Ќазаќстан Республикасыныѕ Білім жјне єылым министрлігі



жүктеу 3.08 Mb.
бет17/19
Дата09.09.2017
өлшемі3.08 Mb.
түріМонография
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   19

Түйін. Көкпар ұлттық календарлық ойынның бір түрі. Көкпар > көк бөрі екі сөзден құралған. Көк пен бөрі екі діни мифтің қосылысы. Кейіннен ойынның атауына ауысқан. Көк, бөрі тотеммен тікелей байланысты. Бұлар тәңірмен де байланысты сияқты. Мәшһүр-Жүсіп Көпеев көкпарды ұлттық ойын ретінде қолданған. Көк пен бөрі (көкпар) ойын түріне айналғаннан кейін өзінің мифтік құдіретін жойды. Бөрінің өзі көкке табынған. Құрғақшылық жұттың бір түрі. Оның құтылу жолы көкке табынып, жадылау арқылы жаңбыр шақыру деп түсінді [7, б.146-150].

«Мектеп» жас ±рпаќќа білім, тәрбие беретін мекеме; білім беру жүйесінің негізгі буыны. Мектепердің түрлері: 1) білім беру сипатына ќарай: жалпы білім беретін және кәсіптік; 2) берілетін білім көлеміне қарай: бастауыш, орта, жоғары; 3) балаларды жынысына ќарай бөліп оќытатын мектепер; 4) оқытудың тілдік нысанына ќарай: а) ±лт мектебі; ә) орыс тілді мектеп, аралас тілді мектеп; 5) дінге ќатысына ќарай: діни зайырлы; 6) меншік түріне ќарай: мемлекеттік, ќоғамдық және жеке меншік (ақылы) мектепер болып сараланады; ќ. Ќазаќстан (оќу-ағарту ж‰йесі). Мәшһүр-Жүсіп Көпеев:


Деп айтты :

– Оқымаймын, хатты танып,

Жасымнан көргемін жоқ мектеп барып.

Ішінде бұл хысырыиардың жазуы жоқ,

Қолға алып қарағанмен назар салып [68, б.446, 9, б.52].
«Құлдық» адамзат тарихындағы ќанаудың дөрекі түрі. Құлдық алғашќы ќауымдық қоғам ыдырай бастаған кезеңде пайда болды. Алғашқыда соғыс тұтќындары, ќарыздарын өтей алмаған кедейлер құлға айналдырылды. Кейіннен кұл саудасы кеңінен өріс алды. Құлдықтың классик, үлгісі ежелгі Вавилонда, Египетте, Грекияда, Римде болды. 5 ғ-дан бастап ќ±л еңбегі маңызын жоя бастады. 16 ғасырда Батыс Еуропада капиталистік ќатынастар дамып, жаңадан ашылған жерлерді жаппай отарлау нәтижесінде құлдық қайта өріс алды. Мылтыќ пен зеңбіректіњ күшімен еуропалықтар Америка, Азия, Африка қ±рлықтарының көптеген халыќтарын еріксіз кұлға айналдырды. Құлдық әсіресе, Америкада кең етек жайды. Үндістерден тартып алынған жерлерді игеруге адам күші жетпегендіктен, отаршылар Африкадан әкелінген негрлердің еңбегін кеңінен пайдаланды. Сөйтіп, Америка және Африка материктері арасында к±л саудасы басталды. Құлдықќа жөне қ±л саудасына қарсы көтерілістер жиі болып, зиялы қауым арасында наразылық қозғалысы пайда болды. 18 ғасырдың аяғында Францияда революция жеңіске жеткеннен кейін француз отарларында Ќұлдықќа және құл саудасына тыйым салынғанымен, жергілікті жерлерде б±л шешім көп уаќытќа дейін орындалмады.
– Жарлыѓыња біз мойын с±ндыќ! – дейді,

– Неге арнасањ, сонымен т±рдыќ! – дейді.

– Сауап, ѓазап жаѓына бастырмай-аќ,

Еркімізбен жай ќойсањ, ќ±лдыќ! – дейді [68, б.108, 9. б.25].


«Арафат тауы» Арафат (арабтың Арафатун) Арабиядағы Мекке қаласынан 20 км қашықтықта жатқан ұзындығы 11-12 км, ені 6,5 км келетін ойпат және оны солтүстік жағынан қоршап тұрған тау сілемі. Арафатта қажылықтың негізгі рәсімі өткізіледі. Осы Адам ата мен Хауа ана кездескен. Арафат тауы басына мұнара орнатылып, оған дейін баспалдақ салынған. Осы баспалдақтың 60-басқышында алаң бар. Бұл арада арафа күні аталады. Арафат қасиетті мекен саналатындықтан мұнда тек қажылық кезіндегі рәсім ғана өткізіледі. Ешкімнің онда тұруына, тіршілік жасауына болмайды, оған тыйым салынады.
Жөнелдік түйе мініп Арафатқа,

Кіндік жер екі ортасы жортар атқа.

Түйемен екі қонып әзер жеттік,

Жаңылыс-жазбаған соң бәрін хатқа [69, б.423, 9, б.204].


«Сарыарқа арқа» – Ќазаќстанныњ б‰кіл орталыќ бµлігін алып жатќан аймаќ. Солтүстікте Солт‰стік ќазаќ жазыѓынан оњтүстікте Бетпаќдала мен Балќаш кµліне дейінгі аралыќта орналасќан. Батыста Торѓай ‰стіртіне тіреледі. Шыѓыстаѓы шекарасы Балќаш кµлініњ солт.- шыѓыс шетінен Тарбаѓатайдыњ етегіне, онан Зайсан ќазан-ш±њќырыныњ шетін ала Ќалба жотасына дейін жетеді. Батыстан шыѓысќа ќарай 1200 км-ге созылып жатыр. Сарыарқа шекарасы турасында Мәшһүр-Жүсіп Көпейұлы өзінің «Сарыарқаның тарихи әңгімесі, Сарыарқаның кімдікі екендігі?» атты кітабында: «Күнбатысы – Сырдария, күншығысы – ұзын аққан Ертіс, оңтүстігі – Жетісу, солтүстігі – Еділ, Жайық», деп жазды.
Сарыарқа, өсіп-өнген жерлерім-ай!

Дін үшін қылған қайрат шерлерім- ай!

Хақ жолға жанын қиып, басын берген,

Шайтанға ерлік қылған ерлерім-ай [70, б.564, 9 б.212].


«Алаш» Алаш (ежелгі түрік сөзі: бауырластар, қандастар, туыстар) көне заманда, түркі халықтары бөліне қоймаған қауым кезінде дүниеге келген ұғым. Ортағасырлық және одан ерте кезеңдегі деректерде қазақтың өз алдына ел болып хандық құрғанға дейінгі ежелгі тайпаларының ортақ атауы. Алаш аты тарихта кездесетін ең көне атаулардың қатарына жатады. Моңғол-татар қазақ шежірелерінде Алаш (Алашы) хан туралы айтылады. Кеген тас жазуында (б.з.б. 4 ғасыр шамасында) «Қаған алты бөріг алаш(а) ерті» деген жолдар, Алтай тауының Сібір жағында (Тува) Алаш атты өзен, Алаш атты тау сілемдері бар. Алаш атауы бүгінгі күнге дейін түрікмен, қырғыз, қазақ, ноғай, т.б. халықтардың есінде сақталған. Кеген тас жазуында «алты бөріг» («алты қасқыр») деген сөздің «алты алаш» мағынасын беретіні жөнінде (үйсін, қаңлы, қырғыз, хақас, татаб-татар, сянь-би-ғұн тайпалары) ғылыми болжамдар бар. Алаш туралы аңыздарда мал-мүлікке жеке меншік болмаған кездегі қауым тұрмысының сілемі байқалады. «Алаш алаш болғанда, Ала тай ат болғанда, Таңбасыз тай, енсіз қой болғанда» деп келетін сөздер осыған меңзейді. Қазақ халқының басын құраған ежелгі тайпалардың көпшілігі Оғыз қағанға бағынғанын ескерсек, «Алты Алаш» деген ұғымды оғыздың алты ұлына ерген ел деп те түсінуге болады. Бұл тұрғыдан алғанда Алаш деген ортақ түркілік атау Алтын Орда (Қыпшақ мемлекеті) ыдырағаннан кейінгі кезде қайтадан жаңғырған бауырлас түркі халықтарының басын біріктіру ұраны, ортақ атауы да болған сияқты. Ал енді, қара қазақ шақыратын «Алаш» ұраны «Алаш алаш болғанда, Алаша хан болғанда, бұл қалмаққа не қылмадық» деген сөздер кейінгі Алаша есімімен байланысты деу қисынға келеді. Бұл орайда ел арасынан жиналған аңыз-әңгімелер, жазбалар мен ғылыми мақалалардың бірінде алапес болып туған бала, екіншісінде алашаға отырғызып көтерген хан, үшіншісінде Ұлытаудан асырып тастаған баланың әскербасы болғаны, төртіншісінде ќалмақты қорқыту үшін «Алаш» сөзін ұран еткені айтылады. Соның қай-ќайсысы да Алаштың хан болғандығын, қара халықты соңынан ертіп, айбарының асқандығын дәріптейді. Ескі шежіре деректерінде Алаш атауы қазақ халқының синонимі ретінде келтіріледі. Мысалы, Қадырғали Жалайыр өз еңбегінде қазақтың орнына Алаш атауын қолданады. Шежірелердің бірінде Алашқа өзбек, түрікмен, қарақалпақ, қырғыз, қазақ, ноғайды жатқызады. «Қамбар батыр» жырында («Тамашаға жиылсын, Алты Алаштың баласы»), Бұқар жыраудың Абылай ханға айтқанында («Он сан Алаш баласын, жұмсап бір тұрсың қолыңмен»), Махамбеттің («Алты сан Алаш ат бөліп, тізгінін берсе қолыма») өлеңдерінде Алаш сөзі қазақ атауының баламасы ретінде берілген. «Атамыз Алаш, керегеміз ағаш» деген қазақ халқы ұлттық тәуелсіздік жолындағы күресінде ежелгі Алаш ұғымына қайта оралып, оны бостандық пен бірліктің ұраны етіп алды. Соның дєлелі ретінде «Алаш қозғалысы», «Алашорда», «Алаш» деген ұғымдарды атауға болады. «Алаш азаматы» деу қазақ халқының ауыз бірлігіне, елдің, жердің тұтастығына меңзейді.
Алашқа болған таныс жазған хатым,

Ұрғыным Сүйіндік пен, қазақ затым.

Болмаса ақыретте бір пайдасы,

Құрысын елден бұрын Мәшһүр атым [69, б.246, 9, б.126].


«Есен тентек күш иесі» негізінен Мәшһүр-Жүсіптің әңгімесі «Тентектер әңімесі» деп аталып Есен тентек – деп берілген. Әңгіме жанрына құрылған. Оның ішінде шағын очерк фельетон әңгіме десе де болады. Демек, фельетон аралық жанрдың алғашқы фундаментін де Мәшһүр-Жүсіп қалаған деуге әбден негіз бар сияқты. Мұның да екі жағы бар очеркке жақындайтын тұсы өмірде болған адамдар образы ашылады, суреттелетін шындық та ойдан шығарылған емес, өмірде болған адамдар. Екінші жағы – фельетон қара сөзбен жазылады. Сыншылар фельетон газет бетінде шығатын дүние деп дау айтуы да мүмкін. Ал, әңгіменің бойында фельетонға тән қасиеттер: қызық мінездер, сатиралық типтер, тарихи образдар бар. Осы жағынан да фельетонға жатады. Жетібай «Аға баласы Арғын». Оның ішінде Қаракесек – Сүйіндік. Ел Сүйіндіктен екі тентек шыққан бірі – Қожан тентек, екіншісі – Есен тентек. Осы Есен тентектің әкесі – Жетібай. Есен тентектің жеті жасында қайтыс болған екен. Шешесі заманында елді аузына қаратқан қақ маңдайы бопты. Күлік – Жаңабатыр бидің қойнына кіріп барыпты: Ат туатұғын бие, айғыры келіспеген соң немене? – деп. Сонда Жаңабатыр би: Бердім бір сотқар қияңқы тентекті, атын Есен қой. Өзі есен-аман болады, өзі бай болады, мейлінше тентек болады! – деген екен. Жаңабатырдың айтқаны келіп Есен өсе келе жынды тентек емес, шын тентек аталыпты. Ақбура – Аққошқар, Тілеулі, Жетібай, Кенже, Көкен. Аққошқардан қара Алтай. Қара Алтай балалары – Мұратай, Шәуке, Байшуақ, Жарқынбай, Қарқынбай, Мырза. Ақын Қыпшақпай мен Бөрібай ақыннан Қобылан ақын осылардың ұрпағы. Жетібайдан – Есен тентек. Жетібай Руы Ақбура. Тілеулінің баласы. Есен тентектің балалары: Батырбай, Ербай, Асан, Шөкіл, Қарамырза, Балта, Атабай. Батырбайдан: Балға, Жанқожа, Қошай. Балғабайдан – Мәдібек. Онан – Қайып, Законшгы. Бұл Ербай, Батырбай «Құртты» деген жерге қойылған. Аққозы батыр өлгенде, тоқалын Ақбура алып, Жетібайдан соңғы Кенже, Көкен сол тоқалдан екі бала туады. Олардан Сағындық Жекен мен айналасы т.б. өсіп-өнген. Есен тентек туралы, Ақбура – Жетібай жайында Мәшһүр-Жүсіптің «Қазақ шежіресі» А., Жалын, 1993 жыл, Б. 24. – Б. 43 айтылады. Есен тентек. Мәшһүр-Жүсіп шығармалар жинағы. Павлодар, 2005 жыл. 6 том. – Б. 200-205 жазылған. Сол сияқты Есен тентектің ұрпақтары туралы: Мәшһүр-Жүсіп шығармалар жинағы 10 том. 2007, 34 бетті қараңыз. Қазақ арасында есті тентекті еркелетіп ұстаған. Оның қылығына қатты мән берген. Тентектікті де өнер ретінде қатты бағалаған. Есен тентек Жаңабатырды сабап жатқанда: Тимеңдер, тимеңдер!депті. Біз биік жар да, бұлар лақ. Лақтың ойнақтағанына жар құлай ма? Бұлар ойына алғанын орындамаса, өз-өзінен буынып, жарылып өліп кетеді деген екен. Ел ішінде есті, ақылды тентектігімен аты қалғандар, тіпті ру аты аталғандарда бар. Мысалы, Аякөз елінде найман ішінде «Тентек Бұлғақ» аталғандар бар. Есен тентек Мәшһүр-Жүсіп жазбалары (1176-пака, – 62 б) бойынша ұсынылды. Үшқұрт (бірінші нұсқа) Бұ да Мәшһүр-Жүсіптен (1176-папка, 324 (417) б.) алынды. Үшқұрт (екінші нұсқа). Бұған да Мәшһүр-Жүсіптің әулеттік мұрағаттағы (1-папка, – 88 б.) жазбасы негіз болды. Есен тентек және басқалар. Бұл да Мәшһүр-Жүсіп жазбасы (1178-папка, 111 (70) б. және 1178-папка, – 51 б.) алынды. Есен тентек. Мәшһүр-Жүсіп шығармалар жинағы. Павлодар, 2005 жыл. 6 том. – Б. 369 және 10 том «Үшқұрт» Б. 175, Б. 409-410 берілген. Есен тентектің әкесі Жетібай туралы қысқаша дерек осындай. Кітапты араб жазуынан аударып, ғылыми түсініктерін беріп, құрастырып, баспаға әзірлеген – ф.ғ.к., (қазір ф.ғ.д. – А.Қ.) Нартай Қуандықұлы Жүсіпов. Қолжазба араб графикасымен жазылған, қазақша оқылады. Қолжазба жақсы сақталған.

«Жарылғап пен Абылай хан» аңыз әңгіме. Көтерген тақырыбы: Жарылғап батырдың кеңдігі, халыққа деген ықыласы Абылай ханды сыйлап, шығарып салғаны сөз болады. Тілі көркем оны талдаған уақытта сөз қыламыз. Тарихи әңгіме деп отырғанымыз оқиғаға тарихи өмірде болған адамдар қатысады. Әңгіменің қысқаша мәні мен мазмұны мынандай: Абылай жол жөнекей алпыс кісісімен Қаракесек Жарылғаптікіне тоқтапты. Жарылғаптың Маңқан деген бәйбішесі Қаз дауысты Қазбектің ұлы үйленіп, сонда кетіпті. Жарылғаптың Жоламан, Тастемір, Атыбай, Кенжебай – деген төрт ұлы бар екен. Жарылғаптың өз денесі толық жуан адам болса керек. Абылайдың еріп келген алпыс кісісіне отызына бір сабадан, отызына екінші сабадан қымыз құйып берген екен. Сол кезде бәйбішесі Маңқан екі бала қолынан тартып, екі бала артынан итеріп үйге әрең кіріпті. Келе сала – Жүктің артында сүйретпеде байдың сыбаға ас – түнемелі тұр құйыңдар тағы қонаққа деп мырзалық танытыпты. Абылайға мінуге жылқы, союға сойыс жылқы беріп риза – қош аттандырыпты. Сонда Абылай, Менің «Қай Жарылғап?» дегенім. Қаракесекте-Қарасұн-Керней-Жарылғап болушы еді. Оны жұрт: Ер Жарылғап, батыр Жарылғап, би Жарылғап деп атайтын. Ал мына Жарылғапты: Тілеуке-Бертістің Тілеукесінің баласы Шақабай-Жарылғаптың Жарылғабы, ұры – Жарылғап деуші еді. Халық қаңғып сөйлей береді. Бұл ұры болса, жылқы, түйе, қой, сиырды ұрлап алған шығар. Ал, ана бәйбішені, мына төрт баланы ешкімнен ұрлап алмаған шығар. Сондықтан, «Құдайдың өзі жарылқап қойған шын Жарылғап екен» деп баға берген екен. Риза болғандығы соншалықты, Жарылғаптың Жоламаннан кейінгі екінші баласын Тастемірді өзіне қияметтік бала қылыпты. Абылайдың дуа тигендігі соншалықты, Жарылғаптың тұңғышы Жоламан «он алты ұлды Жоламан» атаныпты. Енді тіліне байланысты бірер сөз: өлім болжалсыз, келін болжалсыз, ұлға жарыған, құлға да жарыған, хан деген – жұрттың қазығы, қарашы – оның азығы, құтым кетеді, сүтім кетеді – тұрақты тіркестер, қысыр сауғалы, құда-күйеу, бәйбіше, жиен, күлдері белбеу, қайыс жіп, шымжиғақ, жент, ірімшік, май, түнемел қымыз, қоржын – ұлттық символдар, Маңқан бәйбішені екі баласы бір жағынан, қолынан тартып, екі баласы ар жағынан сүйемелдеп, қырынан кіргізіп, есікке әрең зорға сыйып еніпті, Бұзау, тайыншаның қарынына салынған бір қарын жентті ортасынан қақ жарып, ханның қоржынына салғызыпты – гипербола т.б. ұшырасады [31, б.71-74].

«Бегім шайхы» шығарма бұрын зерттелмеген. Лирикалық жанр. Екі сөйлемі қарасөзбен жазылған. Төрт тармақты, 9 шумақты. Өлеңнің негізгі тақырыбы әйелдер туралы, олардың адамгершілігі жөнінде. Әйелдің бәрі бірдей еместігі, олардың да іс-әрекетіне қабілетіне қарай әр түрлісі болатыны айтылады. Мәні мен мазмұны қысқаша мынандай: Бегім шайхы Абылай ханға пір болған екен. Қажыға жеті рет барған кісі, оқуы күшті, сауатты адам болған екен. Сол Бегім шайхы екі қатын алған екен. Қатындарының мінезін сынап «жақсы қатын», «жаман қатын» – деген өлең шығарған.

Мысалы:
Бір қатын, Алдым өзім екі хатун.

Мұсылманға нан қоймас бүтін,

Отыны жақсы қылар түтін,

Күйдім хатунның дүрдіден.

Екінші қатын: Ас пісірсе, қылар сұйық,

Нан пісірсе, қылар (...).

Еш қылмас (қылмыс) дүр (мінгестік).

Күйдім хатунның дүрдіден.
Өлең шағатай үлгісінде жазылған. Шағатайлық үлгідегі сөздер: достыларым, жаранларым, хатунның, дүрдіден, хатун, сөзлеп, ламаш, жаду, өлтүрер, һәм (шылау), басқанама, тәктігінше, маһы т.б. -лар,-лер, -леп, -ман, - мен немесе -түр-ер (-түр//тір және келер шақ -ер) тұлғасы арқылы жасалған көне сөздер кездеседі. Бегім шайхының ауладау үрім-бұтағы – Молда Жәдігер ішінде, Мейрам елінде Сұлтанқожа, Дәулетқожа балалары. Сейітахмет Дәултеқожа баласы – қияметлік бір достасымыз еді. Ташкентте Бесағаш махалласында Әбілқасымхан ишан мешітінде бір қыс бірге тұрыпты. Кенжебай молда, Омар қожа, Сұлтанқожа баласы ноғай Ләшіммұхамед Ахметов [31, б.262-263, 360].

«Бәйтерек» Кіші жүздің ұрандары – тарихи-эпикалық жәдігер. Көтерген тақырыбы «Кіші жүздің» ұрандары, олардан тараған ұрпақтар туралы. Шежіренің құндылығы сонда, онда жазылған Кіші жүздің тарихын білуге болады, әр рудың ұрандарын да білуге болатыны. Кіші жүз үш бөлімге бөлінеді: Әлім, Әлімұлы, Байұлы. Бұлардың үшеуі бірігіп «Алшын» деп аталады екен. Немесе: «Үш Алшын» деп сөйленеді. «Жеті ру» мыналар: Тама, Табын, Керделі, Керейт, Рамадан, Жағалбайлы, Тілеу. Кіші жүз ішіндегі «Жеті рудан» Керделі: Оның ұраны – Қожахмет. Таманыкі – Қарабура. Табындікі – Тосаған. Жағалбайдікі – Елди-ей, бөлди-ей. Әлім алты ата, одан бөлінетін Тілеу ұраны – Арғымақ. «Жеті ру»: Керейт ұраны – Ақсақал. Байұлы он екі ата Беріш ұраны – Ағадай. Адай ұраны – Адай. Ысық ұраны – Бәйтерек. Алаша ұраны – Байбарақ. Масқар ұраны – Қаратай. Тана ұраны – Тана. Байбақты ұраны – Дәуқара. Алшын мен Жаппас ұраны – Баймұрат. Қызылқұрт ұраны – Жиенбай. Асан қайғы, Қазтуған, Орақ, Мамай, Талағыс, Шора, Едіге-пәледен қашып құтылған – осылар. Үштің біріне қосылған Әз Едіге Кіші жүзден шыққан. 43 мәтін Кші жүздің ұрандары. ОҒКҚҚ, № 1177 папка, 190-191 беттері бойынша даярланды. Қараңыз: 426 бетті [34, б.165, 426].



«Бай» Бұхардың атынан берілген өлең. Негізінде өлеңнің мәні мен мазмұнына үңілсек, өлең үшінші жақтан айтылғанын байқар едік.
Бұхарекең біз келдік,

Ақан, Төбет байларға.

Бесті берсең, семіз бер,

Жаздай Бұхар жайларға.

Немесе,


Алпыстағы Бұқардың

Сілесі құрып қата ма?


– дейді. Бұхар өзінің атын өзі өлеңге қоспаған шығар. Демек, Бұхар үшін ат алуға басқа нөкерлері келген. Бұдан бұрында бір рет атты мінуге сұраған, оған байлар аттың майына берген екі қари бөзге риза болмаған сияқты. Осының өзінен-ақ Ақан байдың сараңдығын байқаймыз. Мәшһүр-Жүсіп: «Мұндай кісі бай бола ма? Алпыс жасында өз ағайыны бір байдан ат майын мінуге сұрапты. Сонда ол бай атты алысқа айдаңқырап:

– Ауыл пәлен жерге қонғанда, келе қойыңыз! депті.

Ат майын беруге сараңдығы қолын босатпай: «Егер ...мі Бұқарекең келе қалса, бір мата беріп жөнелтейін! деп, керегенің басына қыстырып қойған екен. Бұқарекең кіріп келгеннен-ақ, матаға көзі түсіп, жырлай бастады дейді. Байдың аты Ақан болса керек. Бұқарекең ол атын азсынып, атына ат қосақтапты» деп түсіндірген (Мәшһүр-Жүсіп, 1177-папка, 61 (31)-бет). Өлеңге мәтіндеме жасалған. Қараңыз: 304-305 беттерді [36, б.23, 304-305].

«Бошанды» өлеңдегі кейіпкерлер, Қаракесек халқының ұрылары. Жалпы, «Бошанды» деген өлеңі жоқ. «Бошан» сол мал ұрлағандардың бірінің аты. Мәшһүр-Жүсіптің «Мұқыш Жұпарұлы» деген өлеңінен алынған. Оқиға негізінен алаш азаматы Боштаев Жұпарұлы Мұқыш төңірегінде өрбиді. Мұқыш соттың жұмысын жүргізіп, әділдік танытқан:
Мұқыш соттың жұмысын жүргізгені,

Әділдігін алашқа білгізгені.

Бұзақы, бұзғыштарға тыю салып,

Жылаулыны қуантып күлгізгені


– деп суреттейді ақын. Ел ішіндегі «ауру қалса да, әдет қалмайды» бұрынғы барымта, сарымтаны қоя алмаған телі-тентектерді Майқы, Танаш, Бошан, Жалықбас балалары: Танаш пен Мақай болыс т.б. соттатып, Семей түрмесіне қаматқан. Ақаев, Шәкәрім, Нармамбеттер Мұқыштан бұларды кешір, босат дегенде де бет қаратпаған. Түбі шаш ал десе, бас алатын бір жағынан қызылға алданған да болуы керек, солардың сойылын соққан.

Мәшһүр-Жүсіп былай жырлайды:


Жұрт көзіне көрініп шықты дөңге,

Қалшиып қарысқанды салды жөнге.



Қаракесек халқының ұрылары,

Тығылды сасқанынан іннен інге


– дейді. Ақын бір де олардың атын атап, түсін түстеп өлеңге қосады:
Түзуліктің заманы оянды ма?!

Бұзылғандар әдетін қоя алды ма?!

Майқы, Танаш, Бошанды, бидайықтай,

Қуырып барды Мұқыш Қояндыға!


– дейді [29, б.66-67, 36, б.50].

«Дәндібай» – аталас ағасы. Мәшһүр-Жүсіп пен Жүсіпбек Күлік руынан шыққан беделді де, белді халықтың ай мен күніндей адамдар. «Жеті атасын білмеген жетесіз» дегендей Жүсіпбектің ата-тегін білмей оның шығармашылығын зерттеудің өзі қиын. Сондықтан да, біз ең бірінші Жүсіпбектің шығу тегіне тоқталғанды жөн көрдік. Бұл орайда Мәшһүр-Жүсіп шежіресіне көз жүгіртейік. Арғын-Құтан-Мейрам-Сүйіндік-Суғыншы-Шуманақ-Құлболды-Күлік. «Күлік – Күлік жүрген жерің бүлік» деген ел ішінде сөз қалған. Күлік – қырғыз тілінде «жүйрік» деген сөз. «Қыс шілдеде – жілік жүгіреді, жаз шілдеде күлік жүгіреді» өзін жүйрік тұтатұғын ел. Күліктің екі қатыны болған. Бәйбішесінен: Тілеуімбет, Наурыз, Дәулет. Тілеуімбет ұлдың тұңғышы. Үйтентек, айран көз белдеу ұстап, безерлік қылуға мығым екен. «Арғында Тілеуімбет, Алшында Жолымбет» деп аттары шыққан. Қалмақтармен соғыста берілмей он алты баласы ат арқасында қашпай ұрысқан. Ал алты баласымен Наурыз қашып құтылған екен. Он алты ұлды – Тілеуімбет атаныпты. Тоқалынан: Өтепберді, Данияр, Сексен. Өтепбердіден-Ақыл, Қошқар екі ұл. Өтепбердіні жан білмейді дейді Мәшһүр-Жүсіп. Ақыл «Сексен» атанған. Күліктің сексен жасында туған бала екен. «Сары атты Сексен» атанған – жүкті түйені жүгімен алып қашқан. Ол түйенің шөгінде екі бала – Бесім мен Қойтан отырған. Сондықтан да кейінгі аман қалып үрім-бұтақты болған ұрпақтар Сексен батырға қарыздар. Ақылдан – Бейбіт, Жапалақ, Дербісәлі, Мырзакелді, Айбас. Ақылдың қалмақтан алған қатынының аты Сұлым. Онан туған: Қойкелді, Жылкелді, Ақыл өз қарашаңырағына Бейбітті ие қылып, кенжесі Айбасты Сұлымның қолына кіргізіп, соның шаңырағына ие қылған. Ақылдың қалмақ қатынынан туған Қойкелді өз тұсында үш жүзден балуандығын асырған. «Бұхара балуаны» атанған Қоңыраулы балуанды жығып, Самыраттың асында бәйге алып кеткен. Самырат – Бұхарды билеген Данияр бидің баласы, Мінайдар ханның әкесі. Қойкелді балуан жалғыз барып, қалмақтан бір еркек бала алып қашып келіп, атқа отырысы дулығадай болған соң, атын «Дулыға» қойып, асырап алып, бала қылған. Осы күнде Қызылтауда «Дулыға тас» деген тас бар. Сол Дулығадан үрім-бұтақ, жұрағат бар. Дулыға балалары: Тоқанай, Топай. Топайдан-Өтебай молда. Тоқанайдан-Орайлар: бәйбішеден – Күнтай, Таңашбай. Таңашбайдан Қуан бай жалғыз. Таңашбай ел тауға қонып жатқанда, өлген екен. Сол күнде Қуанда үш жүз қой бар екен: бір жүзін сойып, әкесіне ас беріпті. «Қалған екі жүз қойының бір жүзі егіз тауып, Қуанның өзі көзі тіршілігінде он екі мың қой тұяғы болғанын көріпті!» делінген сөз бар. Қуан балалары: Ордабай, Дәндабай, Молдабай, Ноғай. Молдабай қотанынан бес мың тұяқ өрген күнін осы қалам ұстап отырған өз көзімен көрген кісі – дейді Мәшһүр-Жүсіп. Дәндебайдан: Торғауыт, Оймауыт (Аймауыт – деп кеткен А.Қ.) – бәйбішенің балалары. Тоқалынан: Оспан, Байділда, Әбдірахман. Оймауыттан-Жүсіпбек, Жүсіпбектен-Бектұр, Жанақ. Жүсіпбектің тағы үшінші қызының – аты Муза (кейбір деректе Лиза деп жүр А.Қ.). Сонда: Күлік-Өтепберді-Қуан-Дәндебай-Оймауыт-Жүсіпбек болып шығады [32, б.14].

«Кертағы» – жер атауы. Мәшһүр-Жүсіп Көпеевтің «1 мәтін Қазақ түбі (бірінші нұсқа)» атты шығармасында кездеседі. Ол кезде Мұғолдың патшалық еткен тұсы дейді ақын. Мұғолдың балалары Кертағы жеріне көшіп-қонып жүрсе керек. Мәтінде: «Ол заманда: «Ертағы», «Кертағы» дейді екен. Бұл заманда: «Ұлытау», «Кішітау» дейді. Жаз болса сол жерлерді жайлайды». Демек, біздің қазіргі күндегі «Кішітау» жеріміз бұрындары «Кертағы» болғандығын Мәшһүр-Жүсіп дәлелдей түскен [34, б.5].

«Имантай» ақын, Қаржастан шыққан Шектібай байдың ұрпағы. Этнограф, ақын Мәшһүр-Жүсіп Көпеевтің жинаған фольклорының бірінде осы Имантай ақын Төлеген деген қожамен тәжікелесуін жазады. Мәселен, Төлеген қожаға Қаржастың Имантай деген ақыны айтыпты:
Ассалаумағалейкум, Құтпан қожам,

Шалдарды шытырынжы ойнап, ұтқан қожам.

Төрт биенің сүтіне наз қыласың,

Төрт ауылды құрыта шыққан қожам!


Сонда қожа айтыпты:
Тамам Талас ішінде сен жарлы едің,

Сонда-дағы пейілің кең жарлы едің.

Кеше Шектібайдың аласы құрығанда,

Сол жұтта да ішінде мен бар ма едім? депті.

Бұл сөздің мәнісі: қожа келіп қыстаған жылы бір ауылдан бір шал ажалынан қаурап қалған екен. Солардың ысқатын қожа алады ғой. Бұл Имантайдың аталары Шектібай байдың бұрын бір жұтта жылқысы жұтап таусылып қалған екен – дейді. Бұл дерек Мәшһүр-Жүсіптің жазбасының 1176 папкасының 140 беті негіз болған. Қолжазбаны араб жазуынан аударып, ғылыми түсінік берген филология ғылымдарының кандидаты Нартай Қуандықұлы Жүсіпов [37, б.210].

«Иса» – Шорман бидің баласы. Мәшһүр-Жүсіп Көпеевтің «Иса Шорманұлы» атты өлеңінде кездеседі. Ақын Исаны Шорманның бел баласы екендігін екінші шумақта келтіреді де, сол кезде бірнеше адамның қажылыққа барғанын айтады. Соның ішінде Иса Шорманұлы да болған. Иса Шорманұлының жомарттығын келесі бір жолдардан байқауымызға болады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   19


©kzref.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет