Ќазаќстан Республикасыныњ Білім жєне ѓылым министрлігі



жүктеу 1.27 Mb.
бет6/8
Дата08.10.2017
өлшемі1.27 Mb.
1   2   3   4   5   6   7   8

Келтірілген кестеден ауыл шаруашылығындағы ең басты техникалық құралдар тракторлар мен астық жинайтын комбаиндардың санының 4 еседен астам, ал көптеген құрал-жабдықтардың 5-10 есеге дейін кеміп кеткені көрініп тұр. Оның үстіне қолда бар техникалық құралдардың көбінің қазіргі кезде ескіріп, тозығы жетіп тұр. Ауыл шаруашылығының материалдық-техникалық базасының күйін айқындайтын көрсеткіштердің бірі – осы салада пайдаланылатын электр қуатының көлемі. 1990 жылы бұл салада 13,7 миллиард киловатт-сағат электр энергиясы жұмсалса, 2000 жылы бар болғаны 2,6 миллиард киловатт-сағат қана энергия пайдаланылыпты, яғни оның көлемі 5,3 есе қысқарған. Қай заманда, қай елде, экономиканың қай саласында болмасын электр энергиясын кеңінен, көбірек қолдану техникалық, технологиялық озықтықты, ілгерілеуді, өндірістің жоғары деңгейін көрсетеді. Сондықтан да агроөнеркәсіп кешенінің таяу жылдары тезірек шешуді қажет етіп тұрған күрделі де, маңызды мәселелерінің бірі саланың материалдық-техникалық базасын жаңғырту, қайтадан қалыптастыру, нығайту болып табылады.

2.2.3. Негізгі өндіргіш күштің жағдайы

Агроөнеркәсіп кешенінде реформаға дейін 2 миллионнан астам, оның ішінде ауыл шаруашылығында 1,5 миллионнан астам адам жұмыс істеді. 2000 жылы ауыл шаруашылығында 232 мың адам жұмыс істеді. Жұмыссыз қалған адамдардың ең көп жері бүгінде ауыл шаруашылығы, агроөнеркәсіп кешенінің басқа да салалары.

1990 жылы республикада 16,7 миллион халық болды. Ал, 2001 жылдың 1 қаңтарында Қазақстан халқы 14,8 миллион, оның ішінде ауыл тұрғындары 6,5 миллион яғни 44 пайыз болды. Реформа жылдары Қазақстаннан басқа елдерге негізінен қалада тұратын адамдар кетті, ал ауылды жердің тұрғындары (немістерден басқалары) өзіміздің қалаларға қоныс аударды. Алдағы жылдары да бала туу қалаға қарағанда ауылды жерде көп болатына қарамастан тұрғындар саны кеми беретіні анық. Бұл құбылмалы озық құбылыс, алға басқандық, әлемдік тәжірибеде урбанизация (латын сөзінен аударғанда кенттену – 1) жұрттың және экономикалық өмірдің ірі қалаларға шоғырлану процесі; 2) қалаға, өнеркәсіп орталықтарына тән ерекшеліктер мен сипаттардың ауылды жерлерге таралуы) барлық мемлекеттерде орын алатын обьективтік құбылыс деп дәріптеліп жүр. Бірақ «біреу тоңып секіреді, біреу тойып секіреді» дегендей, экономиканың дамуы, ондағы құрылымдық өзгерістердің өріс алуы, қалаларда өндіріс орындары дамып, жұмыс орындары көбейіп, құрылыс дамып, үйлер салынып, ауылды жер тұрғындарына үй мен жұмыс табылғандағы ауылдан қалаға көшу бір басқа да, ауылда да, қалада да жұмыс орыны болмай, қалада ауылдан келушілер үшін жұмыс пен үй жоқ кезде қалаға көшу бір басқа шаруа екенін ұққан дұрыс. Қорыта айтқанда, қоғамның басты өндіргіш күші жұмыскер күші нарықтық экономика жағдайында да қай елде болмасын тиімді пайдалануы керек. Бұл мәселені шешуде ауыл шаруашылық өндірісін дамыту арқылы онда жұмыспен қамтылған, өнім өндіретін адам санын көбейту, олардың еңбегінің өнімділігін арттыру үлкен рөл атқаратыны даусыз.

Енді ауыл шаруашылығында өнім өндірудің тұтас алғандағы сипаты қандай екеніне тоқталған жөн деп санаймын.

Әуелі ауыл шаруашылығы жалпы өнімнің көлемі қалай өзгергеніне қысқаша тоқтала кетейін. Шаруашылықтың барлық санаты бойынша 2000 жылы ауыл шаруашылығының жалпы өнімінің көлемі 1990 жылға қарағанда екі еседей қысқарды.

Бұл құлдырау әр облыста мерзімі жөнінен де, деңгейі жөнінен де әртүрлі болды. Мәселен, Қызылорда облысында 2000 жылы 33,7 пайыз деңгейіне жетті, Батыс Қазақстан облысында 22,7 пайыз деңгейінде қалып отыр, Маңғыстау облысында 23 пайыз деңгейіне жетті. Сондай-ақ Ақтөбе, Қарағанды, Қостанай облыстарында ауыл шаруашылығының жалпы өнім көлемінің төмендеуі тоқталып, тұрақтану, өрлеу процестері бар деп айта алмайсыз. Ақмола облысында кейінгі екі жылда өнім көлемінің елеулі өсуі байқалады. Жалпы өнім көлемі азырақ кеміген облыстар қатарына Алматы, Шығыс Қазақстан және Павлодар облыстарын жатқызуға болады.


2.2.4. Жер шаруашылығының жағдайы

Жер шаруашылығының, өсімдік шаруашылық жағдайына көз жіберелік. Өнім алу үшін пайдаланылып отырған ауыл шаруашылық жер, егістік жер, егін егілген жер көлемдерінің қаншалықты азайып кеткенін жоғарыда нақты деректермен көрсеттім. Егін егілген жердің көлемі ғана емес, сондай-ақ дақылдардың әр гектардан алынатын түсімі де кеміп кетті. Өндіріс екі жағынан да күйзеліске ұшырап отыр. Соның нәтижесінде өсімдік шаруашылығындағы басты өнім – астық өндіру болса, оның тазартылғаннан кейінгі көлемі 1990 жылғы 28,5 миллион тоннадан 2000 жылы 11,6 миллион тоннаға , яғни 2,5 есеге дейін азайды. Дәнді дақылдардың егістік көлемі осы жылдары 23,4 миллион гектардан 12,4 миллион гектарға дейін, әр гектардан алынған түсім 12,2 центнерден 9,4 центнерге дейін кеміді. Әрине бөліп алынған екі жылдың түсімін салыстыру қаншалықты дұрыс, өйткені Қазақстан жағдайында бір жыл жанбырлы болса, енді бір жыл құрғақшылық болып келетіні белгілі деуге де болады. Кейде екі, кейде үш жылдан кейін бір жыл қатты құрғақшылық болып, бір гектардан алынатын түсім өте аз болады. Мәселен кейінгі 12 жыл ішінде (1990-2001 жылдары) үш жыл (1991, 1995, 1998 жылдары) қатты құрғақшылық болғандықтан бір гектардан 5,0-5,6 центнер ғана түсім алынды. Бірақ астық көлемінің кейінгі жылдары азайып кеткенін тек ауа райының қолайсыздығымен түсіндіруге болмайды.

Дәнді дақылдардың бидайдан басқа түрлерінің көбінің егістік жері қатты қысқарды. Бидай егістігі 14 миллион гектардан 10 миллионға дейін қысқарса, арпа 6,6 миллионнан 1,7 миллион гектарға дейін, қара бидай 772 мыңнан 31 мыңға, дәндік жүгері – 129 мыңнан 79 мыңға, тары – 781 мыңнан 138 мыңға, қарақұмық – 208 мыңнан 52 мыңға, күріш – 124 мыңнан 78 мың гектарға дейін қысқарды. Негізінен тек бидай ғана егу жерді тиімді пайдалану тұрғысынан да, экономикалық жағынан да дұрыс емес. Жемшөптік, жарма жасайтын дақылдар тек ішкі қажетті қанағаттандырып қана қоймай, сыртқы сауда үшін де өндірілуі қажет.

Дәнді дақылдардың жалпы түсімі 2000 жылы 1990 жылға қарағанда 2,5 есе азайса, соның ішінде басты дақыл бидай 1,8 есе, ал қара бидай 17 есе, тары 15 есе, арпа 5 есе, қарақұмық 4,7 есе, күріш 2,7 есе азайды.

Техникалық дақылдардың егіс көлемі 1990 жылғы 439,9 мың гектардан 2000 жылы 631,1 мың гектарға дейін, өсті бұл майлы дақылдардың көлемінің осы мезгілде 266,5 мыңнан 448,2 мың гектарға дейін, оның ішінде күнбағыс егіс көлемінің 136,9 мыңнан 313,9 мың гектарға дейін өсуі есебіне болған. Техникалық дақылдардың ішіндегі ең басты дақыл мақтаның егіс көлемі 1990 жылғы 119,7 мың гектардан 2000 жылы 151,8 мың гектарға, яғни 26,8 пайызға дейін ұлғайғанымен оның бір гектардан алынатын түсімінің сол жылдардағы 27,1 центнерден 18,7 центнерге дейін төмендеуі салдарынан мақтаның жалпы түсімі 1990 жылғы 324 мың тоннадан 2000 жылы 287 мың тоннаға дейін азайды. Мақтаның бір гектардан алынатын түсімінің 2000 жылғы төмен көрсеткіші кездейсоқ, тек бір жылға тән құбылыс емес. Мақтаның әр гектардан алынатын түсімі үнемі төмендеп келді, ол 1998 жылы 14,1 центнерге дейін құлдырады. Бір гектардан алынатын түсімнің кеміп кетуінің себептері көп. Оның бірі су тапшылығы жағдайында мақтаның егіс көлемін кемітіп, соның нәтижесінде сумен қамтамасыз ету деңгейін көтеріп, әр гектардан алынатын өнімді өсірудің орнына, керісінше егілетін жер көлемі ұлғайтылуда. Тыңайтқыш қолданудағы, мақта өсірудегі басқа да технологиялардың сақталмауы түсім деңгейіне әсерін тигізді.

Қант қызылшасының Қазақстан жағдайында маңызды дақыл екендігі баршаға белгілі. Солай бола тұра оның жалпы түсімі 1990 жылғы 1044 мың тоннадан 2000 жылы 273 мың тоннаға дейін, яғни 4 еседей азайып кетті. Бұл, біріншіден, оның егілетін жер көлемінің осы дылдары 43,6 мың гектардан 22,5 мың гектарға, яғни екі еседей кеміп кетуінен болса, екіншіден оның әр гектардан алынатын түсімі 239 центнерден 154 центнерге дейін төмендеуінен болып отыр. Қант қызылшасының жағдайы 1994 жылдан бері оңбай тұр, сол жылы оның жалпы түсімі 400 мың тоннаға дейін азайған еді, ал 1997 жылы тіпті 100 мың тоннаға дейін құлдырады.

Қанттан кейінгі Қазақстанда тағы да бір жетіспейтін, халық тапшылық зардабын көріп жүрген өнім - өсімдік майы. Бұл мәселеге реформа басталғаннан бергі жылдардағы көрсеткіштерге қарасаңыз басты майлы дақыл – күнбағыстың егіс көлемі қатты ұлғайғанын көресіз, бірақ әр гектардан алынатын да, жалпы түсім де аз. Оның егіс көлемі 1990 жылғы 136,9 мың гектардан 2000 жылы 313,9 мың гектарға, яғни 2,3 есеге дейін ұлғайғанымен, әр гектардан алынған түсім осы жылдары 9,2 центнерден 4,0 центнерге дейін, жалпы түсім 126 мың тоннадан 105 мың тоннаға дейін төмендеді. Осы жылдары бірнеше облыста күнбағыстың егіс көлемін ұлғайтып, сол арқылы өсімдік майын өндіру проблемасын шеше қою ұмтылысы болды. Бірақ одан ертеден белгілі өзіндік табиғи ортасы бар: бұрынғы Шығыс Қазақстан , Семей, Павлодар облыстары. Сол аймақтарда ауыспалы егістікті қолдана, қажетті технологияны пайдалана отырып, күнбағыстан мол өнім алуға болады.

Техникалық дақылдарды талдауды темекі көлемінің 1990 жылы 4,6 мың тоннадан 2000 жылғы 16,2 мың тоннаға дейін яғни 3,5 есеге өскенін, ал оның егіс көлемінің 2,6 мың гектардан 7,3 мың гектарға дейін, яғни 2,8 есе өскенін айтумен аяқтайық. Американдық темекі компаниясының келуі, саланы қолына алуы айтарлықтай нәтиже бергенін осы деректерден де байқауға болады.

Елде өнірілетін картоп көлемі 1990 жылғы 2324 мың тоннадан 2000 жылы 1693 мың тоннаға дейін азайды. Халықтың тамаққа тұтынатыны бар, тұқымға сақтайтыны бар, сақтау кезінде бұзылатыны бар, негізінен картоптың жалпы түсімі 2,5 миллион тоннадай болуы керек. Осы тұрғыдан алғанда оның өндіріліп жүрген көлемі азырақ екені айқын.

Халыққа қажетті өнімнің бірі – көкөніс. Оның жалпы түсімі 1990 жылғы 1136 мың тоннадан 2000 жылы 1544 мың тоннаға дейін өсті. 1998 жылдан бастап кейінгі үш жылда көкөніскөлемінің тұрақты өсуі байқалып отыр. Оның көп түріне сұраным қанағаттандырылуда және бағасы да онша қымбат емес.

Бақша өсімдіктерінің жалпы түсімі 1990 жылғы 301 мың тоннадан 2000 жылы 421 мың тоннаға дейін өсті. Мұнда да кейінгі үш жылда өнім көлемі тұрақты өсуде. Дегенмен, бақша өнімдеріне жұрт сұранысы әлі де болса жергілікті өндірілетін өнім есебінен толық қанағаттандырылмай отыр. Өзбекстан мен Қырғызстаннан әкелініп сатылатын өнім көлемі едәуір.

Өсімдік шаруашылығына жасалған талдаудан егістік жер көлемінің, көптеген дақылдардың егіс көлемінің, әр гектардан алынатын және жалпы түсімнің елеулі түрде азайып кеткенін көрдік. Егін шаруашылығын бұрынғы пайдаланып келген жер көлемінде игерудің техникалық, қаржылық мүмкіндіктері жоқ екені және барлық өнім түрлерін бұрынғы одақтың еңбек бөлісіне, саланың сол кезде қалыптасқан мамандануына сай жүргізудің ендігі жерде қажеті жоқ екендігі де түсінікті. Тек айта кетерлік бір мәселе – айналымдағы, әр гектар жер нарықтық экономика жағдайында тиімді, өнімді пайдаланылуы қажет екендігі. Шаруашылықтың экстенсивті түрінен интенсивті түріне көшу деген қағида өзгермек емес. Осы тұрғыдан қарағанда жер шаруашылығында тыңайтқыштар мен өсімдікті қорғайтын заттарды пайдалану керектігін естен шығармау керек.

1990 жылы 9.332 мың гектар ауыл шаруашылық жеріне минералдық тыңайтқыш қолданылады. Сол жылы енгізілген минералдық тыңайтқыштардың 100 пайыздық қоректік заттарға есептегендегі көлемі 672 мың тонна болған екен. Бұдан басқа 688 мың гектар жерге 22,4 миллион тонна органикалық тыңайтқыштар қолданылды. 2000 жылы 11,5 мың тонна минералдық тыңайтқыштар (оларды 100 пайыздық қоректік заттарға есептегенде) 86,5 мың гектар жерге енгізілген екен, сонда 1990 жылға қарағанда тыңайтқыш көлемі 58 есе, тыңайтқыш енгізілген жер көлемі 108 есе кеміп кетіпті. 2000 жылы 175,7 мың тонна ғана органикалық тыңайтқыш қолданылыпты, ол 1990 жылғы осындай тыңайтқыштың небары 1,5 пайызын ғана құрайды. Сонда қазіргі кезде біз жерді қалай пайдаланып жатқанымыз белгілі болып қалды емес пе? Топырақтан өсімдік өнімдері алып шығатын қоректік заттардың тым құрығанда біраз көлемін тыңайтқыш арқылы қайтарып беріп отыру жер шаруашылығының өзгермес заңдарының бірі ғой. Дақылдар түсімінің кемуі өз алдына, топырақ құнарлығының болашағын ұмытуға бола ма деген сұрақ туындайды.
2.2.5. Мал шаруашылығындағы жағдай

Шаруашылық санатының барлық түріндегі ірі қараның саны 1990 жылғы 9.752,2 мыңнан 2000 жылы 4.106,6 мыңға, яғни 2,4 есеге дейін азайды. Республика бойынша ірі қараның саны 1998 жылға дейін кеми келіп, осы жылдың аяғында 39.57,9 мың ғана болды. Одан кейінгі жылдары малдың бұл түлігінің саны көбейіп келеді. Ірі қараның саны әсіресе Солтүстік Қазақстан облысында қатты азайып кетті, мұнда 1990 жылғы 1.410,4 мың малдан 2000 жылы 297,5 мың ғана қалды, Павлодар облысында 765,7 мыңнан 242,5 мың ғана, Қостанай облысында 1.447,4 мыңнан 431 мың ғана мал қалды. Оңтүстік Қазақстан, Қызылорда, Алматы, Ақмола облыстарында малдың бұл түлігі көбірек сақталып қалды деуге болады. 1999 жылы республика бойынша 3.368 мың сиыр болса, 2000 жылы одан 2.014,7 мыңы ғана қалды. Сиырдың саны Ақмола, Қостанай, Павлодар және Солтүстік Қазақстан облыстарында қатты кеміп кетті.

1990 жылы Республикада 35.660,5 мың қой мен ешкі болса, 2000 жылы содан 9.981,1 мыңы ғана қалды, яғни 3,6 есе кеміп кетті. Қой мен ешкінің саны, әсіресе, Солтүстік Қазақстан, Павлодар, Қостанай, Ақмола және Шығыс Қазақстан облысында 5.533,6 мың, Оңтүстік Қазақстан облысында 4.074,7 мың, Жамбыл облысында 3.631,3 мың, демек, осы төрт облыста ғана 19.727,1 мың қой мен ешкінің 55,3 пайызы болған еді, 2000 жылы Алматы облысында 2.233,1 мың, Шығыс Қазақстан облысында 1017,0 мың, Оңтүстік Қазақстан облысында 1.903,2 мың, Жамбыл облысында 1.071,6 мың, демек төртеуінде 6.224,9 мың ғана қой мен ешкі қалыпты, Бұл республикадағы қой мен ешкінің 62,4 пайызы. Республикада қой мен ешкінің санының кемуі 1998 жылы тоқтап, одан бері өсу басталды. Бірақ Атырау мен Батыс Қазақстан облысында қой санының кемуі әлі де тоқталған жоқ.

1990 жылы 35,6 миллион қой мен ешкінің 29,2 миллионы кеңшарлар мен ұжымшарларда, 6,4 миллионы жұрттың қолында болды. 2000 жылы – 950 мың қой мен ешкі ауыл шаруашылық кәсіпорындарында, 840 мыңы шаруа (фермер) қожалықтарында, 8,191 мыңы яғни барлық қой мен ешкінің 82 пайызы жұрт шаруашылығында.

Республикада 1990 жылы 3.223,8 мың шошқа болса, 2000 жылы одан 1.076 мыңы ғана қалды, яғни 3 еседей азайған. Шошқа саны 1997 жылы 879 мыңға дейін азайып , одан бергі үш жылда тұрақты өсіп келеді. Атырау мен Батыс Қазақстан облысынан басқаларында шошқа санының азаюы тоқтап, өсу басталды. Шошқа саны Оңтүстік Қазақстан, Атырау, Шығыс Қазақстан, Қызылорда, Ақмола және Солтүстік Қазақстан облыстарында қатты кеміп кетті.Ақтөбе, Қостанай, Қарағанды облыстарында шошқа көбірек сақталды деуге болады. 1900 жылы шошқаның көп өсірген облыстарға: Солтүстік Қазақстан (651,6 мың), Ақмола (634,8), Қостанай (405,6 мың), Шығыс Қазақстан (390,8 мың), Алматы (310,2 мың) облыстарын жатқызуға болатын еді. Олардағы шошқа саны республикадағы барлық шошқаның 74,2 пайызы еді. Бүгінде шошқасы көп облыстар деп Қостанай (221,1 мың), Солтүстік Қазақстан (175,7 мың), Ақмола (168,2 мың) және Алматы облысын (122,9 мың) атауға болады, бұл 4 облыста 687,9 мың, яғни барлық шошқаның 63,9 пайызы бар.

1990 жылы республикада 1.626,3 мың жылқы болса, 2000 жылы одан 976,0 мыңы ғана қалды, яғни 1,7 есе азайды. Түйенің саны осы жылдары 143 мыңнан 98,2 мыңға дейін, 1,5 есе азайды. (15)

2.3. Аграрлық бизнестің тиімді жүйесін қалыптастыру

Жер қатынастарын дамыту

Ағымдағы жай-күйі:

Ауыл шаруашылығы кәсіпорындарының реформалаудың нәтижесінде, өнімі аз және сортан жерлердің ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлер 1991 жылғымен салыстырғанда 127,5 млн. гектарға немесе 2 еседен астам кеміді, сонымен бірге егістік жер 13,3 млн.гектарға (2,7есе) азайды.

Қазақстан Республикасының «Жер туралы» 2001 жылғы 24 қаңтардағы №152-ІІ Заңға сәйкес мемлекеттік емес ауыл шаруашылығы жер пайдаланушыларының жерді тұрақты пайдалану құқығы жойылды және 49 жылға дейін мерзімге жалға алу шартымен уақытша ұзақ мерзімді жерді пайдалану институты енгізілді

Проблемалар:

2003 жылғы 1 қаңтардан бастап уақытша ұзақ мерзімді жерді пайдалудың енгізілуі ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілердің бір бөлігінің жағдайына теріс әсерін тигізеді;

Ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерге жеке меншіктің болмауы аграрлық секторда кепіл қатынастарының дамуын және күрделі қаржыны ұлғайтуды тежейтін факторлардың бірі болып табылады;

Тұрақты жер қатынастарының болмауы ірі және орта тауарлы ауыл шаруашылығы құралымдарының дамытуға ынталандырмайды;

Топырақтың сапасын анықтайтын қазіргі заманғы матеиалдардың болмауы (топырақтың сапасын анықтау жөніндегі соңғы толық көлемді жұмыс 1986-1987 жылдарда жүргізілген) нақты бағалауға және жер салығының көлемін саралауға мүмкіндік бермейді;

Топырақтың құнарлылығын арттыруға ынталандырудың, сондай-ақ топырақ құнарлылығының жай-күйін пәрменді қадағалаудың экономикалық тетігінің болмауы жер пайдаланушылардың жерді пайдалану жөніндегі жауапкершілігін төмендетеді.

Шаралар:


Ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерге жеке меншікті енгізу жөніндегі заңнамалық акт қабылдау;

Ауыл шаруашылығы жерлерінің құнарлылығын сақтау және арттыру мақсатында жерді тиімді пайдаланбағаны үшін жауапкершілікті күшейту;

Жерді бөлудің қолданылып жүрген заңнамаға сәйкестігіне тексеріс жүргізу;

Жер телімдерінің бағалау құнын анықтаудың әдістемесін жетілдіру барлық аймақтарда бонитетті бағалаудың 4 турын өткізу, ел экономикасының жай-күйін ескере отырып, топырақтың типтері мен ішкі типтерін капиталға айналдыру ставкасын саралау;

Жерді кепілге беру арқылы кредит берудің ипотекалық нысаны және кредит тетігі арқылы жер пайдалану құқығын пайдалана отырып, аграрлық секторда қаржы-кредит қатынастарын жетілдіру.

Күтілетін нәтижелер:

Жерді нарықтық айналымға енгізу, ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілердің кредит ресурстарына қол жеткізуін ұлғайту, жердің пайдаланылуын жақсарту, салық салудың арнайы режимін сақтау.

Ауыл шаруашылығында су пайдаланудың тиімді жүйесін қалыптастыру

Суармалы жерлердің жай-күйі:

Суармалы жер қоры 2364,8 мың га құрап, бұл жерлер ауыл шаруашылығы жалпы өнімнің 30 пайызынан астамын өндіруді қамтамасыз етеді:

1991 жылы ауыл шаруашылығы өндірісінде 2284 мың га суармалы жер пайдаланылды, ал 2001 жылы нақты 1317,8 мың гектар жер суарылды, қалған 1047 мың га сортаң жерлердің айналымынан шығарылуына, суару жүйелерінің ақауларына, судың болмауына немесе жетіспеуіне, топырақты суландыру жағдайларының, ұйымдастыру іс шараларының нашарлауына, ең алдымен, қаржылық және материалдық техникалық ресурстардың болмауына байланысты пайдаланылмады.

Су пайлану жүйесін жетілдіру жөніндегі шаралар:

Су пайдаланушылар бірлестіктерінің ұйымдастырылуы және олардың жұмыс істеу жөніндегі нормаларды ескере отырып Қазақстан Республикасы Су Кодесінің жаңа редакциясын әзірлеу:

Суды жеткізіп беру жөнінде көрсетілетін қызметтердің жабылмайтын шығындарының айырмашылығын республикалық бюджеттен дотация беру арқылы ауылдағы су пайдаланушыларды, олардың рентабельді қызметін мемлекеттік, су шаруашылығы, пайдаланушы ұйымдарды мемелекеттік қолдау;

Шаруашылықаралық каналдар мен гидромелиоративтік құрылысын жобалауды жүзеге асыру мониторингін жүргізу жөніндегі функцияларды орындайтын мемлекеттік мекеме нысанында «Казагромелиосушар» әдістемелік орталығын құру.

Кадрлар даярлау жөніндегі мемлекеттік бағдарламада жыл сайын жалпы саны 20-25 адам шамасында су шаруашылығы жүйелері мен құрылыстарының инженер-гидротехниктерін, инженер-құрылысшыларын даярлауды көздеу.

Орта Азия елдерінің мемлекетаралық су-энергетикалық концорциуммын (төрт тарапты) құру.


Бюджеттік бағдарламаның атауы

2003 ж.

2004 ж.

2005 ж.

Ауыл шаруашылығын тауарын өндірушілерге су жеткізіп беруде көрсететін қызметтер субсидиялау

1032,379

1100,0

1500,0

Шаруашылықаралық каналдар мен гидромелиоративтік құрылыстардың ерекше авариялық жағдайдағы телімдерін қалпына келтіру

250,0

1250,0

1500,0

«Қазагромелиосушар» ММ әдістемелік орталығын құру

10,0

10,0

10,0

Қазагромелиосушар» ММ әдістемелік орталығын материалдық-техникалық жарақтау

2,427

1,177

1,0

Қарыздар

3042,7

2079,9

978,9

Барлығы

4337,506

4441,077

3989,9


Каталог: wp-content -> uploads -> 2013
2013 -> Министерство сельского хозяйства Республики Казахстан 010 000, г
2013 -> Бір көзден алу тәсілімен мемлекеттік сатып алу қорытындысы туралы №21 хаттама
2013 -> Бір көзден алу тәсілімен мемлекеттік сатып алу қорытындысы туралы №2 хаттама
2013 -> Бір көзден алу тәсілімен мемлекеттік сатып алу қорытындысы туралы №6 хаттама
2013 -> Министерство сельского хозяйства Республики Казахстан 010 000, г
2013 -> Тақырыптың өзектілігі
2013 -> «Алаш» либералдық-демократиялық қозғалысы идеологиясының маңызд


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8


©kzref.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет