Белгілі тележүргізуші, дизайнер, кәсіпкер Динара Сәтжан бағдарламасына қонақ болып келетін шетелдік өнер жұлдыздарына қандай сыйлық беретінін айтты. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Фото: https://www.instagram.com/dinarasatzhan/

Жақында тележүргізушінің авторлық бағдарламасына америкалық әнші Akon мен ресейлік әнші Ксения Собчак қонақ болып келді. Оларға ұлттық дәстүрімізді насихаттау негізінде бағдарлама ұжымы шапан жапқан еді. 

“Қонақжайлық – біздің ерекшелігіміз. Бұл біздің ДНҚ-мызда бар. Қазақтың даналығы: "Қонағыңа шай беріп, шөлін қандырмай, шаруа туралы сұрама" дейді. Содан кейін мен – отандық киім өндірушісімін. Менің дүкенімде 30-ға жуық қазақстандық бренд бар”, – деп әңгімесін бастады тележүргізуші. 

  • "Сүйікті күйлерім – "Адай" мен "Балбырауын": Атырауда Кіші жүздегі рулардың бәрін жатқа білетін шетел азаматы тұрады

  • “Қазақтар әлемді жаулайды”: Желіде қазақы нақышта киінген жігіт қытайлықтарды таңғалдырды (видео)

Айтуынша, америкалық әншіге берген сыйлығы желі қолданушыларының наразылығын тудырған. “Шетелдіктер бәрібір шапанның құнын түсінбейді” деп айыптаған еді. 
“Мен Akon-ға шапан сыйлағанда, көпшілік "неге?" деп жазды. Кеше Вера Брежневаға әдемі шапан сыйлап едім, тағы да хейтті оқып жатырмын. Сіздерде бәрі жақсы ма?! Сіз қазақ емессіз бе?! Ат мінгізіп, шапан жабу – біздің салтымыз. Мен қазақ тілін жетік білмеуім мүмкін, бірақ, мен – қазақпын. Қаным – қазақ! Иісім – қазақ! Сізге ұнаса да, ұнамаса да, мен бәрібір ұлттық шапанымызды сыйға тартамын. Бұл ниетімді сынап-мінеп жатқандардың бәрін бұғаттап тастаймын”, – деп ашуланды тележүргізуші. 

Еске салайық, продюсердің америкалық әншіге шапан жауып, сынға қалғанын жазған едік. 

 

 

 
 

 

Посмотреть эту публикацию в Instagram

 

 
 
 

 
 

 
 
 

 
 

Публикация от Dinara Satzhan (@dinarasatzhan)


Автор: Гульжан Оразбаева

Гульжан — исследовательница жизни и достижений знаменитых личностей Казахстана. Ее статьи позволяют читателям взглянуть на страну через призму вкладов ее ярких представителей.