Қазақстан республикасының денсаулық сақтау министрлігі нашақорлықтың медициналық әлеуметтік проблемалары Республикалық ғылыми-практикалық орталығЫ



жүктеу 0.9 Mb.
бет1/4
Дата08.05.2019
өлшемі0.9 Mb.
түріБағдарламасы
  1   2   3   4


ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ МИНИСТРЛІГІ

Нашақорлықтың медициналық әлеуметтік проблемалары Республикалық ғылыми-практикалық орталығЫ


А.Л. Катков
Медициналық әлеуметтік сауықтыру бағдарламасының «аяқталу» фазасында, «жұмыс» фазасында, сонымен қатар психобелсенді заттарға тәуелділіктің рецидивке қарсы және қолдаушы терапия кезеңінде қолданылатын стратегиялық полимодалды психотерапияның құрылымдалған техникалары
Әдістемелік ұсыныстар

Павлодар, 2012

Катков А.Л.

Медициналық әлеуметтік сауықтыру бағдарламасының «аяқталу» фазасында, «жұмыс» фазасында, сонымен қатар психобелсенді заттарға тәуелділіктің рецидивке қарсы және қолдаушы терапия кезеңінде қолданылатын стратегиялық полимодалды психотерапияның құрылымдалған техникалары: Әдістемелік ұсыныстар. – Павлодар, 2012. – 50 б.
Әдістемелік ұсыныстарды м.ғ.д., проф. А.Л. Катков дайындады.

Ұсынылып отырған әдіcтемелік ұсыныстар наркология саласындағы мамандарға: психотерапевт-дәрігерлерге, психологтарға, әлеуметтік жұмысшыларға арналған.

Әдістемелік ұсыныстарда медициналық әлеуметтік сауықтыру бағдарламасының «аяқталу» фазасында, «жұмыс» фазасында, сонымен қатар психобелсенді заттарға тәуелділіктің рецидивке қарсы және қолдаушы терапия кезеңінде қолданылатын стратегиялық полимодалды психотерапияның құрылымдалған техникалары егжейлі-тегжейлі сипатталады. Патологиялық (дефицитарлық) тұлғалық мәртебе сияқты базистік нысанмен психотерапевтік жұмысқа басты назар аударылады, өйткені сәйкес келетін емдеу – сауықтыру бағдарламаларының негізгі нәтижесі – химиялық тәуелді адамдарда қайтадан тартылуға психологиялық тұрақтылықтың жоғары деңгейін қалыптастыру осыған байланысты. Сонымен қатар, наркологиялық көмектің белгіленген кезеңдерінде стратегиялық полимодалды психотерапияның құрылымдарын пайдаланудан медициналық әлеуметтік сауықтыру бағдарламасы резиденттерінің әдеттегі ішкі тұлғалық және тұлға аралық проблемалары тиімді шешіледі. Негізгі акцент пайдаланылатын техникалық тәсілдердің алуан түрлілігі мен кешенділігіне жасалады.
Рецензенттер:

Медицина ғылымдарының докторы Толстикова А.Ю.

Медицицна ғылымдарының докторы Кудьярова Г.М.
Әдістемелік ұсыныстар Нашақорлықтың медициналық әлеуметтік проблемаларының Республикалық ғылыми-практикалық орталығының ғылыми кеңесінде қаралды (ғылыми кеңестің төрағасы – А.Т. Ескалиева, 2012 жылдың 17 қыркүйегіндегі № 268 хаттама).
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Медициналық білім мен ғылым инновациялық технологиялар республикалық орталығымен келісілді және ұсынылды (2012 жылғы "23" қазан № 10 хаттама).

