«Қазақстан Республикасының білімі мен ғылымын дамытудағы зор еңбегі үшін» кеуделік белгісін табыс ету



жүктеу 1.5 Mb.
бет1/8
Дата16.05.2018
өлшемі1.5 Mb.
  1   2   3   4   5   6   7   8

М.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университеті Ғылыми кеңесінің
КҮН ТӘРТІБІНДЕ:

Марапаттау:

  1. Бірінші проректор Тасмағамбетов Әсет Сембайұлына «Қазақстан Республикасының білімі мен ғылымын дамытудағы зор еңбегі үшін» кеуделік белгісін табыс ету.

  2. Академиялық мәселелер жөніндегі департамент директоры Қайсағалиева Гүлжахан Смайылқызына «Ы.Алтынсарин» атындағы кеуделік белгісін табыс ету.

  3. Стратегиялық даму және аккредиттеу орталығының директоры О.В.Юровқа ҚР Білім және ғылым министрлігінің «Құрмет грамотасын» табыс ету.

  4. Педагогика ғылымдарының кандидаты Медешова Айгүл Бақтығалиқызы мен өнертану кандидаты Айтқалиева Қарлығаш Дайырғалиқызына ҚР Білім және ғылым министрлігінің аккредиттеу туралы куәлігін табыс ету.

  5. Республикалық СҒЗЖ байқауының жүлдегерлеріне дипломдар табыс ету.

  1. Попова Елена, Соловей Елена (орыс филологиясы) І дәрежелі диплом

  2. Ханафеева Милия (шет тілі: екі шет тілі) І дәрежелі диплом

  3. Молдашева Айкүн (қазақ тілі мен әдебиеті) ІІ дәрежелі диплом

  4. Елешев Әділжан (музыкалық білім) ІІ дәрежелі диплом

  5. Карташова Ольга (алғашқы әскери дайындық) ІІІ дәрежелі диплом

  6. Иманкулова Лунара (дизайн) ІІІ дәрежелі диплом

  7. Абоимов Александр (информатика) ІІІ дәрежелі диплом




  1. Университеттегі ғылыми-зерттеу жұмыстарының 2011 жылғы қорытындылары. Ә.Қ.Мұқтар - ҒЖ және ХБ жөніндегі проректор

  2. І жарты жылдықтағы Ғылыми кеңес мәжілістері шешімдерінің орындалуы туралы. Ә.С.Тасмағамбетов - комиссия төрағасы

  3. Ағымдағы мәселелер

    1. 2010 жылғы «ЖОО-ның үздік оқытушысы» грант иегерінің есебі. Ә.М.Мұханбетжанова п.ғ.д., профессор

    2. Қазақ филологиясы кафедрасының аға оқытушысы, ф.ғ.к., Р.Б.Сұлтанғалиеваны БҚМУ қауымдастырылған профессоры (доцент) атағына ұсыну туралы. Ә.Қ.Мұқтар - ҒЖ және ХБ жөніндегі проректор

    3. ҚР еңбек сіңірген жаттықтырушы Ж.С.Жардемовті БҚМУ қауымдастырылған профессоры (доцент) атағына ұсыну туралы. Ә.Қ.Мұқтар - ҒЖ және ХБ жөніндегі проректор

    4. Дене тәрбиесі кафедрасының меңгерушісі М.Х.Темірға-лиеваны БҚМУ қауымдастырылған профессоры (доцент) атағына ұсыну туралы. Ә.Қ.Мұқтар - ҒЖ және ХБ жөніндегі проректор

    5. М.Өтемісов атындағы БҚМУ-дың 2011-2012 оқу жылындағы құрылымдық бөлімшелері (факультет, кафедра) мен ПОҚ рейтингі индикаторын және М.Өтемісов атындағы БҚМУ-дың 2011-2012 оқу жылындағы құрылымдық бөлімшелері (факультет, кафедра) мен ПОҚ рейтингі туралы ережеге енгізілген өзгертулер мен толықтыруларды бекіту. Юров Олег Винальевич - стратегиялық даму және аккредиттеу орталығы директоры

    6. М.Өтемісов атындағы БҚМУ-да оқу үрдісін қашықтан оқыту технологиялары бойынша ұйымдастыру туралы ережені бекіту. З.М.Габдуллина – қашықтан оқыту бөлімінің жетекшісі

    7. М.Өтемісов атындағы БҚМУ-дың сараман, мансап және маркетинг бөлімінің құжаттарын бекіту туралы. Хабадашев Нұрдәулет Асқарұлы - сараман, мансап және маркетинг бөлімінің жетекшісі

      1. М.Өтемісов атындағы БҚМУ-дың сараман, мансап және маркетинг сайтын бекіту.

      2. М.Өтемісов атындағы БҚМУ түлектерін жұмысқа орналастыру туралы ережені бекіту.

      3. М.Өтемісов атындағы БҚМУ түлектерінің қауымдастығы туралы ережені бекіту.

      4. М.Өтемісов атындағы БҚМУ-дың жұмыс берушілер кеңесі туралы ережені бекіту.

    8. Ішкі нормативті құжаттардың сақталу мерзімін ұзарту туралы. Жұмағалиева Бағдагүл Берікқалиқызы - сапа менеджменті бөлімінің жетекшісі

    9. 2012-2013 оқу жылына жаңа мамандықтар ашу туралы. Жүсіпқалиева Ғалия Қайдарқызы – оқу ісі жөніндегі проректордың м.а.

    10. М.Өтемісов атындағы БҚМУ-да бакалавриатта кредиттік оқу жүйесінде ағымдағы бақылауды, аралық және қорытынды аттестаттауды өткізу ережесіне енгізілген өзгерістер мен толықтыруларды бекіту туралы. Қайсағалиева Гүлжахан Смайылқызы – академиялық мәселелер жөніндегі департамент директоры

    11. М.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университетінде кредиттік оқыту технологиясы бойынша оқу үрдісін ұйымдастыру ережесіне енгізілген өзгерістер мен толықтыруларды бекіту туралы. Қайсағалиева Гүлжахан Смайылқызы – академиялық мәселелер жөніндегі департамент директоры

    12. 6М011000 физика мамандығының 1-курс магистранты Г.Штыркинаны грантқа ауыстыру туралы. Мұқанбетова Шынар Төлегенқызы – жоо-дан кейінгі дайындық бөлімінің жетекшісі

    13. Ф.ғ.к.А.Ы.Мамыровтың «Қ.Жұмалиев – эпостық жанрдың түрлерін зерттеуші» атты монографиясын баспаға ұсыну туралы. Ниетова Айгүл Серікқізі – ғылыми хатшы

    14. М.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университетінде ғылыми-зерттеу жұмыстарын қаржыланды-ру туралы ережені бекіту. Юров Олег Винальевич – стратегиялық даму және аккредиттеу орталығының директоры



Университеттің ғылыми-зерттеу жұмыстарының

2011 жылғы есебі
Мазмұны:
1. Университет ғалымдарының зерттеулері, нәтижелері
2. Байқаулар, конкурстар
3. Ғылыми орталықтардың жұмысы
4. Өткізілген ғылыми конференциялар мен іс-шаралар
5. Университетте ғылыми бағытта өткен семинарлар мен дөңгелек үстелдер
6. ПОҚ ғылыми басылымдары мен ғылыми іс-сапарлары
7. Университеттің Жас ғалымдар кеңесі
8. Студенттік ғылыми-зерттеу жұмыстары
9. Университеттегі халықаралық ынтымақтастық пен академиялық оралымдылық қызметі жұмыстарының дамуы
Қорытынды
Қаулы жобасы

Құрметті Кеңес төрағасы, әріптестер!
Есепті 2011 жылы университетіміздегі ғылыми-зерттеу жұмыстары жаңа талаптарға сәйкес ұйымдастырылды. Бұл бағыттағы жаңа талаптар 2011 жылы қабылданған «Ғылым туралы» Заң және ҚР Үкіметінің қаулылары, ҚР БжҒМ-нің бұйрықтарына байланысты. Алдымен 2011 жылы 18 ақпанда қабылданған «Ғылым туралы» Заң ғылымды дамытуда жаңа өзгерістерге жол ашты. Қабылданған заңмен еліміздегі ғылымды қаржыландыру, ғылымға жаңа маман кадрлар дайындау мәселелері түпкілікті өзгерді. Заң аясында ҚР Үкіметі екі қаулы қабылдады.

- 2011 жылы 25 мамырдағы № 575 қаулысымен «Ғылыми және ғылыми техникалық қызметті базалық, гранттық, бағдарламалық - нысаналы қаржыландыру қағидасы» бекітілді. Ол бойынша университетіміз, ғалымдарымыз гранттық, бағдарламалық – нысаналы қаржыландыруға қатыса алады. 2011 жылы шілде айының аяғында Ғылым комитеті 2011-2013 жылдарға арналған республикалық бюджетте қарастырылған қаржы шегіндегі ғылыми-техникалық бағдарламалар мен жобаларды гранттық қаржыландыруға арналған конкурсты жариялады.

- 2011 жылы 8 маусымдағы № 645 қаулысымен «Ғылыми және ғылыми техникалық қызмет субъектілерін бекіту туралы қағидасы» бекітілді. Қаулы бойынша ендігі жағдайда ғылымдағы қаржыландыруға тек қана арнайы аккредиттелген заңды тұлғалар мен жеке ғалымдар қатыса алады. Қаулыға сәйкес университетіміз және 35 ғалымымыз (тізім алдарыңызда) Бақылау комитеті тарапынан аккредиттелген заңды тұлға ретінде танылды. Ендігі мақсат - ғалымдарымыздың ізденіс жұмыстарын жалғастыру.

Міне, жаңа заң мен қаулыларға сәйкес БжҒМ жоғары оқу орындарына тікелей қатысты төмендегідей бұйрықтар қабылдады.

- Диссертациялық кеңес туралы үлгі ережені бекіту туралы «ҚР БжҒМ-нің 2011 жылғы 31 наурыздағы № 126 бұйрығы»

- Ғылыми дәрежелер беру ережесін бекіту туралы «ҚР БжҒМ-нің 2011 жылғы 31 наурыздағы № 127 бұйрығы»

- Ғылыми атақтар (қауымдастырылған профессор (доцент), профессор) беру ережесін бекіту туралы «ҚР БжҒМ-нің 2011 жылғы 31 наурыздағы № 128 бұйрығы».

Аталған заң, қаулылар және бұйрықтар барлық кафедраларға, деканаттарға таратылды, кейін арнайы кеңес өткізілді, талқыға салынды.

Ғылым мен оны дамыту жолындағы жаңалықтарға байланысты 2011 жылғы және 2015 жылдарға дейінгі кешенді жоспарлар дайындалды және олар бойынша төмендегідей жұмыстар жасалды.

Ғылыми-зерттеу жұмыстары, нәтижелері
1. Университет ғалымдарының зерттеулері, нәтижелері

М.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университеті Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі қойып отырған талапқа сәйкес Қазақстан Республикасының 2015 жылға дейін арналған индустриалды-инновациялық даму бағдарламасын іс жүзінде жүзеге асыру жолында ғылыми-зерттеу, инновациялық жобаларды іске асыру бағытында жұмыстанып келеді.

2011 жылы М.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университетінде бірқатар нақты жұмыстар жасалды. Химия кафедрасының меңгерушісі, х.ғ.д., профессор Д.К.Мендалиеваның жетекшілігімен «Разработка методологии использования и переработки карбонатного бурового шлама, бурового раствора на нефтяной основе» атты ғылыми жоба дайындалды. Жобаны іске асыру мақсатында 2011 жылдың 29 қарашасында М.Өтемісов атындағы БҚМУ Қарашығанақ Петролиум Оперейтинг б.в. компаниясымен келісімшарт жасады (№АР/Ү/11/2108, 29.11.2011 ж.). Жобаға бөлінген қаржы 150 млн. теңгені құрады. Бүгінгі таңда жоба бойынша ғылыми зерттеулердің 1- кезеңін жүргізу үшін университетке 60 млн. теңге қаржы бөлініп, оған 10 ғалым-оқытушлары мен магистранттар қатысып отыр.

Қаржыланған жобаларды орындау университеттің ғылыми орталықтарында шоғырланған. Экология және табиғатты пайдалану мәселелері ғылыми орталығы Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Ғылым комитетінің Микробиология және вирусология институтымен жасалған келісімшарт негізінде «Батыс Қазақстандағы мұнай өндіру аумағындағы фаунаға ұзақ мерзімді мониторинг жүргізудің әдіснамалық негіздері» жобасын б.ғ.к., доцент Ж.М.Қарағойшиннің жетекшілігімен 3 млн. теңге қаржысымен игерілді (№4.2/9, 11.03.2011). Осы бағытта «Проведение научно-исследовательских работ по определению состояния дубрав» (2,9 млн. теңге, жетекшісі б.ғ.д., профессор Т. Дарбаева) жобалары жүзеге асырылды (№512, 15.08.2011). Ғылыми зерттеуді орындау барысы жайында есеп министрлікке уақытында тапсырылып отыр.

Осы орталықта Республикалық ғылыми-зерттеу орталығының тапсырысымен б.ғ.к. Г.С. Қайсағалиеваның жетекшілігімен «Комплексное изучение экологического состояния бассейна р. Урал» (келісімшарт 20.06.2011 ж.) атты атмосфералық ауаны қорғау бағытында құны 2 млн. теңгені құрайтын ғылыми-зерттеу жұмысы орындалды.

2011 жылдан бастап п.ғ.к. А.Б. Медешованың жетекшілігімен «Балалар үйінің балабақша және мектеп бүлдіршіндері арасында мемлекеттік тілді, ұлттық салт-дәстүрлерді дәріптеуге бағытталған іс-шараларды ұйымдастыру» атты жоба іске асты. Оған Батыс Қазақстан облыстық тілдерді дамыту басқармасымен жасалған келісімшарт (Шарт № 33, 04.04.2011 ж.) негізінде 3,5 млн. теңге қаржы бөлінді. Нәтижесі: жұмыстың қорытындысы 2011 жылдың 26 желтоқсанында Ғылыми кеңес отырысында тыңдалды.

Университетке Батыс Қазақстан облыстық жануарлар дүниесінің каталогін дайындауға облыстық бюджеттен бөлінген 720 000 теңге қаржы толық игерілді. Нәтижесі: БҚО Жануарлар дүниесінің каталогінің 500 данасы Алматы қаласына басылымға жіберілді.

Университеттің Жас ғалымдар кеңесі облыстық әлеуметтік маңызды жобалар конкурсынан құны 500 мың теңгені құрайтын жобаны ұтып алды. Жоба аясында облыстық «Ержүрек Мәншүк» байқауын мәдениет және өнер факультеті өткізді. Ал филология факультеті облыстық бюджеттен бөлінген 400 мың теңгені игеріп, «Қазақстан Республикасындағы тіл саясатының ұлттық бірлікті нығайтудағы рөлі» атты республикалық ғылыми-практикалық конференциясын ұйымдастырды.

Бірнеше жылдан бері университетте дәстүрге айналған «Жас ғалым» инновациялық жобалар байқауы 2011 жылдың 28 қазанында болып өтті. 2009 жылдан бері М.Өтемісов атындағы БҚМУ Жас ғалымдар кеңесі Батыс Қазақстан облыстық ішкі саясат басқармасының қолдауымен, Технопарк «Алгоритммен» бірлескен түрде өткізілетін бұл байқауға 100-ден аса облыстық, қалалық мектептердің оқушылары мен оқу орындарының студенттері және жас ғалымдары қатысты. Бұл конкурсқа 800 мың теңге қаржы бөлініп, толық игерілді. Жобалар ІТ технологиялар және инженерлік-конструкторлық, экология және биотехнология, әлеуметтік маңызды инновациялық жобалар бағыттарында 80 жоба іріктеу кезеңінен өтіп, олардың 36-сы түрлі дипломдармен марапатталды.

Жас ғалымдар кеңесінің мүшелері С.Гиззатов, З.Ауелбаев, Н.Власова 2011 жылдың наурыз айында Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Қоры ұйымдастырған әлеуметтік жобалар жәрмеңкесінде «Студенттік заң клиникасы және Батыс Қазақстан облысындағы құқықтық сауаттылық» жобасымен 500 мың теңгенің грантын ұтып, оны толықтай жүзеге асырды. Нәтижесі: «Заң клиникасы және оның азаматтық қоғам қалыптастырудағы маңызы» оқу-әдістемелік құралы.



Жоғарыда айтылғандарды қорытындылай келе, 2011 жылы университет ғалымдарының ғылыми-зерттеу және ізденіс жұмыстарына министрліктен, облыстық бюджеттен, өзге мекемелерден 73 596,0 мың теңге қаржы игерілсе, оның ішінде 2,2 млн. теңгені Жас ғалымдар кеңесі игерді. Биылғы жылды өткен 2010 жылмен (7 535 мың теңге) салыстыратын болсақ, 2011 жылғы ғылымға бөлінген қаржы 66 061,0 мың теңгеге артқанын анық байқауға болады.

М.Өтемісов атындағы БҚМУ-дың ғылыми-зерттеу жұмыстарына 2011 жылы бөлінген қаржы көлемі



Ғылыми-зерттеу жобаларының атауы

Тапсырыс беруші ұйым

Қаржыландыру көлемі (теңге)

Жоба жетекшісі



Батыс Қазақстандағы мұнай өндіру аумағындағы фаунаға ұзақ мерзімді мониторинг жүргізудің әдіснамалық негіздері

РМҰ «Микробиология және вирусология институты» Ғылым комитеті БҒМ ҚР

3 000 000

б.ғ.к. Ергалиев А.С.



Балалар үйінің балабақша және мектеп бүлдіршіндері арасында мемлекеттік тілді, ұлттық салт-дәстүрлерді дәріптеуге бағытталған іс-шараларды ұйымдастыру

МҰ «Батыс Қазақстан облыстық тілдерді дамыту басқармасы»

3 496 000

п.ғ.к. Медешова А.Б.



Комплексное изучение экологического состояния бассейна реки Урал

ЖШС «Атмосфералық ауаны қорғаудың республикалық ғылыми-зерттеу орталығы»

2 000 000

б.ғ.к. Қайсағалиева Г.С.



Проведение научно-исследовательских работ по определению состояния дубрав

МҰ «Батыс Қазақстан облысы табиғатты пайдалану және табиғи ресурстарды реттеу басқармасы»

2 900 000

б.ғ.д. Дарбаева Т.Е.



Разработка методологии использования и переработки карбонатного бурового шлама, бурового раствора на нефтяной основе

Қарашығанақ Петролиум Оперейтинг б.в.

60 000 000

х.ғ.д. Мендалиева Д.К.



БҚО Жас ғалымдар кеңесінің жобалары

МҰ «Батыс Қазақстан облыстық ішкі саясат басқармасы, ҚР Тұңғыш Президентінің қоры»

2 200 000

т.ғ.к. Гиззатов С.М.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8


©kzref.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет