Қазақстан Республикасының Еңбек кодексі


-1-тарау. Ұлттық біліктілік жүйесі



жүктеу 3.09 Mb.
бет10/31
Дата20.04.2019
өлшемі3.09 Mb.
түріКодекс
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   31

10-1-тарау. Ұлттық біліктілік жүйесі


      Ескерту. Кодекс 10-1-тараумен толықтырылды - ҚР 2012.02.17 № 566-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

      138-1-бап. Осы тарауда пайдаланылатын ұғымдар

      Осы тарауда мынадай ұғымдар пайдаланылады:
      1) ұлттық біліктілік жүйесі – мамандардың біліктілігіне еңбек нарығы тарапынан сұраныс пен ұсыныстарды құқықтық және институционалдық реттеу тетіктерінің жиынтығы;
      2) ұлттық біліктілік шеңбері – еңбек нарығында танылатын біліктілік деңгейлерін құрылымдық жағынан сипаттау;
      3) салалық біліктілік шеңберлері – салада танылатын біліктілік деңгейлерін құрылымдық жағынан сипаттау;
      4) кәсіби стандарт – кәсіби қызметтің нақты саласында біліктілік деңгейіне және құзыреттілікке, еңбек мазмұнына, сапасына және жағдайларына қойылатын талаптарды айқындайтын стандарт.

      138-2-бап. Ұлттық біліктілік жүйесінің құрылымы

      Ұлттық біліктілік жүйесі мыналарды:
      1) ұлттық біліктілік шеңберін;
      2) салалық біліктілік шеңберлерін;
      3) кәсіби стандарттарды;
      4) маманның кәсіби даярлығын бағалау және біліктілік сәйкестігін растауды қамтиды.

      138-3-бап. Ұлттық біліктілік шеңбері

      1. Ұлттық біліктілік шеңбері кәсіби қызметтің жалпы сипаттамаларын әрбір біліктілік деңгейі үшін сипаттаудан тұрады.
      2. Ұлттық біліктіліктер шеңберін әзірлеуді еңбек жөніндегі уәкілетті мемлекеттік орган білім беру саласындағы уәкілетті мемлекеттік органмен бірлесіп жүргізеді және оны әлеуметтік әріптестік пен әлеуметтік және еңбек қатынастарын реттеу жөніндегі республикалық комиссия бекітеді.
      Ескерту. 138-3-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 27.06.2014 N 212-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi).

      138-4-бап. Салалық біліктілік шеңберлері

      1. Салалық біліктілік шеңберлері ұлттық біліктілік шеңбері негізінде экономикалық қызметтің нақты саласында әзірленеді.
      2. Салалық біліктілік шеңбері салада орындалатын жұмыстардың күрделілігіне және пайдаланылатын білім, машықтар мен құзырет сипатына қарай деңгейлер бойынша маманның біліктілігіне қойылатын талаптарды жіктейді.
      3. Салалық біліктіліктер шеңберін әзірлеуді тиісті қызмет салаларының уәкілетті мемлекеттік органдары жүргізеді және оны әлеуметтік әріптестік пен әлеуметтік және еңбек қатынастарын реттеу жөніндегі салалық комиссиялар бекітеді.
      Ескерту. 138-4-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 04.07.2013 № 130-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 27.06.2014 N 212-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Заңдарымен.

      138-5-бап. Кәсіби стандарттар

      1. Кәсіби стандарттарды әзірлеуді тиісті қызмет салаларының уәкілетті мемлекеттік органдары Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасымен, жұмыс берушілердің салалық бірлестіктерімен және қызметкерлердің салалық бірлестіктерімен бірлесіп жүзеге асырады.
      2. Кәсіби стандарттардың құрылымын, оларды әзірлеу, қайта қарау, сынақтан өткізу және қолдану тәртібін еңбек жөніндегі уәкілетті мемлекеттік орган Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасымен, жұмыс берушілердің республикалық бірлестіктерімен және қызметкерлердің республикалық бірлестіктерімен келісу бойынша айқындайды.
      3. Кәсіби стандарттарды бекітуді тиісті қызмет салаларының уәкілетті мемлекеттік органдары еңбек жөніндегі уәкілетті мемлекеттік органмен келісім бойынша олар белгілеген тәртіппен жүргізеді.
      4. Еңбек жөніндегі уәкілетті мемлекеттік орган Кәсіби стандарттар тізілімін жүргізуді өзі белгілеген нысан бойынша жүзеге асырады.
      Ескерту. 138-5-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 04.07.2013 № 130-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      138-6-бап. Мамандардың кәсіби даярлығын бағалау және


                  біліктілік сәйкестігін растау 

      1. Маман құзыретінің сәйкестігі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен аккредиттелген ұйымдар жүзеге асыратын біліктілік сәйкестігін растау негізінде айқындалады.


      2. Мамандардың біліктілік сәйкестігін растау және біліктілігін беру тәртібін бекітуді тиісті қызмет салаларының уәкілетті мемлекеттік органдары жұмыс берушілердің республикалық бірлестіктерінің және қызметкерлер бірлестіктерінің пікірін ескере отырып жүзеге асырады.

11-тарау. КӘСІПТІК ДАЯРЛАУ, ҚАЙТА ДАЯРЛАУ ЖӘНЕ БІЛІКТІЛІКТІ АРТТЫРУ


      139-бап. Осы тарауда пайдаланылатын ұғымдар

      Осы тарауда мынадай ұғымдар пайдаланылады: 


      1) оқыту шарты - жұмыс беруші мен оқитын адамның арасындағы кәсіптік даярлау, қайта даярлау және біліктілікті арттыру шарттары туралы жазбаша келісім; 
      2) кәсіптік даярлау - белгілі бір жұмыс түрін орындауға қажетті жаңа кәсіби дағдыларды меңгеру немесе кәсіби дағдыларды өзгерту үшін адамды дамытуға бағытталған кәсіптік оқыту нысаны; 
      3) қайта даярлау - басқа кәсіпті немесе мамандықты игеруге мүмкіндік беретін кәсіптік оқыту нысаны; 
      4) біліктілікті арттыру - бұрын алған кәсіптік білімін, шеберлігі мен дағдыларын қолдауға, кеңейтуге, тереңдету мен жетілдіруге мүмкіндік беретін кәсіптік оқыту нысаны.

      140-бап. Жұмыс берушінің даярлау, қайта даярлау және 


                біліктілікті арттыру жөніндегі құқықтары мен 
                міндеттері

      1. Ұйымның жұмыс істеуі мен дамуы үшін кәсіптік даярлаудың, қайта даярлау мен біліктілікті арттырудың қажеттігін және оның көлемін жұмыс беруші айқындайды. 


      2. Жұмыс беруші қызметкерлерді немесе өзімен еңбек қатынастарында тұрмайтын өзге адамдарды (бұдан әрі - оқитын адамдар) кәсіптік даярлауды, қайта даярлауды және олардың біліктілігін арттыруды: 
      1) тікелей ұйымда; 
      2) техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарында;
      3) кадрларды кәсіптік даярлауды, қайта даярлауды және олардың біліктілігін арттыруды жүзеге асыратын өзге де ұйымдарда жүргізеді.
      3. Жұмыс беруші кәсіптік даярлаудан, қайта даярлаудан немесе біліктілігін арттырудан өтетін қызметкерлерге осы Кодексте, келісімдерде, ұжымдық шартта, еңбек шартында көзделген жұмысты оқумен қатар алып жүру үшін жағдайлар жасауға міндетті.
      4. Жұмыс беруші техникалық және кәсіптік білім берудің білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарына кадрларды даярлауда, қайта даярлауда және олардың біліктілігін арттыруда жәрдемдеседі.
      Ескерту. 140-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 2007.07.27 N 320 (қолданысқа енгізілу тәртібін  2-баптан қараңыз), 2012.02.17 № 566-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 04.07.2013 № 130-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.

      141-бап. Жұмыс берушінің жолдамасы бойынша білім беру 


                ұйымдарында кәсіптік даярлау, қайта даярлау 
                және біліктілікті арттыру

      1. Жұмыс берушінің жолдамасы бойынша білім беру ұйымдарында оқитын адамдарды кәсіптік даярлау, қайта даярлау және олардың біліктілігін арттыру оқыту шартына сәйкес жұмыс берушінің қаражаты немесе Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де қаражаттар есебінен жүзеге асырылады. 


      2. Келісімде, ұжымдық шартта және (немесе) еңбек шартында оқытуға байланысты жеңілдіктер мен өтемақы төлемдері көзделуі мүмкін.

      142-бап. Ұйымда қызметкерлерді кәсіптік даярлау, қайта 


                даярлау және олардың біліктілігін арттыру

      1. Ұйымда қызметкерлерді кәсіптік даярлауды, қайта даярлауды және олардың біліктілігін арттыруды жұмыс беруші жүзеге асырады. 


      2. Кадрларды кәсіптік даярлау, қайта даярлау және олардың біліктілігін арттыру нысандарын жұмыс беруші айқындайды. 
      3. Ұйымда кадрларды кәсіптік даярлауға, қайта даярлауға және олардың біліктілігін арттыруға қойылатын жалпы талаптарды еңбек жөніндегі уәкілетті орган айқындайды.
      Ескерту. 142-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 29.09.2014 N 239-V  Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi).

      143-бап. Қызметкерлердің кәсіптік даярлау, қайта 


                даярлау және біліктілікті арттыру жөніндегі 
                құқықтары мен міндеттері

      1. Қызметкерлердің жаңа кәсіптер мен мамандықтарға оқытуды қоса алғанда, кәсіптік даярлауға, қайта даярлауға және біліктілікті арттыруға құқығы бар. 


      2. Кәсіптік даярлаудан, қайта даярлаудан немесе біліктілікті арттырудан өтетін қызметкерлер жұмыс берушімен келісе отырып жұмыстан босатылуы не жұмысты толық емес жұмыс уақыты жағдайында орындауы мүмкін. 
      3. Кәсіптік даярлаудан, қайта даярлаудан немесе біліктілікті арттырудан өтетін қызметкерлер осы Кодексте, ұжымдық шартта, еңбек шартында көзделген кепілдіктерді пайдаланады. 
      4. Кәсіптік даярлау, қайта даярлау және біліктілікті арттыру аяқталғаннан кейін оқитын адам тараптар оқыту шартында келіскен мерзімде жұмыс берушіде жұмыспен өтеуге міндетті. 
      5. Еңбек шарты қызметкердің бастамасы бойынша немесе қызметкердің кінәсі салдарынан жұмыс берушінің бастамасы бойынша мерзімінен бұрын бұзылған жағдайда қызметкер өзін оқытуға байланысты шығындарды жұмыспен өтеу мерзімінің жұмыс істелмеген мерзіміне барабар мөлшерде жұмыс берушіге өтейді.

      144-бап. Оқыту шартының мазмұны

      1. Оқыту шарты: 
      1) оқитын адам алатын нақты кәсіпке, мамандыққа, біліктілікке сілтемені; 
      2) жұмыс берушінің және оқитын адамның құқықтары мен міндеттерін; 
      3) оқыту мерзімін және оқыту аяқталғаннан кейін жұмыс берушіде жұмыспен өтеу мерзімін
      4) оқытуға байланысты кепілдіктер мен өтемақы төлемдерін; 
      5) тараптардың жауапкершілігін қамтуға тиіс. 
      2. Оқыту шартында тараптардың келісімімен айқындалған өзге де талаптар қамтылуы мүмкін.


Каталог: wp-content -> uploads -> 2018
2018 -> Алтын күз Атырау облысы Атырау қаласы Махамбет ауданы Алға орта мектебінің Шағын орталық топ
2018 -> Ысқақова Айнұр Жанболатовқызы, СҚО, Ақжар ауданы, Айсары ауылы, «Айсары негізгі мектебі»
2018 -> Қуыршақты шомылдыру
2018 -> Жарманың өнімдерінің құрамында
2018 -> Мектеп: №46 жобб мектебі Мерзімі: 5. 01. 2018ж №7 Мұғалім Митанова г сынып «Г» Оқушылар саны 12 Тақырып
2018 -> Сабақ тақырыбы: «Дәнекерлеудің мәні қызметі және түрлері»


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   31


©kzref.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет