Әр үйден табылатын қысқа толқынды пеш тағамды жылытуға жібітуге көмектеседі. Алайда оны қолдануда бірқатар қауіпсіздік ережелерін сақтау керек. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі Доктор Питер басылымына сілтеме жасап хабарлайды. 

Барлық тағамды немесе ыдыс кез келген түрін қысқа толқынды пеште жылытуға болмайды. Қауіпсіздің ережелерін сақтамаған жағдайда пеш өртеніп немесе жарылып кетуі мүмкін. Мысалы, металл және бір рет қолданылатын ыдыстар мен йогурт банкаларын қысқа толқынды пешке салуға қатаң тыйым салынады. Өйткені олар еріп кетеді. Фольганы қолданбағаныңыз абзал. Себебі пеш ішінде фольганың өртеніп кетуі ғажап емес. 

Сондай-ақ патофизиолог дәрігер Елена Парецкая қандай өнімдері қысқа толқынды пеште жылытуға болмайтынын айтты.

“Сәбіз, картоп, қызылша секілді көкөністерді пеште жылытсаңыз болады. алайда қысқа толқынды пешке тұтас жемістерді салатын болсаңыз оларды шанышқымен немесе тіс тазалағышпен тесіп алғаныңыз жөн. Әйтпесе олар жарылып кетуі мүмкін. 

Микротолқынды пешке шыны ыдыстар мен силикон қалыптарды салуға болады. Ыдыстың барлық бөлігі қысқа толқынды пеш сәулелерінің әсеріне төтеп беру керек. Сондықтан ыдыстардың қақпағы мен тұтақаларын тексеріп алғаныңыз абзал”, – дейді патофизиолог Елена Парецкая. 

Қысқа толқынды пеште жылытуға болмайтын тағамар мен өнімдер

Қабығы ашылмаған, тұтас жұмыртқаны салуға болмайды. Сонымен қатар, микротолқынды пеште жүзімді қыздыруға, жібітуге немесе пісіруге тыйым салынады. Олар тез тұтанып, плазмалық жиынтық, яғни иондалған және өте ыстық газ түзеді. Ол әртүрлі зарядталған бөлшектерден тұрады. Бұл қысқа толқынды пештің істен шығуына әкеліп соғады. Сондай-ақ өрт шығып, жарақат алуыңыз мүмкін.

Сонымен қатар кептірілген, ұнтақталған немесе жаңа піскен ащы бұрыштарды қысқа толғынды пеште қыздыруға немесе пісіруге болмайды. Жылытатын тағамның құрамында бұрыштың болмауын да қадағалаңыз. Себебі бұрыштың құрамында ащы дәм беретін капсаицин бар. Бұрыш қызғанда капсаицин буланады. Сөйтіп бұрышты пештен алып шыққанда көзіңіз ашып, теріңіздің немесе шырышты қабықтың күйдіріп алуыңыз мүмкін.

Балалар тағамын жылытуға болмайды

Балалар тағамын микротолқынды пеште қыздымаңыз. Өйткені, пеште тамақ біркелкі жылымайды. Әсіресе, тамақты араластырмай берсеңіз баланың ауызы мен тамағын күйіп қалуы мүмкін. Сондай-ақ, қыздырылған кезде пластикалық бөтелкелердің өзі балалар үшін қауіпті қосылыстар бөледі.

 


Автор: Гульжан Оразбаева

Гульжан — исследовательница жизни и достижений знаменитых личностей Казахстана. Ее статьи позволяют читателям взглянуть на страну через призму вкладов ее ярких представителей.