МАЗМҰНЫ
Кіріспе ………………………………………………………………………………..4

1. ­Амбулаторлы/стационарлы сауықтыру, рецидивке қарсы және қолдаушы терапия кезеңіндегі стратегиялық полимодалды психотерапияның жалпы принциптері..…………………………………………………………………….……4

2. Психобелсенді заттарға тәуелділерді медициналық әлеуметтік сауықтыру бағдарламасының «жұмыс» фазасында қолданылатын стратегиялық полимодалды психотерапияның құрылымдалған техникалары..…………........................……5

3. Психобелсенді заттарға тәуелділерді медициналық әлеуметтік сауықтыру бағдарламасының «аяқталу» фазасында қолданылатын стратегиялық полимодалды психотерапияның құрылымдалған техникалары …………………..36

4. Рецидивке қарсы және қолдаушы терапия кезеңінде қолданылатын стратегиялық полимодалды психотерапияның құрылымдалған техникалары..…46

Қорытынды ……………………………..……………………………………………..49

Қолданылған әдебиеттер тізімі............………………………………………………50
Кіріспе

Наркологиялық ғылым мен тәжірибенің дамуының заманауи кезеңінде психобелсенді заттарға тәуелді болғандарды сауықтыру бағытына (Валентик Ю.В., Сирота Н.А., 2002; NIDA, 2000), сонымен қатар рецидивке қарсы және қолдаушы терапия бағдарламаларына баса назар аударылады (ПБЗ) (Пак Т.В., 2008; Дудко Т.Н., 2009; Катков А.Л., 2009). Атап айтқанда, көптеген зерттеулерде ПБЗ тәуелділерді толықтай медициналық әлеуметтік сауықтыру, рецидивке қарсы және қолдаушы терапияны қолдану терапевтік ремиссияның сапасын айтарлықтай арттырып, мерзімін ұзартатындығы көрсетілген (Кабанов М.М., 1976; NIDA, 2000).

ПБЗ тәуелділерді медициналық әлеуметтік сауықтырудың (МӘС) төмен құрылымдалған және жоғары құрылымдалған (кәсіби) бағдарламаларының негізгі компоненттері - психотерапевтік тәсілдер және технологиялар болып табылады (Батищев В.В., 1998; De Leon G., 1997, Даренский И.Д., Белокрылов И.В., 2011; Катков А.Л., 2011).

Оған қоса, наркологиялық көмек саласында пайдаланылатын әдістерді және кәсіби психотерапевтік тәсілдерді жүзеге асыруды репрезентативтік зерттеу нәтижелері бойынша, атап айтқанда ПБЗ тәуелділерді МӘС бағдарламасының, рецидивке қарсы және қолдаушы терапияның негізгі кезеңдерінде айтарлықтай қиындықтар кездеседі. Мұндай проблемалардың басым бөлігін кәсіби психотерапия технологияларын және әдістерін кешенді жүзеге асырудың әдістемелік мәселелерінің әлсіздігіне жатқызуға болады (Катков А.Л., Макаров В.В., 2009).

Осы әдістемелік ұсыныстар айтарлықтай дәрежеде аталған проблемаларды шешеді, өйткені СПП негізгі тәсілінің мәні де сол әртүрлі психотерапевтік модальдықтың тиімді үйлесу мүмкіндігінде, олар екі деңгейлі дамытушы коммуникация кеңістігін тиісінше макротехнологиялық және метатехнологиялық дайындағанда адекватты терапевтік стратегияның жалпы контекстінде жүзеге асырылады.


  1. Амбулаторлы/стационарлы сауықтыру, рецидивке қарсы және қолдаушы терапия кезеңіндегі стратегиялық полимодалды психотерапияның жалпы принциптері

Стратегиялық полимодалды психотерапия (СПП) – авторлық әдіс, біз оны 2001-2010 жж. кезеңінде дайындадық, ол базистік коммуникацияны өзіне тән макротехнологиялық және метатехнологиялық дайындауды, сондай-ақ ПБЗ тәуелділерді емдеу және сауықтыруда (когнитивті, мінез-құлық, ресурстық-бағытталған, арт-терапия, психодрама, топтық психотерапия және т.б.) пайдаланылатын кәсіби психотерапияның негізгі әдістерінің тиімді үйлесу принциптерін қамтиды. ПБЗ тәуелділіктің рецидивке қарсы және қолдаушы терапиялар: патологиялық тұлғалық мәртебе, мотивациялық өріс, химиялық тәуелді тұлғалардың патологиялық әлеуметтік мәртебе ы, сондай-ақ туысқандары мен жақындарының бірдей тәуелді болуы синдромы. Мұнда патологиялық тұлғалық мәртебе (ПБЗ тәуелділікке қайтадан түсуге тұрақтылықтың жоғарғы деңгейін қамтамасыз ететін қасиеттер жеткіліксіздігінің базистік сипаттамаларын қамтиды) ең маңыздысы болып табылады, ол наркологиялық көмектің барлық белгіленген кезеңдерінің тура нысаны.

Сауықтыру бағдарламасының жұмыс фазасында және аяқталу фазасында жұмыс жүргізіліп жатқан осыған ұқсас ұғына бермейтін проблемалар патологиялық тәуелділікті «жеңілу» сценарияның басып кетуімен, өз-өзіне деген базистік сенімсіздікпен байланысты. Қайталануға қарсы және қолдаушы терапия кезеңіндегі мұндай проблемалар көбінесе өмірден рахат алу үшін, қанағаттану үшін альтернативті амалдарға және қосымша ресурстарға деген сұраныс болып табылады.

МӘС бағдарламасының резиденттерінің «жұмыс» фазасынан өту барысында көбінесе алға тартатын сауалдары келесідей: өзін-өзі бағалаудың төмендігі, өзінің тәуелділіктен құтылу және босау мүмкіншілігіне деген сенімсіздігі, ескерілмей кеткен өкпе және кінәлілік сезімі. «Жұмыс» фазасынан өту барысына тән проблемалар және көмекке сауалдар келесідей болып табылады: жазылып шығар алдындағы үрей, өз әуестігінің қайтып келуінің үрейі, қалыпты өмір сүру қажеттілігі алдындағы үрей мен сасқалақтау сезімі. Қайталануға қарсы және қолдаушы терапия кезеңіндегі жиі кездесетін сауалдар келесідей тәртіпте болады: «энергия, күш жетіспейді; кеудедегі үмітсіздік (қуыстық), немен толтырарымды, білмеймін; өмір тірегін қай жерден іздерімді білмеймін».

Жоғарыда келтірілген СПП технологияларды пайдалану арқылы наркологиялық көмек көрсетудің барлық белгіленген кезеңде шешілетін әмбебап терапевтік міндеттерр мыналар: ПБЗ тәуелділікке қайта түсуге тұрақтылықтың жоғарғы деңгейін дамыту, сабырлылықты сақтау және өмірлік мақсаттарға қол жеткізуге табанды мотивацияны қалыптастыру, қоршаған ортамен арадағы қарым-қатынастың ресурстық жүйесін құру болып табылады.

Айтылған және ұғына бермейтін проблемаларды тиімді шешумен байланысты арнайы психотерапевтік міндеттер наркологиялық көмектің белгіленген фазалары мен кезеңдерінде пайдаланылатын СПП макротехнологиялық, метатехнологиялық және құрылымдық-технологиялық тәсілдерінің арқасында орындалады.

СПП-ның макротехнологиялық және метатехнологиялық тәсілдері ұсынылып отырған құрылымдық техникалардың гиперпротекциясын қамтамасыз ететін жағдайларды қалыптастырады.

Олардың толығырақ сипаттамасы жарық көрген басқа әдістемелік материалдарда берілген (Катков А.Л., 2012).
2. Психобелсенді заттарға тәуелділерді медициналық әлеуметтік сауықтыру бағдарламасының «жұмыс» фазасында қолданылатын стратегиялық полимодалды психотерапияның құрылымдалған техникалары

Өзін-өзі бағалаудың төмендігі, өз-өзіне деген базистік сенімсіздік, өзінің тәуелділіктен құтылу және босау мүмкіншілігіне деген сенімсіздігі сияқты проблемалық блоктармен жұмыс жасағанда (бұл проблемалар жалпы психогенез негізінде біріктірілген) мыналар пайдаланылады:

1) «Портрет» атты арнайы ширату техникасы – оның негізгі мәні өзін-өзі төмен бағалайтын, базистік сенімсіз және біреудің пікіріне тәуелді пациенттер топтағы тұлғалардан кері байланыс алады, бұл олардың өзін-өзі бағалауын арттырады және алдына қойған мақсатқа қол жеткізу мүмкіншілігі жағынан үміттендіреді.

Техникалық әрекет қатысушылар күйін бағалаудың стандартты процедуралары жүргізілгеннен кейін терапевтік сессияның алдында басталады, оның барысында сәйкес проблемалық жағдайлар айтылады («кез-келген қиын жағдайларда сенімсіздікті сезінемін», «өз-өзіме сенбеймін», «үнемі еш нәрсеге қол жеткізе алмайтындығымды ойлаймын» және т.б.). Терапевт топ қатысушыларының назарын келесідей айқын фактіге аударады, адам өзі туралы барлығын біле алмайды – міндетті түрде оның жеке тұлғасының, мінез-құлығының қандай да бір бөлігі болады, ол оны білмейді де, алайда қалағанда және баса көңіл бөлсе бұл маңызды бөлікті «сырт жағынан» байқауға болады. Мұндай жағдайда адамның портреті оның әдеттегі бейнесінен біршама ерекшеленеді, бұлай болғанда өмірде көмектескенге қарағанда әлдеқайда кедергі келтіреді. Бұдан әрі терапевт қатысушыларға жұпқа бөлінуді (мүмкіндігінше үлкен резиденттер проблемалы пациенттермен жұп болып жұмыс жасауын қадағалау керек, алайда бұл орындалуы міндетті шарт емес) және кімнің «суретші», ал кімнің «модель» екенін анықтап алуды ұсынады. Суретшінің міндеті – әріптесінің тұлғасының «ұйқыдағы» бөлігін көріп, оның ауызша портретін жасау болып табылады. Бұдан кейін олар рөлдерімен ауысады. Әдетте, жайбарақат және сенім білдірілген жағдай орын алғанда, қажетті сөздер мен бейнелері табылады. Бұл әрекеттің басында терапевт қандай да бір пациентті үлгі ретінде алып, мұның қалай жасалатындығын көрсете алады. Жаттығу тұрған қалпы жасалады. Қатысушыларға әріптесті кем дегенде үш рет ауыстыру ұсынылады, бұл оның өзінің ашылмай қалған потенциялының аз дегенде үш сипаттамасын естуі үшін жасалады. Техникалық әрекеттердің жүзеге асырылуына қарай қатысушыларды тарту дәрежесі арта түседі. Топтың бірінші ретті ресурстық жағдайға түсуі «шу» деңгейінің артыуын куәландырады. Техникалық әрекеттің соңында қысқаша кері байланыс жасалады, оның барысында проблемалы пациенттердің жағдайының позитивті өзгерісіне назар аударылады.

2) «Ресурстық тәжірибе» атты арнайы ширату техникасы – бұл техникалық әрекеттің мәні стрестік жағдайда өзін ұстау тәжірибелерін игеру және актуализациялау, қорқыныш деңгейін төмендету, осыған ұқсас жағдайларға қатысты иррациональдық проекциядан құтылу болып табылады.

