары арқылы тасымалданатын жүктің көлемінің өсуіне байланысты Петропавлда 70 мың пұтқа, ал Омбыда 100 мың пұтқа арналған тоңазытқыштар салу жоспарланды. 1900 жылы сыртқа шығарылған жүктің көлемі жөнінде М.Собольев былай жазған: "Жергілікті өндіріс көлемінің өзгеруіне байланысты, оның дифференциялануы жүреді. Әрбір аймақ өзіне едәуір тиімді өндіріс түрімен шұғылданады" [106, 2 б.]. Жоғары теміржол тарифтері де жергілікті өнеркәсіптің өсіп-өркендеуіне өзіндік кері әсерін тигізді, осыған байланысты 1902 жылы Ақмола облыстық комитеті өлкенің ауылшаруашылық өнеркәсібін дамыту мақсатында осындай жоғары тарифтерді қысқарту жөнінде мәселе көтереді [107, 42 п.]. Сібір темір жолының толық іске қосылуының өзінде де, оның оның торабында орналасқан солтүстік өлкенің экономикалық дамуының көрінісі болған Петропавл мен Омбы қалаларында көптеген шикізат шоғырланып жергілікті кәсіпкерлерге қолайлы бағаға өткізілетін болды. Солтүстік өлкеден 1910 жылдың өзінде көптеген мал шаруашылығы өнімдері шикізат ретінде арзан бағамен өте көп көлемде шығарылатын болды. Ал осы шикізат көзі Ресейдің еуропалық аудандарында өңделіп дайын өнім қалпына келтіргеннен кейін, оның едәуір сапасыздары қайтадан қазақ даласына әкелінді [107, 4 п.]. Осыған байланысты жергілікті кәсіпкерлер дайын өнім өндірудің тиімділігін түсініп, өлкенің дайын өнімге деген сұранысын өздері қанағаттандыруға тырысады, әсіресе ірі өнеркәсіп орындары Петропавл мен Омбыда әрекет етеді, бұл жөнінде Ақмола облысының шолуында былай делінеді: "Жылдан жылға облыстың зауыттық-фабрикалық өнеркәсібі интенсивті сипат ала бастайды" [108, 21 б.].

Қазақстанның солтүстік қалаларында орналасқан былғары өңдеу зауыттарының айналымы басқа өнім өндіретін мекемелермен салыстырғанда ерекше тұрақты жағдайда болды. Оның осыншама қарқынды дамуының себебі мұндай зауыттар шикізатпен тұрақты қамтамасыз етіліп тұрды біріншіден, ет комбинаттарына өткізілген малдың терісі; екіншіден жергілікті тұрғындардың сойған малдарының терілері есебінен қамтамасыз етілді. Бұл жөнінде 1865 жылы Л.Мейер былай жазған: “Өңделген былғарылар есептерде жеке-жеке статьялар ретінде көрсетіліп, олардың көлемі тез өсуде, бұл қырғыздардың жаңа өнеркәсіп түрі көлемінің ұлғая түсуін көрсетеді [109, 189-190 бб.]”. Былғары өңдеуде қазақтар арнайы балшықты немесе ашшы айранды пайдаланатын болды, әдетте қазақтар тұздалған теріні ашыған айранмен өңдеп кептіретін. Ашшы айранмен өңделген тері кепкен уақытта қатып қалмайтын. Кептірілген теріні арнайы тастан, ағаштан жасалған құралдармен жұмсартатын болған, әбден жұмсарған теріні қынамен немесе басқа табиғи бояулармен бояған. Осындай бірнеше күнге созылған еңбектен кейін малдың терісінен өңделу технологиясына байланысты әртүрлі сападағы былғары өнімі шығатын болды.

Қазақтар алғашында малдың терісін негізінен үй жағдайында өңдеп тұрмыстық қажеттіліктермен шектелетін болса, енді өлкенің капиталистік қатынастармен шырмалуының арқасында былғары өндірісі Солтүстік өңірде XIX ғасырдың екінші жартысынан өнеркәсіп саласына айналды. Малдың терісі қазақ ауылдарынан арнайы түрде жиналды және қалаларда ұйымдастырылған жәрмеңкелер барысында сатып алынды. М.Киттарының деректеріне сүйенсек 1871 жылы 11 петропавлдық былғары зауыттары жалпы құны 347340 рубльдің өнімін өндірген. Ал Н.Красовский Көкшетау аймағында орналасқан былғары зауыттарының қызметін былай бағалайды: “Бұлардың әлі де қаражат көлемі шамалы, жергілікті қырғыздар (қазақтар-М.У.) тарапынан бұл тауарға үлкен сұраныс туындағанымен былғары шамалы көлемде өңделеді... өлкедегі былғары өндірісінің жақсы болашағын жорамалдауға болады” [9, 145 б.]. 1881жылы бүкіл патшалы Ресейде барлығы 3566 былғары зауыты әрекет етті, олардың 25 яғни 0,6 пайызы Ақмола облысында орналасты. Ақмола облысында әрекет еткен былғары зауыттарының 64,7 пайызы жыл бойы жұмыс істеді және ондағы жұмысшылар саны тұрақты болды, ал қалған зауыттар мерзімдік сипатта әрекет етіп, ондағы жұмысшылар уақытша ғана жұмыспен қамтылды.

Солтүстік өңірде былғары зауыттарын ашып, ондағы өндірісті басқарған кәсіпкерлердің әлеуметтік құрамы әртүрлі болды. Егер де Ақмола облысында 1869 жылы 11 кәсіпкердің 9 казактар болса, 1890 жылы кәсіпкерлердің негізгі бөлігін көпестер мен мещандар құраған, кәсіпкерлер құрамындағы мұндай өзгеріс өлкенің экономикалық өміріндегі өзгерістермен түсіндіріледі. Алғашында былғары өңдеу негізінен шағын казак станицаларында орын алса, кейінгі уақытта былғары өңдеумен арнайы түрде қалалар мен уездер территориясында орналасқан зауыттар айналысты, мұнда қалалардағы зауыттарды ірі көпестер, ал уезд территориясында орналасқан зауыттарды мещандар иеленді.

Былғары өнімдеріне деген сұраныс өскен сайын Солтүстік қалаларда жаңа капиталистік сипаттардағы былғары өндірісімен айналысатын кәсіпорындар пайда болды. 1890 жылдары Ақмолада алғашқы былғары зауыттары ашылды, бірақ олардың өндірген өнімдері Екатеринбург пен Қазан тауарларымен бәсекеге түсе алмады, сондықтан көпестердің көпшілігі жергілікті шикізатты Ресей қалаларында орналасқан кәсіпорындарға өткізумен айналысты [97, 95 б.].

Өлкедегі тұз кәсіпшілігіне келетін болсақ, жергілікті табиғаттың тұзды көлдерге ерекше бай болуына байланысты қарастырылып отырған уақытта бұл кәсіп түрі жергілікті қазақтар арасында кең дамыды. Ақмола облысында тұзды жеке адамдар ғана дайындайтын болғандықтан, бұл кәсіпшілік көлемі жағынан кең тарағанымен заманға сай дәрежеде дами қоймады. Мұнда тұз кәсіпшіліктерімен негізінен жергілікті қазақтар айналысты. ХХ ғасырдың басында Ақмола облысында 11 көлден тұз өндірілді, олардың ішіндегі ең ірі тұзды көл Омбы уезіндегі Теке болды, онда 40000 пұт тұз өндірілді. Петропавл уезіндегі тұзды көлдерден 62000 пұтқа дейін тұз өндірілді. Ал облыстың барлық тұзды көлдерінде жиналатын тұздың көлемі 310000 пұтқа жетеді. 1891жылдан бері қазақ даласындағы барлық тұзды көлдер жергілікті қазақтардың меншігі деп жарияланды. Алайда тұз кәсіпшіліктерімен айналысушы қазақтар өндірілген тұзды қалаға жеткізе алмайтын болғандықтан, олар тұздың көп бөлігін делдал казактарға өткізетін болғандықтан бұл кәсіпшілік арқылы өздерінің материалдық жағдайын жақсарта алмады. ХІХ ғасырдың аяғында Солтүстік өлкеде осындай алыпсатарлықпен айналысатын қазақтар саны 400-дей адамды құраған, қазақтардан тұзды арзанға сатып алып қала базарларында 2-3 есе қымбатқа сататын болған, осындай сауда барысында қазақтар баюдың орнына, керісінше азактарға қарызданып отыратын. Егер де қала базарларында тұздың бір пұты 15-20 тиын тұрса, қазақтар оны өткізуші казактарға бір пұттын 5-10 теңгеге сататын [58, 284 б.].

Қазақстан экономикасы тікелей Ресей экономикасымен тығыз байланыста дамығандықтан метрополияда орын алған өнеркәсіп төңкерісі Қазақстанның өнеркәсібіне айтарлықтай оң әсер етті. Оның нәтижесінде жергілікті өнеркәсіп орындары бу двигательдерімен және басқада механикалық жабдықтармен жабдықталды. Осының нәтижесінде солтүстік өлкеде зауыт-фабрикаларға иелік еткен жергілікті өнеркәсіп буржуазиясы қалыптаса бастайды, сауда буржуазиясымен салыстырғанда өнеркәсіп буржуазиясының қалыптасуына көптеген сыртқы және ішкі факторлар кедергі болды. Атап айтсақ біріншіден, жергілікті өлкеде сапалы дайын өнім өндіретін кәсіпорындар аз болғандықтан, жергілікті шикізат Ресейдің ішкі аудандарында орналасқан зауыттарға мол түсім әкелді; екіншіден жергілікті өнеркәсіп негізінен орыс немесе ағылшын кәсіпкерлерінің қаражатына байланысты әрекет етті, сондықтан өлкедегі кәсіпорындар пайдасының айтарлықтай көп бөлігі шетелдік инвесторлардың қоржынында кетті. Мысалы, Көкшетау уезіндегі Бурабайда орналасқан консерві зауыты ағылшын азаматы Бергельдің иелігінде болды және осы уездегі көптеген алтын кеніштеріне ағылшын өкілдері иелік етіп, олардың жалпы табысының 50 пайызын иеленді.

Жалпы қазақ даласындағы, соның ішінде солтүстік өлкедегі тау-кен өндіру ісі ХІХ ғасырдың бірінші жартысында басталып, сол ғасырдың екінші жартысында біршама даму сатысына көтеріледі. Алтын өнеркәсібі мен мыс балқыту ісі 1825 жылдан басталды, бірақ олардың едәуір дамуы 1870-1880 жж. ғана байқалды. Тас көмір өнеркәсібі басқа өнеркәсіптермен қатар жүріп, тек 1890 жылы Павлодар уезінде Воскресен тау-кен өнеркәсібі қоғамы құрылғаннан кейін ғана қарқынды дамыды. Өлкедегі тау-кен ісінің дамуы жөнінде мәліметтер 1855 жылдан ғана кездеседі. Ол мәліметтер бойынша жалпы қазақ даласындағы кен орындарының саны 1896жылға дейін 560 болған, оның 460 Семей облысында, ал 100 Ақмола облысында әрекет еткен. Ақмола облысындағы пайдалы қазбаларға едәуір бай уездер: Ақмола, онда мыстың, күмістің, қорғасынның 50 кен орны және тас көмірдің 25 кен орны болған; Көкшетауда 100 алтын кеніштері мен бірнеше тас көмір, топаз кен орындары; Атбасарда 15 мыс, тас көмір, қорғасын және күміс кеніштері әрекет етті. Бірақ аталған кеніштердің тек кейбіреулері ғана әрекет еткен, оның өзінде олар сырттан келген капиталдың қаржыландырылуымен және ағылшындар мен ресейліктердің басқаруымен жүргізілген. Жергілікті кәсіпкерлер болса бұл өте тиімді саланы әлі де болса игере қоймаған еді.

ХІХ ғасырдың ортасына дейін өлкедегі кен орындары Поповтар, Рязановтар сияқты адамдар басқарған азғантай ғана фирмалардың қолында болды. Соңғы уақытта ғана Воскресен акционерлік қоғамы, Деровтың, Касаткиннің, Титовтың фирмалары ашылды. Олардың кеніштеріндегі жұмыстар банктердің несиелеріне байланысты ауытқып тұрды, ал кейбір жағдайларда тіпті тоқтатылды. 1900 жылы Ақмола облысындағы барлық кеніштерде шамамен 320-дан 400-ге дейін адамдар еңбек етіп, 90 мың рубль жалақы алған. Мұнда қазақтар тек жазғы уақытта қосымша табыс табу мақсатында кеніштерде еңбек етіп, күн суықта өз қыстауына оралалатын болған.

Кен орындарындағы жұмысшылардың еңбек ақысы біркелкі болған жоқ, 1893 жылы Поповтың кен орнындағы жұмыстар қожайынның асырауында бола тұрып, айына 3 рубльден 25 рубльге дейін, ал қызметшілер 30 рубльден 50 рубльге дейін; Деровтың кен орнындағы жұмысшылар өздерін өздері асырап айына 9 рубльден 15 рубльге дейін, ал қызметкерлер 15 рубльден 60 рубльге дейін алып тұрды. Бұдан көретініміз әр кен орнында әртүрлі еңбек ақы көлемі белгіленген. Өлкеде фабрикалық инспекторлар болмағандықтан, жұмысшылардың тұрмыстық жағдайын қорғайтын бір адам болмаған. "Жұмысшы қырғыздар (қазақтар) әбден кірлеген әрі иістенген киіз үйлер мен жертөрелерде тұрады, тек кейінгі жылдары олар үшін кейбір жерлерде казармалар салынған. Қызметшілер отыратын орындар едәуір жобалы. Мұнда ішінара дәрігерлік пунктер кездеседі, бірақ жергілікті қырғыз (қазақ) жұмысшылары көбінесе үйде жатып емделеді" [58, 282 б.]. Осындай кәсіпорындарда еңбек еткен жұмысшыларға жасына, денсаулық жағдайларына байланысты ешқандай зейнетақы төленбейтін болды. Воскресен акционерлік қоғамына қарасты кеніштерден басқа жерлерде мектеп, мешіт, дәрігер болған жоқ.

Қазақ даласының пайдалы қазбалары әуел бастан орыс зерттеушілері мен кәсіпкерлерінің қызығушылығын туғызған. Мұнда орыс кәсіпкерлерінің кен орындары ежелгі қазақтың кеніштерінің орнында ашылды [58, 278 б.]. Жергілікті өлке кеніштерінде пайдалы қазбалардың өте көп түрі өндірілді: күміс, мыс, қорғасын, темір, алтын, магнит темірі, глаубер тұзы, графит, тас көмір, т.б. түрлі-түсті металлдар. Ақмола облысының 1898 жылғы шолуына сүйенсек, 1897 жылы осындай кеніштердің саны Ақмола, Омбы және Көкшетау уезінде 104 жеткен, олардың 7 тас көмір, 1 темір кеніші, 4 мыс-күміс кеніші, 9 күміс-қорғасын кеніші, 1 түсті тастар және 82 алтын кеніштері. 1898жылы пайдалы қазбаларды өндіруге 7 рұқсат құжаты берілген.

Кен орындарында жұмыс жүргізу үшін кәсіпкерлер әкімшілік басшылықтан арыз жазу арқылы арнайы рұқсат құжаттарын алып, жер иелері жергілікті қазақтардан жерді жалға алатын болды. Сосын барып өз қаражаты жетпесе банктерден әртүрлі көлемдегі несиелер алып кейін жұмыстың оңға басуы нәтижесінде олар үшін табысқа қол жеткізіп, банк несиелерін қайтарып берді. Кәсіпкерлердің осындай үлкен табысқа қол жеткізуіне бірнеше факторлар әсер етті: біріншіден, жергілікті өлкенің кен орындарына бай болуы; екіншіден, арзан жұмыс күшін пайдалану; үшіншіден, кәсіпкерлердің нақты табыс көлемін жасырып отыруы.

Тау-кен өнеркәсібі негізінен Ақмола мен Көкшетау уездерінде кең дамыды. Алтын кеніштерінің басым бөлігі Көкшетау уезінде , ал Ақмолада тас көмір мен мыс кеніштері жұмыс істеді. Осы уездердегі тау-кен өнеркәсібінің дамуы жөнінде мынандай мәліметтер беріледі: "Өлкедегі тау-кен өнеркәсібінің дамуы кәсіпкерлер мен капиталдың бөлуіне байланысты жүреді. Кәсіпкерлерге қырғыздардан жалға алған жерлерінде бос жерлердегідей құқықтарға ие болса, онда өлкедегі өнеркәсіп едәуір дами түсер еді. Оған тау-кен ісімен айналысуға рұқсат сұрап өтініш білдірген тізім куә бола алады және осы өңірге теміржол торабы тартылса, өлкеден шығатын пайдалы қазбалар мен мал шаруашылығы өнімінің көлемі өсіп, жергілікті өлкенің өсіп - өркендеуіне әсер етер еді». Осындай мәлімет Ақмола облысының 1898 жылғы шолуында берілген, ал бұдан жиырма жыл бұрынғы өнеркәсіптің дамуы жөнінде Ақмола облысы басқармасының журналында келесі мәтіндегі мәлімет берілген: "Сабын қайнататын және малдың майын өндіретін зауыттар саны жағынан да, өнімділігі жағынан да өлкедегі шикізатты өндіруді қамтамасыз ете алмайды. Ал техникалық жабдықталуы жағынан алғанда өнеркәсіптік даму сатысында тұр" [111, 9 п.К.]

Өлкедегі өнеркәсіптің дамуы статистикалық мәліметтерге сүйенсек әр жылда әр түрлі болған, оның осындай ауытқып тұруына жергілікті ауылшаруашылық жағдайымен қатар сыртқы факторлар да әрекет етті, әсіресе Ресейдің ішкі аудандарындағы нарықтың жағдайларына байланысты [112, 46 п.].

Өлкедегі алтын өнеркәсібінде негізінен ұсақ кәсіпорындар басым болды. Олар ресейлік инвесторлардың және жергілікті банктердің берген қаражаттарына әрекет етті. Алтын өнеркәсібінің дамуы нәтижесінде қалаларда жаңа мекемелер ашылып, осы аталған өнеркәсіп түрін реттеумен айналысты. Қалаларда іс жүргізушілер, аудармашылар сияқты жаңа жұмыс орындары ашылды. Өлкедегі алтын кеніштеріндегі жұмыстар негізінен көктемгі және жазғы уақытта жүргізілетін болғандықтан олардың көпшілігі мерзімдік сипатта болды, өйткені кеніштердегі жұмысшылар негізі қазақтардан тұрғандықтан барлық жұмысшылар қазақтардың жайылымға шығу уақытымен байланысты болды. Мұнда жұмысшылар 5-12 сағат жұмысы үшін 2-10 рубль еңбек ақы алып тұрды.

Ақмола облысы бойынша барлық алтын кенішінің жылдық өнімділігі 1 және 7 пұт аралықтарында болды. Жергілікті кенішінде негізінен ұсақ алтын өндірді, егер де жер астындағы алтын өндірсе көрсеткіш әлдеқайда жоғары болар еді, бірақ ағаштың қымбат болуына байланысты алтын ашық кеніштерде ғана өндірілген. 1900 жылы Ақмола облысының уездік қалаларында бар болғаны 18 кен орны әрекет етті, онда 598 жұмысшы 1449 пұт құмды жуып, 20 фунт 67 золотник алтын өндірді. Алтын өнеркәсібінде 1869 жылдың 18 мамырында бекітілген жаңа ережелер қабылданды, бұл ережелер белгілі бір аймақтық алтын арасындағы тазартылған алтынды сату және сатып алу тәртібін реттеді. XX ғасыр басында бір алтын золотнигінің құны 2 рубль 30 тиыннан 3 рубль 80 тиынға дейін тұрды.

Қазақстанның солтүстік қаласынан күміс Петербург монета жасау үйіне және мыс Екатеринбург сияқты қалаларға жөнелтілді. Кен орындарында қожалық еткен қазақтар саны өте аз болды. Мұнда негізінен орыс, татар, және шетел кәсіпкерлері иелік етті, мысалы: Көкшетауда мыс кен орнында иелік еткен татар Рахматуллинді атауға болады [112, 16 п.]. Өлкедегі тау-кен өндірісінің дамуы қалалар экономикасының дамуына үлкен әсер етті, қалаларда ірі кәсіпкерлерге кен орындарда жұмыс істеуге рұқсат беретін куәліктер берілетін болды [113, 74-75 бб.]. Ресей өнеркәсібіне Қазақстаннан жіберілген мыстың, қорғасынның, тас көмірдің, алтынның, күмістің, цинктің және мұнайдың көлемі жылдан-жылға өсіп отырды. 1882-1892 жылдар аралығында алтын кенін өндіру 13,31-ден 23,38 пұтқа жеткен [114, 121 б.]. Барлық кен орындарындағы қазақ жұмысшыларын жатақтар құраған, қалалық жерлердегі өнеркәсіп орындарында еңбек еткен жатақтар қалалар маңында өздерінің уақытша үйлерін тұрғызған, мұндай ауылдар жылдан-жылға көбее түскендіктен жергілікті әкімшіліктер оларды номерлермен белгілеуге мәжбүр болған, мысалы № 1 немесе № 5 ауыл деп [115, 2 б.].

Қалалар маңына қоныстанып әртүрлі жұмыстарға жалданатын ауылдар кейбір деректерде рулық деп те аталады: "Көп жағдайда әрбір ауқаттылау қырғыз бір ауылдың қожайыны болып табылады, бұл ауылдың құрамына бірнеше кедейлеу туыстас жанұялар кіреді, мұнда жатақтар кеп те қосылды, жатақтар малсыз қалған қырғыздар, олар бақташылар, қара жұмысшылар ретінде жалданды. Бұл ауылдарды нөмірлермен белгіленген әкімшілік мекендермен салыстырғанда рулық деп атауға болады [75, 293 б.].

1898 жылы өлкедегі 72 зерттелген алтын кен орындарының тек 11 ғана әрекет етті және ондағы 667 еңбекшілердің көпшілігі тырусышылардан құралды, ал ондағы алтын өндіру жұмыстары негізінен ашық әдіс арқылы жүргізілді. Осы жылдары Көкшетаудағы алтын кен орындарындағы жұмысшылар ағаш бағасының қымбат болуына байланысты, жер бедеріне тереңдемей беткей ғана жүргізілетін болған және еңбек құралдары өте қарапайым болды, егер де басқа кен орындарында жарылғыш заттар пайдаланатын болса, мұнда күрек, қайла, лом сияқты еңбек құралдары ғана болған [116, 75-76 бб.].

Алтын кеніштеріндегі жұмысшылардың жалақысы шамамен 2-10 сомды құрады және олардың тамағы мен уақытша тұрағын қожайындары төлеп тұрды. Әдетте кен орындарының иелері жұмысшыға әрбір өндірілген алтын золотнигі үшін 3 рубль төлеп тұрды, сондықтан жұмысшылардың табысы өндірілген алтынның көлеміне байланысты болғандықтан олардың жұмыс күнінің ұзақтығы 5 сағаттан 12 сағатқа дейін созылды. Өлкеде алтын кеніштері өте көп болғанымен, олардың өнімділігі көңілден шыға қоймады, кәсіпкерлердің бастапқы капиталы аз болғандықтан, олардың өндіріс барысындағы жетістіктері де аз болды.

Едәуір көп алтын өндірілген жыл деп 1885 жылды атауға болады, бұл жылы 8 пұт алтын өндірілген. Ал бұдан кейінгі жылдары алтын өндіру ісі кеніштердің көптігіне қарамастан жылдан-жылға төмендеп отырды. Жергілікті жағдайларға байланысты алтын өнеркәсібінің мынандай себептерін көрсетуге болады:

1) Зерттеу жұмыстары жүргізілмегендіктен, жаңа қолайлы кен орындарының болмауы;

2) Кен орындарының маңында судың аз болуы және оны пайдалануды реттейтін ережелердің болмауы;

3)Кен орындарын ашқан кәсіпкерлердің аз капитал жұмылдыруы.

Өйткені кәсіпкерлер бастапқы капиталдың көлеміне емес, өздерінің бақтарына сенді.

4) Кен орындарындағы жұмыстар шаруашылық сипатта емес, тырысушылық жұмыстармен ғана шектелді. 5) Капиталы бар кәсіпкерлердің қызығушылық танытпауы

6) Билік тарапынан көрсетілген қысымшылық.

1898 жылы жер шаруашылығы мен Мемлекеттік мүлік министрінің жарлығымен Тобыл-Ақмола тау-кен аймағында жергілікті алтын кәсіпкерлерінің екінші съезі шақырылды, онда дала генерал-губернаторының бағдарламасы талқыланды. Бұл съезд Көкшетау уезінің Дорофеевка селосында аймақтық инженердің төрағалық етуімен жүргізілді. Оның жұмысына далалық аймақтағы Мемлекеттік мүлік басқармасынан депутат, ішкі істер министрлігінің өкілі және жергілікті алтын кәсіпкерлері қатысты, олар мұнда бүкіл жергілікті алтын өнеркәсібінне жұмылдырылған кәсіпкерлердің мүддесін білдірді. Съездің жұмысы 3 отырысқа созылды, онда негізінен басқа уездерге қарағанда алтын кәсіпшілігі жақсы дамыған Көкшетау уезі алтын өнеркәсібінің жалпы қажеттіліктері мәселесі қозғалды. Съезд отырысының күн тәртібінде кен орындарының пошталық байланысы, аурухана жабдықтау және кен орындарда казармалар салып жұмысшылардың тұрмыстық жағдайын жақсарту сияқты кезек күттірмейтін маңызды әлеуметтік және экономикалық мәселелер талқыланды.

Мәліметтерге сүйенсек, Қазақстанның солтүстік өлкесіндегі тау-кен өндірісімен айналысатын кәсіпкерлер саны өсе түскен, бірақ кеніштердің санының көбейгеніне қарамастан, ондағы жұмыстар бірқатар себептерге байланысты баяу жүргізілген. Өйткені көптеген кен орындары қалалардан алыс болғандықтан онымен қатынас бірнеше күнді алатын болды. 1914 жылы Ақмола облысында 6 адам 104 жерде барлау жұмыстарын жүргізді. Осы жылы 38 адамға өтініштері бойынша кен орындарында жұмыс істеу құқықтары берілген. Өлкедегі жекеменшік кен орындарының қызметі жөніндегі мәліметтер мұрағат құжаттарында көптеп кездеседі [117, 99 п.]. Ондағы құжаттарды талдап отырсақ, Ақмола облысының территориясында кәсіпшілікпен айналысуға көптеген басқа ұлт өкілдерінің ниет білдіргендерін көреміз, жергілікті ұлт өкілдерінің арыздары өте сирек кездеседі. Тау-кен кәсіпшілігіндегі жұмыстар белсенділігі қаржыландыру көлеміне байланысты болды.

1914 жылы Атбасар акционерлік қоғамына қарасты Қарсақпай мыс балқыту зауытының салыну жұмысы жалғасып, Спасск акционерлік қоғамына қарасты Успен кенішінің маңынан кен байыту зауытын жабдықтау басталады. Бұл жұмыстардың қарқынды жүруіне Ресейдегі саяси дағдарыстар да өз әсерін тигізді.

1914 жылы Ақмола облысында келесі тау-кен кәсіпшіліктері жұмыс істеді (10 кесте) [95]:

10 кесте - Ақмола облысының тау-кен кәсіпшіліктері



Кәсіпшіліктер

түрі


Кәсіпшіліктер саны

Қожайындар саны

Істеп жатқан

Тоқтап тұрған

Барлығы

Зауыттар

1

-----

1

1

Мыс кеніштері

4

19

23

2

Тас көмір кеніштері

1

4

5

2

Барлығы:

6

23

29

5

Ескерту: Обзор Акмолинской области за 1914 год. Омск, 1915. – 83 б.

1914 жылы Спасск акционерлік қоғамына қарасты Спасск мыс балқыту зауыты ғана жұмыс істеді. Бұл зауытқа мыс Успен кенішінен, ал көмір Қарағанды кеніштерінен жеткізілетін болды. Осы жылы барлығы 1875166 пұт руда балқытылып, одан 290463 пұт таза мыс алынады.

XX ғасырдың басында мыс кендерін өндірумен төрт кеніш айналысты, олардың өндірген кендерінің көлемін 11 кестеден көруге болады:

11 кесте - Мыс кендерін өндіріретін кеніштер



Кеніштер атауы

Иелік еткен қоғам

Өндірілген кеннің көлемі

Успен кеніші

Спасск акционерлік қоғамы

1283330 пұт

Покров кеніші

Атбасар акционерлік қоғамы

395350 пұт

Марин кеніші

Атбасар акционерлік қоғамы

11730 пұт

Надеждинский кеніші

Атбасар акционерлік қоғамы

10750 пұт

Барлығы:




1701,160 пұт

Ескерту: Россия. Полное географическое описание нашего Отечества. Т.18. Киргизский край // Под ред. В.П. Семенова. - Спб., 1903. – 469 б.

Бұл кестеден көретініміз Успен кен орнының пайдалы қазбаны өндіруі басқаларға қарағанда едәуір жоғары болған. Бұл кеніш 1899 жылдан бастап жұмыс істеуде, сондықтан ондағы кен өндіру жұмыстары үлкен тереңдікте жүргізілетін болды. Егер де алғашқы уақытта 30-70 сажень тереңдікте жүргізілсе, кейін 80-110 сажень тереңдікте жүргізілетін болды. Мұндағы мыс кенінің көлемі шамамен 29954059 пұтты құрағандықтан, бұл кеніштен болашақта 2 млн. жуық мыс алу жоспарланды. Сонымен Успен кенішімен қамтамасыз етілген Спасск зауыты 5 жыл бойы кенді Успен кенішінен алатын болады деп жоспарланды.

Атбасар Акционерлік Қоғамының кеніштеріне келетін болсақ, олардың жабдықталып іске толық қосылуы кеш жүргізгендіктен, олардың өндіру жұмыстары 25 сажень тереңдікте ғана жүргізілді. Бұл қоғамға қатысты кеніштердің кенінің қоры шамамен 3008400 пұт деп белгіленеді. Бұл мыс кенін Жезқазғанда салынып жатқан зауытта өңдеу көзделді.

1910-14 жылдары көмір кенін өндіру негізінен Спасск акционерлік қоғамына қарасты Қарағанды кеніштерінде жүргізілді. 1914 жылы мұнда өндірілген көмір кенінің көлемі 5 млн. пұт тас көмірді құрады. Бұл кеніштірдегі көмір қоры 32 млрд. пұтты құраған. Қарағанды кеніштерінен басқа Ақмола уезінің көлемінде бес тас көмір орны зерттелген, бірақ онда қазбаны өндіру жұмысы мүлдем жүргізілмеген.

1914 жылы алтын өндіру ісі үш кеніште жүргізіліп төмендегідей нәтижелер берді (12 кесте) [95]:
12 кесте – Алтын өндіру кеніштері


Кеніштердің

атауы


Құрамында алтыны бар кварц пен топырақ өндіру

100 пұттағы алтын көлемі

Таза алтын көлемі

1913 жылмен салыстырғанда артық өндірілген өнім

Пұт

Золотник

Бөлік

Фунт

Золотник

Фунт

Золотник

Георгиевский

124250

2

67

34

46

9

56

Ирмовский

4600

2

82

1

35

1

35

Владимирский

3500

4

04

1

48

1

48

Барлығы

132350

9

57

37

33

12

43

Ескерту: Обзор Акмолинской области за 1914 год. Омск, 1915. – 83 б.

Георгиевский кеніші Шпрингбахтың иелігінде, ал Ирмовский мен Владимирский Фадеев пен Зенковтың жеке иеліктерінде болды. Бұл үш алтын кен орны да Тайынша жәрмеңкесіне мал айдайтын, жолдарда орналасты. Ақмоладан 186 верст және Петропавлдан 250 верст жерде әрекет етті. Алтын кеніштеріндегі жұмыстар XIX ғасырдың аяғындағыдай, тек пайда табу мақсатында ғана жүргізілгендіктен, ондағы өндеу жұмыстары нәтижесінде көптеген алтын далада қалатын болды. Мүмкін осындай жағдайлардың себебі кен орындарында басқа ұлт өкілдерінің иелік етуінде болар. Мысалы, Көкшетау уезінің Бурабай ауылының маңындағы Ораз-Шарты-Сор бен Ораз-Үлкен-Сор өзендерін ағайынды Менщиков жалға алып, өздерінің жалға алған уақытының ішінде олар едәуір көп тұзды өндіруге тырысқан. Ол үшін олар арнайы зауыт тұрғызып, соның нәтижесінде 1914 жылы 17585 пұт тұз өндірген. Ағайынды Менщиковтар өндірілген тұзды жергілікті жерде саудаға түсірмей оны Қорған қаласында орналасқан шыны шығару зауытына жөнелтіп отырған. XX ғасырдың басында Ақмола облысының тау-кен өнеркәсібіне жұмылдырылған жұмысшылардың саны, жалақысының көлемі мен өмір сүру жағдайлары жөніндегі мәліметтерді 13 кестеден көруге болады [58]:


13 кесте – Жұмысшылардың әлеуметтік жағдайының кестесі

Кен өндірген кәсіпшіліктер

Жұмыс күндердің саны

Жұмысшылар саны

Орташа жалақы көлемі

ерлер

әйелдер

Руб.

Коп.

Спасск зауыты

365 күн

1118 адам

----------

1 руб.

04 коп.

Успен кеніші

356 күн

501 адам

----------

-----------

98 коп.

Қарағанды кеніші

352 күн

711 адам

----------

1 руб.

02 коп.

Тау-кен байыту зауыты

135 күн

69 адам

----------

1 руб.

22 коп.

Покровск зауыты

296 күн

247 адам

24 адам

1руб.

22 коп.

Қарсақпай зауыты

288 күн

1061 адам

62 адам

----------

70 коп.

Барлығы

------------

3724 адам

91 адам

1 руб.

04 коп.

Ескерту: Россия. Полное географическое описание нашего Отечества. Т.18. Киргизский край // Под ред. В.П. Семенова. - Спб., 1903. – 469 б.

Кен орындарындағы жұмысшылар қатары орыстар мен қазақтардан тұрғанымен, олардың негізгі бөлігін қазақтар құраған. Малынан айрылып күнкөріс көзісіз қалған қазақтар өте аз көлемдегі жалақы үшін ешбір талап қоймай өте ауыр жұмыстарды атқарған. Ақмола облысының шолуына сүйенсек, 1914 жылы кен орындарында еңбек еткен жұмысшылардың еңбек күнінің ұзақтығы 8 сағаттан 12 сағатқа дейін созылған. Жұмысшылар үшін тұрғын үйлер тек жыл бойы жұмыс істейтін кеніштерде ғана салынған. Ондай мекемелердің қатарына Спасск пен Қарсақпай зауыттары мен Успен, Покровск және Қарағанды кеніштерін жатқызуға болады. Бұл кәсіпорындарда еңбек еткен орыстар негізінен кәсіпорын үйлерінде өмір сүрді. Жазда олар киіз үйде, ал қыста уақытша салынған қыстақ үйлерде тұратын болды. Ал Ақмола облысындағы кен орындарында әрекет еткен дәрігерлік мекемелердің жағдайына келсек, шамамен орташа 745 жұмысшыға Спасск зауытында бір дәріханасы, бір дәрігер мен екі фельдшері және 25 науқас адам жататын орыны бар бір аурухана; Успен кенішінің 500-дей адамына бір дәріханасы, бір дәрігер мен бір фельдшері және 6 науқас адам жататын орыны бар бір аурухана, Қарағанды кенішінің 700-дей адамына бір дәріханасы, бір фельдшері және 6 науқөс адам жататын орны бар бір аурухана; Қарсақпай зауытының 1000 шақты жұмысшысына бір дәріханасы, бір дәрігер мен бір фельдшерлері және он жеті науқас адам жататын орны бар 2 аурухана қызмет көрсетті. Барлығы бұл өлкедегі кеніштер мен зауыттарда бес дәріханамен елу алты науқас адам жататын орны бар алты аурухана әрекет еткен және ондағы науқастарды үш дәрігер мен алты фельдшер емдеген [58]. Кеніштер мен зауыттарда еңбек еткен жұмысшыларға балаларын оқытуға қажетті білім беру мекемелері де қажетті болды, өйткені кеніштердегі жұмысшылардың саны өскен сайын олардың жұмыс берушіге қоятын талаптары да өтімді бола бастаған. Сондықтан кеніштерде аралас мектептер ашылған: Спасск зауытында 92 ер бала мен 13 қыз балаға бір мұғалима мен екі мұғалім білім берген екі кластық бір мектеп; Успен кенішінде 27 ер бала мен 2 қыз балаға бір мұғалім білім беретін бір кластық мектеп; Қарағанды кенішінде 36 ер бала мен 9 қыз балаға бір мұғалім мен бір мұғалима білім берген бір кластық мектеп; Покровск кенішінде 40 ер балаға бір мұғалима білім берген екі кластық мектеп әрекет еткен. Сонымен өлкедегі кеніштерде барлығы 119 оқушысы мен 7 мұғалімі бар 4 төменгі мектеп жұмыс істеген.

Біз қазіргі таңда қарастырылып отырған кезеңдегі Қазақстанның өнеркәсіптік дамуын қарастырғанда әртүрлі қайшылықты көзқарастарға тап боламыз. Мәселен, зерттеуші Фридманның еңбектерінде Қазақстандағы өнеркәсіптің дамуы шетел инвесторларының қаржылық демеуіне байланысты жүргізіліп, жергілікті халықтың экономикалық өміріне ешбір әсер етпеді деп түсіндіреді. Мұндай көзқарастың жақтаушылары қазақ жеріндегі капиталистік қатынастар жергілікті халықты шарпымай оқшауланып дамыды деп түсіндіреді және жергілікті жердегі өнеркәсіп орындары мен кеніштердің иелері шетел азаматтары болғандыгын келеңсіз құбылыстар қатарына жатқызады, әрине отандық өнеркәсіп орындарына жергілікті ұлт өкілдері иелік еткендігі ұлттық экономика үшін әлдеқайда тиімді болар еді. Бірақ біз білетініміздей қазіргі кездің өзінде де отандық өнеркәсіп орындарында шетелдік инвесторлардың қаржысы жұмылдырылған. Сондықтан қазіргі таңда XIX ғасырдың аяғы мен XX ғасырдың басындағы Қазақстан экономикасын қарастырған уақытта әсіре сыни тұрғыдан қарастыруға болмайды.

Сонымен Ақмола облысының уездік қалаларының экономикалық дамуында маңызды орын алған өнеркәсіптік даму шикізат көзі ретінде дамып ұлттық мақсатты көздемейді. Өнеркәсіпке деген мұндай көзқарас кейінгі кездері елдің шикізат көзі ретінде дамуына негіз салып келеңсіз нәтижелерге жол берді. Дегенмен өнеркәсіп дамуының жетістік жақтары да орын алды, әсіресе көптеген пайдалы қазбалардың зерттелуі мен жергілікті өнеркәсіп буржуазиясының қалыптасуы. Тұжырымдай келсек, Қазақстанның солтүстік қалаларындағы сауда-саттықтың, көп жағдайда тонаушылық сипатта жүргізілгеніне қарамастан және де кен орындары мен зауыттардың шикізат көзі ретінде дамығандығына қарамастан, олар аймақ экономикасының капиталистік, буржуазиялық сипатта бой көтеріп, қарқынды дамуының айғағы болды.





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12


©kzref.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет