Ќазаќстан республикасыныѕ ЕЅбек жјне халыќты јлеуметтік ќорєау министрлігі



жүктеу 2.19 Mb.
бет1/10
Дата20.03.2018
өлшемі2.19 Mb.
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




Қазақстан Республикасы

Еңбек және халықты

әлеуметтік қоғау министрлігі

20__ жылғы «___» __________

№ _____ бұйрығымен бекітілді
Жұмысшылардың жұмыстары мен кәсіптерінің

бірыңғай тарифтік-біліктілік анықтамалығы (41-шығарылым)
1 – бөлім. Жалпы ережелер
1. Жұмысшылардың жұмыстары мен кәсіптерінің бірыңғай анықтамалығы (бұдан әрі - БТБА), 41-шығарылым, «Шыны және шыны бұйымдарының өндірісі» бөлімі.

2. Берілген жұмысшылардың кәсіптік және жұмыстың бірыңғай тарифтік-біліктілік анықтамасы БТБА Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2004 жылғы 10 маусымдағы №130-п бұйрығымен бекітілген, бұрын қолданылып келген БТБА 41-шығарылымы негізінде әзірленді.

3. Жұмыс разрядтары еңбек жағдайы ескерілмей (еңбектің күрделілік деңгейіне әсер етуші және орындаушының біліктілігіне қойылатын талаптарды арттырушы айрықша жағдайларды қоспағанда), олардың күрделілігі бойынша белгіленді.

4. Әр кәсіп бойынша тарифтік-біліктілік сипаттаманың екі бөлімі бар. «Жұмыс сипаттамасы» бөлімі жұмысшы орындай білуге тиіс жұмыстардың суреттемесін қамтиды. «Білуге тиіс» бөлімінде арнаулы білімге, сондай-ақ ережелерді, нұсқаулықтар мен басшылыққа алатын материалдарды, жұмысшы қолдануға тиісті әдістер мен құралдарды білуіне қатысты жұмысшыға қойылатын негізгі талаптар қамтылған.

5. Тарифтік-біліктілік сипаттамасында жұмысшы кәсібінің осы разрядына анағұрлым тән жұмыстардың тізбесі келтіріледі. Бұл тізбе жұмысшы орындай алатын және орындауға тиісті жұмыстардың барлығын қамти алмайды. Ұйымның әкімшілігі орындау күрделілігі бойынша тиісті разряд жұмысшылары кәсіптерінің тарифтік-біліктілік сипаттамаларында қамтылған жұмыстарға сәйкес келетін жұмыстардың қосымша тізбесін әзірлеп, кәсіподақ комитетімен немесе өкілді органның өзге уәкілетті қызметкерлерімен келісім бойынша бекіте алады.

6. «Жұмыс сипаттамасы» бөлімінде көзделген жұмыстармен қатар, жұмысшы ауысымды қабылдау және тапсыру, жұмыс орнын, айлабұйымдарды, құралдарды жинастыру, сондай-ақ оларды тиісінше ұстау, белгіленген техникалық құжаттаманы жүргізу жөніндегі жұмыстарды орындауға тиіс.

7. «Білуге тиіс» бөлімінде қамтылған теориялық және практикалық білімдермен қатар, жұмысшы: еңбекті қорғау, өндірістік санитария мен өртке қарсы қауіпсіздік жөніндегі ереже мен нормаларды; жеке қорғану құралдарын пайдалану ережесін; орындалатын жұмыс (қызмет) сапасына қойылатын талаптарды; жарамсыздықтың түрлері мен оның алдын алу және жоюдың тәсілдерін; өндірістік дабылдатқышты; жұмыс орнында еңбекті ұтымды ұйымдастыру жөніндегі талаптарды білуге тиіс.

8. Біліктілігі анағұрлым жоғары жұмысшы өзінің тарифтік-біліктілік сипаттамасында санамаланған жұмыстармен қатар, біліктілігі анағұрлым төмен жұмысшылардың тарифтік-біліктілік сипаттамасында көзделген жұмыстарды орындай білуге, сондай-ақ осы кәсіптегі разряды төмен жұмысшыларға басшылық жасай білуге тиіс. Осыған байланысты, анағұрлым төмен разряд кәсіптерінің тарифтік-біліктілік сипаттамасында келтірілген жұмыстар, анағұрлым жоғары тарифтік-біліктілік сипаттамасында, әдетте келтірілмейді.

9. Тарифтік-біліктілік сипаттама жеті разрядтық тарифтік кестеге орай әзірленді. Қызметкердің еңбек қызметін растайтын құжаттарды толтырған кезде, сондай-ақ тарифтік разряды өзгерген кезде, оның кәсібінің атауы БТБА-ға сәйкес жазылады.

10.Тарифтік-біліктілік сипаттамалар ерекше айтылған жағдайлардан басқа, осы бөлімде көрсетілген өндірістер мен жұмыс түрлері бар ұйымдарда, меншік және ұйымдық-құықтық нысанына қарамастан, жұмыстарды тарифтеу және жұмысшыларға біліктілік разрядтарын беру кезінде қолданылады.

11. Қолданылуға ыңғайлы болу мақсатында, БТБА-да алфавиттік көрсеткіш қосымшасында көзделген, онда жұмысшылар кәсіптерінің атауы, разрядтардың диапазондары және беттердің нөмірленуі қарастырылған.

12. «Шыны және шыны бұйымдарының өндірісі» бөлімінде қарастырылған жұмысшы кәсіптері атауларының, олардың БТБА 41 - шығарылымы бойынша қолданыстағы атаулары көрсетілген тізбесі 2004 жылғы редакциясында берілген.



2 – бөлім. Шыны және шыны бұйымдарының өндірісі»
1. Автоклавшы
Праграф 1. Автоклавшы, 3-разряд
13. Жұмыс сипаттамасы:

біліктілігі анағұрлым жоғары атоклавшының басшылығымен пакеттелген шыны бұйымдарын және триплекстің басқа да түрлерін қысыммен газ, су және парафиндік автоклавтарда престеу;

шыны бұйымдарын вакуум қаптарға, триплекс пакеттерін этажерканың тік ұяшықтарына салу және автоклавтарға жүктеу;

шыны бұйымдарын автоклавтардан түсіру, этажерканы суыту камерасына беру;

пакеттерді ашу;

қызмет көрсетілетін автоклавтың жұмыс режимін қадағалау.

14. Білуге тиіс:

қызмет көрсетілетін жабдықтың жұмыс істеу қағидасы;

престеу технологиялық процесін жүргізу ережесі, пакеттерді этажеркаға салу әдістері мен ережесі, триплекстік ассортименті;

бақылау-өлшеу аспаптарын пайдалану ережесі;

ақау түрлері және оның алдын алу мен жою бойынша шаралар.

Параграф 2. Автоклавшы, 4-разряд


15. Жұмыс сипаттамасы:

шыны пакеттерін, үш қабатты триплекс шыныны және басқа бұйымдарды әр түрлі автоклавтарға престеу;

автоклавты жұмысқа дайындау;

бұйымдарды қолмен автоклавқа салу;

престелген бұйымдармен кассеталарды автоклавқа тиеу;

белгіленген технологиялық режимді және бұйымдардың жылжуын қадағалау;

автоклавта температураны және қысымды реттеу;

автоклавтан шыны бұйымдарын қолмен немесе механизмдердің көмегімен түсіру;

шыны бұйымдарын престеуден кейін керосинмен немсе басқа қажетті ерітіндімен сүрту;

автоклавтарда престеуден кейін түзетілетін ақауы бар бұйымдарды қайта престеу.

16. Білуге тиіс:

автоклавтардың, көтергіш құрылғылардың, тиеу және түсіру механизмдерінің құрылысы және жұмыс істеу қағидасы;

бұйымдарды өңдеу технологиялық процесі, сақтандыру құрылғыларының, қауіпсіздік құралдарының, бақылау-өлшеу аспаптарының әрекет ету қағидасы;

қысыммен жұмыс істейтін ыдыстарды қауіпсіз пайдалану ережесі;

сигнал беру және бұғаттау жүйесі, жұмыс журналын жүргізу ережесі, ақау түрлері және оның алдын алу бойынша шаралар.

Электрондық басқару жүйесімен автоклавтарға қызмет көрсету кезінде- 5-разряд.


2. Айналдырушы
Параграф 1. Айналдырушы, 2-разряд
17. Жұмыс сипаттамасы:

банканы қажетті мөлшерге дейін үрлеу;

оны банканың қисаю мүмкіндігін жоққа шығаратын түтікті біркелкі бұру арқылы суыту.

18. Білуге тиіс:

банканы үрлеу және суыту тәсілдері;

банканың қисықтығының алдын алу тәсілдері.

Хрусталь, түрлі-түсті және түссіз шыныдан ірі бұйымдарды өндіру кезінде, 3тен артық банканы бір уақытта өңдеу кезінде - 3-разряд.

3. Ареометрлердің белгілеушісі


Параграф 1. Ареометрлердің белгілеушісі, 1-разряд
19. Жұмыс сипаттамасы:

ареометрлерді барлық түрін қыздыру құрылғысының ұяшығына қою;

ареометрдің дайындамаларын шайыр толық балқығанға дейін ұстау;

кірістірілген термометрлермен ареометрдің дайындамаларын суыту.

20. Білуге тиіс:

ареометрлердің түрлері және олардың белгіленуі;

шайырды әр түрлі ареометрлерде балқыту тәсілдері;

қолданылатын шайырдың қасиеттері.

Параграф 2. Ареометрлердің белгілеушісі, 2-разряд
21. Жұмыс сипаттамасы:

ареометрлердің тығыздығын алдын ала белгілеу;

ареометрлердің барлық түрінің дайындамаларын қорғасын немесе шойын бытырасымен және шайырмен толтыру;

берілген тығыздығына жеткізе отырып ерітінділерді құрастыру.

22. Білуге тиіс:

ареометрлердің құрылысы және жұмыс істеу қағидасы;

ерітінділердің тығыздығын анықтау және оларды өзгерту тәсілдері;

қолданылатын бытыраға қойылатын техникалық талаптар;

ақау түрлері және шыны мүкіліктері, химия негіздері.

Параграф 3. Ареометрлердің белгілеушісі, 3-разряд


23. Жұмыс сипаттамасы:

эталондық ареометрлердің және ерітінділердің көмегімен ареометрлердің тығыздығын дәл белгілеу;

түзетулерді ескерумен ерітінділердің тығыздығын өзгерту.

24. Білуге тиіс:

ареометрлерді дәл белгілеу әдістемесі;

ареометрлерді дайындау технологиясы, түзетулерді пайдалану ережесі.

4. Аспаптарды газдармен және сұйықтықтармен толтырушы




Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   10


©kzref.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет