Қазақстан республикасының денсаулық сақтау министрлігі bilim foundation қОҒамдық Қоры балалар мен жасөспірімдер арасында девиантты мінез-қҰЛЫҚТЫҢ алдын алу шаралары



жүктеу 0.57 Mb.
бет1/4
Дата25.03.2019
өлшемі0.57 Mb.
  1   2   3   4


ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ

ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ МИНИСТРЛІГІ

BILIM FOUNDATION ҚОҒАМДЫҚ ҚОРЫ

БАЛАЛАР МЕН ЖАСӨСПІРІМДЕР АРАСЫНДА ДЕВИАНТТЫ МІНЕЗ-ҚҰЛЫҚТЫҢ АЛДЫН АЛУ ШАРАЛАРЫ
Әдістемелік ұсыныстар

Астана, 2018
ӘӨЖ 316.624; 159.99
БАЛАЛАР МЕН ЖАСӨСПІРІМДЕР АРАСЫНДАҒЫ ДЕВИАНТТЫ МІНЕЗ-ҚҰЛЫҚТЫҢ АЛДЫН АЛУ ШАРАЛАРЫНА ҚАТЫСТЫ ӘДІСТЕМЕЛІК ҰСЫНЫСТАР.
Зерттеушілер тобы дайындады:

  • Изакова А.Т., психология ғылымдарының докторы, Еуразия гуманитарлық институтының профессоры, Bilim Foundation қоғамдық қорының сарапшысы;

  • Валиева А.Б., психологиялық ғылымдарының кандидаты, доцент, Л.Н. Гумилев ат. Еуразия ұлттық университеті профессорының м.а., Bilim Foundation қоғамдық қорының сарапшысы;

  • Жусупова Э.Т., медицина ғылымдарының кандидаты, Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Республикалық психикалық денсаулық ғылыми-практикалық орталығының жоғары санатты дәрігері;

  • Аширбеков Б.М., медицина ғылымдарының кандидаты, Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Республикалық психикалық денсаулық ғылыми-практикалық орталығының жоғары санатты дәрігері;

  • Пономарев Р.Д., психология магистрі, Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Республикалық психикалық денсаулық ғылыми-практикалық орталығының психологы.


Пікір жазушылар:

  • Кабакова М.П., доцент, психология ғылымдарының кандидаты, Әл-Фараби ат. Қазақ Ұлттық Университетінің қолданбалы психология кафедрасы профессорының м.а.;

  • Скляр С.В., медицина ғылымдарының кандидаты, Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Республикалық психикалық денсаулық ғылыми-практикалық орталығының жоғары санатты бала психиатры;

  • Искакова А.А., Астана қ. №64 мектеп-лицейінің психологы.

Әдістемелік ұсыныстар Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігінің мемлекеттік әлеуметтік тапсырысын іске асыру аясында орындалды және жалпы білім беру мекемелерінде профилактикалық жұмыстарды жүргізуге бағытталды.

Әдістемелік ұсыныстарда балалар мен жасөспірімдердің девиантты мінез-құлықтың алдын алу мәселесінің өзектілігі, сипаттамасы, себептері мен факторлары берілген. 2018 жылғы қыркүйек-желтоқсан айларында жүргізілген осы зерттеудің, сондай-ақ отандық және шетелдік әдебиетті талдау нәтижесінде балалар мен жасөспірімдердің арасында девиантты мінез-құлықтың алдын алудың жүйелі шараларының үлгісін әзірледі және ұсынды, ол алдын алу шараларын іске асырудың нәтижелілігін бақылау және бағалау жүйесін қамтиды.

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Республикалық психикалық денсаулық ғылыми-практикалық орталығымен бекітілген және қолдануға мақұлданған (2018 ж. 13 желтоқсандағы №33 хаттамадан үзінді көшірме).



ҚЫСҚАРТУЛАР ТІЗІМІ


ҚР БП ҚСАЕК

– Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу комитеті

ҚР СК

– Қазақстан Республикасының Статистика комитеті

ҚР ІІМ

ҚР БҒМ


– Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігі

– Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі



ҚР ДСМ

– Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігі

ҚР ҰЭМ СК

– Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Статистика комитеті

ҮЕҰ

– Үкіметтік емес ұйымдар

КБО

– Кәмелетке толмағандарды бейімдеу орталығы

ЮНИСЕФ

– БҰҰ Балалар Қоры (ЮНИСЕФ)


ГЛОССАРИЙ
Девиантты мінез-құлық (сондай-ақ, әлеуметтік девиация, ауытқушылық мінез-құлық) (лат. deviatio - ауытқу) – бұл тұлғаның жалпы қабылданған, кеңінен тараған және қалыптасқан қоғамдық нормалардан ауытқитын тұрақты мінез-құлығы. Теріс девиантты мінез-құлық қоғамның белгілі бір формалды және формалды емес жазалауды қолдануға (оқшаулау, емдеу, түзеу немесе бұзушыны жазалау) әкеп соғады.

Делинквентті мінез-құлық – жекелеген адамға және жалпы алғанда қоғамға зиян келтіретін, мүліктік және моральдық зиян келтірумен, беделін түсірумен көрсетілетін, қоғамға қарсы, құқыққа қайшы теріс қылықтар.

Әлеуметке қарсы мінез-құлық – әлеуметтік нормалар мен мінез-құлық стандарттарына, дәстүрлерге теріс қатынаспен сипатталатын мінез-құлық, оларға қарсы әрекет етуге ұмтылу;

Тәртіпке қарсы мінез-құлық – қағидаларды, режимді бұзумен сипатталатын, сабақтан қалумен, тапсырманы орындамаумен, іс-шараларды бұзумен көрсетілетін мінез-құлық.

Аддиктивті мінез-құлықты қоса алғанда, аутоагрессивті мінез-құлық – өзіне дене және психикалық зиян келтірумен сипатталатын, өзін-өзі айыптаумен, өзін-өзі төмендетумен, өзін-өзі бұзумен, өзіне-өзі қол жұмсаумен көрсетілетін мінез-құлық.

Тұлғаның дамуындағы ауытқуларға байланысты қылықтар – басқа ықпалдарға тұрақтылығы кезінде белгілі бір (нақты) психогенді ықпалдарға әлсіздікпен көрсетілетін мінез-құлық акцентуациясы. Яғни, акцентуация – мінез-құлықтың үйлесімсіздігіне әкеп соғатын мінез-құлықтың кейбір сипаттарының анықтығы: айқын және жасырын.

Депривация – бұл адамды оған қажетті, осы адамның өмірі үшін қандай да бір бұрмалауға (бұзылу, құлазу) міндетті түрде әкеп соғатын нәрседен айыру.

Үрей – теріс эмоция, белгісіздік сезімін, теріс оқиғаларды күтуді, анықталуы қиын алдын ала сезінуді білдіретді.

Күйзеліс (ағыл. stress «жүктеме, шиеленіс; аса ширығу жағдайы») – ағзаның түрлі қолайсыз факторлардың – дене немесе психологиялық стрессорлардың ықпалына, оның гомеостазын бұзатын, сондай-ақ ағзаның жүйке жүйесінің немесе жалпы алғанда ағзаның жай-күйіне сәйкес келетін спецификалық емес қалып реакциялардың жиынтығы.

Депре́ссия (лат. deprimo - «басу», «жаншу») – психикалық бұзушылық, оның негізгі белгілері көңіл-күй және рақат алу қабілетінің төмендеуі немесе жойылуы.

Тұлғаның эмоциялық тұрақсыз бұзылуы – эмоциялық қызбалық, албырттық, өзін-өзі төмен бақылау.

Өз-өзіне қол жұмсау, суици́д (лат. sui caedere – өзін-өзі өлтіру) – өзіне-өзі, әдетте, өздігінен және ерікті түрде қол жұмсау.

Ойлаудың бұзылуы – ақпараттық логикалық өңдеудің бұзылуы; ойлаудың когнитивтік бұзылуы, ойлаудың формалды бұзылуы, ойлаудың мазмұндық бұзылуы, жеткіліксіз жүйелік реттеу/метакогниция, ұғымдарды қалыптастырудың жеткіліксіз қабілеті/когнитивтік құрылымның шектеулігі.

Жарақаттан кейінгі күйзелістік бұзылуы - ауыр психикалық жағдай, ол бір реттік немесе қайталанған психикалық жаралау жағдайлары: ауыр дене жарақаты, сексуалды зорлық-зомбылық, өлім қаупі және т.с.с. нәтижесінде пайда болады.

МАЗМҰНЫ














Кіріспе

8



Девиантты мінез-құлықтың таралу деңгейін көрсететін ресми статистиканың негізгі деректері

9




Девиантты мінез-құлықтың психологиялық-педагогикалық сипаттамасы

12




Балалар мен жасөспірімдерде девиантты мінез-құлықтың пайда болуына әсер ететін себептер мен факторлар

13




Балалар мен жасөспірімдерде девиантты мінез-құлықтың алдын алу шараларын ұйымдастыру және өткізу бойынша ұсыныстар

16




Қысқа мерзімді кезеңде балалар мен жасөспірімдерде девиантты мінез-құлықтың алдын алу

21




Орта мерзімді кезеңде балалар мен жасөспірімдерде девиантты мінез-құлықтың алдын алу

24




Девиантты мінез-құлықтың алдын алу мақсатында балалармен және жасөспірімдермен жүргізілген жұмыс нәтижелерін бақылау және бағалау

31





Қорытынды

34




Пайдаланылған дереккөздер тізімі

36


КІРІСПЕ
Зерттеудің өзектілігі. Балалар құқығын қорғау саласында балаларды, аналарды, көпбалалы отбасыларды қорғауға, әлеуметтік қолдау көрсетуге, әлеуметтік салада қаржылай көмек көрсету стандарттарын ұстануға ерекше көңіл бөлінген халықаралық стандарттарға сай Қазақстанның заңнамалық негізі бар, бұл балалар мен жасөспірімдерде девиантты мінез-құлықтың алдын алудың базалық факторы болып табылады 1-11.

Сонымен қатар девиантты міне-құлықтың алдын алу шаралары құқық бұзушылықтың алдын алуға (2017-2019 ж.ж.), жасы кәмелетке толмағандардың жыныстық еркіндігі мен жыныстық қол сұғылмаушылығына қарсы қылмыстық құқық бұзушылықты ескертуге (2015-2017 ж.ж.) қатысты мекемеаралық жоспарлар, Бас прокуратура бастамашы болған «Тұрмыстық зорлық-зомбылықсыз Қазақстан», «Балаларды бірге қорғайық» Жол карталары аясында іске асады. Сондай-ақ, девиантты мінез-құлықтың алдын алуды Қазақстан Республикасының Үкіметі жанындағы Кәмелетке толмағандардың істері және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі ведомствоаралық комиссия, Бала құқықтары жөніндегі уәкіл институты, ҚР БҒМ Балалардың құқықтарын қорғау комитеті жанындағы үкіметтік емес ұйымдардың консультациялық-мәжіліс кеңесі, «Өзін-өзі тану» тұлғаның адамгершілік-рухани дамуы жөніндегі республикалық кеңес жүзеге асырады.

Бірақ, девиантты мінез-құлықтың алдын алуда қалыптасқан ахуал осы проблеманы ведомствоаралық өзара ықпалдастықтың жеке бағыты ретінде шығару қажеттілігі туралы мәселені шешпейді, бұл девиантты балалар мен олардың отбасымен тиімді жұмыстың маңызды шарты болып табылады. Оқушылармен алдын алу жұмысын жетілдіруге бағытталған, жүйелі қызмет тәсілі негізіндегі осы әдістемелік ұсыныстар әлеуметтік қауіпті жағдайдағы кәмелетке толмағандар мен отбасыларды уақтылы анықтау, сондай-ақ оларды әлеуметтік-педагогикалық оңалту және (немесе) олардың құқық бұзушылықтар мен қоғамға қарсы іс-әрекеттер жасауының алдын алу бойынша жұмыстардың тиімділігін арттыруға ықпал етуі тиіс.

ҚР ДСМ мақсаты девиантты мінез-құлықтың пайда болу себептерін, девиацияны туғызатын тәуекел факторларын зерттеу және олардың алдын алу бойынша жүйелі шаралар әзірлеу болып табылатын жобаға бастамашы болды.



Зерттеудің мақсаттары:

1) девиантты мінез-құлықтың себептерін зерттеу;

2) девиантты мінез-құлықты туғызатын тәуекел факторларын анықтау;

3) девиантты мінез-құлықтың алдын алу бойынша жүйелі шараларды әзірлеу.

Теориялық-эмпирикалық зерттеу нәтижелері бойынша: есеп және осы әдістемелік ұсыныстар жасалды.



  1. ДЕВИАНТТЫ МІНЕЗ-ҚҰЛЫҚТЫҢ ТАРАЛУ ДЕҢГЕЙІ БОЙЫНША РЕСМИ СТАТИСТИКАНЫҢ НЕГІЗГІ ДЕРЕКТЕРІ

Жағдайды зерттеу шеңберінде ҚР ІІМ және ҚР БҒМ зерттеушілердің сұратуына сәйкес ұсынған, Қазақстан Республикасы мемлекеттік органдарының ашық интернет ресустарынан алынған ақпарат бойынша девиантты мінез-құлықтың таралу деңгейі бойынша ресми статистикаға талдау жүргізілді.

ҚР ІІМ балалар мен жасөспірімдер арасында девиантты мінез-құлықтың таралуы бойынша 2015-2018 ж. аралығындағы ресми ақпаратына сәйкес кәмелетке толмағандар арасындағы қылмыс динамикасының соңғы 4 жылда айтарлықтай төмендемегенін (2015 жылы – 3338, 2016 жылы – 3343, 2017 жылы – 3156, 2018 жылдың 9 айында – 2082 қылмыс) көрсетті. Осы тұста 2017-2018 жылдарда мектеп және колледж оқушылары арасындағы құқық бұзушылық санының артқаны байқалады: бұл көрсеткіш 2018 ж. 9 айында – 56,7 %-ға, 2016 жылы – 32,34%-ға, 2015 жылы – 60,9%-ға дейін өсті. Балалар арасындағы қылмыстың салыстырмалы үлесі барлық қылмыстардың жалпы санының 0,9%-ын құрайды. Әрбір 10 000 балаға шаққанда 6,1 балалар қылмысы орын алады.

ҚР БҒМ 2015-2018 ж. аралығында девиантты мінез-құлқы бар балалардың саны бойынша ресми ақпараты сәйкес девиантты мінез-құлқы бар балаларға арналған білім беру ұйымдарындағы балалар саны 2015 жылдың қорытындысы бойынша – 254 тәрбиеленушіні, 2016 жылы – 242 жасөспірімді, 2017 жылы – 271 қатысушыны, 2018 жылғы 9 айдың қорытындысы бойынша 136 тәрбиеленушіні құрады. Ерекше тәртіптемемен күтілетін балаларға арналған білім беру ұйымдарында адам құрамы бойынша қарама-қайшы динамика байқалады: 2015 жылы – 9, 2016 жылы – 4, 2017 жылы – 6, 2018 жылғы 9 ай қорытындысы бойынша 15 тәрбиеленуші есептелді. Осылайша, тәрбиеленушілер санының төмендеу динамикасына қарамастан, осы мекемелердің мақсаттылығы, өкінішке қарай, бүгінгі таңда әлі де өзектілігін жоғалтқан жоқ.

Балалар мен жасөспірімдер девиациясы мәселелерінің жағдайы туралы Кәмелетке толмағандарды бейімдеу орталығына (КБО) қараусыздығы мен панасыздығы үшін жеткізілген балалар мен жасөспірімдер санына байланысты қорытынды жасауға болады. КБО-лардағы жасы кәмелетке толмағандардың адам құрамы артуда. Егер 2015 жылы КБО-лардағы балалар саны 7648 болса, 2016 жылы 7109 болды. 2017 жылы балалар саны артты – 7539, 2018 жылғы 9 ай қорытындысы бойынша, КБО-ларға 5266 кәмелетке толмағандар орналастырылды, соның ішінде 675-і ата-анасының қамқорлығынсыз қалғандар, 4667-сі қараусыз және панасыз қалғандар, 110-ы девиантты мінез-құлқы бар балаларға арналған білім берудің арнайы ұйымдарына жіберілген, кәмелетке толмаған 52 баланың өмір сүру жағдайы өте ауыр. Осылайша, статистикалық деректерге сәйкес, КБО-ларда кәмелетке толмағандардың адам құрамы артып отыр.

Қазақстанда бұрынғыдай есірткі шегу, ішімдік ішу жағдайында жасалатын қылмыстар орын алып келеді. ҚР ІІМ деректері бойынша есірткіге тәуелді кәмілетке толмағандар саны 2017 жылғы 9 айда 142 адамды құрады (2016 ж. 9 ай – 188), 2015 жылғы дәл сол аралықтағы уақытпен салыстырғанда 24,5%-ға төмендеді, соның ішінде 14 жасқа дейінгілер – 29 (28) және 15-17 жастан асқандар 111 (160) болды. ҚР БП ҚСАЕК деректеріне сәйкес, 2016 жылы алкогольдік мастық жағдайындағы жасөспірімдер – 119, 2017 жылы – 84, 2018 жылғы 9 айда 49 қылмыс жасаған. Есірткі шегу жағдайында 2016 жылы – 4 жасөспірім, 2017 жылы – 7 жасөспірім, 2018 жылғы 9 айда 7 жасөспірім қылмыс жасады. Осылайша, статистикалық деректер кәмелетке толмағандардың есірткілік немесе токсикоманиялық мастық жағдайында жасаған құқық бұзушылықтар санының өсуін көрсетеді.

Тұлғалар тобы жасаған қылмыстардың саны: 2018 ж. 9 ай ішінде тұрақты, кейбір баптары бойынша қылмыстардың пайызы жоғары (ҚР ІІМ 2015-2018 ж. аралығындағы деректері бойынша, 1-кестені қар.).

1-кесте – Кәмелетке толмағандардың құқық бұзушылықтарының түрлері




Баптар

2015ж.

2016ж.

2017ж.

2018 ж. 9 айы

Тұлғаға қарсы қылмыстық құқық бұзушылықтар

205

221

209


135

Отбасыға және кәмелетке толмағандарға қарсы қылмыстық құқық бұзушылықтар

1

1

0

1

Адамның және азаматтың конституциялық және өзге де құқықтары мен бостандықтарына қарсы қылмыстық құқық бұзушылықтар

14

10

2

1

Меншікке қарсы қылмыстық құқық бұзушылықтар

2602

2688

2547


1659

Ақпараттандыру және байланыс саласындағы қылмыстық құқық бұзушылықтар

1

0

1

0

Экономикалық қызмет саласындағы қылмыстық құқық бұзушылықтар

0

4

1

0

Қоғамдық қауіпсіздікке және қоғамдық тәртіпке қарсы қылмыстық құқық бұзушылықтар

421

333

301

236

Халықтың денсаулығына және адамгершілікке қарсы қылмыстық құқық бұзушылықтар

30

22

31

0

Экологиялық қылмыстық құқық бұзушылықтар

0

1

2

0

Көліктік қылмыстық құқық бұзушылықта

20

18

16

8

Басқару тәртібіне қарсы қылмыстық құқық бұзушылықтар

37

40

41

19

Сот әділдігіне және жазалауды атқару тәрібіне қарсы қылмыстық құқық бұзушылықтар

7

5

4

0

Әскери қылмыстық құқық бұзушылықтар

0

0

1

0

Жасы кәмелетке толмағандар қылмысының жоғары пайызы мынадай баптарға сәйкес тіркелді: «Жеке адамға қарсы қылмыстық құқық бұзушылық», «Меншікке қарсы қылмыстық құқық бұзушылық», «Қоғамдық қауіпсіздікке және қоғамдық тәртіпке қарсы қылмыстық құқық бұзушылық», «Басқару тәртібіне қарсы қылмыстық құқық бұзушылық». Алайда, соңғы 3 жылда «Адам мен азаматтың конституциялық және өзге құқықтары мен еркіндігіне қарсы қылмыстық құқық бұзушылық», «Ақпараттандыру және байланыс саласындағы қылмыстық құқық бұзушылық», «Экономикалық қызмет саласындағы қылмыстық құқық бұзушылық», «Көліктік қылмыстық құқық бұзушылық», «Басқару тәртібіне қарсы қылмыстық құқық бұзушылық» секілді баптар бойынша құқық бұзушылықтар санының артқаны байқалады.

ҚСАЕК деректері бойынша 2011-2017 жылдар аралығында барлық жауапты органдар, қоғамдық ұйымдар өткізген шаралардың арқасында өз-өзіне қол жұмсау мен өзін-өзі өлтіруге әрекет жасау санының тұрақты түрде төмендеуіне қол жеткіздік. 2011 жылмен салыстырғанда өз-өзіне қол жұмсау саны – 31,9%-ға, өзін-өзі өлтіруге әрекет жасау саны 30,5%-ға қысқарды. 2017 жыл көрсеткіші 2016 жылғы дәл осындай аралықтағы уақытпен салыстырғанда өз-өзіне қол жұмсау фактілері бойынша – 7,8%-ға, өзін-өзі өлтіруге әрекет жасау бойынша 6,9%-ға төмендеу болды. Трансформациялық мониторингтің (Юнисеф, 2016) деректеріне сәйкес 12, Қазақстан бойынша 10-14 жастағы тұлғалар арасындағы өз-өзіне қол жұмсау өлімінің коэффициенті 2014 жылда 4,2-ге жеткендігін (100 000 адамға шаққандағы өлім саны) айта кету керек. Осы тұста ТМД ердері бойынша осы көрсеткіш – 2,2-ні, ал Шығыс Еуропа елдерінде 1,9-ды құрайды 13. Осылайша, Қазақстанда аяқталған өз-өзіне қол жұмсау және өз-өзіне қол жұмсауға ұмтылу санының азаюына қарамастан, әлемдік ауқымда балалар мен жасөспірімдердің өлім-жітім коэффициенті салыстырмалы түрде жоғары болып қалып отыр.

ҚР БҒМ бастамасы бойынша жүргізілген зерттеу 14 балалардың 30,7%-ы (N=3734) бос уақытын Ғаламторда, әлеуметтік желілерде өткізетіндігін көрсетті. Ғаламтор әлемдік желісі арқылы балалардың 4%-ы бопсалау мен қорқыту әрекеттеріне ұшырады. Балалардың дәл сондай шамасы әлеуметтік желілерде өз-өзіне қол жұмсауды насихаттау, зорлық-зомбылық, экстремизм әрекеттеріне барған.

Ата-аналардан алынған сауалнама көрсеткендей, 2017 жылы 2016 жылмен салыстырғанда мектептердегі ғаламтор қауіпсіздігін қамтамасыз етудің жақсарғандығы байқалады, бірақ электронды тәуелділіктің (телефон, әлеуметтік желі, Ғаламтордағы серфинг, бейнеойындар, селфиге) алдын алудың нашарлауы да жоқ емес. Ата-аналардың пікірінше, жасөспірімдер арасындағы ғаламторға, әлеуметтік желілерге, WhatsApp-қа тәуелділіктің өсуі – 39,1%, ойынға құмарлықтың артуы – (жасөспірімдер арасындағы компьютер/консолдық/мобильді ойындар) 20,5%. Сондай-ақ, олар (ата-аналар) жасөспірімдер мен 18 жасқа дейінгі жастар арасында агрессияның ұлғайған деп есептейді, респонденттердің 25,1%-ы жастар-жасөспірімдер ортасында қатыгездік пен зорлық-зомбылық белгілерінің жағдайы жиілегенін көрсетті. Респонденттердің 24,2%-ының пікірінше, балалар кальян, темекіні жиі шеге бастады. 19,4%-ы ерте жыныстық байланыстар жағдайының өскенін және 18%-ы ерте жүкітілік санының өсуін атап өтті. Түнгі ойын-сауық орындарына барудың өсуін атап өтті (18,8% пікірі).

Жалпы алғанда, балалар мен жасөспірімдердің мінез-құлығындағы ауытқулар келесі статистикалық деректерде байқалады: сауалнама алынған жасөспірімдердің 21,6%-ы өздерінің орталарында шылым шегудің қалыпты жағдай екенін мойындаса, 4,6%-ы өздері шылым шегеді екен. Төбелесті өз ортасында қалыпты санайтындар – балалардың 14,3%-ы, ал 6,8%-ы өздері төбелеске қатысады. Сыра ішу жасөспірімдердің 10,8%-ына тиесілі болса, одан күшті ішімдіктер олардың 5,9%-ы үшін қолайлы болып отыр. Өздері сыра ішетін балалардың шамасы – 3,8%, ал күшті алкоголді сусындарды жасөспірімдердің 2,7%-ы тұтынады. Ақшаға ойналатын ойындар 4,1% арасында қалыпты саналады, осы тұста өздері аталған ойынды ойнайтындар сауалнама жасалған балалардың 3%-ын құрайды. Ұрлық, ақшаны, заттарды тартып алу балалардың 3,7%-ына тиесілі болса, 2,8%-ы өздері сонымен айналысады. Ерте жыныстық қатынасқа түсетіндер 15 жастан асқан балалардың 2,9%-ын қамтиды және бұл жасөспірімдердің 5,2%-ында да кездеседі. ҚР ҰЭМ СК деректеріне сәйкес, 2016 жылы жасөспірімдер жүктілігінің 5626 жағдайы белгіленді (2015 ж. – 5771 жағдай). Олардың ішінде әрбір төртінші (24,8%) жүктілік түсікпен аяқталған (2015 ж. – 19%).

Осылайша, девиантты мінез-құлықтың таралу деңгейінің ресми статистикасының деректерін зерттеу нәтижелері жүргізілген ұлттық зерттеудің өзектілігі мен уақыттылығын дәлелдейді. Осы зерттеуден алынған деректер жүйелі алдын алу шараларының қажеттілігін көрсетті, бұл сипаты бойынша әртүрлі құқықтық, әлеуметтік-педагогикалық, ұйымдастырушылық, техникалық және жасөспірімдерде девианты мінез-құлықтың пайда болуының нақты себептерін жоюға, бейтараптандыруға бағытталған басқа да іс-шараларды қамтуы тиіс.




  1. Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4


©kzref.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет