Ќазаќстан Республикасыныњ Білім жєне ѓылым министрлігі


ІІІ-бөлім. Агроөнеркәсіптік кешендердің экономикалық тиімділігін арттырудың жолдары



жүктеу 1.27 Mb.
бет7/8
Дата08.10.2017
өлшемі1.27 Mb.
1   2   3   4   5   6   7   8


ІІІ-бөлім. Агроөнеркәсіптік кешендердің экономикалық тиімділігін арттырудың жолдары.

3.1. Аграрлық сала өнімінің бәсекеге қабілеттілігін арттыру және сатудың көлемін ұлғайту


Ауыл шаруашылық өнімінің бәсекеге қабілеттілігін анықтаудың критерийі:

Тиімділік, шығындарды азайту әлеуеті.

Бәсекелелік индексі:

Ішкі рынокта, импорт бағасының ішкі рыноктағы сату бағаларына қатынасы ретінде есептеледі,

Сыртқы рынокта, әлемдік және ресейлік бағалардың экспорттық бағаларға қатынасы ретінде есептеледі.

Сұраныс-ұсыныс индекс:

Ішкі рынокта, нақты қажеттіліктің отандық өндіріске қатынасы ретінде есептеледі,

Сыртқы рынокта, ішкі тұтынуды алып тастағанда экспорт көлемінің өндіріс көлеміне қатынасы ретінде есептеледі.

Бидай, мақта, күріш – тиімді, ішкі және сыртқы рыноктарда бәсекеге қабілетті, ішкі рынокта ұсыныс сұранымнан жоғары, сыртқы рынокта сұраныстары бар;

Күнбағыс тұқымы, картоп, көкөніс, сүт, жұмыртқа – тиімді, ішкі және сыртқы рыноктарда бәсекеге қабілеті нашар, ішкі рынокта сұраныс ұсыныстан жоғары, сыртқы рынокта сұраныстары бар;

Қант қызылшасы, сиыр еті, қой еті, жылқы еті шошқа еті, құс еті, жүн – тиімділігі төмен, құс етінен басқасы ішкі және сыртқы рыноктарда бәсекеге қабілетті, жүннен басқасының сыртқы рынок сұраныстары жоқ.

Астық рыногының дамуы

Астық өндірісі мен мониторингінің жағдайын талдау

Дәнді дақылдар түсімділігінің, өндірілуі мен тұтынылуының қарқыны (түсімділігі – ц\га; өндіру және тұтыну – мың тонна)



Облыстар

Дәнді дақылдар орта есеппен 1996-1998ж.ж

Соның ішінде: бидай орта есеппен 1996-1998ж.ж

Дәнді дақылдар орта есеппен

1999-2001 ж.ж



Соның ішінде :бидай орта есеппен

1999-2001 ж.ж



Түсім-ділігі

Өндіру

Түсім-ділігі

Өндіру

Түсім-ділігі

Өндіру

Тұтыну

Түсім-ділігі

Өндіру

Тұтыну

Ақмола

5,1

1882,8

5,3

1535,0

10,8

3260,3

1539,5

10,5

2735,2

937,3

Ақтөбе

4,3

397,4

4,2

244,6

8,2

468,2

361,2

8,4

357,4

203,4

Алматы

11,2

606,6

8,9

336,3

15,4

745,4

969,4

14,0

399,0

720,2

Атырау

5,0

0,8

6,0

0,4

5,6

0,3

97,0

6,0

0,1

97,0

Ш-Қазақстан

6,4

295,1

6,5

209,2

13,2

566,3

584,4

13,2

381,5

347,9

Жамбыл

10,4

356,9

7,6

223,9

12,5

382,2

393,4

11,6

242,2

276,8

Б-Қазақстан

4,1

296,1

3,5

153,2

6,4

266,3

208,8

6,1

193,8

155,0

Қарағанды

4,4

345,6

4,4

290,0

8,7

523,1

355,5

8,5

448,2

237,8

Қызылорда

25,8

219,7

17,8

12,8

27,0

190,0

213,2

12,6

12,7

175,3

Қостанай

7,0

2311,6

6,5

1770,5

12,4

3379,0

1091,1

12,5

3036,6

837,3

Маңғыстау

-

-

-

-

-

-

70,1

-

-

70,1

Павлодар

4,0

335,2

3,7

258,7

7,2

298,8

217,8,

7,6

211,8

172,0

С-Қазақстан

9,2

2701,0

7,2

1896,6

12,5

3524,3

1087,4

12,2

2762,1

731,7

О-Қазақстан

11,7

254,7

9,0

195,2

15,4

300,7

303,6

14,1

225,3

254,1

Астана қ-сы

-

-

-

-

10,5

2,1

-

10,1

1,7

-

Алматық-сы

-

-

-

-

7,9

1,4

-

7,4

0,9

-

Барлығы

69

10003,6

6,2

7126,5

11,5

13908,5

7492,3

11,2

11008,5

5215,9

Астық – елдің азық-түліктік қауіпсіздігінің негізгі компоненті.

Соңғы үш жылда (1999-2001ж.ж.) дәнді дақылдар егіс аландарының тұрақтанғандығына орай олардың түсімділігі өткен үш жылмен (1996-1998 ж.ж.) салыстырғанда 4,8 ц\гектарға немесе 67 пайызға өсіп, 11,5 ц\гектарға жетті. Астық өндіру 3,9 млн.тоннаға немесе 39 пайызға ұлғайды және орташа жылдық деңгейі шамамен 13,9 млн. тоннаға жетті.

Негізгі экспорттық дақыл - бидай өндірудің көлемі 1996-1998 жылдардағы 7,1 млн. тоннадан 1999-2001 жылдарда 11,0 млн тоннаға дейін өсті.

Қазақстан астық экспорттаудан әлемде алтыншы орынды иемденеді. Қазақстанның бірегей климаты басқа елдердің бидай ұнының қасиеттерін жақсартушы ретінде әлемдік рынокта сұранысқа ие болып отырған жоғары сапалы, құрамында протеин мол астықтың қалыптасуына ықпал етеді.

«Астық туралы» Қазақстан Республикасының Заның қабылдау астық рыногына қатысушылырдың қызметін нақты құқықтық реттеуді қамтамасыз етті.

Отандық ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерді мемлекеттік қолдау мақсатында белгіленген баға бойынша жыл сайын мемлекеттік ресурстарға астық сатып алу жүргізіледі, ал 2001 жылдан бастап көктемгі егіс және егіс жинау жұмыстарын жүргізуге аванс беруді, астық бағасының демпингін болдырмауды қамтамасыз етуге мүмкіндік беретін астық сатып алудың фьючерстік екі деңгейлі жүйесі енгізілді.

Астықтың ішкі рыногын тұрақтандыру және реттеу, нан және тоқаш ұн тағамдарының бағасы негізсіз қымбаттауына жол бермеу мақсатында көктем жаз кезеңінде астықтың сату резервтерінен интервенция жүргізіліп тұрады.

Астық қабылдайтын кәсіпорындардың астық сақтау жөніндегі беретін лицензиялаудың енгізілуі олардың қызметін мемлекеттік бағалауды жүзеге асыруға мүмкіндік береді.

Астық қолхаттарын енгізу жөніндегі жұмыс басталып кетті, оның негізгі құралы болып табыла отырып өтімді кепілді қамтамасыз етуді ісі арқылы екінші деңгейлі банктердің кредит ресурстарын іске асыру мүмкіндік береді, бұл астық демпингін болдырмайды және маусымдық кредит беруге жағдай жасайды.

Отандық ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілердің тұқым, жанар-жағармай, минералдық тыңайтқыштар, гербицидтер, ауыл шаруашылығы техникаларына қосалқы бөлшектер сатып алуы үшін көктемгі егіс және егін жинау жұмыстарына, ауыл шаруашылығы техникасын сатып алуға лизингтік негізде жеңілдетілген кредит ресурстары бөлінеді

Астықтың мемлекеттік ресурстары қалыптаты, мұның өзі ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілердің тұқымдық материалға, мал шаруашылығы мен құс шаруашылығының жемге қажеттіліктерін тұрақты қамтамасыз етуге, астық ішкі рыногының реттелуін және мемлекетаралық келісімдердің орындалуын қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.

Осының барлығы еліміздің азық-түліктік қауіпсіздігін қамтамасыз етуге, астықтың экспорттық әлеуетін арттыруға мүмкіндік береді. (5)
3.2 Агроөнеркәсіптік кешеңдердің экономикалық тиімділігін арттырудың жолдары
Республикамыздың экономикасының қазіргі кезеңінде әлеуметтік – экономикалық жүйені өзгертуде, оны нарықтық қатынастарға ауыстыруда едәуір оң нәтижелер бар. «Біз жетпіс жыл бойы өзіміз өмір сүрген ескі саяси және экономикалық жүйеден іргемізді түбегейлі аулақ салдық. Бүгін мүлде жаңа мемлекет өмір сүріп отыр, мүлде өзге саяси және экономикалық жүйе жұмыс істеуде»

Экономиканы жағдарыстан шығару туралы айтсақ, бұл жерде әлі де шешілуге тиісті мәселелер баршылық. Себебі, өндіріс одан әрі құлдырап, ұлттық табыс азайып бара жатқан жағдайларда жұмыс істеуге тура келеді. Сондықтан, экономикалық реформаларды тереңдету бағдарламасына кейбір өзгертулер, антимонополиялық шараларды іске асыру, экономиканы мемлекеттік реттеудің әдістерін кеңіек қолдану керек.

Менің ойымша, қазіргі уақытта экономиканы реформалаудың маңызды мәселесі сол – «біз...жылжымайтын мүлікті, қалған ұсақ және орта кәсіпорындар мен агроөнеркәсіп кешенін қоса алғанда, жекешелендіру процесін аяқтауға... тиіспіз».

Шалғай ауыл шаруашылығы аудандарында шағын бизнесті, кәсіпкерлікті барынша дамытқан пайдалы. Болашақта кәсіпкерлікті дамыту Қазақстан экономикасының әлеуметтік-экономикалық жүйесін құрайтын үш элементімен анықталуы мүмкін. Олар: ірі шаруашылық салаларының қызмет істеуі, экономикалық аймақтарды дамыту, ұсақ және орта бизнеске қатысты жүргізілетін саясат.

Әсіресе, соңғы екі элементтің маңызын айта кеткен дұрыс. Экономикалық аймақтардың маңызы сол, олар өздерінің жергілікті мәселелерін өз бетінше шешуде еркін болып келеді. Кәсіпкерлікті дамыту саясатын шаруашылық қызметін реттейтін әртүрлі концепциялар мен бағдарламаны дайындаумен қатар, олардың орындалуын нақты лауазым иелерінен талап ету керек.

Болашақта кәсіпкерлікті сату, сатып алу қызметіндегі делдалдықтан гөрі халыққа қажет товарлар және қызмет көрсету өндірісіне икемдеу қажет. Ол үшін кіші және орта кәсіпорындарды ірі өнеркәсіппен біріктіру дұрыс. Бұл жағдайда ірі кәсіпорындар кәсіпкерлерге өздерінің негізгі қорларын жалға беру, оларға кепілдік қарыз алуға көмектескен болар еді. Себебі, қазіргі тәжірибе көрсетіп отырғандай, ксіпкерлерге, шаруа қожалықтарына өз қызметін жүзеге асыру үшін сенімді құқықтық кепілдік пен қорғау керек. Ол үшін кәсіпкелердің меншік пен табысқа толық құқын анықтап, мемлекетпен, банкпен және басқа кәсіпорындар және мекемелермен олардың белгілі бір өзара қарым-қатынасын белгілейтін заң актілері мен нормативтік құжаттар қабылдануы тиіс.

Қазіргі уақытта көп көңіл бөлінуге тиіс тағы бір мәселе – ол экономиканы басқару мәселесі. Осыған байланысты басқаруды реформалау концепциясы қажет. Яғни, «Жаңа әлемдік экономикалық үлгілерге сай болу үшін біз мемлекеттік басқарудың тиімділігі мен сапасын едәуір көтеруге, жекеше сектор мен ұлттық капиталға жәрдемдесуге, оларды ынталандыруға және олардың белсенділігін арттыруға тиіспіз».

Жаңа экономикалық саясат жағдайында орталықтағы және жергілікті жерлердегі өкімет экономикаға араласудың барлық түрімен, дән себу, егін жинау және басқаларымен айналысуды тоқтатуы тиіс. Мемлекет жеке сектор басты роль атқаратын нарықтың заңды шеңберлерін құра отырып, экономикада маңызды, бірақ шектеулі роль атқаруы керек. Ауыл шаруашылығанда мемлекеттің Экономикаға араласуы бағалық, қаржылық, несиелік және салықтық құралдарды пайдалану арқылы экономикалық әдіспен жүзеге асырылады.

Өндіріс салаларында монополиялардың болуы заңды түрде бағаның өсуіне әкелгені белгілі. Мысалы, өнеркәсіпте бағаның өсуі 1995 жылдың көкек айларында электроэнергетика саласында бағаның 1991 жылмен (желтоқсан айында) салыстырғанда 25421 есе, мұнай өндіруде -22271 есе өсуге әкеосе, дәл осы уақытта ет өнеркәсібінде ьаға бар болғаны 7339 есе, ал жеңіл өнеркәсіпте 4120 есеге ғана өскен.

Жоғарыда келтірілген фактілер болашақта болмас үшін мемлекет тарапынан баға саясатына бақылау болғаны жөн. Мемлекеттік реттеусіз монополизм жағдайында өнеркәсіп пен ауыл шаруашылығы өнімдерінің арасында бағаның тепе-теңдігін қамтамасыз ету қиын. Сондықтан , ауыл шаруашылығы құралдарын шығаратын,агроөнеркәсіптік екшендерге қызмет көрсететін, олардың өнімін өңдейтін барлық монополист кәсіпорындар үшін келісімді бағаның жоғарғы шегін белгілеу мемлекет тарапынан бақылануы қажет. Дәл сол уақытта, товар өндірушілер меншіктің түріне қарамастан баға белгілеуде және өнімді өткізуде өз бетінше шешім қабылдайды. Яғни, «экономиканың өзі тұрақсыз дамудың аралық кезеңінде тұрғанда, мемлекеттің реттеуші ролі мен араласуы бара-бар болуға тиіс.»

Қазақстан агроөенркәсіптік кешендерінің жұмысын жандандырып, олардағы экономикалық реформаларды жеделдету үшін терең мазмұнды және қайтарымы тез қаржы, салық, инвестициялық саясаттар жасақталуы қажет. Бұған экономикалық жағынан әлсіз шаруашылықтарға дотациялар беру, мемлекет есебінен қаржыландыру (мысалы, шаруа қожалықтарын ұымдастыруға, табиғат апаттарының шығындарын өтеуге, су шаруашылыған жүргізуге, жаңа өндірісті ұйымдастыруға, жеңілдетілген салық салу арқылы ынталандыру, селолық товар өндірушілерді қаржылық жағынан қолдау үшін мемлекеттік бюджеттік қаржыландыруды сақтау) және т.б. мәселелер жатады. Осы аталғандар туралы заң актілері бар, тек ендігі жұмыс-олардың орындалуын, оларға қолдау көрсетілуін қамтамасыз еиуіміз қажет.

Агроөнеркәсіп кешендерінің экономикалық тиімділігін арттырудың бір жолы - әлеуметтік мәселелер тобы. Нарықтық қатынастардың дамуы ауыл шаруашылығында жұмыссыздық, кедейліктің пайда болуына, инфрақұрылымның бастапқы уақытта әлсіз болуына әкеліп отыр. Яғни, селодағы барлық өзгерістерді аяғына жеткізу үшін, «олар қуатты және нысаналы әлеуметтік саясатпен қатар жүргізілуі тиіс.» Қазіргі таңда бірінші кезекте барлық деңгейлерде шаруаны әлеуметік қорғаудың және шаруаға әлеуметік кепілдік берудің жаңа механизмдерін дайындау қажет. Жалпы қорыта айтсақ, шаруашылықтың қандай саласы болмасын олардың тиімділігін арттыру үшін мына мәселелер шешілуге тиіс:



  • Экономикалық салада – монополияны жойып, бәсекеге жағдай жасау, шағын және орта кәсіпкерлікті көтермелеу, ол үшін қаржы және банктік жүйе жасау;

  • Әлеуметтік салада – қала мен село арасындағы жіктелуді баяулата отырып, ең кедей топтарды әлеуметтік жағынан қорғау;

  • Саяси салада – саяси күштердің құқықтық базаны тұрақтандыру үшін сенімді, әсіресе, шешуші негізгі сәттерде келісімге келуге;

  • Мәдени салада – жеке меншіктің болашағын насихаттай отырып, кәсіпкерлердің жаңа ұрпағын тәрбиелеу.

Қазақстан агроөнеркәсіп өндірісі дамуының маңызды ерекшелігі алабөтен – топырақтық-климаттық жағдайы мен өсімдік өсіретін топырақ бетінің әр түрлілігі, олардың көлденеңнен және тігінен аймақтануын анықтайтын кең байтақ жер аумағы алып жатқандығы болып табылады. Температураның (100 С) тиімді жиындығы солтүстіктегі 25000-нан оңтүстік және оңтүстік-шығыста 45000-ға дейін аралықта құбылып отырады. Мұның өзі субторпикалық және торпикалық дақылдардан басқа, ауыл шаруашылығының барлық дақылдарын, дәнді дақылдан бастап жүзім және мақта өсіруге дейін мүмкіндік береді.

Қазақстан жер аумағының көп бөлігі егіншілікпен айналысуға нартәуекелмен баратындай аймаққа орналасқан. Республиканың солтүстігі мен орталығында жауын-шашын 140-350 мм-ден оңтүстіктің, оңтүстік-шығыстың және шығыстың таулы және биік таулы аймақтарында 450-900 мм-ге дейін жетеді.

Жер аумағының топырақ беті де қатты ерекшеленеді – республиканың солтүстігінде кәдімгі, қою қоңыр топырақ, қоңыр топырақ және ашық қоңыр топырақ болса, оңтүстігінде құба құмды топырақ, сұр топырақ және таулы сілтілі қара топырақты болып келеді. Қара топырақты жер көлемі бар-жоғы 15 миллион гектарға жуық жерді құрайды. Бұдан басқа, Қазақстанда 77 миллионға жуық гектар топырақтың эрозияға ұшырауына бейім оның ішінде 17,7 миллион гектарға жуыға егістік жер, 74 миллион гектардан астам сортаң және кебір топырақты жер, оның 8 миллионға жуығы өңделген жер бар.

Республика агроөнеркәсіп кешенінің тағы бір ерекшелігі - өндірістің мамандандырылуы мен шоғырландырылуының жоғары деңгейде болуы. Қазақстанның ауыл шаруашылығы кәсіпорындары егістік жер көлемі жағынан кеңестік кезеңде ТМД елдері бойынша орташа есеппен алғанда алты есеге жуық артық болды. Жалпы өнім өндіру көлемі бойынша 2-3, одан да көп есе болды. Осы жағдай қазіргі өтпелі кезеңде кеңшарлар мен ұжымшарларды реформалауды және оларды шаруа (фермерлік) қожалықтарына, кооперативтерге және басқа нарықтық үлгідегі аграрлық кәсіпорындарға айналдыруды әлдеқайда қиындатып отыр.

Қазақстан агроөнеркәсіп өндірісінің келесі ерекшеліктері – мұнда жақын шетелдерге қарағанда агроөнеркәсіп кешеніндегі салалық сәйкессіздіктер көзге бірден ұрады, ауыл шаруашылығы өнімдері мен шикізатын өңдеумен, оларды сақтау және тасымалдаумен айналысатын қор шығаратын сфералар мен салалар, сондай-ақ жалпы агроөнеркәсіп инфрақұрылымы нашар дамыған. 90-жылдардың басында агроөнеркәсіп кешені құрылымында ауыл шаруашылығының үлес салмағы 64%-ке жуық, бірінші сферада 8%-ке жуық және үшінші сферада 28%-тен астамырақ болды. Республикада автомашина және комбаин жасау өнеркәсібі мүлдем жоқ. Қолда бар элеваторлық қуаттар астықты өңдеуді, ал ет комбинаттары етті өңдеуді толық қамтамасыз ете алмайды. Осының салдарынан өндіріс өнімі көлемінің 30%-і ысырапқа ұшырайды. Бұрынғы КСРО кезінде Қазақстан кооператорлары шикізатты республикадан тыс жерге шығарып, оны сонда өңдеп, дайын өнімді қайта алып келетін. Республикадан тыс жерге екі жақты тасымалдауға кететін шығыннан басқа бірқатар өнім алу үшін бастапқы шикізат болып табылатын өнім қалдықтары да өнім өңделген жерде қалып қоятын. Сондай-ақ Қазақстан еңбеккерлері өндірген үстеме өнімнің бір бөлігі де сол ауыл шаруашылық өнімдерімен бірге сыртқа шығарылып тұратын.

Материалдық өндіріс сфераларының шамадан тыс шашыраңқы орналасуы жағдайында транспорттың жетіспеушілігі мен жол жүйелерінің нашар дамуы Республиканың агроөнеркәсіп өндірісінің дамуын қиындата түсетін ерекшеліктердің қатарын толтыра түседі. Мысалы, Қазақстанда бір погон километр автожол жүйесіне бар-жоғы 38 метр асфалтталынған жол келеді. Ал, бұл көрсеткіш Өзбекстанда – 129 метр, Украинада – 324 метр, Эстонияда 600 метрге жуық. Халықтыңаз орналасуы да (бір шаршы километрге бар-жоғы алты адам) Республика агроөнеркәсіптік өндірісін орналастыру мен дамытуға кәдімгідей әсер етеді.

Міне, осындай қиыншылықтарға қарамастан, егістік жерлердің орасан көп болуы, топырақтық-климаттық аймақтың көптүрлілігі мен олардың биоклиматтық потенциалының мол болуы, ауыл шаруашылық өсімдіктері жергілікті сорттарының және мал тұқымдарының генетикалық мүмкіндіктерінің болуы, ауыл шаруашылығын жүргізудің ғасырлар бойғы дәстүрі қалыптасқан Қазақстан халқының еңбекқорлығы шаруашылықты дұрыс жүргізген жағдайда жақын болашақта агроөнеркәсіп кешенінің барлық салаларын табыспен дамытуға, жалпы алғанда Республика тұрғындарын азық-түлікпен, өнеркәсіпті шикізатпен толық қамтамасыз етуге және Қазақстанның тіпті әлемдік аренада ауыл шаруашылық өнімдерін экспортқа шығарушы елге айналуына мүмкіндік береді. (18)

3.3 Қазақстанның агроөнеркәсіп өндірісін дамытудың негізгі бағыттары

Қазіргі жағдайда Қазақстандағы экономикалық жаңғырулар өзінің шешуші кезеңіне енді. Қазірдің өзінде нарықтық қатынастардың жұмыс істеунің негізі және тиісті ұйымдық құрылым қаланып, бірте-бірте өндіріс құлдырауы тоқтатылып және алға қарай жылжу мүмкіндігі пайда болып, үлкен мақсаттар мен агроөнеркәсіптік өндіріс дамуының стратегиясы мен тактикасын анықтау қажеттілігі туды. (16)

Республика Президенті Н.Ә.Назарбаев «Қазақстанның егемен мемлекет ретінде қалыптасыу мен дамуының стратегиясы» деген еңбегінде былай атап көрсетті: «....барлық стратегиялық жоспарлардың алдында агроөнеркәсіп кешенінің дамуы, оны жүйелі және батыл реформалау келеді...». «Ауыл, селоны және агроөнеркәсіптік кешенді дамытудың артықшылықтары туралы» Заң қабылдау да осы мақсаттарға арналды.

Мемлекет басшысының идеяларын, қабылданған заңдар мен Республика үкіметінің қабылданған заңдар мен Республика үкіметінің қабылданған қаулыларын іс жүзінде асыра отырып, Қазақ Ауыл шаруашылығы ғылымдары академиясының ғалымдары «Қазақстан Республикасы агроөнеркәсіптік кешенін дамытудың 1993-1995 жылдарға және 2000 жылға дейінгі тұжырымдық бағдарламасын» жасады.

Оны жасау барысы кезінде мынадай көптеген обьективтік факторлар еске алынды:



  • Егемен мемлекетті құру;

  • Материалдық өндіріс сферасындағы нарықтық қатынас заңдары;

  • Адам тамақтауының ғылыми негізделген нормалары;

  • Жеңіл және өңдеу өнеркәсібінің шикізатқа деген қажеттілігі;

  • Табиғи аймақтардың потенциальдық биоклиматтық мүмкіндіктері;

  • Аграрлық ғылым мен техника жетістіктері;

  • Ауыл шаруашылық өнім өндірісінің тиімділігі.

Бағдарламада жергілікті жағдайда азық-түлік және өнеркәсіп үшін шикізат өңдірудің тиімділігі, сондай-ақ негізгі ауыл шаруашылық өнімдерін сыртқа шығару және сырттан алу мүмкіндіктері ғылыми тұрғыдан обьективті және қатаң түрде талданды.

Тұжырымдық Бағдарлама тиісті министрліктер мен ведомстволар, облыстық әкімдер мен Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетінің мәжілісінде сындарлы жағдайда қаралып, Үкіметтің арнаулы қаулысымен мақұлданды. Сөйтіп, мемлекеттің жаңа аграрлық саясатының негізі қаланды.



Бұл бағдарламаның орындалуы Республика аграөнеркәсіптік өндірісінің дағдарысқа түскен қолайсыз жағдайында жүріп жатыр. Оның басты себептері төмендегідей:

  • Материалдық-техникалық ресурстар, шикізат және азық-түліктің республика ішінде, әсіресе ТМД елдерінде қозғалу арнасының бұзылуы;

  • Меншік, баға және несие саясатына қатысты реформаның жүйелі іске асырылмауы;

  • Шаруа еңбегінің мүддесін қоғамдық өндірістен жеке өндіріске қайта бағдарлау; іскерлік үлгідегі жаңа тауар өндірушілер қалыптасу кезеңін бастан өткізуде, ал өндірістік құрылым мен меншіктік қатынастар түбірімен реформаланбаған рынок жағдайында кеңшарлар мен ұжымшарлар бейімсіздік танытуда;

  • Нарықтық қатынастарды игеруді тежейтін басқарудың әкімшіл әміршіл жүйесінің қалып қойған құрылымдарындағы консерватизм.

Ішкі көзердің есебінен өндіріс құлдырауын тоқтату, экономикалық жағдайды тұрақтандыру және ауыл шаруашылық өнімін өндіруді арттыруды қамтамасыз ету жөніңдегі кезек күттірмейтін міндеттерді шешу үшін Бағдарламада мына төмендегідей шаралар қарастырылған:

  • Меншік қатынастарын қайта құру, жекешелендіру тәсілдері мен қарқыны, бәсекелестік қатынасты дамытуды қамтамасыз ететін көпукладты экономиканы қалыптастыру және агроөнеркәсіптік өңдірістің тиімділігін арттыру жөніндегі экономикалық реформалар бағытына түзетулер енгізу;

  • Агроөнеркәсіп кешенінің еркін баға белгілеуге көшуін қамтамасыз ететін тиісті қаржылық несиелік және баға жүйесін, ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілер мен өнім ұсынушыларды мемлекеттік қолдаудың әр түрлі тәсілдері мен әдістерін, монополист кәсіпорындар өнімінің бағасын шектеуді, шетельдік инвестицияны тарту және біріккен бизнесті дамыту мәселелерін жасау және жүзеге асыру;

  • Тауар қорларын қалыптастырып, реттеуге мүмкіндік беретін және соның негізінде рынок сыйымдалығы, баға коньюнктурасы мен өнімді тиімді пайдалану деңгейін арттыратын агроөнеркәсіп кешенінің қазіргі заманғы инфрақұрылымын құру;

  • Агроөнеркәсіп кешенінің терең құрылымдық жаңғыруын төмендегідей бағыттарда жүзеге асыру:

  • Республиканың табиғи аймақтарының биоклиматтық потенциалын олардың экологиялық жүйе талаптарына, экономикалық мақсаткерлігіне, өзін-өзі қамтамасыз етуіне, негізгі ауыл шаруашылық дақылдары егіс көлемі құрылымының әлемдік рынок коньюнктурасына сәйкестендірілуі;

  • Ауыл шаруашылығындағы мал басының генетикалық потенциалын әрбір табиғи аймақтағы жем-шөп базасының мүмкіндіктеріне орай толық пайдалану;

  • Агроөнеркәсіп кешенінің өндірістік негізгі қордағы қажеттіліктерін қанағаттандыру мақсатында ауыл шаруашылық машиналарын жасау салаларын құру;

  • Қуаты және орналасуы жағынан тиімді өңдеу өнеркәсібінің кәсіпорындар жүйесін қалыптастыру;

  • Экономиканың көпукладты және жекменшіктің пайда болуын есепке ала отырып, селодлағы әлеуметтік инфрақұрылымды дамыту;

  • агроөнеркәсіптік кешен араласатын экожүйелердің барлық элементтерінің экологиялық қауіпсіздігіне экономикалық, құқықтық және техника-технологиялық кепілдік беретін жүйелер құру.

Республика агроөнеркәсіп кешенінің халықаралық ынтымақтастық және сыртқы экономикалық қызметінің бағыттары мен формалары


Нарықтық экономика жағдайында шетелдік мемлекеттермен экономикалық қарым-қатынастарды жаңғырту міндетті түрдегі шарт ретінде экономикалық және құқықтық тетіктерді пайдалана отырып, мемлекеттік реттеудің тиімділігін бір мезгілде қамтамасыз етумен қатар сыртқы экономикалық қызметті орталықсыздандыру мен демонополизациялауды талап етеді.

Өкінішке орай, жақын болашақта шетелге өнім шығарудың негізгі түрлері астық, мақта-мата, ет, жүн, қаракөл елтірісі, тері және тондық былғары шикізаттары болып қала бермек.Алайда, алыс болашақта шетелге дайын өнім шығаруға бағдарлану қажет. Бұл үшін бәсекеге түсе алатындай өнім шығаруға қабілетті алдыңғы қатарлы технологияның негізінде өндеу өнеркәсібін дамыту керек.

Ең маңызды міндеттердің бірі Республиканың сыртқы саудасының жалпы көлемінің 75 пайызынан астамын құраған бұрынғы әріптестер – ТМД және бұрынғы Өзара Экономикалық Көмек Кеңесі елдерімен сауда және өндірістік қатынастарды қалпына келтіру болып табылады. Сондай – ақ Түркия, Германия, АҚШ, сонымен қатар Оңтүстік-Шығыс Азия елдерімен сыртқы экономикалық байланыстарды дамытудың зор келешегі бар. Тайвань, Оңтүстік Корея, Гонконг, АСЕАИ және Латын Америкасының бірнеше елдерімен байланыс орнату біз үшін тиімді болмақ. (17)

Сыртқы экономикалық қызметті төмендегідей негізгі бағыттарда дамыту ұсынылады:



  • Республикада жеткілікті жағдайда өндірілуі мүмкін (астық, оның ішінде жүгері, жарманың кейбір түрлері, қалбырланған жем, өсімдік майы, қант ауыстырушылар, көкніс қалбырларының кейбір түрлері және т.б.) тауарларды шетелге шығару;

  • Ауыл шаруашылығы шикізатын терең өңдейтін тиімді технологиялар, сондай-ақ техникалық құрал-жабдықтардың жекелеген түрлерінің артықшылықтарын еске ала отырып, шетелден сатып алынатын тауарлардың негізделген номенклатурасын анықтау;

  • Шетелге шығарылатын өндірісті (ұн-жарма, тері, былғары, ет қалбыры, жеміс шырыны және басқалар) дамыту үшін өндірістік база құру. Бұл қорғаныс өнеркәсібі кәсіпорындарын конверсиялау, шетелдік капитал мен технологияны тарту негізінде мүмкін болады.

Сыртқы экономикалық байланыстарды белсенді жүргізу әр түрлі тәсілде көрінеді. ТМД-ның кейбір елдерімен ұн, макарон, құрама жем, ет және ет өнімдерін, тері, қой терісін және басқаларды өндіру жөніндегі бірлескен кәсіпорындар ұйымдастырылуы мүмкін. Бірлескен бизнес үшін ауыл шаруашылық дақылдарын өсіру немесе мал бағуға қолайлы арнаулы жер аумақтар, ауыл шаруашылығы тауарларын жеңілдетілген валюталық-қаржылық және салықтық тәртіппен сатып алу және сату аймақтары құрылуы мүмкін. Сондай-ақ, Қазақстан мен басқа елдердің кәсіпорындары мен ұйымдарының арасында тікелей өндірістік және сауда байланыстарын кеңінен дамытудың қажеттілігі туып отыр.

Салықтық және басқалай жеңілдіктері бар шетелдік тамақ компаниялары мен фирмаларына сырттан тауар әкелуші кәсіпорын мәртебесін беру де болашағы зор бағыт болмақ. Бұл өңдеу өнеркәсібінде біріккен кәсіпорындар құру үшін үлкен ынталандыру болып табылады. Бұл жерде тамақ өнімдерін шығарумен қатар қазіргі заманғы шетелдік технологияны жол ашылады.

Сыртқы экономикалық байланыстарға сыртқы сауда операцияларына мамандандырылған мемлекеттік мекемелер арқылы жүзеге асырған әлдеқайда тиімді болады. Мұның өзі сыртқы асуданы барынша білікті жүргізуге, біздің қатысушыларымыздың әлемдік коньюнктура мен халықаралық сауданы жүргізу ережелерін білмеуінің нәтижесінде туындайтын тауарлық және валюталық ысырапқа жол бермеуге мүмкіндік жасайды.

Сыртқы экономикалық қызметті күшейту үшін тиісті инфрақұрылымды (қаржылық рынок және қамсыздандыру ісі, банк жүйесі, транспорт, байланыс) дамыту және бухгалтер, маркетолг, салық инспекторлары, банк қызметкерлері және халықаралық экономикалық жүйелер жөніндегі маман кадрларды дайындау қажет. Тиісті ақпараттық қызмет құру және дүние жүзіндегі ақпарат көздеріне жол ашуды қамтамасыз ету ерекше мәнге ие болады. Бұған қоса, сыртқы экономикалық қызметтің лицензиялық және құқықтық негізі жөніндегі жаңа заң және нормативтік актілер жасау және қабылдаудың айрықша қажеттіліг туады. (14)



Каталог: wp-content -> uploads -> 2013
2013 -> Министерство сельского хозяйства Республики Казахстан 010 000, г
2013 -> Бір көзден алу тәсілімен мемлекеттік сатып алу қорытындысы туралы №21 хаттама
2013 -> Бір көзден алу тәсілімен мемлекеттік сатып алу қорытындысы туралы №2 хаттама
2013 -> Бір көзден алу тәсілімен мемлекеттік сатып алу қорытындысы туралы №6 хаттама
2013 -> Министерство сельского хозяйства Республики Казахстан 010 000, г
2013 -> Тақырыптың өзектілігі
2013 -> «Алаш» либералдық-демократиялық қозғалысы идеологиясының маңызд


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8


©kzref.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет