Атырау облысында Каспий теңізінің жағалауында екінші күн бойы қамыс өртенуде. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Фото iStock
Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметінің мәліметінше, 100 гектар алқаптағы қамыстың жануы 2 наурызда сағат 15:45-те Құрманғазы ауылынан 40 шақырым жерде, Құрманғазы орманшылығының аумағында болған.
Құрманғазы ауданының №7 өрт сөндіру бөлімінің, орман шаруашылығы мен әкімдіктің техникасын пайдаланып 36 адам өрт сөндірді.
Төтенше жағдайлар минстрлігінің соңғы мәліметтері бойынша, Каспий жағалауындағы отпен күрес әлі де жалғасуда.
-
"Ағаттық кетсе, цианид өзенге құйылады": Шығыс Қазақстан облысында алтын өндіру фабрикасының салынуы төңірегінде дау шықты
-
"Семей орманы" резерватындағы алапат өртке қатысты тергеу аяқталды: Сот алдында кімдер жауап береді
"Елді мекендерге қауіп жоқ. Өртті сөндіру батпақты және тығыз жерлер мен өсімдіктердің әсерінен қиынық тудыруда. Бұл арнайы техниканың өтуіне кедергі жасайды", — деп хабарлады министрлік.
Экология министрлігінің мәліметінше, сапалы техниканың жетіспеушілігі Қазақстандағы орман және дала өрттеріне қарсы күрестің тиімділігін төмендетуде.
Даулет — природовед и путешественник. Его увлечение природой Казахстана и исследования вносят неповторимый вклад в наше издание.