Техникалық әрекет қатысушылар күйін сұрастырудың стандартты процедуралары жүргізілгеннен кейін терапевтік сессияның басында және күрделі, белгісіз жағдайларда сенімділікті арттыру үшін сәйкес келетін өзекті сұрауды анықтағанда көрсетіледі. Терапевт топтың назарын қиын, стрестік жағдайларда туындайтын – қорқыныш, сенімсіздік, мазасыздану сезімдері – қалыпты адамдық реакция екеніне аударады, ол дискомфорт ретінде бастан өткеріледі, алайда сонымен қатар ол шығар жолды белсенді түрде іздеуді мобилизациялайды. Әрбір адамның өмірінде мұндай жағдайлар бірнеше рет туындайды. Кей кездері олар қалыптасқан өмір салтын өзгертетін сәттер болады. Бұдан әрі қатысушыларға жұпқа бөліну және әріптесімен одан шығар жолды өзінің күш салуының арқасында тапқан, басынан өткізген кризистік жағдайлар туралы естеліктерімен бөлісу ұсынылады. Ол кезде кризистік күйзелістің шегіне жеткендегі сезімді де, жағдай оңтайлы шешілгеннен кейінгі сезімді де өзінің ойындағысындай еске түсіру керек. Осы жаттығу аяқталғаннан кейін қатысушылар шеңберге бұрылады да, жүргізуші әріптестердің әр қайсысына өзі екіншісінен естіген оқиғаны (соңғысының келісімімен) айтып беруді ұсынады. Осындай әңгімелеп беру барысында терапевт қысқа да, нақты түсініктемелер береді, ол әр қатысушының тәжірибесінің құндылығын позитивті түрде бекітеді және айғақтайды – яғни топ арасында осы тәжірибе адекватты түрде қабылданып, бекітілуіне жағдай жасайды. Адамды «күшті» немесе «әлсіз» ететін белгісіз жағдайлардағы сенімсіздік сезімі емес, бұдан шығар жолды және бұдан құтылуды іздестіру бағытындағы белсенді әрекеттің болуы немесе болмауы екендігі туралы фактіге әдейі баса назар аударылады. Санаға қонатын әрекеттің басталуымен қорқыныш пен сенімсіздік деңгейі бірден төмендейді (әдетте, бұл жөнінде топ қатысушыларының барлығы хабарлайды). Сонымен қатар, қолайсыз эмоционалдық фоннан құтылатын қарапайым ережелер де бар – «шпаргалка», «стреске қарсы гимнастика» – бұлар арнайы терапевтік сессияларда істелетін болады. Техникалық әрекет қатысушылардың өзін-өзі сезінуіне қарай қысқаша кері байланыспен аяқталады. Проблемалы пациенттердің белсенділігі мен эмоционалдық фонының артуын келісуге боларлық нәтиже деп санауға болады.

3) «Айналдыру» атты арнайы ширату техникасы – бағалау критерилерін өзгерту мақсатында пайдаланылады, оларды пациенттер өздерінің «кемшіліктерін» квалификациялауда қолданады, олар көбінесе өзін-өзі төмен бағалаудың себептері болып табылады.

Осы ширату техникасын жүргізу терапевтік сессияның бастапқы кезеңінде сәйкес келетін өзекті сұрауды анықтағанда көрсетіледі. Техникалық әрекет терапевтің топ қатысушыларына танысудың ерекше формасын өткізуді ұсынуынан басталады. Қатысушылардың барлығы бір-бірі туралы көптеген мағлұмат білгеннен кейін, әріптестеріне өзінің кемшіліктері туралы қандай да бір «құпияларды» сенім білдіріп айтатын кез келді. Терапевт қатысушыларға жұпқа бөлінуді ұсынады, оларда шамалап алғанда келесідей формадағы «мойындаулар» жасалатын болады: біз бір-бірімізді жеткілікті білеміз, өзіміз туралы да көп нәрсе білдік. Мен, мысалға, менде … (бұдан әрі қатысушылар өз бойынан өзі тапқан немесе қоршағандардың көмегімен тапқан адамгершілік қасиеттерін тізіп шығу керек)… сияқты абыройымның бар екенін білемін, бірақ кемшіліктерім де бар … (пациент өзі айта алатын бір немесе екі кемшілік сипатталады). Бұдан әрі терапевт жұп арасында таныстықты ұйымдастыруды ұсынады – әр жұп кем дегенде қатысушылардың басқа үш жұбымен танысуы қажет – қатысушылар өз-өздерін емес, бір-бірін таныстыруы тиіс. Мұнда әріптес өз бойындағы кемшілік ретінде айтқан қасиетті оның ең басты адамгершілік қасиеті етіп көрсету керек. Пациенттер бұл жаттығуда жасанды креативтілік көрсетуі қажет, олар әр келесі жұпқа әріптесінің мінез-құлқының «айрықша адамгершілік қасиеті» жағынан алуан түрлі аргументтер ұсынуы тиіс. Оған қоса өзі туралы айтқанға қарағанда біреу туралы айтқан қашанда оңай. Сонымен қатар әрптестен естіген өзінің кемшілігі туралы «теріс айналдырылған» ақпарат, пациенттің өзі айтқанына қарағанда әлдеқайда сенім білдірудің жоғарғы деңгейімен қабылданады. Қажет болған жағдайда терапевт жұптасып танысу процедурасының осыған ұқсас үлгісін көрсетеді, одан кейін техникалық әрекеттің белсенді фазасы басталады. Әдетте, жұптасып танысу процедурасының созылуы және пациенттердің креативтік белсенділігінің артуы байқалады, бұл топ қатысушыларында бірінші реттік ресурстық жағдайдың қалыптасуын куәландырады. Жаттығу орындалғаннан кейін қысқаша кері байланыс жасалады, оның барысында топ назары проблемалы пациенттердің жағдайының өзгеруіне аударылады. Терапевт жүргізілген техниканы талқылау процессіне ынталандырады – топ нені үйренді, қатысушылар өзінің кемшіліктеріне енді қалай қарайды, бұған дейін айтылып отырған қасиеттер кемшілік деп қаралған ережелерге не болды және т.б. Бұл жерде проблемалы пациенттердің өзін-өзі төмен бағалауды өзгертуге дайындығын жақсы нәтиже деп санауға болады.



4) «Пьедестал» техникасы (когнитивтік компонентке сүйеніп) – бұл технологиялық тәсілдің негізгі терапевтік идеясы мынада, пациент сенімсіз әрекет етудің, өз-өзіне деген сенімсіздіктің механизмі және пайда болу көзі туралы, осы проблеманы тиімді сабырлықпен шешу үшін қажет «пьедестал» – фундаменті туралы нақты, айғақ түсініктер ала отырып, – осы саладағы олар үшін белгісіздіктің қиындықтарынан құтылады. Осы техниканы жүзеге асыру нәтижесінде қалыптасатын, сенімді әрекет етуді қалыптастыру бойынша ойлап жасалған жоспардың өзі тұрақты ресурстық жағдайдың сипаттамасы – толықтай фундаменттің маңызды тасы болып табылады.

Техникалық әрекет рөлдік қызметтермен біріктірілген милық штурм түрінде жүргізіледі. Бірінші кезеңде топ арасында өз-өзіне деген сенімсіздіктің себептері туралы пікірталас жүргізіледі. Топ қатысушылары айтқан идеялар алдыман тақтаға жазылады, жүйелендіріледі, қайталанғандары алынып тасталады. Терапевт топтың және жеке қатысушылардың шығармашылық белсенділігін барынша көтермелеп отырады. Ол сонымен қатар сенімсіздіктің негізгі компоненттерінің – адамнан тек жетілу күтіледі деген сынсыз игерілген ережелерге негізделген, өзіне қойған талаптың аса жоғары болуы; әрекет пен іс-қимылды тек қоршағандар ғана бағалауға құқылы деген пайдасыз сенімділік; өзін-өзі бағалаудың төмендігі; күлкіге қалуға, бетін қайтарып тастауға деген қорқыныш; сезімді білдіру дағдысының болмауының – топ назарынан тыс қалмауын қадағалайды. Бұдан әрі бастамашыл қатысушылардан оларда сенімсіздік әрекеттің негізгі компоненттерінің болуы анықталады, олардан өз-өзіне деген сенімсіздіктің бірінші пьедестал-фундаменті қалыптыстырылады. Мұндай «пьедесталдың» негізін өздерінің қалыптарында, қылықтарында аталған қасиеттерді бейнелейтін пациенттер құрайды. Осы бірінші фундамент қалыптастырылғаннан кейін, бастамашыл қатысушышлардың әрқайсысы осы пьедесталда тұрғандай етіп көрсетілген сенімсіз адамның әрекеті, іс-қимылы және ойы туралы пікірін білдіре алады – яғни мұқият анықтап алу қажет проблеманың бір ортақ бейнесі жасалады. Анықтап алу дегеніміз не? – бұл оны құрамдас бөліктерге бөлшектеп, әр бөлікті қалай өзгертуге болатынын түсіну, және қайта қалыптастырылған бөлшектерді қайтадан жаңа фундаментке біріктіру қажеттілігін білдіреді – енді өз-өзіне сенімді адамның фигурасы тұратын екінші пьедестал. Бұл процесс те милық штурм шеңберінде жасалады, оның барысында топ қатысушылары қандай әдіспен: артырылған талаптар фрагментін өзін кез келген жағдайда еркін сезінуге мүмкіндік беретін адекватты ережелер мен сенушіліктерге; тек сыртқы бағалаудың тірек фрагментін – үйлесімді сыртқы және ішкі бағалауға; өзін- өзі төмен бағалау компонентін – адекваттық бағалауға; күлкіге қалуға, бетін қайтарып тастауға деген қорқынышты – эмоционалдық күйді реттей білуге; коммуникативтік дағдының және сезімді білдіру дағдысының болмауын – осы салада адекватты дағдыларды қалыптастыруға ауыстыруға болатындығын шешеді. Осы барлық жаңа компоненттер және олардың «дайындау» бойынша рецептері де тақтаға немесе флипчарттта жазылады. Қайталанушылықтар алынып тасталғаннан кейін, осы жазбалардың негізінде «дайындау» рецептін ұсынған бастамашыл пациенттерден «пьедестал-2» қалыптасады. Әрбір пациент өз-өзіне сенімді адамның белгілі бір қасиеттерін көрсетеді, осы жағдайдың белгілі бір компонентін айқын білдіретін сезімдерді, ойларды және әрекет ету амалдарын сипаттайды. Осылайша, осы фундаментке орналасатын, өз-өзіне сенімді тұлғаның жалпы бейнесі қалыптасады, әрине ол «осындай болып туған» жоқ, ол бұған белгілі бір қасиеттерді дамытуға ұмтылудың арқасында жетті. Осы жерде терапевт топ назарын тағы да терапевтік процестің қатысушылары жасаған, жазған және игерген қасчиеттерді дамытудың нақты «рецептіне» аударады. Ендігі іс тек қана белгілеп қойылған бағдарламаны қайраттылықпен орындауда. Бұдан әрі, техникалық әрекеттің соңында қатысушылар күйін бағалау және кері байланыс процедурасы, өткізілген сессия материалдары бойынша пікірталас жүргізіледі. Қатысушылардың өз-өзіне деген сенімсіздіктің негізгі көздерін түсінуін және осы жағдайда сабырлылық таныту бойынша адекватты жоспарларды жасауын қанағаттанарлық нәтиже деп санауға болады.

Бұл әрекет бағдарламасын қарапайым технологиялардан бастап күрделіге қарай жүзеге асырған дұрыс. Бұл тренингті бағдарламаларға да (бұған аз дегенде коммуникативтілік, сензитивтілік, ассертивтілік тренингтері кіруі тиіс), психотерапевтік технологияларға да қатысты.

5) Эмоционалдық күйді басқару бойынша қарапайым техникалық әдістер блогы – бұл жердегі басты идея мынада, әдетте сенімсіздік, белгісіздік жағдайында бастан өткеретін эмоционалдық дискомфорт (үрей, қорқыныш, мазасыздану) адам жақсы игерген дағдылардың өзін күшпен орындаған кезде, өздігінен сенімсіздіктің «әрекеттегі табандылық» блоктан шығаруға көмектееді. Осы мақсатта пайдаланылатын техникалар:

- «шпаргалка» – бұл техникалық әрекеттің мәні келесіде: бастамашыл пациенттерден алдымен жаттап алуды, санасында дайындық жасауды, содан кейін рөлдік әрекетте қарапайым «үш жүріс» жасауды сұрайды – 1. Стандартты проблемалық жағдайда (мысалға, аудитория алдына шыққан кездің басында) не сезінгендігін айту; 2. Не жасамақ екенін айту; 3. Осыны жасай бастау.

Техниканы жүзеге асыру үшін пациент көбінесе сенімсіздік күйді басынан өткізетін жағдайды таңдап алу керек. Бұл жердегі маңызды сәт пациенттің өзінің эмоционалдық күйі туралы пікірін айтуы. Рөлдік ойын барысында ол осындай пікір білдіру аудиторияны түсіну және қолдау көрсету жағына бұратындығына көз жеткізе алады. Оның өзі де жеңілдеп қалады, өйткені жай ғана айтып беруге болатын сол сезімдерді білдірмес үшін шамадан тыс ешқандай күш салудың қажеті жоқ. Бұдан әрі, белсенді әрекет етуге дейінгі уақыт кезеңі айтарлықтай қысқарады, оның барысында жағдай әлдеқайда анығырақ бола бастайды;

- стреске қарсы гимнастика (5–6 минут бойы екі жағынан Хэ-Гу нүктесіне массаж; терең диафрагмалық тыныс алу; ыстық ылғалды орамалмен бетке массаж – 5-6 минут) – бұл техника оның нейрофизиологиялық негізімен алдыңғы бөлімде сипатталды;

- «құлаштау» техникасы – яғни басқарылатын елестету, оның барысында пациентке ұсынылатыны 1. Бір немесе бірнеше «кадрларда» осы сияқты проблемалық жағдайларда қорқыныш, сенімсіздік күйіне жағдай жасайтын қорқыныш немесе жеңіліс табатын сценарилерді теңестіру; 2. Пациенттің сенімді әрекетін көрсететін «оптимистік» кадр – сценариді құрастыру; 3. Сериялық қайталаудың (талап етілген эффект пайда болғанша) есебінен бірінші «кадрды» екіншісіне ауыстыру техникасын игеру. Бұл жерде қабылдауға болатын нәтиже қалыпты қорқынышты салтты және оның тұрақтылығын позитивті сценарилік «кадрмен» ауыстыру болады. Осы техниканы пайдаланудан сенімсіздіктің эмоционалдық құрамын «разгон» басты механизмдерінің бірі жабылады.

6) Эмоционалдық күйді коррекциялау бойынша кешенді техникалар блогы (бұл техникалар алдыңғы бөлімде сипатталды – эмоционалдық күйзеліс проблемаларымен жұмыс бойынша 3-7 техникалар).

7) Когнитивті терапия технолгиялары (А. Бек, А. Эллис бойынша), өз-өзіне сенімсіздікпен байланысты проблемалық жағдайларда адекватты емес эмоционалдық және мінез-құлықтық реакцияларды, иррационалдық ережелер мен құралдарды коррекциялауға бағытталған.

Техникалық әрекет (А, В, С) моделдерінде проблемалық жағдайлардың презентациясы ережелерін талқылаудан басталады, мұнда А – дискомфорттық реакция пайда болатын қалыптасқан жағдай; В –осы реакция соған сәйкес қалыптасатын ережелер мен сенімдер; С – белгілі жағдайда туындайтын сезімдердің сипаттамасы. Мұнда тақта несеме флипчарт пайдаланылады, оларға тиісті схема жазылады. Бірінші А және С позициялары толтырылады, олармен барлығы әлдеқайда түсінікті: ұқсас жағдайларда … Мен басымнан өткеремін … (бұл жерге әдетте сенімсіздік күйге жағдай жасайтын сезімдер – үрей, қорқыныш, келеңсіз бір нәрсені күту, қашып құтылмайтын сәтсіздік туралы ойлар, гипертрофирленген өзіндік сын және т.б.). Бұдан әрі иррационалды ережелер мен сенімдертеңестіріледі – В позициясы – оларға сәйкес бастамашыл пациентте өзіндік сапалық кемшілік, сенімсіздік, еш нәрсеге жарамсыздық сезімдері шиеленіседі. Бұл пациенттің өзінің де, иррационалдық ережелерді қалыптастыруға мүмкіндік беретін нұсқаларды ұсынған барлық топтың да табанды күш салуын талап етеді, алайда соңғы сөз қашанда бастамашыл пациентке тиесілі.



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4


©kzref.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет