Қазақстан республикасының білім және ғылым министрлігі



жүктеу 2.68 Mb.
бет7/12
Дата12.09.2017
өлшемі2.68 Mb.
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12

Бұл кестеден біз оқушылардың едәуір көпшілігінің фельдшерлік мектепте оқығандығын көреміз, өйткені осы уақытта қазақтар арасында дәрігерлер өте тапшы болатын. Медицина шенеуніктерінің есептеріне қарағанда 1880 жылдан бастап жыл сайын фельдшерлік мектептен 2-3 қазақ дәрігері шығатын болған [131, 1 п.]. Сонымен қазақ жастары үш сатылы білім алу үрдісінен өтетін болды: 1) төменгі және бастауыш училищелерден тұрған бастауыш білім алу деңгейі; 2) семинариялар мен гимназиялардан тұрған орта білім алу деңгейі; 3) институттар мен университеттерден тұрған жоғары оқу орындары. Мұғалімдік семинарияның, техникалық училищенің және фельдшерлік мектептің уездік оқушыларына мамандықтары бойынша Санкт-Петербург қаласының жоғарғы оқу орындарына барып білімдерін жетілдірулеріне жолдама берілетін болды. Техникалық училище түлектерінің ішінде Әлихан Нұрмақұлы Бөкейханов қана Санкт-Петербург орман-техникалық институтына жолдамамен барып түседі [132, 201 п.]. Белгілі қоғам қайраткері Ә.Бөкейханов сияқты адамдардың азамат болып қалыптасуына жоғарыда аталған білім беру орындары үлкен әсерін тигізді.

Омбы қаласы тұрғындарының саны жағынан 1900 жылы Сібірде үшінші орынды иеленгендіктен (52 мың адам тұрды) [58, 372 б.], қаладағы қоғамдық-саяси өмір мен мәдени өмірдегі жаңалықтар оқымысты қазақ жастарын өркениеттік үрдіске ат салысуға итермеледі. Омды қаласындағы орта оқу орындары мемлекеттік кеңестің 1864 жылдың 25 шілдесіндегі қаулысына байланысты, тек провославиелік сенімдегі адамдарды оқытатын болды: "...Мұғалімдік семинариялар директордан бастап оқушыларына дейін православиелік сенімдегі адамдардан тұру керек" [133, 383 б.]. Бірақ саяси көзқарастарды көздеген шенеуніктер қазақ жастарын оқу орындарына алу арқылы өздерінің орыстандыру саясатын жүргізуге тырысты. Қазақ жастары орыс тілін меңгеріп, білім мен ғылымды осы тіл арқылы танығандарына қарамастан, олар өз халқының қамын ойлаған азаматтар болып қалыптасты. Семинария директорының 1900 жылғы есебінде 3-ші сыныптың 16 оқушысының 15-сі семинария курсын ойдағыдай аяқтап мұғалім атағына ие болды деген мәліметі келтіріледі, олардың ішінде бір қазақ жігіті болған. Мұғалімдік семинарияны аяқтаған қазақ жастарының құжаттарында басқа түлектермен салыстырғанда қазақ мектептерінде сабақ беру құқығы беріледі деген ескерту болды.

Мұғалімдік семинарияда білім алушы қазақ жастары үшін «Мұғалімдік семинариялар ережесіне» байланысты арнайы стипендиялар бөлінді, бірақ олардың көлемі орташа өмір сүру деңгейінен де аз болды. Стипендиялар өз алдына мемлекеттік және жеке тұлғалар стипендиялары деп екіге бөлінді. Мұнда мемлекеттік стипендиялар мемлекеттік қазына тарапынан, ал жеке стипендияларды арнайы тапсырыспен губерния, облыс басшылықтары бөліп отырды. Оқушылар қатарында аталған категориялардан басқа өз қаражатына білім алушы, ешқандай стипендия алмайтын, былайша айтқанда коммерциялық топтар кездесетін болды. Стипендиялардың көлемі аз болғандықтан семинария оқушылары аз да болсада өз қаражаттарын үнемдеп ұстау мақсатында қаланың шеткей аудандарында орналасқан пәтерлерді жалдап тұруға мәжбүр болды [134, 37 п.]. Пәтерлерін жалға көбінесе қаржылай жағдайлары нашар жалғыз қалған адамдар беретін болды. Дәрігерлердің анықтауы бойынша осындай қала шетіндегі ескі үйлердің тар бөлмелерін жалдап тұрған адамдар (оқушылар) көп жағдайда әртүрлі жұқпалы ауруларға шалдығып, туберкулез сияқты қауіпті өкпе ауруларымен де ауырды [134, 15 п.]. Мұндай дертке шалдыққан оқушылар екінші жылға немесе мүлдем оқудан шығарылды. Екінші сынып оқушысы Авкиньев мұғалімдік семинария басшылығына жазған өтінішінде: "Денсаулық жағдайыма байланысты мені оқу курсынан қалып қойғандықтан, сол сыныпта екінші жылға қалдыруыңызды өтінемін..." деп жазған. Ал үшінші сынып оқушысы Рождественскийдің әкесі 1880 жылдың 7 тамызында педкеңеске баласының демалыс кезінде дертке шалдығып сабақтарға келе алмайтындығын хабарлаған. Семинария дәрігері Рождественскийдің баласының қауіпті дертке шалдыққанын хабарлағаннан кейін, педкеңес Рождественский 1 қазанға дейін жазылмаса, оқудан шығарып 1 тамыздан стипендиясын тоқтату шешімін қабылдады [134, 31 п.].

Семинария оқушыларының стипендиясына губерния басшылары қосымша қаражат бөліп тұрды, бірақ мұндай бір мезгілді қаражат көзі семинария оқушыларын барлық қиыншылықтардан құтқара алмады [135, 16 п.]. Сондықтан оқушылардың осындай ауыр жағдайын ойлаған семинария басшылығы 1879 жылдың 10 тамызында семинария жанынан интернат ашу мәселесін көтереді [134, 3 п.].

Қазақстанның солтүстік қалалары өлкенің әлеуметтік-экономикалық және саяси-әкімшілік орталығы ретінде дамығандықтан, оларда мәдени өмірдің барлық прогрессивті құбылыстары орын алды. Қалалардың халық санының өсуіне және әкімшілік маңызының артуына байланысты мәдени өмірдің негізгі көрсеткіштерінің бірі болған қоғамдық кітапханалар мен мерзімдік баспасөз құралдарының қызметі жақсарып дами түсті. Мұнда қазақ, татар, өзбек және түрік тілдеріндегі әдебиеттер жеткізілді. XIX ғасырдың екінші жартысында Қазан қаласында басылған қазақ тіліндегі әдебиеттердің көпшілігі Қазақстанның солтүстік қалаларының жәрмеңкелерінде сатылды [125, 30 б.]. XIX ғасырдың екінші жартысында Қазан қаласында басылған қазақ кітаптарының жалпы тиражы жарты миллионға жуық дананы құраған. Облыс тұрғындарының айтарлықтай бөлігі қазақ және орыс әдебиеттерін бірдей пайдаланды. 1888-1902 жылдар аралығында Омбы қаласында қазақ тілінде "Дала ұялаты" газеті шығып тұрды, оның бетінде мәдени, тарихи, саяси және халықаралық жағдайларды хабарлайтын материалдар орын алды. Бұл басылым бетінде сонымен қатар әдеби сипаттағы материалдар да жарық көріп тұрды. Осындай жан-жақтылығының арқасында бұл басылым көпшілік оқырман қауымының көңілінен шыға білді. Бірақ метрополияның бағынышты халыққа қатысты ұстанған саясатына байланысты XIX ғасырдың екінші жартысынан түркі тіліндегі әдебиеттер қысқартылып, олардың орнына орыс тіліндегі кітаптар мен журналдар көптеп енгізілді. Мұндай әдебиеттер ағымы тек ғылыми және көркем әдебиеттерден ғана тұрған жоқ, сонымен қатар Қазан сияқты қалаларда арнайы бастырылған миссионерлік бағыттағы әдебиеттер де орын алды.

Енді әр қаладағы қоғамдық кітапханалардың дамуына тоқталып өтсек, өлкенің әкімшілік орталығы рөлін атқарған Омбы қаласында 1900 жылы: бастауыш білім беру жағдайын қамту қоғамының кітапханасы, казак кітапханасы және жекеменшік кітапхана болған [58, 373 б.]. Омбы қоғамдық кітапханасының негізін 1860 жылдардың басында "Сібір патриоттары" қоғамының мүшесі, қазақтарға қатысты көптеген іргелі еңбектердің авторы Е.Усов қалады [125, 31 б.]. Ал XIX ғасырдың 60 жылдарының ортасында XX ғасырдың басына дейін әрекет еткен В.И.Квятковскийдің жеке меншік кітапханасы ашылды.

XX ғасырдың 40-60 жылдарында Сібір арқылы Қазақстанға енгізілген әдебиеттердің көлемін кедендік басқарманың есебі, облыстың статистикалық есебі сияқты әртүрлі деректерден кездестіруге болады. Актау басқармасының негізі қаланғанда, оған "Апостол", "Триофи", "Жалпы Минея", "Үлкен требник", "Октоно" (2т.) сияқты діни-христиандық мазмұндағы әдебиеттер тапсырылды [136, 3 п.]. Жоғарыда аталғандай шекарада орналасып өркениеттер мен мәдениеттерді тоғыстырған солтүстік қалаларда газет, журналдар мен әртүрлі мәтіндегі әдебиеттер үлкен сұранысқа ие болды. Өлкеде кітаптардың сұранысқа ие болуының нәтижесінде сауда керуендерінің құрамында әртүрлі кітаптар да тасымалданды. Осындай керуендердің бірі Нұра өзенінің маңында тонаушылыққа ұшырайды, онда әртүрлі тауарлармен қатар 35 дана кітапта ұрылар қолында кетеді. Осы кітаптар иесінің мәлімдеуінше ол кітаптардың әрбіреуінің құны 2 руб. болған [137, 4 п.]. Сібір қырғыздары даласына енгізілген кітаптардың көлемін 18 кестеден көруге болады [9, 455 б.]:

18 кесте - Сібір қырғыздары даласына енгізілген кітаптардың көлемі


Жылдар

Кедендердің атауы


Петропавл кітап

саны/ бағасы


Преснов

кітап саны/бағасы

Омбы

кітап саны/бағасы

Коряков

кітап

саны/ бағасы


1857

5004/1031

200/15

-

167/70

1858

6408/916

529/41

13/134

-

1859

5364/122

420/69

43/40

-

1860

3054/461

243/39

14/-

-

1861

3866/458

180/25

-

-

орташа

4739/597

314/38

23/58

-

Ескерту: Красовский Н.И. Область сибирских киргизов. Ч. 3. – Спб., 1868. – 264 б.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12


©kzref.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет