Ќазаќстан Республикасыныѕ Білім жјне єылым министрлігі



жүктеу 3.08 Mb.
бет14/19
Дата09.09.2017
өлшемі3.08 Mb.
түріМонография
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   19

«Жастүлек, Нұрманбет ханның баласы» – Ауыз әдебиеті. Әңгіме жанры. Тақырыбы: Нұрманбет ханның баласы Жастүлектің ерлігі суреттеледі. Батырға тән тұлпары «Дүлділдің» Тайбурыл сияқты тіл бітіп көмекке келуі т.б. Ең бастысы әкені сыйлау ұғымы басты назарға алынған. Отанға деген сүйіспеншілік, туған жер, туған елді қорғау азаматтық парыз саналған. Патриоттық, ұлттық тәрбие мәселесі де қамтылған. Әңгіме «Желкілдек» деп аталады. Ал, Жастүлек ерте өліп қалады да, бейнесі онша ашылмайды. Көбіне Желкілдектің образы жақсы ашылған. Әңгіме зерттеушілер тарапынан өзінің шынайы бағасын алған жоқ. Әңгімені мектеп алды, мектептің бастауыш сыныптарында оқытуға лайықты. Әңгіме өзінің жастарға ұлттық тәрбие беруімен құнды. Тілі де көркем, балаларға лайықты тілмен, ұғынықты жазылған. Әңгіменің мәні мен мазмұны қысқаша былай айтылады. Жүз тоқсан екі жастағы Нұрманбет деген хан өмір сүрген. Оның Өзтемір деген інісі болған. Нұрманбеттің екі қызы: Күнікей, Тінікей деген болған. Екеуі түс көріп, түсінде еліне жау шауыпты. Нұрманбет енді қайттік, Өзтемір де үйде жоқ деп жылайды. Алпыс баламен асық ойнап жүрген жеті жасар Жастүлек әкесінің жылағанын естіп келеді. Өзтемір жоқ болса, мен бармын, батаңды бер, жауды қырайын дейді. Әкесі, Дүлділін, семсерін береді. Содан жаудың Телегей деген батырымен жекпе-жекке шықпақшы болғанда, Телегей қатты боран соқтыртып, Жастүлек Дүлділдің ақылымен үйіне қайтып келеді. Келе жатқан жаудан қыздар Жастүлектін үстін қазанмен жауып тастайды. Телегей тауып алып, баланы өлтіреді. Өзтемір жауды іздеп жолға шығады. Желкілдек деген бала кездесіп, ақыры Өзтемірді аға қылып, Телегейді жеңіп еліне қайтады. Әңгіме желісі мифтік сарынға құрылған. Мысалы, Дүлділдің оң аяғымен жер тарпып, сол аяғын көкке көтерсе, қайтпа! Егер де сол аяғымен жер тарпып, оң аяғын көкке көтерсе, қайт! – деген хабары батырлар жырына тән құбылыс. Атсақ, оны ата алмаймыз, Шапсақ, қылыш өтпейді, Күнді боран соқтырды, аяз қылдырды дегендер – гипербола. Мұндай тілдік құралдар әңгіменің ажарын келтіріп, әсерін одан сайын күшейте түсері анық [37, б.26-47].

«Жанжалкент» – қала аты. Мәшһүр-Жүсіптің «Сапар өлеңдері» Ышқышбап сапары – деген өлеңінде аталады. Ышқышбап – дегеніміз, Ыдырыс пайғамбар сонда жерленген. Мәшһүр-Жүсіп 37 жасында, 1895 жылы Ышқышбапқа бару үшін сапарға шыққан. Өлең 1896 жылы жазылған. Орта Азиядағы қала аттары: Ташкент, Қожакент, Қазакент және Жанжалкент сөз болады. Негізінде Жанжалкент қала аты. Өйткені, кент – деген қала деген ұғымды берген.

Мәшһүр-Жүсіп:


Екі кент қатын айлық, қатар сыйлық,

Денсаулық – тірі адамға үлкен байлық.

Тауға кіреберісте жол үстінде,

Атанған Жанжалкент деп, ол-шын байлық


– деп, жолды бұдан басқа Ескендір мұнарасын көргенін, Қоңыр, Бұқа тауларынан өткенін, одан Қоқан, Бұхараға Ышқышбаптың зиратына соққанын өлеңге арқау еткен [9, б.114].

«Досан» – төре. Қарқаралы төрелері деп аталған. Мәшһүр-Жүсіп 45 мәтінде Бөкей ханның 3-ші хатонынан туған Тәукеден: 1. Құсбек, 2. Түбек, 3. Арыстамбек, 4. Қашқымбай, 5. Молдахан. Арыстамбектен Мейірхан. Бұлар Кентда болады. Ханбаба оғлы (Ж) Досан, мұнан Қылыш төре, мұнан Ибраһим төре, мұнан Иүніс төре. Бұ әулатлар Бура елінде, Өскемен оязында. Бұл Ханбаба (Ж) Баянауланың күншығысында жер аты «Ханбаба» делінеді. Досан төренің әкесі Ханбаба деген. Қанбабаны Ханбаба деген төреден ат-шафан жолын беріп, Малқар баласы Қарфиқ алоб қалған. Қозған Қабыл балалары байлықбин қоныс қылып, оның тұқымын дүние беріп, қара орыннан тайдырған деп жазады 46 мәтінде. 47 мәтінде Барақтың бір хатынынан Ханбабатөре, Маман, Таһир, Бөкей. Ханбабадан Досан, мұнан Қылыш төре. Бұлардың тұқымы Өскемен атырабында, Бура елінде. Маман, Таһир, Бөкей әулетінің Қарқаралы елінде иортлары [34, б.168].

«Жүсіпбек» – бел баласы. Мәшһүр-Жүсіптің «Мұқыш Жұпарұлы» – деген өлеңінде айтылады. Мәшһүр-Жүсіп:
Мұсаның ақ сақалды Садуақасы,

Жетпістен осы күнде асқан жасы.

Баянаула халқынан бас боп келген,

Жүсіпбек – Құдай берген бел баласы


– деп, Баянаула елінің сыйлы азаматы болған Жүсіпбектің шынайы бейнесін жасайды [29, б.73].

«Жылқайдар» – Сары ұрпағы. Арғын-Құтан-Мейрам-Сүйіндік-Суғыншы-Шуманақ-Құлболды-Айдабол-Жанқозы-Сары-Нар-Майқара. Майқарадан: Бекет, Жылқайдар, Бекайдар, Жылқыбай төрт ұл туады. Сары Жылқайдардың үшінші атасы. Мәшһүр-Жүсіптің:
Айдаболда: Жылқайдар Майқара ұлы,

Жаннатіл Бақияның өзінде өлген


– деп өлеңге қосқан Майқараұлы Жылқайдар осы – Айдабол Сарының ұрпағы [9, б.205].

«Айбура» – (Аққора) он бесінші атасы. «Шежіре өлең» 1903 жылы жазылған. Бұл шежіреде 15 – ата Айбура (Аққора) айтылмайды. Ал, «Шежіре өлеңде» Айбура (Аққор) 9 – ата – Айырқалпақ, 10 – ата – Спаиян, 11 – ата Майқы, 12 – ата Жабалхан, 13 – ата Алаш, 14 – Аламан. 15 – ата осы – Айбура (Аққора). Мәшһүр-Жүсіп:
Он үшінші атаң аты – Алаш,

Он төртінші – Аламан, оған жалғас.

Он бесінші – Айбура (Аққора) деп естиміз,

Он алтыншы Сейіл ғой, етпе талас


– дейді. «Шежіре» өлеңде: 1 – ата – Арғын баба, 2 – ата – Мейрам, 3 – ата – Қарақожа, 4 – ата – Ақжол, 5 – ата – Құтан, 6 – ата – Қаракелімбет, 7 – ата – Жанарыс-Орта жүздің, 8 – ата Қарақпар, 9 – ата – Айырқалпақ, 10 – Сапиян, 11 – ата – Майқы, 12 – ата – Жабалхан, 13 – ата – Алаш, 14 – ата – Аламан, 15 – ата – Айбура (Аққора), 16 – ата – Сейіл, 17 – ата – Мағаз, 18 – ата – Жабалхан, 19 – ата – Әнес, 20 – ата – Мәлік. Ауызша шежіре болған соң аталардың арасында үлкен айырмашылықтар бар. Ал мына ауызша шежіреде: Ескі тарихи сөздерді осындай бір сөздер де айтылады. Хазірет Ғакаша сахаба Ан хазіретініміздің 17 орында туын көтерген еді. Мұнан сүйікті сахабасы болған жоқ еді. Ғакашаның баласы – Зайырмардан. Зайырмарданның ұғлы – Мәлік. Мәліктің ұғлы хазірет Әнес (Анас) сахаба атамыз. Хазірет Әнестің ұлы – Мағаз. Мағаздың ұлы – Жабал. Жабалдың ұлы – Сеһил (Сейіл). Сеһилдің ұлы – Ақшолпан иалан Аққурай. Ақшолпаны қазақ: «Ақша хан» – деп те айтатын болса керек. Аққурайдан – Сейілхан, Жайылхан туды. Сейілханнан – сегіз арыс Түрікпен туды. Жайылханнан – Ақкелімбет, Ақкелімбеттен Майқы туды. Үш жүздің түп атасы – Майқы би. «Түгел сөздің түбі бір, түп атасы – Майқы би» – деген сөз тарихтарда қалды. Майқыдан – Аламан, Аламаннан – Алаш туды. Алаштан – Өзбек пен Сыбан. Сыбаннан – Айырқалпақ, Өзбектен – Қарақалпақ туды. Айырқалпақтан – Қазақ, Қарақалпақтан – Созақ туғанын жазды Мәшһүр-Жүсіп. Ауызша жеткен шежіреде Аламаннан – Алаш, ал, Айбура (Аққора) деген жоқ [39, б.120-123, 34, б.74-84].

«Айқожа» – ишан. Қылдыбайұлы Айқожа. Мәшһүр-Жүсіп «Күні кеше Қуандықтан шыққан Арық Қоңырбай Айқожа ишаннан халфе болып шыққан; ... », – дейді. Қуандықтан алтау туады: Есенқарт, Аманқарт, Алтай, Қарпық, Борыш, Темеш, Қарпықтан – Тінәлі, Мәмбет, Күзей. Күзейден туған Тоқа. Тінәліден: Әжіке, Әлімбет, Үсейін, Қасқа. Үсейіннен: Құттыбай, Жайылмас. Құттыбайдан: Құттымбет, Тілеуімбет. Құттымбеттен – Қарабас, Дербісәлі, Айдар, Торғай. Қарабастан: Дүкен, Баянбай, Түгелбай, Теңізбай, Төлек. Дүкеннен-Қылдыбай. Мұнан: Айтқожа халфе, Шырай қажылар, Әбей қажылар. Айқожа 1857-1858 жылдары туған, Мәшһүр-Жүсіппен замандас кісі болған. Айқожа өзі би, сөзге шешен кісі болған [34, б.105, 113, 32, б.18-19].

«Жабалхан» – он екінші атасы. «Шежіре өлең» 1903 жылы жазылған. Мәшһүр-Жүсіп он екінші атаны Майқы биден таратады. «Шежіре» өлеңінде:
Тоғызыншы – Айырқалпақ, білсең атын,

Оныншы атаң – Сапиян – арғы затың.

«Он бірінші – Майқы» – деп, және айтады,

Он екінші – Жабалхан, жетсе датың


– дейді. Ауызша жеткен шежіреде: Ескі тарихи сөздерді осындай бір сөздер де айтылады. Хазірет Ғакаша сахаба Ан хазіретіміздің 17 орында туын көтерген еді. Мұнан сүйікті сахабасы болған жоқ еді. Ғакашаның баласы – Зайырмардан. Зайырмарданның ұғлы – Мәлік. Мәліктің ұғлы хазірет Әнес (Анас) сахаба атамыз. Хазірет Әнестің ұлы – Мағаз. Мағаздың ұлы – Жабал. Жабалдың ұлы – Сеһил (Сейіл) . Сеһилдің ұлы – Ақшолпан иалан Аққурай. Ақшолпаны қазақ: «Ақша хан» – деп те айтатын болса керек. Аққурайдан – Сейілхан, Жайылхан туды. Сейілханнан – сегіз арыс Түрікпен туды. Жайылханнан – Ақкелімбет, Ақкелімбеттен Майқы туды. Үш жүздің түп атасы – Майқы би. «Түгел сөздің түбі бір, түп атасы – Майқы би» – деген сөз тарихтарда қалды. Майқыдан – Аламан, Аламаннан – Алаш туды. Алаштан – Өзбек пен Сыбан. Сыбаннан – Айырқалпақ, Өзбектен – Қарақалпақ туды. Айырқалпақтан – Қазақ, Қарақалпақтан – Созақ туды – дейді Мәшһүр-Жүсіп. Ауызша жеткен дүниеде Жабалхан есімі жоқ. Майқыдан – Аламан – Алаш туды деп жазылған [39, б.120-123, 34, б.74-84].

«Жабалдан» – он сегізінші атасы. Мағаздың ұлы – Жабал. Ауызша жеткен шежіреде: Ескі тарихи сөздерді осындай бір сөздер де айтылады. Хазірет Ғакаша сахаба Ан хазіретіміздің 17 орында туын көтерген еді. Мұнан сүйікті сахабасы болған жоқ еді. Ғакашаның баласы – Зайырмардан. Зайырмарданның ұғлы – Мәлік. Мәліктің ұғлы хазірет Әнес (Анас) сахаба атамыз. Хазірет Әнестің ұлы – Мағаз. Мағаздың ұлы – Жабал. Жабалдың ұлы – Сеһил (Сейіл). Сеһилдің ұлы – Ақшолпан иалан Аққурай. Ақшолпаны қазақ: «Ақша хан» – деп те айтатын болса керек. Аққурайдан – Сейілхан, Жайылхан туды. Сейілханнан – сегіз арыс Түрікпен туды. Жайылханнан – Ақкелімбет, Ақкелімбеттен Майқы туды. Үш жүздің түп атасы – Майқы би. «Түгел сөздің түбі бір, түп атасы – Майқы би» – деген сөз тарихтарда қалды. Майқыдан – Аламан, Аламаннан – Алаш туды. Алаштан – Өзбек пен Сыбан. Сыбаннан – Айырқалпақ, Өзбектен – Қарақалпақ туды. Айырқалпақтан – Қазақ, Қарақалпақтан – Созақ туды – дейді Мәшһүр-Жүсіп. Мағазұлы Жабал туралы 1903 жылы жазылған «Шежіре өлеңде»:
Атаңның он жетінші Мағаз заты,

Он сегізінші – Жабалдан – туған заты.

Он тоғызыншы – Әнестің дәл өзі екен,

«Мәлік» – деп – жиырмасыншы жазған хаты


– дейді [39, б.120-123, 34, б.74-84].

Бекмұхаммед,_Баймен_қажының_баласы»'>«Бекмұхаммед, Баймен қажының баласы» – Мәшһүр-Жүсіптің 36 жасында 1904 жылы Ташкентке сапарында жолда көрген-білгенін жазған. Баймен ауылына түскенде дұрыс қарсы алмағаны, Керей Әлікей деген ұлынан біраз тиын-тебен алғанын өлең қылып түсірген. Сол сапарда Баймен қажы Бекмұхаммедтің үйіне де барғанын тіліне тиек қылған:
Салғасын түзу жолға Тәңірім бізді,

Аяқ-қол, сегіз мүше, біреу көзді.

Баласы Баймен қажы – Бекмұхаммед,

Айтайын әңгіме қып онан сөзді


– дейді [39, б.120-123, 34, б.74-84].

«Гүрстан» – (Көшім сұлтан) – Шыңғысханның баласы. Мәшһүр-Жүсіп жазып алған шежіреде Шыңғыс ұрпақтарын былай таратады: Орыстар Шыңғыс ханды Темучин хан дейді. Шыңғыс ханның атасын Есугей Баһадүр деп айтады шежіре. Мәшһүр-Жүсіп Есугей қалмақ деп жазады. Шыңғыстан: Жошы, Сайын, әз Жәнібек. Ал, Құрбанғали Халид: Шыңғыстың төрт баласы: Жошы хан, Шағатай хан, Укудай хан, Төле хан дейді. Шыңғыс ханның ұлы – Жошы хан. Бұл Жошы ханның балалары: Бату хан (лақап аты – Сайын хан), Шайбани хан, Тоқай Темір, Бөрке хан (Берке). Құрбанғали Халид: Үрде ижн, Бату хан, Берке хан, Тоғай Темур, Шайбан хан – деп жазады. «Басқа патшалар, жомарттар, әулиелер» Он тоғызыншы бап. Мәшһүр-Жүсіп Шыңғыс ханның бір баласы – Гүрстан (Көшім сұлтан) – дейді:
Баласы Шыңғысханның Гүрстан (Көшім сұлтан),

Кенжесі Жошы хан дүр жұртқа дастан.

Жиырма төрт атаға тура келіп,

Кеше Абылай қазақпенен араласқан.


Тарихта Ноғай ханы Көшім хан деген өткен. Мәшһүр-Жүсіптің айтып отырған Көшім ханы басқа шежірелерде кездеспейді. Демек, бұл – «Шежіренің» ауызша жеткендігінің тағы да бір дәлелі [29, б.168, 34, б.84-87, 62, б.95-114].

«Бұхар бабаның түс жоруы» – Қаржас Қалқаман баласы Бұқар жырауды заманында «Көмекей әулие» – деген. Көмекейі бүлкілдеп сөйлейді де отырады екен. Қара сөз жоқ, аузынан шыққан сөзінің бәрі жырлаумен шығады екен. 93 жасында Абылайға толғап сөз айтқан екен. Бұхар: Абылайға – «Сенен бұрын жеті ханды жебеледім, кеше Еңсегей бойлы ер Есім ханға да жолдас болдым. Сен оның бір түстігіне де жарамайсың» – деген екен. Абылай хан бір жаққа аттанарда Бұқарды алдырып «айдың, күннің сәтін сұрайды» екен. Бұқардың сары бурасы Абылайдың туының жанына келіп, қай жаққа шабынса, Абылай сол жақтан жеңіспен оралады екен. Ал, сары бура тудың жанына келіп, жатып алса, Абылай онда аттанбайды екен. – Бірде Абылай түс көріп, түсінде бір жолбарыс шатырының алдына келіп шөгіп, басын бір көтермеді, төмен салды да жатты. Енді бір қарасам жолбарыс дегенім аю болды. Жаңа жолбарыс еді ғой, қалайша аю болды дегенде, қасқыр болды. Онымен де тұрмады, қоян ба, қарсақ па, сол сықылды болған уақытта оянып кеттім депті. Сонда, түсіне Бұқар да көрген түсімен жауап берген көрінеді. Жолбарыс келіп шөксе, тамам Бұқардан келген әулие саған Самарқантты алдырмаймыз дегені. Өзің көрген жолбарыс – өзіңнің бақ-талайың. Бақ-талайың жетіп, жығылған жерің осы болғаны. Енді былай бағың көтерілмейді. «Баяғыдан бері Абылай жүріп-жүріп сарттан өліпті» – деген атқа ұшырамай, ұрыспай, соғыспай өз жеріңе қайта ғой. Түсіңде аюды көргенің сенен соңғы баланың заманы «аю» заманы болады. Аюдай алысып өледі. Онан соң қарасаң қасқыр болғаны: немере ұрпақтарыңның заманы «қасқыр» заманы болады, қасқырша ырылдасып өтеді. Онан қарасаң түлкі болғаны: шөберең заманы «түлкі» заманы. Түлкіше жортып жүріп жан сақтайды. Онан кейін қарасаң, қоян болғаны: қоянша қара кебек қылып, қорғаланып жатады, сөйтіп жан сақтайды. Онан соң заманың не боларын құдірет біледі. Қарсақ болар, күзен болар, ең аяғы тышқан, бақа-шаян, құрт-құмырсқа болып, дүние сөйтіп тозып, таусылады-дағы, – дейді [34, б.190-195].

«Бәйтен – Сұңқарбектің баласы, қажыға барған» – Мәшһүр-Жүсіптің Деректі дастаны: «Шонтыбай қажы» – дегенде Сұңқарбектің баласы қажыға барған Бәйтен туралы айтады. Дастан 1893 жылы жазылған. Мәшһүр-Жүсіп Баянаула аймағынан қажыға барған кілең жақсыларды атап өтеді де, Бәйтенге ерекше тоқталады:

Қажы барған мал қызығын әбден көрді,

Бай болып, бармағандар қаңғып жүрді!

Қызықты дәулетінен қашып кеткен,

Баласы Сұңқарбектің Бәйтен ер-ді!
– дейді. Бәйтенмен қажылыққа бірге еріп барған, Шыңғыс қажының інісі Қарабұжыр –Таған екен [28, б.257].

«Елеман Естайұлы Жүніс қажы» – Мәшһүр-Жүсіптің Деректі дастан: «Шонтыбай қажы» – дегенде Елеман Естайұлы Жүніс қажы туралы айтады. Дастан 1893 жылы жазылған. Күлік қажыға барып сол жақтан топырақ бұйырған екен. Сол сияқты, Жаннаты Әл-Махаллаға барып өлген, Елеман Естай ұлы Жүніс қажы болған. Мәшһүр-Жүсіп:
Жолында жүруші еді қысы-жазы,

Жібермей есіл ерді малдың азы.

Жанатты Әл-Махаллаға барып өлген-

Елеман: Естай ұлы –Жүніс қажы


– деп, Елеман Естай ұлы Жүністің өте аухатты болғанын, аз дәулетке масаттанбай мешіт салғанын жырлап өтеді [28, б.256].

«Елі – Алтай, қыстауы – Есіл, қажыда өткен інісі Баймен қажы Жақсыбай». Мәшһүр-Жүсіптің Деректі дастан: «Шонтыбай қажы» – дегенде Жақсыбай туралы айтады. Дастан 1893 жылы жазылған. Мәшһүр-Жүсіп Баймен қажының інісі қажыға барған Жақсыбайды былай суреттейді:
Жарасар атты кісі мінсе тайды,

Жаратар Құдай артық Күн мен Айды.

Елі-Алтай, қыстауы – Есіл, қажыда өткен –

Інісі Баймен қажы – Жақсыбай-ды [28, б.258]!


«Жәмиқызы Рақила – Мұқыштың соңғы әйелі» – Мұқыш Жұпарұлы Боштаев атақты алаш азаматы. Мәшһүр-Жүсіп «Мұқаш Жұпарұлы» – деген өлеңін 1921 жылы жазған. Мәшһүр-Жүсіп ол туралы былай:
Елі ғой кеше Мұқыш алаш білген,

Қазақтың қайратты, адал қызметкері!


– дейді. Жәмиқызы Рақила соңғы алған әйелі екі қыз, бір ұл тауып берген. Мұқыштың бұдан бұрын алған әйелі ертеректе өліп, одан он бір жастағы бір ұл қалады. Ұрпағы бар мың жасайды – деп, екі қыз, бір ұл өсірген Жәмиқызы Рақила сынды асыл азаматтың жарын ақын өлеңге қосады:
Бұ дүние өз қалпында бір қайтады,

Талайды қамықтырып мұңайтады.

«Соңғы алған Жәмиқызы Рақиладан

Екі қыз, бір ұл бар!» – деп, жұрт айтады.

Опасыз сұм жалғанға сен не дерсің,

Уайымнан дәнеме өнбес, қой, жүдерсің!

Жетім-жесір, жас қалған балаларға

Жасаған Ием көркем сабыр берсін!


– деп, көңіл, басу айтады [29, б.70].

«Бұрыш» – молда. Мәшһүр-Жүсіп Көпеевтің 1896 жылы жазылған «Ышқышбап сапары» – деген өлеңінде Бұрыш молда жөнінде айтылады. Мәшһүр-Жүсіп Жанжалкент, Қожакент сияқты қалалардан, одан Ескендір мұнарасын көргенін, сахаба имам Ғаксырманға зиярат етіп, хазірет Ғалының басына қойылған құлпы тасты тамашалағанын, Қоңыр, Бұқа деген таулардан өткеннен кейін жолда Бұрыш молданың қалғанын жазған. Мәшһүр-Жүсіп:
Сол жақта Бұрыш молда қала берді,

Бар Құдай баршамызға пана берді.

Әңгіме - әркімдерге ғибрат үшін,

Көргенін жазып Мәшһүр ала берді


– дейді [9, б.107].

«Зейнеш қыз, Хұршымның қалыңдығы» – Мәшһүр-Жүсіптің әйел теңсіздігіне байланысты жазған өлеңі. «Күйеу Мағзұм мен Хұршым» – деп аталады. Түбі Уақ, Молдабайдың жиені Хұршым Кәбіш Жәми деген байдың үйінде жүрген Зейнеш деген қызды алады. Бір, екі жыл өткен соң артынан Мағзұм деген күйеуі іздеп келеді. Дүние-мүлкімен қатынды алып келеді. Одан қала берді Ақбала деген біреуді алмақшы болғанда күйеуі қуып барыпты. Содан Хұршым жалғыз қалған екен. Ол – жетпіс бір жасында дүниеден қайтқан. Сол Хұршымның алып қашқан Зейнеш туралы ақын былай суреттейді:
Бұл сөздің, естісеңіз, міне, басын,

Зейнеш қыз Хұршымменен қосты басын.

Тырп етер бейшараның шамасы жоқ,

Жүрді де, төге-төге көздің жасын [9, б.314].



«Ермұхаммед қажы – заты Сырым, бұрынғы аты «Итемген» – Мәшһүр-Жүсіптің Деректі дастан: «Шонтыбай қажы» – дегенде Ермұхаммед қажы туралы айтады. Дастан 1893 жылы жазылған. Сырым Бәсентиіннен тарайтын ұрпақ. Кей шежіреде Бәсентиіннің екінші қатынынан туған дейді. Бәсентиін бір жас сұлу қатынды алса ол буаз екен. Бұл қалай дегенде қатын ешкімге айтпайтұғын «сырым» деп атын «Сырым» қойған екен. Сол Сырымнан Күшік-Итемген тарайды. Ермұхаммедті атасына байланысты «Итемген» Итемген Ермұхаммед – деп, атаған болуы керек. Мәшһүр-Жүсіп өлеңінде:
Көңіліне жастай Құдай салған еді,

Тағы бір мұнан бұрын барған еді.

Ермұхаммед қажы өлді, заты – Сырым,

«Итемген» бұрынғы аты қалған еді


– дейді. Өр Алтайынан – Алдажұман немересі Ешмұхаммед қажы Тобықты Құнанбайлармен бірге қажылыққа барған [28, б.257, 32, б.64, 34, б.69].

«Ақкөбік арғы атасы» – Бұрынғы қариялар Орта жүзді: «Жеті арыс» – деп сөйлейтұғын: Арғын, Найман, Қыпшық, Қоңырат, Керей, Уақ, Тарақты, Қыпшақтан Шулым (Шойым) алып, мұнан Ақкөбік алып, мұнан «Мүйізді Сары» алып, мұнан – Тоқтар, мұнан – Қобыланды. «Қыпшақ бұзады, Арғын түзейді», «Қыпшақтың Қарасы ашуланшақ, омыраулы келеді; Сарысының көзі өткір, тілі ащы келеді», «Жақсы кезеңге таласады, Жаман отыратын орнынан адасады», «Жақсылардың басын қосқанда, әңгімені кезек-кезек айтса, сонда жарасады», «Екі жақсы ірікпес, екі жаман бірікпес» – деген бұрынғылардың сөзін Мәшһүр-Жүсіп жазып алған екен. Осы таратылған шежіредегі Ақкөбіктің арғы атасы Қыпшақ-Шолым. Шолымнан – Ақкөбік. Қыпшақтан – Қобыланды батыр, Қажымұқан балуан т.б. шыққан. Мәшһүр-Жүсіп:
Арғы атамыз – Ақкөбік алып екен,

Алыптығы Алашқа анық екен.

«Қара Қыпшақ – Қобыланды» аты аталған,

Сүттен ақ, айдай аппақ жарық екен


– дейді [9, б.223, 32, б.33-34].

«Байбарақ» – кіші жүздің ұрандары. Кердерінікі – «Қожахмет». Таманікі – «Қарабура», Табындікі – «Тостаған». Жағалбайлы ұраны – «Елди-ей, бөлди-ей», Тілеу ұраны – «Арғымақ», Керейіт ұраны – «Ақсақал». Байұлыныкі – руларында: Беріш ұраны – «Ағадай», Адай ұраны – «Адай», Ысық ұраны – «Бәйтерек», Алаша ұраны – «Байбарақ», Масқар ұраны – «Қаратай». Тана ұраны – «Тана», Байбақты ұраны – «Дәуқара». Алшын мен Жаппас ұраны – «Баймұрат», Қызылқұрт ұраны – «Жиенбай». Осындағы – Алаша ұраны – «Байбарақ» [34, б.165].

«Әзірет сұлтан», пір әулие кісі. Мәшһүр-Жүсіп шығармаларында жиі кездесетін діни бейнелердің бірі. Арғынның көмілген жері Әзірет сұлтанның ақ күмбезінің күн шығысы екен. «Арғынның ақ сарайы» аталған. Мәшһүр-Жүсіптің 70 - мәтін «Жақсы Ғабдолла хан» – деген әңгімесінде Хазірет Сұлтан жөнінде айтылады. Қожа Ахмет Яссауи Орта Азия мұсылмандарының рухани ұстазы болғандықтан «Әзіреті Сұлтан» – деп атаған. Мысалы, бұл – әңгімеде Ғабдолла түс көреді. Түсінде Шаһынша әулие, Қожа Ахмет Яссауи, тоқсан тоғыз мың машайық, сексен сегіз пәруәр, жетпіс мың абдал, он екі мың мүфти, қаза, жиырма жүз мүрәррси, он екі мың қосшы, он төрт мың хадім, он алты мың бөгеуіл – түп-түгел бас қосып, бір зор зиапат мәжіліс құрылып жатқанын көрді. Сұлтанның оң қолында бір кісілік орын ашық қалады. Сол уақытта Хорезм шаһының төресі шайхы Нәжмалдин Күбірей келіп кіреді. Бұл кісіге Әзірет Сұлтанның өзі тұрып орын ұсынады. – Нәжмалдин Күбірей сөз бастап: Үргеніш, Бұқар, Самарқант, Жұпар, Хожнат, Қоқан, Әндижан, Марғұлан, Ташкент, Түркістан мұсылманның қол астынан кетіп барады, қаншама әулие адамдар тәжіктің аяғының астында қалды депті. – Соған қарсы кім бастап барады – дегенде. Хазірет Сұлтан – Мына бала бастап барады – деп, Ғабдолла ханды көрсетіпті. Ғабдолла хан қасына нөкер әскерін жинап, Бұхараны алады, көп елді мекенді азат етеді. Сондағы Әзірет Сұлтанның тапқырлығы, ақылдылығы, көрегендігі сөз болады [34, б.250-263, 65].

«Жиенбай» Кіші жүздің ұрандары – Кердерінікі «Қожахмет». Таманікі – «Қарабура», Табындікі – «Тостаған». Жағалбайлы ұраны «Елди ей, бөлди-ей», Тілеу ұраны – «Арғымақ», Керейіт ұраны – «Ақсақал». Байұлыныкі – руларында: Беріш ұраны – «Ағадай», Адай ұраны – «Адай», Ысық ұраны – «Бәйтерек», Алаша ұраны «Байбарақ», Масқар ұраны – «Қаратай». Тана ұраны – «Тана», Байбақты ұраны – «Дәуқара». Алшын мен Жаппас ұраны «Баймұрат», Қызылқұрт ұраны – «Жиенбай». Бұдан басқа Әлімұлында мынандай ұрандар бар: Кете ұраны – «Майлыбай», Шөмекей ұраны – «Дәуіт», Шекті ұраны – «Бақтыбай», Қарасақал ұраны – «Алдияр». Қызылқұрт ұраны – «Жиенбай» – деген Кіші жүздің ұрандарының бірі [34, б.164-165].

«Аймұхамет» – қажы. Мәшһүр-Жүсіп Жанарыс – Қарақожа – Арғын – Құтан – Мейрам – Сүйіндік – Суғыншы – Шуманақ – Құлболды – Күлік – Тілеуімбет – Бесім – Ақжігіт – Серммұхамет – Көпжасар (Көпей) Жанарыстан кейінгі 16-шы ұрпағы. Сермұхамметтің – Санжасар, Көпей, Мағрұб деген баласы болады. Мәшһүр-Жүсіп:
Ақжігіт сол Бесімнің бел баласы,

Толықсып бірдей өскен мал мен басы.

Екінші атым аты – Сермұхаммед:

Санжар, Көпей, Мағрұб-өз баласы


– дейді. Енді бірде:
Ақжігіт – дәл Бесімнің өз баласы,

Толықсып бірдей өскен мал мен басы.

Санжар, Мыңжасар мен Жүзжасардың

Туысқан Көпей, Мағрұб ұяласы


– деп жазады. Сермұхаммет 70 жасында қайтыс болды. Көпей 1891 жылы 73 жасында мүшелінде қайтты. Көпейдің екі ағасы, бір інісі болған. Мәшһүр-Жүсіптің үшінші атасы Ақжігіт абыз болған адам, 49 жасында өмірден озған. Оның денесі Көкшетау бауырында Шүртіқарағай, Қыздың Қарасуы деген жерге қойылған. Ақжігіт Бесімнің бес баласының ең үлкені болған. Ақжігіттен: Құлмұхаммед, Сермұхаммед, Досмұхаммед, Ізмұхаммед (Ізден абыз – А.Қ.) тараған. Ақжігіт абыздың ең үлкен қызы – Зарауха. Одан кейін – Дәме, Дана. Сол Зарауха сегіз жасар күнінде төрт ши шаншып ойнап отыр екен дейді. Содан Ақжігіт абыз байқап қалып: бірінің атын – Құлмұхаммед, екіншісін – Сермұхаммед, үшіншісін – Досмұхаммед, төртіншісін – Ізмұхаммед қойған екен. Сермұхаммедтен: Шаншар молда, Мыңжасар, Көпей, Мағрыб – деп жазады Мәшһүр-Жүсіп. Сермұхаммет асқан ерке болып өскен екен. Ақжігіттің алты ұлы деп: Сермұхаммет, оған тетелес Досмұхаммед, Ізмұхаммед, Тәшмұхаммед, Ақмұхаммед, Аймұхаммедті атаған көрінеді. Арғы атасы абыз Аймұхаммед еліне елеулі, халқына қалаулы қажы болған адам. З. Солтанбай:
Тетелес Досммұхамед, Ізмұхаммед,

Шаруаға бейім-бейіл Тәшмұхаммед,

Алты ұлы Ақжігіттің атаныпты –

Ақылды Ақмұхаммед, Аймұхаммед


– дейді [10, б.30, 34, б.293, 298-299, 66, б.9, 39, б.123, 32, б.71,73].

«Айтқожа»өлең кейіпкері, ел ағасы. Мәшһүр-Жүсіптің Тұлғалар жыры «Ханымбике» – деген өлеңінің бас кейіпкерлерінің бірі – Айтқожа. Айтқожаның арғы атасы – Малай, одан Жәдігер-Жәнібек-Тінібек-Айтқожа. Әйелінің аты – Ханымбике. Ханымбике Бәсентиін руынан екен. Айтқожа қандай мырза болса, Ханымбике де сондай халқына жайлы болыпты, өзі сұлу, ақылды, тілге шешен, күміс көмей кісі болған. Ханымбикенің қайнағасы Хангелді деген екен. Содан бір түннің ішінде Ханымбике жоғалып кетеді. Оны алты ай бойы Айтқожа іздеп, табады. Сөйтсе, Бұхараға барып, Қожа Баһауалдин мазарына барып мінәжат қылып, жеті ұл тауыпты. Олар: Жауғаш, Биғаш, Мырзалы, Мырзас, Байегелді, Бостан, Байжан. Өлеңде Айтқожаның сабырлығы, елге деген қамқорлығы жан-жақты суреттеледі. Әсіресе, әйел адамды сыйлауға, төзімді болуға, мұсылман дінін білуге деген тәрбиелік мәні зор. Бұның бәрі – Айтқожа образы арқылы көрінеді. Мәшһүр-Жүсіп:
Айтқожа баласы – ел – алты ру,

Жау десе, оларда жоқ мойын бұру.

Ханымбике болатын қатын қайда?

Бар өнері: итше үріп, байды қору


– дейді [34, б.186-195].


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   19


©kzref.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет