Ќазаќстан республикасыныњ білім жєне ѓылым министрлігі


Банктің проблемалы несиелеімен жұмысы



жүктеу 1.53 Mb.
бет2/8
Дата09.09.2017
өлшемі1.53 Mb.
1   2   3   4   5   6   7   8
Банктің проблемалы несиелеімен жұмысы

Кез келген банктің қызметінің табыстылығы банктің берген несиелерінің сапасына, яғни оның қайтарымдылық дәрежесіне тікелей байланысты. Несиенің уақтылы қайтарылмауы банктің зиян шегуіне итермелейді. Сондықтан да банктер несиелік тәуекелді басқару шараларымен уақтылы айналысып отыруға тиіс.

Несиелік тәуекел қарыз алушының банктен алған несиесі бойынша қарызын немесе оған есептелінген сыйақысын өз уақытында кайтара алмауына байланысты банктін зиян шегуін сипаттайды.

Несиелік тәуекелді басқару жүйесінің негізгі элементтеріне жататындар:



  • несиелік қызметті ұйымдастыру;

  • лимиттер белгілеу;

  • несиелік ұсынысты бағалау және қарыз алушының несиелік қабілетін бағалау;

  • несиелік тәуекел деңгейіне байланысты несиелерге рей­тинг қою және белгіленген лимиттермен салыстыру;

  • несиелер бойынша мүмкін болар зияндарды есепке ала отырып, сыйақы мөлшерлемесін анықтау;

  • несиелік шешімдерді қабылдау барысында күзіретті бе­лу несиелерді авторизациялау;

  • несиелік мониторинг;

  • несиелік портфельді басқару;

  • проблемалық несиелерді қалпына келтіру.

Кез келген банктік несие белгіленген мөлшер шегінде (ли­мит) беріледі. Несиенің мөлшерін банк мекемесі қарыз алушымен бірлесе отырып, материалдық қорлардың құралу қажеттілігін зерттеу негізінде шығындарды, өндіріс көлемі мен өнімнің өтімділігін, ауыл шаруашылық өнімдерін, оның қайта еңделуін және басқа да шығындарды ескере отырып анықтайды.

Қарыз алушыға берілетін несиенің мелшері әр түрлі жағдайларға байланысты болып келеді. Біріншіден, қарыз алушыға берілетін несие шамасы қарыз алушының жасаған өтінішіне бай­ланысты. Бірақ та бұл өтініштегі несие мөлшері несиені қайтарудағы нақты мүмкіндіктермен, сондай-ақ банктің нақты есебімен сәйкес келмеуі мүмкін.

Екіншіден, несиенің мөлшері экономикалық жағдайларға байланысты, соның ішінде:


  • қарыз алушының төлем айналымындағы алшақтық шамасына;

  • несиені қамтамасыз ететін нақты тауарлы-материалды бағалылар қорына және олардың етімділік дәрежесіне;

  • маржа деңгейіне;

  • несиелік тәуекел дәрежесіне және банктің клиентке деген сенім дәрежесіне;

  • банкте бар ресурс көлеміне және т.б.

Несиелерді авторизациялау несиелік тәуекелді төмендету мақсатында жүргізілетін анықтамалар жэне тексерулер процесін білдіреді.

Несиелік мониторинг несие бойынша мәселе туындай к,алған жағдайда, қарыз алушының несиелік қабілетінің өзгерісін қадагалап отыруға байланысты шаралар жүйесі болып табылады.

Несиелік портфельді басқару бұл банк к,абылдауға дайын болып отырған тәуекел түрлерінің барлығын айк,ындауды және олардың ең жоғарғы жететін деңгейін анықтауды талап ететін жоғарғы жетекшілер қызметі болып та­былады.

Несиелік портфельді басқаруды іске асырудың ортақ алғышарттарына жататындар;



  • нақты қарыз алушылар мен олардың топтары үшін несиелеудің ішкі банктік лимитін белгілеу;

  • несиелік рейтингпен байланысты болатын, жекелеген қарыз алушылардың тәуекел деңгейін көрсететін несиелік тәуекелді талдау формасын жасау;

  • әр түрлі салалар бойынша несиелеуді диверсификациялау;

  • төменгі тәуекел деңгейі бар ең маңызды салаларды аныктау;

  • жоғарғы тәуекел деңгейі бар салаларға қатысты несиелік саясатты қатаңдату;

  • несиеге баға белгілеу саясатын дайындау.

Несиелеу лимиттерін белгілеу несиелік портфельді құруға бақылау жасауда тәуекелдерді төмендету және ұзақ мерзімді өміршеңдік қабілетті жақсарту үшін пайдаланылатын басты тәсіл.

Проблемалқ, несиелерге:

  • несиелік келісімшартта көрсетілген уақытта қайтарылмаған, уақыты кешіктірілген және қосымша келісім берілген несиелер;

  • сақтандыру, кепілхат немесе кепілдемемен каздуамасыз етілген несиелер бойынша сақтандыру компанияларының, кепіл хатты және кепілдеме берушілердің банк алдындағы міндеттемелері орындалмағандар;

  • несиелерге есептелетін пайыздың несиелік келісімшартта көрсетілген күннен 30 күн өткенге дейін қайтарылмаған несие­лер жатады.

Сондай-ақ проблемалық несиелерге қарсы шараларға мыналар жатады:

  • қарыз алушының қызметін қайта құру;

  • несиені қайтару кестесін өзгерту;

—- пайыз (сыйақы) төлеу тәртібін өзгерту.

Несие үшін төлейтін сыйаңы (мүдделендіру) мелшерлемесі — несиенің багасын білдіреді. Оның мөлшері, жалпы жағдайда тартылған ресурстарға төлем мен сыйақы маржасының қосын-дысынан құралады.


Коммерциялық банктедің факторингтік және фаффейтингтік операциялары
Коммерциялық банктердің ең кең таралған делдалдық қызметінің бір түрі — факторинг. Факторинг алғашқы кезде XIX ғасырдың аяқ кезіне таман АКШ-та пайда болып, кейіннен өнеркәсібі жағынан дамыған Батыс Еуропада қолданылды. Әсіресе коммерциялық банктер факторингті соңғы 25—-30 жыл ішінде кеңірек қолдана бастаған.

Факторинг 80-жылдардың ортасында Батыс Еуропа елдеріндегі тұрақты экономикалық өрлеу кезеңінде кеңірек таралды. 90-шы жылдардың басында факторингтік компаниялар 3,6 есе өсті. Факторинг операциялардың бүгінгі көлемі (ішкі және халықаралық факторингті қосқанда) мынадай: Еуропа — 56 %, Америка — 30 %, Азия және Тынық мұхит жағалауындағы елдер — 13 %, Африка —%

Шетелде факторинг бұл ұсақ және орта компаниялар үшін қаржыландыру көзіне сілтейтін қысқа жолды білдіреді.

Факторинг сатушылардың сатып алушыларға сатылған тауары үшін уақытын кешіктіріп төлеуге беретін тауар формасындағы және ашық шот түрінде рәсімделетін коммерциялық несиенің болуын сипаттайды.

Факторинг клиенттің айналым капиталын несиелеумен ұштасатын, сауда-комиссиондық операциясының бір түрі. Бүл жерде факторингтік компания клиенттердің шотын 90 /о-ға дейін төлеу шартымен сатып алады.

Факторинг деген тауарларды немесе қызметтерді жабдықтаушыдан төлем құжаттарын сатып алуды білдіреді. Факторингтің мақсаты — кез келген несиелік операциялардың ажырамас бөлігі болып табылатын тәуекелді қалпына келтіру. Нарық экономикасы дамыған елдерде төлемдердің сақталу мерзімдеріне басты көңіл аударылады. Ендеше факторинг ком­паниялар мен банктердің фактор бөлімдерінің қызметі жабдыктаушылар мен сатып алушылар арасындағы қатынастардағы тәуекелдер мен төлемдер мерзімдеріне байланысты мәселелерді шешуге бағытталады.

«Фактор» сөзі агылшын тілінен «factor», аударғанда «мак­лер, делдал» деген мағынаны білдіреді. Экономикалың жағынан алғанда бұл — делдалдық операция.



Факторинг жабдықтаушы-клиенттің жабдықтаған тауары мен көрсеткен к,ызметтері үшін төленбеген төлем талабын (шот-фактурасын) банкке сатумен байланысты комиссиондық-делдалдық операция.

Банк төленбеген төлем талабының иесі ретінде, борышқордың несиелік қабілетін тексергенімен де олардың төленбей қалуына байланысты тәуекелге барады.

Келісімшартқа сәйкес банк жабдықтаушының контрагенттері өздерінің қарызын өтегеніңе қарамастан төлем

талабындағы соманы төлеуге міндеттеме алады. Дәл осы жерде факторинг пен банктік кепілдеменің арасындағы айырмашылық байқалады. Яғни, банктік кепілдеме бойынша банк өзінің есебінен, оған тиісті соманы клиент төлемеген жағдайда төлеуге міндетті болып табылады. Факторингтік қызметтің мақсаты төлеушінің төлем қабілетіне байланыссыз факторингтік келісім-шартта көрсетілген мерзімде тез арада қаражатты алу болып табылады.

Нарық экономикасы дамыған елдердегі факторингтік компаниялардың көбіне еншілес фирмалары ірі банктермен бірігіп жұмыс жасайды.

Факторинг операциясына үш тарап қатысады:



1.Факторингтік компания (банктің факторинг бөлімі) —өздерінің клиенттерінен шот-фактураны сатып алатын арнайы мекеме.

2.Клиент (тауарды жабдықтаушы, несие беруші) — факторинг компаниясымен келісімшарт жасасушы өнеркәсіптік немесе сауда фирмасы.

3.Кәсіпорын (қарыз алушы) — тауарды сатып алушы фирма.

Факторинг мәмілесін жүзеге асырудан бұрын толық талдау жұмысы жүргізіледі. Кәсіпорыннан тапсырыс алғаннан соң факторинг компания немесе банктің фактор бөлімі 1-2 апта ішінде клиенттің экономикалық және қаржылық жағдайын зерттейді. Егер де кәсіпорын факторинг компаниясы немесе банктің фак­тор бөлімінің клиенті бола қалған жағдайда, ол факторинг компаниясына сатып алушыға жіберілетін барлық шот-фактураны тапсырады. Әрбір құжат бойынша клиент төлеуге келісім алуға тиіс. Факторинг компаниясы барлык. шот-фактурамен таныса отырып, сатып алушының төлем қабілетін анықтайды. Бұған 2—3 күн мерзім уақыт қажет етіледі. Факторинг компаниясы төлемнің уақыты жеткен кезде немесе мерзімінен бұрын төлей алады.

Әлемдік тәжірибеде факторинг қызметінің құны мынадай екі элементтен тұрады: оған берілген құжаттарды мерзімінен бұрын төлеу барысында алынатын комиссия және пайыз. Ко­миссия шот-фактура сомасынан белгілі мөлшерде (әдетте, 1,5— 2,5%) деңгейінде белгіленеді. Мәміленің көлеміне қарай ко­миссия сомасы да өсіп отырады. Факторинг ережесі бойынша несие үшін төленетін пайыз мөлшерлемесі ақша нарығындағы (қысқа мерзімді несиелер нарығындағы) мөлшерлемеден 1—2 жоғары болып келеді.

Факторинг операцияларының жүзеге асырылу негізіне фак­торинг туралы келісімшарт жатады. Онда факторинг операциясының мынадай жасалу шарттары көзделеді: төлем талабының мәліметтері,.факторинг операциясы бойынша сомадан төлейтін сома, өтеу сыйақысының мөлшері, факторинг келісім-шартын бұзу жағдайлары және тараптардың ойлары бойынша басқа да шарттар.

Сонымен қатар, онда тараптардың өздеріне алған міндеттемелерін орындай алмаған жағдайлардағы жауапкершіліктері де қарастырылады. Оңдай жағдайда тараптар бірінің алдында бірі жауап беруге тиіс. Факторинг бөлімі өзіне алған міндеттемесін орындай алмаған жағдайда, оны құрушы банк материалдық жауапты болып табылады.

Факторингтің екі түрі болады: ауқымды (конвенционды) және шектеулі (конфедиенциалды). Тарихта оның ауқымды түрі бірінші пайда болған. Қазіргі жағдайда бүл — бухгалтерлік есеп, жабдықтаушылар және сатып алушылармен есеп айырысу, несиені сақтандыру және т.б. қамтитын клиенттерге қаржылық қызмет көрсетудің әмбебап жүйесін сипаттайды. Клиенттің мұндағы қызметі тек қана өндіру болып табылады. Бұл жүйе клиент кәсіпорынға өндіріс пен өнімдерді сату шығындарын қысқартады. Өзінің мәні жағынан факторингтің бұл түрі жөнелтілген тауарларға берілетін несиені білдіреді.

Соңғы жылдары шектеулі факторинг те біршама дамып келеді. Шектеулі факторинг бірнеше операциялардың орындалуымен байланысты: ақша алуға құқығын беру, қарызды төлеу және т.б. Шектеулі факторинг клиент жабдықтаушы үшін жөнелткен тауары үшін берілетін несиені сипаттаса, ал клиент -сатып алушы үшін төлем несиесін сипаттайды. Факторинг операцияларын жасағаны үшін клиенттер банкке келісімшартта көрсетілген төлемді төлейді, ол өзінің экономикалық мазмұны жағынан несие үшін төлейтін пайызды білдіреді.

Факторинг операциясы, бүгінгі таңда, отандық ақша нарығында дами алмай отыр. Факторингті еңгізу сынағы, негізінен, 1988 жылы КСРО Өнеркәсіп құрылыс банкімен жүзеге асырылып, кейіннен өзге де коммерциялық банктер факторинг операцияларын орындай бастады. Сөйтіп, 90-шы жылдардың басындағы төлем дағдарысы факторинг қызметінің банктер үшін тиімсіздігін айқындап, нәтижесінде отандық банктеріміз күні бүгінге дейін бұл операцияға салғырттық танытуда.

Факторингтің бірегей құқықтық негізін құру үшін 1988 ж. Халықарлық факторинг туралы конвенция бекітілген. Халықаралық факторинг туралы кез келген келісімшарт төменде берілгендердің кемінде екеуін қамтуға тиіс:


  • Аванс және несие беру жолымен жабдықтаушыны қаржыландыру;

  • Төлем талаптарына жататын жабдықтаушының шоттарын бухгалтерлік жағынан өңдеу;

  • Борышқорлардан ақшалай қаражат алу;

  • Жабдықтаушыларды олардың борышқорларының төлем қабілетсіздігі жағдайынан қорғау.

Факторинг операциялары. Факторингтік операциялар банктер және арнайы ұйымдар арқылы жүзеге асырылады. Ол үшін банктерде арнайы бөлімдер ашылуға тиіс. Факторингтік опера­ция түрлері 14-суретте келесі бетте берілген.

Факторингтік операциялардың мыналар бойынша жасалмайтынын ескеру қажет:



  • Жеке тұлғалардың қарыздық міндеттемелері бойынша;

  • Бюджеттік мекемелердің қоятын талаптары бойынша;

  • Банктің несиелеуден алынып тасталған немесе төлем қабілетінсіз деп танылған кәсіпорындар мен ұйымдардың міндеттемелері бойынша;

  • Кәсіпорындардың филиалдары немесе бөлімдерінің міндеттемелері бойынша.

Факторинг негізінен жабдықтаушы мен сатып алушының арасындағы қатынасты сипаттайды, себебі ол жабдықтаушының қаржылық жағдайына, сондай-ақ оның сатып алушыларының төлем қабілетіне үздіксіз бақылауды білдіреді.

Факторингтің ашық және жабық түрлері болады. Ашық факторингте берешекке, мәмілеге факторинг бөлімінің қатысатындығы туралы алдын ала хабардар етіледі. Жабық факто­рингте берешекке факторингтік келісімшарттың болуы туралы айтып жеткізеді.



Форфейтинг

Форфейтинг пен факторинг операциялары өзара ұқсас болып келеді. Бірақ форфейтингтің факторингтен айырмашылығы — форфейтинг сатқан тауарлар мен қызметтерге деген құқықтарды қайта сату арқылы ақшалай қаражаттарды қарызға алумен байланысты бір рет жасалатын операцияны білдіреді. Сондай-ақ экспортердың форфейтингтік қызметі орта мерзімді немесе ұзақ мерзімді несиелеумен байланысты болса, ал факторингте несие беру мерзімі небары 6 айды құрайды.

«Форфейтинг» сөзі француз тілінде «a forfait», аударғанда «құқықтан бас тарту» дегенді білдіреді. Форфейтинг — тауарларды жабдықтау немесе қызметтерді көрсету барысында пайда болатын және алдағы уақыттарда өтелуге тиісті міндеттемелерді сатып алуды білдіру үшін пайдаланылатын термин.

Форфейтинг қызметі халықаралық, сауданы орта мерзімде қаржыландырудың балама тәсілдеріне жатады.



Форфейтинг бұл форфейтордың, яғни коммерциялық банктін, немесе арнайы компанияның экспортерға импортердің төлеуге тиісті төлем талабын сатып алуы.

Форфейтинг мәмілесі бойынша, алдымен экспортер өзінің тауарын несиеге алушыны — импортерды іздейді. Ал импор­тер болса, оған жай немесе аударма векселін, яғни қарыздық міндеттемесін жазып беруге тиіс. Егер вексель берушінің беделі немесе қаржылық жағдайы жақсы болса, онда вексельге кепіл беру талап етілмеуі мүмкін, дегенмен де импортер аудармалы векселі бойынша авальшыны (төлеуге кепіл беруші тұлғаны) табады. Осы жерде басты мән берілетіні мыналар: банк несиесінің сомасы мен мерзімі, сатып алушының төлем қабілеттілігі, аваль берушінің қаржылық жағдайы.

Форфейтинг мәмілесінде үш қатысушы болады:

/. Экспортер, яғни тауарды орта мерзімді несиеге беруші.



2. Импортер, яғни тауарды несиеге алушы.

3. Форфейтор, яғни мәмілені қаржыландырушы банк не­месе арнайы ұйым.

Форфейтинг мәмілесі 15-суретте келесі бетте беріледі.

Форфейтинг мәмілесі бірнеше кезеңнен тұрады. Бірінші кезеңде мәміле дайындалады. Бұл кезеңде экспортер, экспор­тер банкі немесе импортер мәмілені бастаушылар болады. Эк­спортер үшін кепілдемеге қатысты форфейтордың талабын білу маңызды. Сонымен бірге, осы кезеңде форфейтор экспортердің өтінішін қарайды. Екінші кезеңде, болатын мәміле туралы ақпараттар жинастырады. Содан кейін барып, форфейтор-банк несиелік талдау жүргізеді. Келесі кезеңде эспортер вексельді алады және оған авальдың берілуін, яғни үшінші бір тұлғаның кепіл беруін талап етеді.

Форфейтинг механизмін мынадай екі мәміле түрінде пайдаланады:

1. Қаржы мәмілесінде — орта мерзімді қаржы міндеттемесін тез арада іске асыру мақсатында.

2. Экспорттық мәміле бойынша — шетелдік сатып алушыға несиеге тауар бергені үшін экспортерға қолма-қол ақшамен түсім түсуге ықпал ету мақсатында.

Форфейтинг мәмілесінің мерзімі 180 күннен 5 жылға дейінгі аралықты құрайды, кей жағдайларда — 7 жыл.

Экспортер үшін форфейтингтің мынадай артықшылықтары бар:

• векселін форфейтор-банк сатып алғаннан кейін, экспор­тер валюта бойынша тәуекелге бармайды, яғни бұл тәуекелді банктің өзі кешеді;


  • уақытын кешіктіріп төлеуге берген операцияның қолма-
    қол ақшамен жасалатын операцияға айналуына орай, экспортердің өтімділігі тез арада жақсарады, яғни экспортер тауарын жөнелткеннен кейін бірден банктен қаражат алады;

  • пайыз мөлшерлемесіне байланысты да тәуекел болмайды,себебі форфейтингтік қаржыландыру тұрақты пайыз мөлшерлемесі негізінде жүзеге асырылады; құжаттаудың қарапайымдылығы және оны рәсімдеудің жылдамдығы; форфейтор-банк несиелеу операциясына қарағанда ете жоғары табыс табады.

Форфейтинг екінші дүниежүзілік соғыстан кейін алғаш Еуропа елдерінде пайда болған. Қазіргі кезде форфейтинг операциясы бойынша бірінші орынды Швейцария алады және ол осы операцияны бастаушылардың бірегейі болып табылады. Ал біздің елімізде бұл операция түрі маңызды болғанымен, дамымай отыр, оның себебі вексель айналысының дұрыс жолға қой-ылмауымен байланысты және т.с.с.

Форфейтингтеуге әдетте сауда тратталары (аударма век­сель) немесе жай вексельдер қабылданады.

Форфейтингтегі дисконт мөлшерлемесінің құрамдас элементеріне мыңалар жатады:


  • еуровалюталар нарығындағы несиенің құны (ЛИБОР —Лондондық банкаралық пайыз мөлшерлемесі);

  • импортер елінің тәуекел құны және валютаны аударуға байланысты тәуекел құны 0,5-тен 6 -га дейін жылдық мелшерде ауытқиды;

  • несиені басқаруға қатысты форфейтордың шығындары
    (0,5%-ға дейін жылдық);

  • міндеттеме үшін алынатын комиссия (1—1,5 /о жылдық).


Банктің трастық операциялары
«Траст» ағылшын тілінен аударғанда «сенім» деген сөзді білдіреді. Траст бұл сеніммен басқаруға берілген мүлікке деген құқықты анықтайтын және меншікті иеленудің ерекше нысаны.

Траст операциясы клиенттің сенімді тұлғасы ретінде оның мүлкін басқаруға және тапсырмасы бойынша басқа да қызмет көрсетуге байланысты банктің операциялары.

Траст операциясына қатысушыларға мыңалар жатады:



  1. Траст құрылтайшысы (немесе оның негізін қалаушы) —сенімді меншік иесіне сенімхат арқылы басқаруға беретін, мүліктің немесе мүліктік құқықтардың меншік иесі. Траст құрылтайшысы ретінде кез келген қолында мүлкі бар заңды немесе жеке тұлға бола алады.

  2. Трастыны иемденуші (сеніп тапсырған тұлға) — траст келісімшартындағы көрсетілген жағдайға сәйкес, мүлікті басқару құқығын өзіне қабылдайтын тұлға. Мүндағы мүлікке жылжитын және жылжымайтын мүліктер де жатады.

3. Бенефициар — траст келісімшартын өзінің пайдасына жарататын кез келген заңды және жеке тұлға. Яғни ол трастыны иемденушіге берілген мүліктен түсетін табысты алып отыруға құқылы тұлға.

Сонымен, банктің траст операи,иясы — бұл банктің өз клиенттеріне (заңды және жеке тұлғаларына) көрсететін әр түрлі қызметі түріндегі сенім операцияларын білдіреді.



Траст ,қызметіне: біріншіден, жылжымайтын және жыл-житын мүліктерді басқару; екіншіден, инвестициялың портфельді қалыптастыру және оны басқару; үшіншіден, құндылықтарды сақтауға қабылдау; қабілетсіз меншік иесінің мұраға қалдырған мүлкін басқару; төртіншіден, тұрақсыздыққа үшыраған фирмаларға қатысты несие берушілердің ңоятын талаптарын реттеу; бесіншіден, мүраға ңалдыруға байланысты мүлікті басқару қызметтері жатады.

Коммерциялық банктің траст бөлімінің атқаратын қызметі үлкен үш топқа бөлінеді:

/. Клиенттердің мұраға к,алған мүлкін иемдену;

II. Сенімхат бойынша операщияларды жүзеге асыру;

III. Агенттік қызметтер.

Траст қызметі жеке тұлғаларға, сондай-ақ фирмаларға да көрсетіледі.



Жеке тұлғаларға көрсетілетін траст қызметі.

Мұраға қалдырған мүлікті иемдену. Мұраға қалдырған мүлікті пайдаланудың басты міндеті — бұл сот шешімін алу үшін мұраға қалдырған мүлікті жинау және оның қауіпсіздігін қамтамасыз ету, әкімшілік шығыстарды төлеу және қарыздары бойынша есептесу, салықты төлеу, қалған мүлікті отбасы мүшелері арасында бөле отырып, оларға жекелей қызмет көрсету болып табылады.

Келісімшарт негізінде клиенттің мүлкін басқару, Бұл операция сенім білдірген тұлға мен сенім иесінің арасындағы мүлікті жауапкершілігі бар тұлғаға берумен байланысты жасалатын келісімнен туындайды.

Агенттік (делдалдық) қызметтер.

1. Активтерді сақтау:

  • бағалы қағаздарды сақтауға қабылдау;

  • бағалы қағаздар бойынша табыс алу;

  • бағалы қағаздар бойынша шотына түскен қаражаты туралы сенім білдірушіге уақтылы хабарлап отыру;

  • бағалы қағаздарға айырбастау;

  • мерзімі өткен облигациялар бойынша қарызды қайтару;

  • активтердің жалпы ңұнын (табыстың жалпы сомасын) сақтап қалу мақсатында бағалы қағаздарды сатып алу және сату;

  • мүлік куәлігі бойынша сомаларды алу;

  • клиенттерге бағалы қағаздар жеткізіп беру;

  • сейфтерді жалға беру.

2. Агенті немесе өкілі ретінде клиенттің активтерін басқару:

  • бағалы қағаздарды сатып алу-сату;

  • бағалы қағаздар қоржынындағы сақталған бағалы қағаздардың бағамдарын бақылап отыру және бағалы қағаздар қоржынын қалыптастыру;

  • клиенттің тапсырмасы бойынша барлық табыстарды алу;

  • сенім білдірушінің шоттарын төлеу;

  • сақтандыру полисін рәсімдеу.

Клиент келісімшартқа сәйкес немесе сенімхат негізінде коммерциялық банкке, өзінің атынан агенттік қызметті жүзеге асыруды тапсырады. Ол үшін банктің мынадай құқықтары болуға тиіс:

  • клиент атынан келісімшарт жасау;

  • акциялар мен облигацияларды беру;

  • несие алу;

  • чек жазу;

  • вексельді аударып жазу және т.б.

Траст операциясын жасау үшін, ең бастысы, сенім білдірген банк пен ұйымның арасында жасалатын келісімшарт болуы кажет. Осы келісімшарт негізінде мынадай қызметтерді атқарады:

  • бағалы қағаздарға деген меншік құқығын беру;

  • бағалы қағаздарды ұстаушылар, эмитенттер және өзге де ұйымдар үшін шоттарды жүргізу;

  • пайыздарды төлеу, қарыздарды өтеу және т.б.

  • облигациялық займдар бойынша қарызды өтеу қорларын иемдену;

  • мүлікті кепілдіктен босату;

  • корпорациялардың (зейнетақы корларының) және т.б қорларын басқару;

  • сенімхатқа сәйкес бір бағалы қағазды алып, басқасын беру,яғни бағалы қағаздарды айырбастауға байланысты агенттік қызметті жүзеге асыру;

  • акционерлік қоғамдардың акциялар бойынша дивидендтер төлеу.

Банктің траст қызметін көрсетудің басты шеңберін жеке тұлғалар, үкімет органдары, іскер кәсіпорындар үшін агенттік қызметті атқару құрайды.

Банк көрсеткен траст қызметі үшін комиссиондық сыйақы алады.


Валюталық нарықтын туыңдылары
Валюталық операциялардың анықтамасын беруден бұрын «валюта» терминінің мәніне тоқталайық.

Қазақстан Республикасының «Валюталық реттеу туралы» заңына (24.12.1996 ж.) сәйкес, «валюта мемлекеттердің заңды төлем құралы ретінде қабылданған ақша бірліктері немесе банкноттар, қазыналық билеттер мен тиындар, соның ішінде қымбат металдардан жасалған тиындар (айналымнан алынған немесе алынатын, бірақ айналымда жүрген ақша белгісімен айырбастауға жататынын қоса алғанда) түріндегі қолма-қол және аударым нысандарындағы күнның ресми стандарттары, сондай-ақ шоттардағы, соның ішінде, халықаралык, ақша немесе есеп айырысу бірліктеріндегі қаражаттары».

Осы заңда «валюталық операиияларға» мынадай түсінік берілген:


  1. меншік құқығының және өзге де құқықтардың валюталық құңдылықтарға ауысуына байланысты операциялар, соның ішінде, төлем құралы ретінде шетел валютасын және шетел ва-
    лютасындағы өзге де төлем құралдарын пайдаланумен байланысты мәмілелер;

  2. валюталық құндылықтарды кез келген тәсілмен Қазақстан Республикасына әкелу және жөнелту, сондай-ақ Қазақстан Республикасынан әкету және жөнелту.

Мұндағы валюталық құндылықтарға мыналар жатады:

  1. шетел валютасы;

  1. номиналы шетел валютасында көрсетілген бағалы қағаздар және төлем құралдары;

  1. тазартылған құйма алтын;

4) ұлттык, валюта, резиденттер мен бейрезиденттер арасында олармен операциялар жасалған жағдайда құны ұлтгық валютамен көрсетілген бағалы қағаздар және төлем құжаттары.

Мұндағы резиденттерге жататындар:

— ҚР-ның тұрақты тұрғыны, соның ішінде, уақытша шетелде немесе республикадан тысқары жерлерде мемлекеттік қызметте жүрген жеке тұлға;


  • ҚР-ның заңдылықтарына сәйкес құрылған барлық заңды тұлғалар, олардың республика ішіндегі немесе одан тысқары жерлерде орналасқан филиалдары мен өкілеттігі;

  • ҚР-нан тысқары жердегі орналасқан дипломатиялық сауда және өзге де өкілеттіктер жатады.

Ал бейрезидентерге резидент құрылымында көрсетілмеген ҚР-ның барлық заңды және жеке тұлғалары немесе одан тысқары жерлердегі олардың филиалдары мен өкілеттіктері жатады.

Кейбір экономикалық әдебиеттерде валюталық құңдылықтар қатарына бағалы металдар (алтыннан басқа да) мен табиғи асыл тастарды (алмаз, рубин, изумруд, сапфир, александ­рит жене жемчуг) жатқызады.

Валюталық операциялар ағымдық операциялар және капи­тал қозғалысымен байланысты операцияларға бөлінеді.

1. Ағымдық операщияларға жататындар:


  • тауарлар, жұмыстар және қызметтер үшін төлемнің не аванс төлемінің мерзімін 180 күннен аспайтын мерзімге ұзартуды көздейтін экспорт-импорт мәмілелері бойынша есеп айырысу-
    ларды жүзеге асыруға арналған аударымдар;

  • 180 күннен аспайтын мерзімге несиелер беру және алу;

  • салымдар (депозиттер), инвестициялар, заем және өзге операциялар бойынша дивидендтерді, сыйақыларды және өзгеде табыстарды алу және аудару;

  • гранттарды қоса алғанда, сауда сипатына жатпайтын ауда­рымдар, мұрагерлік соманы, жалақыны, зейнетақыны, алименттерді және баска сомаларды аудару:

  • осы заңмен капитал қозғалысына байланысты операцияларға жатпайтын барлық өзге де валюталық операциялар.

2. Капитал қозғалысына байланысты операцияларға жа­татындар:

  • инвестицияларды жүзеге асыру;

  • интеллектуалдық меншік объектілеріне ерекше құқықты толық беруді көздейтін мәмілелер бойынша есеп айырысуларды жүргізуге арналған аударымдар;

  • мүліктік құқыққа және өзге де жылжымайтын мүлік ңүңығына төлеуге аударымдар;

  • тауарлар, жүмыстар және кызметтер үшін төлемнің не аванс төлемінің мерзімін 180 күннен асатын мерзімге ұзартуды көздейтін экспорт-импорт мәмілелері бойынша есеп айырысуларды жүзеге асыруға арналған аударымдар;

  • 180 күннен асатын мерзімге несиелер беру және алу;

  • өздері тіркелген мемлекеттердің заңдары бойынша банк операцияларын жүзеге асыруға құңығы бар шетел банкілерінде және өзге де қаржылық үйымдарда салымдарды (депозиттерді) жүзеге асыру;

  • зейнетақы активтерін жинактауға байланысты мәмілелер бойынша халықаралық аударымдар;

  • жинақтау сипатындағы сақтандыру және қайта сақтанды­ру шарттары бойынша халықаралық аударымдар.

Валюталық операцияларды біздің елімізде шетел валютасымен банктік операциялар жүргізуге ҚР Ұлттық банкінен алған лицензиясы бар өкілетті банктер ғана орындай алады. Со-нымен қатар, ҚР Ұлттың банк валюталық реттеуді және валюталық бақылауды жүргізеді.

Валюталык, реттеу — нормативтік құқықтық актілерді жасау және бекіту, ақпараттар жинау, валюталық заңдылықтардың орындалуына бақылау жасау, заңмен көзделген санкция-ларды қолдану шараларын білдіреді.
29 Тақырып . Банктік менеджмент , ғылым банкті басқару практикасы ретіңде
Өтімділік — банктің сенімділігін қамтамасыз ететін, оның қызметінің жалпы сипаттамаларының бірі.

Банк өтімділігі бұл салымшылар мен к,арыз берушілер алдында банктің өз міндеттемелерін уақытында және шығынсыз орындау қабілеттігі.

Банктің міндеттемелері нақты және потенциалды деп екіге бөлінеді. Банктің нақты міндеттемелері: талап ету депозиттері, мерзімді депозиттер, тартылған банкаралық ресурстар, несие берушілердің қаражаттары түрінде банктің балансында көрсетіледі. Ал потенциалды немесе баланстан тыс міндеттемелерге: банктен берген кепілхаттар, клиенттерге несие желілерін ашу, т.б. арқылы көрсетіледі.

Егер коммерциялық банктің борыштық және қаржылық міндеттемелерді уақытында орындау үшін қолма-қол ақшалаи қаражаттар мен басқа да өтімді активтері болып, сонымен қатар басқа көздерден қаражаттарды тез арада жұмылдыру мүмкіндігі жеткілікті болса, онда бұл өтімді банк болып табылады.

Банк өтімділігі аталған барлық міндеттемелерді, сонымен бірге болашақта пайда болуы мүмкін міндеттемелерді уақытында орындауын сипаттайды. Міндеттемелерді орындау үшін кассадағы және корреспонденттік шоттардағы (Орталық банкте және басқа коммерциялық банктерде) қалдықтарымен сипатталатын банктік ақшалардың барлығы; қолма-қол ақшаға тез айналатын активтер; банкаралық нарықтан немесе Орталық. банктен алынатын банкаралық несиелер сияқты қаражат көздері пайдаланылады.

Осы аталған қаражат көздерін пайдалану банк үшін шығыстармен байланысты болмау керек. Мысалы, өтімді қаражаттардың көзі ретінде бағалы қағаздарды немесе басқа активтерді сату қалыпты тәртіпте алдын ала келісіп қойған шарттардың негізінде жүзеге асырылуы керек.

Банк өтімділігі мынадай қызметтерді атқарады:



  • депозиттерді алу мен несиелерге байланысты сұранысты
    қанағаттандыру;

  • тиімділік тәуекелін азайту және банктің сенімділігін қамтамасыз ету;

  • активтерді зиянсыз сату;

  • тартылған қаражаттары бойынша төлей алмау тәуекелі үшін сыйақы мөлшерін шектеу.

Банк өтімділігінің екі формасы, яғни міндеттемелерді өз уақытында және шығынсыз орындауы көптеген ішкі және сыртқы факторлардың ықпалымен анықталады.

Ішкі факторлар қатарына мыналар жатады:

  • банк капиталының, базасы;

  • банк активгперінің сапасы;

  • депозиттердің сапасы;

  • сыртқы қаражат көздеріне орташа тәуелдігі;

  • мерзімі бойынша активтер мен пассивтердің, өзара сәйкестігі;

  • сауатты менеджмент;

  • банктің жоғары дәрежелі беделі.

Банк капиталының базасы — бұл салымшылар қаражаттары мен депозиттеріне кепіл беретін және олардың мүдделерін қорғайтын меншікті капиталдың жеткілікті мөлшерін сипаттай-ды. Меншікті капиталдың көзіне: жарғылық капитал және әр түрлі мақсаттар үшін бағытталған банктің басқа да қорлары жатады. Банктің меншікті капиталы неғұрлым жоғары болса, оның өтімділігі соғұрлым жоғары болады.

Банк активтерінің сапалылығы мынадай төрт критерийлермен анықталады: өтімділік, тәуекелдік, табыстылық пен дивер­сификация.



Активтердің өтімділігі бұл қарыз алушының міндеттемелерді өтеу немесе осы активтерді сату арқылы олардың қолма-қол ақшаларга айналу қабілеті.

Активтердің өтімділік дәрежесі олардың айналымына байланысты. Ақшалай формадағы банктің активтері төлем қызметін орындауға бағытталған.



Активтер тэуекелі критерий, олардың акшалай формаға айналдыру кезінде шығындарға ұшырау мүмкіндігін сипаттайды. Активтердің тәуекел дәрежесі, олардың әр түрі үшін ерекше көптеген факторлармен анықталады. Мысалы, несиелік тәуекел қарыз алушының қаржылық жағдайына, қарыз көлеміне, беру мен өтеу тәртібіне, т.б. факторларға байланысты.

Банк активтердің тәуекелі негүрлым жоғары болған сайын, банктің өтімділігі соғұрлым төмен болады.



Активтердің табыстылығының критерий ретінде: активтердің жұмыс жасау қабілеті, тиімділігі, яғни табысты әкелу қабілеті, сонымен қатар банктің дамуы үшін қаражат көзін табу және банктің капитал базасын нығайту қабілеті. Табыстылық дәрежесі бойынша активтер: табыс әкелетін және табыс әкелмейтін болып екіге бөлінеді.

Активтердің диверсификациясы критерий банктің ресурстарын әр түрлі орналастыру аялары бойынша бөлу дәрежесін сипаттайды. Активтерді диверсификациялау көрсеткіштері мынадай: ресурстарды орналастыру бағыттары бойынша банк активтерінің құрылымы, объектілер мен субъектілері бойынша несиелік жұмсалымдардың құрылымы; бағалы қағаздар портфелінің құрылымы, валюталар құрылымы; банкпен корреспонденттік және несиелік қатынастарда болатын басқа банктердің құрылымдың құрамы. Актив­тер неғұрлым көп диверсификацияланса, соғұрлым банктің өтімділігі жоғары болады.

Банк өтімділігін анықтайтын фактор — банктің депозиттік базасының, сапалылығы. Депозиттік базаны мерзімді депозиттік және жинақ салымдары, есеп айырысу және ағымдағы шоттардағы қаражаттары ретінде банкте жинақталған заңды және жеке тұлғалардың қаражаттары құрайды. Депозиттердің сапалылығының басты критерий олардың тұрақтылығын сипаттайды. Депозиттердің тұрақты бөлігі неғұрлым көп болса, банктің өтімділігі соғұрлым жоғары болады. Депозиттердің тұрақты белігінің кебеюі банктің өтімді активтерге мұқтаждығын азайтады. Талап етілгенге дейінгі депозиттер жоғары тұрақтылыққа ие, өйткені бұл депозиттердің түрі сыйақы мөлшерлемесіне байланыссыз. Банкте осы депозит түрінің көп болуы банктің қызмет етуінің сапалылығы мен жылдамдығы, банктің клиентке жақын орналасуы сияқты факторларға байланысты. Ал мерзімді және жинақ депозиттеріндегі қалдықтары тұрақтылықтың темен дәрежесіне ие, себебі оған банктің сыйақы мөлшерлемесі ықпал етеді.

Банк өтімділігі оның сыртқы қаражат көздеріне, яғни банкаралық несиелерге деген тәуелділігімен де сипатталады. Банкаралық несие өтімді қаражаттарға деген қысқа мерзімді жетіспеушілікті жоя алады, бірақ осы несиенің жалпы тартылған ресурстардың құрамындағы үлесі жоғары болса, онда банк банкротқа ұшырауы мүмкін. Егер банктің сыртқы көздерге тәуелділігі жоғары болса, онда оның бизнес үшін өз базасының даму перспективаларының жоқтығын көрсетеді.

Банк активтері мен пассивтерінің арасында мерзім мен сома бойынша сәйкестілігі де банк өтімділігін анықтайды. Банктік клиенттер алдында міндеттемелерді орындауы инвестицияланатын ақша қаражаттары мерзімдері мен салымшылары берген ақша қаражаттарының мерзімдері сәйкес болуын білдіреді.



Менеджмент, яғни жалпы банктік қызметін және өтімділігін басқару жүйесі де банк өтімділігін анықтайтын ішкі факторлардың біріне жатады. Банкті басқару сапасы мыналармен анықталады:

  • банк саясатының болуы және оның мазмұны;

  • стратегиялық және ағымдағы міндеттерді жоғары деңгейде шешуге мүмкіндік беретін банктің аймақтық ұйымдастыру құрылымы;

  • банктің активтері мен пассивтерін басқару механизмі;

  • әр түрлі процедуралардың нақты мазмұнын анықтау;

  • білікті мамандардың болуы;

  • қажетті ақпарат базасының болуы;

• банк қызметін басқару жүйесінің ғылымилығы.
Банктің беделі де банк өтімділігін анықтайды. Жақсы беделі бар банк депозиттік базасының тұрақтылығын оңай қамтамасыз ете алады.

Банк өтімділігінің жағдайы бірқатар сыртқы факторларға, яғни банк қызметінен тыс факторларға байланысты. Оларға мыналар жатады:



  • елдегі жалпы саяси және экономикалық жағдаи;

  • бағалы қағаздар нарығының дамуы;

  • банкаралық несие нарығының дамуы;

  • қайта қаржыландыру жүйесін ұйымдастыру;

  • Орталық банкінің қадағалау қызметінің тиімділігі.
    Елдегі жалпы саяси және экономикалық жағдай банк операцияларының дамуының және банк жүйесінің сәтті жұмыс істеуінің алғышарттарын қалыптастырады, банктер қызметінің экономикалық негізінін, тұрақтылығын қамтамасыз етеді, банктерге деген отандық және шетелдік инвесторлардың сенімділігін арттырады. Осы аталған жағдайларсыз банктердің тұракты депозиттік базаны құруы, операциялардың тиімділігіне қол жеткізуі, өз құралдарын дамытуы, активтерінің сапалығын жоғарылатуы және басқару жүйесін жетілдіруі мүмкін емес.

Бағалы қағаздар нарығының дамуы өтімді қаражаттар құрудың оңтайлы вариантын қамтамасыз ете алады, себебі көптеген шетел мемлекеттерінде банктің активтерін ақшалай қара-жаттарға тез арада айналдыру жолы қор нарығының жұмысымен байланысты.

Банкаралық нарықтың дамуы уақытша бос ақшалай ресурстарды банктер арасында жылдам қайта бөлуге көмектеседі. Банк өз өтімділігін ұстап тұру үшін банкаралық нарықтан әр түрлі мерзімге, сонымен қатар бір күнге болсын, қаражаттарды тарта алады. Банкаралық, нарықтан қаражаттарды тарту жылдамдығы жалпы қаржылық конъюктураға, банкаралық нарықтың ұйымдастырылуына және банктің беделіне байланысты.

Орталық банкі коммерциялық банктерді қайта қаржыландыру жүйесі банктердің өтімді активтерін Орталық банктен алынған несиелер арқылы жабуға мүмкіндік береді.

Орталық банкінің қадағалау қызметінің тиімділігі өтімділікті басқарудағы коммерциялық банктер мен мемлекеттік қадағалау органы арасындағы қарым-қатынастың дәрежесін керсетеді.

Қазақстан Республикасы Ұлттык банкінің екінші деңгейдегі банктер үшін өтімділіктің белгілі бір нормативтерін белгілеуге мүмкіндігі бар. Көрсеткіштер банктің өтімділік жағдайын неғұрлым нақты көрсететін болса, соғұрлым банктің өзі және қадағалау органы өтімділікпен байланысты проблеманы уақытында шешуге мүмкіндігі бар.

Банктің өтімділігі тұрақты өзгерісте болатын көптеген факторларымен анықталынатын банк қызметінің сапасын сипаттайды. Сондыктан банктің өтімділігі бірте-бірте қалыптасатын және тұрақты факторлармен және әр түрлі тенденцияларымен сипатталатын динамикалық жағдайды білдіреді.

Әлемдік банктік тәжірибеде өтімділікті басқару бірқатар әдістер арқылы жүзеге асырылады. Ондай әдістерге мыналар жатады:

1. «К,аражаттардың, ортақ к,оры» әдісі негізінде банк ресурстарының жалпы сомасын ресурстардың құралу көздеріне қарамастан, активтердің әр түрлі түрлеріне бөлу жатыр. Сызба түрінде бұл әдісті мынадай түрде көрсетуге болады (17-сурет келесі бетте).

Осы әдісте қаражат өтімділігінің барабар деңгейінің, яғни «табыстылық-өтімділік» арасындағы тепе-теңдіктің сақталуы шарт. Ең біріншіден, активтердің алғашқы резервтер тобында орналасатын қаражаттардың үлесі анықталады. Содан кейін банк қаражаттары активтердің екінші ретті резервтер тобына орналастырылады. Екінші ретті резервтер келемі несиеге сұраныс пен салымдардың мөлшерімен анықталады, демек олар неғұрлым көп болса, соғұрлым салымдар көлемі бойынша көп резервтер талап етіледі. Активтердің үшінші тобына, яғни клиенттерге қарызға орналастырылатын қаражаттардың үлкен үлесі тиеді. Ең соңғы активтердің тобына салыстырмалы түрде өтелу мерзімі үзақ жоғары дәрежелі бағалы қағаздар жатады.

2. Өтімділікті басқарудың келесі әдісіне — «банктегі банктер» әдісі жатады (18-сурет). Бұл әдіс активтердің қалыптасуы жалпы сомаға және тартылған ресурстардың құрамына байланысты болатынын сипаттайды. Мұнда әрбір қалыптасу көзінің қаражаттары айналымдылығына байланысты әр түрлі қамтамасыз етуді және сәйкесінше міндетті резервтер нормасын талап етеді.

Осы әдіске сәйкес әр түрлі көздерден тартылған қаражаттарды орналастыру үшін пайдаланатын «табыстылық—өтімділік» орталары анықталады. Мұндай орталар «банктегі банктер» деп аталады, яғни банкте «талап ету салымдар банкі», «мерзімді салымдар банкі» және «негізгі капитал банкі» болады. Талап ету салымдары өтімді активтермен жоғары деңгейде қамтамасыз етілуді талап етеді, сондыктан «талап ету салымдар банкісі» қаражаттардың үлкен бөлігін алғашқы резервтерде орналастырады. Ал талап ету салымдарының қалған бөлігі екінші ретті резервтерге бағытталады және аз бөлігі ғана қысқа мерзімді несиелерге беріледі. «Мерзімді салымдар банкі» мерзімді салымдардың басым бөлігін екінші ретті резервтерді қалыптастыруға, орта және ұзак. мерзімді несиелерге, сондай-ақ ұзақ мерзімді бағалы қағаздарға бағыттайды.

«Банктегі банктер» әдісінің «қаражаттардың ортақ қоры» әдісінен артықшылығы есептеудің арқасында жоғары өтімді активтердің үлесін дәлірек анықтауға және олардың азаю есебінен қосымша ресурстарды жоғары өтімді активтерге, яғни кәсіпорындар мен ұйымдардың қарыздарына салуға мүмкіндік береді.

3. Активтерді басқарудың «ғылыми басқару» әдісі. Ол ғылыми әдістер мен операцияларды зерттеу көмегімен банк балансындағы және табыстар мен шығыстар туралы есебіндегі әр түрлі баптар арасында күрделі байланысты талдау үшін қазіргі математикалық аппарат пен ете күрделі модельдерді пайдалануды ұйғарады.

Ғылыми басқару әдісі мынадай үш сұрақтарға жауап беруге тырысады: Мәселенің мәні неде? Оны шешудің қандай варианттары бар? Варианттардың ең жақсысы қандай?

Басқару бойынша мамандар өндірістік мәселесін шешу үшін сызықтық бағдарламалау деп аталатын ғылыми әдістерінің бірін қолданады. Бұл әдіс операциялардың табыстылық пен өтімділік жағынан шектеулерді ескеріп, пассивтерді басқарудағы проблемалы активтерді басқару мәселесімен байланыстырады. Сызықтық бағдарламалау бір ғана ықшамды шешімге әкелетін детерминдеу моделін ұйғарады, шектеулердің сипаты дәл анықталуы тиіс. Мақсатты қызметі үздіксіз және нақты анықталуы қажет, яғни шешімді анықтайтын әр айнымалы мақсатты қызметке және шектеулерді көрсететін теңдеуге өз үлесін қосуы керек. Сонда бағдарламаны бірнеше рет қосқанда да, ол бір ғана шешімді беруі тиіс, яғни іс жүзінде басшылар кейбір шектеулердің немесе бағаланатын әрекеттестіктердің өзгеруінің тиімділігін тексеру үшін бағдарламаны бірнеше рет жіберуі мүмкін.

Ғылыми әдістердің негізгі кемшілігі — олар ұсақ банктерде қолданылмайды, себебі оған сәйкес дайындығы бар кеңесшілер немесе қызметшілер және ірі модельдерді есептеуге қуатты-лығы жететін есептеуіш жабдықтар болуы керек, ал мұның барлығы үлкен шығындармен байланысты.



2. ПРАКТИКАЛЫҚ САБАҚ – бұл оқу сабағының формаларының бірі, ол оқушыларының дербестік әрі өздігінше дамуына және іскерлік пен дағдыларды алуға бағытталады.

ОҚЫТУШЫМЕН СТУДЕНТТЕРДІҢ ӨЗДІК ЖҰМЫСЫ


2 Тақырып: Коммерциялық банктердiң қызметтерi мен қызмет етуiнiң негiзгi

шарттары.

I Экономикалық диктант.

II Iскерлiк ойын.


  1. Банк.

  2. Инвестициялық банк.

  3. Клирингтiк банк.

  4. Коммерциялық банк.

  5. Консорциалдық банк.

  6. Даму банкi.

  7. Жинақтаушы банк.

  8. Уәкiлеттi банк.

  9. Корреспонднент банк.

  10. Эмитент банк.

  11. Ипотекалық,мемлекеттiк,коорперативтiу банктер.

  12. Аралас банктер.

  13. Әмбебап банктер.

  14. Эмиссиялық банктер.

  15. Ұлттық банктер.

  16. Жер банкi.

  17. Сыртқы саудалық банктер.

  18. Трансұлттық банктер.

  19. Банк жүйесi.

  20. Кастодиан банк.

  21. Еншiлес банк.

  22. Банк филиалы.

  23. Банк өкiлдiгi.

  24. Банкiлiк холдинг.

  25. Банкiнiң аффиллиирленген тұлғасы.

  26. Бенефициар банкi.

  27. Кепiл банк.

  28. Банкпрлердiң үйлерi.

  29. Банктiк ассоциация.

  30. Банкiлiк монополиялар: (картель, синдикат, консорциум, трест, концерндер).

  31. Венчурлық операциялар.

  32. Несиелiк жүйе.

  33. Банктың бiрiгуi.

  34. Банктың қосылуы.

  35. Банктың бөлiнуi.

  36. Банктың бөлiнiп шығуы.

  37. Банктiң қайта құрылуы.

  38. Банктiк емес несиелiк ұйым.

  39. Жұптыбанктiк несиелiк ұйым.

  40. БИК

  41. Санация.


Тақырып: Крммерциялық банктер қызметiн макроэкономикалық реттеудiң мазмұны мен мәнi.

  1. Экономикалық диктант.

I Экономикалық диктант.

1.Қайта қаржыландыру мөлшерлемесi.


  1. Есептiк мөлшерлеме.

  2. Мiндеттi резервтер нормасы.

  3. Валюталық интервенция.

  4. Ашық нарықтағы операциялар.

  5. Инкассо.

  6. Дисконттық саясат.

  7. Дефляциялық саясат.

  8. Деноминация.

  9. Ақша массасы (жиыны).

  10. Ақша - несиелiк реттеу.

  11. Ақша айналысы.

  12. Ақша агрегаты.

  13. Ақшалар эмиссиясы.

  14. «репо» операциялар.

  15. «депо» операциялар.

I Есеп: Жыл аяғында мемлекеттегi ақша массасының көлемi 202 млрд.т.құрады. Жыл басында орталық банк 3 млрд.т.мөлшерiнде эмиссияны жүзеге асырады және 10% шамасында мiндеттi резервтер нормасын бекiттi. Мемлекеттегi ақшалай масса көлемi қандай болады?


II Есеп: Банктiң мiндеттi резевтер нормасы 20% - ды құрайды, банктер мерзiмсiз чектiк салымдар 300, қолма қол ақша – 15, резервтiк аударымдар сомасы –75. Банктiң артық резервтерi қандай.
II Есеп: Елдегi номиналдық ЖҰӨ көлемi 4000млрд.т., ақша айналысының жылдамдығы 4-ке тең, ал ақша мультипликаторы – 0,16. Ақша қаражатының қандай көлемi қажет?

IV Есеп: Орталық банк «қымбат ақшалар» саясатын жүргiзедi. Егер мiндеттi резервтер нормасы 20% құраса, ал нарықтағы млрд.т.сомасындағы мемлекеттiк бағалы қағаздар ұсынылса ақша массасы қаншалықты өзгередi.


4 Тақырып: Екiншi деңгейлi банктер қызметiн реттеу үшiн пруденциалдық нормативтер.
I Экономикалық диктант.

  1. Базельдiк келiсiм.

  2. Банктiң жарғылық қорының минимал мөлшерi.

  3. Банктiң меншiктi қаржылары коэффициентi.

  4. Валюталық позиция

  5. Негiзгi қаржылар мен Қаржылық емес инвестициялар максимал.

  6. 1 клиентке келетiн тәуекел мөлшерi.

  7. Меншiктi капитал мен барлық активтерi сомасының қатынасы..

  8. Өтiмдiлiк коэффициентi.

  9. I деңгейлi капитал.

  10. II деңгейлi капитал.

  11. Меншiк капитал мен оның тәуекел дәрежесiне байланысты өлшенетiн активтерiне қатынасы.

II Есеп:

Банктiң меншiктi капиталы – 85 млн тг болса, әрi келесiдей қарыз алушыларында өтелменген қарыздары болса, 1 клиентке келетiн тәуекелдiң ең жоғары мөлшерiн тап:

Зауыт №1- 3250

Зауыт №2- 15000

Тiгiн фабрикасы – 25000

Ұйым №1- 10500

Ұйым №2- 15500

I кварталдағы несие желiсi-15500

Банк №1- 15000

Банк №2- 10000

Банк №3- 4000

Банк №4- 8000

Банк №5- 5500

Фирманың есептiк векселi-5500

№4 банк кепiлi-1000.

Жеке тұлға (15 тұлға, қарыз алушының максимал сомасы 500000тг)-2000 басқа қарыз алушы –108750

барлығы –229300

кешiктiрiлген қарыз-23300

№1ұйым-2300

басқа клиентке-23000


2 есеп:

Рез.қор 45200

Жоғ.қор-47600

Басқа қор-18500

Мерз.депозит-115700

Азамат салымы-47000

табыс-37400

кредиторлар-8900

ұлттық банк несиесi-7200

банк корреспондент

шоттары-15000

ағ.шоттағы қалдық-12900

Табу керек: меншiктi, тартылған, зайымдық қаражат ара қатынасы мен үлес салмағы.
5 Тақырып: Банктiк ресурстар, олардың құрылуы және реттелуi. Пассивтiк операциялар.
I Экономикалық диктант


  1. Депозит

  2. Депозитарий

  3. Депозиттiк келiсiм шарт

  4. Депозиттiк пайыз

  5. Депозиттiк сертификат

  6. Депозитор

  7. Дивидент

  8. Сенiмхат

  9. Сенiмхат берушi

  10. Келiсiм шарт

  11. Табыс

  12. Жинақ кiтапшасы

  13. Күрделi пайыз

  14. Салымдар құпиясы

  15. Салымға тыйым салу

  16. Ұтыстық салым

  17. Талап етуге дейiнгi салымдар

  18. Жедел салым

  19. Салымшы

  20. «НАУ» шоттар

  21. Жай пайыздар

  22. Жинақ сертификаты

  23. Клиринг

  24. Акцент

  25. Траст

  26. Форфейтинг

  27. Факторинг

  28. Лизинг

  29. Жарғылық капитал

  30. Резервтiк қор

  31. Бөлiнбеген пайда

  32. Эмиссиялық табыс

  33. Акция, облигациялар

  34. Консолтинг

  35. Фьючерс

  36. Брокерлiк операциялар

  37. Дилерлiк операциялар

  38. Депозиттiк мультипликатор

  39. Депозиттiк саясат

  40. «НАСТРО» корреспонденттiк шоттары

  41. «ЛАРО» корреспонденттiк шоттары

  42. НАУ шоттары

  43. Шот куәлiгi

  44. Облигация

  45. Аккредитив

  46. Төлем тапсырмасы

II Есептер:

Есеп-1: Клиент 14% мөлшерлемесiне 100000 теңге сомасы депозитiн 18 ай мерзiмiне салды. Клиенттiң бантке алатын ақша сомасын анықтау қажет?
Есеп –2: 200,0 т. көлемiндегi депозит бакке 12.03.05ж салынып 25.12.05ж талап етiлдi. Пайыз мөлшерлемесi 12%-ды құрады. Есептелу мерзiмiн есептеудiң әртүрлi әдiстерi арқылы есептелген % сомасын анықта.
Есеп –3: Фирма Коммерциялық банкке 9-21 қараша аралығына 28 млн. салды. «Талап етуге дейiнгi салымдарға» банк 2% жылдық мөлшермен % мөлшерлемесiн есептейдi. Пайыз жай. Салынған сома табысын анықта.
Есеп 4: Клиент банкке 50000 т.көлемiнде 4айға 16 жылдық мөлшерлемесiнде салым жасады. Жиналған соманы анықта.
Есеп 5: 500000 т.көлемiндегi депозит банкке 3 жылға салынған. Жай және күрделi % мөлшерлемесi 16% жылдық мөлшерлемесiне тең болса есптелген % сомасын анықта.
Есеп 6: Сақталудың орташа мерзiмiн есепте: 1.салымдық теңгенiң, егер келесi мәлiмет берiлсе.

Алдыңғы және есептiк жылдардағы салымдардың орташа қалдықтары сәйкесiнше 150 және 200000 теңгенi құрады, ал теңгедегi салымдарды беру бойынша айналыс 100 және 120000 теңгенi құрады. Есептiк жылдағы салымдар тұрақтылығын анықтау қажет.


Есеп 7: Банктегi салым қалдығы жыл басында 205000 теңгенi, ал жыл аяғында 220000 теңгенi құрады. Салымдар бойынша тұсiмдер 102000 теңгенi құрады. Салымдарға түскен қаржылардың жиналу жеңгейiн анықта.
Есеп 8: Банк пассивi.

  1. Резервтiк қор 25,0 21,2

  2. Жарғылық қор 47,6 82,3

  3. Банктiң басқа қорлары 18,0 22,4

  4. Клиенттердiң ағымдық,

есеп айырылысу

шарттарындағы

қаржы қалдықтары 1293,0 1450,0


  1. Корреспондент банктерiң шоттары 115 123

  2. Жедел шоттар 470 510

  3. Азаматтар салымдары 72 56

  4. Депозиттiк сертификаттар 500 500

  5. Басқа банктерден алынған несиелер 374 516

  6. Пайда 276 1206

  7. Несиелеушi 890 640

Баланс 4070,6 5126,9



  1. Несиелiк ресурстарды бөлу керек.

А. Меншiктi

Б. Тартылған

В. Қарыздық


  1. Әр топтың үлестiк салмағын анықтау.

  2. Меншiктi және қарыздық ресурстар арақатынасын анықтау.


6 Тақырып: Қарыз алушы несиелiк қабiлеттiлiгi және оны анықтау әдiстемесi.

I Экономикалық диктант



  1. Қарыз алушының несиелiк қабiлеттiлiгi

  2. Несиелiк тәуекел

  3. Несиелiк құжаттар жинағы

  4. Несиелiк бюро

  5. Несиелiк қабiлеттiлiк класы

  6. PARSEP әдiстемесi

  7. CAMPARI әдiстемесi

  8. “6Cи” ережесi

  9. “5Си” ережесi

  10. Маржа

  11. Неиелiк саясат

  12. Несиелер сыныптамасы

  13. Несиелiк желi

  14. Контокорент

  15. Овердрафт

  16. Несиелiк карточка

  17. Несиелiк өтiнiм

  18. Несиелiк ақшалар

  19. Несиегер

  20. Төлем қабiлеттiлiгi

  21. Пролонгация (ұзартпа)

  22. Несиелiк санкция.

  23. Қарыз алушы рейтингi

  24. Қаржылық хеверидж.

II Есептер:

1есеп: Ф№1 Бухгалтерлiк баланс пен №2 пайдалар мен шығындар туралы есеп мәлiметтерi бойынша қарыз алушы кәсiпорынның шаруашылық қызметiнiң нәтижелерi мен оның несиелiк қабiлеттiлiгiне баға беру қажет.

2 есеп:


Актив

Жыл соңы

Пассив

Жыл соңы

Негiзгi актив




Меншiк капитал

1000


500

1850


400

Ұзақ мерзiмдi қаржылық салым

Негiзгi құрал

Құрал жабдық

1121


268

2393


Жоғарғы капитал

Қорлар


Мақсатты қаржыландыру

Бөлiнбеген табыс



Барлығы

3782

Барлығы

3750

Айналыс активтерi










Өндiрiс қорлары

Аяқталмаған өндiрiс

Дайын өндiрiс

Деб.қарыз

Қысқа мерзiмдi қаржылық салым

Ақшалай қаржы



2871

2500


2500

12487
1370

1292


Ұзақ мерзiмдi несие

Кредит қарыз



2304

18450


Барлығы

26802

Барлығы

26802

Өтiмдiлiктiң орташа салық көрсеткiшi – 0,6 (I класс) орташа салық жабылу –2,5 (I класс)

Өнiм сатудан табыс 1997 жылы 250 млн.тг

Табыстағы өндiрiс шығыны үлесi-60%.



Табу керек: өтiмдiлiк, меншiк қаржылармен қамтамасыз етiлу көрсеткiштерi.
3 есеп

Атауы

Жыл басы

Жыл соңы

Атауы

Жыл басы

Жыл соңы

Ақшалай қаражат

1400

2300

Активтер барлығы

152600

161800

Дебитолармен е.а – барлығы

120000

122000

Қысқа мерзiмдiк мiндеттемелер

135200

102300

Соның iшiнде







Меншiк капитал




42500

Алдағы 3 айда

30000

40000

Соның iшiнде: жоғарғы капитал

7100

11000

Үмiтсiз деб.қарыз –12 айдан аса мерзiмдiк

28000

29000

Өнiм сатудан табыс

62500

73300

ТМҚ қорлары

29600

30500

Кезең бойынша табыс

1800

9800

Қысқа мерзiмдi өтiмдi бағалы қағаз

17

4500










Басқа ағымдық активтер

1500

300










Табу керек: Табыстылықтың жыл басы мен жыл соңындағы коэффициентiн, барлық қарыз мiндеттемелерiмен меншiк капиталы қатынасын, барлық қарыз мiндеттемелермен акцион капитал қатынасын.
7 Тақырып. Банк қарыздарының қайтарымдылығын қамтамасыз ету нысандары.
I Экономикалық диктант

  1. Кепiл

  2. Кепiлге салу

  3. Кепiлдiк

  4. Кепiлдеме

  5. Несиенi сақтандыру

  6. Бағалы қағаздар кепiлi

  7. Кепiлдiк хат

  8. Кепiлдiкке салушы

  9. Кепiлдiкке зат ұстаушы

  10. Цессия

  11. Тыныш цессия

  12. Ашық цессия

  13. Құқытар кепiлi

  14. Тұрақты кепiл

  15. Қайта өңдеудегi тауарлар кепiлi

  16. Кепiл келiсiм шарты

  17. Кепiлдi бағалаудың нарықтық әдiсi

  18. Табыстық әдiс

  19. Шығыстық әдiс

  20. Сатулардың салыстырмалы талдау әдiсi

  21. Кепiлдi жүзеге асырудың голландық әдiсi

  22. Американдық әдiс

  23. Ағылшын әдiсi

  24. Фарс мажорлық жағдайлар

  25. Несиенiң қамтамасыз етiлуi.

II Есептер:

I есеп: Физикалық және моральдық тозуын есепке ала отырып ғиматарттың құнын анықтау.

Ғимараттың бастапқы құны 200 000 теңге сомасында анықталған.

Моральдық тозу 12%

Құрылымдық элементтерi бойынша физикалық тозу:

Iргетасы –50%

Есiктiң ағаш қалқалары – 50%

Шатыр – 50%

Жабылуы – 10%

Едендер – 10%

Басқа элементтерi – 30%.


II Есеп: Тозуын ескере отырып фабриканың құрал жабдығы құнын анықтау: Бастапқы құн:

Станок- 800000 тенге

Бұрғы- 51000

Трактордың саймандары- 120000

Жүк тасушы көлiк- 487000

Моральдық тозу – 15%

Құрал жабдық бойынша тозу сәйкесiнше 55%, 70%, 45%, 50% болса.
8 Тақырып ҚР- ғы несиелендiру жүйесi және оның негiзгi элементтерi.

I Экономикалық диктант



  1. Несиелеу объектiсi

  2. Несиелеу субъектiсi

  3. Несиелеу қағидалары

  4. Несиелеу әдiстерi

  5. Арнайы қарыздық шот

  6. Несиелiк саясат

  7. Несиелiк тәуекел

  8. Банк провизиясы

  9. Банктiң стандартты несиелерi

  10. Банктiң күдiктi несиелерi

  11. Банктiң үмiтсiз несиелерi

  12. Овердрафт

  13. Онкольдық несиелер

  14. Овернайт

  15. Ипотека

  16. Тұтыну несиесi

  17. Коммерциялық несие

  18. Мемлекеттiк несие

  19. Халықаралық несие

  20. Несиенiң азаматтық нысаны

  21. Венчурлық несиелеу

  22. Авальдық несие

  23. Акцепттiк несие

  24. Ломбардтық несие.

II Есептер.

1 Есеп: Коммерциялық банк Орталық банктен 500 млн тенге сомасында 7күнге 42% жылдық мөлшерлемесiнде несие алды. Қарыздың өскен сомасы мен есептелген пайыз сомасын тап.
2 Есеп: “Айша” тiгiн фабрикасы жаңа өнiм шығаруға банктен 5жылға 510 млн тенге көлемiнде 14% жылдық мөлшерлемемен несие алды. Жыл сайынғы төлем-?
III «Өзгермелi жағдайағы коммерциялық банктiң несиелiк саясаты» атты iскерлiк ойын.

Банк активтерiнiң сыныптамасы, балансы бойынша банк провизиясын есептеу.


9 Тақырып. Несие бағасы және пайыз мөлшерлемелерiн есептеу әдiстерi.
I Экономикалық диктант

  1. Жылдық % мөлшерлеме әдiсi

  2. Дисконттық мөлшерлеме әдiсi

  3. Жабынды әдiсi

  4. Тiркелген % мөлшерлеме әдiсi

  5. Жүзушi % пайыз мөлшерлеме

  6. “КЭП” мөлшерлемелерi

  7. Прайм - рейт мөлшерлемесi

  8. Либор мөлшерлемесi

  9. Несиелер бойынша пайыз

  10. Есептiк пайыз

  11. Есептiк %

  12. Вексельдiк %

  13. Инвнетициялар бойынша %

  14. MIBOR (Майво)

  15. MIBID (Мибит)

  16. MIACR

  17. INSTAR

  18. Пайыздық

  19. Пайыздық дәлiз (коридор)

  20. Пайыздық своп

II Есептер:



  1. Клиент банктен 10жыл мерзiмiне 12% жылдық мөлшерлемесiмен 500000 тенге көлемiнде несие алды. Несиенiң барлық мерзiмiне есептелген % сомасын есепте.

  2. Фирма банктен 5жылға 15000$ көлемiнде 15% жылдық ставкасымен несие алса, жыл сайынғы төлем -?


10 Тақырып: Несиелендiрудi ұйымдастыру.

I Экономикалық диктант.



  1. Несиелiк келiсiм шарт

  2. Несиелiк өтiнiм

  3. Жедел мiндеттеме

  4. Несиелiк құжаттар жиыны

  5. Несиелiк санкциялар

  6. Қысқа мерзiмдiк несиелендiру

  7. Орта мерзiмдiк несиелендiру

  8. Ұзақ мерзiмдiк несиелендiру

  9. Пайыздық мөлшерлеме

  10. Кешiктiрiлген (мерзiмi өткен) несие

  11. Субординирленген қарыз

  12. Жай сыйақы есептемесi

  13. Күрделi сыйақы есептемесi.

II Есептер

1 Есеп: Несие 800 000 тенге 2 жылға берiлдi.Операцияның нақты табыстылығы күрделi % ставкасы бойынша - 40% жылдық. Инфляциялық күтiлетiн деңгейi - жылына 30%. Өтелетiн сома мен несие беруде % ставкасын тап.
2 Есеп: Банктiң бухгалтерлiк балансы мен табысы және шығысы есеп бойынща өтiмдiлiгiн ескере отырып топ бойынша активтерiн табысты активтерi мен олардың үлесiн, табыссыз актив сомасы мен олардың үлесiн тап.
11 Тақырып: ҚР-ның экономикасының жеке салаларын несиелеу ерекшелiктерi

І Экономикалық диктант.



  1. Банктік несиелер

  2. Қайталанатын несиелер

  3. Жанартпалы несиелер

  4. Мақсаттық қарыздар

  5. Субсидирленген пайыздық мөлшерлемелер

  6. Субардинациялық қарыз

  7. Несиенің өтеу мерзімі

  8. Несие мерзімі

  9. Несиені қолдану мерзімі

  10. несиенің орташа мерзімі

  11. кейінге қалдырылмайтын қажеттіліктерге қаржылар

  12. Маусымдық несие

  13. Сеньютеризация

  14. Ренталық несиелер

  15. Пайыздық мөлшерлеме

  16. Төлемдік несие

  17. Кепілдемелік несие

  18. Кепілдік міндеттеме.

ІІ Есептер.

1 есеп: Банк 1 жылға 100 млн теңгенні несиеге берді. Талап етілетін операцияның талап ететін нақты табыстылығы 8%- ке тең, инфляцияның жылдық деңгейі 15%-ға тең деп қабылданған. Несие бойынша пайыздық мөлшерлемені, өтелетін соманы және алынған пайыздар сомасын анықта.

2 есеп: 500 млн несиесі 200 күнге берілген. Инфляцияның жыл бойынша есептелген деңгейі 20%-ға тең деп алынған, операцияның нақты табыстылығы 12 жылдық пайыз құрауы керек, жылдағы күн саны-365. Несие беру кезіндегі пайыз мөлшерлемесін, өтелетін соманы және алынған пайыз сомасын анықта.




Каталог: ebook -> umkd
umkd -> Ќазаќстан республикасыныњ білім жєне ѓылым министірлігі
umkd -> Ќазаќстан Республикасы Білім жєне ѓылым министрлігі
umkd -> Бағдарламасы «Мектептегі атыс дайындығы»
umkd -> Семей мемлекеттік педагогикалыќ институты
umkd -> «Кәсіптік қазақ тілі» ПӘнінің ОҚУ-Әдістемелік кешені
umkd -> Ќазаќстан республикасыныѕ білім жјне єылым министірлігі
umkd -> Ќазаќстан республикасы
umkd -> «Инженерлік-технологиялыќ факультеттіњ»
umkd -> «Таңдап алған спорт түрінің техникалық, тактикалық және дене дайындығы» пәні бойынша
umkd -> Пәннің оқу-әдістемелік кешені «Спорттық ойындар оқыту әдістемесімен» 5В010800 «Дене шынықтыру және спорт»


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8


©kzref.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет