Қазақстан республикасының денсаулық сақтау министрлігі bilim foundation қОҒамдық Қоры балалар мен жасөспірімдер арасында девиантты мінез-қҰЛЫҚТЫҢ алдын алу шаралары


ДЕВИАНТТЫ МІНЕЗ-ҚҰЛЫҚТЫҢ ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ-ПЕДАГОГИКАЛЫҚ СИПАТТАМАСЫ



жүктеу 0.57 Mb.
бет2/4
Дата25.03.2019
өлшемі0.57 Mb.
1   2   3   4

ДЕВИАНТТЫ МІНЕЗ-ҚҰЛЫҚТЫҢ ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ-ПЕДАГОГИКАЛЫҚ СИПАТТАМАСЫ

Осы оқу құралында девиантты мінез-құлықтың психологиялық-педагогикалық сипаттамасы отандық және шетелдік зерттеу талдауларына 15-33 сондай-ақ осы зерттеудң нәтижелеріне негізделеді 34-36.

Зерттеу көрсеткендей, баланың девиантты мінез-құлқы туралы 9-10 жасар баладан бастап 18 жастағы адамға қатысты айту қажет. Себебі осы жастан бастап ол өздігінен әлеуметтік ережелерге ілесе алады, есейіп, әлеуметтенеді, бірақ тек 18 жастан кейін ғана адам қоршаған ортаның жағымсыз әсеріне ақылға қонымды түрде қарсы тұра алады.

Барлық зерттеулер мен әдеби дереккөздерде девиантты мінез-құлық – бұл психикалық ауру емес және патологиялық жағдай емес екені, оның түзелетіні белгіленген. Девиантты мінез-құлықты, психоэмоциялық жағдайды және баланың тұлғалық ерекшеліктерін психологиялық түзеу процесінде оны қолдау керек, баланың ата-атасына және педагогтарға көмек көрсету керек. Оның ішінде тәуелді мінез-құлық және кәсіби депривация тәуекелінің алдын алу мақсатында ата-аналармен және педагогикалық ұжыммен психологиялық кеңес өткізу керек.

Зерттеулер көрсеткендей, девиантты мінез-құлық кез келген жағдаятта көрінеді, ал стандартты емес, дағдарыстық жағдаят салдарынан және өзін-өзі қорғау салдарынан бір рет көрінген ерекше мінез-құлық – девиантты мінез-құлық емес. Девиантты мінез-құлық кәдімгі қарапайым адамдармен қатар, психикалық ауруы және патологиялық жағдайы бар адамдардан да көрінеді.

Девиантты мінез-құлық деликвентті формаға, психопатияға ауысуы мүмкін, егер уақытылы білікті шараларды қолданбаса, онда девиантты мінез-құлқы бар адам қаңғыбастық, үйден қашу, үйді өртеу, ішімдікке және есірткіге салыну, т.с.с. әрекеттерін жасауы мүмкін. Яғни, девиантты мінез-құлық міндетті түрде әлеуметтік бейімсізденуді күшейтуі әбден мүмкін, сонымен қатар бейімсіздену жағдайының нәтижесі бола алады.

Барлық зерттеулерде девиантты мінез-құлық – бұл әртүрлі жолмен байқалатын бала өмірінің өзі арқылы көріну нәтижесі зияны жоқ әрекеттерден: әдепсіздік, ұятсыздық, өзін-өзі оқшаулаудан бастап жеке тұлғалылықты толықтай бұзуға: есірткіге салыну, жезөкшелік, ойынға құмарлық, өз-өзіне қол жұмсауға дейін қарастырылады.

Девиантты мінез-құлық әркімге әртүрлі әсер етеді, бала өзінің ауытқыған мінезіне төмендегідей қарауы мүмкін: қажетсіз, жартылай қанағаттанарлық, қарапайым және жағымды түрде. Баланың өзінің девиантты мінез-құлқына қарауына оның алдағы өмірі, оған қанағаттануы тәуелді болады.

Осылайша, осы зерттеуде балалар мен жасөспірімдердегі девиантты мінез-құлық – бұл ең алдымен, баланың өздігінен жеңе алмайтын физиологиялық, эмоциялық және когнитивтік қиындықтарды басынан өткеруі, соның салдарынан ол әлеуметтік нормаларды, қағидаларды қабылдамауы және сақтай алмауы, позитивті дамыған ортада толыққанды өмір сүре алмауы мүмкін. Баланың өз мінез-құлығына қарым-қатынасын ата-аналар, кәсіпқойлар және немқұрайды емес жақын ортасы түзеуге міндетті.


  1. БАЛАЛАР МЕН ЖАСӨСПІРІМДЕРДЕ ДЕВИАНТТЫ МІНЕЗ-ҚҰЛЫҚТЫҢ ПАЙДА БОЛУЫНА ӘСЕР ЕТЕТІН СЕБЕПТЕР МЕН ФАКТОРЛАР

Осы зерттеудің нәтижелері бойынша [34-36] девиантты мінез-құлықтың пайда болу себептерін, девиацияны туғызатын тәуекел факторларын зерделеу балалар мен жасөспірімдерде девиантты мінез-құлықтың пайда болуының маңызды себептері олардың келесі жай-күйінің жоғары деңгейі болып шықты: депривация салдарынан туындаған үрей, күйзеліс, депрессия. Сондай-ақ, осы себептер отандық және шетелдік зерттеулердің жұмысында белгіленді [15-33], олар депривацияны адамды оған ерекше қажетті, осы адамның өмірінің қандай да бір бұрмалануына (бұзылуына, құлазуына) әкеп соғатын нәрседен айыру деп көрсетеді. Бұл ерекше қажетті нәрсе дене, моральдық, материалдық әл-ауқат жағынан, яғни әл-ауқат жағдайынының кешенінен болуы мүмкін. Девиантты мінез-құлық оның көрінісінің жағдай жиынтығының нәтижесі болып табылатындықтан, ол ғылымның әртүрлі салаларында зерттеледі: медициналық, психологиялық, педагогикалық, әлеуметтік, заңдық.

Девиантты мінез-құлықтың пайда болу себептерін және девиацияны туғызатын тәуекел факторларын зерттеу нәтижелерін талдау негізінде келесілерді қарастыруды ұсынамыз:

- әлеуметтік факторлар (психологиялық, педагогикалық, әлеуметтік, заңдық);

- биологиялық факторлар (медициналық, психологиялық).

Әлеуметтік факторлардан балалар мен жасөспірімдердің девиантты мінез-құлықтары көрінісінің жалпы және жеке факторларын бөліп шығарады.

Жалпы әлеуметтік факторларға төмендегілер жатады:


  1. Қоғамның және оның нормаларының жетілмегендігі, мысалы: агрессивті мінез-құлық қалыпты бола бастайды, себебі балаға агрессиясыз бәсекелесу, басқару, басшы болу, табысты болу өте қиын, ғалымдар баланың агрессияға «қатаңдығын» белгілейді.

  2. Қоғам шынайы қарым-қатынас пен сөйлесім әдістерінің орны виртуалды өмірде, интернет қоғамдастықтарда, ойындарда, қызметтердегі қарым-қатынаспен толтырылады.

  3. Қоғам девиантты мінез-құлықты насихаттайды, себебі мұндай мінез-құлық қоғамды дамытатын өзгерістерге себепші болады.

Жеке әлеуметтік факторларға мыналарды жатқызады:

1. Ата-ана мен баланың арасындағы байланыстың жоқтығы немесе оның аз ғана, формальды түрде ғана көрінуі;

2. Қолдаудың жоқтығы. Ата-аналар және басқалары балаға көмек көрсеткісі келмейді, көрсете алмайды немесе көрсетпейді. Анасы балаға сезімін білдірмейді, ашық сөйлеспейді, дерттеспейді. Әкесі әкелік кеңес, ұсыныстар көмегімен әрекетке шақырмайды.

3. Қауіпсіздікті сезінбейді. Бала үшін қауіпсіздікті сезіну – бұл оның ата-ана тарпынан қалайтын қажеттілігін түсіну, сол арқылы бала психикасының артықшылығы мен ерекшеліктерін тану, ата-ананың саналы түрде оның өміріне араласуы. Бала үшін қауіпсіздікті сезіне алмау дегеніміз – бұл ата-ана түсіністігінің жоқтығы.

4. Қажеттіліктің, ақпарат құралдарының әртүрлілігі тұлғааралық байланыстың бұзылуының орнын толтыратын тәуелділіктің қол жетімді потенциалды объектілері болып табылады;

5. Баланың жасөспірімдік қосалқы мәдениеттің бір бөлігі болғысы келетін қалауы. Бала ата-анасына өзінің жеке өмір сүру дәстүрінің бола алатынын, ересек екенін және сәйкес әлеуметтік рөлді орындай алатынын дәлелдегісі келеді. Мұндай баланың ата-анасы бұған дұрыс жауап қайтара алмайды немесе баланың қалауы мен тәрбиесін мүлде елемейді, яғни баланың өмір сүру дәстүріндегі нақты, сендіре алатын және қанағаттанарлық бағдары жоқ. Қосалқы мәдениет – баланың өзін «жақын» сезінетін тобы, көңіл-көтеру ортасы;

6. Өмірінің алғашқы екі жылындағы азапты уайымдар түріндегі зақымның болуы. Мүұндай зақымның себебі баланың төмендегідей өмір фактілері болуы мүмкін: анасынан айырылу, баланың өмір қажеттіліктерін қанағаттандыруға ананың қабілетсіздігі, бала мен ана темпераментінің сәйкес келмеуі, сәбидің шектен тыс әсершілдігі, ата-ананың сәбиге психологиялық зақым келтіретін әрекеттері (зорлықпен тамақтандыру, қырсықтығын өзінше түсіну және т.б.);

7. Ата-анасы баланы өзін-өзі жақсы көруге үйретпейді. Бала өзінің жаман, түкке тұрғысыз, пайдасыз екеніне көзі жеткен, ешкімге сенгісі келмейді;

8. Ата-анасының өз сезімін керегінше білдіруіне, түсінуіне және оны көрсетуіне мүмкіндік бермейтін көңіл-күй ауытқушылықтарының болуы. Соған байланысты бала өз эмоциясымен, сезімімен бөліспейді, оларды ішінде тұншықтырып, тіпті жоққа шығарады;

9. Ата-анасына эмоционалдық, психологтялық жағынан тәуелділік. Бала ата-анасының пікірі мен бағалауына тәуелді болады, үнемі олардың алдында өзін кінәлі сезінеді. Кез келген отбасылық мәселелерді осындай балалардың девиантты мінез-құлқы күшейте түседі.

10. Ата-аналардың баланың ортақ тәуелді мінезін көрсетуге әкеп соғатын әртүрлі психологиялық мәселелері болады. Бірақ баланың жеке басының ерекшеліктері оның ата-ана мінез-құлқының жағымсыз әсеріне ұшырамайтындай болуы мүмкін екенін ескеру керек.

11. Егер төмендегі қасиеттерге ие болса, бала тәуелді мінез-құлыққа тап болғыш болып келеді:

жаңа жағдаяттарға бейімделгіштік, ішкі мазмұндық құрылымның жоқтығымен бейімделу;

- көңіл-күй сапасы;

- сезімталдық;

- тіл тапқыштық, қарым-қатынас орнатудағы әлеуметтік шектеулердің жоқтығы;

- мінездің эпилептоидтық және гипертимдік акцентуациясы;

- ызақорлық;

- кіналау сезімінің санадан тыс қысым көруі;

- өзінің ерекшеліктері мен стандартсыздығын тану;



  • күйзелісті жеңу қабілетінің төмендеуі.

Баланың әлеуметтік депривацияны бастан өткеруі девиантты мінез-құлықтың әлеуметтік факторы, яғни ауытқушылық мінез-құлықтың пайда болу аясы болып табылады, бұл баланың мамандандырылған көмектің және алдын алу шараларының іргетасы болып табылатын бейімдеу, әлеуметтендіру, өзін-өзі жетілдіру қажеттіліктеріне қанағаттандыруға негізделеді.

Биологиялық факторларға төмендегілерді жатқызады:

1. Басынан зақым алу. Бас зақымы ағзалық психикалық ауытқушылықтың және бастағы мидың қалдықтық ағзалық жеткіліксіздігінің себептері болып табылады;

2. Балалар мен жасөспірімдердің соматикалық шағымдарының болуы;

3. Темекі өнімдерін, алкоголді сусындар мен есірткіні жүйелі түрде тұтыну;

4. Депрессияның, үрейдің және күйзелістің жоғары дәрежесі;

5. Эмоцияналдық тұрақсыздықтың жоғары дәрежесі;

6. Өз-өзіне қол жұмсаудың отбасылық тарихы және психикалық денсаулық ауытқушылығының таралуы;

7. Ойлаудың бұзылуы;

8. Зақым келтіретін уайымдар.

Жағымсыз психология-эмоционалдық жағдай және зақым келтіретін уайым девиантты мінез-құлыққа себепші болатын биологиялық фактор болып табылады, сондықтан ол мамандандырылған көмек пен алдын алу шаралары қосымшаларының негізгі мақсаттарының бірі болу керек.




  1. БАЛАЛАР МЕН ЖАСӨСПІРІМДЕРДЕ ДЕВИАНТТЫ МІНЕЗ-ҚҰЛЫҚТЫҢ АЛДЫН АЛУ ШАРАЛАРЫНЫҢ ҰСЫНЫСТАРЫ

Балалар және жасөспірімдер девиациясының алдын алудың отандық тәжірибесіне төмендегі әртүрлі елдерде қолданылатын балалар және жасөспірімдер девианттылығының әлеуметтік-педагогикалық жағынан алдын алуының даму бағыттарын енгізу қажет (Ұлыбританияда, Германияда, Францияда, Швейцарияда, Нидерландыда, Азия елдерінде, Африкада, Ресейде Streetwork – көшедегі әлеуметтік жұмыс бағдарламасы енгізілген; Швецияда мамандарды тарту – әлеуметтік жұмыскер, Польшада – жетекшілер, Ұлыбританияда – «Негізгі маман») 19;24:

- жасөспірімді әдеттегі әлеуметтік-мәдени ортасынан ажыратпай, барлық ескерту және оңалту шараларын жүргізуге бағдарлану;

- осы саладағы азаматтық белсенділікті ынталандыру, оған қосымша қатысушылар мен қаржылық құралдарды жұмылдыру;

- дәстүрлі отбасының өзегін нығайту, оның психологиялық-педагогикалық мәдениетін көтеру;

- девианттық мінез-құлықтың алдын алу және түзетуге қатысты тәжірибелік жұмыстарды мамандандыратын әлеуметтік педагогтердің арнайы кадрлерін дайындау;

- арнайы ескерту қызметтері мен құрылымдарының желісін құру;

- тәрбиелеу-алдын алу және күзету-қорғау қызметінің психологиялануы;



  • жасөспірімдердің девиантты мінез-құлқын түзетудегі және оңалтудағы медициналық-психологиялық көмектің бастаушы рөлі.

Үнемі әрекетте болатын бағдарламалар әлдеқайда тиімді – бұл белгілі бір орында үнемі әрекет ететін алдын алу үлгісі, мысалы, балаларға, жасөспірімдерге, мұғалімдерге тұрақты алдын алу сабақтары жүргізілетін белгілі бір мектеп негізінде үздіксіз алдын алу жұмыстарын жалғастыратын қосалқы мамандарды (құрдастарды, мұғалімдерді, психологтерді, ата-аналарды) дайындау жүзеге асырылады. Алдын алу жұмыстарына арналған әлдеқайда ыңғайлы орын бірнеше жылдар бойы жүйелі мақсаттылы үйрету іске асырылатын мектеп болып табылады. Үлгілік, кейде осындай мектептерге міндетті тұрақты сабақ курстары түрінде арнайы құрылатын алдын алу бағдарламалары жалпы оқу жоспарына енгізілуі мүмкін. Сонымен қатар алдын алудың барлық субъектілерінің мекеме аралық өзара әрекеттестігінің мектебі негізіндегі ұйым әлдеқайда тиімді болып көрінеді.

Тұтастай алғанда, балалар мен жасөспірімдердің девиантты мінез-құлқының алдын алудың жүйелі шаралары төмендегі шарттар орындалғанда оң нәтиже көрсетуі мүмкін:

1. Қоғам (отбасы тәрбиесінің институттары, отбасы денсаулығының орталықтары, басыбайлы ұйымдар, мектептің полиция инстпекторы, отбасы және балалар мен жасөспірімдердің өзі):

- девиантты мінез-құлықтың мәні мен формасы, салдары туралы ақпаратты уақытылы және қол жетімді түрде алуға;

- девиантты мінез-құлықты неліктен талқыламай, жазаландырмай, бірінші кезекте тек айқындап, анықтайтын себепті қабылдауғе және түсінуге;

- девиантты балалармен жұмыс жасау әдістерін психотерапия, терапия, түзету, тәрбиелеу және үйрету жолдарымен табуға;

- балалар мен жасөспірімдерді және көмекке жүгінген олардың отбасыларын қолдау және көтермелеуге (ұқыпты, дұрыс қатынаспен, түсіністікпен және қамқорлықпен);

- олардың оң дүниетанымын, өз-өзіне және ортасына сенімділігін, девиантты мінез-құлқы бар баланың жақындары мен қоғамға қажет екеніне және оның барлығы секілді маңызды, табысты болуға мүмкіндігі мен қабілетінің бар екеніне деген сенімділікті қалыптастыратын мақсаттылы жұмыстарды жүргізуге;

- балалар мен жасөспірімдердің және олардың отбасыларының әлем картинасындағы танымдық мақсаттар мен қағидаларды көрсетуге деген оң алғышартын, беталысын қалыптастыруға міндетті.

2. Мектептердің, медициналық және басқа да мекемелердің психолог-педагогтері:

- девиантты мінез-құлықтың экспресс-диагностикасының әдістері мен тәсілдеріне ие болуға;

- клиникалық әңгіме, терапевтік сынақ техникаларына ие болуға;

- девиантты мінез-құлықты неліктен талқылауға және жазалауға болмайтыны туралы идеяны насихаттауға;

- девиантты мінез-құлық себебін және жеке тұлға жағдайына келтірілетін зиян дәрежесін анықтауға;

- баланың жеке тұлғалығын жасампаздық пен өзін-өзі дамытуға деген күшті потенциалы бар бірегей және альтруистік құбылыс ретінде қабылдауға;

- баланың бойынан байқалатын девиацияның бала төтеп бере алмаған жағымсыз тәжірибенің салдарынан туындағанын түсінуге;

- баланың жеке басының тәжірибеде іске асыру маңызды болатын жағымды қырлары мен қасиеттерін ашуға міндетті.

Гуманистік және түзету ережелерін және балалар мен жасөспірімдерді мектеп және т.б. білім беру мекемелерінің психологтеріне (баламен, баланың отбасымен диагностика, әңгіме, кеңес беру және т.б. психологиялық жұмыстарды жүргізетін), психотерапевтке және мектептен, т.б. білім беру мекемелерінен тыс басқа да мамандарға жіберу тәртібін құруды ұсынамыз.

3. Педагогтер, мектептің полиция инспекторлары, әлеуметтік жұмысшылар:

- ұқыпты, зақым келтірмейтін, бірақ «қиын балалармен», яғни жалпы балалардан өз мінез-құлқымен ажыратылатын балалармен тиімді коммуникация орнату әдістері мен тәсілдеріне ие болуға;

- баланың жеке басын талқыламауға, бірақ бала мінез-құлқындағы ауытқушылықты көтермелемеуге;

- бала өзін-өзі дамыта алатын жағдайларды (ұйым, орталық, үйірме) қалыптастыруға, өзінің жақсы адами қасиеттерін табуға, беделді, маңызды азаматтар секілді ересектермен қатар өзімен жастылардың да тарапынан қолдау мен құптауды сезіндіруге міндетті.

Ересектердің мектеп психологінің көмегіне себептердің жеткілікті сипаттамасымен, осы әрекет пен оның нәтижелерінің құпиялылығы, дұрыстығы, адамгершілігін сақтаудың міндетті шарттарымен бірге уақытылы жүгіну жағдайлары мен ережелерін нақты белгілеуді ұсынамыз. Сонымен қатар «Өзін-өзі тану» курсының сабақ жоспарына девиантты мінез-құлықтың себептері, оның салдары мен алдын алу туралы ақпаратты ойын-әңгіме, тренинг, кейс түрінде енгізуге; девиантты мінез-құлықты маңызды тапсырмалар мен есептерді және т.б. табыстау көмегімен түзетуге; балалар мен жасөспірімдер үшін әртүрлі жағымсыз жағдаяттардағы мінез-құлықтың оң паттерндеріне үйретуге кеңес береміз. Мұндай көмектің негізгі мақсаты – балаларды әлеуметтік жағынан ақталған шешімдерді қабылдауға үйрету, олардың адамгершіліктік-құқықтық әлеуметтенуіне әсер ету. Ата-аналардың сынып сағаттарын және балалар мен жасөспірімдердің девиантты мінез-құлқының алдын алу шараларын қолдану үшін сынып жетекшімен, психологпен және т.б. қызметкерлермен кездесуді елемеушіліктерін белгілеп алу дәстүрін енгізу.

4. Мектептің медициналық қызметкері, аймақтық терапевт, жалпы тәжірибе дәрігері:

- балалар мен жасөспірімдердің болашақтағы денсаулығы үшін девиантты мінез-құлық салдарымен танысуға олармен кездесуді жүйелі түрде өткізуге;

- мамандардың көмегіне уақытылы жүгіну бұл ауруды, жалғыздықты, түсініспеушілікті, агрессияны және қоғам тарапынан талқылауды болдырмаудың жалғыз сенімді әдісі екеніне белсенді түрде нандыруға;

- білім беру мекемесінің әкімшілігіне хабар бере отырып, девиантты мінез-құлыққа тез ауысатын және девиантты мінез-құлқы бар балаларды және жасөспірімдерді психотерапевтке, наркологке, гинекологке және басқа да мамандарға жіберуге міндетті.

Анонимдік өзара әрекеттесу мен кәсіби психологиялық медициналық-психотерапиялық қолдауды қамтамасыз ететін девиантты мінез-құлықтың алдын алудың медициналық орталықтарын құруды ұсынамыз.

Девиантты мінез-құлықтың әлеуметтік-педагогикалық жақтан алдын алу төмендегідей негізгі қағидаларға негізделуі керек:

- баланың көңілін гуманистік жолмен табу, отбасын маңызды алдын алу институты ретінде мойындау;

- микроортадағы барлық тәрбиелеу-алдын алу қызметтерінің әрекеттер үйлесімі;

- социумдағы максималды дараландыру мен алдын алу әрекеттерінің дұрыстығы;

- баланың жеке дара резервтерін құрылымдық жағынан қолдану;

- когнитивті, мәселелік және әлеуметтік-мәдени саналылық, жалпы танымның механизмдері мен феномендеріне тірек болу.

Девианттық мінез-құлықтың алдын алу ұсыныстарының мазмұнында алдын алудың келесі нысандары мен объектілері болып табылады, оларды осы зерттеуде қарастыру ұсынылады:

- отбасы және бала;

- бала тұлғасының даму деңгейі;

- баланың әлеуметтену деңгейі;

- бала жай-күйінің деңгейі.

Алдын алудың бұл нысандары мен объектілері төмендегі талдау жүйесінің көмегімен зерттеледі:

1. Отбасы және бала талдау үдерісінде зерттеледі:

- демографиялық деректерді;

- отбасындағы психологиялық жағдайды;

- бала тәрбиесінің үлгісін;

- отбасы үлгісін.

2. Баланың жеке басы үдерісінде зерттеледі:

- анамнез деректерін талдау;

- психологиялық-педагогикалық тестілеу әдістері.

3. Баланың әлеуметтенуі талдау үдерісінде зерттеледі:

- үлгерімін;

- мектептегі сабақтарға баруын;

- қоғамдық іс-шараларға қатысуын;

- баланың қосымша білім алумен айналысуын.

4. Баланың жағдайы талдау үдерісінде зерттеледі:

- баланың физиологиялық ерекшеліктерін;

- баланың психо-соматикалық ерекшеліктерін;

- баланың анатомиялық ерекшеліктерін.

Төмендегілер девиантты мінез-құлықтың алдын алу мәселелерін шешудегі субъектілер мен қызметтер болып табылады:

1. Отбасы мен бала мәселесін шешудегі субъектілер: қызметі уақытында көмек сұрай алатын, белсенділік көрсететін және бала тәрбиесіндегі ауытқушылық мәселесін шешуге бағытталу болатын бала, ата-ана, баланың өкілі болып табылады.

2. Баланың жеке басының даму мәселелерін шешудегі субъектілер: қызметі іс-шараларды, кеңес беруді; диагностиканы; түзетуді кәсіби түрде өткізу, маманға (терапевт, психиатр) жіберу, психикалық түзетулер жүргізу болып табылатын педагог-психолог, әлеуметтік педагог.

3. Баланың әлеуметтену мәселелерін шешудегі мубъектілер: қызметі ойын-әңігме, тренинг, кейс түріндегі ағартушылық жұмыстарды; маңызды тапсырмалар мен есептерді, еңбек тәрбиесін, көңілді паттерндерге үйретуді және т.б. табыстау түріндегі түзетулерді жүргізуге негізделетін сынып жетекшісі, тәрбиешісі, мектептің полиция инспекторы.

4. Баланың психо-соматикалық жағдайының мәселелерін шешудегі субъектілер: қызметі білім беру, диагностика, кеңес беруді жүргізу, тар бейінді мамандарға жіберу, СӨС насихаттау болып табылатын мектептегі медициналық қызметкер, аймақтық терапевт, жалпы тәжірибе дәрігері.

Девиантты мінез-құлықтың алдын алудың жүйелі шараларын іске асыру үшін балалар мен отбасылардың девиантты мінез-құлқын алғашқы сатыларынан-ақ анықтау қажеттігіне сенушілікті қалыптастыратын шаралар жиынтығын қолдану керек.

Мұндай жағдайларда девиантты мінез-құлқы бар нақты балалар, жасөспірімдер, отбасыларға қатысты қажетті шешімдерді қабылдау барысындағы қажетті мәдениетті, әдептілікті және анонимділікті қалыптастыра отырып, адами, гуманистік тұрғыдан, максималды түрде дұрыс әрекет ету қажет екенін білген маңызды.

Мемлекеттік және қоғамдық сипаттағы шаралардың қайта жасалған жиынтығын қолдану нәтижесінде балалардың, жасөспірімдердің, отбасылардың және осыған қызығушылық танытқан тұлғаның өзін анықталған мәселелер мен оларды шешу жолдары арқылы ақпараттандырумен қамтамасыз ету қажет.

Девиантты мінез-құлықтың байқалған кезінде, нормадан ауытқудың ең алғашқы сатысынан-ақ қандай да бір ойластырылған сақтанусыз туындаған қиындыққа байланысты тез арада психотерапевт, психолог, медициналық қызметкер, заңгер немесе полиция қызметкері, әлеуметтік қызметкер және педагогтің көмегіне жүгіну қажеттігі аса мақсаттылы болып табылатыны туралы қоғамдық пікір қалыптастыру да өте маңызды.

Барлық мамандарға психологиялық психодиагностика мен кеңес беру саласындағы құзыреттіліктің жоғары деңгейі қажет.

Балалар мен жасөспірімдердің девиантты мінез-құлқының пайда болуының алдын алуда психологиялық білім маңызды рөлге ие болады. Соның негізінде девиантты мінез-құлықтың табиғаты зерттеледі және оның көрінуін ескертуге қатысты тәжірибелік шаралар қолданылады.


4.1. ҚЫСҚА МЕРЗІМДІ КЕЗЕҢДЕ БАЛАЛАР МЕН ЖАСӨСПІРІМДЕРДЕ ДЕВИАНТТЫ МІНЕЗ-ҚҰЛЫҚТЫҢ АЛДЫН АЛУ
Қысқа мерзімді алдын алу жұмысының негізгі мақсаты кәмелетке толмағанның мәселелерін шешуде алдын алу құрылымдарымен пәнаралық өзара әрекеттесуді ұйымдастыру, жасөспірімдердің мінез-құлқына және қызметіне мақсатты педагогикалық, психологиялық, құқықтық әсер етуді қамтамасыз ету болып табылады.

Осы кезеңде келесі міндеттер шешіледі:

1-ші міндет: Оқушылармен және ата-аналармен алдын алу жұмысы.

Шешімі:


  1. Алдын алу бағдарламасын әзірлеу: міндеттер, бағыттар, жүзеге асыру мерзімдері, нысандар, әдістер, тиімділігін мониторингілеу өлшемдері. Кәмелетке толмағандар арасында алдын алу жұмысын жүзеге асыратын мекемелердің қызметкерлерін қоса, барлық мамандардың қызметінің бағыттарын анықтаған маңызды.

  2. Алдын алу шараларын ұйымдастыру және жүзеге асыру бойынша мектеп қызметкерлерінің құзыреттіліктерінің деңгейін жоғарылату.

  3. Алдын алу шараларын жүзеге асыруда ата-аналарды және оқушыларды тарту.

Оқушылармен және ата-аналармен алдын алу жұмыстары мыналарды қамтиды:

  • мектеп оқушыларының бос уақытын ұйымдастыру бойынша;

  • ата-аналардың, педагогтардың психологиялық сауаттылығын арттыру;

  • әлеуметтік педагогтардың, педагог-психологтардың, ата-аналардың девианттық мінез-құлық табиғаты, түрлері мәселелері, аддиктивті, бейәлеуметтік, суицидалды мінез-құлық факторлары және белгілері жөнінде хабардар етілуін жоғарылату;

  • сынып ұжымдарында қолайлы психологиялық климат тудыру бойынша жұмыс;

  • қиын өмірлік жағдайға душар болған отбасылардың балаларын оқытуда және тәрбиелеуде көмек көрсету;

  • - отбасының және мектептің байланыстарын нығайту;

  • - оқушылардың сабақтан қалуын бақылау;

  • - оқушылардың қызығушылықтарын анықтау, кәсіби өз тағдырын шешуде, кейінгі білім алу жолын таңдауда көмек көрсету;

  • - қызығушылықтар бойынша үйірмелердің және секциялардың, оқушылардың сабақтан тыс жұмыспен қамтылуын ұйымдасты.

2-ші міндет: Девиантты мінез-құлық белгілерімен оқушыларды ерте диагностикалау.

Шешімі:


1. Девиантты мінез-құлығы бар балаларды ерте диагностикалау механизмін анықтау.

2. Девиантты мінез-құлыққа бейім оқушыларды ерте анықтау үшін психодиагностикалық құралдарды анықтау.

3. Девианттық мінез-құлық түрлері, белгілері, ерте диагностикалау, девианттық білім алушылармен жеке сұхбат жүргізу бойынша әлеуметтік педагогтардың және педагогтар-психологтардың құзыреттіліктерінің деңгейін жоғарылату.

3. Құқық қорғау органдарының және медициналық мекемелердің қызметкерлерінің қатысуымен әлеуметтік-психологиялық мониторингті жүзеге асыру механизмін ендіру (комиссия құру, кездесулер жиілігін, алдын алу шараларын анықтау).

4. Мұғалімдердің, ата-аналардың және балалардың девианттық мінез-құлықты ерте диагностикалау және әлеуметтік-педагогқа жүгіну сұрақтарында хабардар етілу деңгейін жоғарылату.

Девианттық мінез-құлық белгілері бар оқушыларды ерте диагностикалау келесі кезеңдерді қамтиды:


  1. әлеуметтік-психологиялық мониторинг;

  2. тәуекел тобына қосылған оқушыларды жеке психологиялық диагностикалау.

Әлеуметтік-психологиялық мониторинг – тәуекел тобымен алдын алу құралдарын және түзету шараларын таңдау мақсатымен девианттық мінез-құлық көрсеткіштерінің жағдайын және өзгеруін қадағалау процесі.

Ұсыныс: мектепте кәмелетке толмағандардың қараусыздығының және құқық бұзушылықтарының алдын алу кеңесі құрылады, оған директор, тәрбие жұмысы жөніндегі директордың орынбасары, директордың оқу-тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасары, әлеуметтік педагог, педагог-психолог, полицияның мектеп инспекторы, сынып жетекшісі, мектептің медициналық қызметкері кіреді. 

Әлеуметтік-психологиялық мониторинг оқу жылының ішінде 2 рет өткізіледі: қыркүйек-қазан және сәуір-мамыр.

Тәуекел тобын және алдын алу шаралары жоспарын анықтау мыналардың:



  • оқушылардың оқу үлгерімдері мен сабаққа барулары бойынша сынып жетекшінің мәліметтерінің, ата-аналардың өтініштерінің және сұратуларының.

  • оқушының психологиялық-медициналық-педагогикалық ерекшеліктері және оның микроортасы, өмір жағдайлары жөнінде әлеуметтік психологтың мәліметтерінің.

  • оқушылардың құқықтық бұзушылықтары, ата-аналардың құқық бұзушылықтары бойынша полицияның мектеп инспекторының мәліметтерінің.

  • оқушылардың мектепте және жалпы тәжірибе дәрігеріне жүгінулерін талдау бойынша медициналық жұмыскердің мәліметтерінің

  • балалар мен жасөспірімдердің әлеуметтік дамуларының бұзылуларын жоспарлық диагностикалау, жеке консультациялар негізінде педагог-психологтың мәліметтерінің негізінде жасалады.

Балалар мен жасөспірімдердің «тәуекел тобына»:

  • сабақтарға бармайтын балалар;

  • үлгерімдері төмендеп бара жатқан балалар;

  • сыныптастарымен жанжалдасып қалған, төбелесте байқалған балалар;

  • алкоголь, темекі, есірткі заттарын тұтынатын балалар;

  • құқық бұзушылықтар үшін құқық қорғау органдарымен ұсталған және Кәмелетке толмағандардың істері және олардың құқықтарын қорғау комиссиясына немесе полицияның кәмелетке толмағандардың істері бөліміне есепке қойылған балалар;

  • қиын өмірлік жағдайға душар болған отбасылардың балалары;

  • бейәлеуметтік өмір салтын ұстанатын отбасылардың балалар кіреді.

«Тәуекел тобына» енгізілген оқушыларды жеке психологиялық диагностикалау.

Тәуекел тобындағы оқушыларды жеке психологиялық диагностикалаудың негізінде осы оқушылармен, олардың отбасыларымен жұмыс жасау бағыттары анықталады:



  1. Педагог-психологқа түзету жұмысына жіберу.

  2. Жалпы тәжірибе дәрігеріне консультацияға жіберу.

  3. Әлеуметтік педагогтың басқа мамандармен (әлеуметтік жұмыскермен, полицияның мектеп инспекторымен, педагогтармен) бірлескен түзету шараларын анықтау.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4


©kzref.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет