Қазақстан республикасының білім және ғылым министрлігі



жүктеу 2.68 Mb.
бет6/12
Дата12.09.2017
өлшемі2.68 Mb.
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12

Қалаларда 1647 тұрғынға бір мектеп келсе, уздерде 2019 адамға бір мектеп келген. Оқушылар қалаларда барлық тұрғындардың 7 пайызын құраған, ал уездерде оқушылар барлық тұрғындардың 2,5 пайызын құрады.Оқу орындарының оқушылары діни наным-сенімдері бойынша төмендегідей бөлінген (15 кесте):

15 кесте - Оқушылардың діни наным-сенімдері бойынша бөлінуі


Діни бағыт

Оқушылар саны

Православиелік


44257 адам

Старообрядтық және единоверлік

304 адам

Римдік-католиктік

660 адам

Қасиетті лютерандық

516 адам

Иудейлік

435 адам

Мұсылмандық

3599 адам

Басқа діндегілер

1749 адам

Ескерту: Россия. Полное географическое описание нашего Отечества. Т.18. Киргизский край // Под ред. В.П. Семенова. - Спб., 1903. – 469 б.

Облыстың барлық оқу орындарының негізгі бөлігі Омбы мен Петропавл сияқты екі Солтүстік қалаларда орналасқан. Бірақ бұл қалалардың өзінде оқу орындарының аздығы байқалады, әсіресе 4 әйелдер гимназиясы орналасқан Омбы қаласында барынша айқын байқалады. Облыстың Көкшетау, Ақмола, Атбасар сияқты басқа уездік қалаларында орта оқу орындары ашылмағандықтан тұрғындар өз балаларын Омбы мен Петропавл қалаларына жіберуге мәжбүр болған. Бұл үшін көп қаражат керек болғандықтан тұрғындардың едәуір ауқатты бөлігі ғана өз балаларын аталған қалалардағы оқу орындарына жібере алған. Ал облыстың басқа қалаларында балалары үшін бастауыш оқу орындарын ашу мақсатындағы Сібір қырғыздарының шекаралық басқармасының атына жазылған арыздар 1853 жылдың өзінде түсе бастаған. Осы орайда Сібір қырғыздарының шекаралық басқармасы бастығының: "кедей қырғыздар (қазақтар) үшін мектептер ашу және оның орындалуына кедергі болатын себептер жөнінде мәліметтерді маған ұсыныңыз деген Сібір қырғыздарының шекаралық басқармасының 1853 жылдың 19 қарашасындағы № 2854 бұйрығын мысалға келтіруге болады [126, 54 п.].

Қалалар мен станицаларда оқу орындарын ашу жөнінде Батыс Сібір оқу аймағының Ақмола мен Семей облыстарының халықтық училищелерінің директоры А.Е.Алекторовтың Ақмола облысының әскери губернаторының атына жазған өтінішін атауға болады, онда Алекторов жаңа училищелерді ашу үшін қажетті несиенің көлемін белгілеу үшін әлі күнге дейін мектептер ашыла қоймаған елді-мекендер санын сұраған [127, 6 п.].

1914 жылдың 18 ақпанында Көкшетау қаласында тек бастауыш оқу орындары ғана болғандықтан халықтық училищелер директоры Ақмола облысының әскери губернаторына өтініш білдіреді: “Көкшетау қаласында тек бастауыш оқу орындары ғана бар. Сирек жағдайда ғана оқушылар осы мектептерді аяқтағаннан кейін, орта оқу орындарына түседі, олар негізінен ата-аналарының қолында тұрып, оларға шаруашылық жүргізуге көмектеседі. Сондықтан оқушылар мектептегі сабақ барысында қандайда бір тәжірибелік білімдер алғаны жөн. Қазіргі уақытта үкімет халыққа қажетті мамандықтар ашуға ешбір қарсылық білдірмейді және жалпы білім беретін оқу орындары жанынан қолөнер бөлімдері мен қол еңбегі сыныптарын ашуға рұқсат береді. Ондай бөлімдер жергілікті қоғамдық мекемелер тарапынан қаржыландырылу керек делінген. Соған орай Көкшетау Қалалық басқармасының осындай бөлімдерді ашу жөніндегі мәселені қозғауы орынды болып табылады. Көкшетаудағы аралас приходской училищесі жанындағы қолөнер бөлімінің жұмысы үшін қажетті қаржыны көлемі бір жылға 2500 руб. құрайды. Ал құрал-жабдықтар сатып алу үшін 2400 руб. және ғимарат салуға 2500 руб. қажет. Көкшетау қалалық басқармасы бюджетінің тарлығына байланысты қолөнер бөлімінің құрал-жабдықтар сатып алыуна 100 руб. ғана бөлінеді. Сондықтан үкімет тарапынан тұрақты шығынға 2500 руб. және жыл сайын бірмезгілді 4800 руб. бөліну керек. Қолөнер бөлімі ғимаратын салу үшін қажетті жерді Көкшетау қоғамдық басқармасы бөліп беретін болды. Бұл қолөнер бөліміне Көкшетау қалалық училищесінің (87 оқушы), приходской ерлер училищесінің (126 оқушы) және аралас училищенің оқушылары (146 оқушы) түсе алады. Сонымен қатар Көкшетау қаласында аралас училище жанынан қыздарға арналған тігін мен тоқуды үйрететін сыныптарын ашу қажет. Мұндай сыныптардың біржылдық жұмысы үшін 400 руб. қажет:

Қолөнер оқушыларына –300 руб.

Материалдар мен құрал-жабдықтарға –65 руб.

Оқу құралдарына –15 руб.

Ұсақ-түйек шығындарға –20 руб.

Бұдан басқа оқу сыныбын жабдықтау үшін бірмезгілдік 100 руб. көлеміндегі қаражатты Көкшетау қоғамдық басқармасы бөліп отыр.

Мен өз тарапымнан Көкшетау қаласында осындай ер балалар мен қыздарға арналған қолөнер бөлімдерінің ашылуын жөн деп санаймын және Сізден жоғарыда аталған іс-әрекеттерді жүзеге асыруға рұқсат беруіңізді өтінемін”,- деп аяқтамайды өз өтінішін халықтық училищелердің директоры [128, 12 п.К.]. Шынында да 5000 тұрғыны бар Көкшетау қаласында тек жалпы білім беретін бастауыш мектептер ғана жұмыс істеген, сондықтан 1914 жылы қалада қолөнер бөлімдерін ашу жұмыстары жүргізіле бастайды [128, 13 п.].

Бастауыш училищелер облыстың барлық қалаларында ашылған, бірақ Омбы мен Көкшетау уездерінде мұндай оқу орындарының тапшылығы сезіледі [95, 68 б.]. Бұл қалалардың басшылығы қыздарға арналған бастауыш училищелерді ашу жөнінде өтініштер білдірген: “Көкшетау қаласы әйелдер орта оқу орындары ашылмаған далалық өлкедегі жалғыз қала. Қала тұрғындары өздерінің қыздарын білімдерін жалғастыру үшін басқа қалаларда орналасқан оқу орындарына жіберуге мәжбүр. Мысалы, Маринскідегі бастауыш училищеге. Сондықтан олар өздерінің қыздарын білімін жетілдіру үшін Петропавлға жібереді немесе үйде қалдыруға мәжбүр болады. Бұл жағдайда Көкшетау қаласы, тіпті Щучье, Николаевск және Есілкөл станицаларынан да төмен тұр. Өйткені оларда қыздарға да рұқсат етілген қалалық және бастауыш училищелер ашылған. Мұндай рұқсатты Көкшетау қаласында орналасқан училищеге де беруге болар еді, бірақ мұндағы училищенің ғимаратының жағдайы төмен болғандықтан (ескі әрі тар) училище болуға шарамсыз болып табылады. Егер де Көкшетау қалалық басқармасы училище үшін жаңа ғимарат салғызып беретін болса, қала училищесі Халық ағарту Министрлігінің 1912 жылдың 25 маусымдағы ережесіне сай орта оқу орнына айнала алады. Мен өзімнің жыл сайынғы жылдық есебінде Көкшетау қаласында прогимназиялар және әйелдер бастауыш училищесін салу жөнінде өтініш білдіремін [108, 18 б.]. Мұндай мәтіндегі өтінішті Көкшетау қалалық басқармасы да жолдап отырған, бірақ онда тек қалалардың анықтамалық бөлігі ғана берілген, ал жалпы қала тұрғындарының құрамындағы оқушылар мен приходской училищелерінде білім алып жатқан қыздардың саны көрсетілмеген.

Жалпы білім беретін мектеп жүйелерінің жобасы бекітілгеннен кейін, қалаларда бастауыш білім берудің дамуы қамтамасыз етілді. Мұндағы жалғыз ғана кедергі, ол мектептердің жабдықталған жекеменшік ғимараттарының көп жағдайда жалға алынып және ол ғимараттардың көпшілігінің жағдайы қанағатсыз болды. Бұл бағытта қалалық өзін-өзі басқару органдары мектептердің осыншама қиыншылықты жағдайын түсініп бірқатар шараларды жүзеге асырды. Осындай шаралардың шеңберінде Омбыда үш тас мектеп ғимараты салынды. Петропавлда да осындай жұмыстар атқарыла басталды. Бірақ қалалық өзін-өзі басқару орындарының әрекеттеріне қарамастан қалалық мектептер әліде барлық қиындықтардан арыла алмады.

Қалалық мектептермен салыстырғанда ауылдық жерлердегі жалпы білім беретін мектептер айтарлықтай қиындықтарға душар болды. Ауылдық жерлерде мектеп ашудың екі кедергісі болды: біріншіден, дәстүрлі білім беру жүйесін қолдаған қазақ отбасылары; екіншіден, ең көп қиындық туғызған арнайы жемешеншік мектеп ғимараттарының болмауы. Ауылдық қоғамдар бірқатар себептерге байланысты мектеп ғимаратын өз қаражаттарына тұрғыза алмағандықтан, үкімет бөлген ақшаның көлемі аз болып ол ауылдағы мектептерде туындаған барлық қиындықтарды жоя алмады. Осындай жағдайда қазақтың белгілі ағартушысы Ы.Алтынсарин сияқты мәдени белсенділер мен ауыл ауқаттылары мектептерді өз қаржыларына ашып, мектептердің барлық қажеттіліктерін қанағаттандыруға көмектесетін болды.

Мектептерді жалға алынған ғимараттарда орналастырудың өзіндік қиындықтары болды, әсіресе ауылдарда мектеп ғимаратынының талаптарына жауап беретін үй табу өте үлкен қиыншылықтар туғызған, осындай жағдайда елдің ауқатты азаматтары артық үйлерін немесе өздерінің азық-түлік қоймаларын мектепке сыйға тартып жатты. Әрине бұл бір жағынан қайырымдылық шарасы болғанымен, екіншіден олар өздерінің есімдерінің құрметке бөленіп, билік аппаратына белгілі болуын көздеді. Дегенмен олардың білім беру жүйесіне тигізген көмегі өте зор болды. Уақыт өте қазақтар заманның талабын түсініп өздерінің тұрып жатқан үйлерін мектеп ғимаратына ұсынатын болды. 1902 жылдың 1-3 қарашасында Ақмола мен Торғай облыстарының халықтық училищелерінің директоры А.Е.Алекторов Көкшетау уезінің Қызыл-ағаш мектебін ашуға қатысады. Бұл мектепті Көкшетау болысының №1 ауылында ашу көзделген еді, бірақ мұғалімдерге тұрғындардың ешқайсыда өз үйлерін мектепке жалға бермейтінін айтып, ауылда мектеп ашуға қарсылықтарын білдіреді. Бірақ мұның барлығының себебі ауыл тұрғыны Мыңжасаровтың айтуына қарағанда екі нәрседе болған: біріншіден мектеп ашылған жағдайда оған 500 десятина жер байлығы беріледі де оны оқушылар өңдейді деген әңгіме: екіншіден, осы ауылда тұрып қазақ балаларына дәріс оқитын татар молла қарсы болған. Осыны бәрін түсінген А.Е.Алекторов қазақтарға мектеп үшін ешбір жердің тартып алынбайтынын және оқушылар онда тек білім алумен ғана айналысатынын түсіндірген. Бірақ ауыл тұрғындары әлі де мектепке қолайлы үйдің жоқтығын сылтау етіп мектеп ашуға қарсылықтарын білдірген. Мәселенің осыншаша шиелініскен уақытында Тәжіғұл Қосдәулетовтың әйелі Зылиқа оқудың пайдасы жөнінде өз ойын ауыл тұрғындарымен бөлісіп, әңгімесінің соңында ол өз үйін мектепке сыйға беретінін жариялады. Үйдің бөлмелерін қарап шығып А.Е.Алекторов, Қосдәулетовтың күйеуіне пешті жөндеуді ұсынды, ал ол болса өз алдына пешті бір аптаның ішінде жөндеймін деп уәде берді. Алғашында бұл мектепке 11 оқушы ғана жазылса, кейін уақыт өте келе ауыл тұрғындары мектептің пайдасын түсініп міндетті түрде өз балаларын мектепке жіберетін болды [129, 72 б.].

Ауыл мектептерінде де қалалық мектептердің үлгілерімен 6 училищенің жанынан қолөнер бөлімдері ашылды. Мұндай қолөнер бөлімдерінің түлектері облыс территориясындағы шеберханалардан орын табатын болды. Осындай бөлімдердің тиімділігін түсінген жергілікті билік өкілдері тағы 4 қолөнер бөлімдерін ашуды жоспарлады.

Облыс территориясында қазақ балалары үшін барлығы 73 орыс-қазақ мектептері ашылды. Олардың саны жылдан-жылға көбейіп отырды, әсіресе орыс қоныстарымен жақын орналасқан қазақ ауылдарынан осындай мектептерді ашу жөнінде көптеген өтініштер жазылды. 1914 жылы халықтық училищелер жұмысын жақсарту мақсатында 1 және 4 инспекторлық аудандарды өз алдына екі-екіден бөлу жоспарланады. Бірақ Бірінші дүниежүзілік соғыстың басталуына байланысты мұндай оң шаралар жүзеге асырылмай қалады және де инспекторлар саны көбеймей, олардың жұмыс көлемі өсе түседі.

Ақмола облысының уездік қалаларында 1903 жылы жұмыс атқарған оқу орындарының қызметін 16 кестеден көруге болады:
16 кесте - Қалалардағы оқу орындарының қызметі


Қалалар

Оқу орындарының атауы

Петропавлда



5 кластық ерлер мектебі, 4 кластық қыздар прогимназиясы, 2

церковно-приходская мектебі, қыздар приходской училищесі,

2 станциялық мектеп және 6 медресе [58, 345 б.]


Омбыда


кадет корпусы, ерлер мен қыздар гимназиясы, мұғалімдік

семинария, төменгі техникалық-механикалық училище,

төменгі техникалық теміржол училищесі, орталық ерлер

фельдшерлік мектебі, қыздар рогимназиясы, қалалық 5

кластық училище, қазақ және орыс балаларына арналған

пансионат, 7 ерлер және 5 қыздар мектебі, 4 шіркеулік мектеп.

Барлығы Омбыда 3850 оқушысы бар 31 оқу орны жұмыс істеді

[58, 373 б.]



Ақмолада



қалалық 3 кластық училище, қыздар прогимназиясы, 2 бастауыш мектеп және төменгі ауылшаруашылық мектеп жұмыс істеді [58, [360 б.]

Көкшетауда


2 төменгі ерлер мектебі және 1 төменгі қыздар мектебі жұмыс істеді [58, 340 б.]

Атбасарда


Қалалық бір кластық училище мен қазақ қыздар мектебі

жұмыс істеді [58, 354 б.]



Ескерту: Россия. Полное географическое описание нашего Отечества. Т.18. Киргизский край // Под ред. В.П. Семенова. - Спб., 1903. – 469 б.

Бұдан көретініміз облыс қалаларының көбінде орта білім беретін орындар болмаған, сондықтан қазақ балалары бастауыш оқу орындарын аяқтаған соң Омбы, Орынбор, Қазан қалаларының оқу орындарына түсетін болған. Осындай оқушылар өтінішінің ішінде кейіннен белгілі жазушы атанған Спандияр Көбеевтің өтініші кездеседі [129, 30-31 бб.]. Уақыт өткен сайын бастауыш училищелерді аяқтаған қазақ балаларының орта оқу орындарына өтініштері көбейе түседі. Бұл өлкедегі жүргізіліп жатқан оқу-ағартушылық ісінің нәтижесі болды. Ақмола облысының оқушылары негізінен Омбы қаласындағы оқу орындарын таңдайтын болды. Қазақ баларына мұндай оқу орындарына түсуге рұқсат XIX ғасырдың 80-90 жылдары берілді.

Қалалардағы орта оқу орындарына түсу үшін қазақ балаларының бастауыш білім жөніндегі құжаттары қажет болды. Оқу орындарына түскен қазақ балаларының жасы 10-12 жас аралықтарында болды. Мәліметтерге сүйенсек олардың орыс тілінен, арифметикадан, географиядан білім көрсеткіштері өте жақсы болған. Дегенмен дүниетанымы айтарлықтай дамыған қазақ жастары үшін урбандалған орыс тілдес қала кеңістігіне үйрену өзіндік қиыншылықтар туғызды. Осындай жағдайда ат төбеліндей азғантай қазақ оқушыларының қатары орта оқу орындарының жағдайына үйренгенімен қалалық өмірдің ерекшеліктеріне үйрене алмай тұрақсыз жағдайға душар болды. Ал қазақ даласында қазақ тілін білетін қызметкерлер мен әртүрлі кәсіби мамандық иелерінің жетіспеуі дәстүрге айналды. Осыны түсінген облыстық басқарма оқу орындарының әкімшілігімен бірлесе отырып ауылдан және басқа қалалардан келген оқушыларға арналған арнайы пансионаттар санын көбейту ісіне кіріседі. Пансионат қызметкерлері тәрбиешіден, директордан, күзетшіден және қосалқы қызметшілерден тұрды. Көп жағдайда пансионаттар жұмысын оқушыларды оқуға арнайы жолдамамен жіберген уезд басшылары қаржыландыратын болды. Оқушылар тәртіп бұзған жағдайда оларға әртүрлі жеңіл жазалар қолданылды. Олар бұзақылық деңгейіне байланысты 6 сағат карцерге қамау, тәртібін төмен ұпайымен бағалау және ата-анасына хабарлау сияқты жазалардан тұрды. Ал пансионаттан шығару өте сирек жағдайларда ғана қолданылды, өйткені мұндай жағдай пансионатқа оқу орнының алдында және пансионаттардың әрекет етуіне қаржы бөліп тұрған уезд басшыларының алдында да абырой әкелмейтін болды.

Омбы оқу орындарында білім алған қазақ оқушылардың санын 17 кестеден көруге болады [130, 197 б.]:

17 кесте - Омбыда білім алған қазақ оқушыларының саны




Оқу орындарының атауы

Оқушылар саны

1

Техникалық училище

12 адам

2

Мұғалімдік семинария

19 адам

3

Орталық фельдшерлік мектеп

20 астам

Ескерту: А.А.Айтмухамбетов К проблеме мотивации выбора обьекта обучения казахскими учащимися в конце XIX - начале XX вв. // Тезисы докладов V региональной научно-методической конференции посвященной 30-летию ОмГУ. Омск, 2004. – Б. 196-199



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12


©kzref.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет